В этой связи целесообразным видится обращение к положительному опыту исследования
децентрализации, который может быть использован в Казахстане с поправкой на
государственные правовые традиции, действующее законодательство и другие факторы.
42
Бурбаев Т. К.,
философия ғылымдарының докторы, профессор,
ҚР Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы
ҚАЗАҚСТАН ҚОҒАМЫН ЖАҢАРТУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ӘЛЕУМЕТТІК
МӘСЕЛЕЛЕРДІ ШЕШУДІҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҰСТАНЫМДАРЫ
Аңдатпа
Мақалада әлеуметтік саясаттың өзекті мәселелері қарастырылады, Қазақстан қоғамының әлеуметтік
мәселелерді шешудегі инновациялық тәсілдің маңыздылығы көрсетілді. Инновациялық тәсілдің объектісі
ретінде еңбек, жұмыспен қамтылу, мемлекеттік тіл, діни экстремизм және терроризм мәселелері мен
жаhандану жағдайындағы қазақстандық отбасы мәселелері алынды.
Тірек сөздер: Әлеуметтік саясат, инновация, еңбек, от басы, діни экстремизм және терроризм,
мемлекеттік тіл.
Аннотация
В статье рассмотрены актуальные проблемы социальной политики, отмечены важности
инновационного подхода к решению социальных проблем Казахстанского общества. В качестве
объектом инновационного подхода рассматриваются проблемы труда, занятости, государственного
языка, религиозный экстремизм и терроризм и вопросы казахстанской семьи в условиях глобализаций.
Ключевые слова: Социальная политика, инновация, труд, семья, религиозный экстремизм и
терроризм, государственный язык.
Abstract
In article actual problems of social policy are considered noted importance of innovative approach to the
solution of social problems of the Kazakhstan society. In quality the object of innovative approach considers
problems of work, employment, a state language, religious extremism and terrorism and questions of the
kazakhstan’s family in the conditions of globalizations.
Keywords: Social policy, innovation, work, family, religious extremism and terrorism, state language.
Елбасы, Қазақстан Республикасы Президенті Нурсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына
жолдаған «Қазақстан
–
2050» стратегиясында қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешуге ерекше
назар аударып, әлеуметтік саясаттың жаңа ұстанымдарын қалыптастыру қажеттігін атап өткен
болатын. Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты қоғамның саяси-әлеуметтік тұрақтылығын
қамтамасыз ете отырып, мемлекет пен ұлттың бәсекеге қабілеттілігін, әлеуметтік мемлекет
идеясының негізгі қағидаларын жаћандану заманында жүзеге асыру болып табылады.
Осы тұрғыдан келгенде Қазақстан қоғамын жаңарту жағдайындағы әлеуметтік мәселелерді
шешудің қандай инновациялық жолдары бар екендігін саралау осы мақаланың басты мақсаты
болып есептеледі. Бұл біріншіден. Екіншіден, әлеуметтік мәселелерді инновациялық тұрғыдан
шешу қоғамдық ойдың жаңа бағыттарын танымдық көкжиегін кеңейтіп, қоғам мүшелерінің
азаматтық ұстанымдарын нығайтуға ықпалын тигізері анық. Үшіншіден, әлеуметтік мәселелерді
инновациялық тұрғыдан шешу «Қазақстан–2050» стратегиясында атап көрсетілген сыртқы
және ішкі қауіптерді болдырмаудың алдын алумен қатар, оны басқарудың тиімді жолдарын,
тетіктерін дамытуға, жетілдіруге көмектеседі. Осы тұрғыдан келгенде мақала тақырыбы өзекті.
«Қазақстан–2050» стратегиясы жаңа Қазақстанның жаңа саяси бағытын айқындайтын
құжат. Онда әлеуметтік саясаттың жаңа принциптерін қалыптастыру қажеттілігі көрсетілген.
Әлеуметтік саясаттың басты мақсаты Қазақстан Республикасының Конституциясында
белгіленген әлеуметтік мемлекет идеясын ХХI ғасырда жүзеге асыру іс-әрекетімен тығыз
байланысты.
Әлеуметтік мемлекеттің басты мақсаты азаматтардың әлеуметтік-экономикалық (еңбек
етуге, дем алуға, әлеуметтік көмекке) құқықтарын жариялап қана қоймай, олардың еңбек
етуіне, кәсіпкерлікті дамытуға, сапалы білім алуына жағдай туғызуына ынталы екендігі
көрсетілген. Әрине, мұндай ұстанымда патерналистікке, енжарлыққа, бәрін мемлекет шешеді
деген ұстанымға қайтып оралуға жол жоқ екені белгілі. Осы жағдайда мемлекеттің әлеуметтілігі
адамдардың инновациялық қабілетін дамыту мен интеллектуальдық мүмкіндіктерін
пайдалануға жол ашуы керек. Мұндай әлеуметтік мемлекеттің құндылықтық негізі де басқа
болуы тиіс. Әлеуметтік мемлекет өз ұстанымында мына көрсеткіштерге назар аударуы тиіс:
- мемлекеттік идеологиядағы әлеуметтік құндылықтардың басыңқылығына;
- әлеуметтік саясаттың құқықтық негізде жүруі, әлеуметтік мәселелерді мемлекеттің үнемі
қадағалап отыратындығына;
СТРАТЕГИЯ «ҚАЗАҚСТАН –2050» СТРАТЕГИЯСЫ – ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТ
СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН –2050» – НОВЫЙ ПОЛИТИЧЕСКИЙ КУРС
«KAZAKHSTAN –2050» STRATEGY – THE NEW POLITICAL COURSE
ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ
ãîñóäàðñòâåííîå
óïðàâëåíèå è
ãîñóäàðñòâåííàÿ
ñëóæáà
43
- әлеуметтік қамсыздандыру, әлеуметтік қорғау, тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді
қамтамасыз етуіне;
- білім алуға, емдеделуге, баспанаға қол жетімділігін қамтамасыз етуіне т. б.
Өз кезегінде мұндай идеяны жүзеге асыру үшін әлеуметтік саясат әлеуметтік әділеттік
ұстанымына ерекше назар аударуы қажет.
Әлеуметтік әділеттілік әлеуметтік жауапкершілікпен тығыз байланысты. Жауапкершілік
болмаған жерде әлеуметтік әділеттіліктің де сақталуы қиын. Бұл құндылықтар әлеуметтік
саясаттың негізі, қоғам дамуының бағытын айқындайтын басты күш. Мәселен, әділеттілік
болмаған жерде ішкі бірлік пен татулықта, демократияда, ұлтаралық келісімде, әлеуметтік
өзара түсіністік те болмайтыны белгілі. Болашақта мүмкін болатын әлеуметтік жікшілдік
пен қайшылықтардың жолын алу үшін де аталған құндылқтардың маңызы зор. Қазақстан
жағдайындағы мұндай инновациялық ұстаным әлеуметтік саясаттың жаңа бағыты екенін
Елбасы «Қазақстан–2050» стратегиясында тағы да атап өтті. Татулық пен бірлікті, азаматтық
келісім мен саяси тұрақтылықты негізге ала отырып қоғамның әлеуметтік мәселелерін шешу,
бүгінгі қайшылықты заманның тиімді де оңтайлы ұстанымы екенін ескертті.
Қазақстан қоғамын жаңарту жағдайындағы әлеуметтік мәселелерді шешудің инновациялық
ұстанымдары қоғам мүшелерінің санасынан көп жылдар бойы қалыптасқан патернализм
мен этатизмнен арылуды қажет ететіні белгілі. Енжарлық пен масылдыққа, еріншектікке өз
тағдырыңа жүрдім-бардым қарауға болмайтынын нарықтық экономика қанша үйретседе,
қоғамның кейбір мүшелерінде мұндай стереотиптердің әлі де болса сақталып келетіні жасырын
емес. Әсіресе, мұндай психология ауыл тұрғындары санасында күні бүгінге дейін орын алуда.
Елбасының «Қазақстан–2050» стратегиясында осы мәселеге де ерекше назар аударылған.
Мемлекет әлеуметтік қолдауды тек көмекке мұқтаж топтарға ғана көрсетуі тиіс. Жолдауда
«мемлекет қоғамның әлеуметтік жағдайы төмен топтарына – зейнеткерлерге, мүгедектерге,
еңбекке жарамсыздарға, науқас балаларға, т.б. атаулы көмек үшін толық жауапкершілік
алатындығын» атап өткен. Бұл жерде әлеуметтік қорғау әлеуметтік саясаттың құрамдас бөлігі
ретінде көрсетілген. Нарықтық экономика жағдайында Қазақстан азаматтарына атаулы көмекті
дамыта отырып, қоғам мүшелерінің экономикалық белсенділігін арттырудың маңыздылығы
атап өтілген. Сондықтан да Елбасы жолдауындағы әлеуметтік саясаттың басты қағидалардың
бірі: «кедейшілік ешбір қазақстандық үшін әлеуметтік перспективаға айналмауы керек» – деген
ұстаным, әлеуметтік мәселелерді шешудің инновациялық жолы болып табылады.
Бұл мәселеге, кезінде Абай да ерекше назар аударғаны белгілі. «Күллі адам баласын қор
қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек: әуелі-надандық, екіншісі-еріншектік, үшіншісі-
залымдық деп білесің. Еріншектік–күллі дүниедегі өнердің дұшпаны. Талапсыздық, жігерсіздік,
ұятсыздық, кедейлік – бәрі осыдан шығады».
Елбасы «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына
қарай 20 қадам» атты мақаласында еңбек мәселесіне ерекше назар аударды. Еңбектің
қоғам өміріндегі басты құндылықтардың бірі ретінде қарай отырып, әлеуметтік мәселелерді
инновациялық тұрғыдан шешудің жолын еңбек философиясынан іздеді. Еңбек–қоғам
дамуының негізі екені сөзсіз. Қандай да болмасын құндылық еңбек негізінде пайда болатыны
белгілі. Сондықтан әлеуметтік мәселелерді инновациялық тұрғыдан шешу үшін жастарды
еңбекке тәрбиелеудің маңызы зор.
Тәрбие отбасынан басталады. Өкінішке қарай, еңбек пен отбасы арасындағы байланыс
бүгінде үзілген, жеке тұлғаның жасампаздық қасиетін, моральдық рухани болмысын
қалыптастырудан еңбек үрдісі тыс қалған. Бүгінде еңбектің қадір қасиетін аз сезінетін ұрпақ
өсуде. Олар үшін еңбектің мағынасы мен мазмұны да өзгеруде. Кезінде орыс педагогы
К.Д.Ушинский: «ата-ананың баласына қалдырған ең жақсы мұрасы, ақша да, затта, тіпті
білім де емес, керісінше шексіз еңбекқорлық, еңбексүйгіштік»-деген екен [4]. Сондықтан
да нарықтық экономика заманында еңбекке деген дұрыс көзқарасты қалыптастыру, еңбек
тәрбиесімен айналысу әлеуметтік мәселелерді тиімді шешудің бірден-бір жолы болмақшы.
Олай болса, отбасында жастарды еңбекке тәрбиелеудің маңызы зор. Бұл жолда отбасындағы
ұлттық тәрбиеге де көп нәрсе байланысты. Қысқаша айтқанда, отбасында, қоғамда еңбектің
доминанттық жағдайға ие болуы әлеуметтік мәселелерді шешудің басты көзі болып қалмақшы.
Осы тұрғыдан келгенде, еңбек жеке бастың тұлғалық қасиетін дамытуда басты фактор болуы
тиіс. Өкінішке қарай, жеке бастың жетістігінде адал еңбектен бұрын тамыр-таныстық басты
факторға айналып отыр. Басқаша айтқанда жеке бастың жетістікке жету траекториясы кейбір
жағдайларда адал еңбек философиясынан тысқары өтіп жататыны кімді де болса ойландыруға
тиіс. Осыдан келіп, тұлғаның тұлсыздануы, жіктелуі, екіжүзділігі пайда болады. Нәтижесінде
әлеуметтік мәселерді инновациялық тұрғыдан шешудің мүмкіндігі төмендейді. Елбасының
Бурбаев Т. К.
Қазақстан қоғамын жаңарту жағдайындағы
әлеуметтік мәселелерді шешудің
инновациялық ұстанымдары
44
әлеуметтік әділдікті, адал еңбекті, дамуды, ішкі бірлік пен татулықты, өзара сыйластықты
Қазақстан дамуының негізі, болашағы деп түсінуінің астары осындай.
Қазақстан қоғамын жаңарту жағдайындағы әлеуметтік мәселелерді шешудің
инновациялық ұстанымдары өңірлерді дамыту мен тығыз байланысты болып отыр.
Мемлекеттік органдардың өңірлік даму саласындағы жұмыстарын үйлестіру, барлық
бағдарламалардың орындалуын өңірлермен байланыстыру, моноқалаларды дамыту
әлеуметтік мәселелерді шешудегі инновациялық ұстанымның алғышартын қалыптастырары
сөзсіз. Өңірлердегі әлеуметтік теңгерімсіздіктер мәселесін шешу, жұмыспен қамту мен
жаңа еңбек саясатын жаңғырту, әлеуметтік қорғауды нығайту, индустриалдық жобаларды
өңірлік экономиканың локомативіне айналдыру – жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін
көтеріп қана қоймай, олардың әлеуметтік белсенділігін арттырып, болашаққа деген сенімін
арттырады. Өңірлер әлеуметтік саясаттың басты субъектісіне айналады. Моноқалаларды
дамыту бағдарламасын жүзеге асыру, жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіпорындар жұмысын
жандандыруға айтарлықтай ресурстар бөлу жергілікті жерді басқарудың сапасын арттырып,
халықтың билікке деген сенімін нығайтады.
Аймақтарды дамыту саясаты аймақтық ерекшеліктерді ескере отырылып жүргізілуі қажет.
Әсіресе экологиялық, демографиялық, медициналық, білім беру, этникалық ерекшеліктер
аймақтық саясатта ескеріліп, әлеуметтік мәселелерді шешкенде басты ұстанымға айналуы
тиіс. Бұл әлеуметтік мәселелерді шешудің тиімді де ұтымды жолы десе болады.
Қазақстан қоғамын жаңарту жағдайындағы әлеуметтік мәселелерді шешудің
инновациялық ұстанымдарын жүзеге асыруда көші-қон мәселесінің орыны бөлек. Бұл
жөнінде «Қазақстан–2050» стратегиясында нақты айтылған. Қазақстан өз тәуелсіздігін
жариялаған күннен бастап «Нұрлы көш» бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Осы
жоба аясында Қазақстанға Қытай, Монголия, Түркия, Иран, Ирак, Рессей, Өзбекстан,
Түркіменстан елдерінен қазақбауырларымыз елге оралды. Алыс-жақын шетелден келген
қандастарымызға әлеуметтік, материалдық жағдайлар мен жеңілдіктер жасалынып,
оларды жұмыс, баспана мен қамтыту мемлекеттің басты саясатының бірі болды. Бүгінде
олар еліміздің дамыуына, тәуелсіздігіміздің нығаюына барша қазақстандықтар мен бірге
өз үлестерін қосуда.
Қазақстан қоғамын жаңарту жағдайындағы әлеуметтік мәселелер қатарына ана мен
баланы қорғау мәселесін жатқызуға болады. Отбасы – мемлекет негізі, тәуелсіздік от
басынан басталады десек, бұл мәселеге де мемлекет ерекше назар аударуы қажет. Бүгінде
қазақстандық отбасы да жаћанданудың ықпалдарын көріп, батыстық құндылықтардың
ықпалын сезінуде. Отбасында ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық құндылықтарға сызат
түсуде. Отбасылық тәрбие екінші орынға ысырылып, тәрбие мәселесі көп жағдайда сыртқы
ықпалдар жетегінде кеткен. Кейбір деректер бойынша, Қазақстанда әрбір жетінші от басы
толық емес, 90% толық емес отбасының басында әйел азаматтар тұр. 2012 жылдың өзінде
жекебасты әйелдер саны 442 мыңға жетсе, некеден тыс туған баллардың саны 32 мыңға
жеткен. Қазақстандағы отбасының 80% – 2 баламен шектелген [5, 23]. Бұл мәселені шешу
әлеуметтік саясатта жаңа көзқарастар мен ұстанымдарды қажет етеді. Әсіресе рухани-
адамгершілік тәрбиені әлеуметтік мәселелерді шешудің негізі ретінде қараудың маңызы зор.
Қазақстан қоғамын жаңарту жағдайындағы әлеуметтік мәселелерді шешудің
инновациялық ұстанымдары – саяси, экономикалық, әлеуметтік мәселелерді шешумен
ғана шектелмейді. Сонымен бірге ол әлеуметтік жауапкершілікті, мәдениетті, патриотизмді,
мемлекеттік тілді, қоғамның рухани саласын, дінді, білімді, ғылымды дамытуды, ел бірлігін,
ұлтаралық татулық пен бірлікті нығайтуды талап етеді. ХХI ғасырда Қазақстан үшін ең
басты мақсат ұлтаралық татулық пен бірлікке негізделген қазақ мемлекетінің іргесін одан әрі
нығайту, мемлекеттік тілді қоғамның біріктіргіш күшіне айналдыру, барлық этнос өкілдерін
тәуелсіздік идеясын жүзеге асыру саясаты төңірегінде топтастыра отырып әлеуметтік
мәселелерді шешуде инновациялық ұстанымдарды одан әрі дамыту болып табылады.
Сондай әлеуметтік мәселенің бірі-тіл.
Тіл – ұлт геномы, коды, тіл – билік. Қай тілде сөйлесең, сол халықтың рухы, пәрмені
қашанда үстем. Демек, тәуелсіздікті қорғау, оны баянды ету де мемлекеттік тілдің дамуымен
тікелей байланысты. Мемлекеттік тіл қаншалықты дамыса, тәуелсіздікті рухани тұрғыдан
қорғау да соншалықты болмақшы. 2025 жылы қазақ тілінің графикасын латын графикасына
көшіру мәселесі бүгінде қоғамда қызу талқылануда. Бірақ, пікір сайыстардың тоғысқан жері
ол – қазақ тілін модернизациялау заман талабы. Жаћандану жағдайында оның бәсекелестік
қабілетін арттырудың, әлемдік ақпраттық кеңістікті игерудің тиімді жолы деген қоғамдық пікір
қалыптасуда. Бұл әлеуметтік мәселелерді шешудегі инновациялық ұстаным екені сөзсіз.
Сол тәрізді, Қазақстан қоғамын жаңарту жағдайында дін және, діни экстремизм мен
терроризм мәселелерін шешу де инновациялық ұстанымдары талап етеді.
СТРАТЕГИЯ «ҚАЗАҚСТАН –2050» СТРАТЕГИЯСЫ – ЖАҢА САЯСИ БАҒЫТ
СТРАТЕГИЯ «КАЗАХСТАН –2050» – НОВЫЙ ПОЛИТИЧЕСКИЙ КУРС
«KAZAKHSTAN –2050» STRATEGY – THE NEW POLITICAL COURSE
ÌÅÌËÅÊÅÒÒІÊ
ãîñóäàðñòâåííîå
óïðàâëåíèå è
ãîñóäàðñòâåííàÿ
ñëóæáà
45
Әлемде терроризм, экстремизм мәселелері күннен – күнге ушығып келеді. Терроризм мен
экстремизмнің табиғаты, мақсаты мен қозғаушы күші, шығу себептері, ментальдық болмысы
жайында қоғамда қызу пікірлер жүріп жатқаны белгілі. Көптеген ғалымдардың пікірінше
терроризм мен экстремизм ХХI ғасырда жаңа сипатқа ие болып, мемлекеттердің ұлттық
қауіпсіздігіне қауіп төндіруде.
Діни экстремизмнің алғы бастауларының бірі – діни фанатизм. Ол діни ұстанымдар мен
идеяларға шексіз, шүбәсіз, соқыр сенуден туындайды. Соның нәтижесінде, ол адам өміріндегі
басты қозғаушы күшке айналады. Бірақ, діни фанаттардың санасы мен дүниетанымында
шүбә келтіруге, ақылмен саралауға орын жоқ. Сенім, ақылды адам іс-әрекетінен ығыстырып,
жетекші күшке айналады.
Қазақстан жағдайына, «исламдық экстремизмге» ерекше назар аударылуда. Кейбір
дінтанушылар мен саясаткерлердің пікірінше – исламдық экстремизмнің таралуының бірден-
бір себебі, ол халықтың әлеуметтік және мәдени деңгейінің төмендеуі, кейбір әлеуметтік –
демографиялық топтардың әлеуметтік тұрғыдан дұрыс қорғалмауы, жұмыссыздықтың кең
етек алуы болып отыр.
Сонымен бірге, Қазақстан жағдайында исламдық экстремизмнің алғы бастауларын елдегі
әлеуметтік-мәдени ахудан бұрын қоғамдағы діни сананың қалыптасу жолдарынан да іздеген
дұрыс тәрізді.
Нақты айтар болсақ, исламдағы салафиттік бағыт, немесе Орталық Азиядағы Халифат
құруды мақсат құрған «Хизбут-Тахрир» діни бағыттарының идеологиясы көп жағдайда
ішкі факторлардан бұрын сыртқы факторлармен байланысты екенін байқауға болады.
«Хизбуд-Тахрир» идеологиясының Қазақстанда таралуына әлеуметтік-мәдени және ұлттық
менталитет тұрғысынан да ешқандай негіз жоқ. Демек, мұндай діни ұйымдардың іс-әрекетіне
заң тұрғысынан тыйым салынуы ұлттық қауіпсіздік тұрғысынан қабылдаған дұрыс шешім
деп айтуға болады. Мемлекет, тек заңдық негізде ғана діни экстремизммен күресудің тиімді
жолдарын таба алады.
Діни экстремизм мен саяси экстремизмнің ара қатынасын ажырата отырып, бұл екі
құбылыстың өзара тығыз байланыста екенін атап өткен жөн. ХХI ғасырда бұл екі құбылыс
бір-бірін толықтырып қана қоймай, олардың мақсат мүдделерінің белгілі бір ситуацияда бір
жерге тоғысуы да діни экстремизмге ерекше сипат беретінін ескерген жөн.
Діни экстремизм саяси экстремизммен байланысты болғанмен, олардың мақсаттары әр
түрлі. Саяси экстремизмнің мақсаты билікті басып алып, елдің саяси жүйесін өз мүдделеріне
сай өзгерту болса, бұл жолда діни экстремизм жәй «қол жаулық» күйінде қалатыны белгілі.
Діни экстремизмнің мақсаты белгілі бір діндегі сенімді қайта қарау, сол діндегі фунаменталдық
догматтарды, базалық ұстанымдар мен қағидаларды қайта қару үшін күрес болып келеді. Бұл
екі экстремизмді біріктіріетін – зорлық, үрей.
Әлеуметтік-рухани мәселелерді инновациялық тұрғыдан шешу, қашанда жүйелілікті қажет
етеді. Осы тұрғыдан келгенде діни экстремизмнің типологиясын жасау, дінтанушылардың
алдында тұрған өзекті мәселелердің бірі болмақшы. Діни экстремизмнің типологиясын толық
жасамай, діни экстремизмнің табиғаты мен ішкі болмысын, шығу себептерін толық білу және
басқару мүмкін болмайды.
Діни экстремизмнің экономикалық мотивациядан тыс механизмдерін талдау да гуманитарлық
ғылымның назарынан тысқары қалмауы қажет. Діни экстремизмнің қоғамның саяси саласына
әсер етуіне жол бермеу мемлекеттік идеологияның басты бағыты. Діни экстремизмнің
ұлттық идеология әлсіреген кезде бас көтеретіні заңды құбылыс. Себебі, діни экстремизмде
адамдардың санасын жаулауға ұмтылады, өз дүниетүсініктерін таңуға ұмтылады. Олай болса,
неғұрлым ұлттық идеология күшті болса, соғырлым діни экстремизмге жол берілмейді.
Қорытындылай айтқанда, Қазақстан қоғамын жаңарту жағдайындағы әлеуметтік мәселелерді
шешудің инновациялық ұстанымдары ғылыми негізде жүзеге асырылуы тиіс. Үкімет өз ісінде
әлеуметтік мемлекет идеясына көлеңке түсірмеуі керек. Сонда ғана әлеуметтік саясат ұлт
қауіпсіздігін қамтамасыз ете алады.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1 Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы
«Қазақстан–2050» Стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты. Астана 14
желтоқсан. 2012ж. 40б
2 Бұлда сонда. 40б.
3 Абай Құнанбаев. Өлеңдер. Алматы. 2010ж. 15б.
4 Тумановская О.М. Место и роль труда в жизни семьи //http//www.portal-slovo.ru
5 Жолдыбаеа А. Современная семья как феномен культуры// журн. «Мысль» №5, 2011.С.23.
Бурбаев Т. К.
Қазақстан қоғамын жаңарту жағдайындағы
әлеуметтік мәселелерді шешудің
инновациялық ұстанымдары