кезінде екі нұсқаны да жариялап жібергенде абзал болар
еді. Қазір «Евгений Онегиннің» халықтық
нұсқаларын
Пушкиннің 1937 жылгы қазақша үш томдыгынан ғана оқи
аласыз. Ол кітапты бүгінде арнайы іздеген бірен-саран
эдебиетшілер
болмаса былайгы жұрт таба да алмайды,
таба қалсаңыз , қаншама мэтіні қазақша ғой дегенмен,
сол кездегі латынша қаріп
адымыңызды аштырмайды.
Сонымен, «Евгений Онегинге» шығарылған нэзиралық
қазақ дастандарынын арасында халыққа көбірек тараганы
/мысалы, 1988 жылғы кітап 35 мыңдық тиражбен басылған/
- Әсетгің «Онегин мен Татьянасы».
Сөйлей бер , қызыл тілім, қапияда,
Тұрғанда тэн саламат, жан ұяда.
Аудардым Пушкин ердің романын,
Жазылған 1823 жыл Руссияда.
Роман - сегіз бөлек ұзақ өлең,
Алдымен Онегиндей ерге келем.
Қазақтың Абайындай болмасам да,
Бұл жерге өз тілімде айтып берем, -
деп басталады Әсет дастаны. Бастан-аяқ дәстүрлі
қара өлең үлгісімен осылай жатық етіп төгілдіріп шыққан.
Ақын Пушкин шыгармасын бір кісідей-ақ біледі. Романның
басталган жылын да, сегіз тараудан тұратынын да дэл
айтып түр. Абай жасаган аудармадан да жақсы хабардар.
«Хабардар» деп қою аз. Жалпы, Әсеттің бүл тақырыпты
жьфлап жүргені де үлы Абайдың тікелей ықпалы, нақты
эсері. Танымал әдебиетші Балтабай Адамбаев «Әсет
ақын» атты мақаласында [303, 8 б.]: «Абайдың Әсетгі
сынайтын өлеңі («Әсетке») 1889 жылы жазылган. Бұл -
Абайдың «Евгений Онегин» романынан аударма жасаган
жылы. Демек, Эсет Абай ауылында шамамен 1886-1889
жылдары болган», деп жазган. Тек Әсеттің «Бүл жерге оз
тілімде айтып берем», дегені гана сэл түсініксіздеу. Былай
260
Караганда Эсет осылай деп Қытайды, Құлжа маңындағы
елді айтып тұрған да сияқты. Дастан Әсет сонда жүргенде
шыгарылган дегізетіндей. Олай дейін десең Қуат Терібаев
дастанды Әсетген 1910-1911 жылдарда жаттадым деп тұр.
Біз білетін өмірбаяндық мәліметтердің бэрінде [345, 45
б.]; [8, 690 б.] Әсет Қытайға үркіншілік кезінде /1916-1920
жылдар арасы/ өткен дейтін. Біздіңше, Әсет жаңағы элқисса
шумағын кейінірек, жырды Қытайда айтып жүрген кезінде
қосқан. Бұл ойымызға Теңізбай Рахымжановтың мына
пікірі қосымша дәлел: «Шығарманың Ә.Найманбаев жазды
деген алғашқы нұсқасын 1958 жылы Шығыс Түркістаннан
өткен Ж.Көлдеев деген азаматтан Б.Адамбаев жазып алып,
акынның шыгармалар жинағына енгізген» [346]. Қисынға
келеді.
Айырықша атап өтер жай — Әсеттің Пушкин романының
мазмұнын гана емес, мэтінін де жап-жақсы білгендігі. Оның
себебін қазір дэл түсіндіру қиын. Бексұлтан Нұржекевтің
айтуьшда, Лепсі уезі начальнигінің сол кездегі тілмашы
Әбіш деген кісінің нақгы көмегі тиген көрінеді. Әйтеуір,
кім болса да орысша сауатты бір кісінің егжей-тегжейлі
бажайлап тұрып, баяндап бергені байқалады. «Ей рано
нравились романы,/ Они ей заменяли все», деген сияқты
нәзік детальдарына дейін аңдап калганы «Оқыган терең
сьфлы романдардан, Қайгыга түседі екен жүрек тасып»
дегенінен де көрініп тұр.
Әсет Абай аудармасының да түйінді тұстарын дэл
аңдаган. Жогарыда келтірілгендей реминисценциялар да аз
ұшыраспайды. Мұны Әсет қайталайын деп қайталап жатқан
жоқ. Абайдың бейнелі сөзінің сол тақырыпқа жыр толгаган
акынның тіліне еркінен тыс орала беруі заңды да, жарасымды
да.
Онегин бейнесінің Әсет дастанындагы пайымдалуы
«Евгений Онегиннің» басқа барлық халыктық нұсқаларына
эсер еткен деуге негіз бар. Бұлардың бэрінің бұлақ-бастауы,
әрине, Абай трактовкасы.
«Абай қазақ жастарына үлгі
етіп, опалы жігіттің таза сезімін бейнелеуді мақсат тұтқан»,
«Абай «Евгений Онегиннеи» екі гашыктың арасындагы
махаббат күйі суреттелетін тарауларды таңдап алып жыр
еткеңде, Пушкиннің ізімен жүріп отырса да, оқигаларды
баяндауда, кейіпкерлердің ішкі дүниесін бейнелеуде өз
сарынын танытады. Адал махаббат, ыстык іңкәрлік, кіршіксіз
жүректегі мөлдір сезім, берік серт - міне, Абай аңсаган
261
аяулы ғашыктардың жан нұрын көрсететін ізп адамгершілік
қасиеттері. Айнымас жар, опалы жігіт, тұрлаулы қыз -
міне, Абай дәріптеген асыл адамдар», деп жазған болатын
«Абайдың нэзира үлгісі» атты мақаласында Нығмет
Ғабдуллин [328, 67 б.].
Әсет те сөз саптауын солай келтіреді.
«Ержетіп, іс
білген соң Онегин е р / Адамнан артық алған тэрбиесін».
«Пенденің тілін алмай өзі туып, / Жалғаннан үміт үзді көңілі
суып». Сондықтан да : «Дүниені бес күншілік қызық көріп
J
Қатын ап, бала тілеп, мал жимасын». Онысын оғаш көріп,
себебін сұрайтын адамға ақын Онегиннің өзінің аузымен :
«Тыныштық, рахатым жоқ жаралғалы,/ Тәніме ғылым суы
таралгалы», деп түсіндіріп қояды. Мүнысы да Абайдың
«Қайғы шығар ілімнен,/ Ыза шығар білімнен», дегенімен
астасып, үндесіп жатыр.
Әсет өз дастаньшда Пушкин заманындағы орыс
қоғамының «басы артық адамдар» мәселесін көлденең
тартады. Мүнысы романның ұзын-ырғасын толық білгеніне
тағы бір дәлел. Абайда бүл желі атымен алынып қалғаны
жақсы мэлім.
Қазақ қауымына кейіпкердің іс-әрекетінің
сыр-сипаты түсініктірек болуын көздеп, ақын Онегинді
кексе кісі етіп те жібереді. Татьянамен танысқан түсында
Әсеттің Онегині жасы қырықтың алтауына шыққан,
дүниеден көңіпі қалып біткен жан. Татьянаның жан лүпіліне
толы хатын алғанда да салқын сабырынан айнымаған күйі
суық жауап қатады:
Е, Тәтіш ! Мен қырық алты, сен он сегіз,
Арамыз екеуміздің ұшан-теңіз.
Жадырап өзің теңдес жас жарға ти,
Өлмейтін тіршіліктің қамын жеңіз.
Жүргенге сыртым тірі болма әуес,
Дүниеден біз пақырды қайтқан деңіз.
Оқиғаның
мүнан
кейінгі
өрбуі
тура
Пушкин
романындағыдай.
«Қапамен
Татьянаның іші
күйген,/
Сарғайып запырандай шықпайды үйден». «Жалганда жаны
шықпай жазыла ма, Өлмейтін өкпесіне жара тиген». Бірақ,
өмірдің аты өм ір. «Баласы бір міністер ғашық болып,/ Құмар
боп жан-тэнімен қызды сүйген. / Ашумен ықгиярсыз көнеді
қыз, / Жалғанның қызық көрмес сырын түйген». Айырмасы
- Татьянаның күйеуі мүнда «бір міністердің баласы» болып
кеткёні гана. Пушкинде егде жастағы генерал еді ғой. Мәселе
онда емес. Пушкиннің өзінде Татьянаның күйеуі жөнінде
бір ауыз
эңгіме
болмайды. Қош, сонымен Татьянамыз
тұрмысқа шықты. «Мәскеудің шаһарына мэлім болып, /
Вешір боп қыз-жігітке той жасалды». Әсет енді Онегинді сол
тойга алып келеді... Уәждемені де ұмытпайды, Онегин ол
жерге Мэскеуцің игі жақсылары қатарында тал болган етеді
: «Шақырды құрмет етіп талай елді,/ Атақты адамдарга қагаз
берді. /Жатқанда той істеліп сол жиынга,/ Атақты сабазыңыз
Онегин келді». Қисыны бар. Осыдан эрі қарай Онегиннің
Татьянаны шындап тануы басталады.
Жатық сөз, жайдары, ашық, қандай дана,
Мактаулы, кірсіз туган Татьяна.
Сөзіне тыңдаған жан таң қалады,
Айтады өлшеуменен тым аз ғана.
Тыңдаушы - мыслящий табылғанда,
Шығады бір сөзінен он магына.
Жақтырды қызды сынап Онегин ер,
Айналып ұргашыға сонда ғана.
Ойлайтын эйел ондай болмайды деп,
Ғашық боп көңіліне түсті сана.
Романда да дэл осылай гой. Мұнан кейін Онегин
Татьянага жолыгып, гашықтық сырын ашады. Абай ол тұсты
былай төгілдірген:
Михрабымсен, басұрамын,
Тіл жете алмас ғұзіріңе,
Жетпедім, не жасырамын,
Гауһарымның қадіріне...
Сорлы адаммын жер жүзінде,
Бір қуанып көрмедім.
Не қыласың ерік өзіңде,
Қайғысы асқан шерлі едім...
Мұның бэрін Әсет те Онегиннің аузьгаа салады.
«Байқамай қымбатымды кордім арзан, / Сорым ба салқын
тартқан сіздей жардан./ Озіме орескелім корініп тұр,/
Айырылып арнап жазган бойтұмардан». «Арнап жазган
263
бойтұмардан айырылу» деген соншама қазақы ұгымның,
бейнелі сөздің жырды киіз үйде тыңдап отырған қауымға
қандай эсер ететінін шамалай беріңіз.
Әсет Онегиннің Татьянаға айтар сөзін де, Татьянаның
жауабын да хат алмасу түрінде келтірген. Мүнда нэзиралық
сипатпен қатар, еркін аударманың белгілері де бой көрсетіп
отырады.
Басыыда сізге піскен егін едім,
Иесіне орып алса, тегін едім.
Жалғанда жаным сүйген жар болмаққа,
¥натып сэлем жазған бегің едім.
Басып едің табаныңа ұлтарақ қып,
Сүйгенім, сенен жапа шегіп едім.
Салық қып арамыздың шалғайлығын,
Бала деп масқаралап сөгіп едің, -
делінген «Татьянаның Онегинге жазған екінші хатында».
Бүл жолдар Пушкин романындағы :
Онегин, я тогда моложе,
Я
лучше, кажется, была,
И я любила вас; и что же ?
Что в сердце вашем я нашла?
Какой ответ ? одну суровость.
Не правда ль? Вам была не новость
Смиренной девочки любовь?
И ныне - боже ! - стынет кровь,
Как только вспомню взгляд холодный
И эту проповедь...
деген жолдардың магынасын
маңайлатып-ақ тұр.
Мұндай түстарды Абайдың өзі де дэл алмаган. Өйткені,
«Абай «Евгений Онегиннен» алган үзінділерді қазақшага
дэлме-дэл аударуды көздемеген. Бақытсыз кос гашык бастан
кешетін, романда шебер сипатталган терең күйлердің өзегін
ұстайды да, кейіпкерлердің ішкі тебіреністерін көбінесе өз
қалауынша толгайды» (Н.Ғабдуллин). Әсет те солай етеді.
«Байқасам, қисыны жоқ бүл бір медеу, /Жатады сараңдыққа
тіпті үндемеу. / Тыпырлап отта жатқан ақ сұңқармын, / Бұл
хаттын жазар кезі ерте еді-ау!», деп зар төгеді Татьяна.
Осылайша роман салган сара жолмен тайпалтып-ақ келе
жатқан Әсетгің жыр түлпары бір кезде жалт бүрылады...
264
Пушкиннің Татьянасы «Но я другому отдана; Я буду век ему
верна», дейтін жерде Әсетгің Татьянасы :
Көзімнен аққан жасым дария сел,
Бақытсыз, тіршіліксіз мен нәзік бел.
Армансыз ақиқатқа жүгінейік,
Шақырдым , ертең тусте қонаққа кел !
-деп шығады аяқ астынан... Бір қызығы, халықтық
нұсқалардың бэрінде
де біздің ақындар дэл осы тұсқа
келгенде атгың басын бұрып
ала жөнеледі. Оны сәл
кейінірек айтармыз. Сонан қызык енді басталады . «Ертең
сол сагат тоғыз шамасында, /Кеп қалды екі күйеу /!../ ұмар-
жұмар». Мұнысына Караганда Онегин түс мезгілі болғанын
да күтпей, таң атысымен Татьянаға тартып кеткен тэрізді...
Татьяна күйеуінің алдында ағынан жарылып, онымен амалсыз
тұрмыс құрганын да айтады, Онегинге деген махаббатын да
жасырмай жайып сал ады. Күйеуіне бы лай дейді:
Екі жыл асықгықпен күйіп едім,
Тірліктен үміт үзіп жүріп едім,
Қапалы көңілімді көтермекке,
Еріксіз биыл сізді сүйіп едім.
Байқамай басым қатты хақ бұйрығын,
Таңдаман мен сіздердің ең жүйрігің.
Тартпаймын біреуіңді тэуір керіп,
Екеуің бұл жұмыстың айт билігін !
Мұндайга сол кездегі Ресейдегі ақсүйектер омірінде
айтылар билік біреу: дуэль... Ақыры солай болады да. Сонда
Татьяна нені көздеген ? Өлде Онегиннің мергендігінен / Әсет
оның дуэльде Ленскийді атып олтіргенін біліп отыр гой/
үміт ете ме ?.. Әлде бір кезде жалындап сүйген жас жүрегіне
жара салган жаннан кегін қайтармақ па ? Әлде қалайда бір
жагына шыгып, жан азабынан құтылуды ойлаган шыгар ?
Жаны күйзелген жас келіншектің дэл сол кезде ештеңені
жарытып ойлап жатпауы да мүмкін... Не болса да, кәнігі
жазба ақындардай Әсет те бұл арасын ашып айтпай, әдемі
оте шыққан.
Дуэльмен қарсы жасап мылтық атты,
Жары
үіііін
Татьяна махаббатты.
265
Ажал оқ бір-біріне қарсы тиіп,
Осымен екі ғашық қанға батты.
Оңалмай теріс кетті есіл Тәті,
О да атып өзін-өзі қаза тапты.
Сонымен, Әсет дастанының соңында осындағы бар-
жоғы үш кейіпкердің үшеуі де ажал құшады : Онегин мен
Татьяна күйеуі «ажал оқ бір-біріне қарсы тиіп» өлсе, Татьяна
өзін өзі атып қаза табады. Әсеттің дастан соңында: «Осы қыз
қайсысына лайықты, / Оқыған, айырсаңыз шариғатты ?», деп
сауал тастап қоятыны тагы бар ...
Бұл желі халықтық нұсқалардың бэрінде дерлік
сақталған. Сапарғали Әлімбетов нұсқасында тіпті екі жақ
ешқандай бітім жасай алмаған соң бұлар бар болтан жайды
айтып, тікелей патшаның өзіне хат жазады. Жоғарыдан
«өздерің дуэльде шеше
беріңдер» деген сыңайда жауап
келеді... Одан арғысы - жаңағы.
Сапарғали ақын өз дастанының негізгі кейіпкері етіп
Онегинді емес, түп-тура Пушкиннің өзін алган! Ақынның
өлең-жырларын жасынан жаттап өскен Татьяна Пушкинге
сырттай ғашық болып, хат жазады. «Пушкин жас қызға
ғылыммен шұгылданғалы бері әйел затына қарамасқа ант
бергенін, оның үстіне, жастарының тым алшақ екенін
айтып, сыпайы түрде сәлем хатпен жауап қайтарады»
(Т. Рақымжанов).
Шығарманың түйінделер тұсында
Татьянаның күйеуі мен Пушкин дуэльге шығып, екеуі де
қаза табатынын Б.Нұржекеев: «Біздің ойымызша, мұны
айтушылар шатастырған, Онегин дегенді ұмытып қалған
соң , есінде қалған автордың атымен ауыстырып жіберген»,
деп түсіндіріпті [303, 31 б.] Мүмкін. Пушкиннің өзі де
дуэльде қаза тапқанын естіп қалған халық ақыны ауыстырса
ауыстырып та алган шыгар. «Онегин ерді» сүйгеніне
қоспай қойган «қатігез» Пушкинге қылган қайранының түрі
сол болды ма екен ?.. Дегенмен, осында қалайда бір ой
қисыны бар сиякты. Бізге Е.Ысмайыловтың: «Ал Сапаргали
вариантында Онегин орнына Пушкиннің өзін герой етіп
жырлануы фольклор дәстүрінде болатын ауысу, бірақ
мұндагы үлкен жаңалық Пушкин мен генерал күйеуді дуэль
үстінде өлтіруі, Татьянаның да өлуі. Бүлай бітіру романның
идеялық мотивіне жат та емес,Пуппсиннің өміріне де,
Онегин образының бойына да сыйымды, Татьяна образының
аянышты хал, сыйпатын күшейте түседі», деген пікірі [ 340,
279 б.] орнықтырақ көрінеді.
266
Есенсары Құнанбаевтың баспа бетінде жарияланбаган
нүсқасынан
бірер
үзіндіні
Есмағамбет
Ысмайылов
«Ақындар» кітабында келтірген, онда «Әсеттің айтуынан
қалып қойған» деп мынандай қосымша берілген:
Қыз да өлді алтыатармен өзін атып,
Шолпандай бұлтқа кірген туа батып,
Жалғаннан бұл екеуі кеткеннен соң
Енді жар боламын деп кімді ұнатып.
Жоқ бодцы бір сағатта үшеуі де
Бірінен лэззат апмай бірі татып.
Сөйтіп, біз сөз етіп отырған дастандардың барлығы да
шығарма түйінін бірдей тарқатады.
Андап отырсаңыз Абай да осылай түиген ғой. Кемеңгер
ақын
П у ш кин
кейіпкерінің Татьянамен соңғы кездесуден
кейін біржола рухани күйрегенін, енді ол жарадан жазыла
алмасын анық аңғарады, ашық айтады. Темірғали Нүртазин
жазгандай, «Абай Онегинді әрі-сәріде қаңғыртып тастап
кеткісі келмейді, оның қор болғанынан өлгенін мақұл көреді»
[314, 131 б.]. Сонан да Абай өз жанынан қосып, «Онегиннің
өлердегі сөзін» шығарған. Кейіпкерге :
Атам, анам қара жер,
Сен аша бер қойныңды.
Сенен басқа еш жерден
Таба алмадым орнымды,
дегізеді. Енді мұнан
кейін оның қолына тапанша
ұстатпағанда не қалды ?
„
Иэ, халық ақындарының бэрі де Пушкин романына Абаи
жасаган түйінді ұстанады. Бұл даұлы ақынныңсөз өнерімізге
накты ықпалына бір дэлел. Жалпы, осы нұсқалардың бэрі
де Абай аудармасының негізінде жасалғандықтан бұларды
алдымен Абайдын «Евгений Онегиніне» нэзира деп қараса
даболғандай.
Қалай дегенде де нэзира үлгісімен жыр төгетін халық
ақындарына Пушкинде жоқты жапсырғансың деп айып тагу
тіптідеретсіз.Мэселемынада: олардыңбұлшешімі(басқасын
айтпасақ та, Онегин өлімі) - романның финалындагы
ахуалга да табиги түрде сыйысатын шешім. Керек десеңіз,
Пушкиннің өзінде осы сарын анық аңгарылады! Қалайша..
267
Татьянаның Онегинге берген түпкілікті жауабын (Қуандық
Шаңғытбаев аудармасы) еске түсірелікші:
Қой, таста, айтам өтініп :
Жетеді сенде өр намыс,
Қайтесің, болды болған іс :
Сүйемін / емес өтірік ! /,
Тигесін бірақ бөтенге,
Адал боп соған өтем де.
Ал енді сонан кейінгі Онегиннің халіне қараңыз :
Татьяна кетті. Евгений
Жай түскен жандай тұр сұлық.
Үйтқыған сезім бұл не күй ?
Барады жүрек тұншыгып !
Есітті шпор сылдырын.
Таняның байы құрғырың.
Оқушым, осы арада
Толтырып жанын жараға,
Геройды біздің ал енді
Тастайықұзақ... мәңгіге.
Онымен шертіп әңгіме,
Кездік қой шарлап әлемді.
Роман осылай аяқталады. Әрі қарай қалай өрбітсеңіз
де өз еркіңізде.
Мынандай соққыдан кейін
Онегин
бүрынгысындай жүре береді деп кесіп айта алмайсыз. Бәрі
мүмкін. «Барады жүрек тұншығып!». Тіпті, қиялға ерік
берсеңіз, Татьянаның генерал күйеуі үйіне шақырусыз келіп,
тапа-тал түсте келіншегімен жолыгып тұрған Онегинді
дуэльге шақырмайды, олай етуі мүмкін емес деу де қиын.
Пушкиннің өзі де жазыпты гой : «И здесь героя моего / В
минуту, злую для него, / Читатель, мы теперь оставим, /
Надолго... навсегда». Міне, кейіпкер тагдырының түйіні
осы сөзде: «навсегда»!.. Оның мәнін Қуандық Шаңгытбаев
Достарыңызбен бөлісу: |