БАҒдарламасы бойынша шыгарылды


Бірге туған мен ағаңнан



Pdf көрінісі
бет18/45
Дата03.03.2017
өлшемі26,87 Mb.
#6207
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45

189

Бірге туған мен ағаңнан,

Шын досыңмын, кем емес.

Соққы жедім сұм заманнан,

Бір жылы сөз ем емес.

Арман етпе, жас күнің көп,

Игілік көр, ерге бар  !

Бұл заманның қашқыны деп,

Мен ғарыпты есіңе ал.

Менде паңдық, жат мінезден,

Дәнеңе жоқ, жарқыным.

Осы жазған барша сөзден,

Байқалынар бар шыным.

Басы қатты, сұм жүрегін 

Тоқтата алмай кетті де.

Сорға біткен көкірегін 

Сендіре алмай өтті де.

Татьянаның  жігітке  ынтықтыгын  айтып  хат  жазуының 

да,  оған  салқын  жауап  қатып,  жас  қыздың  махаббат  отына 

күйген  жүрегін  су  сепкендей  еткен  Онегин  шешімінің 

де  көңілге  нанымды,  көкейге  қонымды  уәждемесін  Абай 

Пушкиннің өзіндегіден кем келтірмеген деп кэміл сеніммен 

айта аламыз. Темірғали Нұртазин мұны тамаша түсіндірген: 

«Евгений  Онегиннің»  аудармасында  Абай  Пушкинмен 

пікір  жөнінен  бірде  қоян-қолтық келіп,  бірде  алыстап кетіп 

отырады. Қыздың ғашықпын деп жігітке хат жазуы , жиырма 

алты  жастагы 

сылқылдаган 

Онегиннің  қабылдамауы 

сиякты  оғаш  нәрселер  Абай  тұсындагы  қазақ  өмірінде 

жоқ  еді.  Бірақ  адам  теңдігін,  пікір  еркіндігін,  жаңа  өмірді 

арман  еткен  Абай  ондай  оқыс  жаңалықты  тосырқамайды, 

ыкьшаспен  алып,  рухтана  аударады»  [314,  Б. 130-131].  Иэ, 

мэселе  «адам  теңдігінде»,  «пікір  еркіндігінде»,  «жаңа 

өмірде».  Бүгінгіше саясиландырып сөйлесек,  мәселе  «қазак 

қогамын  демократияландыра  түсуде»...  Зейнолла  Қабдолов 

жақсы  айтқан:  «Тақырыпты  Пушкинмен  қатарласа,  жарыса 

толғайды.  Соның  нәтижесінде  Абай  бұл  аудармасын  өз 

өлеңдерінің  нұсқасындай,  өз  оқырмандарының  түсінігіне 

лайықгап  шығарган. 

Осы  арқылы  қазақ  қьіздарына 

Пушкиннің  Татьянасын  үлгі  етіп  ұсынып,  феодальдық 

қоғамдағы  әйелді  элсіз,  кем  түгар  кертартпа  көзқарасқа


біржола  үкім  айтып,  ескіліктің  торын  бұзып,  орын 

талқандайды.  Екінші  жағынан  қазақ  жігіттеріне  «әйел 

де  өзіңнің  теңің,  тел  өскен  досың»  деген  өсиетін  айтып, 

Онегиннің  тағдырын  Пушкинше  қалдырмай,  оны  ажал 

аузына  апарып,  оқырманды  содан  сактандырады»  [333,

30  б.].


Абай  аудармаларының  жанрлық  табиғаты  туралы  көп 

жазылған.  Алғашқы  кезде  оларды  таза  аударма  түрінде 

қарастыру  белең  алса,  кейінгі  кезде  нәзира  үлгісі  деп 

қарау  басым  болып  келеді.  Абай  нұсқаларын 

аударма 

ретінде  сөз  ететіндер 

олардың  негізінен  түпнұсқаның

талаи  түсын  дәлме-дэл  алғанын,  жекелеген  жерлері 

ғана 

емін-еркін  сыңайда  жасалғанын  көрсетеді.  Нәзира 



деп  табатындар  Абайдың  Пушкин  жырынан  өзіне  керек 

деп  таныған  сарындарды  күшейтіп,  басы  артық  немесе 

қазақ  қауымы  қажетсіз  деп  санаған  желілерді  алып  тастап 

отырғандарын  айтысады.  Бұл көзқарасты  кезінде Әуезовтің 

өзі  де  қолдағаны  бар.  «Бұл  уақытта  Абайдың  акындық 

аударма  турасындагы  түсінігі,  көзқарасы  өзінше,  өзгерек 

болған  тэрізді.  «Ескендір»  поэмасының  тақырып  желісін 

Низамиден  алып,  көп  өзгертіп  жырлағаны тэрізді,  Абай  өзі 

білген,  жақын  Шығыс  классик  поэзиясында  қолданылып 

жүрген  «Нэзира»  жолын  қолдана  түскен  тэрізді.  Аударған 

түпнұсқаның өзінде бар шындык пен сырлардың, халдер  мен 

қасиеттердің көбін арқау етіп ала отырып жэне де тың арман, 

мақсұттар  қосады»  [327,  157  б.], деп жазганы  бар.  Осы түста 

академик  Сейіт Қаскдбасовтың  кезінде Абайдың «Ескендір» 

поэмасының  сюжеттік  негізі  Низамиде  емес,  одан  да  эрі 

дэуірде  жатқанын,  ол  шыгарма  -  көне заманның  ескерткіші

-  Тапмудтағы  мысал-эңгіме  екенін  жеріне жеткізе дэлелдеп 

бергенін  [293, Б.224-237] айта кетелік.  Зерттеуші «Абайдың 

нагыз  үлыларға тэн  диапазонын»  ашып  көрсеткен.  Нығмет 

Ғабдуллин  «Абайдың  нэзира  үлгісі»  атты  макаласында

[328,  Б.50-72]  жогарыдагы  екі  көзқарастың  ара-салмагын 

таразылай  келіп:  «Абайдың  «Евгений  Онегиннен»  алып 

толгаган  махаббат  жырын  -  нэзира  үлгісімен  жазылган 

лирикалық  дастан  деп  атаганымыз  мақүл»,  деген  токтам 

жасайды.  Автор  Абай  Пушкин  романындагы  «оқигаларды 

баяндауда,  кейіпкерлердің  ішкі  дүниесін  бейнелеуде  өз 

сарынын танытады»,« Жігіттің мінезіндегі осалдык жақтары 

айтылатын  тұстарды  қапдырып  кетеді»,  «Абай  өз  жұртына 

түсініксіз  бұл  халдарды  жыр  өзегіне  сабақтамаган»,  деп  ой

191


нақты-нақты

Соның өзінде де Абай жасаған үлгіні тек нэзира ауқымында 

қарастыруға  көңілің  біртүрлі  қимайды.  Нэзира 

ең  эрі 


кеткенде  «өнерге  өнермен  қайтарылған  жауап».  Мұхтар 

Мағауин  Абайдың 

нәзираға  даусыз  жатқызарлыктай 

«Ескендірінің»  өзінде  «дара  сыпат»  бар  деп  тауып,  «Бұл

дара сыпат -  ұлы ақынның к< 

идеялық тұгырынан  ғана  емес,  бүкіл  көркемдеу  жүйесінен, 

шығармашылық болмыс-бітімінен танылады», деп көрсеткен 

[314,  373  б.].  Оның  жанында  бұл  нұсқада  Пушкин  мэтінін 

ғажайып дәлдікпен жолма-жол  түсірген тұстар да бар  ,  бар

көп  ,  ең  бастысы  -  Абай  түпнұсқаның  айтар 

ойын  да,  кейіпкерлердің  бітімін  де  өзгертпеген,  тек  мұның 

бэрін  сол  кездегі  дала  жұртының  ұгымына,  қазактың 

ұлттық 

менталитетіне 



ішінара 

бейімдеп 

жырлаған. 

Бұлай  дегенде  біз  Нығмет  Ғабдуллиннің  анықгамасына 

Ғііпік-пття  т ш а н  

ке птіпмек  емеспіз.  Ғалым  өз  ойын  жеріне

ғана  емес  -

жеткізерліктей  ой  қисынымен,  сыршыл жазушының шебер 

тілімен төгілте баяндай отырып дәлелдеп  шыкқанын  айтып

тұрмыз

құлақ


Абайдың  «Евгений

Онегині»  аудармалық сипаты мен нәзиралық сипаты аралас 

дүние  деп  санайтынымызды  ғана  ескерте  кетпекпіз.  Бір 

жагынан осының  өзі Абай шығармашылығының қандайлық 

құпиялары  элі  де  ашылмай  жатқанын  көрсетуімен  де

құнды.


Жалпы,  Абай  жасаған  аудармаларды 

таза  аударма 

ретінде  қарастыру  да,  нэзира  ретінде  қарастыру  да  сәл 

жетімсіздеу.  Қанша  дегенмен,  аударманың  аты  -  аударма, 

«эдеби шығарманың бір тілден екінші тілге көшіріліп қайта 

жасалуы». Қанша дегенмен, нәзираның аты - нэзира, қазақша 

магынасы  -  жауап,  рас,  «өнерге  өнермен  қайтарылган 

жауап», бірақ бәрібір - жауап. «Әдебиеттің энциклопедиялық 

г.йчпігінле»  нэзиоага  «Таяү  жэне  Орта  Шыгыс  елдерінің

еліктеудің бір түрі

ақынның

троптар  жүиесін  міндетті  түрде



аныкгама

Күмісбаев

классикалық

«жауап»  қатуы  түрінде,  өнер  сынасу,  өлең  жарыстыру 

мақсатында  пайда  болган.  Жьф  бэйгесіне  тэуекел  еткен

192


шайыр  бұрыннан 

мәлім  шиырдан  жаңаша  жол  іздеуге, 

өзі  өнеге  тұтып  отырган  дастанның  тақырыбын,  өлең 

өлшемін,  көркемдеу  өрімін  пайдаланып,  ілкі  туындыдан 

асып  кетпесе  де,  жетеғабыл  түсетін,  өзіндік  бояу,  реңі  бар 

шыгарма жазуға тиіс  еді», дейді  [10, 242  б.].  Абай  нұсқасы

бұл  шарттарға  оншама  келіңкіремейтіні  көрініп  тұр.  Бұл

-  басқа  дүние...  Бүкіл  дала  Татьяна  әнімен  тербеліп  тұрса, 

қазақгын  қыз-жігіті  Татьяна  мен  Онегин  хаттарын  жаттап, 

асыкгығын,  ынтыктығын  солардың  сөзімен  жеткізіп  жатса 

ол қалай тек аударма болып қалады, ол қалай тек нэзира бола 

салады?  Бізде  осы  нұсқаны  «таза  аударма  дегеннен  горі, 

еркін  мазмұндама,  екінші  ақынның  бірінші  ақынды  озінше 

коркем  баяндап  шығуы  дегенге  келер  еді»  (Д.Досжанов) 

деп  бағалайтын  козқарас та  бар.  Тіпті  рабайсыз  енді.  Абай 

мазмұндаушы  да,  баяндаушы  да  емес.  Мазмұндаманы 

мектепте жазады.  «Бірінші  ақынды  өзінше көркем  кестелеп 

баяндап  шығу  «  үшін  де  Абай  болу  шарт  емес.  Абай  болу

шарт... 

.



Әдебиетші  И.Сурат  Пушкиннің  аудармашылық  өнері

туралы  толғанған  бір  тұста 

былай  деген:  «Шеньеден, 

Саутиден, 

Беньяннан, 

Корнуолладан 

жасаған 

оньщ 


аудармалар  мен  ауыспалары  ,  әдетте, 

Пушкин  омірінің 

нақгы  сыртқы  жағдаяттары  мен  ішкі  жан  толқыныстарын 

оз  бойына  сіңірген  болып  келеді,  сойте  тұра  олар  аударма 

күйінде қала береді, былайша айтқанда, бір ұлт мэдениетінің 

жемісін  басқа  мәдениетке  экеліп  егеді.  Пушкиннің  есейген 

шақгағы  жырларында  аудармасы  мен  лирикасының  ара- 

жігі  ашылмай,  қосылып  кеткен  -  байсалды  баспагерлердің 

ешқайсысы  да  оның  аудармаларын  оз  өлеңдерінен  болек 

беру  дегенді  ойына  да  алған  емес,  ал  басқа  ақындардың 

аудармалары бөлектетіліп басылып жатады.  Бөіде ақынның 

созін  озінің  жан  күйін  жеткізуге  пайдаланатындықтан 

да 

Пушкиннің  шығармашылыгында  а у д а р м а л ы қ   л и р и



- к а н ы ң  өзгеше бір түрі бар деп айтуга да болар еді» [ 174]. 

Осы  айтылғанды  біз Абайга да қатыстыра аламыз.  Пушкин 

романының кейіпкерлері  арқылы  Абай да өзінің лирикалық 

көңіл-күйін ашқан. Аударманы лирикаға айналдырған.  Бұл - 

Абайдың «Евгений Онегині». Тегінде,  М.Сильченконьщ «эрі 

олең,  эрі  аударма»  («его  семь  стихотворений-переводов»)

дегені де 

қызықты 


[334,  110 6.].

Қажым Жұмалиевтің мьша пікіріне құлақтүрелік: «АОаи

аудармаларын  негізінде  екі  түрлі  деуге  болады.  Біріншісі,

13-2915


193

дэл  аударма,  екіншісі,  ерікті  аударма.  Дэл  аудармалары 

шумақ,  бунақ,  буын  ұйқастарына  қарай  өзара  жэне  екіге 

бөлінеді.  Кейбір  өлеңдерді  аударғанда,  Абай  шумағын  да, 

ұйқас түрлерін де берік сақтайды.  Орыс өлеңдерінің ырғақ, 

буындары қазақ өлеңдерінің буындарына дэл келе бермейді... 

Абай  аударған  өлеңдерінің  буынын  қазақша  дэл  беруге 

мүмкін  болмаса  да,  саны  жағынан  соған  жақын  келетін 

өлеңмен аударады. Кейде ұйқастарын, кейді тіпті образдарын 

дэлме-дэл  шығарады»  [335,  325  б.].  Демек,  Қ.Жұмалиевтің 

де  бүл  нұсқаны  негізінен 

аудармаға  (мейлі,  ерікті,  еркін 

десе де)  жатқызатыны көрініп тұр. Серік Қирабаев та «Абай 

аудармасының  өзіне,  дэуіріне  тэн  үлкен  өзгешілігі  бар.  Ол

- еркін, творчестволық аударма», деп жазган, яғни,  түбі-тегі, 

табиғаты жагынан  аудармага жатады деп таныған  [336,  101 

б.].  Сағынғали  Сейітов те, жалпы Абай шыгармашылыгын 

сөз  еткен  авторлардың  дені  осы 

еркін 


аударма,  бірақ 

қалайда негізі  аударма дегенге  бейім тұрады.  «Абай  көркем 

аудармадагы дэлліктің де, еркіндіктің де мысалын көрсетеді. 

Оның  дэлдігі  -  эріптің,  сөздің  дэлдігі  емес,  көңіл-күйінің, 

образ жүйесінің, сөз бедерінің асыл нүсқаға сайма-сайлыгы, 

сәйкестілігі» [234,  14 б.].

Абайдың  «Евгений  Онегиніне»  жанрлық  сипаттама 

іздегенде  Ғабит  Мүсіреповтің  біз  жогарыда  келтіріп  өткен 

«хатпен жазылган поэма»  [314,  115  б.] деген анықгамасы да 

тілге орала береді.  Ал Әуезовтің «роман» деген анықтамасын 

негізінде бейнелі теңеу, ақынның үлкен  еңбегін  багалаудың 

белгісі деп қараган жөн шыгар.  Осы «роман» анықтамасына 

орай  бізге  Ысқақ  Дүйсенбаевтың  мына  пікірі  салмақты 

естіледі:  «М.О.Әуезов  өзінің  Абайга  арналган  белгілі 

еңбегінде  («Эр  жылдар  ойларындагы»  Абайга  арналган 

монографиялық зерттеуін  айтып  отыр  -  С.А.)  ақынның осы 

аудармаларын эпистолярный роман деп атаган. Бұл қүнарлы 

пікірдің  негізінде  шындық  барлыгын  мойындасақ  та, 

жогарыда айтылган, Абай аударган үзінділерді де тап солай 

деп үзілді-кесілді тұжырым жасауга келе бермейтін секілді. 

Демек,  бүл  алуандас  шыгармалар,  әсіресе,  прозалық  түрде 

Европа  әдебиетінде  өте  көп  үшырасады,  бірақ  олардың 

қай-қайсысы  болсын  қалыптасқан  заңдылыгы  бар  бір түтас 

туындылар.  Хат  түрінде  жазылса  да  сол  шыгармалардың 

қаһармандары  эр  қырынан  көрініп,  өздерінің  көркемдік 

шешімдерін  түгелдей  тауьш  отырады.  Ал,  Абай  аударган 

үзінділерде мүндай жымдасқан тұтастық жоқ жэне олардың

194


бәрі жиналып келгенде екі жастың басындағы бір ғана кезеңді 

сипаттайды,  ягни  Онегин  мен  Татьянаның  басқа тіршілігі  , 

әрекеттері  ашылмаиды,  назардан  тыс  қалады»  [330,  Б.7-8]. 

Жалпы,  Абайдын  «Евгений  Онегині»  туралы  осы  шагын 

гана  пікір  салгастыруды  Тэкен  Әлімқұловтың  бір  ауыз 

сөзімен  түйе  салуга  да  болар  еді:  «Абайдың  өзі  «аударма» 

деген  нэрсесін  «аударма  емес»  деп  шыгаруга  қандай  орай 

бар»?  [213,  101  б.]... Бірақ, тагы бір сұрақ туындайды:  Абай 

қай  жерде  оны  «аударма»  деп  аталты?..  Ондай  дерек  жоқ. 

Дегенмен,  бір  тілдегі  шығармаңы  басқа  тілде  сөилетудің

өзінде аударма белгілері тұрмай қоймайды.

Ал  «нэзира»  анықтамасына  келсек,  Абаидың  бұл 

деңгейден  асып  кеткендігі  анық.  Нэзирагойлік  — кемшілік 

емес.  Науаи  да,  басқалар  да  нэзира  жазган.  Бірақ,  Абай 

өмір  сүрген  дәуірде  жалпы  әдебиеттің  қалпы  бұрынгы 

әдіс-тэсілдерден  бойды  аулақ  салуга  бейімделіп  үлгірген

болатын. 

- „



Накты нэзира үлгісіне келсек, қазақ эдебиетінде «Евгении

Онегин»  сарынымен  жазылган  нэзиралық  дастандар  да

бар  екендігі  жақсы  белгілі.  Олар  жайында  осы  зерттеудің

арнаулы тарауында сөз етеміз.

Пушкин  романынан 

алынган  үзінділер  Абайдың

аудармадагы алгашқы қадамы деуге болатынын да ұмытпаган 

жон. Бүган дейін Абай Лермонтовтан шагын-шагын үш үзінді 

гана («Кен жайлау - жалгыз бесік  жас балага»,«Бородино», 

«Әм жабыкгым, эм жалыктым») аударып байқаган еді. Ақын 

мұнан кейін Лермонтовты тереңдетіп экеткенде; сол арқылы 

Гетеге жетіп, Байронга барганда,  Крылов мысалдарын  қолга 

алганда  нагыз көркем аударманың үздік үлгілерін көрсеткен. 

М.Әуезов те Абайдын Пушкиннен аударма  жасаган түстагы 

еркін  кететін  түстарын  осылай  түсіндіретін  :  «Пушкинге 

Абайдың  алгашқы  ауцармага  ауысқанда  барган  барысы 

сондайлық  болса,  енді  Лермонтовтың  шыгармаларын 

аударуда  Абай  мүлде  басқа  сапаны  көрсетеді.  Бұл  жөнде 

жалпы айтатынымыз, Абай анық  шебер  аудармашының  өзі

болып еңбек етеді». 

w

Иэ,  Абай  өз  халқына  Пушкиннің  «Евгении  Онегин»



романының  үзінділерін  ұсынбаган.  Абай  романның  жаңа 

нұсқасын  жасаган.  Ең  алдымен,  Абайдын  романды  хаттар 

үлгісінде  түзуі  «окырманның  элі  дайындыгы  жоқтыгына» 

гана  байланысты  емес.  Абай  өмір  сүрген  дэуірде  қазақ

ауылындақызбен жігітгіңхаталысып, хатберісуі, оны өлеңмен

195


жазуы  әбден-ақ  эдетке  сіңіп,  бөлекше  бір  романтикалық 

сипатқа ие болған-ды. Абай оқырман (тыңдаушы) сұранысын 

дэл тауып отыр. Қазақ акыны Пушкин романын классикалық 

аударма  үлгісінде,  толық  күйінде,  өлең  өлшемін,  ұйқас 

сипатын  сақгап  түрып  аударып  шыққан  күннің  өзінде  сол 

тұста оны дала жұрты дәл мына жырлардай жанына жақын 

түтпас  еді  деп  ойлаймыз.  Осындағы  376  жолда  Пушкин 

романының қазақ үшін ең қажетті, ең жаңашыл сарындары, 

тың рухы айқара ашылған, айшықгы жеткізілген.

Жоғарыда 

айтқанымыздай, 

романның 

қазақша 

нүсқасының  жанрлық  табиғаты  жөнінде  қазақ  әдебиет- 

тануында  едәуір  материал  қордаланып  үлгерді.  Мұның 

өзі  үлттық  аударматанудағы  көзқарастардың  өзіндік  бір 

эволюциясын  да  көрсетеді.  Кезінде  эуелде  таза  аударма 

үлгісі,  эпистолярлық  роман  нұсқасы,  қазақ  қауымының 

қажеттіліктерін ескерген еркін аударма деген пікірлер белең 

алса, кейінірек Пушкин сарынымен жазылган нәзиралық шы- 

ғарма деп бағалаған авторлар да болды, кейінгі кезде атымен 

тьщ туынды, толық төлтума деген бага да беріле бастады. Осы 

пікірлердің қай-қайсысының да өзіндік шындығы бар.  Абай 

жасаған асыл нүсқаның белгілі бір анықтаманың аясына сыя 

қалмайтыны,  қатқан  қалыпқа дэл  түсе  қоймайтыны — ақын 

үлылығының  тағы  бір  айғагы.  Шериаздан  Елеукеновтің 

«Хаттарда»  аударма  атаулының  бар  түрі  кездеседі.  Дәлме- 

дәл яки бара-бар, еркін тэржіма жэне сарындастық тэржімаға 

қатысты  шамалы  еліктеу,  дербес  шығармаға  тэн  қасиеттер 

түгел  үшырасады»  [170,  247  б.]  деуі  еондықтан.  Бұл 

пікірді  галым:  «Абайдың  «Евгений  Онегин»  атты  өлеңмен 

жазылган  роман  негізінде  жасаган  өз  дүниееін  аударманың 

кай  түріне  де  жатқызу  қиын»  («Егемен  Қазақстан»,  2006, 

25  қазан)  деп  те  айтқан.  Зерттеушінің:  «қазақ  ақыны  тіке 

аудармадан  әуел  бастан  сыргақтайды.  Татьянаның  сөзінің 

негізін  сақтай  отырып,  оган  қазақы  реңк  беруге ұмтылады. 

Дала  шындыгына  сэйкестейді.  Дэлелін  де  қазақ  сөзінің 

қалыптасқан  жүйесіне  сүйейді»,  дегені  орынды.  Автордың 

«Абайдың  романы»  атты  көлемді  мақаласында  [171,  Б.23- 

24]  Абай  нүсқасына  «Онегин — Татьяна»  романы»  деген  ат 

беріліп,  «Абай  хат  түрінде  жазылган  шьн'армасымен  күллі 

эдебиетімізді жанрлық жаңа өріске шыгарды. Әдебиетімізде 

роман  шымылдыгын  ашты»,  деген  қорытынды  жасалган. 

Бүл  пікірге  орай  Зәки  Ахметовтің  мына  ойын  келтіруге 

болады: «Абайдың «Евгений Онегин» сарынымен шыгарган 

өлеңдері, -  бара-бар, -  немесе еркін аударганы бар, жанынан

196


қосқаны  бар,  —  түгелдей  алғанда  бір  желіге  түсіршген, 

біртұтас топтама шыгарма деуге лайық.  Сондықтан Мүхтар 

Әуезов  «Қазақ  халқының  үлы  ақыны»  атгы  мақаласында: 

«Абай версиясында «Евгений Онегин» эпистолярлық роман 

түріне  айналган»  дейтіні  тегін  емес.  Әрине,  хат  түріндегі, 

ягни эпистолярлық роман дегенді шартты түрде айтылган деп 

түсінген жөн.  Өлеңдердің кейбіреуі хат түрінде, ал бір тобы 

кейіпкерлер созі (монологы) түрінде берілген гой, автордың 

оз  атынан  айтылган  сипаттама  («Онегин  сипаты»)  жэне 

бар.  Өлеңдер  түгелге  жуық  кейіпкерлер  атынан  айтылган 

соз  (не  хат,  не  монолог)  болгандықтан  оларда  лирикалық 

драманың сипаты бар деуге де қисын жоқ емес...»  [172,  174 

б.].  Романның  элемдік  эдебиеттануда  қалыптасып  үлгерген 

олшем-қалыптарына салып қарайтын болсақ, Абай жасаган 

үлгінің  жанр талаптарына толық жауап  бермейтіндігі  оның 

кемшілігі  емес  —  ерекшелігі.  Қазақ  романының  өзіндік 

табигаты  деген  төңіректе  пікір  агамасу  алдагы  кезде  де 

жалгасатын  шыгар.  Қалай  дегенде  де  Ш.Елеукеновтің 

тосын тұжырымы қазіргі қалыптан тыс ойлаудың келісті бір 

көрінісі ретінде қаралуга лайықгы.  Біз қазірше М.Әуезовтің 

кезінде: «Біздің айтыстардың көбі -  осы эпистолярный роман 

түріндегі өлеңдер» [173, 228 б.] деп те көрсеткенін еске сала 

кетуді артық көрмей отырмыз.

Тіпті,  Абай  нұсқасын  «роман»  дегенде  де  тым  даулы 

ештеңе  жоқ:  Пушкин  өлеңмен  роман  жазса,  романның 

аудармасы роман болмаганда не болуы керек?..

Қалай  айтқанда  да  Абай  Пушкиннен  атымен  аударма 

жасамаган деудің реті келе қоймайды. Абайдың Пушкиннен 

создің  бүгінгі  магынасындагы  аударма  жасамагандыгы  -  

басы ашык жай. Абай озінің «Евгений Онегинін» туындатқан. 

Қалай туындатқан? Біздің пікірімізше, Абай өзінің «Евгений 

Онегинін»  негізінен  аудармалық  лирика  [174]  тәсілімен 

туындатқан. 

Түпнүсқага 

шыгармашылық 

еркіндікпен 

қараган, кейіпкерлер болмысына оз  байыптамасын жасаган, 

туындының  табигатын  қазақ  реципиентінің  қабыл  алуына

лайықтап келтірген.

Абайдың 


«Евгений 

Онегиннен» 

аудармаларында 

ақынның  сөз  сәйкестігінің  де,  бейне  баламалылыгының 

да,  уэзін,  екпін,  ұйқас,  интонация  барабарлыгының  да 

үздік  үлгісін  жасагандыгына  мына  жолдарды  орысша- 

қазақшасымен текшелеп қойып шықсаңыз да көзіңіз жетеді. 

Қараңызшы:

197


Но так и быть. Судьбу мою 

Не болса да өзімді

Отныне я тебе вручаю 

Тапсырдым сізге налынып

Перед тобою слезы лью 

Толтырып жасқа көзімді

Твоей защиты умоляю 

Есірке деймін жалынып

Поэзия  аудармасындагы  ең  қиын  талаптың  бірі

-   түпнұсқадағы  екпін  түсер  ұйқасқан  сөзді  тэржімеде 

де  екпін  түсер  ұйқасқан  сөзбен  келтіру.  В.Брюсов  мұны 

аудармашының хас шеберлігіне сынақтың үлкені деп бшген. 

Абай  аудармасы  бұл  жағынан  да  айызыңды  қандырады. 

«Судьбу мою» -  «өзімді», «слезы лью» -  «көзімді», «вручаю»

— «налынып», «умоляю» — «жалынып»...

Абайдагы  нақгылыққа,  сәйкестікке  назар  салайыщны. 

«Кто ты, мой ангел ли хранитель» -  «Шыныңды айт, кімсің 

тербеткен, 

Иембісің 

сақтаушы?». 

«Ангел-хранитель» 

ұгымын дэл осылайша жатық жеткізу церковно с лавянизмдер 

табигатын  тамыршыдай  тап  басып  танудыц  жемісі,  эрине. 

«Или  коварный  искуситель»  — «Элде  азгырып  эуре  еткен, 

Жаумысың 

теуіп 

таптаушы». 



«Искушение» 

ұгымын 


«азгырып  эуре  ету»  деп  алган  Абай  «коварный»  сөзінен 

сол  «искусительдің» тұлганы  «теуіп таптайтын»  сұмдыгын 

сезіндіреді.  «Мои  сомнения  разреши»  — «Шеш  көңілімнің 

жұмбагын»,  «Быть  может  это  все  пустое»  -   «Әлде  бәрі 

алданыс».  Эквивалентті  дейсіз  бе,  эквиритмді  дейсіз  бе, 

адекватты дейсіз бе, дэлме-дэл дейсіз бе, жолма-жол дейсіз 

бе,  тіпті сөзбе-сөз дейсіз бе -  жалпы, аударма теориясында- 

гы талаптардьщ б эр і не бірдей жауап бере алатын шумақтар. 

Ал енді  «Обман неопытной души...» деген жолдан элемдік 

эдебиеттің, оның ішінде жер жаһандағы жыр жауһарларының 

қандай  антологиясына  да  қысылмай  қосатындай,  қосқанда 

да  олардың  ортасынан  ойып  тұрып  орын  алатындай:  «Жас 

жүрек  жайып  саусагын,  Талпынган  шыгар  айга  алыс»  деп

шыгаруга тіпті айтар сөз жоқ.

Классиканың  кемел  көрінісі  деп  осындайды  айтпасақ,

нені айтамыз!

198


Сөз  бар  ма,  мэселе  түптеп  келгенде  шығарманың 

жанрлық  анықтамасына  тіреліп  тұрган  жоқ.  Мэселе  оның 

атында  емес,  затында  дейтін  болсақ,  Абайдың  «Евгений 

Онегині»  қазақ  сөз  өнерін  былай  қойғанда,  элемдік 

эдебиеттегі  қайран  қалдырарлық  кұбылыстардың  бірі 

екендігі  талас  тудырмайды.  Мұны  жаһан  жұртшылығына 

дэлелдеп  шыгу  -  тэуелсіздік  тұсындағы  қазақ  эдебиетгану 

ғылымына жүктелер жауапкершіліістің бірі.

Абай  жасаған  «Евгений  Онегиннің»  табигатын  тануға 

тырысқанда Н.Конрадтың атакты кітабы -  «Запад и Восток» 

жинагындагы  «К  вопросу  о  литературных  связях»  деген

макала  [18,  315-327  б.]  ойга  орала  береді.  «Қазір  бізде 

аударма  жөнінде  белгілі  бір  түсінік  қалыптасып  үлгерді. 

Алайда,  соган  қарап  осындай  түсінік  дэйім  болган  екен, 

бұрынгы  заманның  бэрінде  аудармалар  бір-бірінен  жақсы 

не жамандыгына,  «түпнұсқага жақындыгы» не алыстыгына 

қарап  ажыратылган 

екен  деп  ойлаудың  жөні  жоқ», 

деп  бастаган  автор  Низами  мен  Науаи  жасаган  «Лэйлі- 

Мэжнүн» туралы ой толгайды да, былай дейді: «Бұл фактіні 

қарастырганда біз дагдылы  багаларды  ысырып тастауымыз 

керек. Меніңше, мұндагы басты нәрсе мынау: ол кезде өзгенің 

шыгармасын  басқа  тілде  қайта  туындату  творчестволық 

іс  эрі  еркін  творчествоның  ісі  болган.  Шыгарманың 

өзге  тілдегі  кейіпке  енуі  ол  замандагы  адамдар  үшін  сол 

шыгарманың өзін де өзгертіп жіберетін. Шыгарма енді жаңа, 

өзге  өмірмен  тыныстай  бастайтын.  Бұл  жаңа  өмірге  дем 

беруші адам -  басқа ақын болатын, ол ақын көбіне көп өзінің 

ақындық  данышпандыгының  қуаты  мен  сипаты  жагынан 

сол  шыгарманы  әуелдегі  тілдік  пішінінде  дүниеге  экелген 

туындыгермен тең түсетін»  [18, 325 б.].  Конрад Низами мен 

Науаиді  айтса,  біз  бұл  тұжырымнан  Пушкин  мен  Абайды 

көреміз.  Пушкиннің  ақындық  данышпандыгының  қуаты 

мен сипаты Абай бойынан тең табылгандықтан да қазақтың

«Евгений Онегині» туган.

Айналып  келгенде  мэселе  не  нэрсенің  де  атында  емес,

затында  гой,  эрине.  Осылай  қарасақ,  Абайдың  Пушкиннен 

аудармалары  қазақ  эдебиетінің тарихында  аса  улкен  орын 

алатын,  гажап  құбылыс  деп  багалауга  лайықты  екеніне 

бүгінде жұрттың бэрі де бір ауыздан қосылады. Мұны  Тэкен 

Әлімқұлов тамаша айтқан: «Абай аудармалары шыгарманың 

контексті  мен  подтексін  мейлінше  терең  тусінгендікті

ұгымына

аудармалары




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет