БАҒдарламасы бойынша шыгарылды


беріп белгі, / Кемеге сол тоқта дейді» деп алынған. Мұндайда



Pdf көрінісі
бет29/45
Дата03.03.2017
өлшемі26,87 Mb.
#6207
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45

беріп белгі, / Кемеге сол тоқта дейді» деп алынған. Мұндайда 

аудармашы  да  ассонанс  не  аллитерация *іздеп  шарқ  ұрмаса 

болмайды.  Балаларға  эндей  эуенді,  эуезді,  эдемі  ертегі 

керек.  Ертегілерде  сөз  саздылығы, ұйқас ұнасымдығы үшін 

жалпы  мағынаны  бұзбайтындай  өзгертулер  енгізу де  артық 

емес.  Өйткені,  Пушкиннің өзі де ертегілерінде «А ткачиха с 

поварихой, / С сватьей бабой Бабарихой» дегенде құдағидың 

атын қалауынша ала берген гой.

Пушкин поэзиясының, сонын ішінде ертегіперінің сырт 

козге  қарапайым  көрінетін,  ішін  оңайлықпен  алдырмайтын 

ерекшелігі  аудармашыларды  талай  қиын  сынаққа  салған. 

«Алтын әтеш туралы ертегіні»:

Ертеде өткен заманда,

Бір елде, осы галамда,

Дадон атты хан болган,

Жасынан қатал жан болған.

Көршілерін зарлатып,

Қаласын шапқан шаңдатып.

Жасы жетіп қартайып,

Демалуға жантайып,

Жаугерліктен безіпті;

Көршілері сезікті 

Еліне салды бүлікті;

Ү йқыны Дадон ұмытты,

-  

деп  шығарған  Тахауи  Ахтанов  кейін  бара-бара 

аударманы да, өлеңді де қойып, прозаға ауысып кетті. Білімді 

де талгампаз қаламгер әлгіндей тэржімесі  арқылы  «Негде,  в

284


тридевятом  царстве, / В тридесятом государстве, / Жил-был 

славный  царь  Дадон»  деп  ойнақтап  басталатын  Пушкин 

ертегісін аударарда тіпті жанр ауыстырып жібергенін, сөйтіп 

кәдімгі  қазақгың  батырлар  жырына  айналдырып  алганын 

аңдаган болса керек.

Ертегілер  аудармалары  туралы  эңгімені  түйіндер  тұста 

орыс эдебиетінің қазақ эдебиетінен даусыз бір артықшьшығы 

жайында  айта  кетудің  жөні  бар  сияқгы.  Ол  артықшылық

-  балалар  әдебиетінің дәстүрі  ерте  қалыптасқандығы.  Абай 

заманында  бізде  балаларға  әдейі  арнап  жыр  жазу  дағдысы 

болмағаны  ұлы  ақынымыздың  ғажап  туындыларын  жас 

ұрпақ  жүрегіне  балауса,  балдыр  шағында,  нені  де  жаттап 

алатын,  нені  де  көкірегіне  құя  қалатын  кезінде  жеткізуге 

кәдімгідей  кедергі  келтіріп  жүргенін  жасырып-жабудың 

жөні жоқ. Әліппеден бастап бастауыш сынып оқулықтарына 

түгел енгізілетін Абай өлеңдері бала ұгымына ауыр түседі де, 

мектеп  шэкірттері  көбіне  көп ұлы ақын жырларын жаттауға 

тиіс болган соң жаттайды.  Орыс әдебиетінде он тоғызыншы 

гасырдың  озінде  берік  орнығып  үлгерген  балалар  әдебиеті 

дәстүрінің  арқасында  Пушкин  өз  оқырманын  күрделі 

шығармаларға бірте-бірте дайындап  әкеледі:  эу баста ертегі 

оқытады,  онан  кейін  романтикалық  поэмалар  оқытады, 

лирикалық  өлеңдер  оқытады,  күндердің  күнінде  алдынан 

орыс  өмірінің  энциклопедиясы  атанган  «Евгений  Онегин» 

шыга келгенде оны түсінуге, түйсінуге тіпті де қиналмайды. 

Толстой  да  сондай:  әуелі  «Әліппе  әңгімелерінен»  бастаган 

оқырман көп ұзамай «Кавказ тұтқынына» ауысады, бара-бара 

«Балалық,  жастық,  жігіттік  дәуренге»  жетеді,  сөйте-сөйте 

«Согыс жэне бейбітшіліктің» төрт томына табан тірейді. «Әр 

кезеңнің өз Пушкині бар. Балақайлар үшін -  ертегілер. Онга 

толган балалар үшін -  «Руслан». Он екі-он үшке келгенімізде 

біздің алдымыздан Пушкин прозасы, «Полтава», «Мыс салт 

атты»  ашылады.  Жасөспірім  шагымызда  «Онегин»  мен 

лирика  дайын  түрады.  Содан  кейін-ақ  өлеңдер  де,  проза 

да,  лирика  да,  поэмалар  да,  драмалық  шыгармалар  да, 

эпиграммалар  да,  мақалалар да,  күнделіктер де,  хаттар да... 

шетінен  келе  береді...  Бүдан  былай  біз  Пушкинмен  дэйім 

бірге боламыз!» — Самуил Маршак осылай деген.

Жалпы,  казак  тілінің  мемлекеттік  тіл  ретінде  шындап 

орныгуына  біздегі  балалар  әдебиетінің  босаңдыгы  едэуір 

бөгесін  екенін  басын  аша  айту  керек.  Әсіресе,  Пушкин 

ертегілерін орысша оқи алатын, «У лукоморья дуб зеленый; 

/  Златая  цепь  на  дубе  том:  /  И  днем  и  ночью  кот  ученый  /

285


Все ходит по цепи  кругом; / Идет направо -  песнь заводит, / 

Налево -  сказку  говорит» деп тақылдап тұрган  балаға қазақ 

тілінің сол тілден еш кем түспейтінін, қайта дыбыс үндестігі, 

сөз  сазы тұргысынан  артықшылықтары да бар екенін  айтып 

түсіндіру оңай емес. Оны түсіндірудің бір жолы -төл  тілімізде 

тамаша  балалар  эдебиетін  жасау,  тағы  бір  жолы  — балалар 

тұрмақ,  ересектердің  есін  алатын  жаңағыдай  жолдардың 

оқыганда  жатталып  қалатындай  айшықты  аудармаларын 

ұсыну.

2.5.3. 

Өлеңдер өрімі. Пушкин өлеңдерінің аудармалары 

жонінде  бізде  біршама  мақалалар,  Сағынғали  Сейітовтің 

арнаулы  кітабы  [234]  жарияланғанын  ескергенде біздің бұл 

тақырыпты  толық қамтымауға мүмкіндігіміз  бары  көрінеді. 

Сондықтан  бұл  бөлімде  бірнеше  өлең  тэржімесіне  талдау 

жасаумен шектелетін боламыз. Біздің мақсатымыз — Пушкин 

өлеңдерін аударудағы ортақ сипаттарды ашу.

«Анчар» 

жырында 

Пушкин 

бір 

адамның 

бүкіл 

жұртқа  шексіз  билігіне,  жаугершілік  жолында  епггеңеден

қаитпаитын  қатыгездігіне  қарсылығын  эр  созін тасқа тасты 

ұрғандай  қатқьш  өлең  орнегімен  де  аңғарта  алған.  Ақын 

аудармаларына  арналған  зерттеу  еңбектерінде  [235,  91 

б.]  Пуппсиннің  өлеңнің  эр  жолын  қалай  қашағаны  накты 

көрсетілген.  Ақын  әуелде  «В  пустыне  чахлой  и  скупой» 

деген  бірінші  жолдың  «В  пустыне  мертвой  и  глухой»,  «В 

пустыне  мрачной  и  скупой» деген  нұсқаларын,  «Анчар  как 

грозный часовой» деген үшінші жолдың «Анчар -  феномен 

роковой», «Анчар -  кустарник роковой», «Анчар как верный 

часовой» деген нұсқаларын жасап байқаган екен. Інжу сөзді 

осындай  зергерлікпен  ызудың  арқасында  дүниеге  келген 

Пушкин  жырлары.  Мұндай  ізденіс-қиналысты  аудармашы 

да  бастан  кешуге  тиіс.  Алгашқы  шумақгың  эр жылдардағы 

үш аудармасын салыстырып көрейік.

Қу далада, құла түз,

Жер қақтаған күн тамыз.

Күзетшідей жапанда 

Анчар — агаш тұр жалғыз.

1937 жылгы кітаптан — Ілияс Жансүгіров аудармасы.

286


Құнарсыз қу жапаыда,

Күн шыжыған құмда бір,

Күзетшідей жаһанға,

Асқақтаған Анчар тұр.

1949 жылғы кітаптан -  Қалижан Бекхожин аудармасы.

Сарылған, сараң далацда,

Аңызақ құмын өртеген.

Сақшыдай сұсты, жаһанға 

Анчар тұр жалғыз ертеден.

1953 

жылғы 

кітаптан 

-  

аударған 

Қайнекей

Жармағамбетов.



Топырағын аптап өртеген 

Құла түз, құба жанында 

Анчар тұр жалғыз ертеден 

Сақшыдай сұсты жаһанға.

Қуандық 

Шаңғытбаев 

аудармасы 

(«Жыл 

құсы»

жинағынан).

Пушкинде  етістік  біреу  ғана  —  «стоит».  Эпитет  — 

төртеу:  «чахлой»,  «скупой»,  «раскаленной»,  «грозный». 

Аудармашының  төртеуі  де  Пушкин  етістігінің  мәтіндегі 

маңызын  дэл  аңғарған:  «тұр».  Тұр  ма  -   тұр.  Мейлі,  анчар 

улы  агаш  болсын,  бірақ  ол  өзінше  түр.  Өзінше  тұрганда 

одан  келер зиян жоқ.  «Құс  келіп  оған  қонбады, / Жоламады 

жолбарыс, / Құйын кеп соқса жондагы, / Уланып кетті жолға 

алыс».  Құс  қашатын,  жолбарыс  жоламайтын  улы  ағашқа 

эмірші  қоластындағы  құлды  жұмсайды,  ол  экелген  уға 

жебені  суарып,  жат  жерге  өлім  себеді.  Айтқандай,  бұрын 

Пушкин  анчарды  қате  ұққан,  дұрысында  тұт  агапггары 

тобына  жататын  анчар  улы  емес  делініп  жүретін,  кейінгі 

кезде анчардың упас деген бір түрі улы шырын шығаратыны, 

кезінде  оны  шынында  да  жебенің  ұшына  жаққаны  [236, 

56  б.]  анықгалып  отыр.  Мұның  өзі  Пушкиннің  нені  жазса 

да  біліп  жазатынының  тағы  бір  дәлелі.  Кезінде  Пушкин 

туралы  кітаптарда  «Анчардың»  тирания  атаулыға,  зорлық- 

зомбылыққа  қарсылық  жыры  екені  алдымен  аитылатын. 

Өлеңнің  негізгі  сарыны  осы  екені  рас.  Сонымен  бірге,

287


классиканың  классикалығы  уақыт  өткен  сайын  заман  алға 

тартқан  сауалдарга  да  жауап  тауып  беретіндігінен  білінеді 

десек,  бүгінде  Пушкин  жыры  тиранияның,  шексіз  биліктің 

қоғамға,  адамға,  азаттыққа  ғана  емес,  табигатқа  да,  яғни 

өзін жаратқан Жер-анага да қатер төндірер дүлей күш екенін 

көрсетуімен қадірі  арта түскендей.

Аударманы  жетілдіре,  ұнггай  беруцің  нақты  нәтижесін 

Пушкиннің  1829 жылы Кавказға барып, Түркиямен соғысып 

жатқан  әскердің арасында болған эсерінен туған өлеңдердің 

бірі -  «Делибаштан» да көреміз. Бұл жайында ақын «Арзрум 

сапарында» да жазған.  Алдымен осы өлеңнің атына тоқтала 

кетейік.  Делибаш -  түрік сөзі.  Орысша «отчаянная  голова», 

«сорви-голова»,  «смельчак»  деген  мағынада  —  бұл  арада 

қазақтың  телі  сөзін  еске  алуға  /телі-тентек  түріндегісін/ 

болады. Делибаш деп түріктер атты әскер бастығын айтады. 

Сондықган  Пушкин жинағының  1949 жылғы  басылымыңда 

мэтін  ішінде  Делибаш  деп  бас  әріппен  жазылуы  -   қателік. 

Тәкен  Әлімқұлов  «Перестрелка  за  холмами;  /   Смотрит 

лагерь  их  и  наш;  /   На  холме  пред  казаками  /   Вьется 

красный  делибаш»  деген  шумақгың  Қуандық  Шаңғытбаев 

аудармасында «Төбенің асты қым-қиғаш, / Екі жақ көзін тұр 

қадап;  / Қырда  жүр  қыршын Делибаш,  /  Қарайды  соған  бір 

казак»  делінуін  сынға  алган.  «Делибаш  қыршын  ба,  кексе 

ме,  ол  жағын  Пушкин  айтпаған.  Ол  түріктің  атты  әскерінің 

бастьпгы,  шын  фамилиясы  Делисов.  Соған  қарағанда  онша 

қыршын болмаса керек. Пушкин «Вьется красный Делибаш» 

дегенде  Делибаштың  қыршындығын  немесе  көркемдігін 

айтпайды,  киімінің  (бөркінің)  қызылдығын  айтады.  Ал, 

«қарайды  соған  бір  казак»  деу  тіпті  келмейді.  Делибашқа 

«бір  казак»  қарамайды,  автор  өз  көзімен  қарайды.  Тіпті, 

өлеңнің тарихына барамыз десек, 1829жылы 14 июньде түрік 

әскерімен болған ұрысқа Пушкин өзі қатынасып, оқиғаны өз 

көзімен көрген. Үрыс Сыган-Лу деген жерде болған. Жаңагы 

«қарайды соган бір казак» деген жолдан кейін:

Делибаш!  Байқа, ұшынба,

Жаныңды сақта, ойпырмай;

Кетерсің найза ұшында,

Иманың қалар айтылмай, —

деп  аударады  Қуандық.  Сөйтіп,  Делибашқа  жаңагы 

казак  ақыл  айтып  тұргандай,  жаны  ашып  тұргандай  болып

288


көрінеді. Соның салдарынан Делибаштың казактар жағында 

екенін  көпке  дейін  ажырата  да  алмай  қаласың»  [130,  100 

6 ].  Әдетге  бэрін  де  біліп  жазатын  Тәкен  Әлімқұлов  осы 

арада  жаңсақгыққа  ұрынған.  Делисов  деген  орыстьщ 

немесе орыс фамилиясындай  осы  есімдес адамның түріктің 

атты  эскерінің  бастығы  болган-болмаганын  біз  білмейміз. 

Болуы да мүмкін.  Болса да ол Делисовтың дэл мына өлеңге 

қатысы жоқ.  Мұндағы делибаш — казак эскерімен  қырқыста 

дұшпанының басын қиып түсірген, өзі де найзаның ұшында 

кеткен  түріктің  аттылы  жауынгері.  Бұл  жаңсактықгың 

басты  себепкері  1   делибашты  адам  атындай  етіп  бас 

әріппен  жазған  аудармашы.  Пушкин  «Арзрум  сапарында» 

«Вскоре  показались  делибаши  и  закружились  в  долине, 

перестреливаясь  с  нашими  казаками»  [237,  550  б.]  деп

қолмен  қойғандай  жазған  ғой.  Ақын  шығармашылығының 

ерен  білгірі  С.Бонди  де  оз  түсіндірмелерінде  «Делибаш

-   турецкий  конный  солдат»  [238,  92  б.]  деп  корсеткен. 

Энциклопедиялық  сөздікте  де  [239,  77  б.]  делибаш  сөзіне 

«по-турецки  означает  «отчаянная  голова»  деп  түсініктеме 

беріледі. Пушкиннің өзі өлең соңьга былай бітірген:

Мчатся, сшиблись в общем крике...

Посмотрите! каковы?..

Делибаш уже на пике,

А казак без головы.

Демек, Қуандық Шаңғытбаевтың:

Тап берді: айқай, қым-қиғаш,

Әнекей қалды қырқысып.

Найзада кетгі делибаш,

Казактың басы түсті ыршып,

— 

деп  аударуы  әбден  орынды.  Өлеңде  шартпа-шұрт 

шайқастың  қас-қагым  сәттік  сұмдық  суреті  салынған.  Ал 

автордың біресе «Делибаш!  Байқа, ұшынба», біресе «Казак- 

эй!  Қызба  ұрысқа»  деуінде  ешқандай  қайшылық  жоқ:

Пушкин екеуін де аяп тұр. 

.  .

«Жындар»  өлеңінде  Пушкин  каламына  тэн  эуезділік

эбден  кемеліне  келген.  Боранды  түнде  адасқан  ақын  мен 

жэмшіктің  жанынды  шошытар  үрейлі  корқынышы  «мчатся 

тучи,  вьются  тучи»,  «мутно  небо,  ночь  мутна»,  «еду,  еду»,

19-2915


289

«страшно,  страшно»,  «вьюга  злится,  вьюга  плачет»  деген

сияқты  бірнеше  сөздің өлеңнің өн  бойында  қайталануымен

онан сайын күшейтіле түседі. Ақын өмірінен хабардар әрбір

адам  бұл  өлеңнің  1830 жылгы  тырысқақ  карантині  кезінде,

Болдинода  , үйқамақга  қалгандай  күй  кешіп,  күйзелген

кезінде  шыққанын  жақсы  біледі.  Орыстарда  жолда адасқан

адамдарды  жын  жетелеп  кетеді  («бес  водит»)  деген  ұгым

бар.  Ішкілікке  салынып  жүргендері  де  кінэнің  бэрін  сол

жынга жауып  («бес  спутал»)  жатады.  Пушкин  бүл  ұгымды

символдық  бейне  деңгейіне  көтеріп,  Ресейдің  бүлдыр

болашагының  баламасына  айналдырып  жіберген.  Өлеңнің

композициялық  қүрылымында  бірте-бірте  былыга  беретін

хаос,  жүректі  жарып  жіберердей  иррационалды  стихия 

куаты бар.

Мчатся тучи, вьются тучи;

Невидимкою луна 

Освещает снег летучий;

Мутно небо, ночь мутна.

Еду, еду в чистом поле;

Колокольчик дин-дин-дин...

Страшно, страшно поневоле 

Средь неведомых равнин!

Осы жолдардыц  1949 жылгы кітаптагы Тахауи Ахтанов 

аудармасы мынандай:

Бүлт көшеді, мың оралып;

Жылт еткізіп жауған карды,

Сэуле шашад ай ұрланып;

Аспан күңгірт, түн қараңғы.

Кең далада келем жортып,

Қоңыраулар сылдыр қағып;

Бойым мүздап, барам қорқып,

Меңіреу жазық үрей салып.

Кезінде  бұл  өлеңді  Бекет Өтетілеуов  те  аударган  екен. 

Төкен  Әбдірахмановтьщ  кітабында  [130,  54  б.]  «Түрі  жат, 

жоқ шегі де, / Мүнарлы аидын ойынында, / Жапырақтай күзгі 

нақ  бейне,  /  Үйірілді  түрлі  жындар  да.  /  Тобымен  жындар 

шапқьілап  /  Шексіз  алыс  биікте,  /  ¥лып  және  қыңсылап,  / 

Қорқыныш салар жүрекке» деген жолдар келтіріледі.



290

«Ескерткіш» өлеңіне байланысты атақты аудармашы Лев 

Озеров тэржіме өнері туралы қысқа жазбаларында мынандай 

бір  жайды  келтіреді.  1836  жылғы  ақпанда  Кюхельбекер 

Пушкинге  сонау  суық  Сібірден  хат  жазады,  хатында 



м ү я пя 

тұңгыстар  тұрады,  олар  тағы  халық дегенді  айтады. 

Пушкиннің  есінде  осы  сөз  қалып  қойған.  Жаңағы  хатты 

алғаннан  жарты  жыл  өткеннен  кейін  жазған  «Ескерткіш 

орнаттым  мен  қолдан  келмес»  атты  өлеңінде:  «И  гордый 

внук славян,  и  финн,  и ныне дикой / Тунгус,  и друг степей 

калмык»  деп  келтірген.  Осыган  орай  Лев  Озеров  былай 

дейді:  «Дикой  тунгус»  (қазір  біз  ол  ұлысты  эвенктер  деп 

атаймыз)  сөзіне  Пушкин  «ныне»  дегенді  қосқан.  Пушкин 

бұл  сөз  арқылы  тұңгыстар  тагы  болса  қазір  тагы  халық, 

бірақ олар біржолата тагы халық больт қалмақ емес дегенді 

айтқысы  келген.  Өлең  жолын  «ныне»-ні  сақгап  аударган 

адам  Пушкинді  аударады  да,  «ныне»-ні тастап  кеткен  адам

Кюхельбекерді аударады...» [240, 93 б.].

Осы  өлеңге  байланысты  Пушкиннің  Оралга  сапары 

жайында 


жазганымызда 

[241, 


Б. 183-200] 

жеткілікгі 

айтқандаймыз. Бұл арада мына бір жайды еске сала кетумен 

шектелейік. Пушкин өз өлеңінің бірінші нұсқасында «киргиз» 

сөзін келтіргені мәлім.  Ақынның 200 жылдық тойына ораи 

басылған  17  томдық  толық  шыгармалар  жинагында  ол 

шумақ жарияланды да.  Біздің ойымызша, Пушкин өлеңінің 

акты к  редакциясынан  «киргиз»,  ягни  қазақ  сөзінщ  түсіп 

калуына  өкінудің жөні  жоқ.  Өйткені,  ақын  эуелде  қазақтар 

да мені  бір  кезде  білетін  болады  деп жазганымен,  кейіннен 

ол  ойынан  айнып,  қазактарды  өзін  өзгелердің  соңынан

танитын, мойындайтын халыкгар санатынан шыгарган, 

яғни,

қогамдык  дамудын  жогарырақ  сатысында  тұрган  ұлтгар



санатында деп білген.

2.5.4. 


Поэмалар 

әлемі. 


Әлемдік 

поэзияда 

сөз

саздылыгының үздік үлгілері  қатарында  алдымен  аталатын



туындылардың  бірі  -   А.С.Пушкиннің  «Мыс  салт  аттысы».

В.Брюсов:  «дыбыстық  бейнелілігі  жагынан  «Мыс  салт

аттының»  өлең  өрнегіне»  тең  келетін  шыгарма  аз.  Тегінде,

Пушкин  аллитерациянын,  дауысты,  дауыссыз  дыбыстарды

ойнатудың  барлық  қолда  бар  құралдарын  дэл  осы

«Петербург  повесіндегідей»  жиі  қолданбаган  шыгар»,  деп

жазган еді  [242, 90 б.). Алайда, В.Брюсовтын осы  кітаптагы

«Звукопись  Пушкина»  атгы  мақаласында  ақын  мұндаи 

үндестікке «өлеңде сөздердін дыбысын галамат шеберлікпен

291


opналастырудың»  арқасында  қол  жеткізеді  деп  санауымен

келісу қиын.  Пушкин поэзиясының қуаты  ең алдымен ойда,

образдылықта. Сөз саздылығы—осы ойга, осы образдылыққа 

қызмет ететін көркемдік құрал.

Литван  ақыны  Антанас  Венцлова «Пушкинді  аударуым 

жөнінде»  атты  мақаласында  [243,  Б.287-303]  «Евгений 

Онегинді»  литван  тіліне  аударғанда  Пушкин  сөзінің  сазын 

қалайда жеткізуге ұмтылу мені негізгі мақсаттан алшақтатып 

алып кетер еді, зияннан басқа ештеңе бермес еді. Сондықтан 

да  талай  тұста  мен  мұндай  ойдан  әдейі  бас  тарттым,  ал 

дұрысында  анғарымпаз  оқырман  менің  аудармамнан дыбысты 

ойнатудың талай элементтерін табады. Менің аллитерацияға 

саналы  түрде  жүгінгенім  көбіне  көп  «Мыс  салт  аттының» 

аудармасында көрінеді», дейді.  Максим Рыльскийдің:  «Мен 

үшін  Пушкин  шығармашылығының  асқар  шыңы  — «Мыс 

салт аттының» аудармасы айрықша азапты болды. Сонымен 

бірге  —  жасыратын  дәнеңесі  жоқ!  —  дәл  осы  жұмыстың 

барысында  мен  аударма  ісінің  шын  мәнінде  «асқақ  өнер» 

екеніне көз жеткіздім. Бәлкім, дәл сол тұста мен «шабыттан 

суық терге малшыну» дегеннің не екенін тұңғыш рет сезінген 

болармын»,  [244,  133  б.]  деп  жазатыны  да  бар.  Расында 

да,  дэл  осы  поэмасында  Пушкин  нагыз  сөз  сиқыршысы 

ретінде  таньшады.  Шығарманың  қай  тұсынан  да звукопись 

классикасы  саналатын  жолдарды  ойып-ойып  ала  беруге 

болады.  «Мыс  салт  атты»  — ауцармашының  шеберлігі  ғана 

емес, аударылатын тщщң мүмкіндігі де сынга түсетін ерекше 

шығарма. Пушкиннің қай туындысы да ғажайып шеберліктің 

нэтижесі.  Сонда да «  Мыс  салт аттының»  жөні тіпті  бөлек. 

Бірінші Петр жайында жырлайтын тұста одалық салтанаттың 

сөз  саптауына  салатын,  кішкентай  адамның  кішкентай 

кейпін  көрсететін  тұста  автологиялық  баяндауға  баратын 

стилистикалық  жан-жақтьшыгының  өзі-ақ  аудармашыны 

әңкі-тәңкі  етіп  жіберуге  жетіп  жатыр.  «Мыс  салт  аттыда» 

темірді темірге жанығандай етіп жаныңды жейтін етістіктер

қандай  ауыр  десеңізші!  Петербургтегі  тасқын  суретіне  көз 

салайықшы.

... Так злодей,

С свирепой шайкою своей 

В село ворвавшись, ломит, режет,

Крушит и грабит; вопли, скрежет,

Насилье, брань, тревога, вой!..

292


Ғ али  Орманов  аудармасында  бұл  жолдар  былай

келтірілген:

Кейде осылай қарақшылар,

Түйдегімен, аласұра,

Селоға еніп: шауып-кесіп,

Қырып, талап жатса өстіп,

Ойбай, сүрең, айғай шығар!..

Тасқын өткен түннің ертеңіндегі суретке қараңыз:

Остров малый 

На взморье виден. Иногда 

Причалит с неводом туда 

Рыбак на ловле запоздалый 

И бедный ужин свой варит,

Или чиновник посетит,

Гуляя в лодке в воскресенье.

Пустынный остров. Не взросло 

Там ни былинки. Наводненье 

Туда, играя, занесло 

Домишко ветхий. Над водою 

Остался он как черный куст...

Енді аудармаға көз салайық:

Теңізде бір кішкене арал 

Көрінеді қарауытқан.

Кейде кеш қап қала жақтан,

Балықшы аумен сонда аялдар,

Ет қайнатып, 

етіп ауқат.

Жексенбі күн не саяттап,

Қайық мінген чиновник құр 

Барад. Арал құлазыған.

Қылтанақ та өспепті ешбір.

Тасқын алып кеткен соған 

Ойыншық қып жаман үйді.

Су ішінде сол ғой қалған 

Қу бұтадай қараң күйі.

Алғашқы  үзіндіде  тасқын  топалаңын  танытатын 

экспрессия  хал-қадерінше  жеткізілген,  екінші  үзіндіде

293


көркем  прозаның  интонациялық  икемділігіне  жақын  келіп 

тұрған  синтаксистік  ауысымдарды  өз  ыргағымен  алудың 

онша сәті түсе қоймаған. 

|

И блеск, и шум, и говор балов,



А в час пирушки холостой

Шипенье пенистых бокалов

И пунша пламен голубой. 

I

Сүйем думан, той, сәулетін,



Кейде әшейін қосқанда бас 

Бокал толы көпіретін 

Шарабынды жалынға ұқсас.

Мұнда да аудармашыға қандай қиындық түсіп тұрғанын 

аңғару  қиын  емес.  Аллитерация  мен  ассонанс  астасып, 

дауысты-дауыссыздар  дыбыстар  шарпысып  тұрған  бұл 

шумақтың қазақшасында сөз сазы жетпей-ақ жатыр.

Валерий Брюсов:  «Торт бунақты ямб Пушкиннің басқа 

бірде-бір  шығармасында дэл  осы  «Мыс  салт  атгыдағыдай» 

соншалықты  сан  түрлі  болып  келмейді,  соншалықты  еркін 

төгілмейді.  Басқа  бірде-бір  шығармасында  ақын  цезура 

шеберлігін  дэл  мұндайлық  пайдаланбайды,  бұл  арада 

ол  цезура  арқылы  өлецнің  ішкі  қозғалысын  адамның 

ойына  келмейтіндей  қүлпыртып  жіберген.  Басқа  бірде-бір 

шығармасында  Пушкиннің  ұйқастары  дэл  осы  «Петербург 

повесіндегідей»  образдар  мен  суреттердің  жарқындыгына, 

қанықтығына  қызмет  етіп,  дәл  осындағыдай  табиғи  естіле 

қоймайды.  Ақыр  аяғында,  Пушкин  дэл  осы  «Мыс  салт 

аттының»  жыр  жолдарында  өзінің  созбен  сурет  салу 

өнерін  жеріне  жеткізе  айшықты  көрсеткен:  мұндағы  сөз 

инструментовкасы  бүгінгі  күннің  ақындары  тек  арман  ете 

алатындай  аңсар  биікке  көтерілген»,  дегенде  ұлы  ақынның 

басқа  шығармаларын  кемсітіп  отырған  жоқ,  әрине.  Олег 

Ефремов  оқитын  «Мыс  салт  аттыны»  тыңдаған  адам 

Пушкиннің  осы  шығармасының  құдірет-күшіне  қайран 

қалмай қоймайды.

Осы асу алдырған ба бізге?

Телтуманың  төлтумадан  артық  болып  шығуы  да  әбден 

мүмкін дейтініміздің мынандай да себебі бар. Қанша жерден 

қайта-қайта  жөнделуі  мүмкін,  жөнделген  сайын  ұштала 

беруі  мүмкін  дегенімізбен,  жарық  корген  дүние  көбіне



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет