Литература
1.
Шкловский В. Тетива. О несходстве сходного. Собр соч. в 3-х тт. Т.З. М.:
Художественная литература, 1974.
2.
Тынянов Ю.Н. Архаисты и новаторы. - Л., 1929.
3.
Гинзбург Л.Я. О лирике. - М., 1975.
4.
Московский телеграф, 4.VII, №2. - 1826.
5.
Золотарев С. Писатели - ярославцы. Вып. II. - Ярославль, 1920.
6.
Кольцов Н.М. Поли. собр. стихотворений. Библиотека поэта, б.с. Изд. 2-е. - Л.,
1958.
7.
Иезуитов Р.В. Литература второй половины 1820-1830-х годов и фольклор. В
кн.: Русская литература и фольклор (первая половина XIX века). - Л., 1976.
8.
Астафьева Н.А., Астафьев А.В. Писатели Ярославского края. - Ярославль,
1977.
9.
Пушкин А.С. Поли. собр. соч. - М., 1948.
10.
Благой Д. Творческий путь Пушкина (1826-1840). - М., 1967.
11.
Ровинский Д. Русские народные картинки. СПб. - 1900.
12.
Киреевский П.В. Песни. Т. IV. - М., 1862.
13.
Померанцева Э.В. Мифологические персонажи в русском фольклоре. - М.,
1975.
14.
Зиновьев В.П. Жанровые особенности быличек. - Иркутск, 1974.
15.
Федоров В.И. От классицизма к романтизму. Формирование нового
художественного стиля. В кн.: История романтизма в русской литературе
(1790-1825). - М., 1979.
16.
Херасков М.М. Избр. произведения. Библиотека поэта, б.с. Изд. 2- е. - Л.,
1961.
17.
Барсков Я.Л. Переписка московских масонов XVIII века. 1780-1792. Пг., 1915.
18.
Розанов И.Н. Русская лирика. От поэзии безличной - к исповеди сердца.
Историко-литературные очерки. - М., 1914.
106
19.
Северная пчела, №4, 1826.
20.
Лотман Ю.М. Поэзия 1790-1810-х годов В кн.: Поэты 1790-1810-х годов. - Л.,
1971.
107
Поэзия тіліндегі сөз-символдың қолданыс ерекшелігі
Есіркепова К. Қ.,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Искакова Ш. К.,
гуманитарлық ғылымдар магистрі,аға оқытушы
Қанапина С. Ғ.,
филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Қазақстан Республикасы
Қазақ поэзиясы символды ежелден жақсы білген. Мəселен, жырау
шешендер символды ерте кезден қолданған. Олар халық арманында биіктеп,
қиялында өмір сүрген ерекше құбылыстарды қасиетті, киелі санаған. Символда
көбінесе жағымды мағына болады, арман, қиял, сұлулық, өмір, тіршілік, терең ой
бейнеленеді. Символдың астарында тұспалдау басым: бір нəрсені жұмбақтап,
астарлап сөйлейді. Мысалы:
Айтып-айтпай немене,
Мезгіліміз өткен соң.
Жайнап тұрған қызыл шоқ,
Су құйылып өшкен соң,
Жайнап тұрған заманым,
Басымнан бүйтіп көшкен соң (Бұқар).
«Махаббаттың бұрымы – ақылдың аяғына салынған тұсау, Сақ құстарға
құрылған тұзақ» (С.Сарайи); «Адам аяғының тұзағы - бала-шаға» (С.Сарайи);
«Жалған сөз - ауру, шаншудай, əділ сөз - шипа, жанға жай» (А.Йүгінеки); «Бар
- бақыр, жоқ - алтын» (М.Қашқари).
108
Осы шешендік сөздерде қолданылған символдарда тұрақтылық қасиет
басым. Бұқар сөзінде символ – «қызыл шоқ», ол - жастық шақ. С.Сарайидің
сөзінде ақылға салынған тұсау мен сақ адамдарға салынған тұзақтың символы -
«махаббаттың бұрымы». Йүгінеки сөзінде аурудың символы – «жалған сөз»,
шипаның символы – «əділ сөз». Қашқари сөзіндегі бардың символы – «бақыр»,
жоқтың символы – «алтын».
ХҮ ғасыр жырауы Қазтуған «кір жуып, кіндік кескен туған жер, отан,
халқының тұрақты мекені» деген идеяны білдіру үшін Еділ өзенін символ
етіп жырлайды: Қайран менің Еділім, Сен салмадың, мен салдым - десе,
мұндағы идея – туған жерді еріксіз тастап кеткен, жырау зарын «Еділді
қалдырып кетіп барамын» деген астармен айтып тұр. Туған жердің, ел,
отанының символы ретінде Еділ, Жайық деген заттық нышандарды алу күні
кешегі Махамбеттерге дейін келеді. Оның: Еділдің бойы ен тоғай, Ел
қондырсам деп едім. Жайықтың бойы көк шалғын, Күзерміз де жайлармыз-
деген өлең жолдарында айтпақ идеясы - Еділ мен Жайық өзендерінің бойына ел
қондыру, оны жаз жайлап, күз күзеу емес, нақты осы əрекеттер емес, басқа,
яғни «туған жерде емін-еркін өмір сүру» идеясы. Олай болса, Еділ мен Жайық –
символдар болып табылады.
Эпостық жырларда тұрақты символға айналған қатуланып, қатталып,
буырқанып, бұрсанып, мұздай темір құрсанып, қабағы тастай түйілген, лашын
құстай шүйілген, жеңсіз берен киінген, қақырғаны қан татып, түкіргені жын
татып т.б. фразеологизмдер осының айғағы.
Символдың көркем əдебиетте, оның ішінде поэзияда қолданылуы аясында
зерттеу жүргізген ғалымдардан ең алдымен Р.Сыздықованы атауға болады.
Себебі академик Р.Сыздықты ұлы ақын Абайдың тілін жан-жақты зерттеген,
ақынның қазақтың əдеби тілінің даму барысындағы еңбегін, рөлін, орнын
танытуда, өлеңдерінің көркемдігі мен поэтикасын сипаттауда елеулі еңбек
атқарған көрнекті ғалым деп танимыз.
Аталмыш тілдік құбылыстың қазақ поэзиясындағы көркемдік ерекшелігін
саралаған ғалым Р.Сыздықова өзінің «Абайдың сөз өрнегі» атты еңбегінде оны
халықтың болмыс-бітімімен, тыныс-тіршілігімен, ментальды дүниетанымымен
109
ұштастыра зерделейді. Мысалға М.Жұмабаев шығармаларындағы «жел» сөзін
алады. Бұл сөздің символдық табиғатын анықтауда зерттеуші ақынның
субъективті танымын объективті шындықпен үйлестіре баяндайды. Яғни
«Мағжан Жұмабаевтың поэзиясында жел - символ, ол бірқатар идеяның
символы, жел - бірде рақат, тыныштықтың (Жұмақтағы жібек желден, Мəңгі
жайнап тұрған гүлден Жаратылған əйел сұлу), енді бірде жел - тағдырдың,
адам өмірінің символы» [1,90 бет] дей келе, Р.Сыздық «жел образының ...адам
тағдырын тұспалдаған» сəттеріне тоқталады, сол арқылы астарлы да образды
сөз мағынасының когнитивті қызметін тілтанымдық ізденістеріне арқау етеді.
Мысалы, «Мені де, елім, əлдиле» деген өлеңінде: жел сөзі алты рет
қайталанып келіп, адам тағдырының бейнесін тұспалдайды.
Осы қатарда тілші жас қайың, жаңа біткен балдырған тіркестерін жас
өмірдің, ал бетпақ шөл тіркесі қиын өмірдің символы ретінде қолданылатынын
да атап өтеді. Мағжан ақынның айтпақ идеясының заттық нышаны ретінде
желдің өте күшті образ болып келген тұстарын біраз өлеңінен табуға болады.
Кəкімбек Салықовтың жезкиігі - сұлулықтың, сұлулыққа құштарлықтың
символы, Қасым Аманжоловтың Дариғасы – арманның символы т.т.
Көркемдеу тəсілдерінің ішінде сирек кездесетіні – символ. Бір ақында
көзге түсетін нағыз символдар төрт-бестен аспайды. Ғалым Р.Сыздық Абайдың
тілін зерттей келе, Абай поэзиясында символдың көп қолданылмағандығын
анықтайды. Алайда «Абайдан символ іздей қалсақ, ең алдымен жүректі атар
едік. Жүрек - адам организміндегі мүшенің атауы, демек, ол да зат. Осы затты
ақын адамның ішкі дүниесінің, санасының рухани сұранысының символы
етіп қолданады, тіпті əрі-беріден соң жүрек - адамның өзінің символы болып
шығады» [1,92 бет] деп, «жүрек» сөзін Абайдың өзіндік қолданысындағы
символ екендігін дəлелдейді. Мысалы, ақын:
Жүрегім, ойбай, соқпа енді,
Бола берме тым күлкі.
Сорлы жүрек мұнша ауыр
Неге қатты соқтығар
110
Сенісерге жан таба алмай,
Сенделеді ит жүрек.
Мұнда əңгіме организм мүшесі - жүрек туралы емес, адамның өзі туралы:
күлкі болатын жүрек емес, адам, сорлы эпитеті адамға ғана тəн, сенделетін де
адам. Абайдың жүректі адамның символына айналдыратыны соншалық, тіпті
жүрекке берілген қимыл-əрекеттің бəрі адамның əрекеті.
Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ,
Тулап, қайнап, бір жүрек қылады əлек.
Мұнда да жүрек - адамның символы. Себебі тулайтын да, əлек салатын да -
адамның өзі.
«Идеяны символдап берудің» өзіндік заңдылықтары мен қабылдану
нормалары барын ескерген тілші оны екі түрлі шарттың сəйкестігі
тұрғысынан жүйелеп көрсетеді: біріншіден, символ «идеяны тұспалдап,
нышанын ғана білдіру» болса; екіншіден, ол «халық санасында орныққан,
көпшілік оқырманның құлағына қанық образдар» (мысалы қос аққу - сүйіскен
жастар, ғашықтар, дала - еркіндік т.т.) қатарын құрауға тиіс, яғни «оқырманның
символды түсінетін дəрежесімен де санасу керек» [1,91 бет] деп есептейді
автор. Идеяны «материалдық дүниемен» байланыстыра негіздеген аталмыш
бірлік «көзге көрінетін, қолға ұсталатын, құлаққа естілетін» дүниеден «балама
іздеу» арқылы жасалатындықтан, оның табиғи болмысын тану да абстракт
ұғымдардың «заттануына» [1,91 бет] көңіл бөлуден басталады, сол себепті Абай
шығармаларының тілін ақынның жеке субьективті қабылдауымен бірлікте
қарастырған ғалым сөздердің символдану үрдісін де адамның «ішкі дүниесінің
сұранысы» деп түсіндіреді. «Адамның ішкі дүниесі абстракт нəрсе болса, оның
символы материалдық дүниеден алынып отырғандығын күшейте түсу үшін
Абай жүректі «заттандырып» алады: жүрек киім, төсек сияқты жамаулы болып
та келеді. (Жүрегім менің қырық жамау қиянатшыл дүниеден), жылқы сияқты
асау болып та келеді (Асау жүрек аяғын шалыс басқан), адамның өзі сияқты
асыл болып та келеді (ақылды, асыл жүрек сөзі майда), сондай-ақ жылы да,
111
ыстық та, мұз да, сұм да болып келе береді. Бұл сипаттардағы жүректердің
барлығы - адамның, лирикалық кейіпкердің өзінің символы» [1,92 бет] дей келе,
автор «жүрек» сөзін антропологиялық ұстанымдардың орталығы, психологиялық
сипаттамалардың бастауы, символдық танымның өзегі тұрғысынан
айқындайды. Ол туралы ғалым «Абайдың жүректі адамның символына
айналдыратыны соншалық, тіпті жүрекке берілген қимыл-əрекеттің бəрі -
адамның əрекеті» деп тұжырымдайды [1,92 бет].
Сондай-ақ ғалым Р.Сыздық Абайдың қолданысындағы «тіл» сөзін де
символ деп көрсетеді. «Абай тіл дегенді де ақындықтың, поэзияның символы
етіп көрсеткен деуге болады. Тіл сөзін 80-нен аса рет қолданғанда, ол
қолданыстың көбінде тіл сөзінің адамның ауыз қуысындағы дəм беретін
мүшесінің атауынан басқа жəне адамдардың бір-бірімен сөйлесетін қатынас
құралы деген ұғымынан басқа, оны тұспалды мағынада да жұмсайды» деп
анықтайды [1,92 бет]. Автор Абайдың «Сегізаяғы» толғауы тоқсан қызыл тілін
«үндеуден» басталады» деп, «қиуадан шауып, қисынын тауып, тағыны жетіп
қайыратын толғауы тоқсан қызыл тіл» поэзияда жұмсалғанда ғана тіл «тағыны
қайрады» дегенді баса айтқан. «Оның қиуадан шауып, қисынын тауып, тағыны
жетіп қайыратын толғауы тоқсан қызыл тіл деп отырғаны - поэзия, өлең сөз.
Тіпті үңіле қарасақ, ақын өзі «сөйлеймін десең өзің біл» деп өз талант күшіне,
ақындық қуатына айтып тұр. Əрине, үстірт қарағанда, қиуадан шабатын да,
қисынын тауып, тағыны қайыратын да тілдің (сөздің) өзі сияқты, бірақ сол тіл
қай түрде жұмсалғанда тағыны қайырады: жай сөйлегенде ме, əлде поэзияға
қызмет еткенде ме? Əрине, соңғы жағдайда. Демек, ақынның бұл жердегі
толғауы тоқсан қызыл тілі - өзінің ақындық қуаты, өзінің поэзиясы» [1,92-93бет].
Р.Сыздық зерттеулерінің нысанын құраған символдық таным, ең алдымен,
абстракт ұғым мен заттық материя арасындағы тұспалдап айтылатын астарлы
ойдың нəтижесі болса, келесі кезекте ол адам санасында бұрыннан
қалыптасып орныққан суреттер мен бейнелерден, таныс үлгілерден құралатын
тілтанымдық факторлардың бірі болып табылады.
Қазақтың төл əдеби тілінде із қалдырған сөз шеберлерінің бірі - Махамбет
Өтемісұлы. Оның өлеңдеріндегі нақтылы образдар, кейіпкерлер, олардың
112
тіршіліктегі жалпы болмысы - қайталанбайтын құбылыс. Махамбет
өлеңдеріндегі сөздердің құрылымы, ұйқасы мен тіркес түрлері жай сыртқы
əдемілік үшін алынбаған. Бұл өлеңнің сыртқы шымырлығын ғана емес, ішкі
мазмұндық кемелділігін танытса керек.
Махамбет өлеңдерінің кемелдігі ең алдымен, жүйелі сөзінде, аталы ойды
жеткізуінде. Сөз қолданысындағы тұлғалық, мəндік, мағыналық құрылымды
іріктеп пайдалануында.
Оны профессор Анар Салқынбай Махамбет ақынның қолданысындағы
«Мен» сөзін қарастыруда көрсеткен. Ғалым Махамбеттің сөз қолданысындағы
«Мен» сөзін зерттеу нысаны етіп алған «Махамбеттің Мені» атты мақаласында
айқын көрсете білген.
Қазіргі əдебиеттегі кездесіп жүрген «мендермен» Махамбеттің МЕН-ін
салыстыруға келмейді. Тілдік табиғаты басқа. Сөздің таңбалануы ортақ
болғанмен, ішкі мазмұны ерекше, мəні өзгеше. Бұл жөнінде профессор өзінің
мақаласында «сөздің құдіреті, əсіресе, абстрактылы ойлаудың шегіне жеткенде
көрінеді» деген [2,113 бет]. Ғалым ең алдымен, сөз құдіретінің қалай
туындайтынын көрсеткен. «Нақты ойда сөз тура мағынасында жұмсалады. Ал
оның сəулеленуі, нұрлануы - ойдың ұшқырлығы нəтижесінде, белгілі
абстракциялық шыңға жету сəтінде туындайды. Мұндай жағдайда сөз жер
бетіндегі өзінің күнделікті күйбең тіршіліктегі мағынасын ысырып тастап, жаңа
бейнеге еніп, нұрланады. Сөз қайта түлеп, өзінің нағыз құдіретті күшіне мінеді.
Сол құдіреті мұнда тек қана тұлғаның лексикалық мағынасынан ғана емес,
грамматикалық құрылымынан, бүкіл болмысынан көрініп тұрады» дейді [2,113
бет]. Сондай-ақ абстракциялы ойдың бейнесі ретінде көрінетін сөз мағынасы
кең, аумақты да ауқымды болып келеді.
Ал Махамбет ақынның қолданысындағы сөз құдіреті тым ерекше. Автор
ақынның сөз мағынасының абстракциялылығы, яғни кез келген таңбаның
абстракциялы мəнге иеленуі - ең алдымен ойлау жүйесіне байланысты екендігін
баса айтқан.
Профессор ақын өлеңінде «Мен» сөзі жиі қолданылғандығын айтып жəне
ол «Мен» сөзі жай жіктеу есімдігі ғана емес, оның астарында мол сыр бар,
113
мағынасы терең деген тұжырым жасайды. «Мұндағы «МЕН» - Махамбеттің
бүкіл болмысы, Махамбеттің күрескерлік əлемі, Махамбеттің батыр жүрегі. Осы
«МЕН» арқылы Махамбеттің ісі, күрескерлігі, ерлігі, елге деген махаббаты, елдің
тəуелсіздігіне деген жауапкершілігі мен дұшпанға өшпенділігі көрініс береді»
деген дəлелдемелер келтіреді [2,112 бет].
Ғалымның зерттеулеріне қарап, «Махамбеттің Менін» төмендегідей бөліп,
ғалымның берген анықтамаларын келтірсек:
1. «МЕН» - Махамбеттің бүкіл болмысы. «Махамбет өз МЕНІ арқылы
болған іске деген өзінің жауапкершілігін көрсетеді. Істі бастаған ер бар.
Кескілеспей басылмайтын қайсар батыр бар. Істеген ісін бітірмей тынбайтын
кескекті ердің сойы бар, боз ағаштан биік батыр бар. Яғни əрекеттің басында,
барысында, аяғында жүрген субъекті - істің иесі бар. Ол басталған іске өз
жауапкершілігін толық сезінеді. Сəтті ісіне де, сəтсіз ісіне де тек өзі ғана
жауап береді. МЕН - бұл барлық болған іс-əрекеттің иесі» [2,112 бет]. Демек,
ақынның өлеңінде бастаған ісіне деген жауапкершілігі байқалады. Сонымен
қатар профессор А.Салқынбай ақынның еліне деген жанашырлығын,
сенімділігін, арманын, даналығын, дұшпанға өшпенділігін былай көрсетеді: «Ана
Нарында жатқан жас баланың қамы», «Еділ үшін егесті, Жайық үшін
жандасты, Қиғаш үшін қырылды», «Хан ұлына қас болу, қара ұлына бас болу»,
«Ел қорыған мен едім, Мен де айрылдым елімнен, Көл қорыған сен едің, Сен де
айрылдың көліңнен... айтып, айтпай немене, құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні», «Исатайдың барында, Екі тарлан бөрі еді. Еділдің
бойы ен тоғайға ел қондырсам деп, жағалай жатқан сол елге мал толтырсам»
деген сөздерінен көрінісін тапқан.
2. «МЕН» - Махамбеттің күрескерлік əлемі. Махамбеттің күрескерлік
əлемі оның жеңісі мен жеңілісінен байқалады. Махамбеттің жеңісі мен жеңілісі
күнделікті өмір ағымында кездесіп жататын ру арасындағы тартыстардан туған
жеңістер мен жеңілістер емес. Тірліктің өзі бір күрес. Оның өзі тек жеңістер мен
жеңілістерден тұрады. Десек те, ғалым А.Салқынбай Махамбеттің жеңісі асқақ,
жеңілісі де ерекше деп көрсетеді. Яғни «жеңісінде Махамбет:
114
Дұшпанына келгенде,
Тартынбай сөйлер асылмын.
Құла бір сұлу ат мінген,
Құйрық жалын шарт түйген,
Құс сағыздай созылған,
Дулығалы бас кескен,
Ту түбінен ту алған,
Жауды көріп қуанған
Мен Өтемістің баласы
Махамбет атты батырмын.
Мұндай төгіліп тұрған жырлар əлемдік поэзиядағы сирек құбылыстар! Тағы да
МЕН. Махамбеттің жеңілісті сəті:
Мұнар да мұнар, мұнар күн,
Бұлттан шыққан шұбар күн.
Буыршып мұзға тайған күн,
Бура атанға шөккен күн.
Бұлықсып тұрған мырзадан
Бұрынғы дəулет тайған күн.
Қатарланған қара нар
Арқанын қиып алған күн.
Алма мойын аруды
115
Ат көтіне салған күн.
Бұл - елім деп еңіреген ердің ажал құшағын тауып, басталған іс жеңіліс
тауып тұрған сəт. Күн - Мұнар, бұлттан шыққан күн - шұбар. Бура атанға
шөккен соң, ақырзаман емей немене? Алма мойын ару атқа мінгестіріліп күң
болса, жеңіліс емей немене. Ақын жүрегі қан жылайды, күн де жылайды, дауыл
теріс соғады, хас бəйтерек жығылған, қылыш балдағынан сынған, дұшпанның
көңілі тынған күн» деп көрсетеді [2,114-115бет]. Алайда ғалым «Махамбеттің
Меніне» мынадай анықтама береді: «Ешкімнен қорықпайтын, жасымайтын,
жасқанбайтын, өзін жасырмайтын, ешкімге табынбайтын - МЕН бұл.
Махамбеттің Мені - қазақ халқының МЕНІ. Өзі жау іздемейтін, қарсы келген
дұшпанға қаймықпай, кірпік қақпай қарсы қарап тұратын қазақ халқының
жауынгер ұлдары мен қыздарының Мені» [2,114 бет].
3. «МЕН» - Махамбеттің батыр жүрегі. Ақынның батыр жүрегі кеңістік
атаулары арқылы ашылады. А.Салқынбай батыр жүрегін көрсетуде мысалға
ақынның «Жалғыздық» атты өлеңін алады:
«Бұл дүние жүзінде
Айдан ару нəрсе жоқ.
Ол түнде бар да, күндіз жоқ.
Күннен ару нəрсе жоқ.
Ол күндіз бар да, түнде жоқ.
Күн мен ай концептуалдық жұбын негізге ала отырып, ақын басына түскен
трагедиялық жағдайды толық контрастық пен қарама-қайшылық сипатта
көрсетіп, оның табиғи қырын ашады. Күн мен түннің ауысуы, жарықпен
қараңғының болуы - тіршілік заңы, болмыстың заңы. Диалектика заңы. Бұл
бұлжымайды. Сондай-ақ даму диалектиканың заңдылығының бірі қарама-
қайшылықтың бірлігі мен күресі емес пе?» деп, ғалым күн мен айды алуының
себебінде өзіндік терең символдық мағынасы бар екендігін айтады. «Ақынның
116
ұтқаны - кеңістік атауларын алып, оның мəні мен маңызы арқылы өз жүрегінің
сырын ашуы. Кеңістік атаулары күн мен айды алуының терең символдық мəні
бар. Ұлы дала. Аспандағы ай мен күн. Ең бастысы керілген ұлы далаға жалғыз
АДАМ - МЕН. МЕН - əлемнің бір ғана бөлшегі» [2,115 бет]. Демек, Махамбет
ақын өз еліне, жеріне қабырғасы қайысқан тек қана жалғыз адам Мен деп
көрсетеді. Бар мен жоқ антонимдік сыңарының мағыналық қарама-қарсылығын
пайдалана отырып, əлемдік қарама-қайшылықты көрсетеді. Ақын өзінің ішкі
сезімімен бүтіннің ортасында жүреді. Бүтін əлеммен бірге тыныстайды, бүтінді
өзін тыңдауға шақырады.
Қорыта келгенде айтарымыз, профессор А.Салқынбай əділетсіздікпен,
теңсіздікпен
күресіп
өткен
күрескер
Махамбет
шығармаларының
қолданысындағы «Мен» сөз-символына талдау жасау арқылы ақынның бүкіл
болмысын, батырлығын аша түсті. Демек, ақын «Мен» символ-сөзі арқылы
астарлы ойды білдіргісі келгендігін көреміз.
Қазақ поэзиясының көгінен өз орнын тапқан озық ойлы таланттарымыз көп.
Солардың
қатарына
өлең
өлкесінде
өздерінің
шығармашылық
бай
лабораториясын жасап, шеберліктерін танытып, қазақ жыр-қазынасының
байлығына өз үлестерін қосып жүрген əйел-ақындарымызды ерекше атап айтуға
болады. Мысалы, өлең көшін жалғастырушы Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина,
А.Бақтыгереева, К.Ахметова сынды əйел-ақындарымыз поэзияға өзіндік
мінездерімен, өзіндік бір қолтаңбаларымен келіп, жыр бəйгесін жалғастырды.
Жоғарыда аталған əйел-ақындар поэзиясының тілін айқындауда соңғы жылдары
жазылған
диссертациялардан
зерттеуші
К.Қ.Есіркепованың
«1960-80
жылдардағы əйел-ақындар поэзиясының тілі (Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина,
А.Бақтыгереева, К.Ахметова шығармалары негізінде)» атты еңбегін атауға
болады. Бұл кандидаттық диссертациясын зерттеуші К.Қ.Есіркепова əйел-
ақындардың тілін мына мəселелерді қарастыруымен анықтайды, яғни еңбектің
бірінші тарауында əйел-ақындар поэзиясы тілінің лексика-фразеологиялық,
грамматикалық ерекшеліктері мен əйел-ақындардың поэтикалық тіліндегі
көркемдегіш-бейнелегіш амалдардың стильдік қызметі анықталады.
117
Жұмыстың екінші тарауында ақындар тіліндегі сөз-символ қолданысы
мəселесі қарастырылады. Əйел-ақындар қолданған сөз-символдар тілдегі
танымдық дүние жəне қоғамдық өзгерістерді көрсететін белгілер ретінде
қарастырылады. Ғалым Ф.Оңғарсынова, М.Айтқожина, А.Бақтыгереева,
К.Ахметова шығармалары тілінен төмендегі сөз-символдарды анықтайды:
1 .«Ақ»
Достарыңызбен бөлісу: |