БАҒдарламасы бойынша шыгарылды


жолма-жол  аударма арқылы  анықгау эдісін ұсынады,  жолма-



Pdf көрінісі
бет11/45
Дата03.03.2017
өлшемі26,87 Mb.
#6207
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45

жолма-жол  аударма арқылы  анықгау эдісін ұсынады,  жолма- 

жол  аударманың  жеріне  жеткізіле  зерттелмегенін  оның 

болашақта  жойылатын  бэлекет 

ретінде  қаралганымен 

түсіндіреді, жолма жолдан жасалган аударма аз еместігін, элі 

де жасала беретіндіпн, эйтсе де бұл  практиканың теориялық 

іүргыдан  тркырымдалуы  жоққа  жуык  екенін  айтады.  Бұл 

ойды  А.Соколов  былай  жалгайды:  «Жолма-жол  аудармага 

теориялық тұргыдан қызығушылық зор. Кез келген аударманы 

зерттеу мэтіннің пішіні мен мазмұнын тұтас күйінде гана смсс, 

бөлшек  күйінде де бақылаудың сирек мүмкіндігін сыйлайды. 

Біз Пушкиннің өлең жолын оқыганда Пушкиннің «не айтқысы

125


келгенш» бше алмаймыз, біз оның шын мәнінде не айтқанын 

ғана біле аламыз: ақынның ой-ниеті бізге тек оның бейнеленуі 

арқылы  ғана  жетпек.  Біз  Мнцкевичтің  өлең  жолын  Пушкин 

аудармасында  оқығанымызда  Пушкиннің  «не  айтқысы 

келгенін»  білеміз;  ол  Мицкевичте  жазылғанды  жеткізбек 

болтан.  Шынтуаитында,  ой-ниеттің  соның  бейнеленуіне, 

пішіннің  мазмұнга  сэйкес  келетін-келмейтінін  біз  тек  осы 

жерде ғана айта аламыз. Ал алдымызда жай гана аударма емес, 

жолма-жолдан,  яғни  бұған  дейін  әуелде  бейнеленген  тілде 

тркырылған ой-ниеттен жасалған аударма жатқан кезде мұның 

өзі  олардың  қай  жерлерде  қиыспайтыньш дэлірек  анықтауға 

мүмкіндік  береді»  [136,  Б. 120-121].  Бұл  — өте  қызгылықты 

тезис.  Өлең  аудармасында  қай  әдістің  қай  кезде  қандай 

нәтиже  беретінін  болжап  білу  қиын.  Давид  Кугультиновтің 

кезінде  [137]  мынандай  жайды  жазғаны  бар:  «1937  жылы, 

А.С.Пушкиннің  қаза  болуының  жүз  жылдығына  орай 

Дағыстанда оның өлеңдерінің таңцаулы аудармасына конкурс 

жарияланады.  Тәржімелер  жасырын  атпен  жолданған,  жюри 

мүшелері конверттер ашылғанға дейін аударманьщ авторларын 

білмеген. Конкурсқа аударатын тілді де, аударылатын тілді де 

тамаша  білетін  ақындар  қатысқан.  Алайда,  Пушкин  нағыз 

¥лы  ақын  ретінде  авар  тілінде  аударманы...  жолма-жолдан 

жасаған ақынның өлеңінде сөйлеген. Конкурста бірінші орын 

алған ақынның аты-жөні -  Ғ амзат Цадаса еді». Яғни, балуанға 

оңы  да  бір,  солы  да  бір  дегендей,  бэрі  де  талант  қуатына 

байланысты.  Пастернак,  Заболоцкий  грузин,  Брюсов  армян 

тілдерін  бшген  емес.  Булат Окуджаваньщ  өзі,  әкесі — грузин, 

шешесі  — армян  бола  тұра,  екі  тілден  де  аударманы  жолма- 

жол арқылы гана жасады.  «Аудармашьшардың Бүкілодақтық 

үшінші  кеңесінде  жолма-жол  аударма  мэселесі  тура  үш  күн

пшрталас  арқауына  аиналды

болгандыктан

жолма  жол  аударма  проолемасы  оп-оңаи  шешіледі,  мұнда 

таласьш-тартысатын  епггеңе  жоқ  дедім.  Түпнұсқаның  тілін 

білген  түпнұсқадан  аударады.  Түпнұсқаның  тілін  білмеген 

жолма  жолдан  аударады»,  деген  еді  Левон  Мкртчян  [138, 

208  б.].  Болган-біткені  осы.  Ұнатсаңыз  да,  ұнашасаңыз  да. 

Сондықтан жолма-жол аударманы жылы жауып қоюдың жөні 

келмейді.  Оның  үстіне  мынаны  да  ұмытпау  керек:  жолма- 

жол  аударманьщ  көптеген  кемшіліктерімен  қатар  даусыз  бір

артықшылығы  бар,  ол  артықшылығы  — түпнұсқадан  тікелей 

жасал атындығы.

126


Аян Нысаналин дұрыс айтқан: «Шынтуайтқа келгенде, 

қазақ  ақындарының  бірен-сараны  болмаса,  көбі  өзге  тіл 

білуге  шорқақ  екенін  жасыра  алмаймыз.  Шығыс  тілдері 

бір төбе, ал Батыс елдері әдебиетінен там-тұмдап болмаса 

(немісшеден  Гете,  испаншадан  Хосе  Марти)  тікелей  сол 

тілден аударылғаны шамалы. Сонда тіл білгенше аудармай 

қол  қусырып  қарап  отыру  керек  пе,  жоқ  бұл  тығырықтан 

шығатын  басқа жол  бар  ма?  Көп  түйткіл  осыған тіреледі. 

Меніңше,  әдеби  өмірімізге  еніп  келе  жатқан  аударманың 

екі  әдісі  барын  жұртшылық  айтып  жүр:  оңайы  — дәнекер 

орыс  тілі  арқылы  ең  үздік  аударма  үлгілерді  қазақшалау 

да,  қиыны  болса  да  дұрысы  -   сауатты  жасалған  жолма 

жол  аудармадан  тәржімелеп,  титтей  де  болса түп  нүсқаға 

ж ақы ндай 

түсу  болып  табылады.  Соңғысына  орыстың 

белгілі  аудармашылары  жиі  барып  жүргенін  білеміз. 

Н.Заболоцкий, Н.Тихонов, К.Симонов, А.Межиров Кавказ 

бен  Балтық  бойы  халықтарының  тілінен  тәржімелегенде 

осы  тәсілді  бетке  үстанатынын  көріп  жүрміз.  Н.Гребнев 

пен  Я.Козловскийдің  авар,  болгар,  башқүрт,  иэ  кабардин 

тілін  білуі  де  неғайбыл.  Сөйтсе  де  олар  совет  аудармасы 

көшінің  басында  келеді  емес  пе?  Көркем  аударма 

теориясына  жататын  бүл  жайларды  тегіннен  тегін  ауызға 

алып отырганымыз жоқ. Бүның екеуінде де аудармашының 

нэзік талғамы  мен  терең сезім-түйсігі,  жүрегінің жалыны 

мен  оты,  тагы  оган  қоса  шеберлігі  керек,  эрине.  Біздің

аудармашыларымыз  қаи  авторга  ден  қоиса  да,  оларда  кез 

келгенге  алына  бермейтін  көркемдік  қамалы  жатқанын 

үмытпаганы дүрыс қой»  [139].  Нагима Сагындықованың: 

«Содан  кейінгі  бір  кеселді  кесір  -  жолма-жол  аудармашы 

жөніндегі теріс түсінік, өнердің бұл түріне жаңсақ козқарас. 

Біз  жолма-жол  аудармамен  айналысқан  кісіні  шынайы 

творчество адамы деп қарамай, жай бір карабайыр кәсіпқор, 

ортақол  жансебіл,  жеңіл-желпі  күнкөріс  іздеген  жалдама 

деп  қараймыз.  Бұл  мүлде  қате.  Тегінде,  бүл  мамандыққа 

эдебиет  зерттеушінің  гылыми  көзқарасы  тұрғысынан 

келуіміз  керек.  Егер  аударманы  онер  деп  қарайтынымыз 

рас  болса,  жолма-жол  күйіндегі  дайындаманы  да  сол 

онердің  құрамдас  бір  бөлігі  деп,  соның  арқауын  тартып,

қаңқасын  қалаитын  негізгі  материал  деп  қарау  қажет», 

[140] деген пікірі  эбден  орынды.

Осы  орайда  мына  бір  жайды  сөз  ете  кстелік.  Бүркіт 

Ысқаковтың бір мақаласында «Евгений Онегин» сарынымен

127

нэзира  дастан  тугызган  Әсет  Найманбайұлына  Jlenci 

уезінің  тілмашы  Әбіш  есімді  кісі  түпнұсқадан  жолма- 

жол  аударма  жасап  берген  делінеді.  Нанымсыз.  Ол  кісінің 

романды  тэптіштеп  эңгімелеп  шығуының,  ең  эрі  барганда

— ауызша  аудармасының  өзі-ақ  Әсетке  жетіп  жатқан  болар 

деп  ойлаймыз.  Р.Досмаханова айтушылар  белгілі  ақын Әріп 

Тәңірбергеновті  Әбішпен  шатастырып  алған  дейді.  Әріп 

сегіз тараулық романды жолма жол аударып, Әсетке  қагазга 

түсіріп  бергенше  өзі  жазып  шықпай  ма?  Ненің  азабы? 

Жалпы, жолма жол аударма жасату кәсіби аудармашылықтың 

машыгы екенін ұмытпау жөн.

Жолма-жол  (подстрочный)  ауцарма  мен  жолына  жол 

(строка  в  строку)  аударманың  арасын  ашып  алу  керек. 

Жолма-жол  аударма  деп  түпнұсқаның  мэтінін  егжей- 

тегжейіне дейін, дэлме-дэл түсіріп беретін созбе-созге жақын 

аударманы  айтамыз,  ал жолына жол аударма — түпнұсқаның 

жолына тэржіменің жолы тап түсетіндей  етіп  аудару.  Біреуі

— эдіс, екіншісі — нэтиже. Өлеңце жолына жол келтіре тұрып 

шебер шыгару, жатық жеткізу болмайды емес, болады. Бірақ 

бұл  эуезе  ететін  жол  деу  қиын.  «Өзбек  тілінің  заңцылыгы 

бірінші  жолдың  шумақтың  екінші,  үшінші,  тіпті  төртінші 

жол  болуын,  ал  төртінші  жолдың  біріншіге  шығып  кетуін 

қалайтыны  болады.  Алайда,  барлық  жерде  дерлік  Айбек 

аударманы  жолына  жол  қойып  шығарган.  Оның  ерекше 

еңбегі  де  осында»  —  Жүманияз  Шэріпов  Айбек  ауцарған 

«Евгений  Онегинді»  осылай  мақтайды.  Аударманы  оқып

қарасаңыз ақын жолына жол шығарамын деп сөзді сірестіре 

бергеніне көзіңіз жетеді.

Тэржіменің  түр-түріне  тоқталғанда,  көне  тілдерден 

бүгінгі  тілдерге,  бір  тілдің  ескі  нұсқаларынан  қазіргі 

тілге  аударуды  айтқанда,  бұл  құбылыс  бізге  қатыссыз 

сияқты  сөйлейтініміз  бар.  Қадым  замандарда  дүниеге 

келген  фольклорлық  шыгармаларымызда  қазіргі  қазақтар

түсінбейтіндейсөзкездеспейді,мұныңөзітілдіңтазалыгының,

халықтың  бірлігінің  белгісі  деп  жатамыз.  Негізінде,  бұл 

гылыми  сипаттагы  тұжырымга  жата  қоймайды.  Багзыдан 

Жеткен  дастандардың  тілі  бүгінгі  әдеби  тілімізден  аумай 

тұрса,  ол  сол  шыгармалардың  ауызша  жеткенінің  арқасы 

алдымен.  Біздің  фольклордың  гажайып  коркемдігінің  бір 

сыры  да  гасырлар  бойы  айтыла-айтыла  эбден 

упття пя- 

ұпггала  түскенінде,  дамылсыз  редакцияланганында.  Ол 

ұлы  редактордың  аты  — халық.  Бұл  мұрамыз  гой,  оны  сол

128


күйінде  ғана  айтуымыз  керек  қой  деген  ұғым  болган  жоқ 

ол  кезде.  Ал  заманында  тасқа  қашалган,  бертінде  қағазға 

түскен  халық  мұрасын  осы  заманғы  тілде  қайта  сөйлету 

дэстүрі  бізде  де  бар.  Соның  бір  көрінісі  —  Мырзатай 

Жолдасбековтің  Орхон-Енисей  жазуларындағы  Күлтегін, 

Тоныкөк  жырларын  аударуы.  Ауцару  — бұл  арада  шартты 

атау.  «Орхон жазуларының  қазақ тіліндегі  аудармасын  орыс 

тіліндегідей таза аударма деп түсінбей,  жартылай  аудармаға 

жатқызу  керек.  Олай дейтініміз,  сол  коне  ескерткіпггің тілі, 

ондағы  өлең  ұйқастары  мен  қазіргі  қазақ  тілі,  қазақ  олең 

ұйқастарының  арасьшда  пэлендей  бөгделік,  алшақтық 

жоқ»,  дейді  М.Жолдасбековтің  өзі.  Бізге  түп  тілімізден 

жасалған  осындай  аудармаларға  М.Мағауиннің  «қогарма» 

сөзін 

қолдануы 

(«М.Жолдасбеков 

Күлтегін, 

Тонүкүк 

ескерткіштерін шебер қотарған. Коркемдік жагынан болсын, 

дэлдік  жағынан  болсын  жоғары  бағаға  лайық.  Күлтегін 

(үлкен  жазу)  ескерткішінің  қотармасынан  бірер  мысал 

келтірелік»)  орынды  көрінеді.  «Жартылай  аударма»  сәл 

орысшалау шығып тұр.

2.2.7. 

Тың  тур  табу.  Қ.Мэдібай  «XIX  ғасырдағы 

қазақ  әдебиеті»  атты  оку  қүралында  аударманьщ  Абай 

тілін  дамыта,  байыта  түскен  фактор  болғанын  айта  келіп, 

«Буын  мөлшерінің  біркелкілігіне  құралатын  қазақтың 

силлабикалық жырына Абай  батыл жаңалық енгізгенде,  сол 

орыс  поэзиясынан  үйренгенін  кореміз», дейді  [141,  207  б.]. 

Абай  бастаган  сол  үрдіс  кейін  де  жақсы  жалғасын  тапты. 

«Бізде бұрын  10 буынды өлең бар ма еді? Жоқ еді. Сол қазір 

бар  жэне  поэзиямызга  заңды  түрде  тұрақтап  еніп  отыр», 

дейді  Тәкен  Әлімқұлов  [130,  118  б.].  Осы  түрді  де  аударма 

өлең  алып  келіп  еді  ғой.  Иә,  Тарас  Шевченко  жырларьга 

Қасым  Аманжолов  он,  сегіз  буынмен  алғаш  рет  аударған. 

Жэне кандай аударған десеңізші!  Еске түсірелік.

Өтеді күндер, өтеді түндер,

Өтеді жазым зымырап.

Соғады дауыл, солады гүлдер,

Сарғаяды жапырақ.

Ойың мең-зең,

Жүрегің жым-жырт,

Сонеді көздің жанары.

Үйқыга кеткен дүние сұргылт,

Жоқ тіршілік хабары.

9-29


 

5

29



Осынау жарық жер бетінде,

Бармын ба мен?!  Білмеймін.

Қаңғалақтап жүрмін бе әлде,

Жыламаймын, күлмеймін.

Сыбағам қайда,

Сыбағам?

Жоқ па сірэ ешқандай?

Жақсылық менен  аясаң,

Жаманат бер, уа кұдай!?

Жаңа  түрдің  орнығуының  қандайлық  қиын  екенін  біз 

Т экен Әлімқұлов аударған «Бақшасарай фонтанынан» да көре 

аламыз.  Қасым  енгізген  он  буындық  өлеңді  «поэзиямызға 

заңды  түрде  тұрақтап  еніп  отыр»  деп  санаған  Тәкеннің 

Пушкин  поэмасын  осы  жаңа  уэзінмен  аударуы  көп-көп 

ойға қалдырады.  Білімді, зерделі Тәкен тэржімесінің дэлдік, 

барабарлық  тұрғыдан 

артықшылықтары 

болатындығы 

мэлім.  Сондықтан  аударманы  түпнұсқамен  салыстырып, 

орын  шығындап  жатпай-ақ  қоялық.  Мэселе — тэржімешінің 

таңдаған уәзінінде.

Қабағы н түйіп отырды Гирей,

Аузынан шылым түтіні шыгып;

Қүлдықшыл нөкер тырс үндемей 

Қаһарлы ханды қоршайды ыгып.

Гирейдің жүзі түнерді күңгірт,

Ыза мен мұңы уытын жайып;

Сәулетті сарай мүлгиді жым-жырт,

Адамы барлық болады бэйік.

Поэма  бастан-аяқ  осылайша,  он  буындық  өлшеммен 

аударылып  шыққан.  Жақсы  ғой?  Жақсы  сияқты...  Неге 

«сияқты?» Бірдеңе жетпей тұргандай ма, қалай? Иә, бірдеңе 

жетпей  тұр.  Ол  -   жырдың  әуенділігі.  Өлең  онерімізде 

элі  кеңінен  косіліп  кете  қоймаган  жаңа  уәзін  Пушкин 

поэмасындағы  тогіліп  түскен  шыгыстық  сұлу  сарынды  дэл 

жеткізе  алмай  жатқандай.  Тегінде,  қысқа  өлеңдерде  озгеше 

лепті, озгеше ырғақты ашу үшін әдемі шыгатын он буындық 

өлшем  алысқа  шабатын  поэма  жанрының  оңжамбасына 

онша келмей ме екен деп те ойлайсың.

Шырқалды эн сыңқылдап ерке,

Орданың, бірақ, Зарема көркі.

Махаббаттың жұлдызы жарық -  

Көрінбейді Зарема нағып?

Дариға, боп-боз, қайғысы терең,

Мақтаған сөзді қылмайды да елең.

Құрма ағаштай сындырған дауыл 

Жас басын төмен иеді ауьф.

Сүйкімді емес ешнәрсе оған:

Суынды Гирей ынтызар болтан.

Суынды ол!.. Бірақ өзіңе теңдес 

Грузин қызы, сұлу қыз бар ма еш?

Маңдайыңның көмкеріп шетін,

Бұрымыңды ұзын орапсың екі.

Түннен қара, күндізден нұрлы 

Тұтқын ғып көзің тартпайды кімді.

Жалынды тілек серпінін қатты 

Аңғартар не бар даусыңнан артық?

Пушкин жырының құйылып келетін  ырғағын, ұйқасын, 

екпінін  жеткізуде  шығыс  поэзиясына  етене  тэн  (оқиға 

Қырымда, 

Қырым 

татарларының 

хандығында 

жүріп 

жатқанын  есте  ұстаңыз)  дәстүрлі  уэзіннің  артықшылығы 

көзге ұрып-ақ тұрғандай.

Өнерге  есеп  жат,  өлеңді  сандық  көрсеткіштермен 

өлшей  алмайсың,  бәрінен  бұрын  жырдың  рухын  сақтауды 

айтсаңызшы, деп езулей беру қиын емес. Бірақ ол ғылымның 

сөзі  болып  шықпайды.  Тәржіменің  тамаша  теоретигі 

А.Финкель  бьшай  деген:  «Шығарманың  кейбір  құраушы 

бөліктерін,  атап  айтқанда:  жол  санын,  түпнұсқа  мен 

аудармадағы  буын  санын,  шумақ  жүйесі  мен  уэзінді  таза 

сандық  өлшемдер  бойынша  талдауга  болады.  Эквиритмия 

қағидатына  қалай  қарағанда  да,  егер  түпнұсқа  үш  бунақты 

ямбымен  жазылган  сегіз  жолдан  тұрса,  оны  бір  аударма 

сақтаса,  ал  екінші  аударма  төрт  бунақты  анапестпен 

жазылган  он  жолмен  жеткізсе  (ондай  да  кездеседі),  қанша 

жерден «шығарманыңрухы» жөнінде айтқанмен, кейінгісінің 

дәлдігі  әлдеқайда кемшін  екендігі  басы  ашық жай.  Кэдуілгі 

сан  көрсеткіштерінің  қолданылуы  бұл  арада  әбден-ақ 

сенімді»  [142,  113  б.].  Айнала шауып  іздей берсе,  кім кімнің

131


де  түпнұсқаның  түйінін  түбі  бір  табары  анық  шығар,  шын

шеберлік  соны  артық  сөз  шығындатпай,  шиырып  айта 

алуындағой. 

> « ж ? - :

Поэзия  аудармасына  қойылар  талаптарды  айтқанда

алынатыны

жолдылықтан  қашу,  шығармашылық  еркіндікке  құлаш 

¥РУ  сияқты  болып  келеді.  Бірақ,  осы  айтылғаннан  өлең 

аудармасында сөзбе-сөздік дәлдік, жолма-жолдық көркемдік 

болуы  мүмкін  емес деген  ой  шыға  ма?  Шықпайды.  Бәрі  де 

таланттың қолында. Шын талант өзге 6inev сіпестіпіп кпятмн

е ш р и щ а   суара  алады

талант

*

 



-  V ---- --------- ------------------ —  ^

өзін жарасымды жымдастырып жібереді.

Ғали  Ормановтың  көптеген  аудармаларындағы  дэлдік 

пен көркемдіктің соншалықты үйлесім табуына сүйсінбеске 

болмайды.  Ақынның  айрықша  әдемі  шығарғандары  Й 

Пушкин  өлевдері.  «Біздің  жазушыларымыз  үшін  Пушкин 

мүрасы  әдеби  шеберліктің  үлкен  мектебі  болды.  Әсіресе, 

қазақ  ақындарының  эр  буыны  өзінің  өсу  жолында  Пушкин 

шығармаларын  аударуға  соқпай  өте  алмады.  Осындай  үзақ 

ізденудің  нәтижесінде  нағыз  творчестволық  аудармалар 

пайда  болды.  Бүрынгы  кейбір  ойсыз  шешендік,  сүйкімсіз 

жылтырлық, тіземен басқан дөкірлік көзден тайды. Олардың 

орнын  пікірлі,  байсалды,  нэрлі  еңбектер  басты»  [130,  87 

б.].  Ғали-аудармашы  шеберлігін  айшықты  ашып  көрсету 

үшін  «Қысқы  жолды»  түпнүсқа  мен  тәржімені  жолма-жол

салыстырып  түрып-ақ  дәлелдей  аламыз.  Қараңыз.  Жолма-

жолдылықты жөнді-жөнсіз жазғыра берудің орынсыздығына 

осы аударманың өзі-ақ айғақ.

Сквозь волнистые туманы 

Толқынга ұқсас тұманнан 

Пробирается луна,

Ай ақырын шығады;

На печальные поляны 

Төңірекке мұңайған 

Льет печально свет она. 

Мұқды сэуле құяды.

По дороге зимней, скучной 

Қысқы жолда жабырқау 

Тройка борзая бежит, 

Келеді аттар бұлдырап;

132

Колокольчик однозвучный 

Жалғыз үнмен қоңырау 

Утомительно гремит 

Қажытады сылдырагі.

Осындай  дәлдікті  біз  Қуандық  Шаңғытбаев  аударган 

Роберт Бернс жырларынан да көреміз.

Қазақ  өлең  аудармасьша  ғылымн  көзқарастьщ  да 

орныгып  келе  жатқаны  қуантады.  Әрі  фнлолог-ғалым, 

эрі  ақын  Асқар  Егеубаевтың  қолынан  шыққан  туындылар 

осындай  еді.  Серік  Қнрабаев  оның  бұл  жұмысына  былай 

баға  берген:  «Өткен  күндердің  өкініші  мен  өкпеден  қысқан 

кеңестік  саясат  туралы  қазір  жиі  айтамыз.  Ол  орынды  да. 

Алайда, жүрегі отты, санасы зиялы талант иесі өзінің жолын 

таба да білетін. Қатгы қыспаққа ұшыраган ғылым саласының 

бірі -  көне түркі әдебиеті мен мәдениеті  болатын.  Өзіміздің 

рухани  тарихымыздан  ажырап  бара  жатқан  тұсымызда 

соны  жалғагандардың  бірі  де осы Асқар  Егеубаев.  Ол қазақ 

әдебиеті  тарнхы  пэніне  элі  де  дендеп  кіре  қоймаған  Жүсіп 

Баласағұнның  «Құтты  білік»  атгы  ұлан-ғайыр  дастанын 

аударды. Мұндай күрделі туындыны қолға алу үшін тек қана 

тәуекелге  бару  аздық  етеді.  Ол  үшін  ішкі  дайындық,  үлкен 

білім,  асқан  табандылық  қажет  болатын.  Аскар  «Қүтты 

білікті» аудару ісіне өте жауапкершілікпен келді.  Ежелгі көне 

түркі  тіліндегі  нұсқасын  зерттеп  барып,  бұрынғы-соңгы 

зерттеулерді  зерделей  отырып  кірісті.  Мүның  озі  ежелгі 

рухани  мүрамыздың көркем  аударылуына,  оның түпнұсқага 

барынша  деңгейлес  әрі  ондагы  айтылган  ойлардың  дәлме- 

дэл жетуіне себебін тнгізді. Кезінде оны сынап-мінегендер де 

болды. Бірақта, адал еңбек адамды қашанда қиянаттан ақтап 

алады.  Қазір  Асқардың  бұл  еңбегі  түркітану  саласындагы 

аса  кұнды  аударманың  бірі  ретінде  бағаланып,  шет  елдерде

жарық коріп жатыр» [143, Б.378-379].

2.2.8. 

Тәржіме  тәжірибесі. 

Аудармашы  жұмысының 

бүкіл 

үдерісін 

шартты 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет