Литература
1. Фрешли М. (2014) А. Тарковский в аспекте "культурных сетей". In. Проблемы
межкультурной коммуникации в современном обществе. Астана. рр. 59-66.
2. Фрешли М. (2013) Межкультурные аспекты образования. Кросскультурное и
полиязычное oбразование в современном мире. Костанай. pp. 24-29.
3. Ипполитова Н.А. Русский язык и культура речи в вопросах и ответах. Учебник
для вузов.- М.: Проспект, 2006. - 344с.
4. Апресян Ю.Д. Избранные труды в 2-х томах.- М.: Школа ''Языки русской
культуры'', 1995. - С.145-147.
5. А. П. Чехов. Русская проза, малые формы. Литература 1886 года, - 247 с.
6. Том 7. Мать. Рассказы, очерки 1906-1907. Собрание сочинений в тридцати
томах Москва, Государственное издательство художественной литературы, 1949,
- с .235
7. Куприн А.И. Повести. Рассказы. – М.: Дрофа: Вече, 2002, - 352 с.
50
Төл сөздің диалог түрлеріндегі көрінісі
Безаубекова А. Д.,
филология ғылымдарының кандидаты
Ерманова С. Б.,
аға оқытушы
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қостанай қаласы
Төл сөздің əдебиетте өте жиі қолданылатын өскелең саласы есебінде диалог
– адамның ой-өрісі мен байыпты əрі шапшаң тіл қатынысының көрінісі. Ал
сөздің ұшқыр болуы сөйлеуші жақтың сөз байлығына тəуелді болып келеді.
Диалог қарым-қатынастың ең басты бір түрі болғандықтан, оның ішінде
жауаптасудың, қалыптасқан тілдік лексика-грамматикалық дағдыларын
жетілдіре отырып, қарым-қатынас психологиясын айқындайтын, сонымен бірге
сөйлеуші мен тыңдаушы жақтың арасында əр сөз қатынасы қандай дəрежеде
өткенін көрсететін тіл қатынасының айрықша түрі.
Зерттеушілер формасына, мағынасына қарай диалогті əр түрге бөліп
қарастырады.
Б.Хасанұлы «Язык – средство общения или коммуникации» деген
мақаласында коммуникативтік қатынас пен тілдік қатынас құралының өзара
алмасу қызметінің аражігін ажыратып көрсетеді. Диалог пен монологті оған
қатысушылардың санына қарай ажыратуға болады: бір адам сөйлесе – монолог,
екі не одан да көп адам сөйлесе – диалог. Ал қатынас (коммуникация) тілдік
қатынастан (общение) айырмашылығы жауап алуда болжауды, егер ол болмаса
көбінесе ақпараттық сұранысқа жауап табылу болып табылады [1, 86 б.].
Коммуникативтік акт коммуникация теориясының базалық түсінігі ретінде
көрініс табады. Коммуникация жалпы қарым-қатынас, хабарласу, байланыс
деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу
процесін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты көрсетеді.
Тілдік коммуникациядағы ең негізгі үдеріс – сөйлеу, сөйлесу арқылы
қарым-қатынасқа түсу.
51
Қандай жағдайда болмасын, сөйлеу адамның өзінің алдына қойған
мақсатына жету үшін қызмет етеді. Сөйлеусіз, сөзсіз адамдар арасында қарым-
қатынас болмайды. Сөйлеу үш түрлі коммуникативтік бағытта жүзеге асады.
Алдымен, сөйлеуші, одан соң тыңдаушы, ал үшіншісі – сөйлеу жағдаяты мен
орны. Сөйлеу кезінде əр саланың мамандары арасындағы сөйлеу əр түрлі
болады. Мысалы, бір саладағы (филолог- филологпен, химик- химикпен т.б.)
мамандар арасындағы тілдік коммуникация өз саласы жөнінде сөйлесіп, өз ойы
мен пікірін айтқанда, байланысқа түседі де, екі түрлі сала мамандары арасында
байланыс болмайды. Мыс: филолог – химикпен өз саласы жөнінде сөйлескенде,
тілдік коммуникация тоқталады. Өйткені əр сала мамандарының өз термині мен
сөйлеу жүйесіндегі ұстанымдары бар. Күнделікті тұрмыстық қарым-қатынастар
(отбасы, тұрмысы, жағдайы) жайында ғана, тілдік коммуникация толық
байланысқа түсе алады. Демек, адамның дұрыс жауап беруі оның сөздік қорына
байланысты. Адам баласы кей кездері айтар сөзінен тосылып, кейіннен «Туу, сол
кезде солай деп айтуым керек еді, сөзден тосылып қалғаным- ай» деп өз мінін
мойындап жататын сəттері де кездесіп отырады. Мұндайда айтылған сөздер
кезінде айтылмаса, кейіннен келіп «Кеше сен солай деп айтып едің ғой, онын
жауабын енді айтам» - дегені келіспейді. Яғни сөйлеу коммуникациясы белгілі
Сөйлесу коммуникациясы
хабар тарату
сөйлеу
тыңдау
қабылдау
түсіну
жауап беру, қарым-қатынас (диалог)
52
бір уақытқа бағынады. Осы орайда айтар болсақ, қарым – қатынасқа түсетін
адамдардың сөз қолданысында əрқайсысының өзіне тəн ерекшеліктері
байқалады. Əр адамның өзіне тəн дауысы, мəнері, сөйлеу əрекеті болады
(мысалы, кей адам жай, ал кейбіреуі тез сөйлеуі мүмкін). Сөйлеу стилі мен
сөйлеу ерекшеліктері де қоршаған ортасына байланысты бейімделіп
қалыптасады. Демек, прагматика мен тілдік коммуникация, интонация мен
сөйлеу мəдениеті бір-бірімен тығыз байланыста болады. Демек, сөйлеген сөздің
əсерлі, құлаққа жағымды, көңілге қонымды болуы, сөздің əсерлі- əсерсіздігі
адамның көңіл –күйіне байланысты болады. Яғни сөйлеу мəдениеті адамдар
арасындағы тілдік коммуникация арқылы қалыптасып, адам сезімімен, ой-
санасымен астасып жатады.
Ғалым Н.Уəли коммуникация теориясында коммуникация тек вербалды
кезеңнен ғана емес, коммуникацияға дейінгі кезеңнен, коммуникациядан кейінгі
кезеңнен тұратынын, бұлардың ішінде вербалды кезең формалды тілдік
құрылымға, ал коммуникацияға дейінгі жəне кейінгі кезеңдер тілдік емес
құрылымдар екеніне көңіл бөлу қажеттігін алға тарта отырып: «... сөздің
коммуникативтік сапасы сөз актісінің аяқталған нəтижесіне қатысы болуға тиіс.
Мұндай талап тілдік фактіні тек сөздің құрылымының құрамында қарау
жеткіліксіз екенін көрсетеді. Сөз айтылғанға (жазылғанға) дейін де, яғни
вербалданғанға дейін адресант-автордың «айтсам», «жазсам» деген діттемі, «нені
айтсам» (жазсам), «қалай айтсам» (жазсам), «кімге айтсам» (жазсам) деген
мақсаты, қызығушылығы болады. Алдымен, сөйлеушінің/жазушының санасында
болашақ сөздің ішкі нобайы жасалады», – деп көрсетеді [2,10 б.].
Ғалымның пікірін толық қуаттай отырып, автордың қолданысындағы
«сөз» дегеннің мəні лексема сөзден əлдеқайда кең сөйлем, сөйлеу, пікір деп
қабылдаймыз. Өйткені қазақ «сөз сөйледі», «сөзіне қарап ісін біл» дегенде,
жекеленген лексеманы алып тұрған жоқ, жоғарыда айтқанымыздай, мұнда
коммуникативтік бірлікті меңзеп тұр. Адам санасында пішіні жасалған
коммуникативтік бірліктің вербалды кезеңіндегі тілдік құрылымның тек қана
сөйлеуші (автор, коммуникатор, адресант, сөз субъектісі) позициясы тұрғысынан
ғана емес, тыңдаушы (адресат, коммуникант, реципиент) тұрғысынан
53
қарастырылуы керек.
Əдетте, адресант өзінің сөзін көздеген коммуникативтік мақсатына,
діттеміне, сөз стратегиясына, тыңдаушымен өзара ықпалдастық тактикасына,
қарым-қатынас ситуациясына, уақиғаның барысына қарай құрады. Сөйлеушінің
алдына қойған мақсатына жетуі, оның коммуникативтік діттемін тыңдаушының
зерделеуі (интерпретациялауы) тілдесудің ойдағыдай өтуінің негізгі белгісі
болып саналады. Коммуникацияға қатысушылардың өзара ықпалдастығы,
коммуникативтік құзіретті қалыптастыра білу сөз актісіндегі ерекше маңызды
жайт болып табылады.
Ғалым Ф.Оразбаева коммуникативтік акт ұғымымен тікелей байланысты
сөйлесім ұғымына төмендегідей түсінік береді: Сөйлесімнің тағы бір
ерекшелігі: оның қатысымдық мəніне келетін болсақ, бұл көптеген
лингвистердің назар аударып жүрген мəселесі.
Қатысымдық дегеннің өзі қарым-қатынас деген ұғымды білдіретіндіктен,
сол қарым-қатынас, біріншіден, кем дегенде екі қатысушы не одан да көп іске
асырушылар болған жағдайда ғана болады.
Екіншіден, сөйлесім құбылысы жүзеге асу үшін кем дегенде, екі адамның
не одан да көп сөйлеушінің қатысы қажет. Демек, бұл екі ұғымның қатысымдық
пен сөйлесім орындалу белгілері бірдей. Қатысым да, сөйлесім де іске асуы
жағынан ұқсас процестер. Осыдан сөйлесімнің қатысымдық мəні шығады.
Қатысымдық байланыс бар жерде сөйлесім арқылы қарым-қатынас бар.
Тілдік қатынастың қай түрі болсын сөйлесімнің кез келген түрін іске қосады.
Сонымен, сөйлесімді жүзеге асыратын – тіл де, оның іске асуына жағдай
жасайтын – қарым-қатынас. Тіл мен сөйлесім бір ортақ жүйенің екі бүтін құрамы
болса, қарым-қатынас, яғни қатысым - олардың шарты [3, 260 б.].
Сонымен, сөйлесім дегеніміз – тіл арқылы дыбысталып айтылатын,
ойды жарыққа шығаратын, қатысымдық мəні бар, əрі əлеуметтік, əрі дара
құбылыс.
Тіл біліміндегі зерттеулерге сүйене отырып, қарам-қатынастың əрбір
актісінде оның бірнеше элементтерін көрсетуге болады:
1)
Адресант – хабарды беруші тұлға (қарым-қатынас субъектісі)
54
2)
Адресат – хабар бағытталған тұлға. Ұйымдарда қарым-қатынас
дереккөзі мен адресаты ретінде өздерінің мақсаты, білімі жəне идеялары бар
ұйым қызметкерлері болып табылады.
3)
Хабар – коммуникативтік акт мазмұны түрінде көрінеді.
4)
Хабар ретінде мақсаты мен идеялары көрсетілген код нысаны да
болады. Кодтың ішінде табиғи тіл құралдары (вербалды құралдар),
математикалық символ, диаграмма, қимылдар болуы мүмкін.
5)
Мақсаты – хабардың неге, не үшін жіберілуі.
6)
Байланыс каналы (желісі) – адресант пен адресатты байланысуын
қамтамасыз ететін орта. Байланыс ретінде дауыс, мəтін, эфир арқылы байланыс,
желілік байланыс болады. Нəтижесі – қарым-қатынас арқылы бір нəрсеге жетуі.
Коммуникативтік процесті ғалымдар бес кезеңге бөліп қарастырады :
Бірінші кезең – ақпарат алмасудың басталы, мұнда адресант қандай идеяны,
қандай формада, не мақсатпен беріп жəне қандай жауап күтетінін көрсету керек.
Екінші кезең – адресанттың таңбалар жиынтығын жүйелеу арқылы идеясын
беруі немесе оны кодтау деп те атайды. Кодтау адресатқа берілетін идея мен
мақсаттардын белгілі бір формаға түсуін қамтамасыз етеді.
Үшінші кезең – ақпаратты таңдау жəне белгілі бір байланыс каналы арқылы
жіберу: дауыс, ымдау (мимика), мəтін, байланыстың электронды құралдары
(компьютер желісі, электронды пошта), т.б. мұндайда қолданылатын каналға
қарай адресанттың мақсаты сигнал түрінде көрсетіледі.
Төртінші кезең – қабылдау (кодсыз). Адресат вербалды (ауызша) жəне
вербалды емес сигнал мен таңбаларды өзінің ойына «енгізеді». Адресанттың
мақсаты неғұрлым толық жетсе, қарым – қатынастыңда нəтижелі болғаны
дегенді білдіреді.
Бесінші кезең – кері байланыс немесе адресанттың алынған ақпаратқа деген
əсерін бағалау кезеңі. Процесс үстінде жіберілетін ақпараттың мəнін өзгертуші
кедергілер де болуы мүмкін. Кері байланыс адресантқа адресаттың реакциясын
белгілеуге, сигналды алуы, оны түсінуі мен қарым-қатынастың мақсатына
жетілуін қамтамассыз етуге мүмкіндік береді.
Қарым-қатынастың мақсаттарына да көңіл бөлген жөн. Қарым-қатынастың
55
əрбір актісіне мақсат қойылады. Ол адресатқа бір нəрсе жайлы хабарлау, оның
бір нəрсеге деген қатысын көрсету, одан қолдау күту немесе оған қалай да болса
əсер ету түрінде келеді. Онда бірнеше мақсат көзделуі мүмкін.
Адресант жіберген хабардың нəтижелілігін қарым-қатынастың мақсатына
қандай дəрежеде жеткізілгені бойынша бағалауға болады. Сəтті қарым-қатынас
жасаудың алғы шарты – адресаттың хабарға көңіл бөліп қабылдауы. Хабарға
көңіл бөлініп, түсінікпен қабылданған жағдайда ғана қарым-қатынас жасалды
деп есептеледі.
Мысалы:
–
Ей, балалар, не шаруамен жүрсіңдер? – деп жөн сұрады.
Жай –жағдайымызды айтып түсіндірдік.
–
Кімнің баласысың, қарағым? – деп, енді əлгі адам Шыңғысқа бұрылды.
–
Төрекұл Айтматовтың, - деуі мұң екен, қара мұртты жігіт:
–
Алда, айналайын-ай, алтынның сынығы екенсің ғой, - деп көзіне жас
алып, Шыңғысты бауырына басып бетінен сүйді (Ш. Айтматов).
Бұл мысалда коммуникацияға түсуші адресат та, адресант та ынталы.
Жіберілген
хабар-сұраққа
қайтарылған
хабар-жауап
діттеген
жерден
шыққандықтан, коммуникация сəтті жүрген.
Ал
төмендегі актіде
бұған
керісінше
адресаттың
құлықсыздығы
коммуникативтік актінің сəтті жүруіне кедергі келтіріп тұр:
–
Не болды?
–
Не боп қалды? – дедік.
–
Ештеңе болған жоқ! – деді Зейнолла сабыр сақтағансып. Бірақ өзі тісін
шықырлатып, екі қолын уқалай берді.
–
Кім өзі?
–
Таныс адам ба? – десек үндемейді (Қ. Мырза Əли).
Коммуникативтік акт коммуникация теориясының базалық түсінігі ретінде
көрініс табады. Якобсонның айтуы бойынша, коммуникативтік актінің негізгі
56
компоненттері ретінде референция, адресант, хабар, адресант, контакт, код
болып табылады.
Референция ( лат. referre – хабарлау, баяндау, атау, қатынасу) – хабардың
мазмұны дегенді білдіреді. Референцияны іске асыру, яғни, белгілі ақпараттау
хабарлау тілдің коммуникативтік қызметі болып саналады. Бұл – тілдің негізгі
қызыметі жəне көптеген коммуникативтік актілердің қызметі. Референциямен
тілдің екінші – танымдық қызметі де байланысты.
Адресант
(хабарды
жіберуші) жəне адресатпен (хабарды алушы)
регулятивтік, бұйыру-шақыру, экспрессивтік немесе эмотивті сияқты қызметтер
байланысты. Коммуникация кезіндегі кодтау – коммуникативтік акт кезінде
қолданылатын бір тіл немесе соның нұсқаларының бірі (диалект, сленг, стиль).
Сөйлеудің коммуникативтік жəне танымдық қызметтері негізгі қызметі
болып танылады. Олар тілде міндетті түрде болады, сондықтан оларды тілдің
қызметтері деп те атайды. Бір ғана қызметті атқаратын хабар болады деп айтуға
болмайды, бірақ нақты тілдік актіде бірінші немесе екінші қызметтің басым
болуы мүмкін.
Диалог немесе диалог тілі «сөйлесудің» спецификалық түрі ретінде
коммуникативтік рөлдің жүйелі ауысымы түрінде көрініс табады да, оның
барысында тілдік хабардың мəні көрсетіліп, ақпарат дамып, байи түседі.
Диалог – репликалар тізбегінен тұрады да, қысқа, тұжырымды болып
келеді. Əсіресе, интонацияның маңызы ерекше болады. Диалогте айтушының
көңіл күйі, сезімі еркін, жеңіл бейнеленіп, оңай түсініледі деген ой «Қазақ
тілінің стилистикасы» атты еңбекте ашық айтылған [4, 191 б].
Г.Брыдина «Диалог – тілдесулердің тақырыптық жəне құрылымдық
бірігуі» деген анықтама беріп, диалогтің түрлерін былайша топтастырады:
1. Логикалы – интеллектуалды;
2. Бұйрық – талап (жігерлі);
3. Эмоционалды.
Логикалы – интеллектуалды диалог өз ішінде мына түрлерге бөлінеді:
жауап алу, хабарласу, əңгімелесу, қоштасу, талас жəне мақсатты диалог.
Бұйрық – талап диалог бұйрық жəне өтініш диалогтеріне бөлінеді.
57
Эмоционалды диалог – кірісу, түсіндіру диалогтеріне бөлінеді.
Диалог
əлеуметтік
қарым-қатынаста
көп
қолданылатын
форма
болғандықтан, диалогте шындық болмысы айтылады. Адам сөйлесу кезінде
өмірдегі тек қана өз ойын айтып қана қоймайды, өзінің сезімін де білдіреді [5, 58-
81 б].
Диалогті сөз қағыста мынадай құрылым-жүйелері болатынын байқауға
болады: сұрақ-жауап, сұрақ-талап жауап, талап-хабарлама. Диалог деген термин
гректің dialogos (сөйлесу, екі я одан да көп адамдардың өзара əңгімелесуі) деген
сөзінен алынған. Тіл білімінде ол туралы «ол – екі не бірнеше адамдар кезектесіп
сөйлесу формасын білдіру үшін қолданылады» дейді.
Жалпы сөйлесу барысында коммуникативтік мақсаттардың орындалуына
байланысты диалог мынадай түрлерге бөлінеді: сұрастыру, талап ету,
хабарлама, сөйлесу, қошемет ету.
Əдебиеттер тізмі
1. Хасанұлы Б. Тілдік қатынас негіздері. – Алматы, 2006. – 86 б.
2. Уəли Н. Қазақ сөз мəдениетінің теориялық негіздері. – Алматы, 1995. –
Б.10 .
3. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы мен əдістемесі. – Алматы, 2000. –
260 б.
4. Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің
стилистикасы. – Алматы, 1974. – 191 б.
5. Брыдина Г. Динамическая структура русской диалогической речи. – Тверь,
1992. – С. 58-81.
58
Проза тіліндегі сөз - символдың зерттелу жайы
Бекбосынова А. Х.,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Есіркепова К. Қ.,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Қанапина С. Ғ.,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстан Республикасы
Поэзия тілін қарастырумен қатар, көркем проза стилистикасы тілін
зерттеу де - бүгінгі күннің өзекті мəселелерінің бірі болып табылады.
Қазіргі қазақ тіл білімінде символдық мағынаны көркем мəтіннің
мазмұнына сəйкес анықтау зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттарының біріне
айналған. Өйткені көркем туынды ұлт тілінің құдіретін танытып қана қоймай,
оның сыр сипатын, бүкіл болмысын жан-жақты ашуға, тануға негізделген. Өзге
мəтіндерге қарағанда (ғылыми, публицистикалық т.б.), тілдің образдылық
мүмкіншілігі, эстетикалық қызметі осы көркем туындыда, көркем мəтінде
барынша ашыла түседі. Сондықтан «Халықтың рухани-эстетикалық қажетін
толығынан өтеп, ұлттық ұйымдастырушылық қызметін атқарып келетін көркем
əдебиет тілін зерттеу - бүгінгі мəдени дүниеміздің мүддесі», - деген белгілі
ғалым Р.Сыздықтың пікірін қуаттай түскіміз келеді [1,7 бет]. Осы көркем
шығарма тілін танытудың ең бір өзекті тұсы - сөз қолданысы болып табылады.
Мұнда стильдік - шеберлік жайттары сөз болмақ. Осыған байланысты
суреткерлік қырын танытатын көркем мəтін мазмұнын бейнелеуге қатысты сөз
қолданыстардың бір түрі - шығармада айтылмақ оқиғаның сырын тұспалдап
ашатын, ишарамен білдіретін - сөз-символдарды қолдану.
Тілші-ғалым Р.Сыздықованың «Сөз құдіреті» атты кітабында М.Əуезов,
Ш.Мұртаза, Ə.Кекілбаев, С.Бердіқұлов, М.Мағауин, О.Бөкеев, А.Сүлейменов
сияқты қазақтың көркем сөзінің құдіретін танытқан қаламгерлердің тілін талдау
жан-жақты қарастырылып, зерттелінген. Сөз қолданыс - жазушы шеберлгінің
59
айнасы. Бұл орайда əңгіме желісі болатын шеберлік тұстары əр алуан болып
келеді. Солардың бірі - жоғарыда атап өткен шығармада айтылмақ оқиғаның
сырын тұспалдап ашатын сөздерді қолдану. Мұндай сөздерді талдауды ғалым
еңбегінде, ең алдымен, белгілі жазушы М.Əуезовтың шығармаларынан бастау
алады. Жазушының қолданысындағы сөз-символдарды қарастыру кезінде
суреткердің «Қорғансыздың күні» жəне «Қаралы сұлу» туындылары алынды.
Мəселен, «Қорғансыздың күні» əңгімесінде трагедиялық оқиғаға себепкер
болатын Ж-ның болысы Ақан мырза мен оның атшабары Қалтай жолаушылап
келе жатқан жыл мезгілін, күн райын суреттеу үстінде жазушы «қызыл (қып-
қызыл, қызғылт)» деген сын есімді бір абзацта сөйлем сайын келтіреді:
Январь аяғының аяқ кезі. Күн батуға тақап қалған мезгіл. Күнбатыс
батуға айналған күннің қызғылт сəулесімен нұрланып, қызыл торғынның
түсіндей болып тұр. Күнге жақын тұрған ұзынша жұқалаң бұлттардың тұсы
қалың өртке қызған темірдей қып-қызыл. Төбеге жақын тұрған алысырақ
бұлттардың бір-бір жағы ғана жұқалаң қызылға боялған асыл нұрдың буын
ғана жалатқандай. Қызғылт сəулесін дүниеге жайып тұрған күн шарасымен
тұтас көрініп тұр. Аспан ашық. Берірек тұрған аз ғана ала шұбар бұлттар
кең жаһанның жүзіне перде болған жоқ. Күні бойы тыныш болған жел
Күшікбайдың бауырында ғана ызғырықтап, жаңадан жауған көбік қарды жаяу
борасындатып тұр. Күннің қызыл сəулесі даланы да, тауды да өз өңіне
кіргізген. Күнбатыс жақтан бораған ұсақ қар да күн астынан қызғылттанып
тұр» [1,25 бет].
Бұл абзацта «қызыл» сөздің бірнеше рет қайталануында жазушының өзіндік
сыры бар. Ол сырды ғалым дəл тауып, шығармада қандай қызмет атқарғанын
көрсетеді: «М.Əуезов қызыл деген сөзді аталған əңгімеде баяндалатын
трагедияның увертюрасы (құлақ күйі) етіп ұсынған. Ғазизадай 13 жасар қыз бала
қызыл гүл болса, ол - уыз жастықтың, пəктіктің символы, ал үзіндідегі
келтірілген қызыл сөзі қатыгездікті көздеп тұр. Бұл қызылға ала шұбар бұлттар
перде бола алмайды, яғни Ақан мырза «тыста болған əңгіменің немен тынарын
білмей, біресе күдіктеніп қорқып, біресе азын-аулақ өкінгендей болып,
тынышсызданып, қорғалақтанып» жатады [1,25-26 бет]. Демек, қызылға перде
60
бола алмай қалған «ала шұбар» деген түс те символ, ол- «азын-аулақ өкініштің»
символы болып табылады. Ал «Қаралы сұлу» повесінде болса, «қара» түс
шығарманың өн бойында əр алуан затты, сəтті суреттеп қайталап келіп отырады
екен. Жалпы бұл аталмыш құбылыс кез келген сəтте қолданыла бермейді, бұған
оқиғаның немесе шығармада суреттелетін жеке бір ситуацияның оқырман
сезіміне қатты əсер ететін, сол оқиғаның бір бояуына жазушы себепкер болады.
Сонымен қатар суреткер Ш.Мұртазаның «Қызыл жебе» шығармасында сөз-
символ қолданысы табиғат көріністерін беруде қолданылған. Алайда бұл табиғат
көріністерін беруде жұмсалған сөздер шығарма кейіпкерлерінің ішкі жан
дүниесін, қиын-қыстау кездерін астарлап, ишарамен жұмсалуда қолданылған.
Мысалы түрмеде болған Рысқұлдың кең даланы, табиғатты, бостандықты аңсауы
қара сораны суреттеу арқылы берілсе, ал сол кейіпкердің ішкі психологиялық
символын көрсететін де сол табиғат: «Аспандағы ай мен жұлдыздар төбеден
төніп, бəрін байқап тұрған сияқты. Рысқұлға кінəлай қарайтын да тəрізді.
Рысқұл білмейтін алдағы сұмдықты ай мен жұлдыздар сезіп, секем алып:
«Əттеген-ай, бекер болды-ау!» деп, үндері жоқ, тек іштен тынып қалғандай.
Мұндағы «бекер болды-ау!» деп іштен тынып тұрған, əрине, ай мен жұлдыз
емес, Рысқұлдың ар-ұждан толғанысы» [1,58 бет].
Ғалым тарихи романдарының тілін зерттеу барысында Ə.Кекілбаев жəне
М.Мағауин шығармаларын алады. Бұл жерде қаламгерлердің сөз-символ
қолданысына автор «Сөз құдіреті» еңбегінде арнайы тоқталмаса да, жазушы
шығармасының стильдік ерекшелігін анықтауда қысқаша тоқталып өтеді. Жəне
қандай мақсатта жұмсалғандығын айқындап, ғылыми тұжырымын жасайды.
Мəселен, Ə.Кекілбаев туындысында кейіпкер бейнесін жасау немесе белгілі бір
оқиғаны, құбылысты, іс-əрекетті баса көрсету мақсатымен қолданылған.
Айталық, жазушының «Үркер» романы. Бұл романның бас кейіпкері Əбілқайыр
ханның портретін жасауда автор «сұр», «ақ сұр», «сұп-сұр» сөздерін үнемі
қайталап отырады. Бұлар тек Əбілқайырдың бет-жүзінің келбетін көрсетпейді,
сондай-ақ ол - ханның ішкі портретінің көрсеткіші. «Сұп-сұр болу», бір жағынан,
үлкен тартыста, арпалыста, тебіренген ойда жүрген адамның сыртқа тепкен
келбетін танытса, екінші жағынан, «сұп-сұрлық» Əбілқайырдың үміті мен
61
қаупін, қуанышы мен ренішін, қайраты мен осалдығын арпалысқан, аңдыған
ұяластары мен би, батыр сияқты ел тізгінін ұстағандарға білдірмеудің, сыр
бермеудің қалқаны. Мəселен, «Тевкелев елшілігінің тізгіні өз қолына біржола
өткеніне қуанған Əбілқайырды суреттеген жерде автор:
Бірақ жылт-жылт сығалап отырған сыншы көздерге сыр алдырғысы
келмей, үйреншікті сұп- сұр қалпына түсіп алды.
Елшінің көз алдына қашан көрсең де бір қалпында тұратын сұп-сұр
жүзі, тұнжыр жанары мен салыңқы қабағы келді. Бұның бəрі бұрын оған
қайдағы жоқ сұмдықтарды ойлап отыратын ішмерездік қана сияқты көрінуші
еді, енді байқаса, ішіндегі қара қазандай бұрқ-сарқ қайнап жатқан əлем-
тапырық көңілін байқатқысы келмеген ерекше бір ұстам, сабыр екен ғой»[1,83-
84 бет].
Осы үзіндіге қарап отырып, бұл жердегі «сұп-сұр» сөзінің кейіпкердің
бейнесін білдіруде емес, керісінше, Əбілқайыр ханның ішкі келбетін, саясатын,
күрес амалын білдіруде пайдаланылған. Академик Р.Сыздықованың сөзін
келтірсек: «Жазушы бір сөзге бірнеше беттік суреттеменің жүгін арқалатқан» -
дейді [1,84 бет].
«Сөз құдіреті» еңбегінде жанр мен тіл үйлесімі мəселесін қарастыруда
қаламгер О.Бөкеевтің туындылары қарастырылады. Бұл үйлесімділікті ғалым
образдылық жасайтын, яғни бейнелеуіш тəсілдерінен іздейді. Себебі «көркем
шығарма образдылығымен ерекшеленеді. Ал образдылық көбінесе сөзді өзінің
тура мағынасынан көшіріп, ауыс мəнде жұмсауда жақсы танылады. Бұл -
метафора, перифраз, аллегория, символ тəрізді амалдармен жүзеге асады.
Оралхан Бөкеев осыларды шығарма жанры мен сипатының тактісіне билете əсем
пайдаланады» [1,130 бет]. Біздің қарастырып отырған символ мəселесіне
қатысты ғылыми талдауды суреткердің «Қайдасың қасқа құлыным» повесінен
келтірсек. Мысалы, бас кейіпкердің ой-монологі оның көрген түсі ретінде
беріледі. Бұл түс-монологте «аппақ» сөзі арқылы образ жасайды: аппақ селеулі
дала, аппақ қозы, аппақ сақалды шал, аппақ домбыра, аппақ бие - демек, жас
жігіттің, яғни бас кейіпкер Қаршығаның түсінде көрген дүниесінің бəрі аппақ,
бұл - арманның, ізгіліктің символы болып табылады.
62
Ғалым Рабиға Сыздықова қазақ прозасы тілін зерттеу саласында көп еңбек
атқару арқылы көптеген жазушылардың стильдік ерекшелігін тани білген. Бұған,
əрине, жоғарыда біздің ерекше атап өткен «Сөз құдіреті» еңбегі дəлел бола
алады.
Зерттеуші Қ.Қайырбаеваның «Академик Р.Сыздық жəне қазақ тіл білімі
мəселелері» атты конференция материалдарында жарияланған «Символдық
мағынаны көркем мəтін мазмұнына сəйкес анықтау» атты ғылыми мақаласында
символдың проза жанрында қолданылуы жөнінде анық айтқан: «Символ-сөздің
мағынасы кейде бір сөйлем немесе абзац, əйтпесе тіпті бүкіл мəтін көлемінде
ғана танылады. Сондықтан символды белігілі бір мəтіннен интуитивті түрде
алынған контекст ретінде қарастырамыз. Ал контекстің əр түрлілігі символға
көпмағыналылық сипатын береді. Яғни сөз-символдың символдық мағынасын
бірден түсіну мүмкін емес, ол өз мəнін бірте - бірте ашады жəне де шығарма
мазмұнына сəйкес дағдылы символдық мəннен өзге сипатта да танылады» -
дейді [2,111бет]. Сонымен қатар автор сөз-символ жазушының шеберлігін
танытады жəне оның стильдік ерекшелігін көрсетеді деп тұжырымдайды.
Шынында да, сөз-символ жазушының айтпақ ойын дөп басып, шығарманың
көрнекілігін арттыру үшін қажет.
Ғалым өз ойы нақты болу үшін көркем шығармадан мысалдар келтіреді.
Мысалға І.Есенберлиннің «Алтын Орда» трилогиясының І кітабы жəне
Ғ.Мүсіреповтің «Ұлпан» повесі алынады. Бұл туындылардан «бүркіт» жəне
«дала» сөздерінің автор қолданысындағы сипатына назар аударылады. Төменде
аталған мысалдан Есенберлиннің көркем шығармасынан «бүркіт» сөзінің халық
бейнесін танытатын символ образ ретінде қолданылғандығын көруге болады:
Жауға кегін жібермей үйренген Бату енді қара бүркіттен кегін алмақ
болды... Қара бүркітті өз қолымен бауыздап, ыстық қанын ұрттаса Барағы
тіріліп келетіндей сезінді. Хан Бату тағы аспанға қарады. Кереге қанат алып
бүркіт тағы көз ұшында қалықтап жүр.
...Алып қыран əлі көк бетінде қалықтап жүр. Батудың ордасына
қайтатын қыранның ұясына қарай ұшатын кездері əлдеқашан болған, Бірақ
63
бүгін бұлар бір-бірінің аңысын аңдып қалған. Екеуі де кездесер шақтарының
таяғанын сезгендей.
...Қыранның өзіне жақындап келе жатқанын көзі көрмесе де, Бату
ханның жүрегі сезді...
«Қыран» бəрібір сенің қолыңнан ештеңе келмейді дегендей» Батудың дəл
төбесінен қанатымен сипай бір өтті. Яғни «билік басында отырған Бату ханға
халық көзқарасын жазушы бүркіт бейнесімен беріп, қалың қауымның
еркіндікке, тəуелсіздікке ұмтылысын, Бату хан тəрізді билік иелерінің ең
ақырында аяқ асты қалатынын, еркіндікке ұмтылған ұлттың алып тегеуріні,
əйтеуір, бір күні болмаса, бір күні басып, асқақ арманына жететінін
шеберлікпен, жазушылық талантпен жеткізе білген» деп тілші-ғалым «бүркіт»
сөзінің қандай мақсатта пайдаланылғаны туралы түсіндіріп өтеді [2,112-113 бет].
Ал «дала» сөзін Мүсіреповтің повесінде бірнеше рет қайталанып
отыратындығын мысалмен көрсетіп, мағынасын ашады. Мысалға төмендегі
сөйлемдер алынды: «Далада өскен қазақ қызына жылдың төрт мезгілі ғана
емес, əр күннің өзінде əлденеше мезгіл бар. Бəрінің де өз қызықтары бар. Бір
жұмадай атқа мініп далаға шықпаған қыз даласын сағынып қалыпты».
«Дала қызы табиғаттың ең жас перзенті, Көзіне көрінгеннің бəрің
көңіліне тоқып келеді. Ол не көріп, не біліп өсті? Кең дала... көк дала, сары
дала... сағым».
«Таза ұстаған киіз үйде даланың иісінен басқа иіс болмайтын бір кезі
болушы еді, дəл сол қалпына келіпті». Осы мысалдарды келтіре отырып, ғалым
Қ.Қайырбаева «дала» сөзінің символдық мəнін айқындайды. Дəлірек айтқанда,
«Дала - көшпендінің алтын бесігі, ол оның төл перзенті, Дала - туған жер, Дала -
тəрбиеші, Дала - ана, Дала - сұлулық, көркемдік əлемі, Дала- еркіндік,
тəуелсіздік, Дала - кеңдік, дархандық, Дала - қарапайымдылық» [2,112 бет].
Сөзін дəлелдей түсу үшін Р.Сыздықованың сөздерін келтіреді. Яғни «Дала
сөзі қазақ поэзиясында, тіпті прозасында да бұрын да, қазір де туған жердің,
қасиетті Отанының символы», - деп, «Сөз құдіреті» еңбегін де көрсетеді [2,113
бет].
64
Ұлт танымының осыған жалғас терең тамырын «жұрт» сөзінің символдық
мəнінен де көруге болады. Оны ғалым Қазтуған жырауының шығармасынан
көрсетеді. «Ал жұрт сөзіне қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде мынадай түсінік
берілген: «Көшіп кеткен елдің орны, үй тіккен жер» [ҚТТС, 4-бет, 23 6ет]. Бұл
жерде жырау жұрт сөзін бірнеше рет қайталай отырып, «туған жердің иесіз қалу
идеясын айғақтайды, Қазақ үшін туған жер Алтын бесік, кір жуып, кіндік
кескен жер, алғаш ат жалын тартып мініп, асық атып, айлы түнде алтыбақан
теуіп, ақсүйек ойнаған, қалыңдығына ұрын барып, күйеу жігіт атанған қасиетті
жер еріксіз артта қалып барады. Туған жерге деген ұлы сүйіспеншілікті жан
жарасын жырау жеріне жеткізе толғаған» деп Қ.Қайырбаева Қазтуған жыраудың
«жұрт» сөзін бірнеше рет қайталау арқылы не айтпақ болғысы келгенін
дəлелдейді [2,113 бет]. Жыраудың туған жерге деген сүйіспеншілігін жұрт
жаңғыртты, ата жұрт, жұртын бермейді, жұртқа тастады, жұртта қалды,
есіл ел, қайран жұрт, қара жұрт тəрізді тұрақты сөз тіркестерінен байқауға
болады. Сондықтан кез келген көркем туындыда бұл пайым кеңінен орын алып
отырады.
Мақала соңында «бүркіт, дала, жұрт сөздері тəрізді бірден сыр бере
қоймайтын, мағынасын аша қоймайтын символ-сөздердің мəні мəтінді тұтастай
оқығанда белгілі болады. Соның өзінде символ мағынасы интуитивті түрде
танылатыны анық» деп қорытындылайды [2,113 бет].
Соңғы жылдары жазылған диссертациялық жұмыстарда да проза тілінде
сөз-символ қолданысын анықтау мəселесі кеңінен қарастырылған. Осы тұста
Г.Ж.Снасапова,
Г.Е.Имашева,
З.Ə.Абдуллина,
А.А.Амангелді
сынды
ғалымдардың еңбектерін атауға болады. Енді оларды жеке-жеке қарастырып
өтсек.
Ғалым
Г.Ж.Снасапованың
«Ғ.Мүсіреповтің
«Ұлпан»
повесіндегі
лингвомəдени бірліктер» атты ғылыми еңбегі жазушының сөз қолданысының
ерекшеліктерін анықтауда үлкен орын алады. Бұл кандидаттық диссертацияның
«Дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттық сипатты айқындаушы лингвомəдени
көрсеткіштер» деп аталатын екінші тарауында жазушының жоғарыда аталған
повесінде түр-түс атауларының қолданысы жөнінде баяндалады.
65
Дүниенің тілдік бейнесінде ұлттық ерекшелікке аса бай лексиканың
қатарына түр-түс атаулары жатады. Осы түр-түс лексикасы повесте екіге
бөлінеді. Оның алғашқысы - түр-түстің бастапқы атауы нəтижесінде пайда
болған сөздер, екіншісі - тура мағынасымен уəжделген ауыспалы-метафоралық
қолданыстағы түр-түс лексикасы. Олар дүниенің тілдік бейнесін жасауда ұлттық
образ, символ ретінде пайдаланылады.
Автор шығармада «қара» жəне «ақ» түстің қолданысы ауқымды екендігін
көрсетеді. «Дүниенің тілдік бейнесіндегі қара, ақ сөздерінің мағыналық
спектрінің өте кең екендігі байқалады. Қара шаңырақ, қара орман тəрізді
тұрақты тіркестер «қасиетті», «үлкен» деген ұғымды берсе, қара жамылу, ниеті
қара сияқты тіркестердегі «қара» сөзінің «қайғы», «қаза», «жамандық»
мағынасында жұмсалып, символдық мəн алуы лингвомəдени коннотация болып
табылады» [3,13 бет].
Сонымен
қатар повесте түр-түс атауларының топонимдер мен
антропонимдер, хронимдер мен прагмонимдерде, табиғат құбылыстарын,
адамдар, жануарлар дүниесі мен өсімдіктер əлемін сипаттауда кездесетінін
көруге болады. Сөз-символ да ғалымның жазушы тілін зерттеу барысындағы
айқындаған дүниенің ұлттық бейнесіндегі лингвомəдени бірлік болып табылады.
Зерттеуші Г.Е.Имашеваның жазушы М.Дулатұлын тілдік тұлға ретінде
сипаттайтын құндылықтарын шығармаларының тілі арқылы көрсету
мақсатында
жүргізілген
зерттеу
жұмысы
-
«Міржақып
Дулатұлы
шығармаларындағы
ғаламның
тілдік
бейнесі»
атты
кандидаттық
диссертациясының авторефераты. Суреткердің тілдік тұлғасын танытатын
ерекшеліктің бірі – ол Міржақып тіліндегі оның ұлттық танымының тереңдігін
дəлелдейтін əр түрлі символикадағы сөз-символдардың молынан келуі.
«Символдық таңба - лингвомəдениеттану мен когнитивті лингвистиканың
зерттеу нысандарының бірі. Символ тілдік тұлғаның тіліндегі біріккен ой
жүйелерін көрсетіп, бір-екі сөзбен береді, сол себепті символдық мəнді
халқымыздың дəстүрлі ұғымдарын білдіретін сөздерден іздеуіміз керек» -дейді
[4,10-11 бет]. Осы анықтаманы негізге ала отырып жəне ғалымдардың
пікірлеріне сүйене отырып, жазушы М.Дулатұлы шығармаларындағы сөз-символ
66
қолданысына тоқталады. Жазушы туындыларынан, əсіресе түр-түс атауларына
байланысты сөз-символдары кең көлемде қолданылатындығы байқалады.
Ойымызды нақтыласақ, «Ақ, қара түстері символикалық мəнге ие болады.
Жарасып ақ үйлердің қияфаты немесе қаптап тұр күн батыстың қара
бұлты. Ақын қазағын «ақ» түспен, патшалық империяны «қара» түспен
таңбалайды. Міржақып Дулатұлының ұлттық танымы, ұлттық азаматтық рухы
қазақ тіліндегі бұрын қалыптасқан символдар мəнінен айқын байқалады.
Бұрынғы əмбебаптық қасиетіне М.Дулатұлы шығармаларындағы сөз-символдар
авторлық ерекшелік мəн жамайды да, кең көлемді сипатта келеді» [4,11бет].
Қарап отырсақ, бұл жазушының да сөз қолданысындағы түр-түс атаулары, яғни
«ақ», «қара» түстері қаламгердің туындыларында молынан кездеседі. Сондай-ақ
жазушының тілдік тұлғасын танытуда оның концептілік аясы мен
шығармаларындағы басқа да лингвомəдени бірліктер болып табылады.
Енді зерттеуші З.Ə.Абдуллинаның «Балалар əдебиеті кейіпкерлерінің тілдік
тұлғасын» зерттеудегі өзіндік ерекшелігін келтірер болсақ. Бұл кандидаттық
диссертация Б.Соқпақбаев, М.Гумеров. М.Қабанбаев шығармалары бойынша
жүргізілген. Яғни осы жазушылардың шығармалары ғалымның зерттеу
нысанына түскен. Бұл еңбектің «Балалар əдебиетіндегі кейіпкер санасындағы
символдардың қалыптасуы» тараушасында бала санасындағы қалыптасатын
символдық белгілердің лингвомəдени мазмұны сипатталады.
Қаламгердің қолданысындағы символды ұғым немесе мағына ретінде тану
үшін ерекше білім мен таным керек. Кез келген халықтың мəдениеті сол ұлттық
дүниетанымы мен талғамына тікелей байланысты болып келеді. Халық
эстетикалық талғамның нəтижесінде қоршаған ортадан мол ақпарат жинақтайды.
Мұның барлығы ұлттық танымның жүйесін құрайтыны анық. Соның бірі жас
ерекшеліктің деңгейіне байланысты қоршаған ортаны, дүниені эстетикалық
танудың мектеп оқушылары санасында обьективтенуі болып табылады. Бұлай
бөліп қарастыратын себебіміз, «ересек адамдарға қарағанда дүниені танудың
санадағы мотивтері бала санасында бастапқы деңгейде, қарапайым үлгіде
қалыптасатындығында. Яғни, қоршаған ортада болып жатқан кейбір құбылыстар
балаға əсер етіп, оның бойында еліктеу, таң қалу, қиял сезімдерін туғызады.
67
Осының барлығы баланың бойында эстетикалық танымның қалыптасуына əсер
етеді. Бала сонымен қатар, үлкендерден естіген ғажайып дүниелерді, оқыған
кітаптардан алған көркем қиялын өзін қоршаған ортада іске асыру үшін еліктеу
əрекетіне де жиі барады. Бұл құбылысты М.Гумеров те, М. Қабанбаев та,
Б.Соқпақбаев та өз шығармаларында аса шеберлікпен көрсете білген» деп
көрсетеді [3,62-63бет].
Жазушы Б.Соқпақбаевтың баланың дүниетанымына тəн символдық мəндегі
тіркестер жиі кездеседі. Оларды зерттеуші З.Ə.Абдуллина жазушының төмендегі
мақсатта жұмсалғандығын келтіреді:
- «Менің атым - Қожа» əңгімесіндегі Қожаның хатындағы: «Ж.... Қозы мен Баян
секілді болайық» деген сөйлемнің символдық мəннің «махаббат» деген ұғыммен
байланыстыруға болады» [3,63 бет].
- «Менің атым - Қожа» шығармасындағы: Ахметовтың өзі де осыдан он шақты
күн бұрын ғана аудандық оқу бөлімінен келген инспекторға мені: «Мынау біздің
мектептің ақыны, болашақ Сəбит Мұқановымыз», - деп, дəріптемеді ме?
деген сөйлемде Сəбит Мұқанов арқылы «ұлы жазушы» деген ұғым символдық
мəн алып отыр. Яғни, Сəбит Мұқанов Қожаның дүниетанымындағы қол жетпес
биіктік, ұлы суреткер, асқан данышпан, шебер тұлға» [3,64 бет].
- «Б.Соқпақбаевтың Қостөбеде, негізінен, Құрмандар тұрады. Құрманның
«Киікбай», «Найза» деп аталатын екі руы. Біз Найзамыз, дұрысы Беснайза.
Беснайза екіге бөлінеді: Байқазақ, Жолыш. Біз - Жолышпыз деген мысалындағы
«Құрман», «Киікбай», «Найза», «Байқазақ», «Жолыш» тəрізді ру атауларының
семантикасы «Елдіктің», «Бірліктің», «Туыстықтың» символын білдіреді» [3,65
бет].
Қазіргі таңда, қоғамның жаңа буын өкілдерінің танымында «ғашық болу»,
«ұнату», «махаббат» ұғымдарын тілдік емес таңбалар арқылы берудің жаңа
тəсілдері жиі кездеседі. Оны бүгінгі қоғамдастық мүшелері бұл ұғымдардың
символдық мəнін математикалық «+» таңбасымен немесе эстетикалық танымға
сай жүректің бейнесі, қос аққуды бейнелеу арқылы обьективтендіреді. Мұндай
таңбалық белгілердің бала танымындағы көрінісін зерттеуші М.Қабанбаевтың
шығармаларынан тапқан. Мысалға суреткердің төмендегі мына сөйлемдерін
68
береді, атап айтсақ, « - Сенен жасыратын не бар. Саймасайдан кек алу керек
болып тұр. Кезекшісің ғой, көмектесіп жібер. Тақтаға бормен «Арын+Нағима»
деп жаз. Қорықпа, тасқа басқандай ғып жазсаң, сенің қолың екенін ешкім
ажырата алмайды деген мысалдағы «+» таңбасы Арын мен Нағиманың
арасындағы «ұнату», «жақсы көру» ұғымдарын белгілеп тұр» [3,63б]. Ал
қаламгердің «Қала жəне қыз бала» əңгімесіндегі мына бір мысалын көрсек:
Əбден сасқан шеше жұмыстағы жолдасына телефон соқса, цех аралап кетіпті.
Дереу "03"-ті теріп, мəн-жайды қысқа баяндайды. «03»-тегі апай əуелі: - Бір
балаға ие болмай ай қарап, жұлдыз санап жүрсіздер ме? - деген зілді сөздерді
төгіп-төгіп тастайды. Яғни «03» - тілдік ұжымның санасында «жедел жəрдем,
«дəрігерлік көмек» ұғымдарының символы.
Сонымен қатар ғалым З.Ə.Абдуллина Қабанбаев туындысынан, яғни «Се ля
ви» əңгімесінен бала танымындағы «Күштілік» символын анықтайды. Ол
былайша суреттеледі: «Біраз теперіштің шет жағасын көріп қалған жетім
көңіл өзін кей-кейде семсер, сауытты серілерге де санап көретін. «Өстіп
жетіле келе Дон Кихот, Айвенго, Қобыланды, Ер Тарғын секілді ағалардай
болсам, ауылдағы ноқай балалардың тəртібін қолға алсам, бағынбай бара
жатса, маядай бақыртып, тақымға басып, жандарын көзіне көрсетсем» деген
астам ойларға дейін баратын. Қаламгер шығармадағы кішкентай Мəмбеттің
Дон Кихот, Айвенго, Қобыланды, Ер Тарғын тəрізді ұлт қаһарманы болсам деген
қиялын баланың қоршаған ортасымен тығыз байланыстыра суреттеген» [3,66
бет].
Бала танымындағы символдардың қалыптасуы оның қоршаған орта туралы
түйсігі мен қабылдауына сай эстетикалық таным нəтижесінде пайда болады.
Бала санасында символдың алғы шарттары ұқсату мен бағалау, еліктеу
құбылыстары арқылы құралады. Мектеп оқушыларының танымында санада
қалыптасқан ұғымдарға баға беруді ең алдымен күнделікті іс-əрекет пен
қажеттіліктің деңгейінде анықтайды. «Төрт», «бес» таңбалары баланың санасы
мен психологиясында жақсылықтың, қуаныштың белгісін айғақтайды» [3,69
бет]. Мұндай құбылысты автор жазушы М.Гумеровтың шығармаларынан
айқындайды. Мəселен, - Бүгін Сартай соңғы емтиханды тапсырып, үйге аса
69
қуанышты оралып еді. Емтихан болған екі сабақтың екеуінен де «төрт» алып,
жетінші класқа өтті. Жылдық қорытындыда басқа сабақтардан алған бағасы
да тəп-тəуір, «үшінен» «төрті» көп деген сөйлемнен байқауға болады.
Ғалым еңбегінде зерттеушілердің теориялық тұжырымдарына сүйене
отырып, таңбаның негізгі белгісінің бірі – оның еріктілігі деп көрсетеді. «Яғни
жеке сөз терең негізді семантикалық құрылымдарды бейнелейтін дискурста
қолданылып, одан кейін сол сөз арқылы берілген ұғымды адам метақұндылық
ретінде бастан өткеретін болса, онда атау - сөз де жоғарғы формаға - символға
айналады»
[4,104бет].
Осы
тұста
Б.Соқпақбаевтың,
М.Гумеровтың,
М.Қабанбаевтың шығармаларынан алынған мына мысалдарды келтіреді.
Б.Соқпақбаевта: Майра күн болса, мен күнбағыспын, онсыз тұра
алмаймын. Майра гүл болса, мен көбелекпін, айналсоқтап шықпаймын........
М.Қабанбаевта: Шіркін, амал нешік, үш əсем қызғалдақтың үшеуін де
соғыс тажал мезгіл жетпей мерт етті. Үшеуі бірдей майданда қаза тапты.
М.Гумеровта: Көңілдің көбелегін өзіне магниттей тартып тұратын
басқа гүл табылды. Ол – Күлəн еді. Мен үшін енді дүниедегі ең сұлу, ең сүйкімді
қыз осы Күлəн метафоралы тіркестердегі кодқа салынған ақпараттардың мəнін
айқын аңғаруға болатындығын анықтаған. Яғни тілдік бірліктердегі аялық
білімнің мазмұнын анықтауға болатындығын көреміз.
Балалар əдебиетінің тілдік ерекшелігін қарастыра отырып, қаламгерлердің
бала психологиясын өте жете меңгергенін байқауға болады. Б.Соқпақбаев та,
М.Гумеров та, М.Қабанбаев та көркем шығарма тілін баланың жас ерекшелік
деңгейіне сай құбылтып, ондағы концепілік құрылымдар мен бала ұғымында
қалыптасқан символдық белгілерді шығарманың мазмұнымен байланыстыра
суреттеген. Сонымен қатар, ғалым қаламгерлердің тағы бір ерекшелігін сөз етеді,
ол – тілдік бірліктерді ұлттық мазмұнға негіздеп пайдалануы. Мысалға
М.Қабанбаевтың «Əйнектің арғы беті» əңгімесінен алады:
- Айта беріңіз...
- Азагүл... осы жерде дайындала ма?
- Сенбей тұрсыз ба? - Күлім көз келіншек қаламын азагүлдер армиясына қарай
сілтеп, кеңінен жайқады. - Өте беріңіз. Əуелі азагүл таңдап алыңыз.
70
Айтпақшы, сəл бөгеліңіз. Міне, қалам, міне, қағаз! Қайтыс болған адамға деген
арнауыңызды жазып жіберіңіз. Сіз сайлап, біз квитанция жазып жатқанда,
қалыпшылар матаға түсіре берсін деген мысалда автор «қайғы» семантикасын
беретін «азагүл» атауын қолданады.
Яғни, Б.Соқпақбаев, М.Гумеров, М.Қабанбаевтың балаларға арналған
көркем шығармаларына тəн когнитивтік құрылымдағы этносимволикалық мəні
айқын кодқа салынған тілдік таңба ретінде біз бала санасында жан-жақты
қатталған «ойын баласы», «достық», «жалғыздық», «сұлулық», «бейбітшілік»,
«қайғы» лексемаларын алуымызға болады. Өйткені концепт ретінде танылған
бұл іргелі ұғымдар баланың индивид ретінде психологиялық, əлеуметтік
табиғатын, қоршаған ортамен қарым-қатынасын, тілдік қолданыстарын
айқындайтын дүниетанымдық ақпараттар жүйесін құрайды.
Келесі бір зерттеуде, дəлірек айтқанда, зерттеуші А.А.Амангелдінің
«І.Есенберлиннің
“Көшпенділер”
романындағы
жылқы
атауларының
этнолингвистикалық мəні» еңбегінде жылқы атауларының символдық
мағыналарына да тоқталған.
“Əлемнің қарапайым бейнесі когнитивтік модельде айқындалатын болса, ол
өз кезегінде ұжымдық санамен, көзқараспен, ұжымдық философиямен
байланысты болады. Демек, ғаламның тілдік бейнесі негізінен жəне толығымен
адамдар санасындағы əлемнің логикалық бейнесімен сəйкес келеді. Ал ғаламның
кез-келген ұлттық тілдік бейнесінің əмбебаптығын жəне өзіндік ерекшелігін
айқындайтын метафора, теңеу жəне символ болып табылады” деп, жалпы
шығармадағы жылқы атауларының этнолингвистикалық мəнін ашу кезінде
халық ұғымындағы жылқы мағынасын көрсетеді [5,16 бет]. Яғни «Көшпенділер
танымында, салт-санасында жылқы - интеллект (ақыл-ой) белгісі, ата-бабалар
символы» болса [5,16 бет], енді бірде шығармада «халық ұғымында жылқы -
сұлулықтың, беріктіктің, шыдамдылықтың символы» болып келеді [5,17 бет].
Мəселен, Адамға тесіле қарайтын үлкен сұрғылт көзді, ат жақты, ақсұр
жігіттің топ жылқының ішіндегі ақалтеке, арғымағындай, бойшаң келген
дене бітіміне қарағанда, оны он төрт-он бес жастарда деу қиын еді. Ғалым
А.А.Амангелді
зерттеу
жұмысының
екінші
бөлімінде
қаламгердің
71
“Көшпенділер” романындағы жылқы атауларының символдық негіздерін бере
отырып, жазушының өзіндік ерекшелігін анықтайды.
Ғұлама жазушы М.Əуезов «Əдебиет - тілмен əдебиет» деп айтқанындай,
көркем əдебиетті танудың кілті - тіл. Тіл жазушы шеберлігін танытатын
құралдардың бірі болып табылады. Р.Сыздық, Б.Шалабай пікірлеріне сүйенсек:
«Көркем сөз сыртқы тұлғасы жағынан да, ішкі мазмұны жағынан да ерекше
ұйымдасқан эстетикалық құрылымға ие. Өзінің поэтикалық деңгейінде тіл
белгілі бір мазмұнды сырттай бейнелеуші ғана болып қалмайды, ол барлық
мəн-мағынасымен, ішкі-сыртқы болмысымен образды мазмұнның өзіне, оның
құрамды элементіне айналады. Басқаша айтқанда, тілдік таңба көркем əдебиетте
мазмұнды формаға ауысады» [6,10 бет]. Осыған байланысты Е.Жанпейісов
былай дейді: «Жазушы тілдегі бейнелеу құралдарын əр алуан көркемдік бояу
бере пайдаланады. Бұл орайда ауызекі сөйлеу тіліндегі қарапайым сөздер де,
мақал мен мəтелдер де, эпитет пен теңеулер де, тілдің басқа да барлық бейнелеу
құралдары шығарманың жалпы идеялық, тақырыптық арқауына лайық жаңа бір
мағыналық астар алып, стильдік функциясы арта түседі. Ауызекі сөйлеу
стилінде, əдеби тілде де əдетте жиі айтылатын тіл құралдарының үйреншікті
номинативтік мағынасы ақын-жазушылардың тілінде əр түрлі дамып
отырады» [6,17 бет]. Яғни ертеден келе жатқан ұлттық сөз қолданысымен қатар,
белгілі бір жазушы туындысында ғана көрінетін, пайда болатын сөз қолданысы
бар деуге болады. Дəл осы сөз қолданыс жазушының суреткерлік шеберлігін
терең танытып, сөз қолдану мəнерін айқындай түседі. Алайда жалаң сөз
қолданысы шеберлікті толық көрсете алмайды. Өйткені ол шығарма
тақырыбы, идеясымен астасып, соның жүгін арқалап, образдылығын арттырып
тұруы қажет. Сондықтан да көркем мəтінді біртұтас күрделі құрылым ретінде
қарағанда ғана, шеберлік деңгейі айқындала түседі. Осыған байланысты
суреткерлік қырын танытатын көркем мəтін мазмұнын бейнелеуге қатысты сөз
қолданыстың бір түрі - шығармада айтылмақ оқиғаның сырын тұспалдап
ашатын, ишарамен білдіретін- сөз-символдарды қолдану.
Қазіргі қазақ тіл білімінде шығарма тіліндегі сөз-символдың зерттелуіне
зор үлес қосқан ғалымдардың қатары баршылық. Əр ғалымның өз зерттеуінде
72
өзіндік ерекшелік бар. Поэзия тілінде де, проза тілінде де сөз-символдың
қаншалықты орын алатындығын зерттеушілердің еңбегінен көруге болады. Сөз-
символ жазушының айтпақ ойын дөп басып, шығарманың бейнелілігін арттыру
үшін қажет. Жеке автор қолданысындағы символдың мəнін ашу, мағынасын тану
арқылы ғалымдар жазушының шеберлігін таниды. Жазушы сөзді символдық
мəнде қолданғанда, белгілі бір стильдік мақсатты көздейді. Осындай бағытпен
белгілі жазушы Т.Ахтанов та соғыс тақырыбына арналған «Шырағың сөнбесін»
романында сөз-символдарды қолдануда шеберлік танытты. Аталған қаламгердің
шығармадағы сөз-символдарды пайдалануда өзіндік ерекшелігі бар. Ол
ерекшелік зерттеу жұмысымыздың келесі тарауында қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |