Философия в современном мире: стратегии развития


  ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ



Pdf көрінісі
бет47/80
Дата03.03.2017
өлшемі3,05 Mb.
#6003
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80

483 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Орнықты қара сабадан боз баламен күліп ойнап,

Қымыз ішер күн қайда [2] ? –

деп аңсайды.

Махамбет  дәстүрлі  қазақ  қоғамының  мамыражай  кездерін 

сағына күңіренеді. Бұл жолдарда көшпенді өркениетке ғана тән 

болған құндылықтарға деген махаббат, іңкәр сезім бар. Хан Ор-

дасына батыл кіріп, билермен емін-еркін сұхбаттасудың өзінен 

сахарада демократиялық үрдістер басымдық танытқаны белгілі. 

Ақын адам еркіндігін ең басты құндылық ретінде таныды. Жырау-

лық дәстүрдегі рухани дүниетаным замана тынысы арқылы Ма-

хамбет  шығармашылығының  өзегіне  айналды.  Сарбаз-ақын 

өзінің  шешендігімен  топ  алдында  сөз  бастаса,  ержүректілігі-

мен қол бастаған көсемде болды. Адамдар арасындағы теңсіздік 

үлкен  қақтығыстарға  әкелетіні  аян.  Адамның  мәдени-тарихи 

даму барысы оның түпкі онтологиялық мәні, ол еркіндік. Осы 

кезеңдерде  қайшылықтарға  толы  қазақ  қоғамы  озбырлыққа 

шұлғи беруден бас тартты. Өр мінезді, еркін халықтың намыс-

шыл  ұлдары  ашық  күреске  шыққан  еді.  Махамбеттің  мәңгілік 

өлмес рухы көтерілген еді.

Олардың  өзіндік  санасы  алдымен  туған  жерін,  елін  сүюуі, 

өмір сүруінің мәні болған еркіндікке деген құштарлығы, сол сана 

Гегель  тілімен  айтсақ  қожайын  сананың  деңгейіне  көтерілді. 

Осы өзіндік сана мен адам еркіндігінің диалектикасын көрсете 

отырып,  адамның  дүниеге  келіп  өзіндік  санасы  қалыптасқан 

уақыттан  бастап  еркіндік  пен  бостандық  туралы  идея  да  өмір 

сүреді.  Адам  еркіндігі  мен  олардың  құқықтары  аясының  шек-

телуі  сияқты  әділетсіздіктерге  қарсы  ұлт-азаттық  қозғалысқа 

түрткі болды. Жалынды ақынның шығармашылығының негізгі 

сарыны жер мен ел тәуелсіздігі. Бұл мәселе – егіз. Исатай мен 

Махамбет  көтерілісі  патша  шенеуніктері  мен  Жәңгір  ханның, 

оның жақындарының жерді меншіктеп, бұқара халықты Нарын 

құмына айдап тастауының салдарынан туындаған еді.

Гегельдің  анықтауынша  адамның  басқа  жаратылыстардан 

айырмашылығы, ол «ойшыл рух». Гегель еркіндікті басқаларадан 

тәуелсіз  болу  деп  анықтай  отыра:  «Алайда  рухтың  еркіндігі 

тек  басқадан,  осы  басқадан  тыс  қабылдап  алынған  тәуелсіздік 


I Қазақстандық философиялық Конгресс 

484 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

қана емес, қайта осы басқада қол жеткен еркіндік. Ол басқадан 

қашқақтап жүріп емес, бірақ оны еңсеріп барып іске асады» – 

дейді  [3].  Гегель  түсінігінде  еркіндіктің  белсенді  сипаттамасы 

пайда болды. Шынайы еркіндік рухта тікелей бар әлдене емес, 

бірақ  оның  іс-әрекетінде  әлі  тек  тууға  тиісті  ғана  сондайлық 

әлдене [4]. Сонымен, рух өз еркіндігін өзі жасайды, сондықтан 

еркіндік  іс-әрекет.  Махамбеттің  Исатай  атынан  жазылған  «Әй, 

Махамбет  жолдасым»  деп  аталатын  дастанында  Әйтеке  бидің 

«Елдің бағын ашпаса, ер мұратқа жетер ме? Ерінің сағын сын-

дырса, ел мұратқа жетер ме? Ел тірегі ері, ер тірегі елі бола білген 

қауымның басынан бағы кетер ме!» деген қанатты сөздері халық 

пен оның көшбасшысының ауызбірлігіне меңзейді. 

