БАҒдарламасы бойынша шыгарылды



Pdf көрінісі
бет34/45
Дата03.03.2017
өлшемі26,87 Mb.
#6207
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45

көрінісі.

«Евгений  Онегинді»  аудару  менің  өмірлік  арманым 

еді,  соны  еңкейген  жасқа  келгенде  орындадым.  Пушкинге 

арналган Астана қаласында өткен салтанатты жиында, 2006 

жылгы  маусымның  6-шы  жұлдызында  оқыган  өлеңімнің 

соңында: «Беу, Пушкин! Басындасың асыл жолдың, Махаббат 

майданында  тасып  толдың.  «Евгений  Онегинді»  аударам 

деп,  Мен  сенің  Татьянаңа  гашық  болдым»  — деп  тэмамдап 

едім.  Осы  сөзде риясыз  шындык жатыр.  Бұл  романға  іңкэр 

болтаным  сондай,  Пушкинді  қазақшага  аудару  мені  үнемі 

қанаттандырып  отырды» -  Кәкімбек Салықов  [246]  осылай 

деген  еді.  Бұл  — нагыз  ақындық,  натыз  азаматтық  сөз.  Әр 

акынның  Пушкин  асқарына  өрмелеуі  табиги  жай.  Нагыз 

азаматтық  сөз  деуіміздің  мэні  мынада.  Қалай  айтқанда  да 

қалам  иесі  тіршілік  камын  ойламай  қоймаиды.  Пушкиннің 

өзі:  «Не  продается  вдохновенье,  но  можно  рукопись 

продать»,  деген  гои.  Баспа  саласына  да  нарық  қыспагы 

жеткелі  бері  авторлық қаламақы  мәселесі  жабы луга жақын 

калганы  мэлім.  Осындай  жагдайда  Кэкімбек  Сальщовтың 

«Евгений  Онегиндей»  көлемді  де  күрделі  туындыны  толық 

тәржімелеп  шыгуы  шын  мәнінде  асыл  жырга  адалдықтың,

қаламгерлік парыздың үйренердей үлгісі.

«Аудармага  жазылган  алгысөзге  қараганда,  Кэкімбек

Пушкин  романын  аударуга  25  жыл  өмірін  арнапты. 

Алгашқы  шумақтары  1981  жылы  аударыла бастаган  екен. 

Сол  бір  жылдары  Ебіней  Бөкетовпен  бірге  Мәскеуге 

барган 

Зейнолла 



Қабдоловтың 

Кәкімбектің 

үйінде 

болып,  «Евгений  Онегиннен»  аударган  жолдарын  айтып 



келгені  бар  еді.  Аудармасы  «тәуір  басталган  екен»  деген. 

Үзақ  жылдар  жауапты  партия,  мемлекет  қызметінде 

жүрген  Кэкімбек  оны  өндіріп  аяқтай  алмаганға  ұқсайды. 

Оның  үстіне  «Евгений  Онегин»  сияқты  шыгарма  ондай

355


атүсті  жеңіл-желпі  аударуға  көне  бермейтіні  түсінікті.

Ж  


^

 

*ш г



 

-   -  


.  

—J

 



V

 

. . .  



>  ^

 

A



қызметтен

жүмысқа


тапқан.  Соңғы  жылдарын  ол  түгелге  жуық  осыган 

арнаған», деп жазды Серік Қирабаев  [247].  «Менен бұрын 

«Евгений  Онегинді»  аударған  ардақты  ақын  агаларым 

Ілияс Жансүгіров, Қуандық Шаңгытбаевтар бар.  Олармен

қаншалықты

ескеріп,  сабақ  алардай  үңілмедім.  Көптеген  халықтарда 

«Евгений Онегиннің» бірнеше аудармалары бар. Мысалга, 

Польшада  жеті  ақын  аударған  екен.  Сол  секілді  менің 

аудармам  көптік  етпес  деп  болжадым,  2005  жылы  толық 

аударып  бітірдім»,  делінген  «Фолиант»  баспасынан 

шыққан  кітаптың  алғысөзінде.  Кәкімбек  Салықовтың 

Пушкин романын аударуга мол дайындықпен кіріскені, бүл 

шаруаға  жауапкершілікпен  қараганы  талас  тудырмайды. 

Аудармашының  «Евгений  Онегиннің»  өлең  құрылымына 

байланысты  айтқандары  да  соның  айғагы.  Рас,  «Орыс 

эдебиет зерттеушілері  мен «Пушкинтанудың»  мамандары 

«Евгений  Онегиннің»  өлең  құрылымын  «Пушкинская 

строфа» деп атап өте дұрыс тұжырымга келді», дегені дэл 

емес.  Ол  шумақ «Онегинская  строфа» деп  аталады.  Серік 

Қирабаев өз мақаласында бұл жагына қадалып жатпай-ақ, 

«Орыс галымдары  «Онегин строфасы» деп жүрген  шумақ

түрі  осылай  пайда  болган...»,  деп  сыпайы  ғана  айтып 

өткен.

Аудармашының «Евгений Онегинді» сонетпен жазылган



роман деп багаладым», деуі де назар аударарлық. Тегі, осылай

айтқанда К.Сал ықов «Онегин шумагының» 14 жолдық өзгеше

өлшемін айтса керек, әйтпесе, сонет тек пішіндік ұгым емес,

оның әрқайсысы өзінше түйінделген, толық аяқталган, жеке,

дара шыгарма болып келуі шарт, букіл романда сонша сонет 

бар дей алмайтынымыз анық.

Кәкімбек  Салықов  аудармасы  да  «Онегин  шумагын» 

дәлме-дәл сақтауымен сүйсінтеді.

Қаи сұлу шабыт оздырып, 

Біліп жүр жылы белгіңді. 

Сазды әуен қүлаш соэдырып 

Тәңіріндей көрдің 



сен 

кімді? 


Ондай 

жоқ, 

қудай біледі!

356


Махаббаг ессіз тілегі 

Мен үшін тынған тым сәтсіз.

Бақытты  сол ғой:  қымбат қыз 



Еткізсе оны жырлатқыш,

Отты ұйқас әуре тізбегі 

Петрарка баулып іздері 

Дем берсе ойға у басқыш,

Даңққа жетер мәңгілік,

Ал мен сүйдім мылқау, әңгүдік.

«Гәп 


техникада  емес, 

техника 


мен 

лириканың 

байланысында» — ақынның осы сөзі айта жүретіндей-ақ сөз. 

Біздің  көптеген  аудармашыларымыздың  өлең  құрылымына 

қатысты  мәселелерде  екі  аягынан  бірдей  ақсап  жататыны 

бар.  Кәкімбек Салықов Пушкин шығармасының мәтініндегі 

астарларды әдемі аша біледі.

«Мой дядя самых честных правил,

Когда не в шутку занемог,

Он уважать себя заставил 

И лучше выдумать не мог.

Его пример другим наука;

Но, боже мой, какая скука 

С больным  сидеть и день и ночь,

Не отходя ни шагу прочь!»

Пушкиннің  қанатты  сөзге  айналып  кеткен  бірінші 

жолын  Қуандық  Шаңгытбаев  «Мінезі  мінсіз  ағайым»  деп 

алған болатын. Мұнда кекесін сарыны аздау.



«Тәртіпке тәптеш ағайын 

Сөз бе екен мүшкіл жатқаны,

Тапқызды өзінің қалауын,

Одан зор әлек таппады.

Өзгеге дәстүр сабағы;

Іш пысар халге салады,

Құдай-ау, төзім септейсің,

Қасынан күні, түн кетпейсің!».

Кэкімбек Салықов нұсқасында Евгенийдің деревняда 

ауырып жатқан ағайына амалсыз баруы (көңілін қалдыра 

берсе өсиетін басқаша жазып, мол мұраның басқаға кетіп 

қалуы  да  мүмкін  екенін  ескереді)  жақсырақ  ашылған.

357


Оның  үстіне  аудармашылық  интерпретация  да  бар 

мұнда.  Әуелде  романның  басындағы  осы  шумақтағы 

бірінші  жол  «ағайын»  деп  қате  басылған  ба  деп  ойлап 

қалғанбыз  (түпнұсқада  «Мой  дядя»  деп  анық  тұр  гой), 

әйтсе  де,  осы  нұсқа  -   сәтті  шешім.  Осы  арқылы,  өзінің

ағаиын  ғана  емес,  жалпы  ағаиынын  керек  кезінде  ғана 

іздейтін адамның сиқы ашылып тұр эрі қазақы үғымға да 

жатығырақ естіледі.

Кәкімбек Салықов аудармасының тағы бір бағалы жері

— атақты оныншы тараудағы «Таңбасы қүпия шумақтарды» 

(«Шифрованные  строфы»)  алғаш  рет  аударгандығы. 

«Шынында  да  Пушкин  «Таңбасы  қүпия  шумақтарын» 

бір  тараудың  бөлшегі  деп  атамапты.  Негізгі  түсініктер 

романның  эр  парағында  берілгендіктен  біз  қысқаша 

мағлұматтар  келтіріп,  «Таңбасы  қүпия  шумақтарға»

В.А.Кожевников  берген  түсініктерді  толық  келтірдік. 

Себебі  бүл  тұжырым  Ресей  зерттеушілері  мойындаған 

«Евгений  Онегин»  жайлы  соңғы  жаңалық  болып  отыр», 

деп жазады аудармашы. 

Щ

Талай  жылын  жауапты  партия  жүмысына,  қоғамдық 

қызметке  арнаған  ақынның  Пушкин  романын  қазіргідей 

жағдайда  аударып  шығуының  өзі  айта  жүрерліктей  ірі  іс 

екендігін  ескере  келгенде  тәржіменің  кемшіліктерін,  атап 

айтқанда -  тілі түтқырланып қала беретін түстарын тізбелеп 

жатуды жөн көрмей отырмыз. Сол олқылық деген жерлердің 

өзінде  Кәкімбек  Салықов  төлтума  мэтініне  адалдықты, 

мүмкін қадерінше дэл шығаруды корсете алған. Аудармашы 

алдағы  кезде  де  өз  еңбегін  қырнап-сырлап,  ширата  береді 

деп білеміз. 

^  Ш


Сонымен,  «Евгений  Онегиннің»  толық  төрт  тэржіме 

нүсқасын талдап оттік. Оның әрқайсысының өз орны бар.

«Қазақ жырының  Қүлагері»  атанган  ақиық ақын  Ілияс 

Жансүгіровтің  Пушкин  Пегасының  жалына  сталиндік 

зұлмат жылдар түсында жармасып жүргені, «Бізге қалайда 

ақынның  юбилейіне  «Евгений  Онегиннің»  қазақшасымен 

шыгу керек болды», деп азаматтық, ақындық парызын адал 

өтей  білгендігі, 

асыгыстықтан,  тэжірибенің  аздыгынан 

жіберіп  алган  ақаулы  тұстарының  өзімен-ақ  кейінгі 

аудармаларга  тағылым  қалдырып,  өзінен  кейінгілерге 

жол  салып  бергені  де  әрдәйім  сүйсінтеді,  толгантып- 

тебірентеді.

358


1949  жылғы  алғашқы  аудармасындағы  кемшін- 

кетіктерді  уақыт  өте  келе  сана сарабына  салып,  тәжірибе 

жинаған, әбден шеберленген, кемелденген кезінде түгелдей 

қайта  аударып  шыққан  Қуандық  Шаңгытбаевтың  еңбегі 

рухани  ерлік  деп  бағалауға  әбден  лайық.  Шаңғытбаев 

аудармасы  дэлдігі,  көркемдігі,  түпнұсқаның  рухын, 

ауанын  сақтауы  жағынан  поэзия  аудармасына қойылатын 

ең  биік  талаптарға  толықтай  дерлік  жауап  бере  алады. 

Әсіресе,  онегиндік  шумақ  уәзінінің  соншалықты  қатаң 

сақтала  тұра,  шығарманың  поэтикалық  көркемдігіне 

нұқсан  келмегені  сүйсінтеді.  Өзінің  өнер  жолында  Омар 

һайямнің,  Сағдидің,  Гейненің,  Бернстің,  Лермонтовтың, 

Надир  Надирпурдың 

жырларын 

қазақша  төгілдіріп 

түсірген  [391]  зергер  ақын  Пушкин  мүрасына  барынша 

жауапкершілікпен  қарап,  сөзге  адалдықтың,  өлеңге 

адалдықтың  үздік үлгісін көрсетіп шыққан.

Әрине,  бұлай  дегенде  біз  Пушкиннің  тек  даналардың 

данасы,  ұлылардың  ұлысы  ғана  шыға  алар,  қарасаң  басың 

айналар  ұшар  шың  екенін  де,  әсіресе,  сөзінің  сиқьір  сазы, 

эр өлеңінің эр жолы тау суындай  сылдырлап келетін сырлы 

келісімі  жағынан  дүн-дүниедегі  теңдессіз  ақын  екенін  де, 

аударма  өнерінің тарихы  біздегідей  жүз  жылмен  емес,  бері 

қойғанда мың жылмен өлшенетін  элемдік эдебиеттердің де 

«Евгений Онегиндей» ұлттық рухы, бояуы, иісі тұнып тұрған 

дара дүниені элі күнге толық игере алмай келе жатқанын да 

ескереміз.  Мысалы,  бүл  романның  бұған  дейін  ағылшын 

тіліне  он  рет,  неміс  тіліне  он  үш  рет  аударылғаны  талай

жайды аңғартады.

Қуандық 

Шаңғытбаевтың 

1985 

жылы 


шыққан 

аудармасына  жоғары  баға беріп жатырмыз.  Көркем  сөздің 

зергері  Қуандық  Шаңғытбаевтың  осындай  аудармасынан 

кейін  де  Абай  жасап  кеткен  үздік  үлгілер  бәрібір  оқшау 

шың  күйінде қала бергені жаныңды жарық нұрға бөлейтін, 

еліңнен бір кезде сондай перзент туғанына шүкірлік еткізіп, 

сондай  перзент  бір  замандарда  қайта  тууы  да  мүмкін 

ғой  деп  үміт  артқызатын  жай.  Біз  өз  зерттеуімізде  Ілияс 

ақынның  аудармасын  да,  Қуандық  ақынның  аудармасын 

да  (атап  айтқанда,  Абай  аударган  тұстарды  қалай  алғанын 

да) 

Абай  нүсқаларымен  салыстыра  сөйлеп,  бұлар  ұлы 



ақыннан  олқы  түсіп  жатыр  деп  айып  таққан  жоқпыз. 

Ешкімге де Абай болмадың деу тұрмақ, тіпті сөзіңді қағазга

359


Абайдай  түсірмедің  деу  тұрмақ,  сөзге  Абайдай  түсінбедің 

деудің жөні жоқ.  Тіпті, Абай - саны аз хапық толық танып- 

біле  алмайтын  құбылыс  болуы  да  ғажап  емес...Оған 

намыстанатын ештеңе  жоқ. Сапаның қашанда санға тәуелді 

болатыны  бесенеден  белгілі,  айна-қатесіз ақиқат.  Абайдың 

жөні  бөлек.  Сәбит  Мұқанов  дэл  айтқан:  «Данышпанның 

бәрі  ақын  емес,  ақынның  бэрі  данышпан  емес.  Ал  Абайда 

осының екеуі де бар»  [314].

Қазақ  халқы  -   Пушкин  талантының  алабөтен  талант 

екенін  ерте  таныған  халық.  Біздің  Абайымыз  «Евгений 

Онегинді» аударған тұста  Европаньщ өзінде көптеген халықгар 

Пушкин шығармашылығымен  шала-шарпы таныс болатын. 

Әлем  әдебиетінің  жарық  жұлдызы  Александр  Сергеевич 

Пушкиннің  қазақ  үшін  бөлекше  қадыр-қасиетін  Тэкен 

Әлімқұлов  тамаша  айтқан:  «Пушкин  біз  үшін  орыстан 

шыққан  Абай»  [213,  286  б.].  Артық-кемі  жоқ,  дэл  солай. 

Дэл солай болғандықтан да  халқымыз  ұлы ақынды «Біздің 

Пушкин» деп айтады.

Бұл  тараушаны  белгілі 

грузин  сыншысы  Аида 

Абуашвилидің  «Дружба  народов»  журналындагы  бір 

мақаласындагы 

ойын  арқау  ете  отырып  аяқтагымыз 

келеді.  «Эллиндік «Илиада» шын мэнінде Гнедичтің орыс 

«Илиадасына»  айналган,  оның  орыстық  сипаты  Крылов 

мысалдарынан  кем  емес.  Біз  осы  орайда  Лозинскийдің 

орысша  «Құдіретті  комедиясы»  жайында  да  айта  алатын 

сияқтымыз.  Алайда,  Руставели  поэмасының  Бальмонт 

пен  Заболоцкий  жасаган  екі  бірдей  нұсқасының  даусыз 

артықшылықтары  бар  екеніне  қарамастан,  біз  орысша 

«Жолбарыс  тонды  жиһанкез»  бар  деп  айта  алмаймыз» 

[376],  деп  жазады  Аида  Абуашвили.  Бұл 

тұргыдан 

Караганда  біз  қазақша  «Евгений  Онегин»  бар  деп  айта 

аламыз ба ?

Айта 


аламыз. 

Айта 


отырып 

элем 


әдебиетінде 

аударылмайтын  ақын  деп  саналатын  Пушкинді 

осынша 

дэл, осынша көркем, осынша сазды сұлулыгын сақтап қайта 



жырлатқан,  элі  де  дүние  дидарындагы  бар  құбылысты, 

бар  магынаны,  бар  ойды  анық етіп,  қанық  етіп,  жатық етіп 

жүрекке  жеткізе  беретін  ана  тіліміз  -  тәуелсіз  еліміздің 

мемлекеттік тілі үшін мақтана аламыз.

360


2.6. Классиканы тәржімелеу тағылымдары

2.6.1. 


Омар  һай ям .  Ш.Елеукенов  пен  Ж.Шалғын- 

баеваның  қазақ  кітаптары  туралы  еңбегінде  [248,  192  б.] 

1867-1900  жылдар  аралыгында  жарық  көрген  қазақша 

басылымдардың саны тақырыптық сала бойынша келтіріледі. 

Сонда барлығы 259 кітаптың 126-сы Шығыс фольклоры мен 

әдебиетіне  тиесілі  екен.  Осы  фактінің  өзі  қазақ  даласына

шығыс  саздарыньщ  ютап  күиінде  де  жетіп  жатқанының 

дәлелі.


«Совет  аудармашылары  бізге  шығыс  мәдениетінің 

элемін  де  ашып  берді,  оның  адамдық  бірлік,  жер 

бетіндегі  лайықты  тіршілік  үшін  күрес  әлемі,  өмірлік 

философиясының  арқауына  біздің  Батыстағыдай  арман-

аңсар, 

уаиым-мұң 



алынатын 

қарапаиым 

адамның 

толғаныс-тебіреніс 

элемі 

екенін 


көрсетіп 

берді...


А.Ахматованың  корей  поэзиясын,  жапон  танкалары 

мен 


хоккуларын 

аударуы, 

В.Маркова, 

А.Глускина, 

Л.Эйдлин,  А.Гитович  коз  алдымызға  алып  келген  ұлы 

қытай  классикасы  қайталанбас  мәдениеттің  мың  жылдық 

қатпарларын  қопарып көрсетті.  Поэзия  аудармасы  шығыс 

мәдениетіне  эу  бастан  рух  әрекетсіздігі  мен  енжарлығы



% -*

тэн  деитін  пікірдің  дэрменсіздігін  де  дэлелдеді»,  деиді 

Владимир  Огнев  [249].  Өкінішке  орай,  біздің  аударма 

мәдениетімізде  Шығыс поэзиясы үғымы  кобіне-көп  араб, 

парсы,  түркі  тілдеріндегі  өлең-жырлармен  ғана  астасып 

жатады. Әсіресе, өзіміздің құдайы көршіміз -  Қытай елінің 

поэзиясын  қазақша  жеткізу  жағы  кемшін.  Т.Тебегенов

құрастырған  екі  кітаптық  хрестоматияда  [250,  Б.70-89] 

қытай ақындарының өлеңдерінен Қ.Бекхожин аудармалары 

берілген.  «Міне,  таңертеңгі  күн  шықты.  Түсі  өте  ұқсас 

туған  айга»,  «Азия  халықтары  көтерілді,  Кек  алу  жырын 

шырқап,  кеуде  керіп»,  «Біздер!  Жер  шарының  адамдары, 

Бейбіт еңбек,  бақытты тек тілейміз» деген сияқты сырдаң 

сөздер мемлекет құрғанының өзіне бес мың жылдан асқан 

үлы  халықтың  сөз  өнері  сипатын  танытпайды.  Жыр  — 

халық жаны. Қай ұлттың да поэзиясын танып-білмейінше, 

біз  оның  жанын  аша  алмаймыз.  Ал  жүмбағы  мол  қытай 

жанын ұгудың біз үшін мэн-маңызы бөлекше бүгінде...

Шыгыс  поэзиясының  шым-шытырық  жүмбақтары 

жайында И.Брагинский эдемі айтқан:  «Шығыс поэзиясында 

емеурін,  түспалдау  мен  астарлап  сөйлеу,  түсініктеме

361


берушілерді шатастырып, эр бэйіт пен эр өлеңнің төңірегінде 

талас тудырып жататын бұлыңғыр бояу мен ала көлеңкелер 

эбден берік орныққан.  Бұл  өзі түптеп келгенде жалғыз ғана 

шешімі  бар  ребустан  да  қиын  нәрсе»  [251,  267  б.].  «Парсы

тілінде жазған  жеті ұлы  ақын  бар,  соның  ең нашары  менен 

артық», деген ұлы Гете сөзінде көп мэн жатыр.

Ал сол  Шығыс  поэзиясынан  қазақша ең төгіліп түскен, 

татаусыз  тілмен  тәржімеленген  ақын  кім?  Осындай  сұрақ 

қоя  қалсаңыз  эркімнің-ақ  жауабы  біреу:  Омар  һайям. 

Абай  аудармалары  жөнінде  айтқанда  солардың  көбі  қазақ 

поэзиясының  төл  туындысына  айналған  деп  жатамыз. 

Омар  һайям  рубаиларының  Қуандық  Шаңғытбаев  жасаған 

аудармалары  жөнінде  тіпті  басқаша  да  айтуға  болады. 

Шындығына  келгенде,  аудармашы  сол  аудармаларының 

талайынан рубаилар кітап болып шыққалы бері-ақ айырылып 

қалған.  Олар  тіпті  жазба  әдебиетіміздің  меншігінен  де 

шығып  кеткендей.  һайям  рубаиларын  жұрттың  талайы 

қазақтың кэдімгі  қара өлеңіндей  көреді,  соларды  бір  парсы 

ақыны  жазған  екен-ау,  соларды  бір  қазақ  ақыны  аударған 

екен-ау  деген  ой  біраз  адамның  басына  да  келе  қоймауы 

мүмкін.  Облыстардың  бірінде  іссапарда  жургенімізде 

рубаиларды домбырамен қосып айтатын бір жігіттің осылай 

деп жеңістік бермеуге тырысқаны да бар еді.  Біреулер Омар 

һайям рубаиларынан өте сәтті композиция құрастырган екен, 

кэдімгі тұтас құйылған, бір ойын бір ойы жалғастыратындай 

өлең  болып  шыққан  соң  элгі  жігіт  оларды  түрлі-түрлі 

төрттағаннан түзілген дегенді ойына да алмайды.

1966 жылы шыққан «Сөз зергерлері» жинағындағы Омар 

һайям туралы 20 беттік мақала  -  Қуандық Шаңғытбаевтың 

өзі аударған ақынның өмірі мен өлеңін терең білетіндігін, өнер 

ерекшелігін  соншалықты  сергек  сезінетіндігін  көрсететін 

дүние.  Аудармашыға  қойылатын  талаптардьщ  бірі  де  осы 

ғой.  Қуандық  Шаңғытбаев  Омар  һайям  заманындагы  өмір 

ағымын  зерделі  зерттеу  арқылы  ақын  рубаилары  қандай 

жағдайда жазылғанын, ондағы ойларға қандай оқиғалардың 

түрткі  салғанын,  ең  бастысы  — поэзия  мен  философияның 

үздік үйлесіміне қалай қол жеткізгенін әдемі ашады.

Қуандық Шаңғытбаев аудармасының ең тамаша қасиеті

— татаусыз төгілген тілі.

362


Тағдырдың сыры сұмдық, жете алмаймыз,

Жұмбағын түгел шешіп кете алмаймыз.

Керулі көз алдыцда сиқыр перде,

Өлеміз, бірақ эрі өте алмаймыз.

Гүл жаннат хор қызына толы емес пе?

Шарап, 

бал шашетектен мол емес пе?

Ендеше сұлу сүйіп, шарабынды іш,

О дүниең жүрт қызыққан сол емес пе?

Сен неге кедейліктен боласың дал?

Тартынбай тіршіліктен аласыңды ал!

Бір сағат шаттық артық мың қажыдан,

Меккеде қайбір сенің нағашың бар?!

Осылай кете береді, кете береді.

«Әдебиетге  нөмірлеуге  болмайды  деп  жатады  ғой, 

оның  үстіне  қазақ  агайындардың  мұндайға  ерекше 

қарайтынын  білемін,  сонда  да  тәжік  поэзиясынан  қазақша 

ауцармалардың арасында ең гажайыбы, ғажайып деген сөзді 

эдейі  айтып  отырмын,  ең  таңдаулысы  Қуандық  аударған 

Омар  һайям  рубаяттары  десем,  ешкім  ренжи  қоймас. 

Қуандық Шаңғытбаев  түпнұсқаның тілін білмеген, қолында 

жолма-жол  аударма  да  болмаған,  ол  орысша,  өзбекше 

аудармаларды  негізге  алған.  Соның  өзінде  осындайлық 

дэлдікке жақын келгені қайран қалдырады. Жалпы, аударма 

тәжірибесінде  мүндай  жағдай  сирек  кездеседі,  мұны  тек 

ерекше  интуициямен  ғана  түсіндіруге  болатын  шьіғар»  -  

тәжік  эдебиетшісі  Әбдусаттар  Нуралиев  бізбен  эңгімесінде 

осылай  деген  еді.  Енді  сол  орысша,  өзбекше  аудармаларға 

қарап, Қ. Шаңғытбаевтың шеберлігіне, шалымдылығына бір

мысал келтірейік.

Әуелі орысша нұсқаларды алайық.

Где теперь эти люди мудрейшие нашей земли?

Тайной нити в основе творенья они не нашли.

Как они суесловили много о сущности бога,

Весь свой век бородами трясли -  и бесследно ушли.

(В.Державин)

Мужи, чьей мудростью был этот мир пленен,

В которых светочей познанья видел он.

Дороги не нашли из этой ночи темной,

Посуесловили и погрузились в сон.

(О.Руммер)

363


Был ли в самом начале у мира исток?

Вот загадка, которую задал нам бог,

Мудрецы толковали о ней, как хотели, -  

Ни один разгадать ее толком не смог.

(

Г.Плисецкий)

Енді 

өзбекше 


нұсқасына 

(Ш.Шомухамедов) 

көз

тастайық.



Куплар донишманд деп билдилар узни,

Худонинг зотидан очдилар сузни.

Хеч бири билолмай азал сирларни,

Алжираб-балжираб юмдилар кузни.

Қуандық Шаңғытбаев былайша алған:



Даналар ой маржанын жіпке тізген 

Кеңесіп құда жайын текке бізбен,

Шеше алмай сыр түйінін, олар да ақыр,

Кетті ғой талай надан кеткен ізбен.

Орысша,  өзбекше  нұсқалардың бәрінде де даналардың, 

сақалы  селкілдеген  аталардың  дүние  сырын  аша  алмаған 

күйі  өмірден  өтіп  кеткені  айтылады.  Тіней  Оразайдың

Мұртазасының  Файзолласы  жасаған  аударма  да  осы 

ыңғайда:


Талайлар данышпанға балап өзін,

Бір қүдай деп бастайды айтар сөзін.

Тіршіліктің қадірін біле алмай,

Демі бітіп бір күні жұмар көзін.

Қ.Шаңғытбаев интерпретациясының мықтылығы соңғы

жолдағы  «надан»  деген  бір  сөзден-ақ  көрініп  тұр.  Басқа

аудармашы  болса мықтағанда «Кетті  гой талай  адам  кеткен

ізбен» деп қайырылып қалар ма еді. Өмірдің жалғандыгы да

сонда -   қандай  ақылман  адамның  да  қайтар  жолда  «талай

надан  кеткен  ізге»  түсетіндігінде,  басқа  жол  жоқтығында!

Кэрілікке  жеткені  немесе  жастай  кеткені  —  бәрібір.

Шаңғытбаев нұсқасының өлеңдік көркемдігі, келісім кестесі 

өз алдына бір бөлек тұр.

Кейінгі 

кездегі 


Омар 

һайям 


аудармаларының 

арасынан  Арғынбай  Бекбосын  [252]  мен  Тіней  Оразайдың

364


Мдггазасының  Файзолласы  [253]  жинақтарын  бөле  айтуға 

болады. 


•  ' 

’  ’  '  '  . ‘

\ а



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет