Литература
1. Даль В.И. Толковый словарь живого великорусского языка. - М.: Цитадель,
1998. - 11465 с.
2. Карасев Л. В. Знаки покинутого детства: «постоянное» у Платонова [Текст] /
Л. В. Карасёв // Вопросы философии. - 1990. - № 2. - С. 31
3. Датнова Е. Возвращение в детство // Пролог. - М.: «Вагриус», 2002, с. 336-432.
4. З.Есенаман «Хардкор»: Повесть (Алматы: Əлке, 2007. - 200с.)
5. Голубева Е.И. Детское чтение в России: реальность, опасения, прогнозы //
Книжное дело. – 2002. - №1. – С.60-63
6. Фрешли М. Межкультурные аспекты образования // Материалы
международной конференции «Кросскультурное и полиязычное образование в
современном мире», с.298-301. - Костанай, 2013
175
Қозғауға керек қолғабыс
(Шəкəрім жəне Гете поэзиясындағы ой, сөз, іс бірлігі идеясы)
Сейсекенова А. Б.,
филология ғылымдарының кандидаты , доцент
Астана қаласының Қазақ экономика, қаржы жəне халықаралық сауда
университеті
Есіркепова К. Қ.,
филология ғылымдарының кандидаты , доцент
Қанапина С. Ғ.,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Əлемге əйгiлi немiстiң ұлы ақыны И.В.Гете танымындағы ең жоғарғы
символ – құдай мен табиғаттың бiрлiгi, мəңгi қалыптасу мен қозғалыс, рух пен
материя, жан мен тəн, ой мен кеңiстiк, ерiк барлықтың бiрiн-бiрi толықтырушы
қасиетi екенiн əмбебап шығармашылығымен дəлелдеген ойшыл ретiнде белгiлi.
Бiзге ой салатыны – осы мəселеде қазақ ойшылы Шəкəрiмнiң де əлемнiң
тұтастығын анықтау үшiн қозғалыс табиғатына аса терең үңiле отырып,
мəселенiң түп қазығына əмбебап көзқараспен бара бiлгендiгi. Шəкəрiм
көзқарасында кез-келген қозғалыс пен өзгерiс əрi түзiлушi əрi бұзылушы немесе
«жану мен шiрудiң түбi бiр» болатын «рух» пен «ұрық» бiрлiгi екенiн «Тiршiлiк,
жан туралы» өлеңiнiң идеясы тұтастай дəлелдейдi:
Жаралыс басы – қозғалыс,
Қозғауға керек қолбағыс
Жан де мейлiң, бiр мəн де
Сол қуатпен бол таныс
Əлемдi сол мəн жаратқан [1, 230].
176
Шəкəрiм қозғалысты – жан, мəн, əлемдi жаратушы деп түйiндесе, Гетенiң
«Фауст» трагедиясында мəңгi дамудағы ғаламдықболмысты рационалды əлем
заңдылығымен түсiндiрмей, интуитивтi метафора арқылы жол табуға
тырысқанын байқаймыз.
Трагедияның I-бөлiмiндегi «Фаусттың жұмыс бөлмесiнде» атты көрiнiсте
Фаусттың латын тiлiндегi Iнжiл мəтiнiн немiс тiлiне аударып отыратын тұсы бар:
(Ол кiтапты ашып, аударуға кiрiседi.)
О баста, алдыменен Сөз жаралған! [2, 31].
Фауст латын тiлiндегi мəтiнге сенбегендiктен ежелгi грек тiлiндегi
нұсқасына қарайды. Грек тiлiндегi нұсқада «Сөз» орнына көп мағына бiлдiретiн
«Логос» берiлген екен. «Фаусты» зерттеушi А.Аникст осыған байланысты
мынадай түсiнiктемелер келтiредi: «Гете əрмен қарай өзiнiң досы И.Г.Гердердiң
Жаңа Өсиетке жасаған түсiнiктемесiндегi: «Немiсше «сөз» бұл ежелгi түсiнiктiң
дəл мағынасын бере алмайды», – деп жазғанына сүйенедi. Гердер «логостың»:
«сөз», «ой», «күш», «iс», «қайраткерлiк махаббат» деген сияқты бiрнеше түсiнiгi
бар болуы мүмкiн деп көрсетедi [3, 103]. Яғни «Фаусттағы»: «О баста алдыменен
Сөз жаралған!» дегеннен кейiнгi тармақтарды Гете Шəкəрiмше «iс», анығырақ
айтсақ, «Жаралыс басы – қозғалысқа» өзгертедi. М.Құрманов оны «жұмыс» деп
аударған:
«О баста алдыменен Сөз жаралған!»
Мен бұған қалай ғана илана алам?
Сөз бе екен дүниеге болар тiрек?
Қалай деп аударайын, айтшы жүрек?
О баста – дейсiң бе сен – ой жаралған?
Арым таза, оныңа қой бара алман.
Бастамай қателессең болмас адал
177
Ой емес қой жаратқан дүниенi?
Күш деп айтсам, бұл қалай болар едi?
Жоқ! Бұл да дұрыс болмайды.
Жарқ еттi, елес бердi!
Мiне дұрыс,
«О баста, ең əуелi болған Жұмыс!» [2, 31].
М.Құрмановтың аударған «Жұмыс» сөзi Гердердiң орысша «деятельная
любовь» немесе əлемнiң құдайлық махаббат арқылы жаратылуы (қозғалысқа
келуi) «Фаусттың» Б.Пастернак аударған нұсқасында да «Жұмыс» сөзiнiң
орысша баламасында «Дело» деп аударылған. Сонымен, Гетеде қозғалыс
ұғымының сөз, ой, күштiң бiрлiгiн бiлдiруi Шəкəрiмдегi қозғалыстың алғашқы
мəн немесе жан деп қарастырылуымен сəйкес ұғым. Шəкəрiмнiң қозғалысты
көзге көрiнбейтiн, мəндiк тұрғыда қарастырғаны сияқты, Гете Фауст пен
Маргаританың дiн туралы өлеңмен сөйлескендегi мысалында қозғалыстың көзге
көрiнбейтiн құпия жағына да үңiлудiң қажет екенiн былай ескертедi:
Фауст
Басыңда, жүрегiңде тұр ғой бəрi,
Айнала құпия боп бiзге мəңгi,
Көрiнiп, көрiнбей де қозғалады [2, 62].
Шəкəрiм iрi ойшыл ретiнде ой мен сөздiң астарын адамнан жоғарғы
жаратылыстың бастауынан iздейдi:
Шошыма достым сөзiмнен
Сөз құдайдан шыққан бу.
Ұқпасаң көр өзiңнен
Жұтқызайын нұрлы су [1, 62].
178
Бу сөзi бұл жерде метафоралық қызмет атқарып қана қоймай, көзге
көрiнбейтiн ой ұғымымен пара-пар трансцендентті нұрлы суға теңелiп тұр.
«Фаусттағы» «Мартаның бағы» атты көрiнiсте Фауст Сөздi – түтiн, дыбыс,
құдайдың есiмi де сол сынды деп түсiндiредi. Ал шын түйсiнген адамға құдайды
қалай атаса да:
Махаббат, бақыт, шаттық, жүрек деген -
Барлығы не десең де бiр-ақ сезiм [2, 62].
Сондықтан, Гете «Сөздi» бiр мезетте «сөз-ой-күш-iстiң» бiрлiгi ретiнде
ұқтыруға тырысса, Шəкəрiм «Сөз» арқылы:
Байлаймын да көзiңдi
Патса қылам өзiңдi.
Ұғып отыр сөзiмдi
Ел билетем жетi ру [1, 237], -
деп, сөздiң жетi қасиетiне: мейiрiм, ынсап, əдiлет, шыдам, шыншыл, харекет, ақ
ниеттi жатқызады. Сөйтіп, Шəкəрiмде Сөз ұғымы – мəн, жан, жанның Тəңiрден
бiрге берiлген жетi қасиетi бар жаратушы. Егер, Шəкəрiм мен Гете жоғарыда
айтып өткен ой мен сөздiң бiрлiгiн дəлелге алар болсақ, идеалистердiң ой
дегенiмiз құдай деп қарастырып келген концепциясын да басшылыққа аламыз.
Шəкəрiмнiң ұстазы ұлы Абай Сөздiң үнсiз қалпы – ойдың бiр мезетте
материалдық қалпы – бар болуға айналуын, сөйтiп, əлемдегi мəңгiлiк
қозғалыстағы табиғаттың өмiрi болып қалыптасуын 38-ші қара сөзiнде Алланың
бiр сипаты ғылым дей отырып: «... ғылымның бiр сипаты кəлəм, яғни сөйлеушi
деген: сөз – қарiпсiз, дауыссыз болушы ма едi? Алланың сөзi – қарiпсiз,
дауыссыз. Ендi, олай болса, айтқандай қылып бiлдiретұғын жəне басар, сəмиғ,
яғни көрушi, естушi деген. Алла тағаланың көрмегi, естiмегi бiз секiлдi көзбенен,
құлақпенен емес, көргендей, естiгендей бiлетұғын ғылымның бiр сипаты. Бiрi
тəкуин, яғни барлыққа келтiрушi деген сөз»,- деп түсiндiредi [4, 140]. Бұл жерде
арабтың тəкуин сөзi болдыру, жарату, қозғалысқа келтiру мағынасында
қолданылып тұр.
179
Құрандағы «Əнғам» сүресiнiң 73-ші аятында: «... Ол көктер мен жердi
шындықпен жаратты. Ол: «Бол» деген күнi бола кетедi. Оның сөзi шын», –
делiнген [5, 136]. Шəкəрiмнiң «Тiршiлiк, жан туралы» өлеңiнде:
Бас қозғалыс қой – жанның атасы
Ол жаратады гүрлеп, - [1, 228]
деп келетiн жолдардағы бас қозғалыстың – құдай-сөз-жан-мəн бола-тындығына
көз жетiп тұр. Ендеше, Алладан келген төрт кiтаптың бiрi – Iнжiлдiң Иоанн
жазған Iзгi Хабар мəтiнiн оқып көрелiк: «Əуел баста Сөз болған, Сөз Құдаймен
бiрге болған, Сөз Құдай болған» [6, 249].
Сөз бен құдай бiрлiгi жайында өз заманында зерттеу жүргiзген ғалымдардың
бiрi – Исаак Ньютон. Алайда, Шəкəрiм бабамыз «Үш анық» еңбегiнде
Ньютонның əлем туралы дүниетанымына тоқталып: «...Соңғы кезде Европаның
Гасенди, Декарт, Ньютон, Линней сияқты ойшылдары бұрынғы Эпикур,
Демокриттерден қалған жаратушы ие жоқ дегендi қайта жаңғыртып, Европа
арасына сол ойдың жайылуына себеп болды. Жəне атомдар бiрiн-бiрi тартып
қосылуына бiр күштi дəлел табылды»,- [7, 9] деуменен оның ғаламның негiзiн
механистiк қозғалыс тұрғысынан түсiндiруiне қарап, «құдайсыздар» қатарына
қосса, сол сияқты Гете де И.Ньютонның дүниеге механистiк көзқарасын сынға
алған. Мысалы: «Табиғатты механистiк тұрғыдан түсiндiрудi жақтаушы Ньютон
мен Гете өмiр бойы айтысқа түскен. Гетенiң пiкiрi бойынша, дүниенi механистiк
қозғалыс тұрғысынан түсiндiрудi жақтаушылар мұндай түсiнiктiң көмегiмен
«өмiрдiң» шынайы мiнездемесiне ешқашан жете алмайды», – деп философиялық
энциклопедияда да келтiрiлген [8, 310].
Шəкəрiм адам сөзiнiң алғашқыдағы перiштелiк пəктiгiн, құдайлық құдiретiн
өлеңмен жеткiзе отырып, сөздiң қасиетiн қайтарудың ұлағатын былай
уағыздайды:
Iшiп алып мас болып,
Мал, мақтанға қас болып.
Нəрестедей жас болып,
Қайта жарал, қайта ту.
Арақ iшiп құтырсаң,
180
Бар киiмдi сыпырсаң
Дүниеден мұтылсаң, -
Жолға түстiң түп-түзу [1, 236].
Яғни, сөзге құдiрет бiтiру Шəкəрiм өлеңiнде ақынның шығармашылық ерiк-
қуаты, тазалық өлшемiмен бiр құбылыс екенiн дəлелдеу үшiн ұлы Абайға
жүгiнуден артық шешiм жоқ:
Жүректiң көзi ашылса,
Хақтықтың түсер сəулесi
Iштегi кiрдi қашырса
Адамның хикмет кеудесi [9, 130].
Соңғы жолдағы хикмет сөзi Ахмет Яссауидiң өмiрi мен шығармашылығы
жайында жазылған Б.Сағындықовтың «Əз машайық» атты мақаласында берген
түсiнiктемелерiне сүйенер болсақ, «парасат», «данышпандық» дегеннен гөрi
əулиелер мен машайықтар ғана көрсете алатын керемет деген ұғымға сəйкес:
«Алла тағала ғажап iстердi адамдардың қатынасынсыз тiкелей өзi көрсетсе,
«хикмет», «құдiрет» делiнедi. Қарапайым тiлге аударсақ, керемет – машайықтар
мен əулиелердiң iсi, мұғжиза-пайғамбарлардың iсi, құдiрет пен хикмет –
құдайдың iсi болып шығады» [10, 11].
Шəкəрiмнiң Сөзi өзi туралы:
Қанжармен iшiң тiлемiн,
Бар сырыңды бiлемiн
Мазақтаймын, күлемiн
Деме сиқыр, неткен қу.
Өлсең, сөзбен тұрғызам,
Ерiксiз мойын бұрғызам.
Айтқанымды қылғызам,
Жүрегiңе төгiп у.
Сиқырыммен жүгiртем,
Жар бетiне үңiлтем.
Дүниеден түңiлтем,
Кереметтi мен жаду [1, 236-237].
181
Осындағы «Өлсең сөзбен тұрғызам» немесе «Кереметтi мен жаду» сынды
жолдар арқылы Сөз ақын болып сөйлеп, əрi қарай ақын мен Сөздiң ара жiгi
бiлiнбей, тұтасқан лирикалық көркем бейнеге айналған. Бұл жерде əлбетте басты
рөлдi поэзияның пайғамбарлық миссиясы атқарып тұрғанын өлеңнiң соңғы
шумақтары растай түседi:
Ешкiмге зиян тигiзбей,
Кəрiптiң көңiлiн күйгiзбей,
Сайтанға беттi сүйгiзбей,
Жүрегiңдi нұрмен жу.
Мақтанды алма ойыңа
Кек сақтама бойыңа.
Барма дүние тойына,
Ойнаса да уда-шу.
Егер мұны қылмасаң,
Айтқаныма тұрмасаң,
Өз нəпсiңдi бұлдасаң,
Саған арам сөз ұғу[1, 237].
Гете Сөз құдiретi жайлы өзiнiң «Ақын кiтабы» өлеңдер топтамасын жазған.
«Ақын кiтабы» жинағының екiншi бiр атауы немiс оқырманына бейтаныс –
«Мұғаннинаме». Хафизде Пiрмұған сөзi тариқат жолындағы рухани ұстазды
бiлдiрген. Осы кiтапқа енген «Өлең жəне мүсiндеу» өлеңiнде Гете «таза қолды»
кемелiне жеткен əулиелiк ақын тiлiне магиялық күш бiтiредi деп сенедi:
Салқын тапса жүрегiмiз бiр сəтке,
Өлең шiркiн кеудемiзде тулайды.
Ақын қолы таза болса əдетте,
Су тұрмайды, алақанда құрғайды [11, 207].
Л.М.Кессель осы жолдардың дүниеге келуiне негiз болған үндi аңызын 1783
жылы Зоннераттың «Үндi мен Қытай елiне саяхат» атты еңбегiнен оқығанын
келтiредi. Аңызда үндiлiк əйел құдай Мариаталенiң табиғат күштерiн билеген
кереметi болады. Бiр күнi Мариатале əдеттегiндей көлден су алып, оны қолымен
шар тəрiздес қатты денеге айналдырып үйiне қайтуға тұра бергенде, көлдiң
182
бетiнен перiштедей сұлу бейнелердi көрiп жүрегiне құмарлық оты түседi. Сол
сəтте-ақ қолындағы су қайта ерiп көлге ағып кетедi. Содан берi ол суды
құмырасыз ала алмайтын болыпты [12, 51].
Гете «Хафиз кiтабында»:
Как невесту, Слово ждет
Дух – его жених [13, 624],-
деп Сөзге анықтама берсе, «Ұжмақ кiтабына» енген «Биiктiк жəне ең жоғарғы
Биiктiк» өлеңiнде құдайлық ұлы Сөзбен Ақын бейнесi бiте қайнасқан болмысты
бiлдiредi:
Весь проникнут словом божьим,
Вечным словом животворным [13, 702].
Жалпы, Гетеде Сөздiң биiк мағынасын Шығыстан iздеу оның «Батыс-Шығыс
диуанына» енген топтамаларында Шығыс шайырларына бас ие отырып, арнау
түрiнде жазылған өлеңдерiнен көрiнедi. «Хижра» өлеңiнде:
Пендесi хақпен тiлдескен,
Сұхбатпен сұлу күн кешкен,
Азат боп елi шер, дықтан,
Тəңiрiнiң нұрын жерде ұққан,
Сөзiн ұқ сонда нəбидiң,
Қалпына түсiп сəбидiң, – [11, 189]
деп жырлайды. Гете өз рухани даму барысындаШығыстың өзiндiк Сөз культы
болғанын, Шығыс поэтикасының негiзiнде Сөзге ерекше қатынас болғанын
байқайды. И.Брагинский: «Гете диуанындағы батыс-шығыс синтезi жəне парсы
тiлiндегi поэзия» атты еңбегiнде Сөзге бас иiю дəстүрiнiң тамырын тереңнен –
ирандық «Авестадан» бастау алатынын айтады. (Мысалы, «Мантра спента» –
«қасиеттi сөз». Авестада) Яғни, гректердiң Логос туралы iлiмi де, одан Иоанның
Iзгi Хабары бастауын парсылардан алған деген пiкiрдi алға тартады.
И.Брагинский сол еңбегiнде Шығыс поэзиясында Сөз бен Iстiң тек бiрлiкте ғана
түсiнiлуi тиiс екенiн: «Шығыс ақыны үшiн сөз, шынайы поэтикалық сөз
адамдарға əсер етуiне байланысты əрекетпен бiрiккен iстiң өзi болған»[14, 4], -
деп айтады.
183
Еуропа əдебиетi Гетеге дейiн жəне одан кейiн де «шығыстық сарындарды»,
сюжеттер мен бейнелердi, кейiпкерлердi, көбiнесе, сыртқы əшекейiн кеңiнен
пайдалана бiлген. «Ориентализм», шығыстық экзотика əсiресе романтиктердiң
сүйiктi көркемдік тəсiлдерiне жатқаны белгiлi. Бұны Гете де айналып өткен жоқ,
алайда, ол өзiне тəн ақындық ерекшелiгiмен екi бiрдей – Шығыс жəне батыстық
мəдениеттi iштей тұтас бiр органикалық дүниедей байланыстыра бiлдi.
В.А.Аветисян «Гете жəне əлемдiк əдебиет мəселелерi» еңбегiнде XIX ғасырдың
басындағы Еуропада академик В.В.Бартольдтың айтуынша «...еуропалық
мағынасында айтқанда, Шығыс халықтарының ешқашан тарихы болған емес
жəне олардың тарихы жоқ та деген пiкiрлер айтылған, сондықтан тарихты
оқудың еуропалық тарихшылар ұсынған əдiстемелерi Шығысқа қолдануға
келмейдi»,- деген пiкiрiн еске ала отырып: «Батыс-Шығыс диуаны» дақпыртты
еуропоцентризм теориясының беделiн түсiруге белсендi күш салған құжат болып
табылады (дұрысырақ айтсақ: батысеуропоцентризм). Басында айтылғандай,
Шығыс
мəдениетiн
түсiндiруде
Гете
эстетикалық
интернационализм
позициясында тұрды, жəне, бұл жерде оның көзқарасы «Эстетика бойынша
лекцияларында» Шығыс елдерiне жоғарыдан төмен қараған Гегель
көзқарастарынан тиiмдi түрде өзгеше болды»,- деп Гете поэзиясының əдiл
бағасын бередi [15, 44].
Гетенiң басқа мəдениеттiк элементтердi шығармашылық құштарлықпен
сiңiрiп, қажеттiлiгiне пайдалана бiлуi тек «Батыс-Шығыс диуанына» ғана
қатысты емес. Мысалы, Гетенiң Фаустты жоғарғы күштермен байланысы бар
ерекше кейiпкер ретiнде құстың да, аңның да тiлiн бiлетiн Сүлеймен пайғамбар
дұғаларын өзi iстерiне пайдаланған. Бəрiмiзге белгiлi Сүлеймен пайғамбар тек
Iнжiлдiң ғана емес, Құранның да кейiпкерi. Фаусттың кереметi де сол – қасиеттi
кiтаптардан алынған əр түрлi дұғалар, сөздердi оқу арқылы мəңгiлiкке, басқа
уақыт шеңберiне өте бiлуiнде. Антикалық əлем арқылы табысқан жары Еленамен
болған диалогта Фауст трагедияның 2-бөлiмi, 3-көрiнiсте Сөзге ерекше түсiнiк
берiп өтедi:
Фауст
Сөз жүректен шықсын қайнап бұлақтай
184
Көкiректе жансын ойың шырақтай.
Айналаға көз тастап...
Елена
Тұрам қалай құмартпай!
Фауст
Бiздiң рух есептемес уақытты
Демек...
Елена
Нағыз бақытты [2, 154].
А.Аникст «Гетенiң «Фаусты» атты зерттеу еңбегiнде: «Фауст қазiргiмен өмiр
сүредi, бiрақ символикалық iс-əрекеттер арқылы басқа дəуiрлерге де енiп кете
алады. Жəне, ол ойларымен, рухани тəжiрибесiмен XVI ғасырдың адамы ғана
емес екенiне оңай көз жеткiзе аламыз. Сондықтан, Фаусттың тек бiр тарихи
кезеңге қатысы шартты. Ол барлық уақыттарда өмiр сүредi жəне бүкiл ғалам
оның iс-əрекеттерiнiң майдан даласы»,- деп Гете кейiпкерiнiң ерекшелiгiне мəн
бередi [3, 69]. Сөз туралы Елена мен Фаусттың арасында болған диалог арқылы
Гете Фаусттың бойынан тiрi Логосты көрсеткiсi келгендей əсер қалдырады. Гете
– символмен сөйлеудi сүйген ақын. Осы диалогтың М.Құрманов аударған
нұсқасындағыдай, Б.Пастернак аударған нұсқасында да жолдары аздап ауысып
кеткенiмен, негiзгi логикасы сақталып аударылған. Диалогта Фауст А.Аникст
айтқандай, Сөздiң табиғатын уақытқа бағынбай, мəңгiлiкте өмiр сүретiн кейiпкер
ретiнде түсiндiредi. Əлемдi пантеист, натурфилософ ретiнде мəңгi тiрi
қозғалыстағы өмiр деп түсiнген Гете, сүйiктi кейiпкерiнiң аузын дуалы еткенi
сонша, оның Сөзi бiр мезетте мəңгiлiктiң өзегi-ой арқылы ғаламды көктей өтедi.
Сондықтан сұлу Елена мəңгiлiкке қол созған адамның нағыз бақытты екенiн
мойындай бас иедi. Фаусттың жүрекке жылы тиген жағымды Сөзiнiң құпиясын
қалай игеруге болатынын сүйгенiнен сұрағанда, Фауст оны былай түсiндiредi:
Фауст
Он кроется в невольности порыва.
Мы ждем, в потребности обнять весь свет,
Того, кто тем же полон...
185
Елена
нам в ответ
Фауст
Тогда наш дух беспечностью велик.
Прекрасен только...
Елена
Настоящий миг
Фауст
Жизнь только им ценна и глубока.
Тому порукою?..
Елена
Моя рука [13, 333].
Гете кейiпкерiне бұл сөздердi бiр күндiгiн ойлағандықтан айтқызып тұрған
жоқ. Керiсiнше, Сөздiң рухқа, мəңгiлiкке қатысын айқындаушы ретiнде ауызына
салып берген.
Бұл ой құдай, ой, қозғалысты бiрлiкте қарастырған христиан теологы Əулие
Августин көзқарасына жақын келедi. Августин құдайда тек «бүгiн» бар екенiн,
құдайдың «бүгiнi» – мəңгiлiк деп түсiндiредi [16, 50-54]. Демек, Гетенiң
Фаустының өткенi, қазiргiсi, болашағы бар шартты уақытта өмiр сүретiн
қарапайым пенделерге қарағанда айрықша жағдайы бар кейiпкер екенiн
танытады. Августиннiң субъективтi уақыт жайлы бұл көзқарасы кезiнде Декарт,
Кант сынды философтарға өз əсерiн тигiзген. Гетенiң уақыт жайлы көзқарастары
– оның ғалам мəңгiлiктiң iшiнде өмiр сүредi деген пайымдауларының нəтижесi.
Сондықтан, əлемдi қозғалыстағы мəңгiлiк деп түсiндiру кейiнгi жылдары жазған
кез-келген өлеңдерiнен байқалады. Оның атақты «Өсиет» өлеңiнде де мəңгiлiктiң
қозғалысын мына жолдар айғақтайды:
Кто жил, в ничто не обратиться!
Повсюду вечность шевелится
Причастный бытию блажен [13, 736]!
Əсiресе, екiншi тармақтағы барлығы мəңгiлiктiң өзгерiсi туралы ойы Фауст
сөзiн нақтылай түседi. Бұл туралы К.О.Конради: «Мəңгi болмысқа» жəне оның
186
тұрақты бар екенiне сенiмдiлiкпен өмiр сүретiн адам үшiн өткенi, қазiргiсi мен
болашағының аса үлкен айырмашылығы жоқ. Гетенiң қартайғандағы
мистицизмiнiң белгiсi осындай. Осындай «бiруақыттылықты» сезiнуi туралы
ақынның өзi талай айтқан болатын», – деп жазады [17, 539]. Мəңгiлiктi осылайша
түсiну ғана Гетенiң «Фауст» трагедиясында антика, ортағасыр жəне өз заманын
бiрiктiруге мүмкiндiк бередi. Гете поэзиясының ұлықтығының белгiсi де
өткенмен, қазiргi жəне болашақта өмiр сүре алатын көрiпкелдiгiнде. Гете 1816
жылы 1 қыркүйекте Вильгельм фон Гумбольдқа əрiптесiнiң Эсхил
шығармаларын аударуы жайлы көзқарасын бiлдiргенде: «...Мұнда өткен мен
қазiргi уақыт жəне болашақтың сəттi өрiлгенi соншалық, өзiң де ерiксiз
көрiпкелге айналасың, яғни, құдай тəрiздес күй кешесiң. Ал бұл сайып келгенде
поэзияның салтанатты жеңiсi»,- деп жазады [17, 539] .
Қазақ ақыны Шəкəрiмнiң бүкiл əулиелiк бiтiм-болмысы, оның жанының
кристалдай тазалығы, перiштедей үнi, өз заманынан алға кеткен ерекше толымды
бiлiмi мəңгiлiктiк тұлғасын анық танытады. Ақын өзi туралы өлеңiнде былай
дейдi:
Ғайыптан хабар бiлемiн.
Жарымның алғам тiлегiн
Қап тауын нандай тiлемiн [1, 246].
Мəңгiлiкке қол созған ақынды өз заманының аумалы-төкпелiлiгi, саясат та,
мансап та алаңдатпады. Тек адамға екi дүниеде де керек анық ақиқат, шынайы
ғылым iздедi.
ХХ ғасырдағы қазақ ақыны Шəкəрiм Сөз, Ой, Iстi бiр деп ұққандықтан:
Сиқыр сөзбен арбасаң,
Табиғат басын иедi.
Кəрленiп кiмдi қарғасаң
Қатесiз оғың тиедi, –
деп жырлайды [1, 247]. Сөздiң ежелгi дəстүрлi қалпынан байланысын үзбеген
Шəкəрiм, оны тiрi субстанция, ерекше құбылыс деп «Бəйшешек бақшасында»
жазады: «Бет сұлулығы – тəн сыйы ғой, дауыс пен сөз жан сыйы ғой, əрине, тəн
сыйынан жан сыйы артық екенiне дау жоқ, бiрақ бет сұлулығын əркiм-ақ таниды.
187
Сөз бен əн сұлулығын танушы аз» [1, 485]. Сондай-ақ, Сөз – ажалсыз əскер,
мəңгiлiкке өтудiң, əлемдi өзгертудiң ең зиянсыз қаруы деп түсiндiредi:
Ойлаңыз, бiздiң ғаскер өле ме,
Қағазға бiр басылып қалған соң.
Бұл мықты əскер емей немене,
Жайылып талай орын алған соң.
Қарумен қанша қатты ұрса да,
Сөзiме жанның əлi келмейдi.
Бұл дүние шыр айналып тұрса да,
Ғаскерiм қартаймайды, өлмейдi [1, 112]. немесе:
Мен жетелеп өлемiн
Өрге қарай қазақты,
Өлсем де ойын бөлемiн,
Сөзбен салып азапты.
Бiлiмдiнiң сөзiндей,
Сөзiм демен таза-ақ-ты.
Қазақ болса өзiмдей,
Қыла алмайды мазақты [1, 110].
Жүрегi тазаланып, перiштелiк күйге енген адам жанынан өлең өзi ерiксiз
төгiледi. Сөз, өлең, əуен адамның жанын тазалайды, дертiне шипа болады:
Жыр, өлең насихат сөз, мақал, тақпақ,
Тауып айтса – дауасыз дерттiң емi [1, 162].
Шəкəрiмнiң қозғалысты – жан, мəн деп анықтауы ХХ ғасырдағы iрi француз
ойшылы философ, теолог, археолог, палеонтолог, антрополог, неотомис Теяр де
Шарден Пъердiң қозғалысты: геогенез, психогенез, биогенез, техногенез,
ноогенез деп бес түрге жiктеуiне сəйкес келедi. Жалпы, Теяр де Шарденнiң [18,
220], В.Вернадскийдiң «ноосфера» [19, 65] – ақыл сферасы, «ноология» –
грекшеден аударғанда рух жайындағы iлiмге сəйкес ұғымын Шəкəрiм «таза
ақыл» деп тапқан:
Рух деген дiнсiз таза ақыл,
Мiнсiздiң iсi шын мақұл [1, 231].
188
Əлемдi құдай мен табиғаттың пантеистiк тұтастықтағы өзгерiсi деп
қарастырған Гете, қозғалыс жайлы өз ойын былай деп қорытындылайды: «Бiз
тəжiрибемiзде байқайтын қандайлық реттегi болмасын барлық iс-əрекеттер үнемi
бiр-бiрiмен байланыста өрiлген. Бiз бұны былайша атауға тырысамыз: кездейсоқ,
механикалық, физикалық, химиялық, органикалық, психикалық, этикалық, дiни,
данышпандық. Бұл мəңгi – Бiрлiк, көп түрлi анықталушылық» [18, 101]. Шəкəрiм
қозғалыс мəнiн осылайша саралау мəселесiн «Тiршiлiк, жан туралы» өлеңiнде
түсiндiредi:
Қозғаған қуат – жан деймiз,
Жан өстi жаннан сан деймiз.
Сол жандар əсер берген соң
Жаралды сансыз тəн деймiз.
Жанына қарай тəн солар.
Өсiмдiк күннен алады ас,
Күн суық болса түпке қаш,
Дым тиiп, нұр кеп жылытса
Өс тағы жайнап, көңiл аш! -
Дейтұғын жанда мəн болар [1, 230].
Осы шумақтағы «дым», «нұр» арқылы жанның əлемге «жайнап, көңiл аш»
дейтұғын мəнiн сезiмдiк-заттық тұрғыдан басқа Шəкəрiм «бiлiм құдiрет
шеберлiгiнде өлшеу жоқ себеп» деп, Гете Эрос – өмiрдiң жасампаздығымен бiрге
бұл себептi «кемеңгер» деп анықтаған екен. Бұл тылсым құдiреттi ақын поэзия
тiлiнде трагедияның 1-бөлiмiндегi Фаустқа Жер Рухының берген жауабымен
бередi:
Өмiр дауылында, тұрмыс толқынында
Арпалысам, тербелем.
Өмiр-бақи бола бермек
Туу деген, өлу деген.
Өзгерген өмiр,
Құбылған көңiл.
Уақыттың ұршығын иiремiн,
189
Құдайлардың тоқимын киiмдерiн! [2, 31].
Гетенiң Фаусттың сөзiмен «Am Anfang war die Тhat» («О баста ең əуелi
болған Жұмыс!») дейтiн тармағын Г.Плеханов, М.Горькийлер марксистiк
философияның негiзiн жақтаушылар ретiнде материалистiк тұрғыдан
революциялық қозғалысқа пара-пар ұғым деп [20, 480], кеңестiк
гететанушылардың бiрi Ф.П.Федоров: «Əлемнiң, өмiрдiң негiзi əлдебiр көңiл
бiлдiру ишараты емес, iс-əрекет, процесс деп жариялады. Монологтың алғашқы
нұсқасындағы «Iс» «Аспандағы прологта» сыр боп төгiлген қозғалыспен келiсiп
тұр. «Iс» Құдайды тiршiлiктi жаратудан аластатады. Тiптi бiз бұл қорытынды
«Iс» сөзiн Құдайдың iсi деп түсiнер болсақ та, Фауст бəрiбiр евангелиелiк ойға
қарсы тұр, өйткенi ол стихиялы-материалистiк бояудағы Iс = Құдай. Негiзгi
философиялық сұрақты шеше отырып, Фауст материалистiк позицияда болмаған
күннiң өзiнде, сол бағытта əрекет етедi», – деп Гете шығармасына кеңес
идеологиясын таңып қояды [21, 35]. Осылайша, Ф.П.Федоров «Iстi» Фаусттың
таным баспалдақтарындағы творчестволық ой жұмысы ретiнде қарастырып,
Гетенiң əлемнiң жаралыс басы туралы ойын екi ұшты түсiндiредi. Гете
шығармашылығындағы қозғалыс мəселесiн бiр жақты материалистiк тұрғыдан
түсiндiруден гөрi Сөз бен Iстiң бiрлiгi ретiнде қарастырып, əдiл шешiмiн тапқан
М.И.Бент «Гете жəне романтизм («Фаусттағы» жəне Генрих Клейст
драматургиясындағы тұлға мəселесi») атты ғылыми зерттеу еңбегiнде
трагедиядағы «О баста, ең əуелi болған Жұмыс!» тармағына мынадай түсiнiктеме
бередi: «Иоанн айтқан Iзгi Хабардан келтiрiлген бұл тармақтың Гердерге тиесiлi
(ой, сөз, ерiк, махаббат) түсiнiктемесi белгiлi. Гетеде Фауст «iс» түсiнiгiне
(мынадай реттiлiк бойынша: сөз-ой-күш-iс) тоқталады. Мұнда əлi əлем жайлы
материалистiк көзқарас жоқ. Бұл жерде ағартушы деизм рухында, канттық
космогония рухында қозғалыс пен дамудың көзi ретiнде əрекет етушi ерiк
туралы сөз болып тұр» [22, 31].
Қос ақынның да шығармашылығында орын алған осы сынды ғылым, дiн,
философия жəне əдеби əмбебап көзқарасқа жауапты тек ғылыми емес
негiздерден iздеуге тура келедi. Əйгiлi теософ Е.П.Блаватская «Құпия доктрина»
кiтабында: «Адам баласының алғашқы мұрағаттарынан, планетаның бiрiншi
190
құрылысшылары пайда болғаннан бастап Құдай тек философиялық аспектiдегi
Бүкiлəлемдiк Қозғалыс ретiнде ғана мойындалды. Оккультизм Бiрлiктегi негiздi
мынадай етiп қосындылайды: «Құдай дегенiмiз құпия, тiрi немесе қозғалушы От,
жəне бұл көрiнбейтiн Бар дүниенiң мəңгi куəгерлерi – Нұр, Жылулық жəне Дым,
бұл үштiк өзiне бəрiн сиғызады жəне Табиғаттағы барлық құбылыстардың себебi
болып табылады»,- деп жазады [23, 36-37].
Гетенiң «Жұмыс» ұғымы құдайлық махаббаттың қозғалыстағы көрiнiсi,
Шəкəрiм түсiнiгiндегi адамның құдайлық қасиетiнiң бiрi – «харекет» – деп
топшылауымыз керек. Гетенiң жырлап отырған «О баста алдыменен Сөз
жаралған!» деп басталатын өлең жолдарындағы «Сөз» əрине «тiл-қатынас
құралындағы» сөз емес, Заратуштра пайғамбар негiзге алған «шапағатты ой»,
«шапағатты сөз», «шапағатты iстiң» бiрлiгi макрокосмдық үйлесiмде өмiр
сүретiнiне пара-пар екенiн түйсiнемiз. Сондықтан Мефистофель Фаустқа:
Əдетте адам сөзге ден қояды,
Ойменен, iспен ғана сен жоя бiл! [2, 47], -
деп ескертедi.
Шəкəрiм əулиелiктiң белгiсi деп «хақиқат – жардың нұрына малынып,
рахатқа батып отыру емес», жер əлемiне оймен де, сөзбен де, iспен де ұлы
өзгерiстi қоса енгiзудi айтады:
Алаяқ сұмдарға ерсең, болмас жолың,
Қазағым-ау қаңғырып қайнар сорың.
Өнер, ғылым үйренсең еңбек етiп,
Мазақ болмай елдiкке жетер қолың [1, 211].
немесе:
Еңбекке шыда, ебiн тап та,
«Сабырдың түбi – сары алтын».
Өзiмшiл болма, көптi ардақта,
Адамның бəрi – өз халқың [1, 189].
«Фаустың» 2-бөлiмiнiң аяғында қартайған Фаустың қасына түн ортасында
төрт бiрдей мұңлық əйел: Кемшiлiк, Күнə, Қамқорлық, Мұқтаждық пайда
болады. Осы төрт бiрдей кейiпкермен болған айтыста кəрi Фауст өзiнiң ақиқатқа
191
барар жолында пендешiлiгiмен алыса жүрiп, барлығын да адал еңбек арқылы
жеңуге болатынын, халық игiлiгi үшiн каналдар қазып, жүзiмдiктер
жайнатпақшы ойын былай деп түсiндiредi:
Осы өмiрге тiре аяқты нық басып
Iскер жанға келер бақыт жұптасып.
Жан-жағыңда, байқа не боп жатқанын.
Бос қиялға берiлiп қай сасқаның?
Не алсаң да қол жеткендi аларсың?
Ұмтыл алға! Орта жолда қаларсың.
Қозғалыста қайғы да бар қуаныш,
Ұмтылудан табар адам жұбаныш.
Бiр сəтке де толастамай, тоқтамай,
Шаршап талмай күнде мақсат қуамыз [2, 185].
Шəкəрiм дүниеге ең керектi iс – басқаларға жəрдем ету, адамның негiзгi
мəнi де сол екенiн Л.Толстойдан аударған «Үш сауал» деп аталатын аңыз-
əңгiмесiнде оқырманына тамаша мысалмен түсiндiредi. Əңгiмеде бiр патша
халыққа мынадай үш сауал қояды: «Қай iстi қандай уақытта iстеген жақсы?»,
«Ең керектi кiсi кiм?» жəне «Ең керектi iс не?». Патшаға халықтан нақты жауап
болмайды. Сонда патша жарлы адамша киiнiп, бiр ақылды тақуаға келiп, жаңағы
сауалдарын қайта қояды. Ағаш егiп жатқан тақуа патшаға жауап бермей,
күрекпен жерiн қаза бередi. Тақуаның шаршағанын көрген патша, күректi өзi
алып, жер қаза бастайды. Бiр кезде жұмыс iстеп жатқан бұларға бiр жаралы адам
кезiгедi. Екеуi оны тақуа тұратын үңгiрге жатқызып, патша оның жарасын таңып,
өлiмнен алып қалады. Сөйтсе, бұл адамның кезiнде патша əкесiн өлтiрiп,
дүниесiн тартып алған соң, бұл да патшаны өлтiрiп, кегiн алмақшы болып келе
жатқанда патшаның солдаттары жаралап кеткен. Ол патшаның өзiн аман алып
қалғаны үшiн кегiн ұмытып, кешiрiм сұрайды, патша да одан кешiрiм өтiнедi.
Соңынан патша тақуаға үш сауалын тағы да қойғанда, бəрiн көзiмен көрген тақуа
оған үш сауалының үшеуiне де жауап берiлгенiн былай түсiндiредi: «Егер сен
менiң шаршағанымды бiлiп, маған болыспасаң, ерте қайтар едiң де, мынау сенi
өлтiретiн едi. Сондықтан, ең жақсы мезгiлiн тауып iстеген iсiң – маған болысқан
192
кезiң. Онда саған ең керек кiсi мен болдым. Онан соңғы ең керектiгi уақыт, ең
керектi iс – мына жаралының жарасын байлап, қанын тыйған уақытың болды.
Неге десең, сен үйтiп жəрдем қылмасаң, тiрi қалса сенен кек алмай қоймайтын
едi. Сондықтан, ол кездегi ең жақсы iс-жарасын байлаған болып, ең керектi кiсi –
осы жаралы болды» [1, 478-479]. Осы аңыз арқылы ақын адам баласының ойын
тəрбиелеп, биік адамгершілікке саналы, мақсатты еңбекпен жеткізуге аса жоғары
мəн беретінін көреміз.
Осылайша, қос ақынның шығармашылығы ағартушылық пен надандықтың
күресін бейнелеп қана қоймай, сөз өнерін адамның биік мүмкіндіктеріне жол
ашатын игілікті мұрат, ақыл-ой мəдениеті мен парасаттылыққа, ойды іске
асыратын қасиетті құрал дəрежесіне көтеретін күш-қуат деп ойымызды
қорытқымыз келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |