1.2.2. Аударматану проблемалары. Бізде Абайдың
аудармашылық өнерінің өзіне арналган тұтас кітап элі
күнге шықпаганын айтудың өзі аударматануда алынар
асулардың алда екенін айгақгайды. Бұл тұргыдан қараганда
Т.Абдрахмановтың:
«Кемеңгер
ақынның
мол
эдеби
мұрасының ішінде негұрлым мұқият, терең зерттелінгені -
аудармалары», дегенімен қазірдің озінде келісу қиын. Ақын
аудармалары жонінде талай-талай терең ойлы мақалалар,
бірнеше диссертациялар жазылганына қуана тұра, сол
тэржіме үлгілері арқылы әдебиетімізге келген жаңалық,
жақсылық жайып салынса, ең бастысы - аудармашылардың
жаңа, жас ұрпагына берер тагылымы таратыла түссе дейміз.
3
Болгардың
аудармашы
ақыны
Любен
Любенов
кезінде
аударма
өнерін
белгілі
шеберлеріне
анкета
сұракгарын жолдаған. Солардың арасында М.Алигердің,
М.Ваксмахердің, М.Донскойдың, В.Левиктің, В.Маркова-
ның жауаптары жарияланғаны есте. Морис Ваксмахер
анкетаға қайтарған жауабында орыс тіліне аударылған жыр
жинақтарына пікір білдіретіндердің сөз саптауына қарап
отырсаңыз қүдгты солар кітаптарын орысша жазған сияқты
болады да шығады деп қынжылыс білдіретін. Осындай
жағдайлар біздің әдеби сында да бой көрсетіп түрады.
Атақты ақындар шығармашылыгына арналған мақалаларда
аудармашысының (аудармашыларының) аталмай кететін
жайлары да бар. Немесе мақала түйінделер тұста «Ақын
жырларын бэленше қазақша жатық шығарған» деген сыңайда
бір абзац «баға» жүреді. Бұл көзқарас түбірімен қате.
Өлең озге тілге аударылғанда қайтадан жазылмайтынын,
қайтадан
жаратылатынын,
енді
аударылған
тілдің
шығармасы күйінде жаратылатынын, енді сол тілдегі
әдебиетке қосылатынын айқын ұғынбайынша, аудармашы
еңбегіне де сол тұрғыда баға берілмейінше тэржіменің тың
тынысы ашьшмақ емес.
Бізде эдебиет туралы ой түю әдебиетші ғалымдардың
ғана еншісіне тиген, маңдаиына жазған міндет сияқгы
қарайтын көзқарас бар. Бұл орайда М.Әлімбаевтың,
Қ.Бекхожиннің,
Қ.Мырзалиевтің,
Г.Бельгердің,
М.Құрмановтың поэзия аудармасы туралы жазғандарын
боле атай аламыз. Өзгелерде ше? Поэзия аудармасының
ерен білгірі Е.Эткиндті тыңдайықшы: «Аударма өнерінің
таңдаулы советтік сөз зергерлері бір бойында тамаша
суреткерлік пен аса көрнекті, дербес ойлы ғалым-
филологтардың қасиетін қатар тоғыстырған. Өлеңнің
хас шебері Максим Рыльский украин тілінде орыс жэне
әлем поэзиясының інжу-маржандарын қайта туындатты,
сонымен қатар оның қаламынан әдебиеттану мен поэтикаға
қатысты іргелі зерттеулер де шыққан. Павел Антокольский
ақын-аудармашы ғана емес, ол эрі белгілі пушкинист,
«Мыс салт атты» мен Пушкин лирикасы жайындагы
қызғьшықты зерттеулердің, «Ақындар жэне уақыт» атты
әдебиеттанушылық жэне сыни кітаптың авторы. С.Маршак
«Соз тәрбиесі» деп аталатын сыни мақалалар мен эдебиет
теориясы очерктерінен тұратын тамаша кітап шығарды.
Шекспирді грузинше сөйлеткен аса көрнекті аудармашы
32
Гиви Гачечиладзе — филология ғылымдарының докторы,
көркем аударма теориясы жөніндегі үлкен зерттеулердің
авторы...». Соның өзінде орыс әдебиетінде аударма сыны
көңілдегідей емес деп қоңылтақсушылық жиі айтылады.
«Советтік аударма өнерінің жетістігі көп. Советтік аударма
өнерінің кемістігі де көп. Алайда, бізде аударма сыны жоқ.
Біздің жетістіктерімізді ешкім де тиісінше бағалаған емес.
Біздің кемістіктерімізден
ешқандай. тағылым алынған
емес. Алға жүру үшін біз ненің жақсы, ненің жаман екенін
басын ашып тұрып біліп алуға тиіспіз»- Н.Чуковский
осылай таусыла сөйлейді [34, 12 6]. Бұрын жыл сайын
«Мастерство перевода», «Тетради переводчика» сияктьі
жинақтар шыгарып, жыл сайын жеке кітаптар жариялап
жататын орыс эдебиетінің өкілдері осылай сөйлегенде соң-
гы жарты ғасырда аударма туралы санаулы кітап қана жарық
көрген мына біздің не деуімізге болады?
Қуандық Шаңғытбаев көзінің тірісінде осы зерттеудің
авторына кезінде «Евгений Онегинді» қалай аударғаны
жөнінде арнайы жазбақ ойы болғанын, сан түрлі себептерге
байланысты әне-міне деп кейінге қалдырып жүргенде ол
тақырыпқа суыңқырап қалғанын айтып еді. Ондай кітаптың
немесе көлемді мақаланың дүниеге келмегені өкінішті-ақ,
әрине.
^
Аудармашылық тәжірибесі жөнінде шағын ой үзіктері
түрінде болса да жүйелі жазатын ақынымыз - Мұзафар
Әлімбаев. Автор «Көңіл күнделігі» деген атпен шыққан
кітаптарында өзінің аудармашылық жолы, өзгелердің өне-
гесі жайында көптеген ғибратты ойлар айта алған.
«Манаптың» тағы бір зор кемшілігі: оны қазақшаға
аударғанда сөзбе-сөз аударган. Соның үшін сөздерінің тәртібі
нагыз қазақша болып шықпаған» - Сәкен Сейфулиннің
«Айқаптың»
1914
жылғы
сегіз
нөміріне
басылган
И.Лихановтың «Манап» драмасының аудармасына жазган
осы пікірі - қазақ аударма сыны қарлығаштарының бірі.
«Отызыншы жылдардың орта шеніне дейін көркем аударма
туралы айтылган пікірлер белгілі бір шеңбер шегінен шыға
алмады, көбі жай тілек тұргысынан аспады» [35, 189 б.].
Солай болуы заңды да. Дегенмен, өз кезеңі үшін Дінмұхамед
Сұлтангазиннің сонау 1896 жылгы «Дала уәлаятының
газетінде: «келістіріп, ұгымды анық қылып переуаттау бір
зор жұмыс. Қиын сөздер келгенде қазақша балама сөздер
болмаса да қазаққа ұғымды болса, орыс сөздерінің өзін
3-2915
33
қалдыру керек, қазақша екі-үш сөзбенен айту керек. Сол
себептен орысшадан переуат қалғанда тұп-тура сөз
қалдырмай орысша ретіменен переуат қыламын деп эуре
болу жарамайды», деп жазуы [36, 321 б.] елең еткізерлік.
Қазақ аударматануының да, аударма сынының да
басында ұлы Әуезов тұр. Жалпы, қазақ аудармасының
теориясы аударма сынынан шыққан деген сөздің жаны бар.
Әуезовтің өзі де «Пушкинді қазақшаға аудару тәжірибелері
туралы» [37], «Ревизордың» аудармасы туралы» [38],
«Евгений Онегиннің» қазақшасы туралы» [39], «Қазақ
сахнасындағы аударма пьесалар» [40], «Пушкин аудармасы
қазақ әдебиетіне не берді» [41] сияқгы мақалаларын
негізінен аударма сыны тұрғысында жазган, бірақ оларда
автор теориялық ой-толғамдарға да орын тауып отырған.
«Аударма мәселесінің теориялық ой-пікір қадамының
жылдан
мағыналы жаңалықтармен
отырып, алайда аударма '
күиінде
калыптасып, есею күиінде ғана екендігін біліскеніміз мақүл.
Солай болғандықтан да аударма теориясы өзі қамтырлық
ауқымы мол мәселелерге қарыштай алмай келеді. Оның
үстіне бүл жүйедегі теория өзінің кейбір шешуші,
анықтаушы негіздері тарапында жемісті түрде орістеу
жолына әлі де түсе алған жоқ», - дей келіп, — Аударма
теориясының басты кемшіліктерінің бірі... жақсы, үлгілі
аударма тәжірибелеріне жеткіліксіз, үстірт зер салу, шетеңцеп
қана зерттеу болып отыр. Ал асылында, ондай ауцармаларды
бүкіл егжей-тегжейіне жете, жан-жақты талдау асамәнді шарт,
талданғанда шығарманың идеялық-көркемдік қасиеттерін
аударманьщ бойына қалай сіңіргендігін, образдылығын, түп
нүсқаның ырғақтық, үндестік, шумақтық, ұқсастық нэзік
үтымды тетіктерін, авторларының соз онеріндегі озіне тэн
ерекшелігін, тарихи нышандарын беруде аударма өнерінің,
бүрынғы-соңғы аударма істерінен мүлде басқаша екендігін
дэлелдеу — әбден керекті міндет», деп атап өтеді.
Әуезовтің бұл пікірі элі де көкейкесті күйінде. Біздегі
сын мақалаларда аудармашыны аудармашы ғана деп қарау
басым. Аудармашыны алдымен ақын деп қарау, аударган
өлеңін өзінің шыгармашылыгы ретінде қарастыру шарт.
Пушкин мен Белинский солай қараган. Французшадан тіке
тәржімелеген Ғалымжан Мұқановтың: «Біздің еңбегіміз,
34
дәлірек айтқанда, аудармашы еңбегі лайықты бағаланғаны
жөн болар еді. Әйтпесе, шығарма бар да шығарманың
аудармасы бар ғой, оқырман шыгарманы бағалаи д ы,
аудармашы сыртга қала береді», деп ренжісе ренжитіндеи.
Аудармашының еңбегін багалау - сыншы міндеті. Аударма
ісіндегі үрдістерді бағамдап, қажет болса бағыт сілтеп оты-
ру да _ сыншы міндеті. «Көркем аударма коркем ә дебиеттщ
өгей баласындай күй кешуде. Неге өйтеді? Өйтетін себебі
- бізде аударма туралы әдеби көркем сын жоқ. Аудармага
көңіл керек, бага керек, бал керек десек, сондайларға бас-
көз болып иелік жасайтын уэлі сөз, жаны ашитын адам,
былайша айтқанда, «эй» дейтін әже, «қой» дейтін қожа
жоқ. Аударма ісі қалай-қалай бет алып барады, аудармашы
нені қалай аударды, жетістік қайсы, кемшілік бар ма
дейтін мәселелер қазіргі әдебиетімізде жабық қалған, бітеу
дүние. Бейнебір қара түн, қалың орманның ішінде келе
жатқандайсыз» - Нұрғазы Шәкеев бұл сөзді 1988 жылы
жарық көрген көркем аударма кітаптары бойынша эдеби
жьш қорытындысына жасалған баяндамасында айтқан
еді. Сонан бергі жиырма жылда аударма сынының ахуалы
нашарламаса жақсарған жоқ. 2006 жылы ашылған, «Әлем
әдебиеті» журналының бетінде аударма ахуалы ұдайы
соз болып тұруға тиіс. Журнал ақылдастар алқасының
төрағасы ретінде бұл іске осы жолдар авторы да жауапты.
Аудармадан ойды, сезімді емес, алдымен сөзді іздейтін
сыншыларға А.К.Толстойдың мына сөзімен қайырыла алар
едік: «Мен қолымнан келгенше түпнұсқага мұқият қарауға
тырысамын, алайда мұным адалдық пен дәлдік көркемдікке
нұқсан келтірмейтіндей деңгейге дейін ғана сакталады...
Меніңше, созді аударып жатудың қажеп болмас...».
Аудармадағы
әріпшілдіктен
де
әдеби
сындағы
эріпшілдік
қауіпті.
Өйткені,
эріпшілдік
талабы
тэржімешінің талғамын тұсайды, қиял қанатын кесіп
түскендей етеді. Мүндаи мысалдарды кеиінгі кезден де көріп
қаламыз. Жүрсін Ерманов Қадыр Мырзалиев аударган Есенин
өлеңдері жөніндегі мақаласында [42, 128 б.]: «Жыр» деген
олеңде «соловушканы» ол әуелі «сандугаш» деп аударады да,
өлеңнің соңында «бұлбұл» деп өзгереді. Осыдан не ұттық?»,
дейді. Мына пікірге қарасақ, аудармашы орысшадагы
бір құсты қазақшасында екі кұсқа айналдырып жіберген
сияқты. «Сандугаш» — бұлбұлдың синонимі. «Сандугаш.
Зат. 1. Дауысын неше түрлі етіп құбылтатын сайрагыш
35
құс, бұлбұл» [43, 153 б.]. Сөздің саздылыгын, өлеңнің
эуезділігін, ұиқастың үндестігін, тіпті кеиде оір жолдағы
буынның бүтіндігін ойлағанда да ретіне қарай «сандуғаш
сазы», «бұлбұл бағы» деп келтіре беруге болады.
Аударма сынының осалдығынан, жақсылықган гөрі
жамавдықты көбірек көруден, жекелеген кемшіліктерді
келемеж етіп (Әуезовтің: «сынды сықаққа алмастырмау
керек» деген аталы сөзі аударма сынында да басты
ұстанымдардың біріне айналуға тиіс), айналып келгенде
қазақ тілінің мүмкіндігі туралы теріс түсінік туғызудан
ешкім ештеңе үтқан жоқ. Сондай сөздерді ести-ести
К.Алтайский тап бір қазақшаның майын езіп ішкендей-
ақ: «Пушкинді қазақшаға аудару зор қиындық әкелген,
элі де әкеле
береді. Пушкин керемет шеберлікпен
емін-еркін
келтіретін коптеген сөздер мен ұғымдар
қазақ тілінде жоқ» [44] деп тар танымын бүкіл Одаққа
таратып жататын. Өйтіп айтатын болсақ, Абай керемет
шеоерлікпен емін-еркін келтіретін коптеген сөздер мен
ұгымдар орыс тілінде жоқ деудің де жөні бар гой. Сол
мақаласында автор: «Пушкина переводили Алтын-Сарни,
Букеев, Кудайбергеков, Торайгиров» деп те кетеді.
Екі тілді де еркін білетін адамның озіне сөздіктер
артықтық етпейді. Бізде бүған дейін сөздіктің бірнеше
түрі гана болды: біртілді сөздіктер (түсіндірме, сондай-ақ
синонимдер, теңеулер, т.б.), екітілді создіктер (орысша-
қазақша,
қазақша-орысша,
түрікше-қазақша,
т.б.),
энциклопедиялық создіктер, электрондық создіктер. Орыс
тіліндегідей жиілік создігі, кері сөздік, үндестік создігі,
тезаурустар қажет-ақ. 2004 жылы «Словарь языка поэзии.
Образный арсенал русской лирики конца XVIII - начала XX
века» деген тамаша кітап жарық көрді. Сондай кітаптардың
арқасында орыс әдебиетшілері ана теңеуді алғаш анау
айтты^ мына теңеуді алғаш мынау айтты деп таласып
жатпайды, элдеқашан көркемдік құралға айналып кеткен
метафораларга озі түңгыш рет көргендіктен аузын ашып,
козін жүмбайды. Жапыраққа байланысты қандай теңеулер,
таңга қатысты қандай метафора—бэрі-бэрі тізілген. Мысалы,
найзагайга орайлас теңеулердің озі түтас торт бетгі алып
жатыр. «Огонь» сөзінің «любовь» ұгымымен байланысқан
тіркестеріне 52 мысал келтірілген. Өткен гасырдың
оасынан бері 53-ші тіркесті таба алган ақын гана орыс
өлещне тың теңеу қосқан саналады... Мүндай талпыныстың
36
тэуір үлгілері бізде де бой көрсетуде. Қуандық Мәшһүр-
Жүсіптің «Қазақ лирикасындағы стиль жэне бейнелілік»
атты монографиясында [45], мысалы, «жел» сөзінің қазақ
ақындарының шығармаларында қалай қолданылғанына
түтас 32 бет арналған.
1.3. Көркем аударма - әдеби шығармашылық
1.3.1.
Аударма
әлеуеті.
Розалинда
Шаханова:
«Пушкиннің қазақ мәдениетіне ықпалын сөз еткенде
біз
қазақ
аудармашылары
орыс
данышпанының
поэзиясындағы қазақша білмейтін, еондықтан Пушкинді
қазақша оқи алмайтын орыс оқырмандарының қолы
жетпей қалған қымбат қырларды, мағыналық нобайлар
мен бейнелік пішіндерді, орайлас бейнелік қатарларды
ашқанын ұмытпауға тиіспіз», деп орынды айтқан. Осындай
қасиеті болмаса аударма онері мүншама омір сүрмес те еді.
Тәржімелеу барысында түпнұсқаньщ бойындағы бұрын
байқалмаған жаңа қасиеттердің апіьшатьшы да бар. Бүл
орайда жүрттың бэрі келтіре беретін хрестоматиялық
мысалға біз де жүгінейік.
Л.Н.Толстой
Пушкиннің
«Сығандарын» француз тілінде оқыганда барып ерекше
сүлулығына сүқганғанын айтқан. Толтума мен телтуманы
сапғастыра келіп, озіне етене таныс мэтіннен жаңа бояулар,
жаңа реңктер тауып, таң қалған. Бұл — түтас бір тұрған
тұжырымдама.
Эр аударма, шынтуайтында, өзінше эксперимент. Неге
десеңіз, кез келген туынды автор қолымен дүниеге келген
қайталанбас дүние. Ол жақсы болар, жаман болар, авторы
талантты болар, талантсыз болар — бэрібір, бұрын мүндай
шыгарма жазылмаган, енді қайтадан дэл осындай шыгарма
жазылмайтыны тагы рас, демек, қайталанбас дүние. Аударма
сол қайталанбас дүниенің басқа тілде қайталанган нұсқасын
жасауы, ягни басқа тілде дүниеге қайта экелуі керек. Коркем
аударма үгымының озі онердщ оарлық түрінщ ішінен тек
соз онеріне қатысты. Кескіндеме, мүсін онеріне, биге,
музыкага аударма керек емес, белгілі бір дәрежеде киноны
да түсінбейтін тілде көріп, үзын-ыргасын үгып шыга аласыз.
Ал түсінбейтін тілдегі эдеби шыгарма тек эріптер мен тыныс
белгілер жиынтыгы гана. Оган жаңа өмір сыйлайтын адам
- аудармашы. Былайынша қарап отырсаңыз, аудармашы
37
деген шығарманшлық тұлға да емес сиякты. Әңгіме не
өлең алдыңда тұр. Ал да өз тіліңде сөйлет. Басқа шаруаң
жоқ. Аудармашы оқиға ойлап шығармайды, кейіпкерлердің
мінезделуі, сөзіне дейін дайын. Сонда да бұл қиямет-қайым
қиын дүние. Неге? Гэп мынада. Бір тілде туған өнер гүлін
басқа топыраққа алып келіп қондыра салуға болмайды.
Жалпы, оны сол топырақтан суыруга болмайды. Аудармашы
сол гүлдің дәнін алғандай абайлықпен жаңа топырақта
жаңа гүл өсіріп шығаруы керек. Жаңа топырақ дегеніміз
— жаңа тіл. Көбіне — атымен жаңа тіл.
Аударманы
қоғамға
қажет
ететін
қасиеті
де
түпнұсқаның
дәл
өзіндей
болып
шықпайтынында.
Түпнұсқаның өзінен түк аумаған тэржіме түпнұсқа тілін
білмейтін адамдарга ғана керек. Ал біз орысша оқи
тұра, түсіне тұра, сезіне тұра, тіпті озіміз ара-арасында
әліміз келгенше орысша жаза тұра бэрі бір аударманы
оқимыз. М.Алексеевтің «Евгений Онегин» аудармалары
туралы айта келіп: «Аудармалардың басым копшілігі
оқырмандары орысша түпнұсқамен таныса алатын елдерде
жасалатъшын қалай түсінген жон?» деп риторикалық сүрақ
қоятыны бар [46,286 б.]. Себебі - жаңагы.
Әдебиет дамуының бастапқы белестерінде түпнұсқа
мен
тәржімеленген
туындьшардың
арасында
қатып
қалғандай қагидатты айырмашылық болмайды, аударылган
шыгармалар да кэдімгі сол тілдің төл өніміндей саналады.
Мына дүниеде эдебиеті аудармадан басталган ұлттар да
бар. Мысалы, армяндар — сондай ұлт. Жыл сайын қазан
яиындя Арменияда аудармашы мерекесі отетіні мэлім.
Біздің эдебиеттің өзі аудармадан басталмаган, эйтсе де,
«Қазақ эдебиетіндегі аударма өнерінің өзіне гана тән
бір ерекшелігі бар. Ол — аударманың төл әдебиетіміздің
кейбір жанрларымен, айталық, проза, драматургиямен
қатар туьш, қабат дамуы. Тіпті, әдебиетіміздің осы түрлері
топырагымызга аударма арқылы сіңді десек те артық емес.
Қазіргі аты белгілі ақын-жазушыларымыздың аудармага
соқпай кеткені кем де кем. Аударып отырып үйренді, аудару
үстінде өсті. Осы екі саланың тізгінін бір қолда қатар
ұстады» [47, 208 б.]. Сонымен бірге бұл процесті оңайлатып
корсетуге де болмайды. «Аударма ең алдымен эдебиет пен
әдебиетті аралас-құралас етеді. Содан кейін гана ықпал
тууы мүмкін. Осының өзінде күнілгері ықпал тудырады деу
астамшылық» - Т.Әлімқұлов осылай ескерткен. Аударманың
38
маңызын асқақтата айта беру шарт емес. Сонымен қатар
аударманың мүмкіндігін шектей сөйлеу де ретсіз. «Көркем
сөздің ұстасы Лермонтов қазақ эдебиетшілерінің де сүйікті
ұстазы. Оның таңғажайып шыгармаларымен біз қазақтілінде
алғаш рет Абай аудармалары арқылы таныстық. Бұл арада
«аудармалары» деу жеткіліксіз. Абай аудармалары - көркем
аударманьщ ең көрікті, ең өрнекті үлгісі саналуға тиіс», деп
жазады Сағынғали Сейітов [48,148 б.]. «Көркем аударманьщ
ең көрікгі, ең өрнекті үлгісі саналуға тиіс», деп зерттеушінің
өзі дүп-ттүрыс айтып түр, сонда оны аударма деу неге
жеткіліксіз? ¥лы аударма деу керек, ғажайып аударма деу
керек, бірақ табиғаты аударма ғой.
Әдеби шеберліктің мектебін іздесеңіз аударманың
ауылына барыңыз. Әсіресе, стиль үштаудың таптырмас
үстаханасы — осы аударма. Мысалы, Тютчев өлеңді
аудармашылықтан бастаған. Ол үшін аудармашылық төл
шыгармашылығына барар жолдағы шеберлік лаборатория-
сы десе де жарасады. Жазушылардың Бүкілодақтық бесінші
съезінің мінберінен Микола Бажанның: «Молдавияда
Бернстің Игорь Крецу жасаған тамаша аудармасы жарық
көрді», деп бүкіл Кеңестер Одағына куана хабарлағаны есте.
Соның алдында ғана, 1972 жылы И.Крецуге Молдава ССР-
інің Мемлекеттік сыйлығы беріліпті. Тегінде, ол жасаған
аудармалар расында да көңілдегідей шығатын сияқты.
Оған бір мысал ретінде И.Крецудің Есенин жырларын
аударганын келтіруге болар еді. Атақгы «Клен ты мой
опавший...» өлеңінде аудармашы қайыңды орысша күйінде
берьозка деп алыпты. Неге? Өйткені, молдаваншада қайың
«местякэн» мужской родтың созі екен. Ал олай алу Есенин
жырының көңіл-күй ауанына («Обнимал березку как жену
чужую») тіпті де келмес еді.
Ақын жырларына дэл аудармашыдай зердемен үңілетін
басқа окырманды табу қиын. Шын таланттың қолына тисе,
әрі оның таңцаганы классикалық дүние болса, аударма
оны жасаушы адамды қаламгер ретінде басқа бір биікке
көтеріп кете алады. Лев Гинзбург мұны әдемі жеткізген:
«Бара-бара мен өзімнің өлеңдерімді жазудан қала бастадым.
Аудару өз өлеңіңді жазганнан жеңілдеу, тартымдылау
болғандықган емес. Аудармада мен өз олеңімдегіден горі
еркінірек сезінуге айналдым. Бэрібір Шиллерден артық
жаза алмаймын, жаман жазып керегі не деп эзілдейтінмін.
39
Менің қаламымнан данышпан жолдар қағазға түсіл
жататын, менікі емес, әрине... Бірақ - айтуға адамның аузы
бармайды! - менікі де ғой, м е н і к і д е!..» [49, 13 б.].
Талант - ортақ игілік. Тартады да тұрады. Мұны тоқгату
мүмкін де болмас, тегі. «Нагыз поэзия құс секілді емес пе,
құс шекараны мойындамайды» (Е.Раушанов).
В.Левик тәржіменің қадір-қасиеті туралы тамаша
ой айтады. «Негізінде аударма белплі бір дэрежеде үлы
өлеңдердің өзіне өлмес өмірге қол жеткізуіне көмектесе
алады,-дейді ол - Ерте ме, кеш пе, өлең ескірмей қоймайды.
Тілі көнере бастаган соң оны өз елінде оқуды қоюы да
мүмкін. Бірақ, басқа елдің басқа ақыны өз замандастарының
тіліне аударган кезде ол өлеңдер қайта туып, екінші өмірін
бастайды. Мен мұның алдында антик заманы туралы айттым,
ал енді бертінгі уақыт пен бертінгі елдерді алайық. Гетенің
«Түнгі жолаушының эні» мен Татьянаның Онегинге хаты
Абай Құнанбаев аудармасымен қазақтың халық эндеріне
айналып кетті» [50, 91 б.].
Аударманың халықтығы деген ұгымды абсолютке
айналдырудың қажеті шамалы. Кезінде Гнедич аударган
«Одиссеяны» да бүкіл орыс жүрты жабыла оқыпты
деген мэлімет жоқ. Егер аудармашы еңбегі сөздің қадыр-
қасиетін бөлекше багалайтын мың адамның талап-
тілегінен табылып, ойынан шыгып жатса да мақсаттың
орындалганы. Өнер өнер үшін, эдебиет эдебиет үшін деген
талап^ төл өнердің, төл эдебиетоң барлық жанрларына
бірдей келмесе келе қоймайтын да шығар, алайда,
аударманьщ эдебиет үшін жасалатын тұстары төлтума
шығармалардан гөрі көбірек кездесетіні рас. Тәржіменің
үлттық соз онеріне әсері жонінде айтқанда біздің есімізге
он сегізінші ғасырдағы орыс эдебиеті алдымен оралады.
•Чернышевский «Орыс ақындары аударган Шиллер
шыгармалары» атты мақаласында: «Аударма эдебиеттің
біз
үшін маңызы бөлскше. Пушкиннің өзіне дейін
аударылган туындылар түпнүсқа шыгармалардан элдеқайда
маңызды болып келген еді. Қазір де түпнұсқа эдебиет
аударманьщ алдына түсті деп кесіп айта қою қиын» [32 66
6.J, деп жазган еді.
Орыс әдебиеті үшін батыс тілдерінен тэржімеленген
шыгармалардың, эсіресе прозалық туындылардың мән-
маңызы болекше екендігінің мынандай да себебі бар. Он
40
тогызыншы ғасырдың басына дейін орыс әдебиетінде шын
мәніңпе проза болмаған. Ол тұстағы орыс қауымының
прозалық шығармаларға, әсіресе колемді жанрлардағы
кітаптарға, нақты айтқанда романдарға деген сұранымы
толықтай
батыс
тілдерінен
аударылған
кітаптардың
есе-бінен
қанағаггандырылып
келген.
Бұл
арада
оқырмандардың талап-тілегін орындау мақсатымен кітап
аудару барысында орыс эдебиетінде еуропалық прозаның
машықгары іштей пісіп-жетілгенін атап айту қажет. Сол
кезеңде орыс тілінде ауық-ауық жарық коріп жататын
туындылардың дені аударылған шығармалардың әсерімен
жазылатын. Гогольдің алғашқы туындылары журналдарға
жариялана бастағанда орыс өмірінен толыққанды қарасөз
шығармасын орыс тілінде тамаша туындататын қаламгер
ақыры дүниеге келгеніне қуана тұра, ол адамның тегі
таза орыс нәсілінен еместігіне сәл-пэл қиналған тоғышар
қауымның: «Хо-рош, хо-рош... Жаль, малоросс, малоросс...»
дейтіні сондықтан.
Аударманың тарихи категорияға жататынын айтпайтын
зерттеуші аз. Мэдени даму деңгейі, тілдің өсуі, аударма
қағидаттарының озгеруі эр заманда әрқилы аударманы
туындататыны өзінен озі түсінікті. Ешкім де болашақ
ұрпақтардьщ тілімен аударма жасай алмайды, сондықтан
ешкім де ғасырлар бойы барлық ұрпақтың қажетіне жарап
жататын тәржіме туындыларын да дүниеге әкелмек емес.
Соның озінде де аудармашы еңбегінің орны орасан. 1827
жылы 20 шілдеде Гете Томас Карлейльге былай жазған:
«Аударылған шығармалардың кемшіліктері жөнінде кім не
десе де, аудармашы еңбегі бүкіл ғаламды байланыстырып
жататын ең маңызды да ең абыройлы еңбек болған жэне
солай болып қала береді». Бұл сөздер сол кездің өзінде
замандастарына артық айтылғандай көрінбеген екен.
Ғ аламды жалғастырады демекші, бүгінде ғалымдар өзге, өзге
болғанда да Жерден тыс өркениеттермен байланыс орнай
қалса қалай аударма жасаймыз деген мәселенің төңірегінде
де бас қатыра бастады... Голланд математигі Фрейдентальдің
«Линкос» атты еңбегі осы тақырыпқа арналған көрінеді.
Өркениетті
елдерде
аудармашы
еңбегі
дэйім
қадірленген.
Оны қадірлеудің бір көрінісі аудармашы
ақындардың осы саладағы тындырған шаруасын ауық-
ауық айшықтап ұсынып отыру. Біз бұл орайда орыс
эдебиетінен «Мастера поэтического перевода» сериясымен
41
жарық көрген жыр жинақтарын алдымен ауызға алар
едік. Е.Эткиндтің «Четыре мастера» атты мақаласында
[51, Б.29-68] Ахматованың, Цветаеваның, Самойловтың,
Мартыновтың сол серияның аясында шыққан кітаптары
талданады. В. Левиктің 1977 жылы жарық көрген таңдамалы
аудармаларының қос томдығы да [52] кезінде әдеби
жұртшылық назарына іліккен. Онда Еуропаның тоғыз елінен
елу ақынның жырлары қамтылған. 1955 жылы Максим
Рыльский де өзінің таңдаулы тәржімелерінің қос томдығын
шығарған. Ал бізде тэржіме туындыларын топтап шығару
дәстүрге енбей-ақ қойды. Кешегі кеңшілік заманның өзінде
(басқа-басқа, дәл осы кітап шығару ісінде таршылық
болмағаны анық) ауцарма жинақтары жеке кітап күйінде
өте сирек жарық көретін. Сол сиректің бірі - Қуандық
Шаңғытбаевтың «Жыр жаһаны».
Проза жэне поэзия аудармасының сипаты басқа-басқа.
Е.Эткиндтің бір мақаласында атымен аудармағаннан гөрі
нашар ауцарғанның өзі артық деген оймен дауласатыны
бар-ды. Расында да, аударма деген ұзаққа созылатын үдеріс.
Бір ұлттық мэдениет өзінен алыс жатқан мэдениетті өз
бойына сіңіргенше ондаған жылдар өтіп кететіні де рас.
Қазір қарап отырсақ, көбіміздің бала күнде оқыған аударма
кітаптарымыздың дені тіпті сол тұстағы тәржімеге қойылар
талаптар тұрғысынан қарағанда да сын көтермейтіндей
деңгейде екен. Бірақ, адалын айтсақ, Жюль Верннің,
Даниэль Дефоның, Марк Твеннің сол кітаптарының стиліне
қарап жатыппыз ба? Ол кезде қазақ әдебиеті балалардың
қиялын шарықтататын, ой өрісін кеңейтетін тартымды
туындыларга соншалықты тапшы болғандықтан (қазақ
балалар әдебиетінің онан кейінгі кезеңце де жас ұрпақты
жақсы кітапқа жарытқаны шамалы) біз элгі шығармаларды
қүныға оқыдық. Сәл кейінірек «Тынық Донды» оқыған тұста
да Аксиньяның күиеуінен суынып, Григорийге маздаған
сезіміш «Әйелдің кешіккен махаббаты гүлдей шешек атпай,
жол бойының шірік жусанындай өсіп, дамый берді» [53, 54
.] деп суреттеген сәттерге (түпнұсқада: «Не лазоревым алым
цветком, а собачьей бесилой, дурнопьяном придорожным
цветет поздняя бабья любовь») махаббатты «дамый берді»
дегені несі екен десек деген шығармыз, бірақ әлгіндей
соилемненкейшкітаптыжауыптастамағанымызрас.Сонымен
оірге талай адамның кезінде татымсыз тәржімеленген
Пушкин томдарын ақтарып-ақтарып келіп: «Бұл Пушкинді
42
несіне сонша дәріптейді екен? Мұндай өлеңдерді баска
ақындар дажаза алады гой?..», деп аңтарылып, кітапты жауып
тастағаны да рас. Прозада таланттың терең ойы, оқиғаларды
киюластыру шеберлігі, кейіпкерлердің ұмытылмастай мінез
бітімі, сөз саптауы бойды билеп, еліктіріп алып кететіні бар,
ал поэзияда олай емес: нашар аударылған өлең оқылмайды.
Орыс әдебиеттанушыларының элі күнге бізде орыс Гюгосы
жоқ, жекелеген аудармаларын есепке алмасақ орысша Гете
лирикасы да жоқ деп қиналатындары сондықтан.
1.3.2.
Тәржіменің төл әдебиетке әсері. 1970 жылы қазақ
елінің рухани өмірінде елеулі оқиға болды — «Алдаспан»
атты керемет кітап жарық көрді. Мұхтар Мағауиннің
мұның алдында шыққан «Қобыз сарынындағы» жаңапық
енді жыраулық поэзия антологиясымен тиянақтала түсті.
Қосымша мұқабаның форзацқа бүктелетін жеріне екі
өлең басылған, бірі - Асан Қайғынікі, екіншісі - Бұқар
жыраудікі. Мрвдай орынға кітаптағы ең елеулі шығарма
немесе солардан үзінді берілетіні белгілі. Соның алғашқысы
мынандай:
Таза, мінсіз асыл тас —
Су түбінде жатады.
Таза, мінсіз асыл сөз
Ой түбіыде жатады.
Су түбінде жатқан тас,
Жел толқытса шығады.
Ой түбінде жатқан сөз,
Шер толқытса шығады.
(Асан Қайгы).
Қадым заман тереңінен жеткен осынау даналық жыр
жөнінде шабыттана ой толғаган әдебиетші аз емес бізде.
Оны тауып, жариялаган Мұхтар Магауинге де, антология
құрастырушысына айтып берген (кітаптың түсіндірмесінде
солай жазылган) Ілияс Есенберлинге де алгысымыз
алабөтен еді. Арада жылдар өтті. Қайта кұру деген бір кезең
бастагтып кетті. Жылжып жариялылық жетті. Алаштың
арыстары ақтала бастады. Алдыңгылардың қатарында Ахаң
— Ахмет Байтұрсынов ақталды. 1989 жылы Ахацның кітабы
да шықты. Қарасақ - осы өлең сол кітапта жүр! Басына
«Ю.Жадовскаядан» деп жазып қойыпты. Бар айырмасы:
43
бірінші жол - «Мінсіз таза меруерт», үшінші жол - «Мінсіз
таза асыл соз», бесінші жол - «Су түбінде жатқан зат».
Иә, қазақ жырының қымбат қазынасына қосылған,
көбіміз (Ахаңның кітаптарын кезінде көріп қалган аз гана
зиялы қауым окілдерінен басқалары, мысалы, академик
С.Қирабаев бұл өлеңнің Ахаң жасаған аударма екенін
кезінде антология құрастырушыға айтыпты да) Асан Қайғы
атамыздың сөзі екеніне титтей де күмэн келтірмей келген
бұл жолдар — Ахмет Байтүрсыновтың он тоғызыншы
гасырда өмір сүрген орыс ақыны Юлия Жадовскаядан
жасаган аудармасы... Сенбесеңіз, қараңыз,
Н.Байганина
«Университетское переводоведение» атты жинақтагы [54,
51-59 б.] мақаласында Ю.Жадовскаяның өзіміз түпнұсқасын
іздеп жүрген өлеңін 1958 жылы сонау Ярославльде [55]
жарық корген жерінен тауып алып келтіріпті. Ол кітапты
біз Мәскеуге 2005 жылы барганда кездестірдік. Түпнұсқа
мынандай:
,,
Лучший перл таится
В глубине морской;
Зреет мысль святая
В глубине души.
Надо сильно буре
Море взволновать,
Чтоб оно, в бореньи,
Выбросило перл!
Надо сильно чувству
Душу потрясти,
Чтоб она, в восторге,
Выразила мысль.
Эрине, бұл алдымен «Алдаспанда», кейіннен «Бес гасыр
жырлайдының» алгашқы басылымында Асан Қайгы созі
деп жарияланып келген олеңнің түпнұсқасы екендігі талас
тудырмайды. Ахмет Байтұрсынов түпнұсқадагы жекелеген
сөздерді қазақ ұгымына бейімдеп (мысалы, Атыраудан
басқа жерде тулаган теңіз коре қоймайтын қазаққа «теңіздің
тереңінде» дегеннен гөрі «су түбінде» дегенұгым жақынырақ)
алып келген, олеңці барынша ширатып, жұмырлап, афористік
аишыққа жеткізген. Аударманьщ мінсіздігі, сөз саптауының
қазақылыгы сондай, 1970 жылы Ахмет Байтұрсынов
аудармасын бэрібір бастыра алмайтынын білген Мұхтар
44
Mai ауин Асан Қайғы бабамызға басыбайлы етіп бергенде
күмәи келтірген ешкім болған жоқ.
Осы бір мысалдың өзі тамаша тэржімеленген туынды
ұлггық сөз өнеріне қандайлық табиғи кірігіп кететініне
даусыз Дәлел. Бұл эрі ауцарманың керемет мүмкіндігіне де
нақты аиғақ.
Аудармашылық
өнердің
төл
әдебиетке
эсері
болатындығына ешқандай күмэн келтірудің жөні жоқ.
нев
кезінде
грузин
поэзиясының
Заболоцкий
өлеңдеріне ықпалы деген мәселені зерттемей жүрміз деп
жазган еді [56]. Тэржіме арқылы бір эдебиет бір эдебиетке
не бере алады дегенде көбіне орыс эдебиетінің, бұрынгы
сөз саіггауга салып сойлесек, үлт әдебиеттеріне ықпалын
лсі
ишде, өзге тілдерден аудара жүріп, өзіне де
талаи паида тапқан, тіпті өлең өлшеміне жаңа түр енгізген
ақындар орыстарда да баршылық. Өзбек ақыны Мукимидің
әдіптеме ұиқаспен жазылган олеңдерін аудара-аудара келіп,
Николаи Ушаков өзі де мынандай жыр төгілткен:
Вот вы и встретились под ивой
после войны,
Под ивой тихой терпеливой
после войны.
Друг друга вы узнали сразу
после войны.
К чему слова, к чему все фразы
после войны?
Рукопожатья молчаливы
после войны.
Ах эти ивы, ивы, ивы
после войны.
Тамаша емес пе? Л.Мкртчян осы мысалды келтіріп,
«гедиф орыс поэзиясында орныга бастады» Г57 10261 леп
қуанажазады.
*J’ А
кезінде Юлиан Тувим өлеңдерін
аударды. Бір тұсының орысшасы былай:
Трава! Трава по колена,
Давай охватим друг друга,
Чтоб в мыслях не было больше
Ни меня и ни луга.
45
Чтоб я цветами, корнями,
Срастался, они же - со мною,
Чтоб никогда между нами
Слова не встали стеною.
Чтобы мы лишь единым звались
Именем неделимым:
Или оба - травою,
Или оба Тувимом.
Мұның қазақшасы былай келтірілген:
Ay, көкмайса, көкмайса.
Аңсап келдім құшақ аш, -
Болармыз —
өзге, көп болса,
Саган да, маған ұсамас.
Тамырымыз, гүліміз
Аралассын, қабыссын.
Бөлек өткен күніміз
Бөлінбестей табыссын.
Айта жүрер көп болса,
Сұрағандар «бұ кім?» деп, -
Екеуі де —
көкмайса,
Екеуі де Тувим! - деп.
Бұл арада аударма сапасына тоқталғалы тұрған
жоқпыз. Айтпағымыз - әлем әдебиетіндегі үздік үлгілердің
аудармамен айналысатын, өнегелі олеңдерден озіне де өрім
алып кететін айрықша ақындарга жасайтын, дүрысырағы
- жасай алатын ықпалы.
Қайың боп мен де бағайын,
Орманнан орным табайын.
Беймәлім маган өмірге,
Қайың көзімен қарайын...
Өмірге өмір жалғасып,
Анамыз жерге жармасып,
Бірде адам, бірде қайың боп,
Сүрейік өмір алмасып...
46
Г;увимде де, Мақатаевта да мотив біреу. Соған қарамай
екеуі екі басқа жыр.
’
Рас,
кезінде
ұлы
ақындар
шығармашылығының
басқа ақындарға әсерін тым қарабайырлатып, оңайлатып
түсіндіріп те жүрдік, оған қимыл-қозғалысыңның бэріне
орьіс әдебиетінің
игі ықпалы тимесе болмайтындай
сөйлететін саясаттың да әсері бар еді. Мысалы, «Пушкинді
Абай арқылы Жамбыл да қабыл алды. Ол қазақша аудармалар
арқылы
«Руслан
мен
Людмиланы»,
«Сығандарды»,
«Кавказ түтқынын», «Сібірге хатты», «Еркіндік» одасын
тыңдады. Мұның бэрі Жамбылдың жаңа бейнелерді өз
бойына сіңіруіне септігін тигізді» [58, 17 б.] деген сияқты
пайымдаулар сол саясаттың салқыны. Жамбыл атты
феноменнің жөні басқалау. Қазақ жырының қара қазанында
қайнаған Жамбылдың дүниежүзілік даңқы дала жерінде
ышшсш емір жағдаиында ұлы мәдениет жасалуы үшін өзге
мэдениеттің тікелей ықпал етуі міндетті шарт еместігін,
халқымыз өзінің рухани талап-тілегін қанағаттандыратын,5
сұлулыққа
сұранысын
сусындататын
қайнарды
өз
бойынан түгелімен таба білгенін, яғни. опысша айткянття
«самодостаточная культура» жасай алғанын дәлелдейді.
Бейнелі түрде айтар болсақ, аудармашы еңбегін
жетіден бір бөлігі гана судың бетіне шығып тұратын
мұхиттағы айсбергке теңей алар едік. Аудармашының
білімі, ой-өрісінің
кеңдігі, тэржімелейтін авторының
шығармашылығымен жақсы таныстығы, сол ел, сол заман
туралы пайым-түеіиіп... - осылардың бэрі оқырманға
көрінбей тұратын, бірақ бэрібір сезілмей қоймайтын
нәрселер.
Талантгы оқырман ғана талантты аудармашы бола
алады.
Белгілі
бір
дәрежеде
ауцармашыға
актердің
кейіпкержандылығы да керек. Ол аударма барысында
аударатын авторына айналып кетуге тура келеді. Корней
Чуковскийдің кітабында Достоевскийдің Пушкин туралы
атақты сөзінде ақынның «өзге ұлттар данышпандарына»
айналып
кету
қасиеті
туралы
айтқанда
оның төл
туындыларын ғана емес, аудармаларын да ойға алғаны
ескертілген. Осы пікіріне кошер тұста автор аударманьщ
үлкен шеберлері ғана озінің эго-сын еңсеріп, аударатын
авторына айналмақ деген ойын ортаға салган [59,40 б.].
Аудармашының өзі аударатын авторга құрметпен
қарауы орынды, алайда құлай берілуі тіпті де шарт емес.
47
«Стилі жағынан да, сенш-нанымы жагынан да, жан-күш
жағынан да өзіне соншама жақын келмейтін өзге тілді
жазушыларды аударуға тек кәнігі шеберлер, мәдениеті
жоғары,
талғамы
нэзік,
сарабдал
суреткерлер
ғана
кіріседі. Мұндай сөз зергерлерінің сирек кездесетін бір
қасиеті бар: олар өздері аудармада қайта туындатуга тиіс
шығармашылық тұлғаны бедерлі таныту үшін өздерінің
жеке басының жан ауанын, көңіл-күйін, талгамын тежей
біледі», дейді Корней Чуковский [59,41 б.].
Кезінде
«Қазақ әдебиетінде»
(1958,
17
қаңтар)
«Аударма мәдениетін көтере берейію> деген есеп-мақала
жарияланған. Жазушылар одагында өткен көркем аударма
мәселесіне арналған жиын жөнінде әңгімеленетін мақаланың
бір тұсында Хамит Ерғалиевтің сөзіне байланысты:
«Поэзияны аударудың мэселелері жөнінде кейбір орынды
ойлар айта тұрса да, ол: «Абай аудармасы поэзияны
аударудың үлгісі бола алмайды» деп жаңсақ пікір айтып
қалды», делінген. Біз ақын ол сөзді Абайдың аудармадағы
әдіс-тәсілдері бүгінгі аударманың бұлжытпай ұстанатын
нормалары ретінде қаралуы шарт емес деген тұрғыда айтқан
шығар деп шамалаймыз. Мәселеге осы тұргыдан қарасақ,
аударма нормалары уақьітқа сай, оқырман талабына сай
озгеріп отыратынын, өзгеріп отыруғатиіс екенін мойындауға
туракеледі.
..
4
т т Ь
Аударманың халықаралық саясатқа, елдің оз ішіндегі
саяси ахуалға қатысты қарқын алып немесе бәсең тартып
жататын кезеңдері де коп. XIX ғасырдың аяқ шенінде
армян тіліне болгар жазушыларының шыгармалары коп
аударылыпты. Себебі түсінікті. Л.Каравелов, З.Стоянов,
И.Базов сынды болгар жазушыларының түрік езгісіне
қарсы ұлттық көтерілістер туралы шыгармаларын аудару
армян халқын азаттық жолындагы күреске шақыруга тиіс
еді. К.Джингозянның жазуына қараганда, Л.Каравеловтің
«Басқаның бейітінің басында коз жасын төкпей жылайды»
атгы повесінің аудармасында адам есімдері мен жер аттары
эдейі армяндандырылган екен. Соның арқасында повеете
суреттелген оқигаларды армян баспасозі «түріктер езгіге
салган армян кедейлерінің омірінен алынган» шыгарма деп
багалапты.
Аударма — уақытқа тәуелді онер. Барлық замандарга
бірдей жарай беретін аударманы ешкім де жасай алмауы
мүмкін. Орыс әдебиетшілері Н.Заболоцкийдің классикалық
48
аудармасын - «Жолбарыс тонды жиһанкезді» мақтағанда
орыс іілі өзгергенше енді ешкім бұл поэманы қайта
аударуға тәуекел ете қоймас десіп жатады. Бұл - керемет
баға. Ал егер уақыт ауанына орай тіл өзгеріп жатса ше?..
Онда сол өзгерген тілге лайық жаңа аударма жасалуы да
әбден мүмкін болар? Сондықтан да әр дэуір оз аудармасын
талап етеді делінеді. Түпнүсқа ғана ескірмеуі мүмкін.
Ю.Левин «Национальная литература и перевод» деген
мақаласында [30] А.Лейтестің «Художественный перевод
как явление родной литературы» атты мақаласындағы
негізгі тезисті былайша дамытады: «Мысал үшін орыс совет
эдебиетінің тарихын алып қарайықшы. Дэстүр бойынша ол,
басқа да ұлтық эдебиеттер секілді, былайша баяндалады.
Орыс совет жазушыларының творчестволық қызметі,
олардың шығармалары, олар шешкен мэселелер, олардың
туындыларының қандай үндестікке ие болғаны, тагы сол
секілді жайлар талданады. Бұл енді «өндірушілердің»
козімен қарағанда солай екені анық. Ал егер мэселеге
«тұтынушылардың» тұрғысынан келіп қарасақ қайтер еді?
Орыс совет окырманы солармен бір қатарда өзінің ана
тілінде, қадап айтамыз - өзінің ана тілінде Ролланды да,
Барбюсті де, Манндарды да, Хемингуэйді де, Фейхтвангерді
де, Ремаркты да, Чапекті де, Фолкнерді де, Тагорды
да, Стейнбекті де, Сент-Экзюпериді де, көптеген басқа
қаламгерлерді де оқиды, оларды да тап солардай қабылдайды
ғой. Біздің отандастарымыз болып табылатын осынау
жазушылармен қатар олар да аударма арқылы «халықтық
сана-сезімді орнықтыруға, санаткерлік пен эстетикалық
көзқарасты дамытуға маңызды үлес қосады». Ал Роллан,
Хемингуэй немесе Брехт сияқты алыптар бұл іске кейбір
совет жазушыларынан гөрі көбірек үлес қосатынына
келісерсіздер. Әйтпесе «Гамлетті» алайық, ол туындының
XIX ғасырдағы орыс әдебиетіне аудармалар арқылы жасаған
әсерінің маңызы қайбір тұрғыдан алып қарағанда тіпті
«Евгений Онегиннен» де кем түспейтіндей болған».
Бұл өте қызғылықты тезис. Дэл осы жайды біздің
қазақ эдебиетінен де, жалпы кез-келген ұлттық эдебиеттен
де байқауға болады. Қазақ каламгерлері де, эрине, қазақ
оқырмандары да өзі қолға қалам алған шақта да, қолға
кітап ұстаган шақга да мынау аударма, мынау түпнүсқа деп
бөліп жатпайды, жанына не жақын келсе соны оқи береді,
тіпті аудармасы алақол болып келді деген күннің өзінде
4-2915
49
шыгарманың өн ооиындағы классикалық қуат кернеп бара
жататындықтан көңілдегідей тэржімеленбеген кітаптарға
да құштарлығын онша кеміте қоймайды. Мүның алдымен
проза кітаптарына қатысты екенін жоғарьща айттық. Әсіресе
ауылдан шыққан, күні кешеге дейін қазақ қаламгерлерінің
барлығы дерлік тек қана ауылдан шығып кедді ғой,
сан түрлі себептерге байланысты орысша кітаптарды
түпнұсқадан оқу мүмкіндігіне не бола алмаған (бұл арада
олардың орысшаны еркін меңгере қоймауына қоса ауыл
дүкендерінде орыс тіліндегі кітаптардың тапшылығын
да аиту жон), талапкерлердің сөз өнерінің үздік үлгілерін
алдымен аударма арқылы танып-білгені тегін емес.
§ Төлтума мен телтуманың арасы біте қайнасьш кететін
жаилар поэзияда тіпті жиі ұшырасады. Ю.Левиннің:
«Тредиаковскийдщ
«Телемахқдасын»,
Сумароковгың
«1 амлетш», Поптың «Илиадасын» қай қатарға апарып
қоярсыз?» деп қиналатын жері бар. Мұндай жайлар біздің
үлттық сөз өнерімізден де табылады.
Қалай дегенде де аудармашы өз тіліндегі оқырман
Үшш жазады. Ол ұлттық өлең мектебінде тэрбие алған
оқырманның түсінік-пайымын, таным деңгейін, талғамын
қшіыптасқан
дэстүрлерді
ескермей
отыра
алмайды’
Аоаидың өз тұсындағы окьтмян
мысал
талғамымен
ретінде Мұратбек Бөжеевтің: «Пушкин берген
| Щ
дэл айтып беруді мақұл коргенге ұқсайды.
Бірақ Абай XII шумақгың:
«Но вы, блаженные мужья,
С ним остались вы, друзья;
Его ласкал супруг лукавый
Фобласа давний ученик», -
деген
жолдарын
әдейі
аудармағанға
ұқсайды
Онегиннщ Фобластың шэкірті екендігі Абайға ұнамаған
шығар. Пушкин Онегиннің эйелшіл адам екендігін
кеиде оз жолдастарының әйелдеріне де коз сала жүретін
аман емес
усяк
міір
? К6ТеД1'
Онегиннің бұл сыяқгы келісімсіз
Абяй n t
- қазымыРлаи айтып жатуды артық көрген.
Онегиннщ үеақ мінездерінен гөрі оның тәущ
ІІВШ1 салган ВЯШ ІІ
дегенін аіһуга болады
Мұндагы Фоблас | Луве де Кувренің «Сері Фобласіъщ
50
бастьн кешкендері» романының бас кейіпкері. Абайдың
Лермонтовтың «Не верь себе» деген өлеңін аударган тұста
шыгарма түйініндегі «... Как разрумяненный трагический
актер, махающий мечом картонным» деген жолдарды да
орынды тастап кеткеніне кезінде Мырзабек Дүйсенов
назар аударган. Расында да, театры жоқ даланың оқырманы
мұндаи оораздарды жатсынып тұрары анық еді, тіпті
түсінбеуі де мүмкін болатын [61,12 б.].
Сонымен қатар біздің оқырман осындайга үйренген,
анандай олең оган богделік етеді, ойына орныга қалмайды,
құлагына қона кетпейді деген ұстаныммен аударылатын
шыгарманы эдейі оңайлату, қолдан қазақыландыру да жөнсіз
екендігі даусыз.
Аудармашы өз оқырманының талгамын жаңа орістерге
тартып жатса, күнес биіктерге көтеріп жатса ганибеттің
ганибеті. Әрине, бұл қиынның қиыны. Өзге тілдегі үздік
үлгіні қолга алган ақын оз оқырманының эстетикалық
тұргыдан қабылдампаздыгын тәрбиелеуді де дэйім есте
ұстаганы, озге үлттық мәдениеттердің олең онеріндегі қүнды
қасиеттердің қыр-сырын ашу арқылы сол тілдердегі олең
орімдерінен озімізге де өнеге болатындай орнектер тауып
жатқаны абзал. Қайрат Жүмагалиевтің «Дархан дэстүр
жемісі» атты мақаласында: «Заманы болек, тілі басқа, туган
топырагы тосын, үгымы шалгай, салт-сана, дэстүрі эр алуан
ақындарды ана тілімізде сойлету асқан білімдарлықгы,
даңгайыр диапазонды, дархан да дара дарын иесі болуды,
сондай-ақ, өлеңдік форманың эрқандай қүбылысын, қисап-
сыз қыры мен сырын кең меңгерген виртуоз болуды талап
етері хақ», дейтіні содан. Қазір өзі кез келген сөзді аударып
ала коямыз гой, бірақ, осы арада «виртуоз» сөзі орнында
түрган сияқты.
Абайдын «Соз түзелді, тыңдаушы, сен де түзелін»
аудармага да қатысты айтудың реті бар. Тэржіменің
қалай шыгуы аудармашының озіне гана байланысты
болса бэрі де әлдеқайда оңайланып кетер еді. Кез келген
онер туындысының, соның ішінде өлең-жырдың да
багасы, дэлірек айтқанда, оның оқырманга эсер етуі сол
туындыны кімнің, қалай оқуына да қатысты. Оқырман
талгамы аударманьщ сипатына, сапасына эсер ететін басты
факторлардың бірі дегенде біз аударма туралы түсініктің,
оган қойылар талаптардың дұрыс қалыптасуы өзге тілде
қайта туган дүниенің жүртшылық тарапынан қабылдануына
51
шешуші ықпал жасайтынын да еске аламыз. Өйткені, қалай
болғанда да, әдеби шығарманың бағасы заманга, уақытқа,
қалыптасқан жағдайга, ортаға орай өзгеріп отыратындыгы’
даусыз. Абсолютті ақиқат жалпы өмірде болмайды десек ол
өнер әлемінде тіпті де болмайды.
1.3.3.
Төлтума мен телтума. Бэрін де теориямен
түсіндірудщ сэті түсе берсе, эдебиет әлдеқашан-ақ жұртты
жалықтырып жіберер еді. Оның ғажаптыгы да сонда
— қағидалардың қасаң қалыбына сыймайтындығында.
Зерттеудщ он бойында жалпы бір тілден екінші тілге аудару
мүмюн бе езі дегеннен бастап, коркем шығарма аударыла
ма, соның ішінде өлевді аударуға бола ма, аударылса
түпнүсқаға теңдес етіп шығаруға бола ма деген түргыда
нешетүрлі пікірлерді келтіре жатармыз. Солардың көбі
олең аудармасы эрі кетсе түпнүсқаға жақындай алады, өте-
моте жақындай алады, тіпті деңгейлес шыгатындары да
оолады дегенге саяды. Ал дұрысында олең аудармасында
түпнүсқадан асып түсу кездеседі эрі проза аудармасынан
гөрі көоірек кездеседі.
«Лермонтовтың «Қараңғы түнде тау қалғыбы» Гете
нүсқасынан озық. Бүл міне ешқандай ережеге сыймас
ерекше жағдай», деген еді Николай Заболоцкий. Біз де Абай
аударган нұсқа Лермонтов нұсқасынан артық деп білеміз.
Ьүған сәл кейінірек тоқталармыз.
ВIШукшиннің «Қызыл бүрген» фильмінде түрмедегі
рецидивистер хоры айтатын «Вечерний звон» эні бар'
«Вечерний звон, вечерний звон! /Как много дум наводит
он...» деп өзегіңді үзе жаздайды. Сол эн ирланд акыны
іомас Мур өлещнің аудармасы екен... Қалай таң қалмассыз?
Кэдімгі орыстың халық әніндей. Ирландияның озінде
Мурдың сол өлеңін қазір білсе, тек эдебиетшілер білетін
шыгар.
Телтума толтумадан қалай озады? Мүның себебі коп.
іаза өлең техникасы тұрғысынан қойылатын талаптар
ооиынша да артықшылықтары табылуы мүмкін.
Маршактың Бернстен аударган мына бір шумагын
У которых есть, что есть, - те подчас не могут есть,
А другие могут есть, да сидят без хлеба.
А у нас тут есть, что есть, да при этом есть, чем есть,
Значит, нам благодарить остается небо!
52
Ағылшын тілінде мұндай омонимдер жоқ көрінеді.
Сонан да орысша аударма түпнұсқадан озық тұр деп
саналады. Әлгі ұгымдарга сай келетін омонимдер қазақшада
да жоқ. Қазақшасының олқылау түсуі де заңды.
Шығармашылық ізденіспен жасалған ауцарма төл
әдебиетті байытатынын зерттеуце талай айтуға тура
келер. Өзіңнің ана тіліңнің көркемдік құралдары арқылы
атқарылатын осынау шығармашылық үрдісі — өзге тілдегі
рухани байлықты игеру, бойга сіңіру үрдісі. Ал игерген
қазына, бойға сіңірген рухани байлық бірте-бірте өзіңе
бұйыра беретін болады. Орыс тіліне аударылған әлем
әдебиетінің жауһар туындыларын оқып отырғанда да
соның түпнұсқа немесе аударма екеніне онша коңіл қойып
жатпайтьшымыз рас. Өйткені, орыс аударма мектебінің
ұлылығы сонда, ол тілде сойлеген шетел авторлары
шығармаларының бэрі дерлік эу бастан қағазға орысша
түскендей көрініп тұрады. Мұны қазақ тіліндегі аудармалар
жөнінде айту қиынырақ.
Аудармашылардың талайы-ақ шынтуайтында өздері
жазғысы келген, бірақ өзіне дейін басқа ақын жазып
қойғандықтан аударудан басқа амалы қалмаған өлеңдерді
қолға алады деген пікір бар. Арсений Тарковский
ауцармашылық қызметіңіз өз өлеңдеріңізді жазуға кедергі
келтірмей ме деп сұрайтындарға: «Бабы келіскен жағдайда
аудармашы өзшіңқалауына,ои-сезімдеріне,озшщуақытының
талабына сай түпнұсқаны тэржімелейді. Мұндайда аударма
нагыз поэзия болып шығады», дейді екен. Мұндай ойға
Лермонтов аудармаларын талдау арқылы А.В.Федоров та
тоқтаған: «Аударма адамның өз мінезінен табиғи туындаған,
кейде тіпті лирикалық күнделіктің орнын толтыратындай
өлеңдер тізбегіндегі қажетті буынның біріне айналып
кетеді» [62,252 б.]. Бұл тезисті автор Лермонтовтың Гетеден
аударган «Горные вершины...» аудармасымен тиянактайды.
А.Гитовичтің пікірі де осыган саяды: «Мен мынаган кэміл
сенемін: Лермонтовтың «Горные вершины спят во тьме
ночной» өлеңі әрбір орыс ақынының, мейлі ол Маяковский
немесе Пастернак, мейлі ол Твардовский немесе Заболоцкий
болсын,
қай-қайсысының
да
бала
күнінен,
мектеп
орындыгынан бері жасоспірімнің элі тап-таза, табигаттай
тұп-тұнық құлагына құйылып, жүрегінде жатталган.
Бізге ешкім де ол кезде бүл Гете өлеңінің аудармасы де-
генді айтқан емес. Айтса да бізге бэрібір еді. Бұл жырлар
53
бізге орыс поэзиясының шыңы болып көрінді — мұның өзі
қасиетті шындық», деп жазады [63, 375 б.]. Мұндай ойды
дәл сол өлеңді қазақ даласына жеткізген Абайға қатысты
да айта аламыз. Жалпы, Абайдың қай аудармасында да
төлтумалық сипат басым. Ғаббас Жүмабаевты тыңдап
көрейік:
«Жалғыз жалау жалтылдап
Тұманды теңіз өрінде.
Жат жерде жүр не тыңдап?
Несі бар туған жерінде?
Кэне, осы шумақіы аударма деп кім айтады? Жоқ!
Бұл аударма емес, қазақтың төл өлеңі, жастайымыздан
қанымызға сіңіп, жанымыз ұнатқан өлең. Бұл өлеңде
Лермонтов қазақша сөйлеп тұр. Қазақша болғанда да екшелеп,
қоқысынан ада болған саф алтындай, нағыз қазақ тілінің
жүрекке жата қалатындай ең салмақты, ең күшті сөздерімен
сөйлеп тұр. Осының қазақ өлеңі екеніне шэк келтірсеңіз, кәрі
демей, жас демей, кез келген адамнан сұраңызшы. Олардың
біреуі: «Бұл - Лермонтовтың өлеңі», десе; екіншісі: «Бұл
Аоаидікі», дейді; ал үшіншісі: «Халық өлеңі ғой, баяғыдан
келе жатқан», деп риясыз жауап береді. «Татьянаньщ
эніндеи», бұл да өнер сүйгіш қазақ топьфағына етене сіңісіп
кеткен өлеңдердің бірі. Абай аудармаларының бэрі де қазақ
жүрегше жол тауып, ұлттық лириканың алтын қорына
қосылып кеткен. Өзінің қолтумасы
қайсысы, өзгеден
аударғаны қайсысы, бірден айыра алмай қаласың. Абай
аудармаларыньщ құдіретгілігі де осьшда» [64].
Сан түрлі себептерге байланысты авторлардың өз
туындыларын
аударма
есебшде
ұсынатын
жайлары
да кездеседі. Пушкин өзінің «Сараң серісін» эу баста
Ченстон деген бір ағылшын авторы трагикомедиясынан
тэржіме деп
жариялатқан. Д.Благой осы шығармаға
жазған түсшігінде мұны ақынның экесі С.Л.Пушкинмен
қилы-қилы қарым-қатынастарымен байланыстьфатындар
таоылуы мүмкін екенін ескеріп жасаған дейді [65, 492 6.1.
Сергей Львовичтің елде жоқ сараң болғаны баршага белгілі.
Михаил Светлов өзінің үлкен цикл өлеңдерін армян ақыны
А.Мкрчьянцтщ өлеңдерінен аударма деп ұсынған. Өзіміздің
Павел Васильевтің «Мүқан Башметовтің өлеңдері» деген
«аудармалары» да мэлім. Қазақта өлеңін Павел Васильев
аудара қоятындай ондай ақын болмағаны тағы мэлім.
54
|