Махамбет поэзияда асқақтық, өршіл рухты паш етсе, музыка 

саласында күйдің көңілді дүр сілкіндірер ерекше сазын шертті. 

Сөз өнерімен қоса саз өнері арқылы өрнектелген еркіндікке де-

ген бұлқыныс, халқының азаттығы жолындағы нағыз күрескер 

Тұлғаның  хас  батырлық  іс-әркектімен  де  сипатталады.  Адам 

еркіндігі  жайында  Кант  ілімінде  жеке  тұлғаға  ғана  еркіндік 

тән,  жеке  тұлға  жоқ  жерде  еркіндік  те  жоқ,  еркіндік  болмаған 

жерде  жеке  тұлға  да  жоқ  деген  ойлар  айтылған.  Канттың  пай-

ымдауында тұлға дәрежесіндегі адам, ешқашан құрал болмауы 

тиіс.  «Мен:  адам  және  барлық  зерделі  жаратылыстар  әртүрлі 

ырықтардың  кез  келген  жерде  қолданатын  құралы  ғана  емес, 

өзіне  өзі  мақсатты  өмір  сүретіндігіне  сендіремін»  –  дейді  [5]. 

Жеке адам мен еркіндік жайында Кант келесі тұжырымдасында 

анығырақ  тоқталады:  «Бүкіл  жаратылғандардан  нені  болса  да 

және не үшін болса да тек қана құрал есебінде ғана болса, тек 

қана адам, сонымен қатар әрбір саналы тіршілік иесі өз өзінің 

мақсаты»  [6].  Жеке  адамның  Тұлға  дәрежесінде  қалыптасуы 

ерлікпен пара-пар дейтін болсақ, ерлік – батылдық, ұстамдылық, 

табандылық сияқты қасиеттерді талап етеді.

Исатай мен Махамбет көтерілісінің жеңіліс табуы қоғамдық 

даму  үрдісінің  ендігі  жерде  көшпенді  күйде  қалуға  болмай-

тындығын ұқтырған еді. Отырықшы өркениеттің туындысы бо-

лып  табылатын  отты  қарулар  зеңбірек,  мылтықпен  қаруланған 

Ресей  патшалығының  қарулы  күштеріне  төтеп  беру  мүмкін 

емес  еді.  Ғылым  мен  техникасы  дамыған  көрші  елдер,  осы 



I Казахстанский философский Конгресс 

485 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

жетістіктерін соғыс мақсатына жұмсап, көрші халықтарды құл-

дыққа  салып  жерлерін  басып  алу  үшін  пайдаланды.  Осындай 

жымысқы  сыртқы  саясат  ұстанған  Ресей  патшалығы  алдымен 

үш ғасыр бойы хандық билік құрған көшпелі елдің билеу аппа-

ратын жоюдан бастады. Билік қолдан кете бастады. Билік жай-

ында, Қ. Әбішев «өз өзіңнің қожайының болу» басқаша айтқанда 

өз  өзіңді  билеу  –  дейді.  Биліктің  түп  тамыры  еркіндікте  –  деп 

анықтама берген болатын [7]. Өз еліңнің тағдырын басқалардың 

қолына ұстату, өз еркіңмен құлдықты мойындау деген сөз.

Махамбеттің  ұлттың  еркіндігі  мен  бостандығы  жолындағы 

күресі  оның  халықты  қарулы  көтеріліске  бастауы  еркіндікті 

ешқашан  өзің  қарсылық  көрсетіп  тартып  алмасаң,  ешкім 

бермейтінін ашық түрде жалынды жырымен де, нақты ісімен де 

көрсетті. Махамбеттің ұлттың азаттығы жолындағы күресі жап-

пай  халық  көтерілісіне  ұласа  алмады.  Себебі,  ұлттың  намысы 

мен  жігерін  оятып,  олардың  күшін  топтастыратын,  болашаққа 

жасалынған  ұлттық  идеядағы  жоспардың  болмауынан.  Ғылым 

мен білімнен кенде көшпелі өмір салтымен артта қалған қазақ 

қоғамы бодандықтың қамытын осылайша іліп алып жүре берді.

Махамбеттің  «Мен,  Мен,  Мен  едім...»  деп  басталатын  тол-

ғауын ішкі психологиялық және ұлттық рухтық бағдарда ажыра-

тып қарастыруымызға болады. Шындығында, осы «Мен» поэти-

касы  әлемдік  ақындардың  толғауларында  аса  көп  кездеспейтін 

ерекше эмоционалдылық сарын. Ал, қазақ поэзиясында аз-кем 

болса  да,  кездесіп  отырады.  Мәселен,  Ер  Тарғын  жырындағы 

Қартқожақтың  өзін  таныстыруында,  ақындар  айтысындағы 

өзін асқақтату тәсілдерінде т. б. қолданылады. «Қазақ филосо-

фиясында, – деп жазды І. Ерғалиев – билер мен шешендердің, 

ақын-жыраулардың өз атынан сөйлеп, өз ой-түсінігін, «Менін» 

паш  ете  отырып,  өздерін  ақыл-ойдың  субъектісі  ретінде  көр-

сетуі».  Иә,  дала  ойшылдарының  өздерін  «Мен»  деп  атағанда 

өзінің  дүниеге  белгілі  дәрежеде  көзқарасы  қалыптасқандығын, 

халықты  уәжіне  сендіре  алатындығын,  әділдігін  мақтанышпен 

айта  алатындығында.  «Мен»  деген  Кісілікті,  Дара  тұлғалықты 

өздерінің  басқаларға  ұқсамайтындығын  сезінгенде  айтыла-

ды. Махамбеттің «Мені» туралы пайымдай отырып, оның хан-

сұлтандарға, елі мен жеріне, досы мен жауына осы мені арқылы 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

486 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

қатынас жасауы оның өзіндік бағыт ұстанған, нағыз өз дегенінде 

тұра алатын хас батырлығын паш еткенін аңғаруға болады [8]. 

Осы  Меннің  еркіндік  мәселесінен  туындайтын  асқақтығына 

мән  берген  Махамбет  философиясын  зерттеушілеріміз  оны 

экзистенциалистік  сарынмен  талдайды:  «Объективті  уақыт 

ағымы  –  оның  Мен  –  сенімділігімен  қайшылыққа  түседі  де, 

оның тұтас өмірі шекаралық жағдайлы күйде болады да, өзінің 

адамдық мәнінің қыспаққа түсуі өзіндегі – Менді онтологиялық 

азаттыққа итермелейді» [9]. Бұл пікірлерін «Мен тауда ойнаған 

қарт  марал»,  «Боз  ағаштан  биік  мен  едім»  тәрізді  табиғат 

құбылыстарымен бірегейлендіру толғаулары бойынша дәйектеп 

қояды.  Махамбеттің  поэтикалық  Мені  батыстық  үлгілермен 

түсіндіруге  келмейтін,  мағынасы  тереңірек,  тек  рационалдық 

қана  емес,  эмоционалдық  реңдер  жамалған  феномен.  Ол  осы 

«Менге»  маңыз  бере  отырып,  оны  орталық  түсінікке  айналды-

рады. Біріншіден, ол – ішкі рух күшінің толғанысы, еркіндіктің 

айбарлы,  белсенді,  әрекетшіл,  намысшыл  мазмұнын  қамтыса, 

екіншіден, өкініш пен аңсаудың, күйініш пен цикл бойынша қайта 

жігерленудің  құлдыраушылық  тұсы,  себебі,  онда  трагедиялық 

сарын  да  бар.  Үшіншіден,  өзін-өзі  айқындаудың,  өзін-өзі 

ашудың  персоналистік  үлгісінің  еркіндік  рухына  тоғысуы. 

Төртіншіден,  таза  бірегейлену  үдерісін  білдіреді.  Мен  сөзінің 

қайталануы арқылы өзінің болмысынан өзі ажырап бара жатқан 

сәттен  қайтадан  өзіне  оралуына  ұмтылатын  өзіне  бірегейлену. 

Мұны өлең мазмұндарынан-ақ айқын аңғаруға болады. «Едім» 

түсінігі  өткен  кезеңнің  нышанын  сездіретін,  бұрынғы  Меннің 

өткіншілігін сипаттайтын және оның шынайылығын дәріптейтін 

еркіндік рухының солғындануын да білдіреді.

Демек, бұл Мен – Рухтың Мені, нақтырақ айтсақ, еркіндік 

рухының  Мені.  Бұл  түсіндірмелер  батыстық  таным  бойынша 

күңгірттеу болуы ықтимал. Дегенмен, Махамбет дүниетанымы 

арқылы  ұсынып  отырған  осы  ішкі  Рухтың  еркіндігі  ұлттық 

философиялық түсінік деп анықтай аламыз. Оның бұл жердегі 

ерекшелігі  –  Еркіндік  пен  Еріктің  тұтасып,  Рух  түрінде 

көрінуі. Себебі, осы ерікпен тұтасудың мақсаты тұлғаның және 

халқының әлеуметтік еркіндігі мен саяси бостандығына келіп 

тоғысады.



I Казахстанский философский Конгресс 

487 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Махамбеттің  осындай  ішкі  психологиялық  еркіндігін  әрі 

қарай  сараптасақ,  оның  «Мені»,  жалпылай  алғанда,  халық 

рухының тұтасқан күйдегі еркіндігі, әлеуметтік – Мен. Ал же-

келей қарастырсақ, ол өзінің жалғыз еркіндігі мен рухын Иса-

таймен  бөліседі:  «Исатайдың  барында,  екі  тарлан  бөрі  едім». 

Демек,  Махамбеттің  ішкі  еркі  Исатайдың  рухымен  тұтасады. 

«Бөрі» тотемі ұлттық фольклорда жиі кездесетін ырғақ. Деген-

мен,  жоғарыда  атап  өткендей,  көшпелілік  өркениеттің  ақырын 

сезінген Махамбет поэтикасындағы «бөрі» және өзін «бөрімін» 

деп атау қазақ дүниетанымындағы соңғы теңеулердің бірі тәрізді. 

Осыдан біз бөріге еліктеген еркіндік рухының шабытты, айбар-

лы, әрекетшіл, күрескер көшірмесін анық байқай аламыз. Мен 

– ірілік пен кесек мінездің көрінісі.

Сондықтан, Махамбет дүниетанымы арқылы еркіндіктің ен-

жар,  жай  ғана  абстрактілі  ұғымдық  деңгейін  біз  белсенді,  әре-

кетшіл және тәжірибелік дәрежеге дейін көтере аламыз. Мұның 

саяси-әлеуметтік  сипаты  жеке  адамдық  еркіндік  шеңберінен 

шығып, тұтас ұлттың еркіндігін аңсаумен байланысты. Эпостық 

дәуірдегі  өмір  шындығында  да,  рух  еркіндігі,  образдық  түрде 

болса да, жалғыз тұлғаға жүктеледі. Екіншіден, ол Махамбеттің 

өзіне ғана тән даралық қасиеттеріне байланысты. Мәселен, оның 

ақындық, күйшілік өнері бұл тұста, көңіл көтеру қызметінен елді 

рухтандыру, азаттық үшін күреске шақыру, жігер мен намыстың 

терең  архетиптік  тамырларын  оятудың  психологиялық  тетігіне 

айналады. Мысалы, Г. Нұрышеваның атап көрсеткеніндей: «Осы-

лайша жабырқаған ақын жалғыздыққа, өмірмәнділік гиперреф-

лексияға қарсы күш ретінде күресті таңдады және оны өмірінің 

ақырына  дейін  жүргізді.  Бұл  таңдау  оның  қиындыққа  мойы-

маған ішкі рухани мықтылығын көрсетеді» [10]. «Ол ұлттық рух 

еркіндігін неге жоқтайды», «Рух еркіндігі осы кезеңде неліктен 

өрши түсті» деген сияқты туындайтын сауалдарға байланысты, 

еркіндіктің  саясиланған  аренадан  көрінуінің  себебі,  оның  ішкі 

болмысына  келтірілген  нұқсанға  байланысты.  Еркіндік  рухы 

өзінің болмысын сақтауға, өзін-өзі үнемі бірегейлендіріп отыру-

ға, өзін қайтадан тануға ұмтылып отыратын табиғи, биология-

лық, психологиялық, рухани қуаттылық. Осы еркіндіктің өмір-

шеңдігі, тайталасы, күресі, өзін сақтауға ұмтылысы – Махамбет 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

488 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

әреке-тінен анық көрінетін шынайылық. Ал оның осы сәтте, нақ 

осы тарихи кезеңде өрістеуі мен өршуінің себебі еркіндік рухын 

шектейтін  отаршылдық  саясаттың  ұстанымы  екендігі  белгілі. 

Махамбеттің өмірінің соңғы кезеңдеріндегі оның рухының жа-

суы, күрескерлік санасының бәсеңдеуі тек батыр тұлғаның ғана 

жеке  психологиялық  күйініші  емес,  тұтас  ұлттық  рухтың  ұзақ 

кезеңге созылған жеңілісі болып табылады деп ой түйіндей ала-

мыз. Мұны, тарих шындығы көрсеткендей, Махамбет дәуірінен 

бастап, бүгінгі күнгі тәуелсіз Қазақстан кезеңіне дейін жалғасқан 

200 жылдық отаршылдық дәуір дәлелдейді.

Ол жоғарыда атап өткеніміздей, жігер рухының архетиптері-

нің оянуы, ұлттық психологиядағы намысшылдық стереотиптер-

дің  жандануы,  діліміздің  жауынгерлік  рух  сабақтастығының 

шынайылануы сияқты үдерістер арқылы іске асырылатын тари-

хи қалыптасқан рух еркіндігі. Сондықтан, ол тарихи тұрғыдан 

алғанда да заңды логикалық сабақтастық. Бұл сабақтастық сан 

мыңдаған жылдар бойғы азаттық сүйгіш еркіндік психологияның 

сақталуының мирасқорлығы. Халқымыздың жаугершілік дәстүрі 

еріккен  әрекет  емес,  объективті  заман  шындығынан  ырықсыз 

түрде  шыңдалып  шыққан  еркіндікті  аңсау  құндылығы.  Яғни, 

осы еркіндікті басты құндылыққа шығарған ұлттық дүниетаным 

жаугершілдік  өмір  салтын  тұрақты  түрде  қалыптастыруға 

ден  қойған.  Батыр  ақынның  өмірмәнділік  әрекетінің  тарихи-

дәстүршілдік тұғыры да осы деп айта аламыз.

Махамбет осы жеңілістердің көп құрбандарының бірі. Бірақ 

жеңіліс,  ұлттық  тарихи  рух  еркіндігі  тұрғысынан  қарағанда, 

түбегейлі болып табылмайды. Себебі, Жеңіс пен Жеңіліс кезек-

тескен  өмір  өткеніміздің  өн  бойында  және  өмірдің  заңдылығы 

ретінде кездеседі. Сондықтан, жеңіліс – түбегейлі күйреу, тарих 

сахнасынан мүлде жоғалу емес, циклды қайта жанданудың шар-

ты  іспеттес.  Демек,  Махамбеттің  жеңілісі  еркіндіктің  жеңілісі 

емес, оның қайта жандануының, өркендей түсуінің негізі. Мұның 

нақты мысалы 200 жылдан кейінгі 1986 жылғы желтоқсан оқи-

ғасы.  Бұл  қозғалыс  та  тарихи  қалыптасқан  еркіндік  сүйгіштің 

заңды табиғи жалғасы деп айта аламыз. Махамбет дүниетанымы 

арқылы  біз  ұсынып  отырған  еркіндіктің  тарихи-дәсүршілдік 

деңгейінің бар екендігін айғақтайды.



I Казахстанский философский Конгресс 

489 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

Қорыта  айтқанда,  Махамбет  ақынның  поэтикасындағы 

еркіндік мәселесінің өзіндік ерекшеліктері бар. Ондағы еркіндік 

түпкі  мәнде  азаттық  идеясынан  туған,  рухтанушылықпен, 

жігерленумен,  құлдыққа  төзбеушілікпен  қаруланған.  Махамбет 

шығармашылығы рух еркіндігін күрескерлік жолмен орнатудың 

нағыз өнегесі болып табылады. Оның рухтандырушылық күші 

ұрпақтары үшін әрқашан намыс пен жігерін маздататыны сөзсіз. 

Жеке адам өмірінің үзілуімен, ол көтерген мәселе мен қоғамдағы 

қайшылықтар шешілмейді. Біраз уақытқа тұншығуы, іштен ты-

нуы  болады.  Халық  жадында  Махамбет  пен  Исатай  ерлігінің, 

олардың істерінің ізгіліктілігі мәңгіге сақталады.



Әдебиеттер

Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы: Ана тілі,1992. – 148 б.

Махамбет. Жыр-жебе. – Алматы: Дайк-пресс, 2003. – 57 б.

3  Гегель.  «Әлемдік  философиялық  мұра».  Жиырма  томдық.  Кант 

және Гегель философиясы. 8-том. – Алматы: Жазушы, 2006. – 288 б.

4  Гегель.  «Әлемдік  философиялық  мұра».  Жиырма  томдық.  Кант 

және Гегель философиясы. 8-том. – Алматы: Жазушы, 2006. – 289 б.

5 Кант И. Соч. – Т. 4. – С. 269.

6 Кант И. Соч. – Т. 4. – С. 414.

7 Абишев К.А. Власть как проявление глубинного устремления лю-

дей к свободе // Власть как ценность и власть ценностей: метаморфозы 

свободы – Алматы, 2007. – С. 53.

Ергали И.Е. Философия как духовная деятельность. Под общ. ред. 

А.С. Серикбаева. – Астана, 2003. – 154 б.

Аташ Б.М. Махамбет философиясындағы «Меннің» деңгейлері. 

Махамбет  ерлік  пен  елдіктің  өшпес  рухы:  халықаралық  ғылыми-

практикалық конференцияның материалдары. – Атырау, 2003. – 393 бет 

(347–350 бб.) (347 б.).

10  Нұрышева  Г.Ж.  Махамбет  поэзиясындағы  экзистенциялық  са-

рын. Махамбет ерлік пен елдіктің өшпес рухы: халықаралық ғылыми-

практикалық конференцияның материалдары. – Атырау, 2003. – 393 бет 

(272–277 бб.) (276 б.).



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

490 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ҚАЗАҚ ФИЛОСОФИЯСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ 

АЛАШ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ФЕНОМЕНІ

Үмбетхан СӘРСЕМБИН

(Ақтөбе)

Кез келген ұлт мәдениетінің даму тарихында ұлт тұлғалары-

ның рухани қызметі жатыр. Халықтық рухтағы дүниетанымдық 

идеялардың тарихтан орын алуы, ұлт тұлғаларының даналығы 

халық  ішінен  шығатын  ойшылдардың  рухына,  рухани  қасиет-

теріне,  біліміне  тәуелді.  Осы  тұрғыдан  адамзат  мәдениетінің 

қайталанбас  дара  құбылысқа  ие  негіздерін  зерделейтін  болсақ, 

рухани  тұлғалардың  даналығы,  шығармашылығы,  идеялары 

кейінгі ұрпақтың игілігіне қажет дүние.

Философия  қоғам  дамуының  тарихи  кезеңінде  тұлғалардың 

даналығы,  білімі,  шығармашылығы  және  халықтың  рухы, 

ұрпақтың  рухани  тереңдігі  арқылы  пісіп  жетіліп  отыратын 

қоғамдық  сананың  ерекше  түрі.  Философия  тарихынан  мәлім 

болып  отырғандай,  даналық  білімнің,  философиялық  ойлау 

мәдениетінің  өрісіндегі  тәжірибелердің  қалыптасуының  негізі 

ойшылдардың рухани қасиеттерінде жатыр. Қарапайым өмірдің 

талабымен  орайлас  даналық  ойдың  қалыптасуының  негізгі 

әрі  бастапқы  себептерінің  өзі  адам  интеллектісінің  ерекше 

құбылысын бейнелейді.

Кәсіби мамандары шоғырланған философиялық мектебі бол-

маса  да,  әлем,  адам,  қоғам  жөнінде  кеңінен  зерделеген  қазақ 

даналығының бойынан тұлға шығармашылығының ерекше үлгі-

сін байқаймыз. Алаш тұлғаларының ұлттың мүддесінен бастап 

елдің мәдениеті мен ұлттық идеяның, қоғамның дамуына қажет 

білім  мен  тәжірибелерді,  ұлт  болмысының  өзегін  сақтайтын 

өнер  түрлерін  қалыптастырып  отыруы  тұлғалықтың  ерекше 

феноменін  айқындай  түсетін  шындық.  Қазақтың  тарихы  мен 

мәдениетінің,  салт  дәстүрі  мен  өнерінің,  ғылымының  басында 

даналықтың білімі бар. 

Адам баласы сол даналар өмір сүрген уақыттан қанша алшақ-

тап,  ғылымның,  техниканың  қызметін  молынан  пайдаланғаны-


I Казахстанский философский Конгресс 

491 

ФИЛОСОФИЯ В СОВРЕМЕННОМ МИРЕ: СТРАТЕГИИ РАЗВИТИЯ

мен  тарих  өрісіндегі,  мәдениеттің,  адамзаттық  өркениеттің 

тірегіне  айналған  даналықтың  біліміне  қайтып  оралып  отыра-

тындығын бүгінгі уақыт дәлелдеуде.    

Қазақ руханияты бір ғасырдың табалдырығында қалыптасып, 

бір  ғасырдың  шеңберінде  ғана  өмір  сүрген  дүние  емес.  Оның 

қалыптасуының тарихи себебі, ерекшелігі мол. Қазақ философия-

сы, қазақ ұлтының дүниетанымын, өмір сүру тәсілін, тұлғалық 

бет бейнесін, рухын бейнелейтін «Алаш» идеясы қазақ елінің та-

рихи өмірінінің негізінде қалыптасқан қазақ баласының рухани 

қасиеттерінің  дара  құбылысы.  Алаш  зиялысы  Жүсіпбек  Айма-

уытов  былай  деп  жазып  кеткен.  «...Бұрынғы  уақытта  қазақ  елі 

ұйымшыл, ері жауынгер, биі әділ, намысқор, адамы әрі бітімді, 

қайратты сауықшыл болған екен. Досымен достасып, жауымен 

жауласуға табанды, қайғыра да, қуана да білетін халық екен. Рас, 

бұл уақыттағы ұйымшылдық күні үшін болса да, жүре – бара бет 

түзеп, қалып алатын сүреңі бар еді естуімше....

Ол қылықты түсініп түзу жолға салушылар болса да дүниауи 

ғалымдар  кіріп,  тамырлап,  бұтақтап  кетуге  ықтимал  еді,  бірақ 

бірақ  қожа  молда  ишандардың  схоластикалық  ғылымын  та-

ратып, елдің ойын, рухын, қол аяғын кісендеп, бір кесімді тар 

жолға тығып, адамшылықты тағдырдың қазығына қылқылдатып 

байлады да қойды....

Сол  кезде  халықты  меңгеріп  ұстап  тұратын  азулы,  айбын-

ды хан сықылды бір күш керек еді, халықтың бақытсыздығына 

қарай  жақсының  сиреген  кезінде  күш  кетіп,  мынадай  соққыға 

жолықты. 

Қазақтың ұлттық қалпы өзгерілді. Тірлігі мақсұты басқа, ниеті 

шалғай,  суық  бауыр  жаттың  қолына  тиді...  Кемеңгер  билердің 

заманы  құрып,  адамды  мал  мен  пұлға  сатып  алатын  заманға 

килікті..» [1, 116 б.] 

Тұлғалық  не  үшін  және  кім  үшін  қажет?  Билеріміздің  ұғы-

мымен зерделесек, «артқы топтан адаспай» ел тағдырымен бір 

өмір сүре білген ер нағыз тұлға. Әрине адамның ел тағдырымен 

бір жүруі оңай іс емес, тарихтың қатаң талабы, ұлт мүддесінің 

қатаң заңы алдымен жеке адамнан халық игілігіне пайда, ізгі іс 

әкелетін  мүмкіндіктерді  талап  етеді.  Ал  адамға  ұлт  мүддесіне 

қызмет ету мүмкіндігіне ие болуы туа біте берілетін қасиетпен, 



I Қазақстандық философиялық Конгресс 

492 

ҚАЗІРГІ ӘЛЕМДЕГІ ФИЛОСОФИЯ: ДАМУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

ұлттың  тәрбиесі,  тағылымы,  тарихтың  білімі,  өмірдің  тәжіри-

бесі  арқылы  ғана  келетінін  ескерсек,  тұлғалық  жеке  адамның 

ғана емес елдің ел болып қолы жетіп отырған мүмкіндігі, деңгейі. 

Қазақтың ең соңғы ханы Кенесары өмірден өткен соң қазақ 

даласында  қазақтың  ел  тағдыры  жолында  опат  болған  батыр-

ларының рухын тербеп қалған Нысанбай жыраудың жоқтау жы-

рында тұлғасынан айрылған ұлттың тағдыры бар: 

 Кенекем менің кеткен соң,

 Заманым қалды тарылып.

 Халық иесі – хандардан

 Жетім қалдық айрылып!

 Екі бірдей қанатым

 Топшыдан сынды қайрылып!

 Балдағы алтын ақ берен 

 Тасқа тиді майрылып. 

 Кемшілік түсті басыма,

Көрінгеннен қаймығып [2, 73 б.]. 

Ханы  мен  батырынан  айрылған  қазақ  елінің  шынымен-

де  ұлттық  рухы  әлсіреді,  хандық  билік  кеткен  соң  билер  мен 

жыраулардың қатары сирей түсті. Биі мен жырауы сиреген қазақ 

қоғамының  ұлттық  қалпы  өзгерді.  Ұлт  мінезінің  табиғатына, 

болмысына  қайшы  жаңа  қоғамдық  жүйе  орнады.  Ұлттың 

болмысының өрісі тарылды. Осындай елдің рухы тұмшаланған 

қоғамның өмірінде дүниеге келген қазақ баласының рухы тарих-

қа қарап оянған. Өткен ғасыр басында өмір сүрген алаштың ой-

шыл  ақыны  Ғұмар  Қараштың  жырларында,  тарихқа  бет  түзеп, 

заман  болмысын  ақыл  мен  зерделеп  ұлттық  қалпы  өзгерген 

қоғамнан ой түйген қазақ зиялысының рухын байқаймыз:



 Жұрдай болу мәнісі:

 Бұл халықтың бүгінді

 Алтынды тақты ханы жоқ, 

 Хансыз елдің сәні жоқ!

 Қазысы жоқ, биі жоқ,

 Бисіз елдің күйі жоқ.

 Батыры жоқ, байы жоқ,

 Дәулетсіз жұрттың жайы жоқ [3, 68 б.]

I Казахстанский философский Конгресс 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   80




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет