БАҒдарламасы бойынша шыгарылды


жерде  өліп  қалар  ма  екенмін  деп  қиналады:  «Иль  мне  в



Pdf көрінісі
бет16/45
Дата03.03.2017
өлшемі26,87 Mb.
#6207
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45

жерде  өліп  қалар  ма  екенмін  деп  қиналады:  «Иль  мне  в

166


лоб  шлагбаум  влепит/  Непроворный  инвалид».  «Кемтар 

болып  қалам  ба  не,  /  Шлагбауым  агат  түсіп?»  (Г.Орманов 

аудармасы).  Пушкиннің  кезінде  «инвалид»  сөзі  қазіргідей 

«мүгедек» немесе «кемтар» деген магынада емес, «ардагер», 

«қартаң кісі» деген магынада қолданылганын Ю.Лотманның 

«Инвалид  в  языке  начала  XIX  в.  равнялось  по  содержанию 

современному  «ветеран»  [163,  195  б.]  деп жазганынан  коре 

аламыз.  Пушкин  қартаң  кісінің  бір  оралымсыз  қимылынан 

тіл  тартпай  кетер  ме  екенмін  деп  отыр.  Осы  өлеңнің  тагы 

бір  аудармасын  жасаган  Жаппар  Өмірбеков  «Иль  со  скуки 

околею / Где-нибудь в карантине» деген екі жолды «Отырам 

ба  ішім  пысып,  /  Кез  келіп  бір  карантинге»  деп  алады. 

«Околеть» — малга айтылатын сөз. Адамга айтылса арам өлу

деген магына береді.

Еркеш Ибраһим Пушкиннің «А как он арап чернешенек,

/  А  она-то,  душа,  белешенька»  деген  жолдарын  «Өзі  арап 

болганымен  кап-кара/  Жаны  аппақ,  кіршігі  жоқ  тап-таза» 

күйіне келтірген... Бұл арада өзінің қап-қара түріне қарамай, 

аппақ  боярыняга үйленгелі  жүрген  арап  айтылып  тұрганын

ақын аңгармаган.

Лермонтовтың  «Үш  құрма  агашында»  (аударган  Ғали

Орманов) мынандай жолдар бар:

Ауытқып ашаң бойы сұр садаққа,

Ойнатып араб жігіт мінген атқа.

Сонда  атпен  шауып  бара  жатып  садаққа  ауытқыган 

болып шыга ма? Орысшасына қарасақ былай:

И, стан худощавый к луке наклоня,

Араб горячил вороного коня.

Бэсе,  Лермонтов  кейіпкері  ашаң  денесімен j  ердің 

қасына  еңкейіп  алып  атын  құйгытып  барады  гой.  Бүл 

арада  аудармашы  «лука»  мен  «лукты»  алмастырып  алган. 

Төкен  Абдрахманов  кезінде бұл өлеңді аударып,  «Айқапқа» 

шыгарган С.Жақыпұлының да [164] «Бір гараб қырыңдайды 

қара  ат  мініп,  /  Саржага  қыңыраитып  басын  бүрып»,  деп 

бұрыс  түсінгеніне  назар  салган  еді.  Ғасыр  басындагы  қазақ 

аудармашысының қате түсінуіне тандануга болмас, ал «Анна 

Каренинадай» шығарманың қос томын тәржімелеп тастаган 

Ғ.Ормановқа  жол  болсын?  Бұл  арада  өткендегі  үлгілерге 

көз  салмаудың  да  салқыны  бар.  Әйтпесе  дэл  осы  өлеңцегі

167


жаңағы  жолдарды  Бекет Өтетілеуов:  «Еңкейіп ашаң сымбат 

ер  қасына,  /  Қара  атын  астындағы  қыздырды  араб»,  -   деп 

жап-жатық ціығарған еді.

Олақтық,  салақтықган  кететін  қателіктердің  сорақы 

түрлерін  өз  өлеңдеріміздің  орысша  аудармаларынан  да 

көреміз.  Сейділ  Талжанов  1966 жылғы  25  ақпан — 2  наурыз 

аралығында  Мәскеуде  өткен  Бүкілодақтық  симпозиумда 

М.Сильченконың  «Творческая  биография  Абая»  атгы 

монографиясында  келтірілген  мысалды  сойып  салып 

сынаған болатын. Расында да, ашынатын-ақ жағдай.

Қайын бардық,

Қатын алдық,

Енші тиді аз ғана.

Шаруа атандық,

Енді ойландық 

Қала берді бозбапа.

Абайдың осы шумагы орысшага былай аударылыпты:

Сватался,

Женился,

Разделился с родителями,

Назвали хозяином,

Теперь подумали,

Город дал щегольство.

Сонда  түпнұсқадагы  «қала  берді»  деген  тіркестің

«каласы»  —  «город»,  «бердісі»  —  «дал»  болып  алыныпты.

«Бозбалалықты»  қазаққа  қала  берген  екен!  Осыдан  кейін

Абайды  ұлы  ақын  деп  дәлелдеп  көріңіз!  «Енді  ойландық»

-   «Теперь  подумали»  деп  «аударылуына»  не  айтарсыз?

Өкінішке орай, мұндай мысалдар Абай өлеңдерінің бұрынгы

аудармаларында аз ұшыраспайтын. Қазір де жетісіп тұрганы

шамалы,  дегенмен  кейінгі  кезде  жап-жақсы  ізденістер

коңіл  қуантады.  2007  жылы  шыққан  «Тридцать  семь

стихотворений»  жинағы  -   соның  бірі.  Онда  Абайдың  37

өлеңінің сан түрлі аудармалары салыстырыла, жарыстырыла 

берілген. 

-

Давид  Кугультиновтың  бір  орысша  аудармадагы  «Там, 

в  кибитке  у  окошка,  /  Сидит  серая  кошка»  деген  жолдарга 

қатты  ызаланганы  бар.  Кибитканың  кэдімгі  киіз  үй  екені, 

онда терезе деген болмайтыны аудармашының ойына кіріп те

168


шықпаған. Айтқандай, неге екені белгісіз, қалмақтар мысық 

ұстау дегенді де білмепті. Осының бэрі орысша ойлап отырып 

аударғаннан,  елді  білмеуден.  Александр  Гитович  мынандай 

бір  келеңсіз  жайды  еске  алады.  «1935  жылы  Ленинградтың 

бір  топ  ақын-жазушылары  Қазақстанда  болып  қайтты.  Ол 

кезде  Қазақстан  элі  одақтас  республика  емес  еді.  Осынау 

тамаша  өлкеге  жолы  түскен  әдебиетшілердің  бірі  сол  кезде 

Қазақстан  Жазушылар  одағының  төрағасы  болып  тұрған 

Ілияс  Жансүгіровтің  поэмасын  аударуға  кіріскен.  Поэма 

«Күй» деп  аталатын.  Бұл  сөз — мужской родқа жататын  сөз. 

Кезінде  классикалық  гимназияны  аяқтаған,  егде  жастағы 

әлгі  ленинградтық  эдебиетші  «Звезда»  журналында  «Куй» 

поэмасынан  үзінді  жариялады.  Әлгі  үзіндіде  мынандай  да 

жол жүр:  «Юой то гнется по ветру, то нежен, то тверд...».

Ауцармашылық  тәжірибедегі  оқыс  жайларға  келтірер

мысалдар аз емес.

Раич  деген  бір  эдебиетші  жолма-жол  аудармадагы 

«Весь  вспыхнув,  Готфрид  Бульонский  бросился  к  храму» 

деген  сөздерді  өлеңге  «Вскипел  Бульон,  течет во  храм» деп 

аударган  екен...  Өзге  тіпде  өзгеше  магына  беріп  кететін 

сөздерді  гана  емес,  адам  есімдерін  де  өзгертіп  алуга  тура 

келетін тұстар  табылуы  мүмкін.  Мысалы,  орыс  әдебиетінің 

тамаша бір туындысындагы сүлу қыздың есімі Г алина болса, 

оны  итальян тілінде  сол  күйінде  алу  сәтсіз  шешім,  өйткені, 

«галина» итальянша «тауық», оны тауық сорпасына қосылар 

дәмдеуішті  жарнамалайтын  фирманың  «Галина  бланка» 

деген  атынан  да  теледидардан  көріп  жүрміз.  Танымал 

телепродюсер  Галина  Күзембаева  бір  сұхбатында  Италияга 

барган  сапарында  жанындагы  серіктестеріне  өзін  Галина 

деп  атамауды  сұрағанын,  әйтсе  дс  олар  ауық-ауық ұмытып 

кете беріп, ұятқа қалдырғанын әңгімелегені есімізде.

Аударма  дэл  болуы  керек.  «Дэлдік  -   дарындылықтың 

дәлелі»  (Мұзафар  Әлімбаев).  Оған  сөз  бар  ма?  Аксиома.

Қызықболганда,солаксиоматәржімешіліктәжірибедекөбіне-

көп  қателіктердің,  кемшіліктердін  бастау-көзіне  айналады. 

А.Лейтес  бір  мақаласында  [165,  115  б.]  В.Брюсовтьің 

аудармасы («Тау шыңдары») туралы: «Гетенің эйгілі өлеңінің 

эрбір  жолы  ерекше,  тіпті  мінсіз  дәлдікпен  жеткізілген. 

Алайда, бұл дэлдік жансыз көшірменің дэлдігі, механикалық 

сэйкестіктің  дүрыстыгы»,  -   деп  жазган.  Лермонтов  еркін 

аударган  «Горные  вершины»  Брюсов  дәлме-дәл  аударган 

сол  өлсңнен  гөрі  дэл  болып  көрінеді.  К.Чуковскийдің

169


«дәлсіз  дәлдік»  («неточная  точность»)  дейтіні  де  осы. 

Нағыз, көркем сөзге керек дэлдік дегеннің өзі бэрінен бұрын 

түпнұсқадағы  бейнелік  құралдардың  бүкіл  жиынтығын 

берудің  дэлдігі.  Біз  қанша  жерден  дэлдікті,  түпнұсқаға 

адалдықты талап етсек те, ақынды өзіндік дүниетанымынан, 

ең  бастысы  —  мына  өмірге  қарайтын  өз  көркемдік 

дүрбісінен  айыра  алмаймыз,  содан  айырып  та  қажеті  жоқ. 

Бернсті  түпнұсқадан  оқитын  зерттеушілердің  айтуына 

қарағанда,  Маршактың  атақты  аудармалары  филологиялық 

тұргыдан  дәлсіздіктің  дэл  өзі  көрінеді,  өйткені,  олар  Берне 

поэтикасына  тэн  басты  ерекшеліктердің  бірін  -   ағылшын 

тілі  мен  шотланд  диалектісінің  үйлесімін  аша  алмайды 

екен.  Сөйтсе де Маршак аудармасынан дэл аударма жоқ деп 

саналады.  Бар  мәселе  дәлдік  пен  еркіндіктің  шегін  білуде 

шығар деп  шамалаймыз.  Поэтикалық дэлдік -  аударылатын 

шығарманы  соншалықгы  жетік  білуге  негізделген,  куатты, 

қанатты  қиялдың ғана қайыра алатын  құсы.  «Шығарманың 

шын мэнінде ұлы екендігін аудармада дәлелдеп шығу, демек, 

түпнұсқаға  мейлінше  жақын,  дэл  аудару  оңайға  соқпайды. 

Дэл  аудару  дегенді  біз  шығармадағы  образдардың  терең 

философиялық  ойларын,  поэтикалық  көркемдігін  жеріне 

жеткізіп  беру, түпнұсқаның турлі  көркемдік ерекшеліктерін 

сақтау  деп  түсінсек  керек»  — Медеубай  Құрманов  «Фауст»

аудармасына осылай кірісетін.

Өзектен  өткізілгенде  ғана  аударма  өлең  түпнұсқаның 

өзіндей  өрілмек.  Эр  жолды  жеке-жеке  қарастырып,  әр 

сөзді  мэтіннен  суырып  алып  сығаласаңыз  ең  тамаша  деген 

тәржімелердің  өзі  бетімен  лаққан  бірдеңедей  көрініп  кетуі 

мүмкін.

Бәрінен  де  қиыны  -   тусінікті  жазу.  Лев  Толстойдың 

былай  дегені  бар:  «Соқа,  ауа  райы,  жылқы  сияқты  ауыздан 

түспейтін  сөздерді  қолдану  биология,  антропоморфизм 

сияқты  сөздерді  қолданудан  элдеқайда  қиын,  өйткені, 

бұлардың 

алғашқыларының 

мағынасы 

анық, 

айқын, 

кейінгілерінікі -  бұлдыр»  [166, 590 б.].

А.Твардовский:  «Айталық,  мен  түпнұсқаның  тілін 

білмеймін,  алайда  орыс  тіліндегі  осы  шығарма  мені 

толқытады,  жанымды  қуанышқа  бөлейді,  поэтикалық  эсер 

күшімен  жігеріме  жігер  қосады,  сондықтан  да  түпнұсқада 

бұл  осындай  емес-ау,  басқадай-ау  деп  ойлап  жатпаймын, 

мен  мұны  түпнұсқамен  толық  сәйкес  деп  білемін,  өзімнің 

разылығымды,  тэнтілігімді  түпнұсқа  авторымен  бірге 

аударма  авторына  да  білдіремін,  олар  енді  мен  үшін  бір

170


адамға  айналып  кеткендей.  Қысқасы,  ауцарманьщ  сипаты 

жарқын  болған  сайын  ол  дэл,  өте  жақын,  түпнұсқаға 

барабар  деп  саналады.  Бұл  жөнінде  И.С.Тургенев  «Фауст» 

аудармаларының бірі жөнінде:  «Ауцарма бізге аударма емес, 

кәдімгі  төлтума  шығармадай  көрінсе  оның  нағыз  тамаша 

туынды  болғаны...  Мұндай  аударманы  сәйкес  келмейді дей 

алмайсыз», -  деп есте қаларлықтай сөз  айтқан»  [167,  31  б.]. 

Корней Чуковский:  «Дэлдік деген өзгермелі, дналектикалық 

ұғым. Сондықган да — мен өзімнің пікірімді айтып тұрмын — 

1980 немесе  2003  жылы  қай аударманың дәлме-дәл  аударма 

деп  танылатынын  сіз  қайткенде  де  біле  алмайсыз.  Әр дэуір 

дәлме-дәл аударма жөнінде өзінің түсінігін қалыптастырады»

[59,265 б.]. Сөзді түйіп айтар болсақ, дэлдікке ұмтылу керек, 

бірақ дэйім дэлме-дэлдікке ұмтылу дәлсіздікке ұрындырмай

қоймайды дер едік.

2.3. Кәсіби аударманың қағидалары

2.3.1. Абайдың аудармалық лирикасы. Абай шығарма- 

шылығы  — әдебиеттің,  мәдениеттің  ауқымынан  анағүрлым 

асып кететін ғажайьш құбылыс. Кейде ойлап отырсаңыз, Абай 

біз үшін ақын да, философ та, аудармашы да,  композитор да 

емес,  бәрінен  бұрын  озіміздің  жанымызга  соншама  жақын 

адамымыз,  ағайынымыз  ба,  туысқанымыз  ба,  агамыз  ба, 

атамыз  ба,  әйтеуір  бір  жақсы  танитын  адамымыз  сияқгы. 

