2. ТӘРЖІМЕНІҢ ТАРИХЫ
МЕН ТӘЖІРИБЕСІ
2.1. Коркем аударманьщ алғаш қы үлгілері
2.1.1.
Бабылдан бері басталған. Көркем аударманьщ
тарихы мэселелері кейінгі кезде әдебиетгану еңбектерінде
жүиелі қамтылып жүр. Аударматану аталатын жаңа
ғьшымның бұл саласында эсіресе қазақ эдебиетшілері,
тшшілері үшін атқарар шаруа қыруар.
Аударма қашаннан бері бар? Тэуратты тыңдап
отырсаңыз, Жаратқан Ие Бабыл мұнарасын қиратқаннан бері
бар. Әу баста жер бетінде жалғыз тіл болған екен. Адамдар
Вавилон деген жерде бас біріктіріп, сонау көкке дейін жететін
ғажайып мұнара тұрғызбаққа ниет етіпті дейді. Ондағы
оилары жеті қат аспанға көтеріліп, Құдайдың өзімен тілдесу
корінеді. Жаңагы мұнара күннен күнге көкке өрлеп, биіктеп
бара жатқан соң Қүдай ойға қалады. Бүл адамдар бүйте берсе
не болмақ? Қүдайдың құдіреті деген қайда қалады? Сөйтеді
де адамдардың бәрінің тілін араластырып-қүраластырып,
бытыстырып жібереді. Құрылысшылар енді бір-бірін
түсінуцен қалады, ақыры Бабыл мүнарасы бітпей қалады.
«Вавилонское столпотворение» ұғымы солай шыққан.
Қытайда бес мың жылдай бүрын, Еуропа елдерінде
кемінде екі жарым-үш мың жылдай бұрын аударма
жасалганы анық. Т.Сейворидің: «Тәржіменің тарихы -
төлтума шығармашылықтың тарихындай терең, әдебиетгің
кез келген басқа саласындай құрметті де күрделі тарих»,
Деген созі [88, 15 б.] эділ. А.Лейтестің айтуынша, ауызша
жэне жазбаша аударма қүлиеленушілік қоғамның озінде-ақ
пайда болтан. Ең әуелгі жазбаша аударма қүжаттары әскери
және діни, дипломатиялық және коммерциялық, заңдылық
жэне экімшілік мэтіндері еді. Адам баласының алгашқы
аударган мәтіндері Месопотамия (Қосөзен) алқабындагы
қалалардан табылган. Н.К.Гарбовскийдің кітабындагы I- бо-
лімнің кіріспесі [89, 15 б.] «Тотықұстың даңқы артсын!»
деп аталады. Соган қарап отырсаңыз, коне Карфагенде
тәржімешілер кэдімгідей каста күйінде ерекшеленген екен.
77
Олар басын тықыр етіп қырғызып, таңба салғызып тастайтын
болған: бірнеше тілден аудара алатындар қанатын кең жайган
тотықұстың суретін салады, бір-ақ тілден аударатындардың
тотықұсы қанатын жиып тұрады.
Ауцарма тарихындағы ерекше маңызды кезең — ұлы
географиялық жаңа жер ашулар мен XVI ғасырдан бері
әлемдік рыноктың қалыптасуы. Оның себебі де белгілі:
кэдімгі практицизм. Жаңа ашылған жерлерді игеру үшін
халқымен сөилесу керек, аиналадағы, алыстағы
іуда-саттық жасау үшін де тіл білмесе болмайды.
Ёжелгі
тұрган көне Грекия даналарынан
ол кезде мұның өзі таза лингвистикалық қарым-қатынас
аясынан асып, белгілі бір дәрежеде идеологиялық сипатқа
ауысқаи-ды. Римнің атақты шешені Цицерониың Цицерон
болып қалыптасуына оның Грекияның сұңғыла сөзуары
Демосфеннеи аударма жасағаны коп эсер еткен деседі.
«Коне уағызды» ежелгі еврей тілінен латыншаға түсірген
Симах деген кісі менің мақсатым Цицеронша аудару, ягии ,
«сөзді созге емес, ойды ойға» ауыстыру дейді екен. Жалпы,
орта ғасырларда Христос дінін тарату аударма ісін өте-мөте
өркендете түскеиіи атап отпеске болмайды/2 8,8/. Тэураттың
Европа халықтарының тіліне ауцарылғаны ол халықтардың
әдеби тілін қалыптастыруда шешуші рөл атқарды. Сондай-
ақ, Қайта Өрлеу дэуірінің басты қозғаушы тетіктерінің бірі
де осы аударма. Антик әдебиеті сол кезенде шын құдіретін
танытып, автор атаулыны жаңа биікке, дұрысырақ айтсақ,
жаңадаи ашылған ескі биікке шақырғаи.
П.И.Копаневтің белгілеуі бойынша адамзаттың аударма
тарихын алғашқы немесе ежелгі кезең (құл иеленушілік
пен феодализм дәуірлері), екінші немесе ортаңғы кезең
(капиталдың алғашқы қордалануынан XVIII ғасырдағы
гылыми-техникалық революцияға дейінгі аралық), үшінші
немесе жаңа кезең (XVIII ғасырдың аягынан XIX ғасырдың
аяғына дейін) жэне ең соңғы төртінші немесе осы замангы
—
*
•
*
*
и
•
\
бүгінгі
дәуірінде
бүгінгі тілдік топтардың бірқатары қалыптаса бастаса керек.
«Илиададан» мың жылдан астам уақыт бұрын дүниеге
келген Гильгамеш туралы шумер эпосы кейінірек вавилон,
аккад, хуррит, хет тілдерінде де тараған. Біз сөз ететін поэзия
аудармасының алғашқы үлгілері қатарында сол Гильгамеш
туралы аңыз атала алатын шығар, бэлкім. Иерусалимдегі
78
Пелопонес согысы заманынан Тэуратта көне еврей тілінен
арамеи тіліне тікелей аударып тұрған тэржімеші аты
қалды. Б.д.д. 2040 жылы Ливий Андроник «Одиссеяны»
латын тіліне өлеңмен аударган. Сол дәуірден Квинтилианның,
Цицеронның, Катулл мен Кіші Плинийдің аудармалары
белгілі.
Антик заманынан бері аударма оркениеттер
арасындагы алтын көпір болумен келеді. Рас, классикалық
грек әдебиеті (б.д.д. V—IV гасырлар) аударманы эуес
етпегенін ескерте кету керек. Мұның негізгі себебі -
олардың өздерінен басқа халықгардың бэрін «варварлар»
Деп қараған, сөйтіп бұлардың біз алатын епггеңе жоқ деп
санаган өркөкіректігі. Геродоттың жазуына қарағанда,
гректердің жаугершілік жорықтары тұсында да тілмаштар
қызметін грекше білетін өзге халықгар өкілдері атқарған.
Македониялық Александр дүниеден өтіп, ол құрған империя
тараганнан кейін эллинизм дэуірі басталды. Б.д.д. 300-
ші жылдың тұсында Александрия эллинизм орталығына
айналып, Еуропа мен Таяу жэне Орта
Шығысты,
Үндістанды байланыстырып түрған еді. VIII-IX ғасырларда
грек тілінен арабшаға аудару көбейген. «Араб-мұсылман
әлемінде аударма ісі мемлекеттік негізге қойылды», деп
жазады Л.Нелюбин мен Г.Хухуни 2006 жылы шыққан
«Наука о переводе» атты
кітапта. Ислам әлемі ірі
ойшылдарының еңбектері Еуропа тілдеріне аударылатыны
да сол тұс. П.Копанев: «Испаниядағы араб халифаты
кұлаған соң Толедоның кітап қазыналары еуропалық
галымдардың игілігіне айналды. Бір топ аудармашылар,
арасында Севильядан шыққан Иоганн да бар, исламның
атақтьі
ғалымдары
-
Авиценнаның,
әл-Фарабидің
негізгі шыгармаларын латын тіліне аударуға кірісті»
[17, 120 б.], деп жазады. Әл-Фараби бабамыздың өзінің
аудармашылық еңбегі жайында айтылған мәліметтер де
тиісті эдебиетте баршылық.
Еуропа ислам әлемі арқылы грек жазба жәдігерлеріне
қол жеткізген соң енді грек өркениетінің қазынасын игеру
дэуірі басталады. Сол тұстагы бүгінгі тілмен тэржіме
теориясы деп атарлық ой-толгамдардың бірқатарын біз
Рим республикасының идеологы - атақгы Цицероннан
табамыз. «Адамдардың аудармадагы адалдық деп жүргені
мэтінді бүлдіріп тынатын дәлдіктен басқа түк те емес.
Бір тілде әдемі үйлескен сөз құрылымының сұлулығын
аудармада сақгап қалу өте қиын. Егер мен сөзбе сөз
аударатын болсам, онда мұның сэтті бітуі қиын. Ал егер мен,
79
қажеттшік талап етіп, сөздердің ретін немесе сөздердің өзін
ауыстырсам онда аудармашы қызметінен алшақтап кетемін»
[17, 123 б.], деп жазады Цицерон. Бұл сөзден Цицерон
заманында аудармашы түпнұсқаны дэл түсіруге тиіс деп
танылғаны, сонымен бірге оның тілдердің лингвистикалық
тұрғыдан эртүрлі жүйеге жататынын білгені аңғарылып
тұр. Пірәдар Иероним Софрониктің (340 - 420) Тәуратқа
жасаған түсіндірмелері қасиетті кітаптың қадірін арттыра
түсті. Иероним аудармашы басқа тілдің өзгешелігін,
сұлулығын, күшін, ауанын, сөз саздылығын сақтауға тиіс
деп санаған. Ежелгі Русьтің тарихынан да тәржімеге орын
табылады. Н.Гарбовскийдің кітабында [89, 45 б.] мынандай
қызық дерек келтіріледі. 839 жьшы Византия императоры
Феофил император Людовик І-ге хат жолдайды, онда
былай дейді: «Послал он (т.е. византийский император) с
ними (византийскими послами) также несколько (людей),
которые говорили, что их зовут рос (Rhos), и которых, как
они говорили, царь их, по имени Хакан (Chacanus), отправил
к нему (византийскому императору) ради дружбы». Хакан
— қаған, біздің «хан» сөзіміз «қаганнан» шыққаны мэлім.
Сонда бүл өзі орыс патшасының есімі ме, элде даңқтамасы
— титулы ма?..
П.Копанев аударма тарихындагы екінші немесе орта
кезең капиталдың алгашқы қордалануы мен XVIII гасыр-
дагы
техникалық және
өнеркәсіптік
революцияның
жеңісіне дейінгі аралықты
қамтиды деп
көрсетеді.
Еуропа халықтары Қайта орлеу, Классицизм және Агарту
дэуірлерін откерген бүл кезендегі аударманың ауқымы
мен қарқыны қайран қалдырады. Еуропаның коне еврей,
коне грек, латын, араб тілдерінен аударылган діни жэне
зайырлы эдебиет шыгармаларына эбден қаныгатыны сол тұс.
Англияда Елизавета I билік қүрган заманның аударманың
алгашқы
алтын гасыры аталып жүргені коп жайды
аңгартады. Мұның негізгі себебі, эрине, баспа станогының
ойлап табылуы. Екінші кезеңде элі де еөзбе-сөз жэне
еркін аударма түрлері көп кездесті, сонымен бірге кәдімгі,
бүгінгі үгымдагы баламалы аудармага сэйкес келетін
тэржімелік туындылардыц да саны арта түсті. 1940 жылы
итальян гуманисі Леонардо Бруни Аретиноның «Дүрыс
аударма туралы» деген трактаты шыққан екен. Неміс Қайта
өрлеуінің үлы түлгасы Мартин Лютердің Библияны
аударуына бас аягы он торт жыл кеткен. Неміс тілінің жаңаша
80
жайнап, жарқырауы сол Тэурат тәржімесінен басталған
деп жазады білетін мамандар. Юджин Найда осы
аудармасында Лютер мынандай қағидаттар ұстанған дейді:
1. сөздердің ретін өзгерту; 2. модальдық етістіктер мен
сөздерді қолдану; 3. қажет жерінде сөздер мен фразаларды
біріктіретін байланыстырушы сөздерді пайдалану; 4. неміс
тілінде баламасы жоқ болса, грек жэне коне еврей реалия-
сөздерін алмай кету; 5. түпнұсқаның жекелеген сөздерін
аудару үшін тұтас фразаларды қолдану; 6. түпнұсқадагы
метафораға жатпайтын сөздердің орнына метафора алу;
7. семантикалық дэлдік пен мэтіндік вариацияларды мұқият
зерттеу. XVII ғасырдағы ағылшын ақыны, аудармашы
Дж.Драйден осы үлгіде аудармашьіның міндеті деп
мыналарды атаған: 1. ақын болу; 2. түпнүсқаның тілін де,
өзінің ана тілін де еркін білу; 3. түпнұсқа авторының өзіндік
ерекшеліктерін түсіну; 4. өз талантын түпнүсқа авторының
талантымен туыстастыру; 5. түпнұсқаның мағынасын
сақгау; 6. түпнүсқаның мағынасына зиян келтірмей,
оның тартымдылығын сақтау; 7. аудармадағы өлең өресін
төмендетпеу; 8. авторды бүгінгі ағылшын сөйлейтіндей
сөйлеуге мэжбүр ету; 9. шығарманың рухын жоғалтып
алмау үшін түпнұсқаның әрпіне тым қатып қалмау; 10.
түпнұсқаны жақсартамын деп жанталаспау. Эрине, осы
аитылғандардан жүиелі ғылыми тұжырымдама қүрала
қалмайтыны анық, дегенмен, өз уақытында мұндай
талаптардың зияны да болмағаны даусыз шығар. Бұл
кезеңдегі Англияның ойшылдары арасынан «Аударма
қағидаттары» (1790) атты трактат жазган А.Ф.Тейтлерді
атаймыз. Он сегізінші гасырдың ортасында бүл істе ерекше
жаңа ұстаным пайда болды - мінсіз аударма жасау мүмкін
нәрсе деп табылды. Тэржіме теориясының толыгуына
Ресей ақыны А.П.Сумароковтың қосқан үлесі де атап
өтуге түрарлық. «Посем скажу, какой похвален перевод:
имеет в слоге всяк различие народ. / Что очень хорошо на
языке французском, то может в точности быть скаредно
на русском. / Не мни, переводя, что склад в дворце готов;
творец дарует мысль, но не дарует слов», делінген оньщ
«Орыс тілі туралы эпистоласында». Автордьщ аудармашыга
ои сыилаитынын, сезім сыилаитынын, эсер сыилаитынын,
іамайтынын әркім-ақ элі де есте тұтса
артық емес. Негізінде, XVIII ғасырға дейін Ресей аударма
сапасы жөнінен Батыс Еуропа елдерінен көш кейін қалып
6-2915
81
қойған-ды. Ал сол заманда ерекше серпіліс жасағаны тагы
талассыз. О.Семенец пен А.Панасьевке айтқызсаңыз [90,
170 б.], тіпті, XVIII ғасырдағы Ресейдегі аударма ісі Батыс
Еуропа Қайта өрлеуімен қатар қоятындай мәдени құбылыс
болып шығады. Қалай дегенде де сол заманда орыс
аудармашыларының еңбегі арқасында орыс тілінің ажары
ашыла түскені анық. «Ең бастысы, орыс тілі жаңа деңгейге
көтерілді. Бұл істе аударманың да көмегі коп болатын», дейді
Н.Гарбовский [89, 53 б.].
¥лы Петрдің араласпаған саласы жоқ дейміз ғой,
жарықгық аудармаға байланысты да біраз айтып тастаған
екен. Бір пікірін келтірейік, өз заманының сөз саптауын
сақгау үшін сол күйінде алайық: «Для перевода книг зело
нужны переводчики, а особливо художественных, понеже
никакой переводчик, не имея того художества, о котором
переводит, перевести не может. Того ради зарание сие делать
надобно таким образом: которые умеют языки, а художеств
не умеют, тех отдавать учитца художествам, а которые умеют
художества, а языки не умеют, тех послать учитца языкам...»
[32, 7 б.].
Сол кезеңдерде аударма өнерінің принциптері туралы
неше түрлі
айтыс-тартыс жүргені мәлім. Мысалы,
француздардың
өзге тілдегі туындыларды аударганда
«нэзік жанды халқымыздың талгамын бұзады» деп өздеріне
жақпаган тұстардың бэрін тастап кете беретіні
немесе
жаңагыдай жерлерін жаңадан жазып шыгатыны бір қызық
жай. А.С.Пушкин «Мильтон жэне «Жогалган жұмақтың»
Шатобриан жасаган аудармасы жайында» деген мақаласында:
«Өткен гасырда жарық корген аударма кітаптардың арасында
«біз білімге қанық француз оқырманының нәзік талгамын
жәбірлейтіндей жерлерді алып тастап отырдық, ондағы
ойымыз жәмигатқа, сол арқылы озіміздің авторымызга
да жақсылық жасау еді» деген сыңайда түсіндірмесі жоқ
бірде-бір алгысөзді таба алмайтынсыз. Кім, кімнен, кімнің
алдында осылай кешірім сүрады екен дегенді ойласаңыз
таң-тамаша қаласыз! Қалайда халыққа жақын боламын деп
жанталасудың мұндайлық топас түрін көргеніңіз бар ма!»,
[308, 398 б.] деп ызалана жазган еді.
Орыс қогамының дамуында да аударманың атқарган
қызметі өлшеусіз. Бүл істе үлы Пушкиннің еңбегі ересен.
«Аудармашылар — санаткерліктің сандалкөктері» деген
қанатты сөздің иесі — Пушкин. Ақын аудармашылардан
82
ұлы даламгерлерді «өзінщ түр-элпетімен, өзінщ халқының
киімімен» таныстыруды талап еткен. Мильтонның «Жоғалған
жұмағын» французша сірестіріп қойған Шатобрианды қатты
сынға ала келіп: «Мильтонды сөзбе-сөз күйінде жеткіземін
деп жүріп Шатобриан мағынаны да, бейнелеуді де дәлме-
дэл сақгай алмаған. Жолма жол аударма ешуақытта да
дэл шықпайды. Әр тілдің өзінің қайырым-қағысы, өзінің
шартты түрдегі шешендік сөз саптауы, өзінің бойына
сіңірген теңеулері болады, оларды басқа тілге сол сөздермен
жеткізу мүмкін емес», [309, 49 б.] деп жазған еді. Ақынның
бұл сөзі Ресейдегі аударма ісінің темірқазық принциптерінің
біріне айналган: Пушкин заманынан бергі жерде орыс ақын-
жазушылары ана тілдің синтаксисі мен идиоматикасын
сақтауды алдымен көздейтін болып келеді. Пушкиннің
өзінің жасаған аудармаларында ол ұстазы В.А.Жуковскийдің
«Аудармашы прозада
- құл, ал өлеңце — ақынның
бэсекелесі» деген пікірін ұстанады, сонан да қолға алған
дүниелеріне шығармашылық еркіндікпен қарап, төлтума
өлеңдеріндей етіп өреді. Мысалы, француз ақыны Парнидің
өлеңдерін аударған тұста ол ақын алған идеяны ашуда өзінің
түпнұсқа иесінен артық түсіп жататынын эдейі дэлелдегісі
келгендей эсер қалдырады. Гораций, Шенье, Мицкевич
сияқты классиктерді тэржімелеген тұста Пушкин олардыц
өзіндік өрнегін түсіруге қатты көңіл бөлген, мамандар
ақьін аудармаларында түпнұсқадағы уэзінніц, ырғақтыц
дэл берілетінін дэйім атап көрсетеді. Жалпы, Пушкин
аудармашы еңбегін ерекше қадірлеген. «Адам Мицкевичтің
«Конрад Валленрод» атгы
поэмасын А.С.Пушкин орыс
тіліне түгел аудармақ болып бастаған екен де, бітірмей
тастап кетіпті. «Менің аударуға әлім келмейді, былай
айтқанда аударушының үлесіне тиген ауыр ецбекке мойным
жар бермейді»,- депті. А.С.Пушкин өлеңдерін француз
тіліне Н.Б.Голицын аударыпты. Соған жазган хатында да
А.С.Пушкин: «Сіздің таңдап алған мамандығыңыз аударма
ғой, бұл — мен білетін эдебиет салаларының ең бір қиыны
және жақсы атақ бермейтін түрі»,-дейді» [16,214 б.].
Пушкиннің Гнедич аудармаларына деген ықыласы,
ол аткарған азапты жұмысты аса жоғары багалауы -
талантқа құрметтің келісті көрінісі. Н.И.Гнедич талай
жыльш сарп етіп ұлы «Илиаданы» аударып шыққан кезде
Пушкин баладай қуанып, осы оқиғаны жаһанға жар салып,
жариялаған болатын: «Ақыры бэріміз көптен күткен,
83
тағатсыздана тосқан Гнедич аудармасы жарыққа шықты!
Жазушы біткеннің барлығы дерлік бірер сәттік даңғаза
табысқа елігіп, сьфты жарқ-жұрқ еткен шығармасымақтарға
ауысқан шақта, талант иелері ауыр еңбектен қашып,
ежелгі заманның ұлы туындылары сэннен қала бастаған
кезде, поэзия өнерге беріле қызмет еіуден қалып, жеңіл-
желпі шаруаға айналган тұста біздің бэріміз де талай
жылғы өмірін мехнатты бейнетке, шен-шекпен кигізбейтін
шабыт қамытына, тұтастай, асқақ ерлік жолына сарп еткен
ақынға жан-жұрегімізбен елжірей қараймыз. Орыстың
Илиадасы міне алдымызда жатыр» [308, Б. 175-176]. Мұның
артынша «Илиаданың аудармасына», «Гнедичке» деген
өлеңдер жазғаны тагы бар.
Сөйткен
Пушкиннің
өзінің
шығармаларының
аудармасының жағдайы қалай болып еді десек, таң қаларлық
талай жайга жолығамыз.
Орыс адамы үшін, орыс халқымен алды үш жүз,
арты жүз жьшдай бір шаңырақтың астында өмір сүріп
келген қазіргі Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы
елдердің халықгары, яғни ақынды түпнұсқадан оқи алатын
адамдардың бэрі үшін Пушкиннің «орыс поэзиясының
жарық күні» екендігі, «бар жаңаның басы» болғандығы,
«шығармашылығы тек ұлттық эдебиеттің гана емес, элемдік
эдебиеттің де игілігіне айналган классиктер» қатарына
қосылатыны, қосылатыны емес-ау, сол тізімді «орыстың
бірінші классигі» лауазымымен бастайтыны ешқандай
талас тудырмайды. Сөйте тұра әр сөзін саралап сөйлейтін
сыншы П.Палиевскийдің өзі: «Батыс окырманының көзімен
Караганда» Пушкиннің орыстың классикалық эдебиетінің
ортасынан ойып тұрып алар орыны онша байқала бермейді»
Дегені де ойлантпай қоймайды. Д.С.Мережковскийдің:
«Россия Пушкинді орыс адамдарының арасындагы ең
данышпан тұлга ете алды, алайда әлемдік деңгейге көтере
алган жоқ, оны өз поэзиясының ішкі мән-магынаСына
шынында да лайықты орынга - Гетенің, Шекспирдің,
Дантенің, Гомердің қатарына апарып қоя алган жоқ» [310],
дегені де тегіннен тегін айтыла салмаган. Эрине, осы
созді Абай шыгармашылыгына байланыстырып дэлме-
дэл күйінде бізге, қазақтарга да арнаса әбден келеді. Шет
тілдерді еркін білетін мамандардың айтуынша, Пушкин
жырын оз тшінде оқыган француздың,
агылшынның,
немістің: «Әй, осы орыстар неменеге сонша таң қалып,
84
тамсана береді, мұндай ақындар аз емес қой мына
дүниеде?..», деген сыңайда дал болатын, тек сыпайылық
сақтап іштен тынатын сәттері ұшырасып тұратын көрінеді.
Абайдьщ 150 жылдық тойы тұсында арғы-бергідегі шет
елдердің оқырмандарын былай қойғанның өзінде, осы
Қазақстанның талай скептиктерінің тарапынан (арасында
ана тілін еркін білмейтін қандастарымыз да бар): «Әйтеуір,
ел болган соң бір адамды әлемдік деңгейде таныту керек
шығар, эйтпесе Абайды оқып көрдік қой, әкетіп бара жатқан
дэнеңесін байқай алмадық...» деген пікірлер ұшырасты. Өз
асылыңцы өзің қанша жерден ардақ тұтқанмен, ол жайында
азуыңды айға білеп қанша айтқанмен, сол суреткерлердің
шығармаларының
әлем
мойындамай
қоймайтындай
лайықты аудармасы жасалмайынша бұл күңкілден құтылу
ж°қ ешкімге. Евгений Челышевтің ақынның 200 жылдық
мерейтойы қарсаңында «А.С.Пушкинді элемдік эдебиеттің
классиктерінің қатарьша қосуға бола ма?», деген мэселе
қойып, осы сөздерді мақаланың тақырыбына
[296]
шығарғаны көп жайды аңғартады. «Пушкинді өз тілінде
оқитын шетелдіктер біздің бұл өлең данышпан ақынның
қолынан шыққан деген сөзімізге сене салмайды, олар осы
ойға Гете, Шекспир, Данте жырларьга оқығандагыдай
шьгаайы лэззат алып барып тоқтауға тиіс», дейді автор.
Ал мұның себебі неде ? Себебі біреу гана: аудармада.
Ақынның басқа туындыларын сөз етпей-ақ, ойымызды
«Евгений
Онегиннің» төңірегінде өрбітуге тырысып
бағайық.
Корней
Чуковскийдің
күйінішіне
құлақ түрелік:
«Евгений Онегиннің» агылшынша аудармалары жайында не
айтуга болар еді? Соларды оқып отырасың да, бір бетген бір
бетке ауысқан сайын орыс тілінің ең ұлы зергерінің сырлы
сазга
суарылган сұлу сөзін, соншама ықшам жазылған
данышпандық ойларын аудармашылар қолдана-қолдана
жауыр болган қайдагы бір сырдаң сөздердің жиынтыгына
айналдырып жібергеніне көзің жетеді», дейді ол [311].
Белгілі ауцармашы С.Н.Козлов бұган былай деп ун қосып
қояды: «Оның поэзиясымен агылшын тілін гана білетін
адамдар шындап таныса алган емес, өйткені, Пушкиннің
стилі мен өлеңінің музыкасын агылшынша нұсқасында да
өзіміз білетіндей тілге жеңіл, әсем ыргақты, құлаққа жагымды
етіп бере алған аудармалар жоқ» [312,8 б .]. Байқасаңыз, екі
автор да бір жайды — «сөздің сазын», «өлеңнің музыкасын»
85
айтады. П.И.Чайковскийдің: «Пушкиннің өлеңдеріне музыка
шығарып керегі жоқ. Ол өлендердің өзі - музыка», дегені
бар. Ал музыканы аударуға бола ма? Қиындықтың көкесі,
міне, осында.
М ү н ы
айтамыз, кезінде жалпы бір тілдегі көркем сөзді
басқа тілде жащыртуға бола ма өзі деген мэселе де талай рет
қойылған. Дантенің мына бір сөзін аударма туралы кітаптарда
жиі келііреді: «Музыкалық іішеі тұтастыққа құрылған сөздің
ешқайсысы да басқа тілге сол тұтастығын, уйлесімділігін,
сөзінің дэмін сақтаған күйінде көшірілмейтінін жұрттың бэрі
білетін болсын. Гомердің, сол замандағы басқа да дүниелердің
грек тілінен латын тіліне аударылмағанының себебі сонда
жатьф. Псалтырь жырында музыка мен гармонияның
балшырын бейнелілігі сақталмағанының себебі
сонда
жатыр, өйткені олар алдымен еврейшеден грекшеге, сонан
барьш латыншаға аударылган, жаңағы сөздің сөлі алғашқы
аударманың тұсында-ақ сығылып біткен» [ 28, 7 б.]. Кеңес
жазушыларының екінші съезінде П. Антокольский, М.Әуезов,
М.Рыльский үшеуі бірлесіп аударма мэселелері туралы
баяндама жасаганы бар. Сонда швед синологы Карлгреннің
мьшандай сөзі мысалга келтірілген : «Қытай мэтінін ұғу үшін
қытайдьщ жанын ұгу керек»,- дейді екен Карлгрен. - Ол үшін
адамда алтыншы сезім немесе ырықсыз түйсік болуга тиіс.
Бұл философиядагы интуитивизм, биологиядағы витализм
деген сияқты нэрсе» [165, 10 б.]. Лейбництің: «Әлемде басқа
тілдегі сөзді оньщ толық қуатын сақтау былай тұрсын, соған
сэйкестендіріп болса да жеткізе алатын тіл жоқ» [313, 80 б.],
дегені тагы бар. Осындай ойдың сілемін өзіміздің Герольд
Бельгерден де табамыз. Г.Бельгер: «Абай сөзінің шымырлығы,
қуаттылығы, бейнелілігі, көп магьшалыльны шынында да
таңқаларлық. Абай өлеңдерінің орысшага аударылғанда өзінің
көркемдік деңгейінде шық-пай жатуыньщ бір себебі де осы
қасиеті болса керек. Абайдың кез-келген бір жольш орысшага
аударып көріңізші. Аудара алмайсыз!», дей келіп, мынандай
мысал айтады: «Немесе , екі гана сөз - «бойы бұлгаң» дегенді
орысша қайтіп бересіз? Бір академик «хвастун» депті. Ал,
шынында, бір «бойы бұлғаңды» орыс тіліндегі «гуляка»,
«праздно шатающийся», «воображуля», «нарядно одетый»,
«выхваляющийся», «бездельник», «спесивый», «пустопляс»
сықылды сөздердің бәрі қосылып, магынасын бере алмайды»
[314, 181 б.].
Сонда да адамзат қауымы бірін бірі білуге
ынтықтығынан айнымай келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |