199
түсті. Жаңа ұғымдар, тың теңеулер, эпитеттер, соны сөз
орамдарын, сөз айшықтарын туғызды. Поэзиямызда жаңа
ырғақ, жаңа әуен пайда болды. Ойлаудың бейнелі жаңа
түрлері шықты» [213, 95 б.]. Ал ойлауды өзгертуден артық
қандай құдірет керек ?!
Абайдың Пушкиннен жасаган аудармалары тек казақ
әдебиетінің аумағында сөз етіліп қалып қойған емес. Ол
кешегі Одақ көлемінде де айырықша айтылып, әдебиеттер
достығының хрестоматиялық мысалдары қатарында жиі
ауызға алынатын, сөйтіп, қазақ мәдениетінің абыройын
арттырып, түптің түбінде халқымызға жақсы ат әкелетін.
Леонид Соболев Аудармашылардың бүкілодақтық үшінші
кеңесінде (1970,23-26 маусым) жасаған «Аударма - халықтар
достығының кепілі» атты баяндамасында: «Кеңес дәуіріндегі
аударманың шежіресі элі жазыла қойған жоқ, әйтсе де,
зерттеушілер ол шежіреден талай-талай тамаша оқиғаларды,
туысқандықты өздерінің дарынымен дәнекерлей түскен
талай-талай қайраткерлер есімдерін таба алатыны талассыз.
Олардың ізашарларының арасында Ресей империясы
халықтарының
алдыңғы
қатарлы
ақын-жазушылары
болғаны белгілі, бұл қаламгерлер орыс интеллигенциясының
демократиялық топтарымен
байланыс
орнатып, өз
оқырмандарын орыстардың әдебиетімен, мәдениетімен
таныстыруға тырысты. Мысал келтірер болсақ, откен
ғасырдың аяқ шенінің өзінде қазақгың ұлы ақыны Абай
«Қараңғы түнде тау қалғып...», «Татьяна эні» сияқты
жырларды аударган, олар қазақ даласында халық эніне
айналыпкеткен», деген [337,132 б.]. Қазақәдебиетініңүлкен
досы , өзі де аудармашы Л.Соболевтің республикалардагы
үлт ақын-жазупшларынан келтірген мысалдарын біздің
Абайымыздан бастаганы көп жайды аңғартады. Дэл қазір
мұның біз үшін маңызы білінер-білінбес, бірақ бір Одақтың
құрамында өмір сүріп, үлт мәдениеттері өзара іштей болса
да бәсекелесіп, жарысып жүріп жатқан кешегі кезеңде
осындай фактілерден де халықтың рухы котеріліп қалатын.
Зәки Ахметовтің «ақынның өнер жарысына түсетін,
сыналатын бір тұсы - осы басқа ақындардың шығармасына
үңіліп, соны өзінше қалай айтып жеткізетіні» [182, 456 б.]
деп айтқаны бар. Осы түрғыдан қарасақ, Абай бұл сынақта,
Пушкиндей күдірет дарынмен өнер жарысында озінің
даралығьш даусыз дәлелдеді, алыптығын анық танытты.
Жүз жылдан астам уақыттан бері ақын атаулыға аудармада
200
да асуын алдыртпай келе жатқаны - Абайдың асқаралы
биіктігінің бір белгісі.
М.Әуезовггің
мына
пікірі
ойға оралады:
«Абай
творчествосының орыс әдебиетіне қатынасы, әдетте,
идеялық
жагынан
анықталады
да,
Абайдын
орыс
әдебиетімен
байланыс жасауы арқасында туған жаңа
көркемдік форма мен жанр мәселесі ауызға алынбай
қалады» [301, 86 б.]. Бұл сөз айтылгалы да жарты ғасырдай
уақыт өтіпті. Дегенмен, Пушкин романынан жасалған
аудармалардың Абай поэзиясына, ол арқылы бүкіл
қазақ
жырына жасаган әсер-ықпалы жайында нақты, терең
зерттеген еңбектер элі де көп емес. «Евгений Онегиннің»
қазақ эдебиетіне ықпалын айтқанда көбіне-көп осы Абай
аудармаларын, роман сарынымен шыгарылган халықтық
дастандарды, шыгарманың толықтай тэржімесі үш рет
жасалганын тілге тиек етеміз. Мүның бәрі дұрыс. Сонымен
қатар Пушкин туындысының біздің әдебиеттің кэсіби өресін
өсіруге жасаган эсер-ықпалы тікелей аударма арқылы гана
болмаганын да басын аша айта кету жөн. Мысалы, Абайдын
өзінің: «Қайгың болар шермен те ң / Қара коңілім жермен
тең, /Сенсіз маган жат төсек, / Болар бейне кормен тең»,
деп келетін жолдарында, әрине, Пушкиннің, атап айтқанда,
«Татьяна хатының» әсері көзге ұрып-ақ тұр. Дэл «Евгений
Онегинді» аударатын жылы жазылган «Желсіз түнде жарық
ай» өлеңі де «ар жагы батыстан, бер жагы Пушкиннен
(Онегин мен Татьянаның
махаббат жайын сөйлесерде
бакта кездескенін еске алыңыз) нэзік тұспалмен, ымбамен
айтатын гашыктық минутгарын суреттеудің бір үлгісі еді»
[388, 18 6,].
Абай фразеологизмінде де Пушкин әсері үлкен. Зэки
Ахметов Абай енгізген фразеологизмдердің талайы оның
аударма өлеңдерінде кездесетінін нақты айтқан [389].
Рабига Сыздықова: «Адамды, оның қадір-қасиетін, түр-
түрпатын, ақыл-мінезін суреттеп, бейнелеп, сипаттайтын
фразеологизмдердің дені тілде қалыптасқан, байыргы
элементгер: ақ жүрек /«адал ниет»/, бүл тіркесті Абай
Онегиннің аузына салады, ол Татьянага екінші рет «сорлы
асық» болып жазган хатында: Хүп білемін сізге жақпас, Ескі
жара білтелеу. Ақ жүрегің енді ұнатпас - Мезгілі жоқ қай
медеу?
1
дейді. Бүл жердегі Татьяна Ларинаның ақ жүрегі -
оның «жалгансыз сезімі», деп жазган [385,102 б.]. Ғалымның
«Абай шығармаларының тілі» атты зерттеуінде [390] бұган
нақты мысал мол. Р.Сыздықованың Абай өлеңдерінде затгы
201
не құбылысты перифраз амалымен бейнелеуде орыс поэзиясы
тілінің ізі де байқалатынын, қазақтың көркем сөзінде бұрын-
соңды кездеспеген тіркестер бола тұра, олардың не образ
ретінде, не көркем элемент ретінде жаттығы сезілмейтінін
айта келіп: «Бұл - Абайдың сөз кестесінің төлтума жэне
аударма деп бөлінбейтін тұтастығын танытады. Ал бұл
тұтастық - ақындық қуаттың, ақындық даралықтың бірден-
бір белгісі» [385, 118 б.], деп көрсеткені - өте құнды
тұжырым.
Ендігі бір айтатын жай - «Евгений Онегиннің» қазақтың
өлең өріміне еткен әсері. Басқа жағын былай қойғанда,
1887-88 жылдарға дейін Абай өлеңдері негізінен дэстүрлі
қара өлең ұйқасымен жазылып келгенін, поэзиямызға Абай
орнықтырып беріп кеткен, қазір бұрыннан бардай, тіпті
төл ұйқасымыздай көретін шалыс ұйқастың өзі де алдымен
«Татьянаның Евгенийге жазған хатында» қолданылғанын
айтсақ та талай жайды аңғартамыз. Кейіннен Абайдың
алты тармақгы қамтитын ұйқасты /аабввб/, «Сегіз аяқгың»
ұйқасын /аабввбгг/ енгізгенінде де бір жагынан «Онегин
шумагының» эсері болуы эбден ықгимал, өйткені, Пушкин
романы арқылы сыртқы түрдің мазмұнга қандайлық эсер
ететіні ақынга анық сезілген.
Абай шыгармашылыгына кезінде Әуезов атап көрсеткен
үш бастау-бұлақтың бірі - орыс мэдениетінің ықпалы сол
тұстагы саясатқа байланысты асыра айтылган деген сөзбен
толық келісе беру қиын. Мэселені бұлай қою жөнсіз.
Мэселені «сол кезенде Абай шыгармашылыгының басқа
бастау-бұлақтары—өлең-жырдың төл, таза халықтық арнасы
мен Шыгыстың дэстүрлі эдебиетінің ақынга әсер-ықпалы
кемістеу айтылды», деп қою әлдеқайда дэлірек. Бұл жагын
күшейтіп айтудың керектігі Абайга орыс эдебиетінің жэне
сол арқылы батыс эдебиетінің игі ықпалын азайтып айту
қажет еді деген сөз емес. Олардың бір-бірін толыктырганнан,
сөйтіп Абай жұмбагын аша түсуге септігін тигізгеннен
басқа келтірер еш зияны жоқ. Қазақтың ұлы ақынының ең
гажайып жырлары оның Пушкин поэзиясымен жолыққан
жылдарынан кейін жазылганын ешкім де жоққа шыгара
алмайды. Бұл - ол өлеңдер Пушкин ықпалымен жазылган
деген сөз емес, эрине. Бірақ, Пушкин поэзиясы Абайдың
алдынан жаңа асулар ашқаны, өлең-жырга қояр талабын
анагұрлым өсіре түскені талассыз.
Абайдың «Евгений Онегиннен» аудармалары - қазақ
ақынының шын ұлылыгының айқын айгагы.
202
2.3.2.
С ары ндасты қ салтанаты . Абайдың алыптығы
Лермонтовтан аудармаларынан тіпті бөлекше көрінеді. Ақын
қазақ поэзия тәржімесінің шыңға шыққан шедеврлерін тап
осы Лермонтовтың олеңдерін аудару арқылы жасаған.
Лермонтов «Из Гете» деп атаған эйгілі өлеңнің табиғаты
туралы талас коп. Герольд Бельгер [175, 98-111 б.] мен
Медеубай Құрманов [176, Б.91-93] өздерінің кітап, мақала,
эсселерінде олеңнің үш нұсқасын (Гете - Лермонтов — Абай)
қатар келтіріп, Лермонтовтың да, Абайдың да сұңғыла
суреткерлігін жеріне жеткізе дәлелдейді.
Гетеден жолма-жол аударма жасағанда өлең былай
болып шығады екен:
Барлық шындар басында тыныштық,
Ағаштардың басында
Болар болмас
Леп байқалады;
Ормандағы құстардың үні өшкен,
Тек сабыр ет, сэлден кейін
Сен де тыныс табарсың.
«Талантты ақын өлі табиғаттың шың (Гипфел),
өсімдіктер дүниесінен ағаш бастарын (Випфел) жэне
жануарлар дүниесінен құстар (Бөгелаин) сияқты қарапайым
ғана сөздер мен түн құшағына еніп, балбырап ұйқыга кеткен
бүкіл табиғат суретін көз алдыңызға әкеледі. Ең соңында
барып осындай түн тыныштығын бұзып, жолаушылап
келе жатқан адамды көреміз. Күндізгі аптап ыстықган
шаршаған, енді салқындап, дем алган табиғат тыныштығы
бойын билеген ол (жолаушы) кенеттен өзінің де күндізгі
ұзақ жүрістен қалжырағанын сезеді. Оның да дем алып
тыншыққысы келеді. Өлеңнің кұрылысы, эуезі де осы сезімге
бағындырылған: буын саны (5, 2,5, 3, 4, 9, 5, 4) да, ұйқасуы
(абабсддс) да, ырғағы да еркін, эр алуан. Басында ырғақ
бір қалыпты болып келеді де, сонан соң аздап баяулайды.
Ал құстар туралы соз болғанда оршіп барып, тыныштыққа
келгенде қайта бәсеңдейді» [176, 6.91-93].
Енді М.Лермонтов нұсқасын еске түсірелік:
Горные вершины
Спят во тьме ночной,
Тихие долины
Полны свежей мглой.
203
Не пылит дорога,
Не дрожат листы,
Подожди немного,
Отдохнешь и ты.
Лермонтов аудармасы туралы аз айтылмаған. Бұл өлең
— жазылғалы бері-ақ орыс әдебиетінің үлы шығармасы. Абай
жыры да сондай.
Қараңғы түнде тау қапғып,
¥йқыға кетер балбырап.
Даланы жым-жырт дел-сал ғып
Түн басады салбырап.
Шаң шығармас жол-дағы,
Сілкіне алмас жапырақ.
Тыншығарсың сен-дағы
Сабыр қылсаң азырақ.
Осылай. Поэзия аударыла ма, аударылмай ма деген
сауалға жауап осы. А.Аникст Гетенің сегіз жолына «бар
табиғат, күллі әлем сыйып түр» деп жазған болса, өлең
өмірді озіндей өрнектей ала ма деген сауалға жауап та осы.
Қазақтың тілі қандай тіл деген сауалға жауап та осы. Тіпті,
қазақ қандай халық, қолынан не келеді деген сауалға жауап
та осы.
.-у
«Қараңғы түнде тау қалғып» - аудармадағы көркемдіктің,
бейнеліліктің,әуезділіктің,дәлдіктіңэталоны.Лермонтовтағы
«тау шықдарын» «тауға» түсіріп, асқақтаған шыңы жоқ
Шыңғыс тауына келтіріп, «аңғарды» жазық «далаға»
ауыстырып, Қарауылдың айналасына айналдырып жіберген
данышпандығының арқасында Гете картинасы қазақ жеріне
көшкен де қойған. Үш тілдегі нүсқаны қатар салыстырып
қараған Медеубай Қүрмановтың: «Даланы жым-жырт етіп
қана қоймай, дел-сал ғып кететін түн қазақ сахарасының түні,
қазақ түні болса керек», деп таңданатын, тамсанатын жөні
бар. Абай нұсқасын Лермонтов туындатқан жырға жолма-
жол қойып корсеңіз де сурет тұрмақ, сөз сәйкестігіне қайран
қаласыз. Сол мүлгіп тұрған тыныштықтың озінде Абайда
қимыл көбірек. Гетеде етістік үшеу екен, Лермонтовта
да солай. Абайдағы етістік, толымдысы бар, толымсызы
бар - сегіз: қалғып, балбырап, ұйқыға кетер, дел-сал ғып,
түн басады, салбырап, шаң шыгармас, сыбдырламас. Бар
204
сөздің саны 25 болғанда, оның 8-і етістік болғанда бұл өлең
бастан-аяқ қимыл-қозғалысқа толып кетпей ме? Кетпейді.
Абайдың құдіретті қаламымен қаланған бұл етістіктер
қайта табиғатты мулгітіп, маужыратып, оның құшагындағы
адамды балбыратып, албыратып барады. Ал Абайдың
соңгы екі жолындағы «тыншығарсың», «сабыр қылсаң»
деген екі сөзге таң-тамаша болмау мүмкін емес. Гетеде де,
Лермонтовта да сөз түйіні демалуда, тынығуда, дамылдауда.
«Лермонтовтағы табиғат, түн, тыныштық суретіне Абай
кеңістік-көлемдік,
уақыттық-қозғалыстық
перспектива
қосады.Үнсіз уілдеген меңіреу сарынмен кеңістікті кернеп
келе жатқан Тыныпітық бірте-бірте байырқа тауып,
өзінің ең шырқау нүктесіне — дыбыс, қозғалыс атаулы сан
тынған толық тыншу күйіне жетті», деп тамаша талдаған
Тұрсынжан
Шапайдың:
«Сонымен,
«тыншығарсың»...
- дейді Абай. Егіз қабат, қос астар арна сабырмен толқып,
толқындары алмасып, ағысқа ағыс жалғай, тереңге тереңін
төсей қозғалған мағыналық ағындар осы «тыншығарсыңда»
тоғысып, тұңғиығы шұбырлаған түпсіз телегейге айналады»
[177, 139 б.] дегеніне толық қосыламыз. Ал «Табиғат пен
адам ұлы байырқа, тұңгиық тынымда қайта табысты... Осы
арада тоқтайсың... Бұл қай тыным? Күнделікті тэтті ұйқы
ма, жоқ біржола тыншыгу ма? Таң атқанша ма, мэңгілік
пе?» деуіне толық қосылу шарт емес. Абай Гетеде де,
Лермонтовта да жоқ «тыншығуды» шығарғанда, демалудың,
тынығудың, дамылдаудың, тыныштық табудың орнын осы
сөзбен алмастырғанда табиғат тылсымы адамды нирвана
күйіне келтіретіндей құдіретке ие екендігін, ол үшін «азырақ
сабыр қылу» керектігін айтатындай.
Бауыржан Момышұлының бьшай дегені бар: «Тіл
білу, оған түсіне білу деген нәрсе оңай емес. Мен орыс
тілін жақсы білемін дедім ғой. Оным рас. Академияларда
орыс тілінде лекция оқыған кісімін. Бірақ та ойлап қарасам,
рас, Абай орыс тілін менен жақсы біледі екен. Жақсы
білгені былай тұрсын, орыстардың ғалымдарына, ардагер
адамдарына ұстаз да бола алған екен. Оған дәлелдер көп.
Мысалы, Пушкинді, Лермонтовты, Крыловты аударғанда
Абай олардың ойына ой қосқан. Бұл ұстаздық емей немене?»
[178]. Соның бір дәлелі осы «тыншығу». Орысшаға
қайта қайырса «находить покой (успокоение)» ұғымына
жақындайтын бұл сөздің мағынасы кеңірек, тереңірек.
Ойына ой қосқан деген сол болады. Әрине, Т.Шапайдың
205
тұжырымы да өзінше құнды екені талас тудырмайды.
Әсіресе, осы өлеңді жазғаннан кейін алты ай өткенде
салғанын
туралы
жүрген мақалаларда қазақша нұсқаның жолма-жол аудармасы
беріледі де, соңғы екі жол: «Возможно, отдохнешь и ты,
Если немного потерпишь» деп келтіріледі. Мұндай жолмен
біз Абай ұлылығын дәлелдей алмаймыз. «Тыншығудың»
«отдых» еместігін, «сабыр қьшуды» «потерпишь» дей салуга
болмайтынын жоғарыда аңғартқандаймыз.
Қағидаға қатып қалған қатал редактордың қолына түссе
Лермонтовтың Гетеден жасаған атақты аудармасы баспа
бетін көрмес еді. Қалай кореді, Гетенің уэзіні де, ырғағы
да сақталмаса, түпнұсқадағы бейнелердің тең жарьшы
түсіп қалса, қалған бейненің бэрін аудармашы ойдан
шығарса... «Лермонтов, түпнұсқадан «шьщдар» жэне «сен
де демаларсың» деген екі тұсты гана алып, Гетеніі
ғана жеткізді. Бірақ сезімнің адалдыгы, шынайылыгы
сондай, орыс өлеңінің неміс олеңіне қаны да, жаны да бір
туыс болып шығуы үшін осының өзі де жетіп жатты», дейді
атақты аудармашы В.Левик [30, 9 б.].
С он да Лермонтов Гетеден нені аударган өзі? «Лермонтов
Гете олеңінің создерін емес, стилін, интонациясын,
музыкасын аударган» (Г.Бельгер).
Лермонтовтан аударган олеңдері Абай тәржімешілдігінің
ең үлкен болігі екендігіне жұрттың бэрі-ақ назар аударады.
«Абайдың Лермонтов поэзиясына деген ықыласы ерекше
болды. Ол орыс ақынын айрықша жақын көрді, сырлас,
мұңдасын тапқандай болды. Орыс поэзиясына бейімдене
ден қойган Абайдың ең коп үндестік тапқан ақыны, ең бір
озіне үндес сезінген адамы Лермонтов еді десек, артық
бола қоймас. Абай ұлы ақынның, тіпті сол кездегі орыс
қауымының тілек-тапабын, мұңын ұга алатын дәрежеде еді.
Ол мұңын ұққан халықтың жырын да ұқты. Лермонтовтың
ыза-кегі, наразьшыгы орыс халқының, езілген қауымның
кегін, наразылыгын танытатынын, оның қайгы-мұңына
налуынан ел мүңы, халық мүңы корінетінін сезінді.
«Соқгықпалы, соқпақсыз жерде оскен», «мыңмен жалгыз
алысқан» жырларына нэр еткен-ді. Оның «қаны қара бір
жанмын, жаны жара» деп ашулы мұң шерткені де белгілі.
Лермонтовты ол «ерекше ызаның ақыны, махаббаты ашумен
уланган ақын» деп, өте-мөте іш тартып, жақын көрді», деиді
206
3.Ахметов [172, 177 б.]. Сөз арасында болса да академик
Зэки Ахметовтің Абай өлеңдерінің текстологиясына сіңірген
еңбегін ерекше атап өту парыз. Ғалым кезінде Абайдың өз
өлеңдері саналған біраз жырлардың («Ал, сенейін, сенейін»,
«Күлімсіреп аспан тұр», «Ғашықгық іздеп тантыма»,
«Күнді уақыт итеріп») Лермонтовтан жасалған аударма
екенін,
Лермонтовқа
телініп
жүрген
аудармалардың
біразы Я.Полонскийден, А.Мицкевичтен, А.Дельвигген
жасалғанын анықгағаны баршаға белгілі.
Негізінде, аудармашы өзіне жақын, рухтас, сарындас
қаламгерлердің туындыларына қол артады деген сөз қазіргі
кэсіби әдебиетшіліктен де өткен ғасырларға, соның ішінде
Абайзаманынакөбіреккеледі.АбайЛермонтовшығармаларын
өзінің көкірегін кернеген күрсіннің күңіренісіндей көрген
болса
керек.
«Лермонтовтай
ақындардың
өлеңдерін
қазақшаға аударса, сол сөздерді құр ғана сыртқы келісімін
сүйгендіктен аудармайды. Барлығында өз жүрегіне түсінікті,
өз халқына жанасатын, өзінің әлеуметтік мұң-арманына тап
келетін және қиялына үйлесетін, ерекше бір жақындығы
болғандықган аударады. Аудармалар ақынның өз жүрегінен
толқып шыққан қайгылы шердің айнасы, толас-тынысы
сияқты болады» [115, Б.55-56].
«Абай поэзиясындағы тебіренісі басым әуендер — өз
ортасынан, топас қауымнан түңілу, замандастарының,
әсіресе тұсындағы жас толқынның надандығын, білімсіздігін
көріп торығу, жалғыздық жапа шегу әуендері еді. Абай
жырларындағы бұл наразылық сарындардың Лермонтов
әуендеріне үндес келіп тұрғандығы шәксіз», деп Қалижан
Бекхожин дөп айтқан.
Қол жазуды ермек
ет,
жатпа бекер,
Бұл көңілсіз дүниеден көп жыл өтер.
Әзі қысқа, өзі асау тентек омір,
Арттағыға бір белгі койса нетер?
Кім біледі, кез болса, арттағылар,
Ойга салып оқыр да, сөзін сынар.
Көзін салып, ойланып кейбір сөзін,
«Рас-ау», — деп, мағынасын ол даты үғар.
Кім білер, жабырқаңқы жазган сөзім,
Жібермей кеп, токтатар оның көзін,
Жолаушы жол үстінде тамаша еткен
Сықылды өлген жанның бір
күмбезін.
207
I
Әрине, бұл — Абайдың өз сөзі. Мейлі, мэтін
Лермонтовтан болса да Абай өлеңі. Өйткені, Лермонтов
онда Абайша сөйлеп тұр. «Абай аудармасын сөз еткенде,
көбіне біз: Абайдың құдіреттілігі сонда — ол Пушкин мен
Лермонтовты қазақ тілінде Пушкинше, Лермонтовша
сөйлетті деп не айтып, не жазып жататынымыз бар. Міне,
осы қате пікір, қате тұжырым. Өйткені ешуақытта да Пушкин
мен Лермонтов қазақ тілінде Пушкинше, Лермонтовша
сөйлеген жоқ, сөйлемек те емес. Абай да оларды қазақ тілінде
Пушкинше, Лермонтовша сөйлетуді мақсат тұтпаган. Абай
Пушкин мен Лермонтовты қазақ тілінде тек Абайша сөйлетті!
Абайша!» - Темірхан Медетбектің бұл пікірі [179, 62 б.]
орынды. Сонымен бірге, «Жолга шықтым бір жым-жырт
түнде жалғыз, / Тасты жол жарқырайды буга амалсыз. Елсіз
жер тұрғандай боп хаққа мүлгіп, / Сөйлесіп, ымдасқандай
көкте жұлдыз» немесе «Асау той, тентек жиын, опыр-топыр,
/ Ішінде түсі суық бір жан отыр. Алысты тұманданган ол
ойлайды, / Өзге жұрт ойды нетсін өңкей соқыр» деген сияқты
тұстарда Абай таза аудармашы.
Нет! - я не требую вниманья
На грустный бред души моей,
Не открывать свои желанья
Привыкнул я с давнишних дней.
Сал демеймін сөзіме ықпасынцы,
Қайғылы
өлең
еттім өз басымды.
Кокірегім, бар сырым ез элінше,
Көрінгенге көрсетпей,
көп
жасырды.
Ақынның
Лермонтовтан
аударма
деп
табылып
жүрген өлеңдері де, өз туындылары деп табылып жүрген
өлеңдері де элі зерттеуді қажет етеді. Әсіресе, бізде еліктеу
мэселесінің басы ашыла қойған жоқ. Еліктеу - тэржіме
мен төл шыгармашылықтың бел ортасындагы қызгылықты
құбылыс. «Кейде түп нұсқадан алшақ жсрлері көп еркін
аударма өлеңді де толық магынасында аударма деуден гөрі
еліктеу деп караған жөн сияқты» [10, 137 б.].
И скучно и грустно! - и некому руку подать
В минуту душевной невзгоды...
Желанья!., что пользы напрасно и вечно желать?
208
А годы проходят — все лучшие годы!
Достарыңызбен бөлісу: |