Философия в современном мире: стратегии развития


  ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ



Pdf көрінісі
бет45/80
Дата03.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#6003
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80

463 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

үйрену  маңызды  екенін  айтып,  ғалымның  «кемел  адам»  тео-

риясын  жалғастырады.  Ибн  Синаның  пікірінше  мемлекеттік 

қайраткер  болу  үшін  адам  әуелі  өзін-өзі  тануға,  өз  жанын 

тазартуға ұмтылып, өзінің ізгіліктеріне жетуге және оны игеру 

жолдарына ұмтылып, өз күнәларын да тануға жігерлік таныта-

ды және сол арқылы жақсы жүріс-тұрысты тандауға тырысады. 

Осынысымен ол бұл дүниеде һәм ана дүниедегі өмірде бақытқа 

жетуге мүмкіндік беретін, кемелдіктен туындайтын өзінің нағыз 

адами парызын орындай алады [8].

Өзін-өзі тани білген басшылыққа бағынатын адамдар қайы-

рымды, абзал және бақытты адамдар болып табылады. Егер бұл 

адамдар  халық  болып  құрылса,  онда  бұл  халық  –  қайырымды 

халық,  ал  егер  бұл  адамдар  бәріне  ортақ  жерге  қоныстанып 

біріксе, онда осындай басшылықпен біріккен бәріне ортақ қоныс 

қайырымды қала болып табылады – деп санаған әл-Фараби – егер 

бұлар ортақ қонысқа бірікпей, әр қилы жерде тұратын болса және 

бұлардың тұрғындары бұл басшылыққа емес, басқа басшылыққа 

бағынатын болса, онда мұндай жерлердегі қайырымды адамдар 

бұратана болып табылады деген қорытындыға келеді. 

Ойымызды түйіндейтін болсақ, әл-Фарабидің мемлекет, қоғам, 

ел басқару жөніндегі тұжырымдары, әлеуметтік-этикалық саяси 

көзқарастары бүгінгі қоғам үшін де айрықша маңызды. Идеалды 

қаланы өзінің қалауындай етіп жасаған әл-Фараби оны өзгелерге 

үлгі  етті.  Ғалымның  мемлекетік  қайраткердің  алдына  қойған 

асқақ  мақсаттары  мен  талаптары  қала  тұрғындарын  ізгілікке, 

татулыққа, өзара келісімге, бейбіт өмірге жетеледі. Мемлекеттік 

қайраткердің  өзін-өзі  тануы,  бойынан  табылуы  тиіс  көркем 

мінезі, парасаттылығы мен байсалдылығы – бізге үлгі. Мұндағы 

рухани-адамгершілік  құндылықтарды  насихаттау  еліміздегі 

басқару мәдениетіне ғана емес, көпұлтты мемлекетіміздегі өзара 

түсінісу мен рухани келісімді нығайтуға, әлеуметтік-діни және 

мәдени үйлесімділікті арттыруға ықпалын тигізері сөзсіз.

Әдебиеттер

1 Сборник материалов, относящихся к истории Золотой Орды. Т. I. – 

СПб, 1984.


I Қазақстандық философиялық Конгресс 

464 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Али Абдулуахид Уафи. Абдуррахман ибн Мухаммад ибн Хальдун. 

– Қаһира: Әл-Ильм әл-әл Иақин, 1983. – 229 б.

Әл-Фараби. Китаб тахсиль әс-саьада. – Бейрут-Любнан: Дар-уа-

мактабатуль-хиляль, 1995. – 102 б.

Әбу Хамид Мұхаммед ибн Мұхаммед әл-Ғазали. Ихия’у ‘улум әд-

Дин. – Мысыр: Дар әл-Иман, 1996. – Т. 2. – 530 б.

Әбу Хамид Мұхаммед ибн Мухаммед әл-Ғазали. Ихия’у ‘улум әд-

Дин. – Мысыр: Дар әл-Иман, 1996. – Т. 3. – 584 б.

Дербісалиев Ә. Қазақ даласының жұлдыздары. – Алматы, 1995.

7 Философия аль-Фараби и исламская духовность. – Алматы: Ком-

пьютерно-издательский центр ИФП МОН РК, 2005. – 298 c.

Ибн Сина. Избранное в 2-хтомах. – Ашгабад, 2003. – Т. 2. – С. 164.


I Казахстанский философский Конгресс 

465 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

ИБН СИНА МҰРАСЫНДАҒЫ 

ТӘЛІМ-ТӘРБИЕ ЖАЙЫНДА 

Айнұр ТОҚСАМБАЕВА

(Алматы) 

Орта  ғасырдағы  мұсылман  философиясының  энциклопе-

дист, ойшылы Әбу Әли Ибн Сина (980-1037) тәрбие мәселесіне 

қатысты  қоғам  өміріндегі  адамның  тәрбиелілік  рөліне  деген 

көзқарасы  бойынша  философия  мен  ғылым  дамуына  өзіндік 

үлес  қосты.  Ибн  Сина  адам  табиғатына  қатысты  мәселелердің 

онтологиялық,  гносеологиялық  және  этикалық  жақтарын  зерт-

теді.  Тәлімгерлік,  адам  мен  тәрбиенің  ара  қатынасы,  сонымен 

қоғамда адамның алатын орны туралы күрделі де таласты мәсе-

лелер тізбегін өзіндік тұрғыдан шешуге талпынды.

Ойшыл адам мен қоғам дамуының көзін ғылым мен білімнен, 

озық мәдениеттен және ислами құндылықтардан іздеді. Ал, жал-

пы ислами құндылықтар «руханилық», «адамгершілік», «мәде-

ниет»,  «жан»  деген  сияқты  категориялармен  астасып  жатты. 

Сондықтан бұл құндылықтарды адамның шынайы болмысының 

нығаюына  игі  әсер  ететін,  оның  тұлғалық  дамуына  өзек  бола-

тын  құбылыстар  деп  түсінді.  Сол  жолда  билік  пен  әлеуметтік-

саяси өмірде адамдардың ұстануы тиіс ислами құндылықтардың 

басқа  құндылықтардан  айырмашылығы  олардың  рухани 

құндылықтармен  біте  қайнасуында.  Сөйтіп  әрбір  жанның  ішкі 

мүмкіндігін ашуға көмектеседі, әрі жалпы рухани үйлесімдікке 

қызмет етеді деп сенді.

Қоғамдағы адам табиғатының тәрбиесі төңірегіндегі ұшқыр 

ойлар  Ибн  Сина  философиясында  беделді  орындардың  бірін 

алды.  Ол  гуманизмді  рационалистік  оймен  тығыз  байланы-

стыра отырып, адамды ұлық тұтып, философияның теориялық 

негізі  деп  қарастырды.  Ойшылдың  гуманистік  тұжырымында 

адам  тікелей  Алланың  туындысы  ретінде  және  Алла  мен 

табиғаттың, жаратушы мен жаратылушының бірлігі аясында да-

миды. Бұл бірлік пантеизм болды. Сонымен бұл ілімге сәйкес, 

Алла мен оның жаратылысы бірегей құрылым тапты. Мұнда дін 


I Қазақстандық философиялық Конгресс 

466 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

дербестігін  дәріптеумен  қатар,  адамның  ақыл-парасат  күші  де 

жоғары бағаланды. 

Ибн  Синаның  тәрбие  төңірегінде  көтерген  мәселесі  интел-

лектуалды  этикалық  сипатта  болды.  Адамның  табиғи  білімі 

және  игерген  білімді  тереңдету  мен  жүре  келе  дарыған  жақсы 

дағдыны және әдетті молайтуды әрқашан этикалық сұраныспен 

қанағаттандыра жалғастыру міндетті болып саналады. Адамның 

басты ерекшелігі жоғары саналығында болса, осы ақыл-парасат 

күшінің салмақты мінез-құлқының қайырымдылығымен, адам-

гершілігімен адам толығады.

Тек  интеллектуалды  білімімен  ғана  емес,  адам  бойындағы 

әдеттің  дәрменсіздігін  көрсеткен  адам  қайырымды  адамдар 

қатарына қосыла алмайды. Әр адам өз деңгейіне сәйкес бақытты, 

дәл  осыған  байланысты  әрбір  адам-қоғамдық  құндылық,  оның 

өзі қымбат болып табылады. Адамның қоғамдық маңыздылығын 

ескере отырып, Ибн Сина бір жағынан адамның табиғи дарын-

дылығы, ал екінші жағынан адамның оқу, тәрбие және ерік күші 

мәселелерін де қарастырады.

Ибн  Сина  ұрпақ  тәрбиесіне  аса  үлкен  сақтықпен  қараған 

көзқарастарының  ерекшелілігі  Шығыста  ол  тәрбиенің  жүйесі 

мен  әдіс-тәсілдерін  жасаған  алғашқы  ғалымдардың  бірі 

болғандығында.  Бұл  мәселе  біршама  еңбектерінде  қарас-

тырылады.  «Даниш  намэ»  трактатында,  «Тад  бир  ул-Мансил» 

трактатында білім беру жөнінде тарау бар, «Сауығу кітабының» 

бірінші бөлімі баланың дене тәрбиесі мен денсаулық мәселелеріне 

арналған  және  ойшылдың  «Аш  Шифа»  атты  философиялық 

еңбегінде балаларды тәрбиелеудегі әртүрлі амал-тәсілдер тура-

лы жазылған. Бұл еңбектерде жалпы тәлім-тәрбие үрдісін жүзеге 

асырудың психологиялық астарлары қарастырылады.

Ойшыл  пікірінше  әуелі  нәресте  бесікте  жатқан  кезінде  ты-

ныштандыратын жайлы музыкамен жай ғана тербету керек. Бұл 

нәрестенің  байсалды  болуына  септігін  тигізеді.  Өзгермейтін 

берік  мінез  қалыптастыру  үшін  бала  жаны  игі  істерден,  тек 

жақсы қатынас пен ізгі ой сияқты жақсылық жастық шақтан бас-

тау  алу  керек.  Нәресте  емшектен  шыққан  соң,  әкесі  баласын 

теріс қылықтардан қорғап, қамын ойлауы керек. Бала алты жасқа 

келгенде  оңай  есептерді  шығаруы  тиіс  деген.  Ибн  Сина  бұны 



I Казахстанский философский Конгресс 

467 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

аса  ұқыптылықпен  жүзеге  асыру  керектігін  ұсынған.  Себебі 

бала  тапсырылған  есепті  шығаруда  қызығушылық  танытуы 

тиіс,  сондықтан  шамадан  тыс  міндет  жүктемеу  керек.  Бұндай 

тәрбиедегі  балалар  қалыпты  мінезбен  дамып,  дені  сау  әрі  сер-

гек болады. Ибн Сина тәрбиеге мәселесін жан мен тәнге (дене) 

қатысты  қарастырды,  мұнда  жан  тәрбиесі  рухани  байытылған 

адамгершілікке тәрбиелеу болса, тәнді (денені) салауатты өмір 

салтымен  шынықтыра  тәрбиелеу  болды.  Ибн  Сина  тұжырымы 

бойынша, «жан мен тән бір бірінен бөлінбейтін біртұтастықта» 

тәрбиеленеді [1, 372 б.]. Ал мұндай әдіс жүзеге асырылмаған жағ-

дайда балалар ашушаң, ызақор, қорқақ әрі әлсіз болады – деген.

Тәрбиесінің  дұрыс  болуына  көңіл  қойып,  мектеп  жасын-

да  балаларға  тек  жақсы  үлгілі  ұстаздар  ғана  сабақ  беруі  тиіс 

деген. Ал ұстаз әділ, батыл, адал және жүрегі кең болып, бала 

тәрбиесінің барлық амал-тәсілдерімен қатар мораль ережелерін 

жақсы  меңгерген  болуы  шарт.  Ұстаз  келесі  ережені  білуі  хақ 

дейді Ибн Сина: баланы теріс қылықтардан аулақ ұстап, оның 

қасындағы балалар да тек түзу жолда болуын қадағалау керек. 

Сондай-ақ  өз  кезегінде  дұрыс,  оң  қылығы  үшін  мақтап,  керек 

кезде қаталдық та таныту қажет, дегенмен аса қаталдық зиян де-

ген. Бұндайда бала тұйықталып, оқу мәселесінде кеңес сұрауды 

да қояды. Ұстаздың балаға қатысты өте либерал болуынан сабақ 

жіберіліп, ұстаз ескертуін мазақ етіп, бала тыңдамауы мүмкін. 

Ұстаз баланың мінезін жете танып, ақыл-ой деңгейінің логи-

калық  қисынын  білуі  керек.  Бір  бала  ақыл-ой  еңбегін  қиындық 

етсе,  ал  кейбіреулері  қолөнерді  ауырсынуы  мүмкін.  Сондықтан 

ұстаз соны аңғарып, баланы дұрыс бағалап келешек мамандығын 

таңдауға бағыт сілтей алуы тиіс. Ойшыл балалардың топталып, 

яғни сыныптық білім алуды алға тарта отырып, бала ешуақытта жа-

лғыз (жекелеп) оқымауы керек, бұл оны бақытсыз етеді деген. Ба-

лалар бір-бірімен араласып, жақсы әдеттерді бір-біріне сіңірулері 

тиіс  деген  көзқараста.  Мектепте  бала  діни  ғылыммен  танысып, 

исламның тірегі Құранды оқып, оның өмірлік терең мәнін танып, 

сонымен  бірге  ана  тілін  жетік  меңгеріп,  поэтиканың  этикалық, 

моральдық маңызын талқылауы тиіс. Баланың қабілетіне байла-

нысты мектепте қолөнер кәсібі мен өнердің сан алуан түрлерімен 

танысып, үйрету қажет. Ал білімнен бос уақытты алдымен дене 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

468 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

шынықтырумен  содан  кейін  ғана  өзінің  жеке  істерімен  айналы-

суға  арнау  керек.  Дұрыс  тәрбиеде  спорттың  маңызды  ролін 

баса айтып, сол заманда да кең тараған ойын түрлерін ұсынған, 

айталық, доп ойындарын, секіру, жүгіру, жүру, сырғанау, атқа салт 

мініп жүру, шабу, жорғалау және тағы басқалары.

Ойшыл  педиатр  дәрігер  ретінде  мынаны  ұсынады:  баланың 

асқазаны тамақты қорытып болған соң, дене шынықтырумен ай-

налысу аса тиімді. Дене тәрбиесі шыныққан жас жеткіншек өз 

бейімділігі бойынша жасынан қолөнердің түрлерін үйренуі тиіс. 

Қолөнер жас жеткіншекті өмірде өзін өзі асырауы мақсатында, 

демек жеке дербес өмір сүруіне қажетті жол. Ғалым өз бетінше 

жұмыс жасап, жеке өмір сүре алатынына көзі жеткен соң әкесі 

баласын  үйлендіріп,  жас  жанұяны  баспанамен  қамтамасыз  ету 

керек  екеніндігіне  тоқталған.  Ер  жеткен  соң  әрбір  адам  отба-

сын  құруға  және  оның  өркендеуіне  жол  ашуына  ерекше  мән 

беріп, сүр бойдақтық ислами тәрбиеге жат екендігіне тоқталған. 

Мұндай мәселенің бүгінгі заманмен сабақтастығы өз жалғасын 

табуда. Дегенмен сүр бойдақтық пен кәрі қыз атанып, отбасын 

кеш құру қазіргі қазақ қоғамының жан жарасы іспетті. Қаншама 

қандастарымыз  жастық  өмірін  жар  қызығынсыз,  бала  былды-

рынсыз өткізуде, соның салдарынан демографиялық ахуалымыз 

шайқалуда. Бұл мемлекеттік, тіпті үлкен саяси астары бар мәселе. 

Отағасы  және  отанасы  аталуына  асықпаудың  мемлекет  үшін 

кері  жақтары  айтарлықтай.  Мемлекеттің  негізгі  тірегі  отбасын 

құрудан  бұрын  неғұрлым  дүние  тауып,  жағдайымды  түзеймін 

деген сайын, соғұрлым адами бақытынан алыстай береді. Негізі, 

өмірдің жазылмаған заңы солай, бір нәрсеге қол жеткізсе, екінші 

бір нәрсені жоғалтады.

Имандылық  жолымен  тәрбиелеген  әрбір  адам  бұл  өмірдегі 

миссиясы  өз  ұрпағын  жалғастырып,  тәрбиемен  сусындатып, 

ата  жолының  рухани  байлығын  жетілдіруді  меңзейді.  Сондай-

ақ  өмірде  өсіп-өну  мен  ұрпақ  тәрбиелеуге  бағытталғандықтан 

зинақорлық  жасау  мен  отбасылық  өмірдегі  кез-келген  шатасу 

ауыр жазалануы тиіс деген, себебі бұндай әрекет неке құру мен 

жұбайлардың өзара қарым-қатынасына зиянын тигізеді. 

Сонымен  отбасылық  өмірдің  ынтымағы  мен  бірлігі  үшін 

негізгі  жауапты  үй  иесі,  ал  әйел  тәрбиесі  туралы  былай  деген 



I Казахстанский философский Конгресс 

469 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

– «Егер әйеліңді бағынышты етіп ұстағың келсе, ол үшін өзіне 

деген сый-құрметті әйеліне ешбір мәжбүрлеусіз үйрету керек».

Жалпы  тәрбие  жөніндегі  көзқарастар  осылайша  өрбиді. 

Бұл  антик  философтарының  педагогикалық  көзқарастырынан 

өзгеше.  Мысалы,  Аристотель  мен  Платон  тәрбиенің  негізгі 

мәселесі  бойынша  бала  алдымен  мемлекетке  тиімді  деген.  Ал 

Ибн Сина бойынша, мемлекет пен қоғамдық пайдаға қарамастан 

бала  алдымен  жоғары  ақыл-ой  мен  рухани  тәрбиені  жанұяда 

сіңіруі керек және ол үшін баланың әкесі жауапты. 

Аристотель  мен  Платон  білімді  басқарушы  тап  үшін  ғана 

мойындаған. Ал Ибн Сина болса ешбір тап үшін де айырмашылық 

қоймай, әрбір бала оқуға құқылы деген. Аристотель қоғамдағы 

ақсүйектер үшін қолөнер кәсібі мен өнердің сан алуан түрлілігін 

қажет  емес  деп,  мемлекетті  басқаруды  ұсынған.  Сондай-ақ 

негізгі  мүддесінен  айырып,  бала  организмінің  үйлесімді  даму-

ына кері әсерін тигізеді деп еңбектің зиянды керітартпа әсерін 

көрсеткен.  Себебі  қолөнер  кәсібі  қоғамдағы  қарапайым  адам-

дар мен құлдарға тиісті. Ибн Сина керісінше қандай мамандық 

таңдаса  да,  қандай  тапқа  жатса  да,  қолөнер  мен  жалпы  өнер 

ғылымы кез келген қоғам мүшесіне тиесілі деп біледі [2, 545 б.]. 

Он ғасыр бұрын өмір сүрген Ибн Сина еңбек пен оның маңы-

зын білімді, тәрбие тағылымын ерен биікке көтергенін көреміз. 

Ол  еңбек  тәрбиесіне  гуманистік,  қоғамдық  тұрғыдан  қарайды. 

Еңбек жайында былай деп тұжырым жасайды: Егер қоғамдағы 

жұмысқа жарамды барлық адам түгелімен пайдалы еңбек етсе, 

онда тіпті жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап бағуға 

болады.  Ол  тек  еңбектің  тазалығы  мен  халықтылығын  талап 

етеді. Мұны өзінің рубайларында арқау еткен. Ол өзі өмір сүрген 

кезең  үшін  қоғамдық  пайдалы  еңбек  пен  еңбек  адамдарының 

өзара  қайырымдылығы  мен  мейірімділігін  ұдайы  ұштастырып 

отыратын еңбектің тәсілі мен еңбек бөлінісі болуын уағыздады. 

Еңбек  заңын  жасау  қажет  деп  санады.  Осының  бәрі  дұрыс 

ұйымдастырылған  әрі  әділетті  құрылған  қоғамда  (мемлекетте) 

пайдалы еңбекпен шұғылданбаған немесе өзінің орнын таппаған 

бір де бір адам болмауы тиіс. Ол қоғамның барлық мүшесінің 

белгілі бір кәсіппен шұғылдануын, заң шығарушы орындардың 

пайдалы еңбекпен, қызметпен шұғылданбаған адамды, «жатып 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

470 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ішер арамтамақтарды» қатты жазалауын талап еткен. Осы ретте 

ол қоғамдық және ортақ пайдалы еңбек ету, қоғам үшін де, жеке 

адам үшін де пайдалы деген ой түйеді. 

Ибн Сина мемлекет «жалпы адамзатқа» арналған жеке адамдар 

санасын, білімін жетілдіру үшін, оқып үйрену, тәрбие алу үшін 

арнайы  қаржы  (қор)  бөлуге  тиіс  деген  тұжырым  жасаған.  Бұл 

қаржы халық арасынан жиналатын алым-салықтан, мемлекеттік 

меншіктерден, мекемелерден түсетін өніммен жинақталу керек 

деп,  сол  орта  ғасырлық  дәуірдегі  үлкен  ұстаз  екенін  көрсете 

білді.  Жиналған  қаржы  жұмысқа  жарамайтын  мүгедектерге, 

қарттарға, ауруларға жәрдем ретінде берілсе, ел қорғаушы, тәртіп 

сақтаушы, жауынгерлерге жастарды «тәрбиелеуші» ұстаздарға, 

үйретуші  адамдарға  жалақы  ретінде  төленуі  тиіс  деген  ұлы 

ойшыл  тұжырымы  оның  үлкен  гуманист  екенін  көрсетеді. 

Міне,  Ибн  Сина  адам  бойынан  осыншама  қасиеттің  табылу-

ын  еңбек,  оқу-тәрбиеден  іздейді  [3,  245  б.].  Нақыл,  ұстаздық, 

ұлағаттық  өсиеттері  осы  жоғарыдағы  даналықтан  туындайды. 

Этика  ғылымының  негізін  қалаушылардың  бірі  Саади  Шерази 

тұжырымы бойынша ғалым болу оңай, ал адам болу қиын себебі, 

ғалым болуға көп қасиет қажет емес, ал адам болу үшін және осы 

ұлы аттақты ақтау үшін көптеген ізгі және тамаша қасиеттерді 

игеру  тән.  Рухани-адамгершілік  тазалығынсыз  адам  деген 

жоғарғы атауға жету мүмкін емес. Сондықтан Шығыс халқынан 

даналықпен мынадай өсиет қалған: «Егер рухани тазалық неде 

деп  сұраса,  бұл  жанның  жалғандықтан,  көре  алмаушылықтан, 

зұлымдық  пен  жек  көрушілік  тұмандарынан  тазару  деп  жауап 

бер; тіл тазалығы өтірік, ащы тіл, кек пен жала жабудан; асқазан 

тазалығы  тиым  салынған  және  рұқсат  етілмеген  тағамдарды 

жеуден;  тән  тазалығы  өзінің  сырт-келбетінің  тазалығын  сақтау 

мен  заңға  қарсы  рұқсат  етілмеген  киімді  киюден;  қанағатсыз 

құмарлық пен мансапқұмарлықтан тазару» деген.

Ұстаздық пен тәлімгерлік жайында былай деген: тәлімгерге 

табиғатынан өзімшілдік, қара басының қамын ойлау жат. Нағыз 

тәлімгер өзіне даңқ, атақ іздемейді, керісінше, өз шәкірттерінің 

болашақта  ұлы  еңбекқор,  ойшыл,  ғалым  болғанын  жан-жақты 

тәнімен  қалап,  сол  үшін  бар  өмірін  сарп  етуге  даяр  тұрады. 

Тәлімге  жұтаңдық  адамзат  баласына  жат,  «ілім  тіршілік-өмір 



I Казахстанский философский Конгресс 

471 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

бұлағы деген екен. Еңбек жайында айта келіп, ол еңбек – адам-

зат  тіршілігінің,  әрбір  жеке  адамының,  жеке  тұлғаның  рахаты, 

көретін  қызығы  және  тыныс-тіршілік  қоры  деген.  Міне,  көріп 

отырғанымыздай сан ғасыр өтсе де Ибн Сина айтқан тәлімгерлік, 

ғұламаның өзіндік ілімі мен үлгілі ойы бүгінгі, бұдан кейінгі ке-

лешек ұрпаққа беретін ақ бата, таптырмас тәлімгерлік тағылым. 

Ендеше,  тәрбиелік,  еңбектік,  ұстаздық  жолының  жемісін,  кең 

даңғылығының  арнасын  ашып  көрсеткен  Орта  Азияның  дана 

ғалымы Ибн Сина болды.

Ақыл-ойдың құдіретті күшіне кәміл сенген ғалым бұлардың 

екеуін де еңбектің, еңбек тәрбиесінің жалпы тәрбие тағылымының 

нәтижесі, жемісі деп қарастырады. Еңбегі бардың өнбегі бар де-

ген қағида, еңбек үлгісі Ибн Сина қалдырған тағылым. Ибн Сина 

жалшылық  пен  кедейшілік  Орта  Азияны  мекендейтін  барлық 

мұсылман  еліне  тән  құбылыс деп,  одан  құтылудың  бірден  бірі 

дұрыс жол еңбек етуде деп біледі. Адамдар арасында абсолютті 

теңдік  еш  уақытта  болмақ  емес.  Ол  тек  белгілі  бір  заң,  тәртіп 

алдында ғана тең құқылы болуы мүмкін. Бұл өз кезеңі үшін тап-

тырмас  ой.  Ибн  Сина  ұлы  ойшыл,  мысалы  сол  кездегі  кейбір 

қайраткерлер  мен  ғалымдардың  жұмысқа  жарамайтын  жарым-

жан адамдарды, мүгедектерді, қайыршыларды жойып жіберу ке-

рек деген адамзатқа қарсы ниеттеріне батыл қарсы шыққандығы 

үшін түрмеге жабылса да, барша адамзатты жоғары құндылық 

ретінде бағалап, кез-келген шиеленісті шешуге қатысты әрқашан 

адам болып қалуын көксеген. Осылайша, Ибн Синаның тәрбие 

жөніндегі көзқарастары этикалық-адамгершілік сипатта болды. 

Адамның  рухани-адамгершілік  өмірі  дами  келе  әлем  мен  жеке 

адам  арасындағы  үйлесімділікке  әкеледі.  Қазіргі  уаққытта  бұл 

ұғым елімізде қоғамның рухани-адамгершілік тұрғысынан қайта 

өрлеуі  мен  түлеуінде  өте  өзекті  болып  отыр.  Өкінішке  орай, 

бүгін  біз  бұл  сезімнің  құнсыздануының  куәсі  болып  отырмыз. 

Жыныстық революция, абсолюттік прагматизм ұлы сезімді жа-

санды, жалған махаббатпен ауыстыру – қазіргі заманның мұңды 

көріністері. 

Біз қазіргі кезеңде қайшылыққа толы өте күрделі жаһандану 

қоғамында өмір сүрудеміз және бұл кезеңге тән маңызды мәселе 

қажетті рухани-адамгершілік бағдарлар мен мұраттарды іздеу бо-



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

472 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

лып отыр. Қазіргі рухани өмірдің тәжірибесі өткеннің, бүгіннің 

және  болашақтың  ұлы  жетістіктерінің  негізінде  қалыптасады. 

Бүгінгі жаһандану заманында рухани байлықты, адамгершілікті 

жандандырып, имандылыққа тәрбиелеу және оны кеңінен наси-

хаттау  әлемдегі  өзара  түсінісу  мен  рухани  келісімді  нығайтуда 

әлеуметтік,  діни  және  мәдени  қайшылықтарды  шешуге  өз  ық-

палын  тигізері  сөзсіз.  Бүкіл  дүниені  пәле-жаладан  құтқаратын 

бірден бір жол имандылық болса, шынайы рухани сезім адамның 

негізгі байлығы болып табылады. Біреуге жақсылық жасау тек 

рухани бай адамдарда ғана болатын жақсы қасиет. Адамда жақсы 

қасиет болмаса, данышпан Ж. Баласағұн айтқандай, оған бақыт 

та, бақ та қонбайды. 

Осы орайда: 



Жеме-жемде ар ісінен сырт қалар,

Қайран елім, қай қылығың құпталар.

Меңдеп алған сан дертінен арылтып,

Бұл қазақты иман ғана құтқарар –

деген сөздер бекер айтылмаса керек.

 

Әдебиеттер

1 Ибн Сина. Жан жайындағы кітап // Әл-Фараби мен Ибн Сина фи-

лософиясы. Әлемдік философиялық мұра. Жиырма томдық. – Алматы: 

Жазушы, 2005. – Т. 4. 

2 Болтаев М.Н. Абу Али Ибн Сина – великий мыслитель, ученый, 

энциклопедист среднего Востока. – М., 2002. 

3 Ибн Сина. Этика туралы трактат // Әл фараби мен ибн Сина фило-

софиясы. Әлемдік философиялық мұра. 20-томдық. – Алматы: Жазу-

шы, 2005. – Т. 4.

 

 



I Казахстанский философский Конгресс 

473 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет