БАҒдарламасы бойынша шыгарылды


жоқ:  Пушкин  болмағанда  біздің  жалпы  орыстың  өзіндік



Pdf көрінісі
бет28/45
Дата03.03.2017
өлшемі26,87 Mb.
#6207
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45

жоқ:  Пушкин  болмағанда  біздің  жалпы  орыстың  өзіндік 

бет-бейнесіне деген  сеніміміз  мұндайлық болмас  еді,  біздің 

бэріміз (рас, эзірге бұл сезім жұрттың бэріне бірдей тән емес, 

аз  ғана  топқа  тэн)  халықтың  бойындағы  бұла  күшке  тап 

қазіргідегідей  саналы түрде  үміт  артып тұрмас  едік,  ақыр- 

аяғында, Европа халықтарының арасынан болашақга өзімізге 

лайықты орнымызды  алып кетеміз деген сеніміміз де болмас 

еді» [294,  148 б.]. Солай. Орыс халқының өзінің тіліне өзінің 

сенімін  оятқан  да  -  Пушкин,  орыс  халқының  өзінің  еліне 

өзінің  сенімін  оятқан  да  -  Пушкин.  Бұл  -  ұлы  еңбек.  Бүл

-  шын ұлылардың ғана қолынан  келер  ерен  ерлік.  «Пушкин 

француздың жасанды  классицизмінің Русьті  билеп-төстеуін 

тоқтатты,  өлең-жырымыздың  бастау-бүлағын  аршып  берді, 

поэзияны өмірдің үлттық арнасына бет бұрғызды, оны неше 

алуан  тың  түрлермен  толықтырды,  алғаш  рет  орыстың 

тіршілігімен,  орыстың  бүгінгі  таңдағы 

тіршілігімен 

туыстастырып,  жаңа  идеялармен  байыта  түсті...»  [295]. 

И.С.Тургенев  орыс  тілінің  қадыр-қасиеті  туралы:  «Туган 

елдің  тағдьфы  не  болар  деп  қайғырып,  шерге  бөккен  ет- 

жүрек  қан  жылаған  шақтарда,  уайым-қайғы  молыгып, 

қапалы  көкірек  долығып,  қақ  айырылган  шақгарда,  — уа, 

ұлағатты,  құдіретті,  адал,  дархан  орыс  тілі  -  сен  ғанасың 

серігім, сен ғанасың тірегім. Сен болмасаң ішқүсама жалғыз 

ем,  ел  халінің  сиқы  анау,  мен  түңілмей  қайтер  ем?  Жэ, 

тегінде,  осындай  тіл  осал  елге  бітер  ме?  Жоқ,  әзелде  тілі 

зордың  -   елі зор, осы сынды, асыл тілді абзал халық болмас 

қор !», деген (I. Жарылғапов аудармасы) жолдарын басқаның 

емес, дэп  Пушкиннің жырын  оқыған соң жазған  шығар деп 

ойлаймыз.  Қалай  дегенде  де,  Батыс  дүниесінде  орыс  тілі 

туралы  түсінікті  төңкеріп  түсірген  түңғыш  қаламгер  дэл 

Пушкин.  Зерттеуші  В.Нейштадт  мынандай  дерек  келтіреді: 

1823-1836  жылдар  аралығында  шет  елдерде  Пушкиннің 

ірілі-ұсақты  75  туындысы  12  тілде  жарық  көрген  екен. 

«Халықаралық  ауқымда  мүндай  танымал  болу  Пушкиннің 

замандастарының бірде-бірінің қолынан  келген  емес,  оның 

үстіне  шығармаларының  аударылуына  ақынның  өзі  атымен 

қатыспаған да» [296]. Мүны зерттеушінің қадап түрып айтып 

отырғаны  — ол  заманда  орыс  тілі  Батыста  тіпті  де  белгісіз,

276


беделсіз  болатын,  сондықтан  да  «  бұл  тілге  былайғы  жұрт 

ақындық  сезімді  жеткізуге  дэрменсіз  тіл  ретінде  қарайтын. 

Орыс  тілі  туралы  ондай  түсінікті  түбірінен  өзгертіп  шығу 

Пушкиннің маңдайына жазылды».

Зерттеуші  үшін  бұл  жол  -  Пушкин  шығармашылығын 

талдау жолы — эрі  оңай,  эрі  қиын.  Оңай  болатыны — тау-тау 

әдебиетті  ақтарып,  арасынан  қажетіңізді  теріп  ала  бересіз. 

Қиын болатыны — олжа  іліктіру, қазынаға жолығу мүмкіндігі 

мұнда  әбден  шектелген.  Қазір  Пушкинге  байланысты  соны

аиту тұрмақ, осы 

еген тақырыпты  ; 

Екінші жол — Пул

эінін эстетикалык

ету

тағдыры  деген  ұгым  оның  ғұмырбаянының  ауқымынан 

анағүрлым асып түсіп жатады.  Данышпаң 

көмкерілген  кемел  туындыларын  былай  қойғанда,  оның 

бүкіл өмірінің өзі өнер туындысы деңгейіне көтерілген. Рас, 

қазір  сөз  бостандығы  дегенді  бетке  ұстап 

тіршілігіндегі  неше түрлі  бұралаң-бұрылыс  белестерді  сан- 

сақка жүгіртіп жатқан жазғыштар жетеді. Бұл тақырыпта біз

астаналық пушкинтанушы  В.М.Кирилловамен  [297] 

жасағанбыз.  Зерттеушінің  сондағы  бірер  сөзін  ғана

алып

сұхбат

келтірумен шектелейік:  «Махаббатты  өмірдің негізі  санаған 

ақын  өмір  бойы сұлулықгы,  әйелдің эдемілігін жырлап өткен, 

көптеген  хикаяны бастан да кешкен.  Бірақ оның бэрі дерлік 

жан жүректі жылытатын сәулелі  сезімдер болтаны біз үшін 

талассыз»;  «Ақын  туралы  көзі  тірісінде  өршіген  өсек-аяң 

енді сан түрлі әдебиетшілердің, журналистердің қаламының 

ұшымен 

жалғасып 

жатыр. 

Кезінде 

Маяковскийдің: 

«Пушкинистерден  абай  болғайсыздар!..»  деп  жанұшыра 

ескертіп  кеткені  тегін  емес...  В.Вересаевтың  кітабындағы 

жазбаларга 

сенсеңіз  Пушкин  өмір  бойы  қыдырудан, 

кездесуден,  дастарханнан,  той-думаннан 

көз  ашпаған 

сияқты.  Сонда  акын  отыз  сегіз  жасында  академиялық  он 

жеті томды  қалай жазып жүр деп  неге ойланбаймыз? Сонда 

ақын замандастарын қайран қалдырған  ғажайып мол білімді 

кай  кезде  алып  жүр  деп  неге  ойланбаймыз?  Балға,  кешке 

барган  кезінде  Пушкиннің  дэйім  соган  шақырылган  зиялы 

қауыммен  әңгімелесуді  ұнатқаны  белгілі.  Ол  әңгімелер 

жүздеген  күнделіктерде,  естеліктерде  қагазға  түсіп  қалган. 

Барган бетінде тек қыз-қыркынды ойлап  кететін адам ондай 

сұхбаттарга  уақытгы  кайдан  табады?»;  «Мен  өз  кітабымда

277


Е.А.Баратынскийдің  Пушкинге  арнаған  өлеңінен  үзінді 

келтірдім.  Онда мынандай жолдар бар: «Нет, это был легкий 

сон,/ Сей тонкий сон воображенья/ Что посылает Аполлон/ 

Не  для  любви  —  для  вдохновенья».  Міне,  Пушкиннің 

«ғашық  болғыштыгының»  бар  сыры  осында.  Пушкин  эйел 

сұлулыгын  шабыттың  шалқар  көзі  ретінде  бағалаған.  Ең 

бастысы  бұл  да  емес.  Ең  бастысы,  меніңше,  Пушкиннің  өз 

басы  тіршілікте  сезімнің  сан  түрлі  сергелдеңіне  салынса 

да,  сан қилы  халге түссе де өнерінде,  өлеңінде  махаббатты 

соншалықты  кіршіксіз  ұстап,  айырықша  ардақ  түтып 

өткенінде.  Бұл  жағынан  оған  ешкім  де  бір  ауыз  сөз  айта 

алмайды». Мұны  тамаша орыс жазушысы Юрий Нагибиннің 

ойы толықтыра түседі:  «Пушкин ешкімнің де қорғаштауына 

мұқтаж  емес,  тіпті  ақынның  сол  тұрақсыздыгының  өзшде 

сұлулық пен тазалық бар,  өйткені  оның жасағанының  бэрін 

жазған жыры жуып-шайып кетеді»  [298,265 б.].

Қазіргі  пушкинистика  ақынның  өмірін,  әсіресе  соңғы 

он  бес  жылдайын  күн-күнімен  түзіп  бітті  деуге  келеді. 

Ақын тағдырында шешуші мэні бар кей күндер сағат-сагаты 

бойынша  анықталып  үлгірген.  200  жылдық 

мерейтой 

тұсында  «А.С.Пушкин  өмірінің  шежіресі»  деген  атпен 

академиялық  төрт том  басылып шықгы.

Пушкин  -   орыстың  жан  дүниесінің  айырылмас  бір 

бөлшегі. Бағзыдағы бір әңгімені қозғайтьш адам «Дела давно

минувших дней» деп сөзін бастай береді;  ara-әжелер  жас кезін

еске  алса  «Как  наши  годы-то  летят!»  деп  күрсінеді;  тұрақ 

таппайтын  біреуді  сөз  етсе  «охота  к  перемене  мест»  деп 

кекетіп, уақытқа  жараспайтын дарақыльщқа  «пир во время 

чумы» деп назаланып, тойымсыздықтан барынан айырылган

жанды  «у  разбитого  корыта»  деп  табалап,  білгішсіне 

сөйлейтін біреулерді «с ученым видом знатока» деп мұқатып, 

қиял  қуған  қызықты  дәуренді  «души прекрасные порывы» 

деп қимастықпен еске түсіріп жатады. Соларды айтқан сэтте 

адам Пушкин тур алы ойланбауы да эбден мүмкін.

Анна  Ахматова  былай  деген:  «Ол 

уақытты  да, 

кеңістікті  де  еңсеріп  экетті.  Біз 

«Пушкин  дэуірі», 

«Пушкин  Петербурга»  деп  сөйлейміз.  Мұның  әдебиетке 

ешқандай қатысы жоқ, бұл  деген  атымен  басқа  дүние.  Бір 

кезде  жүрт  үйіріле  билеп,  ақынды  өсектеп  жүрген  сарай 

залдарында  оньщ  портретгері  ілулі  тұр,  оның  кітаптары 

сақгаулы  тұр,  әлгілердің  күңгірт  көлеңкелері  ол  арадан 

элдеқашан  қуылып  тынған.  Әлгілердің  тамаша  сарайлары

278


мен  басыбайлы  үйлері  жөнінде:  бұл  арада  Пушкин  болған 

деп немесе бұл арада Пушкин болмаған деп қана ееке алады. 

Қалғанында  ешкімнің  шаруасы  жоқ»  [299,  8  б.].  Ақынның: 

«Пушкин»  деген  сиқырлы  еөз  араласқан  жерде  кез-келген 

қолжазбаның,  кез-келген  күнделіктің,  кез-келген  хатгың 

қадірі артып шыга келеді» дегені де бар.

Үшінші  жол  -   Пушкинді  ақылман-мәдениетганушы 

ретінде  қарастыру,  ақынның  эстетикалық  көзқарастарын 

онын өзінің  эдебиет  пен  өнердің туындыларына,  тарихтың, 

философияның  сан  қилы  салаларына  орай  айтқан  ой-пікірлері 

арқылы  танып-білуге  тырысу  жолы.  Бұл  жол  да  әбден 

шиырланган.  Сондықган  кейінгі  кезде  ұлы  ақын  мұрасын 

зерттеушілер  оның эстетикалық көзқарастарын  поэзиялық, 

прозалық,  драмалық  туындылары  арқылы  да  тануга, 

танытуга  тырысьт  жүр.  «Культурология.  XX  век»  деген 

сөздікте  былай деп жазылыпты  :  «Мэдениеттанушылық ой 

эдеби-көркем, діни немесе кэдуілгі  түрге емін-еркін ауысып 

кете алады, сойте тұра мәдениеттің озіндік рефлексиясының 

эр  қилы  нұсқаларында  омір  сүре  беретін  мэдениеттануга 

табиги  қатыстыльпын  сақтай  береді.  Мәдениеттанушылық 

ой  ешқашанда  мәдени  синкреттіліктің  «жұрнақгарынан» 

ада-күде  арылып,  таза  гылымның  құйып  қойган  қалпына 

толық түсе алмайды» [300,  178 6.].  Аталган кітапта  мұнан 

эрі  адамзаттың  коркемдік  ойын  тереңдете  түскен  «Фауст», 

«Евгений  Онегин»,  «Агайынды  Карамазовтар»,  «Крейцер 

сонатасы»,  «Доктор  Фаустус»,  «Доктор  Живаго»  сияқты 

дүниелер де  Шопенгауэр мен Кьеркегордыц,  Фейербах пен 

Ницшенің, Шпенглер мен Бердяевтің, Шестов пен Камюдің, 

Хайдеггер  мен  Фуконың  философиялық  еңбектері  сынды 

мәдениеттанушылық  ойдың  жәдігерліктері  деген  пікір

ортага салынады.

Эстет  болу  үшін  эссе  жазу  шарт  емес.  Әсіресе,  «бүкіл

ақындық  болмысы  күміс  қоңыраудың үніндей  күй-әуезден, 

көздің  жауын  алатындай  сиқыр  сұлулық  пен  өңкей 

жарасымнан  тұратын»  [319]  Пушкиннің  эстетикалық 

көзқарастарын  оның  сыни  мақалалары  мен  эпистолярлық 

мұрасынан гана іздеуге әсте болмайды. Сондықган енді ақын 

аудармаларын жанрлар бойынша қарастырайық.

2.5.2. 

Ертегілер  елінде.  Ақынның  қазақ  тілінде  алгаш 

жарық көрген  шыгармасы — ертегі.  1899  жылы,  Пушкиннің 

100 жылдыгына орай Қазандагы император баспаханасында

279


«Балықшы мен балық туралы ертеп» басылган. Кітапшанын 

бір  данасы  Ресей  мемлекеттік  кітапханасында  сақтаулы. 

Онда эуелі ертегі мазмұны қарасөзбен қазақша баян етілген, 

соңынан  орысша түпнұсқа мәтіні  тіркелген.  Неге екенін,  не 

аудармашының, не баспагердің аты-жөні жоқ.

Пушкин  ертегілері  ақынның  қазақша  таңдамалы- 

ларының,  көп  томдықтарының,  жекелеген  кітаптарының 

қай-қайсысынан да қомақты орын алып келеді.  «Руслан мен 

Людмила»  1936 жылгы 3 томдықтың [232]  бірінші томында, 

1949  жылғы  таңдамалы  шығармаларда  басылса,  басқа 

ертегілер («Поп жэне оның жалшысы Балда туралы ертегі», 

«Ана аю туралы ертегі» (аудармашы «кірекей» сөзін білмесе 

керек,  әйтпесе  қазақта  «Кірекейді  өлтірме,  қонжығы  қор 

болмасын» деген  сөз  баяғыдан  бар),  «Салтан  патша туралы 

жэне  оның  атақгы  ұлы,  асқан  батыр  Гвидон  Салтанович 

туралы  жэне  сұлу  аққу  ханзада туралы  ергегі»,  «Балықшы 

мен балық туралы ертегі», «Өлген хан қызы жэне жеті батыр 

туралы ертегі», «Алтын әтеш туралы ертегі»)  1954 жылғы 4 

томдықтың үшінші томына енгізілген.

«Өз  басым  Пушкиннің  Руслан  мен  Людмиласын» 

және  басқа да  шагын  шыгармаларын,  мысалы,  «Молда  мен 

Балдасын» алдымен қазақ тілінде оқыдым.  Сонда орыста да 

молда  болады  екен-ау  деп  таңырқағаным  есімде»,  деп  еске 

алады  Нұрсұлтан  Назарбаев  [161].  Пушкин  жырларынан 

алгаш  оқыганы  ертегілер  болғанын  Шыңғыс  Айтматов  та 

айтады  [233]. Жұрттың бэрі де солай.

Пушкин  ұлылығы  ертегілердің  ерекше  сұлулығын 

ерте  сезінуінен  де  танылып  тұр.  Оның  алғашқы  поэмасы

-   «Руслан  мен  Людмиланың»  ертегі  екендігі  де  сондықган. 

Ақын  ертегілерінің  о  баста  оқырманды  елең  еткізбегенін 

айтсақ,  бүгінде  біраз  адам  таңданатын  да  шығар.  Ал 

дұрысында Пушкин  бұл  жанрға  алгаш  қалам  тартқан  тұста 

жалпы халық шығармашылығы деген эрі барғанда үй-ішілік 

экзотика саналған, ақынның мұнысын еріккеннің ермегіндей 

көргендер  аз  болмаған.  Пушкиннің  «орыс  халықтығының 

сыртқы  пішінін  көшіріп  жүрмегеніне»,  шын  мэнінде  өз 

заманының  нағыз  халықтық  әдебиетін  қалыптастыруга 

кіріскеніне  көз  жеткеннен  кейін  барып  оқырман  қауым 

ақынның  жаңа  ертегілерін  күтіп  жүретін  күйге  ауысқан. 

Пушкин  ертегілерінің  сюжеті  дэйім  орыс  фольклорынан 

алына  бермеген:  мысалы,  «Балықшы  мен  балық  туралы 

ертегінің»  оқиға  желісі  ағайынды  Гриммдердің  «Балықшы

280


мен  оның  әйелі»  деген  ертегісіне  барып  тіреледі.  Шығыс 

ертегілерінің  де  Пушкинге  әсері  мол.  Ол  енді  өз  алдына 

бөлек әңгіме.

Ертегілер аудармаларынан да біз қазақ тәржіме өнерінің 

эволюциялық  жолын  көре  аламыз.  1936  жылы  латын 

әліпбиімен  басылған  кітапта «Руслан мен  Людмила»  былай 

басталады:

Сіз үшін, жаным қанша бар, 

Сұлулар, жалғыз сізге арнап 

Өткен күндер ертегісін 

Қорғайтұғын туып шақ.

Құлақ ертек сыбырлап 

Сенімді қолмен жаздым мен.

Еңбегімді ойнақы 

Қабылдандар, жарандар,

Емес маған мақгау ем,

Оқыр деп қыздар сүйсініп,

Сенемін үміт сарыны 

Қарар мүмкін ұрланып,

Күнәлі менің жырыма.

Ал мына нүсқа  1949 жылғы бір томдықтан алынған

Жанымның падишасы, сіздер үшін,

Бір ғана, сұлуларым -  тек сіздерге 

Елестей ескі мезгіл ертегісін 

Шарқ үрып шалықгаған кездерімде,

Елігіп ескілердің сыбырымен

Жаздым мен жалғаны жоқ -  еркін қолмен;

Ойнағы еңбегімді қабылдаңдар

Дәме етпен мақтау-даттау мен ешкімнен,

Қазір-ақ бақыттымын тәтті үміттен,

Қыз біткен тітіркене махаббатпен 

Күнэлі жырларыма салар назар 

Үрланып тым болмаса қарар еппен.

Екінші  нұсқада  ептеп  жатықтау  шыгарған  демесеңіз, 

бұл,  әрине,  Пушкиндегі  қүйылып  келетін  өлеңнен  шалғай 

жатыр  Ә.Тәжібаевтың  Пушкин  ертегісін  қайталай  аудару 

тәжірибесі  қызғылықты.  Ақын  алгашқы  нүсқаны  жылы 

жауып  қойып,  тәржімені  толықтай  қайта  жасап  шыққан.

281


Соның  арқасында  ғана  түпнұсқадағы  романтикалық  рухты 

біршама сақгауцың сәті түскен.

1936 жылғы аудармадан:

Қала тұрсын жас Ратмир 

Созбаймын бұл жырымды. 

Еске түссін ер Руслан. 

Талса да ерлік соғыс деп 

Жаны жоқ серттен айныған 

¥ йқыда жатып бөленіп, 

Жеті жастық жастанған.

1949 жылғы аудармадан:

Кеңесін енді Ратмир доғарайық, 

Қайтадан Русланға оралайық:

Руслан арыстан еді айға шапқан 

Қаһарман, айнымайтын махаббатган,

Үздіксіз келе жатыр ұрыс салып,

Міз бақпай келер күндер шаршап талып;

Құсұйқы сондай шақта қандай тэтгі, 

Дариға, сондай халде ол келе жатты.

Алғашқы  аударманың  қасаңдығын  ақынның  қаламы 

қатаймаған, балаң шағында жасалғандығымен ғана түсіндіре 

салуғаболмайды. Солтұстагы эріпшілдік, жолма-жолшылдық 

талабы бетке ұрып-ақтұр. Пушкин «Оставим юного Ратмира; 

/ Не смею песни продолжать: / Руслан нас должен занимать» 

десе,  Тәжібаев  сол  үш  жолды  «Қала  тұрсын  жас  Ратмир  / 

Созбаймын бұл жырымды. / Еске түссін ер Руслан» деп жолма- 

жол қалап  шыгады,  сөзбе-сөз сірестіреді.  Екінші  нұсқада да 

өлең өлшемін дәл таппағандықтан  интонациялық  босаңдық 

байқалады.  Жалпы,  он  бір  буындық қара  өлең табиғатынан

W

эпосқа  жақын  ертегі  жанрына  онша  үилесе  қоимаитынын, 



қазақгың  батырлар  жыры  да  көбіне  жеті-сегіз  буындық 

болып  келетінін  аудармашы  ескермеген.  Түпнұсқаның  түп 

етегінен ұстап қатып қалатын сол жылдардагы эдет Зейнолла 

Қабдолов  жасаган  «Балықшы  мен  балық туралы  ертегінің» 

аудармасынан да көрінеді.

282


А народ-то над ним насмеялся:

«Поделом тебе, старый невежа!

Впредь тебе, невежа, наука:

Не садись не в свои сани!».

Қазақшасы:

Күлісті жүрт: «Осы керек,

Сендей топас соқырға!

Сабақ болды:  бұдан  былай 

Жат шанаға отырма!».

«Жат  шанаға  отырма!»  — «Не  садись  не  в  свои  сани!»

деген мақалдың калькасы.

«Балыкшы  мен  балык  туралы  ертегі»  эуелде  «Батыс 

славяндары эндері» циклына орайластырылганы мэлім. Оган 

бір дэлел -  қолжазбадағы «18-я песнь сербская» деген жазу, 

екінші,  басты  дэлел  — сербтер  фольклорындағы  ұйқассыз 

тоникалық  өлеңмен  («Жил  старик  со  своею  старухой  / 

У  самого  синего  моря;  /  Они  жили  в  ветхой  землянке  / 

Ровно  тридцать  лет  и  три  года»)  түсірілгендігі.  Зейнолла 

Қабдоловтың  аударманы  кәдуілгі  жеті-сегіз  буындық  жыр 

үлгісімен  жасаганы  орынды  шешім.  Қазақша  жазылган 

үйқассыз ертегі  өлеңді біздің балалардың қызыга оқи қоюы

қиын болар еді.

Пушкин  ертегілерінің  қарапайымдылыгы  —  алдамшы 

қарапайымдылық.  Шын  шебердің  қолынан  шыққанда 

мұндагы  эр  эріп  әрленіп,  эр  сөз  суретке  айналып  жүре

береді.

В синем небе звезды блещут,

В синем море волны хлещут;

Туча 

по небу идет,

Бочка по морю плывет.

Осында көктегі  жұлдыздардың бірінші жолда, теңіздегі 

толқындардың  екінші  жолда  тұрганына,  бүлттың  үшінші 

жолға шыгып, төмендегі бөшкенің төргінші жолға түскеніне 

дейін  назар  аудартпай  қоймайды.  Жұбан  Молдагалиев  хал- 

қадерінше осы графикалық суретп сақтауга тырыскан:

Жымындайды көкте жұлдыз,



Толідып тулап жатыр теңіз.

Көкте келбеп бұлт көшті;

Жүр 

теңізде 

жүзіп бөшке.

283


Пушкин  ертегілерінде  эр  сөз  тұрмақ,  эр  дыбыс,  соның 

ішінде  эр  дауыстысы  мен  эр  дауыссызы  маңызды.  «Салтан 

патша  туралы...  ертегідегі»  Гвидон  масага  айналган  кезде 

оны  бір  тұста  «Полетел  и  запищал»,  бір  тұста  «А  комар- 

то  злится,  злится...»  деп,  ал  арага  айналган  кезінде  бір 

тұста  «Полетел  и  зажужжал...»,  тағы  бір  тұста  «Он  над 

ней  жужжит, 

кружится...»  деп  суретгейді.  Осындагы 

ызьщдаган з мен жүйке жұқартатын ж дыбыстары, «злится» 

сөзінде  дэл  ортаға  тұрып  алып,  созылып  естілетін  и, 

«кружится»,  «жужжит»  дегендердегі  уілдеген  у  қосыла 

келгенде  бөлмеңізге  Пушкин  ертегісіндегі  маса  мен  ара 

кіріп  кеткендей  боласыз.  Мұның  бэрін  аудармада  дэл  беру 

киын,  бәлкім,  мүмкін  емес  те  шыгар.  Мысалы,  «Пушки  с 

пристани  палят,  /   Кораблю  пристать  велят»  «Зеңбіректер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет