Актуальные проблемы гуманитарных наук


Пайдаланылған əдебиеттер тiзiмi



Pdf көрінісі
бет13/16
Дата03.03.2017
өлшемі2,76 Mb.
#6102
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

Пайдаланылған əдебиеттер тiзiмi 
1. Құдайбердиев Ш. Шығармалары. Өлеңдер, дастандар, қара сөздер. Құраст. 
2. М.Жармұхамедов, С.Дəуiтов, (А.Құдайбердиев), Алматы, 1988, 560 б. 
3. Гете И.В. Фауст. Немiс тiлiнен аударған М.Құрманов, Алматы, Жазушы, 1982, 
200 б. 
4. Аникст А. «Фауст» Гете, Лит. коммент, Москва, Просвещение, 1979, 240 с. 
5.  Абай.  (Ибраһим  Құнанбаев).  Екi  томдық  шығармалар  жинағы,  Алматы, 1986, 
Т.2, 200 б. 
6. Құран Кəрiм, Мəдина, 604 б. 
7.  Киелi  Кiтап.  Таурат,  Забур  жəне  Iнжiлден  алынған  таңдамалы  жазбалар, 
Стамбул, 1993, 462 б. 
8. Құдайбердiұлы Ш. Үш анық, Алматы, 1991, 80 б. 
10. Краткая философская энциклопедия, Москва, 1994, 576 с. 
11. Абай (Ибраһим Құнанбаев). Екi томдық шығармалар жинағы, Алматы,  1986,  
Т. 1, 304 б. 
12. Сағындықов Б. Əз машайық //Қазақ əдебиетi, 2000, 14 шiлде -11б. 
13. Гете И.В. Таңдамалы лирикалар, Алматы,  1983, 240 б. 
14. Кессель Л. Гете и «западно-восточный диван», Москва, 1973, 120с. 

 
193 
15. И.В.Гете. «Фауст». Лирика, Москва, 1986, 767 с. 
16.  Брагинский  И.  Западно-восточный  синтез  в  диване  Гете  и  классическая 
поэзия на фарси, Москва, 1963, 12 с. 
17. Аветисян В. Гете и проблемы мировой литературы, Саратов, 1988, 255 с.  
Философия, Ростов на Дону, 1995, 576 с. 
18.  Конради  К.О.  Гете.  Жизнь  и  творчество.  Т.1  Половина  жизни,  Москва, 
Радуга, 1987, 592 с. 
19. Краткая философская энциклопедия, Москва, 1994, 576 с. 
Современная философия: словарь и хрестоматия, Ростов на Дону,1995,200 с. 
20. Жирмунский В. Гете в русской литературе, Ленинград, Наука, 1982, 559 с. 
21. Федоров Ф. «Фауст» Гете, Рига, 1976. 143 с. 
22.  Бент  М.  Гете  и  романтизм  (Проблема  личности  в  «Фаусте»  и  драматургии 
Генриха Клейста), Челябинск,  1986, 72 с. 
23. Блаватская Е. Тайная Доктрина. Т.1 Космогенезис, Минск, 1997, 854 с. 
 
 

 
194 
Фариза Оңғарсынова поэзиясындағы лирикалық кейіпкер бейнесі 
 
Мамиева Б. О., 
филология ғылымдарының кандидаты,  доцент 
Сейсембай Г. А., 
аға оқытушы 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 
   Қазақстан  Республикасы 
 
"Поэзия  -  өнердің  асыл  тегі"  –  дейді  Белинский    "Поэзияны  тегіне  жəне 
түріне  карай  бөлу"  атты  еңбегінде.  Ұлы  сыншы  лирикалық  поэзияға  берген 
сипаттамасында: "Лирикалық шығарма қас қаққанша ғайып болатын ақын рухы 
шабытының  жемісі.  Егер  ақынның  рухы  жаңа  шабытқа  аумай  тұрып  қағазға 
түспесе, ол қайырылмастай жоғалып кетпек... Бірақ, лирикалық шығарманы оқып 
шығу  үшін  бірнеше  минуттан  артық  уақыт  керек  болмайтын  болса,  мұндай 
шығарма шабыттың жемісі, нағыз лирикалық шығарма болады жəне біздің бүкіл 
жан-дүниемізді тебірентіп, ұзақ уакыт əсер етеді." [1,73б.] дейді. Осы пікір, осы 
ұсынысты  əдебиеттанушы  ғұлама  А.Байтұрсынов  та  қолдайды.  Əдебиеттанушы 
ғалым:    "Толғау  (лирика)  қысқа  болуы  тиіс.  Көңіл-күйінің  көбі-ақ  бір  қалыпта 
ұзақ  тұрмайды.  Көңіл  күйінен  шығатын  толғау  көңіл  табиғатына  қарай  ұзақ 
болмасқа тиіс, ұзақ болмайды да. Нағыз толғаулардың көбі-ақ 4-5 ауыз өлеңнен 
аспайды"  [2,286  б.].  Лирикаға  берілген  анықтама  мұнымен  бітпейді,  пікірлер 
тоғысы  сан  тарау  бола  тұра,  түйіні  біреу.  Лириканың  қоғамдағы,  яки  өмірдегі 
болмыс-бітімі "жансызға жан бітіретін"  құдіретімен күшті, ой мен сезімнің сөз 
өнеріндегі  бірлігінде  жарығын  шашатын  тəлімімен  текті  көрінбек.  Қазақ 
лирикасының  тарихын  зерттеуші  ғалым  Ə.Тəжібаев  "Өмір  жəне  поэзия" 
кітабында  поэзияны  сəбидің  күнəсіз  ажарына,  көрікті  қыз  жүзінің  ұялшақ, 
албырт қызғылтына, балаң жігіттің отты көзіне, ер қуатына, қарт көзінің жұмсақ 
сəулесіне, тағы сол сияқты небір əдемі теңеу сөздерді тізе келе: "поэзия – əлемді 
көрудің  қан  тамырының  соғуы,  сол  өмірдің  қаны  мен  оты,  жарығы  мен  күні" 
деген  Белинскийдің  бағалы  сөзінен  ұзағырақ  үзінді  келтіреді.  Орыс 

 
195 
ойшылдарының  бірі  Добролюбов:  "поэзияның  шынайылық  тұлғалары  үш 
нəрсемен:  парасатты  ой  (разум),  жақсылық  (добро),  сұлулықпен  (красота) 
айқындалады,  осы  үш  бастауыш  неғұрлым  толық  бірлессе,  соғұрлым  артық" 
[3,12 б.] деп лирика туралы пікірді одан əрі тереңдете түседі. 
 Лириканы  тудырушы,  яки  оны  жасаушы  ақын    міндеті    туралы  кемеңгер      
сыншы  Н.Г.Чернышевскийдің:  "Ақындар  -  жұртты  өмірдегі  қасиетті    ұғымдар  
мен  қасиетті  сезімдерге  бастаушы.  Олардың  шығармаларын  оқып  отырғанда,    
біз        барлық        сұмдық,  сұмырайлықтан  жиіркенеміз  де,  барлық  қайырым, 
сұлулықтың  ғажайыптарын    түсінеміз,      жақсылықты      сүйеміз"  [3,15  б.]  деген 
пікірі де Тəжібаев еңбегінде беріледі.  
Лирика туралы сөз болғанда  біз  отандық  ғалымдардың  əдебиеттанудағы  
келелі  нақты  ой-тұжырымдарына  сүйенеміз.  Лирика  тегін      терең  зерттеуші   
ғалым,      академик      З.Ахметов      аталмыш  тақырып  аясында:  "Лирикалық 
шығармада  негізінен  жеке  адамның  көңіл-күйі,  сезімі    суреттеледі.  Ақын  
көбінесе    өз    жайын,  өзінің  айналадағы  өмірге,  əр  түрлі  құбылыс-жағдайларға 
көзқарасын  сипаттайды.  Бірақ  ақын  өз  жайын,  өз  басының  мұңын,  өзінің 
арманын, қуаныш сезімін жыр етсе де, ол калай да халықтың тағдырын, қайғы-
мұңын,  күйзелісін,  қуаныш-шаттығын,  тілек-мақсаттарын  көрсетеді"  [4,  256  б.] 
деп  түсінік  береді.  Демек,  сөз  сырын      тексеруші,        зерттеуші        ғалымдардың    
ақынға   жəне лирикалық шығармаға берген тарихи анықтамалары аталған жанр 
төңірегінде ой-пікірдің алғашқы дəйектемесі есебінде айтыла бермек. 
Лирикалық  туындылардағы  басты  іс-əрекет  жеке  адам  қаракетіне 
құрылатыны  белгілі.  Оны  əдебиеттануда  лирикалық  кейіпкер    дейміз.   
Лирикалық  кейіпкерге байланысты пікір пайымдар тасқыны бүгінгі зерттеуде əр 
қилы  талас-тартыстар  тудыру  процесін  бастан  өткізе  келе,  ғылымда  жүйеге 
түскен, қалыпты дəстүрге ие тарихи тұжырымдар шарттылығын меңгерген əдеби 
процесс.  Автор  мен  лирикалық  кейіпкер  арақатынасының  ара  жігін  айыру 
мəселелерін  қарастырғанда  қателікке  ұрынуға  болмайды.  Бұл  туралы 
З.Ахметовтың:  "Лириканы  түсіну-пайымдауындағы  үлкен  жəне  жиі  кездесетін 
қателік - ақын өз атынан айтқанның бəрін тек өзі туралы, өз басы жайында айтып 
отыр деп қарау, ол болғанды ғана емес, болатынды да, өзіне ғана емес, өзгеге де 

 
196 
тəн көңіл-күйін сезіне, айта алатынын ескермеушілік"[ 4, 32 б.] деген пікірін еске 
аламыз. 
Лирикалық  кейіпкер  ұғымы  туралы  кең  түсінік,  лирикалық  кейіпкер 
характерінің  табиғатын  таныту  мəселелері  туралы  əдебиетші  ғалымдар 
Б.Кəрібаева,  Ə.Қоңыратбаев,  Т.Шапаев,  Қ.Мəшһүр-Жүсіпов,  Б.Кəрібозұлы 
зерттеулеріңде 
сараланған. 
Лирикалық 
"персонаж" 
терминінің 
қазақ 
əдебиеттануында лирикалық поэзияға яки өлеңге қолданудың еш сөкеттігі жоғын 
дəлелді  теориялық  талдаулармен  тұжырымдаған  филология  ғылымдарының 
докторы  Б.Кəрібозұлы:  "Реті  келгенде  айта  кетуіміз  керек,  əдебиеттануда 
лирикалык  кейіпкер  ұғымын  лирикалық  образбен  шатастыру  жиі  кездеседі. 
Біздіңше,  лирикалық  образ  лирикалық  кейіпкерден  əлдеқайда  кең  ұғым  десек, 
бұл  айтылғанның  лирикалық  "персонаждарға"  да  қатысы  бар"  [5,123  б.]  дейді. 
Демек,  "өлең  өнері  ілімінің  жетістігін  зерттеу  үшін  осындай  жалпы 
қағидалардың пайдасы бар" екенін естен шығармаған да абзал. 
"Лирикалық  кейіпкер  -  ең  алдымен  көркем  бейне"  -  дейді  ғалым-сыншы 
Т.Шапаев  -  шындықты  көркемдік  тұрғыда  тану  мен  өрнектеу  процесі, 
творчестволық  субьектінің  (яғни,  ақынның)  осы  процестегі  рухани  қызметінің 
қажыр-қозғалысы лирикалық кейіпкер бейнесінен айқын көрінеді"[6,11 б.]. 
Зерттеушілер  пікірінің  түбегейлі  табан  тірер  тұғыры  мынаған    саяды: 
лирика тегі, оның жанрлық жəне мазмұндық ерекшелігі, лирикалық кейіпкер мен 
авторлық  "меннің"  ара  жігін  айыру  мəселелері,  лирикалық  тұлға  проблемасы, 
лирикалық "персонаж" бейнесі əлі де зерттелу үстінде екендігін аңғартады. Дей 
тұрсақта, қалыпқа түскен, жүйеленген ой-пікір мен дəлелді дəйектемелер тоғысы 
лириканың 
ғылымдағы 
зерттелу 
əдіс-тəсілінің 
қаншалықты 
жетіліп, 
дамығандығына да өркенді өлшем бола алса керек. 
Лирикалық  кейіпкер  бітімінен  қоғамдық  өмірдің  көрінісі,  заман  ағымы 
оның  толғанысы  арқылы  көрінетіні  белгілі.  Өлеңдегі  өміршең  бейне  ылғи 
алдыңғы саптан табылып, халық атынан сыр ағытып, ой тоғытса - онда туыңды 
авторының  да  азаматтық  өресі,  кісілік  келбеті  жарқ  етіп  көрініп  қалады. 
Лирикалық  шығармадағы  кейіпкерлер  əлемінің  əр  қилы  қимыл-əрекетінен 
"сезімнің  отты  нəзіктігі"  (З.Ахметов)  сезіліп  тұруы  керек.  Жалқының  образдық 

 
197 
рөлі  бірте-бірте  жекелеген  туындыдан  тарала,  тұтаса  келе  жалпыға  айналуы  - 
лирикалық  қаһарманды  дүниеге  алып  келеді.  Типтік  бейне  сипаты  эпикалық 
шығармалардың  өрісін  еншілесе  де,  лирикада  қас-қағымдық  қуат-күшімен-ақ 
оқырманның  көзайымына  айналатын  көркем  образ  бүгінгі  поэзияда  бар. 
Ақындық  "меннің"  ауылынан  жырақта  жатқан  типтік  образ  табиғаты  негізінен 
лирикалық  қаһарманға  жақын  тұлға  болар  сірə  да.  Мəселен,  ақын-лирик 
Ф.Оңғарсынова  өлеңдеріндегі  көпке  таныс,  ешкімге  бас  имейтін  өзіндік  дара 
мінезі  бар,  көбіне  қатал  характерімен  оқырман  есінде  қалған  əйел  кейіпкерді 
автордың ондаған, жиырмалаған туындыларынан жиі кездестіреміз. Арнайы аты 
аталып, түсі түстелмесе де ол бізге бір табан жақын, белгілі іс-ерекет (айтар ойы, 
пікірі,идеялық мұраты т.с.с.) дағдысымен оқырман миының бір кыртысында ұзақ 
сақталады  да,  кез-келген  таныс  əуезді  өлең-жырда  атой  салып,  қызу  өмірге 
араласа кетеді. Сонда бұл не? Лирикалық қаһарман ба, не лирикалық тұлға ма, не 
лирикалық,  "персонаж"  əлде  басқа  ма?  Күрмеуі  киын  күрделі  сұрақтың  толық 
жауабын ақын шығармаларының шырайына үңілу арқылы таба аламыз [7, 113 б.] 
Фариза  Оңғарсынова  лирикасы  –  өзіндік  сыр-сипатқа  ие,  тұрақты 
оқырманы  бар,  іздеушісі  мен  сұраушысы  бар,  өлең-жырдың  жетік  дəстүрін  өн 
бойына  жиған  байсалды  поэзия.  Ақынның  лирикалық  кейіпкерлері  –  жалпы 
қазаққа  (оқырманға)  жақсы  таныс,  күнделікті  өмір  тіршілігінің  өтінде  жүрген 
əйел заты, аналар. Саналы ғұмыры, өнегелі өмірі өлеңге айналған ақын-лириктің   
жыр-сандығынан      ақтарылар      маржан      ойлары  образдылық  тудыруда  орасан 
мол  байлыққа  ие.  Ойлы  оқырманның  көңіл  төрінен  өзіндік  стилімен  төл 
табиғатымызға  тəн  мінез-құлық  (сыршылдық,  мұңшылдық,  нəзіктік  пен 
қайсарлық т.б.) əдебінің ажарын айқара ашып таныту – ақын поэзиясының нұрлы 
шамшырағы  десе  де  болғандай.  Күллі  жұрттың  көкейіндегі  келелі  мəселелерді 
лирикалық  образдың  өн  бойына  жинақтап,  өлең-жырдың  жасампаздық 
құдіретіне  əлеуметтік  маңыз  беру  де  ақындық  мұраттың  басты  шарты  болса 
керек.  Фариза  лирикасына  тəн  тағылымдық  процестердің    параметрлік  шешімі 
өлең  өлкесінің  нақ  төрінен  құтты  мекенін  тапқан  тереңдік  пен  биіктік  атты 
бірліктің қосындысын құрайды. Тереңдік пен биіктік ұғымдарының асқар таудай 
асылы - ақыл мен парасат парқымен бағаланатынын ескерсек, ақын мұрасының 

 
198 
каншалықты  жəне  қандайлықты  қасиетке  ие  болғандығына  көз  жүгірткеннің 
артықтығы жоқ. Көз жүгіртіп қою аз, нақтысы ақынның қаламгерлік, суреткерлік 
болмысы мен бітіміне барынша тереңдеп бару арқылы барлау жасауға болады. 
Сезімді  селт  еткізер,  жүректен  шыққан  жырдың  балын  тамызар  ақын 
поэзиясының пернесі таза да тың лиризмге лайықталған. Өмірдің өзін өлең деп 
бағалаған  ақынның  өлең-сөзге  жүгінуі  де  автор  этикасын  əйгілеп  түр.  Фариза 
лирикасындағы  шалқар  шабыт  ақынның  сөз  өнерін  құрметтеу,оған  табыну 
құдіретінен  көрік  алады.  Нағыз  ақынға  тəн  кредо  -  жыр  бұлағын  аялап  сүюден 
нəр алып, одан арғы биіктерге қол созады. Ақын түсінігінде поэзия патшалығы 
адамзат дамуы мен жеке адам психологиясына қызмет етер ерекше дүние. 
Өлеңнің  өлшеуіші  де,  оны  тартар  таразы  да  басқалардың  бақыты  үшін, 
туралай  айтқанда  адамзаттың  ар-ожданын  қызғыштай  қориды  жəне  қауымға 
қызмет  қылуды  мақсат  еткен.  Ақын  жаны  соны  түсіндіреді.  Өзгенің  күлкісі, 
шаттық  қуанышына  бола  күресу,  өмір-өлеңді  соған  арнау  дегеніміз  -  гуманист 
суреткерге  лайық  ғибратты,  келіскен  бір  іс  емес  пе!  Лирикалық  қаһарманның 
ішкі  жан  дүниесі,  сезім  толқыны,  көңіл  күйі  өнерге  барып  қонақтаған.  Өмір 
өткелі қиында ұзақ жол. Теп-тегіс тақтадай даңғыл жатқан ештеңе жоқ. Күрмеуі 
қысқа  жіптей  келте  ғұмырда  тірі  жанның  көрер  қызығы,  көтерер  тауқыметі  аз 
болмайды.    Біреуге  бал,  біреуге  мұз  жалатқан  өмір  соқпақтарының  ащы-тұщы 
дəмін  байқап  көруге  де  тура  келеді.  Күнгейі  көңілді,  көлеңкесі  жабырқау 
шақтарда ақын "мені" өлең жырдан жұбаныш табады. 
Біреудің пасықтығынан, 
біреудің жасып мұңынан 
жүрегім сыздаған кезде, 
жаным мұздаған кезде 
мен сені саялаймын [8,5].  Эмоция – лирик ақынға тəн шабыт 
құбылысы. 
Оқырманын  ойға  жетелер  "Өлеңмен"  өзектес,  оралымы  ортақтас  өлеңнің 
бірі  -  "Ақын".  Көлемі  кішігірім,  əйтсе  де  келісті  кемерлі  аталмыш  өлеңде 
ақынның  азаматтық  ажары  айқындала  түседі.  Айталық,  "халқының 
махаббатымен  түлер"  ақынға    тұғыр  болар  тірегі  -  елі  ғана.  Оқушы  түсінігінде 

 
199 
ақын  жай  ғана  өлең  шығарушы  болмаса  керек.  Ол  -  "нəзік  жүректі  самалдан 
тоңар  гүл"  тəрізді  бола  тұрса  да,  "қияметтерге  қарсы  ағар  бал  шабыт"  иесі. 
Семсер сөздің сүңгісінен мұз еріткен ақын идеясы игілікті іске құлаш ұрады: 
Сұлулық пенен пəктіктен 
Рахат күткен, бақ күткен 
шығып кеткенше актық дем 
арпалысып өтер қасқайып 
күңкілмен,  бұқпа  сақтықпен  [9,  7  б.]  Ақ  сөйлеген  лирикалық 
кейіпкердің  туған  жері  мен  еліне  деген  махаббатында  шек  жоқ.  Өсіп  -  өнген 
Отанының ана тілі мен салт дəстүрін, тарихы мен мəдениетін, ел еркесі- ерлерін 
құрметтейді,  қастер  тұтады.  Ақын  елдің  ардағы  атты  тəлімді  осы  "Ақын" 
өлеңінен  тап  басып  танимыз  да  терең  түсінеміз.  Тақырыбы  жағынан  төркіндес 
жоғарыда талданған екі өлеңнің өміршеңдік сипатын ақын кредосының критерий 
сынды алуымыздың да өзіндік мəні бар. Өлең жəне ақын немесе басқалай алып 
қараңыз, бірінсіз бірі толық мəнге ие бола алмайтын деректі зат есімдер. Айтулы 
екі  ұғымның  қамқоршысы  халық  болмай  кім  болады?  Сол  себепті  шығар, 
ақынның көпшілікке  айтар  кісілікті  сөзінде үлкен  мəн-мағына  ,  ұтымды ұшқыр 
ой бар: 
       Ақынның  алғашқы  кезеңіндегі  жырларында  жеке  бастың  көңіл-күй,  сезім 
сергелдендері  лирикалық  кейіпкердің  ашық  монологымен,  еркін  сөзбен 
өрнектеліп,  əрі  бұл  ретте,  кейіпкердің,  ең  алды¬мен,  өз  позициясы  алдындағы 
планда  тұрса,  кейінгі  жыр-циклдарында  өмір-болмысты  əрқилы  қырынан 
танитын  лирикалық  кейіпкер  арын-оттылығын  жоғалтпай,  бірте-бірте  сабыр-
парасатқа  орын  береді;  өлшемді  өлшем,  жазықтық  өлшем  шеңберінен  шығып, 
ақынның махаббат, достық тақырыбындағы жырларының өзінде де таза жекелік 
сипаттан  –  жалпылық  таным  деңгейіне  көтеріліп,  өткенді,  бүгінді,  болашақты 
зерделеуі тереңдей түседі. 
Қазақ  поэзиясында  əйелдер  əлемінің  толық  жыр  кітабын  жазған  ақын  – 
Фариза  Оңғарсынова.  Ол  өз  шығармашылығында  əйел  тағдырын,  жан  дүниесін 
терең,  жүйелі  суреттейді.  Оның  лирикалық  кейіпкерлерінің  адамгершілік 
тұрғыдан  қалыптасуы,  рухани  өсуі  анық  байқалатын  жырларында  əйел  атты 

 
200 
күрделі  планетаның  жүрек  соғысы,  сезім  бұрқаныстары,  ой  ағыны  жан-жақты 
зерделенеді. Əдебиетші ғалымдар мен сыншылардың бірқатары да Оңғарсынова 
шығармашылығының  бұл  қырына  тоқталмай  кетпейді.  Мысалы,  филология 
ғылымының  докторы  Рымғали  Нұрғалиев  «Сезімін  бүркемелеп,  шымылдықтың 
ар  жағында  ұстаған  «жіңішке»  жолды  қыздарымыздың  бүгінгі  сезім  əлеміндегі 
байлық,  рухани  терең  толғаныс,  сұлулық,  əсемдік,  келісім  мұраттары, 
адамгершілік  нысана  биіктігін»  таныса;  сыншы  Сайлаубек  Жұмабеков  «əйел 
жаны,  ақын  əйел  болмысы  баршама  қарама-қайшылығымен,  күйініш-
сүйінішімен,  мұрат-мүддесімен  бүкіл  творчество  бойында  жүйелі  түрде  көрініс 
табуы сирек» [10, 256 б.]  деп көрсетеді. 
Ақын  «Шілде»  атты  таңдамалы  жыр  жинағының  алғысөзінде:  «өз 
жырларымда əйел жанының сан күйін мүмкіндігінше жеткізгім келеді... олардын 
тағдыры, жан дүниесі, күлкісі мен көз жасы – өлеңдерімнің арқауы» деген еді.  
Лирикалық  қаһарман  негізінен  ақынның  өз  болмысынан  туындайды.  Ал 
ақын  таланты  неғұрлым  қуатты  болса,  соғұрлым  диапазоны  кең,  лирикалық 
қаһарманның рухани өмірі, жан дүниесі күрделі де бай болып келеді.  
Осынша сезімдер əлемін бірінші жақтан сөйлейтін ақындық «менге» əркім 
өз əлінше сыйғызады, ол - əлгі айтқан Құдай мен сана арасындағы қашықтыққа 
қатысты  шаруа.  Ақын  құдіретінің  қажет  тұсы  да,  мейлінше  көрінері  де  осы. 
Аңғал  оқырман  Сара  немесе  Махамбет  осылай  деген  екен  деп  түсінсе  мейлі, 
Фариза  сомдаған  идеалдың  бəрі  бір  ғана  соның  поэтикалық  «мені»  болып, 
Фариза  ғана  болып  асқақтайды,  адасуы  мен  өкініші  көп  адам  -  пендені  биікке, 
нағыз  адамға  тəн  асқақтыққа,  тазалыққа,  ар  мен  намысқа  шақырады,  көзқарас 
пен  сенім  түйіндерін  батыл  да  айқын  мінезбен  шешіп  береді.  Əйгілі  «Əйелдің 
монологында»: 
… Бірақ өзің айныдың, 
Ұмыттың да жастықтың жұмақ күнін, 
Сен мысқылдап, мен - болсам жылап тұрдым. 
Өмір атты бұрқанған дарияға 
Бұрымымнан ұстап ап лақтырдың… 
Сенің от құшағыңда 

 
201 
Ардан аттап, қалдырды пəктігімді 
Лəззатқа батырған ақ түнімді. 
Айырдым мен аяусыз енді кимес 
ақ көйлекті тігілген сəтті күнгі… 
Мен кінəлі емеспін ар алдында 
Құдайың да кешеді тап мұнымды! [11,123 б.] 
— деп келетін жолдар алмас қанжардай аяусыз айтылады. 
Фариза сомдаған Майраның бір монологында: 
… тағдыр ғұмыр кештірмей малша маған, 
Кемтар етпей, кенде етпей ар-санадан 
Өмір бітті. 
Мен кешкен сəттің бірін 
Сезіне алмай өтеді қаншама адам[11,129]?! — 
деген жолдар бар. Осы асқақ идеал мен адам қызығарлық тағдыр Фаризаға 
о  бастан  өмірлік  мұрат  болса,  енді  Фаризаның  өзі,  өз  əлемі,  ақындық  тағдыры 
кейінгі саналы ұл-қызға, күні ертеңгі қазақ халқына идеал болып отыр. 
 «Кеңестік  қоғамнан  күні  кеше  шығып,  əлі  ес  жиып,  етек  жауып 
үлгермеген  сəби  мінез  халқымызға  ұлттық  идеология  іздеп  жатқан  мына 
алмағайып  заманда  қазіргі  жас-кəрінің  бəріне  қажет  мұраның  бірі,  бірегейі  —  
Фаризаның поэтикалық əлемі, ол сомдаған ұлттық лирикалық кейіпкердің асқақ, 
қайсар,  намысты,  текті  бейнесі»  [12,  25б.]  –  деп  ақын  шығармашылығын  биік  
бағалайды  сын пікір айтушы Құрманғали Қуанышбай. 
Осы орайда неміс философы Ф.Ницшенің: «Лириктің образдары ақынның 
өзінен  басқа  ешкім  де  емес,  бұл  тек  оның  əрқилы  формада  объективтенген 
тұрпаты» - деген пікірі ойға оралады.  
Ф.Оңғарсынова  поэзиясының  ерекшеліктерін  танытуға  арналған  «Менде 
бір тебіреніс бар» атты мақаласында Б.Асылжанов былай дейді: «Ақын жырында 
əйел  бейнесінің    көңіл-күйі  əлем  тапырық  сезім  болып  айтылады,  тек  жай  ғана 
айтылу  емес,  қазіргі  замана  талабының  биік  өресіне  лайықтап  айту  –  Фариза 
туындыларының    бір  қыры»  [13,  141]  .  Шынында  да,  ақынның  лирикалық 

 
202 
кейіпкер - əйелдерін үнемі бір кейіпте көру мүмкін емес, жəне олар өз басының 
тыныштығын ғана ойлап, бір сарынды өмірді ұнататын бейғам жандар емес. 
Əдебиет атты əлемде бір суреткердің қызыға, қызықтыра жырлайтын өзіне 
етене  жақын  тақырыбы  болатыны  белгілі.  Сол  арқылы  оның  авторлық  идеясы, 
дербес 
көзқарасы 
аңғарылып 
жатады. 
Ф.Оңғарсынованың 
шығармашылығындағы  басты  тақырыптардың  бірі  -  əйел  тағдыры,  əйел  жолы. 
Əйел тəкəппарлығының, əйел жанының азаттығын өз халқының өткен тарихынан 
іздестіру – Фариза поэзиясының өзгешеліктерінің бірі. Ақын шығармашылығына 
тəн  осы  ерекшелікті  анық  байқаған  зерттеуші  З.Мүтеев:                                      «Ф. 
Оңғарсынова  лирикасындағы  өзгешелік  сол  –  ондағы  əйелдер  образы  типтік 
дəрежеге дейін көтерілген бейне саналады. ...Суреткердің қаламынан туған əйел 
тағдыры,  оның  өмір  түйіткілдерінен  сыр  тартқан  сан  қилы  поэтикалық 
дүниелердің ауқымы да қомақты» [14,175] - дейді. Қазақ əйелінің қайсар мінезі, 
олардың бір-біріне ұқсамайтын өзіндік болмыс-бітімі ақын шығармашылығында 
да бөлекше сипат табады. 
 
Пайдаланылған əдебиеттер 
1. Белинский В. Шығармалары. //Алматы: Жазушы,1987. - 44 б. 
2. Байтұрсынов А. Əдебиет танытқыш. //Алматы. Жазушы, 1989. -197б 
3. Тəжібаев Ə. Өмір жəне поэзия. //Алматы. ҚМБ, 1960. -345б 
4. Ахметов З. Абайдың ақындық əлемі. //Алматы. Ана тілі, 1995. -198б 
5. Кəрібозұлы Б. Əдебиет зертеулер,мақалалар. // Алматы; Арыс, 2005. - 200 б. 
6. Шапаев Т. Ой түбінде жатқан сөз. Алматы. Жазушы, 1989. - 151б 
7. Мүтиев, З. Ф.Оңғарсынова лирикасы:оқу құралы. // Орал, 2002. - 188 б. 
8. Оңғарсынова Ф. Дауа: өлендер. Алматы: Атамұра, 2002. - 287 б.  
9. Оңғарсынова Ф. Мен саған ғашық емес ем...Өлеңдер.//Алматы: Жазушы, 2009. 
– 248 б. 
10.  Нұрғалиев  Р.  Сөз  өнерінің  эстетикасы.  2  том.  //Астана:  "Фолиант"  баспасы, 
2005. - 470 б. 
11. Оңғарсынова Ф. Таңдамалы шығармалары. ІІІ том. //Астана, 2004 - 329б 
12. Құрманғали Қ. Жыр жұлдызы. // Ана тілі., 24-30  желтоқсан.  2009 – 8б. 

 
203 
13. Асылжанов Б."Менде бір тебіреніс бар": [Ақын Ф.Оңғарсынованың жырлары 
хақында] // Жалын  - 1982. № 2 ,  141-146 б. 
14.  Мүтитегі  З.  Тақырып  пен  идея:  [ақын  Ф.  Оңғарсынованың  лирикасы 
хақында] // Ұлт тағылымы - 2003. - № 2, 176 -180 б. 
 
 
 
 

 
204 
Технологические составляющие рефлексивной культуры учителя 
 
Утегенова Б. М., 
кандидат педагогических наук, доцент, 
заведующая кафедрой педагогики 
 Костанайского государственного педагогического института 
 Ахметов Т. А., 
кандидат педагогических наук, профессор 
Костанайского государственного педагогического института 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет