дегенді білдірмейді. Бұл, керек десеңіз, одан да жогары сөз.
Ол заманда адамның жан жүрегін жаулап алатын сұлулықты
«түркі аруы» деп бейнелеген. Неге? Өйткені, түркілер
жаугершіл болган. Жігіттің жүрегін жаулап алатын бөлекше
158
сұлулыктың баламасы - түркі аруы деген сөз. Жалпы,
нақгылап сөйлейтін болсақ, Хафиз сыртқа шықпаған адам,
өзінің сүйген қьізын түркі аруы десе түркінің қыздарындай
сұлулығыңмен менің жүрегімді жаулап алдың дегені.
Яғни, түркі аруы — пэк сұлулықтың символы саналғаны.
Бізде түрікше атқа отырады десе, тақымы мығым дегенді
білдіреді. Мұның бэрі Е.Дунаевскийдің эу баста жаңағы
тіркесті «милая турчанка» деп алғанынан кеткен сияқгы.
Сондықтан Әбіраш Жәмішевтің жаңағы екі жолды эуелгі
аудармасында «Мен Шираздың пэк сұлуын періштеге теңер
ем» деп келтіргенін эрі дэлірек, эрі көркемірек деп санаған
жөн. Ол ағамызға кезінде хат жазып, осыны айтқанмын да.
Душанбеде жолыққанымызда тәжік зерттеушісі осылай
деген еді. К.Липскеров пен СЛипкин аудармаларында едәуір
алшақтық бар. Липскеров нұсқасында Хафиз қос қаланы
арудың бір меңіне айырбастауға бар. Липкин нұсқасында
Хафиз кос каланы беру үшін әдемі меңге коса бір сәтке жалт
еткен жанарды да қалайды... Ғаббас Жұмабаевтың: «бір мең,
бір көз қарасына» дейтіні содан. Ал Өтежан Нұрғалиевтің
«сусақ болган шағында» «Самарқан мен Бұхараны» ғана
емес, «Мұсаллының бағын да» бере салатынында дэлдік аз.
Бұдан шығатын басты қорытынды не? Қай аударманы да,
әсіресе поэзия аудармасын түпнұсқаның өзін оки отырып
немесе соның жолма-жол аудармасын оқи отырып жасаудың
жөн екендігі. Аудармашылардың бэрі дерлік түрік аруы,
түрік сұлуы деген тіркестерді қолданган. Ғ.Жұмабаевта
ғана түркі Шираз сүлуы делінеді. Түркі (тюрки) сөзін
эу баста түріктерден (турки) Орталық Азиядағы басқа
ағайындарын біршама бөлектету үшін орыс ориенталистері
ойлап тапқаны рас, алайда уақыт өте келе «түркі» бүкіл
түрік тілдес әлемге ортақ атау ретінде орнықты да, «түрік»
қазіргі Түркия Республикасын мекен ететін этносқа тиесілі
атау болып калды. Хафиз заманында түбі түрік тілдес
халыктардың бэрі түрік атанганымен, бүгінгі аударма
пайымдауында «түрік» сөзі тек түрік халкына қатысты
шыгады. Ал түрік этносының Сыр бойынан көшкелі бергі
ұзын тарихында әуелі бұрын Анадолы жерін мекен етксн
гректермен, армяндармен, Константинопольді алғаннан
кейін Еуропаның басқа халықтарымен, соның ішінде славян
жұртымен де кан араластырып, антропологиялық тұрғыдан
да өзгеріске тускенін ескерсек, бүгінгі «түрік аруы» үгымы
Хафиз заманындагыдан басқашалау екеніне коз жеткіземіз.
59
Сондықтан, Хафиз жырлаған сұлуды түркі аруы деудің
онша өрескел қателігі жоқ. Яғни, Шираздағы сол сұлу,
бүгінгі тілмен айтқанда, қай этностың өкілі болса да, «түркі
аруы». Ал енді Ә.Нұралиев айтқан уэждің жайы не болады?
Қайтадан назар аударайықшы: «Рудакиден бастап біздің
ақындарымыздың бәрінде де түркі аруы деген сөз сол қыздың
ұлты түркі халықгарынан дегенді білдірмейді. Бұл, керек
десеңіз, одан да жоғары сөз. Ол заманда адамның жан жүрегін
жаулап алатын сұлулықгы «түркі аруы» деп бейнелеген.
Неге? Өйткені, түркілер жаугершіл болтан. Жігіттің жүрегін
жаулап алатын бөлекше сұлулықтың баламасы - түркі аруы
деген сөз». Демек, қателік жоқ.
Тәржіменің танымал теоретигі Иван Кашкин былай
дейді: «Кейбір шыгармалардың мазмұндылыгы мен жан-
жақгылығы сондай, оларды елу рет қайталай аударғанда
да тереңдігі мен шеберлігінің ұшығына шыгу қиын».
Жоғарыда айтылған мысалдардың өзі бір мәтінді қайталай
аударудың интерпретация тұрғысынан қандайлық мол
мүмкіндік ашатынын тағы да таныта түседі. Уақыт өте
келе жекелеген сөздердің нақтылана беретіні тағы бар.
Пушкиннің «Жебірейілнамасындагы» «Царю небес и
господу -Христу/ Пою стихи на лире богомольной!» деген
қос жолды кезінде Ілияс Жансүгіров «Аспанның Алласына
Айсаменен, / Жалбарынып, аят үндес айтам өлең» деп алган
еді. Үндестік жагынан төгіліп-ақ тұрганымен, осында бір
кінэрат байқалатын. Еврей әлемі жайындагы жырда Құдайды
Алла деп алуцың реті келіңкіремейді. Жалпы христиан
әлеміне қатысты жырда реті келсе де, дэл еврей әлеміне
келіңкіремейді... Сол поэманы кейін аударган Қалижан
Бекхожин: «Аспанның тәңіріне, Айсасына» деп алган.
Бұл арада тэңірі сөзі тэңіршілдік (тенгрианство) дінінен
тараганымен, көркем әдебиетте «божество» ұгымына бір
балама ретінде орныгып кеткенін ескеріп тұрмыз.
Поэзия
аудармасы
проза
аудармасына
қараганда
тәржімешіге көбірек тыныс беретіні белгілі. Мұнда
аудармашының мэтінге еркінірек енуіне мүмкіндік мол.
Өлең аудармаларының бірнеше нұсқасы жиі кездесетіні де
сондықтан. Оның үстінде, басқа себептерін былай қойғанда,
проза аудармасының бірнеше нүсқасын жасату элдеқайда
қиынга түсетінін (эрі қымбатқа түсетінін) де ескеру керек.
Аударма үдерісі тоқгалмауга тиіс. Николай Ушаков былай
жазган: «Шевченконың «Кобзарын» қазірдің өзінде орыс
160
ауцармашыларының
төрт
буыны
тәржімелеп
үлгерді:
1) Гербель мен Мей, 2) Белоусов, 3) Колтоновский мен
Сологуб, 4) біз — Антокольский мен Асеевтен Твардовский
мен Тихоновқа дейінгі совет аудармашы лары. Эр буынньщ
тығырыққа тірелген, қажыған тұстары аз ем ес, сонда да
олардың бэрі де бойындагы барын осы іске сарқа жұмсады.
Енді - Смеляков пен Мартыновтан Вознесенский мен
Евтушенкога дейінгі аралықтағы орыс ақындарының жаңа
толқыны бастап, Л.Вышеславский пен В.Коротич немесе
Л.Озеров пен И.Драч сияқты тың тұрпатты редакторлардың
қолға алуымен дүниеге келген «Кобзарьды» көргіміз келеді.
Танытсьш қолдарынан не келетінін» [160, 224 б.].
«Днепропетровскіде
оқып
жүрген
кезімде
қазақ
сахарасында бұғаулы жылдарын өткізген Тарас Шевченко
жырларының туған тіліндегі әуеніне қүлақ түрдім. Маған
сонда украин тілі ерекше әуезді тіл болып естілді» деген еді
Нұрсұлтан Назарбаев [161]. Шевченко — сол әуезді тілдің ең
әдемі үлгілерін жасаған ақын. Оны аударудың қиындығы да
ең алдымен таза ұлттық ақын екендігінде. Р.Чайковскийдің
15 аудармашымен сұхбат жасаған кітабында [120] орыс
поэзия ауцармасыньщ антологиясын жасаған (ондай кітапты
біз де дайындаудамыз) Евгений Витковский: «Қалай еткенде
де Шевченконың аудармасы көңілдегідей шықпайды»,
- дейді. Сол кітапта Борис Чобитьконың: «Шевченконы
ұгу үшін оның түпнұсқасын оку керек. Түпнұсқасын оқи
алмасаң, онда қолывдагыны - аудармаларды қанагат етесің»
дейтіні тагы бар. Сонда авторлардың көбі Шевченконың
«Заповіт» өлеңін көлденең тартады, оның орысшага оннан
астам аудармасы жасалганын, эйтсе де Кобзарь өсиетін элі
күнге эрі қашпаган күйінде жеткізудің сәті түспей жүргенін
айтады.
И мене в сім’і, великій
В сім’і вольній, новій
Не забудьте пом’янути
Незлим тихим словом.
Өлең түйініндегі бұл шумақ Ә.Тэжібаев аудармасында
былай шыққан:
Мені де, Үлы Отанда,
Жаңа ел - үлкен о л кеде.
Ескеріңдер ұмытпай,
Шалағатпен эр кезде!
11-2915
16
Шевченкода
талап
белгісі оны тіпті күшейтіп тұр
басқашалау:
И меня в семье великой,
В семье вольной, новой,
Не забудьте - помяните
Добрым тихим словом.
Сарбас Ақгаев аудармасында ақынның кішік сөзі
дұрысырақ берілген:
Шаттық орнап жеріңе,
Азат, |рш ел өссе,
Жаңа ортада мені де
Ілтипатпен ал еске.
Бұрын бұл шумақты Т. Шевченко СССР-дің түбі
құрылмай қоймайтынын білгендей, тіпті соны күткендей
түсіндіретінбіз. Дұрысында ол жаңарған, ұлы, еркін елді
армандаған. С.Ақтаевтың «Азат, ұлы ел» деп алуы сәттілік.
Әрі қазақ ұғымына, тәуелсіздікті тілейтін ел оқырманының
паиымдауына да осы жақьін тұр.
Қайталама аударма - қай эдебиеттің де толысқан-
дығының,
кемеліне келгенінің бір белгісі. Өркениетті
елдердің бэрінде де әлемге эйгілі шығармалардың әркез-
эркезде жасалган түрлі тэржімелік нұсқалары кездеседі.
Бір мэтіннің бірнеше рет тәржімеленуі эр түрлі мағынаны
сан түрлі етіп жеткізу арқылы тілдің ішкі мол мүмкіндігін
аша түсетіндігімен де пайдалы. Оның үстіне кейбір,
аса күрделі шығармалардың аудармалары салған бетген
сәтті бола қалуы мүмкін емес те екендігі тагы бар. Армян
зерттеушісі
Т.Ахумян «Евгений Онегиннің» «бірінші
аудармасы ешқашан да толыққанды шықпаиды, өиткені
түпнұсқа сьфттай қарапайым болып көрінгенімен, стилистік
айқындығымен, еркіндігімен өте күрделі. Бұл шығарманың
бойында уақыт өте келе, бірнеше тәржімелік тэжірибеден
кейін ғана еңсерілетін қиындықтар бар» деп жазған еді. Осы
тұргыдан қараганда қазақ әдебиетінде жогарыда айтылган
«Евгений Онегин» романының аударылу эволюциясы - өте
қызгылықты тақьфып. Оны арнаулы тарауда сөз ететініміз
де сондықтан.
162
2.2.16.
Аударма
ағаттықтары.
Аудармадағы
ағаттықтардың, кемшіліктердің эр кезеңдегі сипаты эр
түрлі. Тәржіме қателіктері типологиясын сөз еткенде
Н.Гарбовский [89, 514 б.] алдымен түпнұсқа тілін тотлқ
түсінбеуді көрсетеді. Ғалым қателіктердің мұнан кейінгі
түрлері қатарына когнитивті, яки танымдық тэжірибенің
жетіспеуін, түпмэтіндегі магыналык жүйеге ықтиятты
қарамауды, автордың дара стиль ерекшелігін айыра алмауды
айтады.
Тәржімешінің когнитивті тэжірибесінің жетіспеуінен
жіберілетін кемшіліктің бірі — тастап кету (пропуск). Мұны
аттап кетумен (опущение) шатастырмау керек. Ретімен
агтап кетсе мэтіннің шымырланып шыгатын тұстары да
бар. Қадыр Мырза Әли өзінің «Иірімінде» Твардовскийдің
«Василий Теркиніндегі»
«Кончив сборы, разговоры/
Улеглись бойцы в дому. / Лег хозяйн, но не скоро/ Подошла
она к нему» деп басталаггын сценаны Қасым Тогұзақовтың:
«Достары болса ұйқыда/ Екеуі ұйқы-тұиқыда!» деп екі-ақ
жолга сыйгызып жібергеніне сүйсініс білдіреді.
Семантикалық деңгейдегі қателіюгер өзгеру, ауысулар-
дың, ягни трансформациянын дәл ұгынылмауынан орын
алады. Мысалы, Маяковскийдің Есенинге арналган өлеңінің
аягы былай бітеді:
Вы ушли,
как говорится,
в мир иной.
Пустота...
Летите,
в звезды врезываясь.
Ни тебе аванса,
ни пивной!
Трезвость.
Қалижан Бекхожин аудармасы:
Сіз кеттіңіз,
ол дүние
дейтін жақка.
Құр куыс...
Жұлдыз жарып жөнелдініз,
Жоқ сізге
сыра, аванс,
ал бірак та
Мастыктаи сауықтыңыз, түзелдіңіз.
163
Т.Әлімқұлов сияқты, «Мұның өзі «адам ол дүниеге
барып жаны жай табады» деген тэрізді идеологиялық
қате ұғым туғызып жіберуі кэдік» деп төндірмеген күнде
де ақынның ойын аудармашы үқпағаны көрініп тұр.
Маяковский «Трезвость» деген бір сөзімен бұл жолга
түскен адамның басы өлгенде ғана түпкілікті жазылатынын
айтқан.
1 шаралық омонимдер, идиомаларды берудегі қиын-
Дықтарды айтпағанда, отызыншы-қырқыншы жылдарға
дейін мәтіннің мәнін дәл ұқпаудың өзі жиі кездесетін.
Тіпті бертіндегі, елуінші жылдардағы әдебиетші ғалымдар
қолынан шыққан дүниелерде де «храмовой рыцарьды»
«ақсақ сері» деп аударып, күлкіге қальт жүргендер
болған.
А.С.Пушкин
шығармаларын
украин
тіліне
аудару мэселелерін зерттеген Р.Дыдыкина [162, 5 б.] он
тоғызыншы ғасырдың аяғында, жиырмасыншы ғасырдың
басында тіпті J1.Украинка, П.Грабовский, М.Вороний
сықьшды әдебиетшілердің өзі түпнұсқаны, яғни орысша
мэтінді толық тани бермегенін жазады. Мынандай факті
баршаға белгілі: В.Г.Белинский өзі немісше білмегендіктен
классикалық неміс
философиясымен
өзінің достары
— Бакунин мен Станкевичтің айтуы бойынша танысқан
екен, солар Гегельдің «Все действительное разумно» деген
фразасын қате аударып, Белинский талай жыл бойы қате
тркырымды қорғапггаумен жүрген.
Аударманы К.Чуковский «асқақ өнер» /«Высокое
искусство»/ деп бағалағаны, атақты кітабын солай атаганы
мәлім. Айтса айтқандай. Аударма - асау да өнер. Оның қай
тұста бас білгізбей кететінін шамалау қиын-ақ. Жұрттың
бэрі мойындайтындай дүниелердің өзінде де кейде аударма
тұрғысынан қарағанда ақаулар табылып жататын көрінеді.
Соған бір мысал келтірейік. Гейненің «На севере диком
стоит одиноко» деп басталатын өлеңінің аудармаларының
арасында Лермонтовтың аудармасы айрықша аталады. Сол
өлең туралы Борис Эйхенбаум : «Лермонтов аудармасы
махаббат сырын ашпайды, тек арманшыл сагынышты гана
жеткізеді», - деп жазган [378]. Себебі мынада. Лермонтов
немісше түпнұсқадагы «соснаны» «сосна», «пальманы»
«пальма» деп алган. «Соснаның» немісшесі «fichtenbaym»
«мужской родқа» жататын сөз көрінеді. Сол өлеңді кейін
Тютчев те, Фет те аударган. Олар «соснаны» «кедр» деп
алып, «мужской родқа» түсіріпті. Мысалы, Фет нұсқасы
былай болып шыққан:
164
На севере кедр одинокий
Стоит на пригорке крутом:
Он дремлет, сурово покрытый
И снежком и льдяным ковром.
Во сне ему видится пальма,
В далекое восточной стране,
В безмолвной, глубокой печали.
Одна на горячей скале...
Лермонтов нұсқасының бойында , расында да бір мін
бар екен. Онда «сосна» «пальманы» жақсы көреді,, орысша
айтсақ / мұны қазақша айту мүмкін де емес/ : «она любит
ее»...Фетте «он любит ее»... Осындай-осындайлары бар
аударманың: С.Сейітовтің кітабында [234, 18 б.] мұндай
жайларға жіті назар салынган.
Түсінбеуден кететін қателіктер бұрын жиі ұшырасатын.
Саги Жиенбаев Лермонтовтың «Өсиетін» былай аяқгайды:
Тірі ме, жоқ па ата-анам,
Білмеймін көптен оларды.
Қалады-ау қаусап қападан,
Естісе жаман хабарды.
Біреуі егер болса аман,
Дегейсің хатқа ол шабан,
Көп ойлап оны торықпа,
Кетті де балаң жорыққа.
Көрші әйел болса — бір басқа...
Ойласам, ойбай, көп болды!..
Ол мені сұрап тұрмас та,
Айта бер бірақ өткенді,
Бүгесің одан сен несін,
Аяма қуыс кеудесін.
Байғүсың біраз жыласын...
Әй, одан несі құрасын!
Саги қаламына тән саздылықтың дәл осы өлеңге
пайдасынан зияны көп тиіп тұр. Өлеңнің интонациясы
дұрыс
табылмаған:
бұл
әл
үстіндегі
жауынгердің
жолдасына айтқан жан сыры, өлер алдындағы өсиеті. Оның
ырғагы Лермонтовтагыдай баяу, үздік-создықтау («Наедине
с тобою, брат, / Хотел бы я побыть») шыққаны жөн. Жарайды,
біз бұл арада түсінбеуден кететін қателікке мысал келтірге-
лі тұрмыз ғой. Сонда аудармашы нені түсінбеген? «Соседка
165
есть у них одна...» жолының «Көрші эйел бол са-бір басқа...»
деп аударылуы - түсінбестік. Рас, «соседканьщ» «көрші
эйел» болатын жері бар. Бірақ ол бұл жер емес. Лермонтов
кеиіпкері өзі соғысқа кеткенде жанарына жас үиіріліп қала
берген көршінің қызын еске алып отыр. Өмірден өтерінде
көршінің эиелін қимаи, қиналу қан маиданда қансыраған
күйде, он екіде бір гүлі ашылмай бара жатқан өлең
кейіпкерінің бойына онша үйлеспес еді.
Евней Бөкетов кезінде ұнның «мукасы» мен азаптың
«мукасын» ажырата алмайтын ақын Маяковскийді аударуға
қалай батылы барады деп сынаған. «Ай сен қандай алла
Омир, / Сен отыз жүз жылға кумир» — Ілияс Жансүгіров
«Евгений Онегиндегі» «Как ты, божественный Омир, / Ты,
тридцати веков кумир» деген жолды осылай алган. Мұндагы
«божественный Омир» - Гомер. Аудармада Өмір есімді
мұсылман сияқты болып кеткен. Алла демекші, түпнұсқа
табигатына келмейтін жерде осы сөзді қолдану жараспай
тұратынын талай байқаймыз.
Арман-ай, шіркін, арман-ай,
Арман боп қана қалмағай.
А рмата түбі қолымды
Жеткізсе екен Аллам-ай!
Оразақын
Асқардың
өз
өлеңі
болса,
бәрекелді
дер едік. Христиан дініндегі гана емес, Қарабақ үшін
мұсылмандармен
қырқысып
келген
армян
халық
жырларын осылай аударгандықтан бэрекелді дей алмай
тұрмыз.
Қай шыгарманы аударганда да алдымен оның қашан,
қалай, қандай жагдайда жазылганын білуге тырысқан теріс
болмайды. Пушкиннің «Жол зары» («Дорожные жалобы»)
деген өлеңі 1829 жылы 4 қазан күні қагазга түскен. Бұл
Н.Н.Гончаровага үйленуге оның ата-анасынан рүқсат
сұрай барып, тауы шагылып, тауаны қайтқан, артынша
ашынғаннан Кавказга өз бетінше тартып кеткен тұсы.
Жасы болса отызга келген шагында сүйген адамына қолы
жетпей, амалсыздан алыс жолға аттанып бара жатқан,
отбасы тыныштыгын аңсаган ақын: «Долго ль мне гулять на
свете / То в коляске, то верхом, / То в кибитке, то в карете,
/ То в телеге, то пешком?» деп қамыгады, өстіп жүріп бір
Достарыңызбен бөлісу: |