Сол  адаммен  талай  рет  кездесіп,  сойлескен,  сырласқан, 

талай рет акылын алгандаймыз,  ал кейде  не балалықпен, не 

шалалықпен  алмай  кеткендейміз.  Қуансаң да,  қиналсаң да 

Абайдың алдына барасың. Жар сүйіп, бала сүйіп қуансаң да, 

жақыныңның азасына күйіп,  қайгырсаң да Абай  жаныңнан

табылады.

Халқымыздың ұлы  ақынга құрметі біздің «Абай атамыз 

айткандай»  деп  сөйлейтінімізден  де  корініп  тұр.  Абай

— ұлттың  атасы,  халықтьщ рухани  әкесі.  — Егер  эрбір  казак 

бал асы  ауық-ауык  болса  да  Абай  томын  қолға  бір  алып 

қойып,  бір  өлеңін  болса да қайталап  оқып  отырса,  озіне-озі 

Абай алдында іштей есеп берсе, «Қалай омір сүріп жатырмын 

осы?  Абайдың  айтқан  ақылын  алдым  ба,  жасаган  сынынан 

қорытынды шығардым ба,  шык деген биігіне ұмтылдым ба, 

адам атын ақтайтындай не істедім мен өзім?»,  дегендей ойга 

түсіп  тұрса  қазактын  бағы  баяғыда  жанып,  ортақ  үиіміздін 

түтіні де түзу ұшар еді-ау деп те қиялдайсың.

71


Бұл  ойымызды  Қазақстан  Республикасының  тұңгыш 

Президенті 

Н.Ә.Назарбаевтың 

сөзімен 

қуаттай 

түсе 

аламыз:  «Абай  Құнанбайұлының  элемдік  санадан  өз 

орнын  алатындай  елеулі  құбылыс  болуы  тек  оның  әдеби 

ізденістерімен  шектелмейді. 

Әдебиет  Абайдың  күллі 

дүниелік 

болмысқа, 

адами,  ұлттық, 

кісілік,  тарихи, 

заманалық 

болмыстарға 

бойлайтын 

кэусар 

дариясы, 

ежелгі  дүниеден  мэңгілікке  дейін  көл-көсір  көсіліп  жатқан 

рухани  элемге,  рухани  ғарышқа,  универсиум  деп  аталатын 

ғалами  дүниенің  ғажайып  қиырларына  шегер  бір  жағынан 

азапты,  бір  жағынан  лэззатты  сапарының  бастау  қақпасы, 

эрі  тереңге  бойлап,  кемелге  ұмтылар  талпыныстарының 

алтын  баспалдағы  болды.  Абайдың  ойшылдық  қарымы 

мен  зерттеушілік  тегеурінін  де  өз  заманының  шым- 

шытырық  қайшылықтарға  толы  шындығы  белгілеп  берді. 

Сол шытырманнан  шыгар  жол  іздеп  жүріп,  ол  өз халқының 

ұлттық  бітімін  жан-жақты  пайымдады.  Оның  басындагы 

тақсіретті  егжей-тегжейлі  талдады.  Сөйтіп,  кеселіне  дауа, 

келешегіне  бағыт  қарастырды.  Халқына  қамқор,  үлтына 

жанашыр  болам  деп  жүріп  күллі  адамзатқа  мейірбан 

гуманистік  өреге  көтерілді.  Кісі  мен  кісінің  де,  халық  пен 

халықтың да арасында бола беретін  кикілжіңдердің бәрінен 

жоғары  тұра  білді.  ¥лықтарды  ұнатпаганымен,  көрші 

орыс  халқына,  басқа да  халықтарга  зор  ілтипатпен  қарады. 

Патшалық билікті мансұқтаганымен, ұлы орыс мэдениетінен 

тэлім алды. Аз халықты да, көп халықты да бауырластыратын 

рухани  ықпалдастық  деп  түсінді.  Адамға  адам  баласының 

бэрін дос  санады.  Оны  батысқа,  шығысқа,  алысқа,  жақынға 

бөлмей,  біртұтас  құбылыс ретінде  қарастырды.  Дала өмірін 

түзету  үшін  толассыз  жетіліп,  толассыз  шыңдалып  жатқан 

адамзаттық қауымдастықгың тыныс-тіршілігіне үңілу қажет 

болды» [88]. 

'•

Осы  жолда,  «адамзаттық  қауымдастыктың  тыныс- 

тіршілігіне  үңілген»  тұста 

Абайдың  айрықша 

назары 

түскені  —  А.С.Пушкиннің 

«Евгений  Онегині».  Тамаша 

суреткер,  сырлы  сыншы  Тэкен  Әлімқұлов  «Жұмбақ  жан» 

атты тамаша кітабында Абайдын «Евгений Онегинге» қалай 

келгенін  қысқа  қайырып  айтып  өтеді:  «  Абайга  дэуірлік, 

шежірелік, қатпарлы, қыртысты үлгі керек болды. Осы ретте 

ол  «Орыс  өмірінің  энциклопедиясына»  баланган  «Евгений 

Онегинді»  таңдады.  Орыстың  әдеби  ілімінде  «басы  артық 

адам»  атанган  образдар  Абайга  іштей  бауырласты.  Үстем 

қауыммен  қақтыгысуга  дэрмені  жоқ,  дүниеден  торыққан

172

Онегин  Пушкинге  қандай  сырлас  болса,  Абайга  да  сондай 

мұңдас  еді.  Оның  «Евгений  Онегин»  романынан  үзінді 

аударуында осьшдай гэп бар»  [213,  85  б].  Орынды ой.

Н.А.Добролюбов 

Пушкиннің 

адамзат 

алдындагы 

басты  еңбегі  бүкіл  элемге  «орыстың  болмыс-бітімін  ашып 

бергені»  [317,  485  б.  ]  деп  санаган  болса,  ақынның  сол 

еңбегі  бәрінен  бұрын  осы  «Евгений  Онегин»  романында 

айрықша  танылады.  Ақын  бұл  шыгармасын  сегіз  жылдай 

жазганы  мэлім.  Сол  жылдардың  бэрінде  де  бүкіл  Ресейдің 

сауатты жұрты өзінің ойын ақын ойымен  астастырып, роман 

кейіпкерлерінің тагдырымен тыныстап келген. Шыгарманың 

кеңінен  жайылган  панорамасынан  оқырмандар  күнбе- 

күн  көз  алдынан  өтіп  жатқан  кәдуілгі  өмірдің  поэтикасын 

сезініп, кейіпкерлердің мінез бітімінен өздерін, таныстарын, 

көршілерін танып жататын, айналадагы табигатты, астананы, 

деревняны жаңадан көргендей, соның бэріне жаңаша қарап, 

ақынның 

байқағыпггығына, 

сезгіштігіне, 

сергектігіне, 

шеберлігіне  таң-тамаша  қалатын. 

Романның  әр  тарауы 

журналдарда  жарияланган  сайын  Пушкиннің  орыстың 

бірінші  ақыны  деген  атагы  орныққан  үстіне  орнығып,  көзі 

тірісінде-ақ оның шын  классик екендігін, даусыз данышпан 

екендігін  замандастарының  өзі-ақ  біліп,  мойындап  болтан 

еді.

Не мысля гордый свет забавить,

Вниманье дружбы возлюбя,

Хотел бы я тебе представить 

Залог достойнее тебя,

Достойнее души прекрасной,

Святой исполненной мечты,

Поэзии живой и ясной,

Высоких дум и простоты;

Но так и быть - рукой пристрастной 

Прими собранье пестрых глав,

Полусмешных,  полупечальных,

Простонародных, идеальных,

Небрежный плод моих забав,

Бессонниц, легких вдохновений,

Незрелых и увядших лет,

Ума холодных наблюдений 

И сердца горестных замет.

Романын осылайша айшыкты  арнаумен бастап,  адамдык, 

азаматтык,  акындык  арман-аңсарын  айкара  ашып,  жүрегін

173


жарып  туған  жырының  барар  биігін  белгілеп,  айтарын 

айқындап  алған  ақын  бірте-бірте  өмірдің  өзіндей  шалқар 

айдынға  шығып  ,  шабытты  тілмен  поэзия  кестесін  төге 

береді,  төге  береді...  Романды  тым  болмаса  бір  рет  оқып 

шыққан адамға «Евгений Онегиннің» қадыр-қасиетін айтып 

жату  артық  әурешілік,  әрине.  Пушкиннің  туганына  150 

жылдығына  арналған  салтанатты  мәжілісте  Д.Д.Благой 

«жаңа  дәуірдегі  сөз  зергерлерінің  арасынан  көркемдік 

келісімі  мұншама кемеліне келген , сөзбен салған  суретінің 

бейнелілігі,  жарқындығы  жағынан,  сыртқы  құрылымының 

геометрия  заңдылығымен  сызып  шыққандай 

мінсіздігі, 

алабөтен талғампаздығы, ненің болса да өлшемін білетіндігі, 

шығармасының 

барша 

бөлігінің  бір-бірімен  үйлесіп 



жататындыгы  жағынан»  Пушкинмен теңдесетін басқа адам 

табылмайтынын атап айтқан [318,49 б.]. Мұндай пікірлерді 

қай  кітаптан  да  суырып  алып,  алға  сала  беруге  болады. 

Басқа  емес,  дэп  Әбіш  Кекілбаевтың  «элемдік  эдебиетге 

теңдесі  жоқ туынды»  деп  басқаны  емес,  дэп  осы  «Евгений 

Онегинді»  атаганы  көп жайды  аңгартады:  «Оның ең басты 

рухани  ерлігі  —  эрине,«Евгений  Онегин».  Оны  «орыс 

өмірінің  энциклопедиясы»  деген  Белинскийге  дау  айту 

орынсыз.  ¥лы   ақынның  оз  талантының  ұлттық  табигатын 

мейлінше жарқыратып ашқан шыгармасы екені рас.  Алайда 

элемдік әдебиетте теңдесі жоқ бұл туындының  қайталанбас 

маңызы  оз  тұсындагы  омір  шындыгын  қанын  сорғалатып 

қаз-қалпында  жеткізе  алгандыгымен  гана  шектелмейді.  Бір 

кезде  Наполеонды  күйретіп  дүние  жүзі  алдында  абыройын 

бір  асырып,  сол  арқылы  бостандық  сүйгіш  идеяларга  да 

бой ұрып, бір желпініп қалган орыс қогамының ойда-жоқга 

озбырлықгың таягына озі  сүйкеніп,  маңдайын  тасқа согып, 

енді  не  істерін  білмей  есеңгіреп  қалган  дагдарыс  кезеңінің 

рухани трагедиясы тугызган талай шыргалаң сұраққа жауап 

тауып  бере  алатындай  бүл  шыгарманың  элеуметтік  астары 

қатпар-қатпар. Оны өлеңмен жазылган романның фабулалық 

желісінен  де,  ақынның  өзі  «әншейін  мылжың  эңгіме»  деп 

эзілдеген  лирикалық  шегіністерден  де  бірдей  іздеген  жөн» 

[319,  409  б.].  Иэ,  романның  эр  тұс-тұсында  жасырылган 

жүмбақ жетіп  артылады.  Әсіресе,  оныншы  тараудың түйіні 

элі күнге тарқатылган емес. Цензураның тінтуінен сескеніп, 

шифровка  күйінде  қагазга  түсірілген  ол  тарауды  талдауга 

анау-мынау әдебиетшінің тісі бата бермейтіні де бекер емес. 

Ф.М.Достоевскийдің:  «Пушкин  әбден  күш-куаты  толысқан 

дер кезінде дүние салды. Және қайсы бір үлы құпиясын озімен

174


бірге табытына салып ала кетті. Енді, міне, біз сол кұпиясын 

өзі  жоқга  аша  бастадық»  [294,  151  б.],  дейтіні  сондықтан. 

Не  айтса  да  басқаға ұқсатпай  айтатын  М.М.Бахтин  роман 

табиғатын  сөз  ете  келіп,  «шығармаға  қосылған  өлендер 

авторлық  интенцияларды  өзгеріске  түсіреді,  мысалы, 

«Евгений  Онегиндегі»  Ленскийдің  «Барасың  қайда,  қайда 

болмай  маған»  деп  басталатын  өлеңі  осындай»  [320],  деп 

бір  қызық  ой  тастайды.  Өзі  өлеңмен  жазылган  романға 

«қосылган өлең» дегені несі? Мұның да мэні бар.  «Евгений 

Онегин» көлеміне байланыеты роман аталмаган. Ол жагынан 

қарасаңыз,  мысалы,  «Жолбарыс  тонды  жиһанкез»  нагыз 

өлеңмен  жазылган  романның  өзі  болып  шыгар  еді.  Ал  ол

— поэма. Мәселе көлемде емес. Мэееле Пушкиннің қолынан 

птын  мэнінде  «өлеңмен  жазылган  роман»  шыққанында. 

Мэселе  Пушкин  қаламынан  өмірдің  өзіндей  сан  алуан 

қьіры  бар,  қатпар-қатпар  қыртысы  бар,  полифониялық 

үні  бар  туынды  дүниеге  келгенінде.  «Евгений  Онегин»  — 

стилистикалық  құрылымы  жагынан  да  нагыз  роман.  Әрбір 

роман  белгілі  бір  дәрежеде  эрі  нақпа-нақ,  эрі  сана-сезім 

тілінен  ажырағысыз  «тілдер»  мен  стильдер  бейнесінің 

диалогқа құрылган жүйесі», деп еанайтын  сол М.М.Бахтин: 

«Евгений  Онегин»  —  дэуірдің  стильдері  мен  тщцерінің 

энциклопедиясы»  деген  [320,  142  б.].  Автор  одан  эрі  бұл 

пікірін: «Онегиннің Байрон мен Шатобрианша сөз саптайтын 

тілі,  деревня  қызы  Татьянаның  Ричардсонга  еліктеген  тілі, 

Лариндер усадьбасының уез д і к-тұрмысты қ тілі, Татьянаның 

Петербургтегі  тілі  мен  өмір  сүрген  ортасы,  сондагы  басқа 

да  тілдер,  олардың  арасында  автордың  шыгарманың  өн 

бойында  талай  өзгеріп  отыратын  сан  түрлі  төлеу  тілдері 

де  бар»,  — деп  дәлдей  түседі.  Пушкин  романын  аударудың 

қосымша  қиындыгы  да  осында — шыгарманың  өн  бойында 

неше түрлі «тілдермен» жырлауга тура келетінінде.

Абайдың  тұсындагы  қазақ  оқырманы  мұндай  күрделі 

шыгарманы  осы  күйінде,  осы  көлемімен  қапысыз  қабыл 

ете  қалмайтын.  Мэселе,  бұрын  үйреншікті  әдетпен  жаза 

беретіміздей,  «оқырманның  элі  дайындыгы  жоктыгында» 

гана  емес.  Мәселенің  мэнісі  ол  кездегі  эдеби  дәстүрдің 

басқаша  екендігінде.  Дала  төсіндегі  тіршілікте  жігіт  йен 

қыздың  хат  алысып,  хат  берісуінің  қандай  романтикалык 

сипаты  бар  екенін  дэл  сезінген  Абайдың  Пушкин 

шыгармасынан  «эпистолярлық  роман»  (М.Әуезов)  жасауга 

ұмтылганы да сондыктан.  Жалпы, Абай Пушкин романының 

жекелеген  тұстарын  гана  ауцарды,  алдымен  қазақ ұгымына

175


жақынырақ  сарындарды  паидаланды  деген  ойды  негізінен 

құптай  отырып,  бұл  тезистің  өзінде  де  ойланатын  тұстары 

бар екенін айтуға болатындай. Ал кезінде «Евгений Онегин» 

Абай  аудармасында»  атпен  мэнді  мақала  жазган  Мұратбек 

Бөжеевтің: «Евгений Онегиннің» Абай қайсыбір жеріне гана 

көз  салган»  [314,  211  б.],  дегенін,  тегі,  қагазга  асыгыстау 

түсіп  қалган  сэтсіз  сөйлем  деп  қабыл  алган  жөн  шыгар. 

Абайдың Пушкин романын егжей-тегжейлі білгені ешқандай 

күмэн тугызбайды.  Сол сияқты  Мүхамеджан  Қаратаевтың: 

«Аудару  Абайдың  Пушкиннен  оқуының бірінші  сатысы,  ол 

оқуы  ұлы  орыс  ақынының  мұрасын  өз  бетімен  талқылап 

оқу  мақсатына багынган»  [314,  157  б.] деген сөзі де бүгінгі 

талгампазтанымымызга татымайтыныталассыз. «Өзбетімен 

талқылап  оқу»  арқылы  (неше  «сатыдан»  өтсе  де)  ешкім 

данышпандық биікке  көтеріле алмақ емес.  Бұл -  әрине, сол 

кездегі жалпы түсініктің көрінісі. Жұмагали Ысмагұловтың: 

«Абай  жөніндегі  кейбір  зерттеулерде  ертедегі  Шыгыс 

жұлдыздары,  сонсоң Байрон,  Гете  сияқты  Батыс  ақындары, 

оларга жалгас орыс қаламгерлері - сонау Крыловтан бастап, 

Пушкин, Лермонтов, Гоголь, Салтыков-Щедрин, Белинский, 

Чернышевский, Добролюбовтарга дейін -  түгел  тізбектеліп 

келеді  де,  қазақтың  жалгыз  классигі  солардың  барлыгына 

шэкірт  болып  шыгады»  [183,  Б.22-23],  деп  шамданса 

шамданатындай  жөні  бар.  Абай  солардың  бәрінен  үйренді 

деу  расында  да  артық,  дегенмен,  Пушкиннен  үйренгені, 

оның  өзінде  «шэкірт»  болып  емес,  тең  тұстас,  қаламдас 

болып  қатарласа,  өнер  салыстыра,  жарыстыра,  жыр  қашай 

жүріп үйренгені талассыз. Жэне бұл намыс көретін нэрсе де 

емес.

«Не болса да өзімді



Тапсырдым сізге налынып.

Толтырып жасқа көзімді,

Есірке деймін жалынып...

деп  келді де, Әйгерім тоқгап  болмастан  өксіп жылап жіберді, 

тына  қалды.  Үй-іші  де  жым-жырт.  Абай  қүп-қу  боп,  екі  көзі 

шарасынан  шыга  үлкейіп,  бар  денесі  тоңази  дірілдегендей, 

қабақ  шытып  қалды.  Қатарында  отырган  Әйгерімді  қатгы 

қысып қүшактай алып, жасты көзінен үзақ сүйіп алды.

176


-  

Әйгерім!  Асылым!  Әніңмен,  жасыңмен  қайта таптың 

ба! Татьянаньщ эні, наз-мұңы сенің де жүрегіңнің шыны боп

шықты-ау көңіліңнен! -  деген еді.

Екеуінің  де  айналасындағы  жас  достар  қауымы  да

бұлардың күйін соншалық жақсы ұғынды.

Қайран Татьяна, қазақ қызынан да мұндасыңды таптың

ба!  Талай  шыншыл  жасқа  тіл  бітіресің-ау!  -   деген  еді

Осылайша  1887  жылдың  қысында,  орыстың  данасы 

Пушкин  өзінің  сүйікті  Татьянасын  қолынан  жетектеп  кеп,

кең қазақ сахарасына ең алғаш қадам басты.

Өзі  тыңдаушысын  ұйытқан  қадірлі  ақын  болды.

Татьянасы  қазақ  жасының  жүрек  сезіміне  бұрын  қазақ

сөзімен айтылып көрмеген көркем, шебер тіл бітіріп, жандай

жақын туысы бола келіп еді».

«Абай жолында» осылай жазылған.

Қазақ мәдениетінің әлемдік өркениетке шындап кірігуі,

қазақ мәдениетінің элемдік өркениет жемістерін  өз  бойына 

шындап сіңіруі дэл осы оқиғадан басталады. Шындап дегенді 

қадап  айтып  отырғанымыз  -   әрине,  Үлы  Жібек  жолының 

бойында  жатқан  қазақ  елі  былай  тұрсын,  қандай  ұлт  пен 

ұлыстың да, дүние дидарының қай қиырында орналасқанына 

қарамастан, адамзат тарихының көшінен сырт қалмайтыны, 

өзгелер жасаған рухани қазынадан сусындамай қоймайтыны 

анық. Қазақ халқы да сондай әсер-ықпалды көп сезген. Әйтсе 

де, өркениет пен өркениеттің, халық пен халыктың араласып- 

құраласуы  ең  алдымен  аударма  арқылы  жүзеге  асатынын 

ескерсек,  қазақ топырағындағы  шын  мәніндегі  аударманың 

бастауында  Абай  түратынын  айтсақ,  ұлы  ақынымыздың 

тэржімешілік таланты Пушкиннің «Евгений Онегин» романы

тұсында тамаша танылғаны талассыз десек, сол 1887 жылды 

жалпы ұлт мәдениетінің тарихындағы бетбұрысты белес деп

білгеніміз жөн екендігіне күмэн қалмауга тиіс.

«Ауқымды  аудармашылық  дәуір  дәл  Абайдан  бастау

алады,  мұның  өзі  арнаулы  зерттеуге  лайықгы  мәселе.  Ең

алдымен  өздерінің  ұлттық  жанрлық-стильдік  талаптарына 

орай  қандай  эдебиетшілер  қашан  жэне  кімді  аударган. 

Осынау жергілікті сұранысқа қозгау салган не? Бұл проблема 

бүкіл  әлем  әдебиетіне тэн,  мұның өзі,  түптеп  келгенде,  қаи 

эдебиеттін  де  элемдік  эдеби  үдеріс  агынындагы  ұстанар 

багытын  белгілейді.  Мұнан  бұрын  айтып  өткеніміздеи, 

жүріп  өткен  жолынын  бел-белестері  тұргысынан  қараганда

12

-

2915



177

әлдеқайда кемеліне  келген  эдебиеттердің тэжірибесіне арқа 

сүйеу  эдебиеттің  қапыптасуының  өзінше  бір  заңы  іспетті. 

Бұл  сипаттағы  арқа  сүйеуді  өз  тамырымыздың  тереңге 

кетпегендігінің  белгісі  деп  білер  болсақ,  онда  біз  элемдегі 

эдебиет атаулының бэрін дербестікке дәрменсіз деп багалауға 

мәжбүрміз.  Абай  шығармашылығы  жаңа  қазақ  әдебиетінің 

дербес  даму  жолы  болганына  көзімізді  жеткізеді»,  -  дейді 

Айгүл  Ісімақова  [168,  Б.88-89].  Дэл  айтылған.  Расында да, 

әлемде  өзге  эдебиеттердің  әсер-ықпалынсыз  ойдагыдай 

дамыган  ұлттық  эдебиет  жоқ,  болуы  да  мүмкін  емес. 

Абайдың  үлылығы  осыны  дер  кезінде  сезінуінен  де 

көрінеді. 

".  г  :? 

? V-


Абайдың  «Евгений  Онегиннің»  қадыр-қасиетін  дэл 

білуі  де  назар  аударарлық.  Романды  В.Белинскийдің  өзі  эу 

баста  құлай  қабылдай  қоймағаны,  салқын,  сынға  қүрылған 

мақалалар  жазғаны,  Пушкин  өмірден  өткен  соң  ғана  өз 

көзқарасын  өзгертіп,  атақты  топтамасын  тудырғаны  мэлім. 

Басқасын  былай  қойганда,  Татьянаның  өз  көңілін  алғаш

ошдіріп, қыздың жігітке хат жазуының өзінен қазақ қауымы 

үшін  орасан  жаңалық  көруі,  батылдық  табуы,  ол  бүл 

шешімнің  ру  билеген,  жорық  бастаған,  пэренжі  салмаған 

қазақ  әйелінің  жанына  жат  еместігін  сергек  сезінуі  Абай 

ойшылдығының тағы бір айгағы.

Романды  Абай  қалай  аударган?  Абай  «Евгений  Онегиңці» 

түтас  аударган  болуы  да  мүмкін!..  Иэ, 

ақын 


көлемді 

романды  аударудың  осындай  жолын  таңдаса  да  гажап 

емес.  Мәселе  мынада:  дала  төсінде  Абай  ауцармаларын 

таратушылар  Онегиннің  сипатын  суреттегенде,  Татьяна- 

ның  хатын  эндеткенде,  оган  Онегиннің  жауабын  баян 

еткенде, 

Онегиннің 

Татьянага 

сөз 

салатын 


хатын 

айтқанда,  Татьянаның  жауабын  шырқаганда,  Ленскийдің 

бакұлдасуын келтіргенде, ақыр-аягында Онегиннің өлердегі 

сөзін  жырлаганда ,  сол аудармаларды,  эрине, дэл Абайдың 

қазіргі шыгармалар  жинагындагыдай  күйінде, үзік-үзік етіп 

жеткізбеген.  Олардың  бэрінің  де  ара-арасында  баягы  араб 

мүхадцистерінің әдісімен роман оқигасыньщ ұзын-ыргасын 

баяндап  қойып,  «Сонан  жаңагы  жерде  элгі  Онегин  мен 

Ленский  екеуі  жекпе-жекте  атысьтты  дейді.  Оны  орыстар 

дүйелге шыгу дейді екен. Қүдай салмасын, сүмдық қой. Екеуі 

сэл болмаса бажа болайын деп тұрган адамдар. Мына біз гой 

төрт аяқтыда бота тату, екі аяқтыда бажа тату дейміз. Қойшы, 

несін  айтасың,  ақыры  сол  дүйелде  Онегин  элгі  Ленскийді 

атып өлтіріпті. Ленский сабаз өлерінде былай деп қоштасқан




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет