«мәңгіге» деп , біздіңше, дэл ұстаган. Әрине, әр сөзінің
астары, әсіресе туындыны түйіндер тұстағы аса маңызды
сөзінің астары кем қойғанда екіұшты, тіпті «үшұшты»
шығып
жататын
«Евгений
Онегиндей»
шыгармада
«навсегданы» «мәңгілік» деп алу автор идеясын жалаңапггап
жіберуі де мүмкін. Дегенмен, Пушкин жырында бұлай етуге
негіз де жоқ емес екені көрініп-ақ тұр.
268
Сонымен,
«Пушкин
өлеңцері,
Пушкин
атағы
қалың бұқараның арасына халық ақындары арқылы да
таралғандығын, қазақ халқы да Пушкинді өзінің тума
ақынындай сүйіп жырлағандығын «Евгений Онегиннің»
халықтық варианттары толық дәлелдейді», «халық ақындары
жырлаган «Евгений Онегин» поэмасы қазақ поэзиясындагы
лирикалы поэмалардың туып, дамуына зор үлгі болтан жаңа
әдебиеттік қүбылыс», «орыстың үлгілі әдебиетінің қазақ
әдебиетіне еткен өршіл, мэдениетті эсерінің айқын бір
көрінісі» (Е.Ысмайылов).
«Евгений Онегнннің» халықтық нүсқаларының бэрі де
Абай жазган «эпистолярлық романнан» (М.Әуезов) бастау
алады. «Пушкин ұлылыгын сол заманда, сол ортада отырып
тани, багалай білгендігі - Абай ұлылыгының бір жарқын
көрінісі. Абайдың Пушкинмен үндестігі, оны жакын тартуы
тегін емес еді. Ол қазақ эдебиетінде өз дэуірінде бір кезде
Пушкин орыс әдебиетінде атқарган қызметті атқаруды,
сондай жүкті көтеруді мақсат етті. Қазақ қогамы алдына
қойган зор міндетті - жаңа реалистік эдебиетті қалыптастыру
ісін Абай тиянақгап атқарган болса, оган орыс эдебиетінің
асқар алыбы Пушкиннің әдеби мүрасының өнегелік мэні аз
болган жоқ. Тек осының өзі гана Пушкиннің мұрасы, есімі
қазақ эдебиетімен қаншалықты жақын болып кеткендігін
айқын-ақ көрсетсе керек. Әсет, Әріп сияқты ақындардың
«Евгений Онегинді» дастан етіп айтып жүргені Абай
орнықтырган дэстүрдің сол кездің өзінде-ақ жалгастық
тапқанын дэлелдейді», деген-ді Зэки Ахметов [172, 174 б.].
Бұл
нәзиралық нүсқаларга Абайдың Пушкиннен
жасаган аудармаларындай қарау онша дүрыс
емес.
Академик М.Сильченконың: «Пушкин романын ақындардың
кейіннен шамасы келгенше жалгастырып жатқаны Абайдың
аудармашылық
еңбегінің
қадыр-қасиетін
айырықша
таныта түсумен катар, оның осы шыгарманы өз заманына
лаиыктап оеру жонінде тапқан түрінің дүрыстыгын да
дәлелдейді. Ақындардың романның оқигалық сұлбасы мен
кейіпкерлердің гүмырбаянын бейнелеу талабы шыгарманың
поэтикалық қүндылыгын кемітті, оны қара сөзбен кайта
баяндагандай
қарабайырландырды»
[334,
Б. 127-128],
дегені
халықтық нүсқалардың өзіндік ерекшелігін жете
ескермеуден туган,
нэзиралық дастандардың бойына
сыймайтын талап. Өйткені, «Евгений Онегин» сарынымен
шыгарылган романның халықтық нұсқалары Пушкиннің
269
осынау ғаламат туындысының бар бояуын беруді, бар
мазмұнын ашуды, бар тереңдігін танытуды мақсат тұтпайды
(шынын айтқанда, көбіне түпнұсқаны тікелей өзі оқымаған,
басқалардың көмегімен оның оқиғалық ұзын-ыргасын біліп
апып, қайта жырлап берумен шектелген халық ақындарының
бұған шамасы да келе қоймайды), ол дастандардың уәзипасы
басқаша : орыс ақынының тамаша жырын қазақ даласының
өзіндік ерекшелігіне, қазақ санасының өзіндік сипатына
сәйкестендіріп насихатгау, таныту, тарату. Сондай-ақ біз
Ілияс Жансүгіровтің: «Бұл күнге шейінгі қазақ тілінде
шығып жүрген «Евгений Онегин» үзінділерін Пушкиннен
аударма деуге келмейді. Бұл аудармаларда Пушкиннің тек
сарыны гана бар. Бұл ең арзан, ең оңай жол. Біз бұл жолдан
тартындық» [348, 391 б.], дегенін Пушкин романынан
Абай аударған үзінділерге емес, осы біз әңгімелеп отырған
халықтық нұсқаларға қатысты айтылган баға шыгар деп
ойлаймыз. Ақын пікірі айтылған кез «Социалды Қазақстанда»
роман желісімен жырланған дастандар басылған тұс еді.
Эрине, оларды Пушкиннен аударма деп қарасақ, «ең арзан,
ең оңай жол» болуы рас. Алайда, мәселе олардың аударма
еместігінде гой. Ана жылы Қадыр Мырзалиевтің. «Бір-ақ
рет ақ өлең жазып көріп едім, соның өзін «ұйқасы нашар»
деп сынады. Түсінбеймін: үйқасы жоқ өлеңнің ұйқасы қалай
нашар болады?!», деп күйінгені есімізде. Сол айтқандай, өзі
о бастан аударма болмаса, оның аудармасы қалай нашар
болады? Ал оларға Пушкин романын фольклорлық бейімдеу,
нәзирапық үлгіде қайта жырлап шыққан туындылар деп
қарасаңыз ақындардың апға қоиған нақгы міндетін абыроймен
атқара алғаны анық, Балтабай Адамбаев «Онегинді» Әсет
те жырлаган» [349] деген шагын мақаласында: «Евгений
Онегинді» Әсет шамамен XX гасырдың басында аударган.
Бұл уақытта қазақ жұртына «Евгений Онегин» романын
өлеңмен мұнан қызық та, мүнан түсінікті де етіп аударуды
талап ету де, орыс халқымен таныстыру үшін Пушкин мен
Татьянадан абзал образ табу да қиын еді. Мұнда романның
қысқаша мазмұнымен қатар желісі де сақгалган. Әсіресе,
Татьяна мен Онегиннің сипатгары мен
хаттары жатык
тілмен берілген. Жырдың тілінде Абайдың ақындык ықпалы
айкын көрініп тұрады. Эрине, жыр дэл аударма емес.
Шыгыс ақындарының салтымен қайта жырланган. «Евгении
Онегиннің» казак топырагында туган жаңа түрі деуге
270
болады. Тек солай түсінгенде ғана біз «Евгении Онегиннщ»
аудармаларын дұрыс багалай алатын боламыз», дейді.
Ал түпнұсқаның сипатын біршама өзгертуге келеек,
бұл жалпы фольклор табиғатына тэн белгілердің бірі.
Нэзира үлгіеінде дүниеге келген таза халықтық мэнердегі
туындыларды былай қойғанда, кэсіби аудармалардың өзінде
де шығарманың мәтінінен шығандап кету, с<
айтар ойын бұрып әкету кездесіп тұрады. А.Долинина
«Қанды кек туралы дастан» атты мақаласында [350, Б.13-
21] ақынның «Сығандар» поэмасының араб тіліне қалай
аударылғанын эңгіме етеді. Тәржімеші Махмүд Баргум бас
кейіпкер - Алеко образын өзінше өзгерту арқылы поэманың
айтар ойын да басқа арнаға салып жіберген көрінеді. Бізге
мектеп оқулығынан көбірек мэлім пайымдау бойынша
жеткен бір-ақ нэрсе, ол - өзімшілдік!»
түбіне
[351,
бұл
өз уақытынан сырт калган индивидуалист кеиіпкердщ
трагедиясын суреттейді деп санайды [352, 631 б.]. Мұндай
ойды Ф.М.Достоевский де қолдағанын білеміз.
Ал
аудармашы не істеген? Ол Алеко бейнесін «Белинскийше»
немесе «Достоевскийше» пайымдатқызатын тұстардың
бәрін (қарт сығанның Овидий туралы эңгімесін, Алеконың
оған жауабын, сыған қартының Мариул жайында айтқанын,
Алеко екеуінің
сөзге
келісіп қалған жерін) тастап өте
шыккан. Содан келген де поэманың сыртқы сұлбасы , ягни
күйеуінің өз әйелін ашынасымен қосып өлтіріп тастаганы
гана қалган. Мүнан аудармашының пайымдауы (эрі сол
арқылы пайымдатуы) бойынша «әйелдің бетімен кеткен
бостандыгының» аягы трагедияга үрындырмай қоймайды
деген ой шыгады. Бұл, әрине, араб оқырманының қалауына
да орайлас келетін шешім екені мэлім. Аудармашы бүл
ойын баса аңгарта түсу үшін поэманың атын да «Сыгандар»
демей, «Сыган эйелі» («Ғаджариййат») деп алыпты. Оның
жанында біздің ақындардікі жэй еркелік сияқты...
Халық ақьіндарының «Евгений Онегин» желісімен
дастан жазуыньщ (шыгаруының) негізгі сыры неде ? Сыры
коп. Пушкиннің ұлы талантында. Абайдың аудармашылық
қүдіретінде. Абай қапыптастырган ақындық мектептің
дәстүр
сабақгастыгында.
Халқымыздың
өлең-жырга
құмарлыгында. Аударма мәдениетінің
жогарыльн'ында,
сол арқылы әлемдік
эдебиет маржанда
қараушылық қалыптасқанында.
Мұның
құрметпен
271
Ал, бірақ, тек сол гана ма ? Тек сол гана болмас. Пушкин
шыгармашылыгының, әсіресе, осы «Евгений Онегиннің»
біздің ұлтымыздың мәдениетінде алар орыны, шынында да,
нагыз феномен деуге тұрарлық қүбылыс. Өзге ұлт эдебиеті
окілдерінің арасынан қазақ фольклорының кейіпкеріне
айналып кеткен Пушкиндей ақын-жазушыны кездестіру
қиын.
Шыгарма кейіпкерлерінің хапық жүрегіне ұялап,
санасына сіңгені сондай - Татьяна есімі қазақ арасына Тэтіш
дегенқызаты болып еніп кеткені, расында да, гажап қалатын
жай. Ал мұндай құбылыстың сыр-сипатын сол ақындардың
дарындылыгымен гана түсіндіре салуды жөнсіз жеңілдікке
саяр едік.
Мәселе қазақ даласында, қазақ санасында сөздің,
әсіресе коркем создің, олең-ясырдың өзіндік бір культке
айналгандыгында. Жазу мәдениеті онша орныга қоймаган
елдерде сөз тылсым күшке, тіпті кейде мистикалық сипатқа
ие болатыны бар.
Көшпелілер үшін соз тек «қарым-
қатынас құралы» гана емес, эр адамның жанының серігі,
омірлік қажеттілігі, катарсис тетігі. Ал ең басты мәселе,
біздіцше, қазақ халқының өмірінде мәдени факторлардың
ерекше орын алатынында жатыр. Қазақтар — мэдени алыс-
беріске оте-моте икемді халық. Оган нақты дәлелді кезінде
Г.Н.Потанин келтірген. «Қазақгар - пысық, пісіп-қатқан,
омірге құштар халық; олар оиын-сауыққа құмар: киімде
ашық бояулыны, түрмыста той-мерекені сүйеді. Өлгенді
еске алу бұл халықта ойын-сауыгымен, ат жарысымен,
эн-күиімен, ақындар аитысымен ұзаққа созьшатын үлкен
сауық-салтанатқа айналады. Серілік өнер мен сән-салтанат
қуу, бэлкім, қазақтарды кейбір жагдайда даңққүмарлыққа
баулитын сияқты. Бүл жагынан олар француздарга үқсайды.
Афиндіктер секілді қазақтар жаңалыққа, хабарга эуес. Осы
әуестік жас буында білімқүмарлыққа ауысуда», деп жазган
болатын галым [86, 5].
Қазақ - қабылдампаз халық. Жақсыны да қабылдампаз,
жаманды да қабылдампаз. Демек, бар мәселе үлтымыздың
үл-қызына нені ұсынатынымызга, қалаи үсынатынымызга
келіп тіреледі.
«Евгений Онегиннің» халықтық нүсқаларын кэдімгі
Шыгыстың гашықтық дастандарындай таңдана, тамсана
оқисыз. Ақындардың өзіндік шешімі өз бойларына гана
емес, «Шын гашықгар бақытты бола алмайды» дейтін
фольклорлық түжырымға да сәйкес келіп тұр. Олардың
272
бэрі де «Онегиннің өлердегі сөзін» өз атынан жазған Абай
нұсқасын ұстанган. Айтқандай, осы сөзге академиялық
басылымдардың өзінде [231, 51 б.] «А.С.Пушкиннен» деп
жазылып жүр. Пушкинде ондай жолдар жоқ екені жақсы
мэлім.
Халықтық «Евгений Онегин» деп атауға лайықты
бұл дастандар
халқымыздың ұлы Пушкинге қалтқысыз
құрметінің келісті бір көрінісі болумен қатар, ақын мұрасын
өз ана тілімізде оқуга құмарлықты да арттыра түсті.
2.5. Пушкин шығармаларын аудару
тэжірибесі
2.5.1.Жаһан жырының жұлдызы. А.С.Пушкин шы-
гармашылығының, оның асыл туындыларының қазақ
оқырманына жетуінің жекелеген қырларын
жаңаша
пайымдау
мақсатын алға қоя отырып, мұның өзі дэл
Пушкиндей ұлы тұлғаларга келгенде барынша шартты ұғым
екендігін әуелден-ақ басын ашып айтып алу керек. «Құшақ
жетпейтінді құшактауға болмайды», деген ғибратты сөз
бар.
_
.
.
*
Пушкин мұрасының зерттелу ауқымы кім-кімді де таң
қалдырмай қоймайды. Қазір Пушкинтану
бөлек ғылым
деңгейіне жақындап қалды десе де артық айтқандық емес.
Ақынньщ бір өлеңі туралы жазылган тұтас кітап, жалғьіз
жырын талдаған диссертациялық жұмыс дегендеріңіз жетіп
артылады. Академик М.П.Алексеевтің «Стихотворение
Пушкина «Я памятник себе воздвиг нерукотворный» [290]
атты кітабы көпке мәлім. Автор өз еңбегінде Пушкиннің
мектеп бағдарламасынан жақсы таныс
бұлдыр тұсын ашып шыққан. Мысалы
талаи
Александрийского столпа»
алгашқы
непокорной/ Наполеонова столпа» , деп түзетшгені мәлім.
Мектепте біздің бәрімізге «Пушкин бұл арада Александр
патшаны айтып отыр» деп түсіндіретін. Дұрысында Пушкин
Египеттегі Александрияда ежелгі дэуірдің ұлы қолбасшысы
Помпейге тұрғызьшган заңғар биік багананы, ұстынды
айтып отыр. Патша сарайына апта аралатып барып жүрген
ақын Бірінші Александрды
бұлайша ашықтан ашық
мұқатпас та еді. Бірақ, мунда, сонымен қатар, Пушкиннің
шебеолігі арқылы «қалай ұқсаң солай ұқ» дейтін мегзсу де
18
-
2915
273
оаиқалады, оған қоса ақын цензура қыспаққа алса да шыгып
кететіндеи саңылау қалдырып та қоиган : расында да, орыс
тілінің табиғаты тұргысынан қарағанда Александр бағанасы
«Александрийский» болмайды, «Александровский» болады
ғой. Міне, ақынның шын шеберлігі де осында - ұстараның
жүзімен жүріп өтіп барып айтарын айтып қалғанында. Сол
зерттеушінің «Ремарка Пушкина «Народ безмолвствует»
деген көлемді мақаласы [291, Б.221-253] «Борис Годуновта»
тіпті сахнадан естілмейтін бір ауыз түсіндірменің сыр-
сипатын жеріне жеткізе айтып, жіліктей шағып тұрып
талдап береді. Қысқасы, ақын мұрасының оте-мөте мұқият
зерттелгені сондай, егер қазір Пушкиннің академиялық
басылымдарындағы бір сөзді түзетіп жазудың қажеттігін
дәлелдеген бір мақала жариялана қалса ол әдебиеттану
элемінде ашық күнгі найзағайдай орасан оқиға болар еді.
Демек, Пушкиннің шығармашылығын сөз еткен адамның
дэл қазір қаншама талпынып, талмай-танбай тырбанса да
соныдан соқпақ салып, тыңнан түрен түсіріп кете қоюы
неғайбыл. Тіпті, ақын шығармаларын оқи-оқи келіп,«Ақыры
бір тосын ой түйдім-ау» дегеннің өзінде ол ойдың бұган дейін
еш жерде, еш елде, еш тілде айтылмағанына кепілдік ету
қиын. Ақын жайында жарияланған мыңдаған мақалалардың
арасында дэл сол тақырыпты қозгаған, онымен қоймай дэл
сол қырынан қозғаған , тіпті дэл сол ойды айтқан автор
табылуы әбден мүмкін. «Кісі айтпаған сөз бар ма?»(Абай).
Оның үстіне бүгінгі таңда Пушкинге қатысты дүниені
түгел оқып шыгу дегеніңіз ешкімнің де қолынан келмейтін
нәрсе. Ақын жайында жазылған кітаптардың, мақалалардың
көптігінен бас айналып, көз тұнады. Бір мысал айталық.
«Библиография произведений А.С.Пушкина и литературы о
нем. 1937-1948» деген бір гана жинақта [292] ұзын саны
7012 кітаптың, зерттеудің, рецензияның, мақаланың аты
тіркелген, жарияланган басылымы көрсетілген. 747 беттік
бұл кітап небәрі он жылды, оның өзінде елде баспа да көбейе
қоймаган, газет-журнал да аз шыгатын огызыншы, қырқыншы
жылдардагы он жылды кдмтыганын, оган облысгық, ауцандық
газеттердегі жарияланымдар енбегенін, ең бастысы - шет
тшдердегі, Кеңес Одагының ұлт тілдеріндегі дүниелердің
атымен сырт қалганын ескерсеңіз, пушкиниананың алапат
ауқымын өзіңіз де аңгара аласыз. Уақытында Иосиф
Бродскийдің: «Кеңес дэуіріндегі эдеби тыныс-тіршілікте
274
Пушкиктанудың үлес салмағы орасан үлкен-тін. Ол кезде
әдебиеттанудың жолы болып тұрған жалғыз саласы осы
Пушкинтану еді», деп күңкілдеп жүргені де содан.
Бүл арада біз дэтке қуат ететін бір
жай бар. Ол -
Әуезовтің: «Жұрт айтпаған ойды айту - анда-санда бір
үпіырасатын бақыт, ол ырыс...Ойдың көпшілігі жүрт айтқан
ой болуы мүмкін, бірақ соны басқаша түрде айта білудің өзі
қасиет» деген үлагатты пікірі.
Қазіргі кезде Пушкин сынды элемдік ауқымдағы
түлғаларға тек өз тұрғымыздан қарап, төл мәдениетімізге
тікелей
қатысты қырын эңгіме етсек
ғана соны сөз
айта алуымыз мүмкін. Бір зерттеуімізге [392. Б. 127-185]
Пушкин шығармаларындағы түркизмдерді таңдағанымыз
да сондықган еді. «Пушкин жэне қазақ әдебиеті» деген
тақырыптың өзі де арналы, ауқымды. Сонау отызыншы
жылдардың өзінде ақынның қазақ тіліндегі қалың-қалың үш
томдығы жарияланғанын, онан бергі кезеңде негізгі көркем
туындыларының барлығы дерлік ана тілімізге аударылып
біткенін, ал жекелеген шығармалары бірнеше қайтара
тәржімеленгенін айтсақ, олар жайында жазылған сын
макалалардың да бірқыдыру болып қалғанын қоссақ, бұл
саланың да үшы-қиырына шыгу қиямет-қайым шаруа екенін
пайымдаймыз. Пушкиннің өмірі мен өлеңі бір ғана қырынан
қарап, аз аяда айтуға көнбейді.
Пушкиннің
шьпгармашылығын өзара қүрамдас үш
бөлікте талдап, үш жолмен
с ө з
етуге болар еді. Бірінші жол
. Пушкинді мәдениетоң қайталанбас қүбылысы ретінде
қарастыру жолы. Өзінің тұсындағы эдеби стильдердің
бэрінен де оқшау шыға білген ұлы ақын ешқандай дәстүрлі
калыпқа сыймайтын өзгеше өнер жасай алды. Пушкиннің
өлмес, өшпес өлеңі арқьшы бүкіл халықгың көркем сөзге
деген ынтызарлығы оянды. Он тоғызыншы ғасырдьщ орыс
әдебиетінің алтын ғасыры болып жүргенінің басты бір сыры
Пушкиннің ұлы үлпсінде жатыр.
Сол ғана ма? Жоқ. Сол ғана емес. Пушкиннің
қаламгерлік қүдіреті мен кісілік киесі туралы Аполлон
Григорьевтен артық айтқан адам табылмас. «Пушкин -
наше все» («Барымыз да, нарымыз да Пушкин»), деген ол.
Ф.М.Достоевский бүл ойды былай жалгастырады: «Пушкин
болмаганда оның соңынан ере шыққан таланттар шогыры
да болмас еді деп басын ашып айта аламыз. Шыққан күнде
де, олар,
өздерінің ұлы дарындарына қарамастан, осы
275
бүгін, біздің түсымызда танылып жүргеніндей қуатпен,
соншалыкты жарқын күшпен таныла алмас еді. Мұнда
мэселе тек поэзияға, тек шығармашылыққа тіреліп түрған
Достарыңызбен бөлісу: |