БАҒдарламасы бойынша шыгарылды


 Аударманьщ шарттары мен түрлері



Pdf көрінісі
бет8/45
Дата03.03.2017
өлшемі26,87 Mb.
#6207
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45

2.2. Аударманьщ шарттары мен түрлері

2.2.1. 

Тәржіме  белестері. 

Аударма  тарихы,  оның  бел- 

белестері,  даму  эволюциясы  жөнінде  сөз  еткенде  біз  бұл 

багытта терең зерттеулері бар орыс әдебиеттануын айналып 

өте алмаймыз. Авторлар орыс аударма өнері эволюциясында 

белгілі  бес  кезеңді  бөліп  айтады.  Оның  біріншісі  -   XVIII 

гасырдагы  еркін аударма дэуірі.  Бұл кезеңде түпнұсқа орыс 

оқырманының әдет-дагдысына бейімделетін, өлең олшемінде 

де,  стилистикасында  да,  тіпті  түпнұсқаның  магынасын 

беруде де емін-еркін кетушілік көп еді. Екіншісі -  романтизм 

кезеңіндегі  дэлме-дэл  аударма.  Бұл  кезеңде  оқырман 

орыс  өлеңіне  жанаспайтын  жаңа  образдар  мен  пішіндерге 

бой  үйрете  бастады.  Жуковскийдің  неміс  балладаларын 

амфибрахиймен  аударуы XX гасырда Уитмен мен Хикметті 

ақ олеңмен  ауцарудай  эсер  еткен деп  жазады  зерттеушілер.

99


Еркін,  бейімдеп  аудару  белең  алған  XIX  ғасырды  үшінші 

кезеңге  жатқызады.  XX  ғасырдың  басындағы  модернизм 

қайтадан дәлме-дәл, эріпшіл аудармаға апарған -  сол әдістің 

эйгілі  өкілі  саналатын Брюсов түпнұсқаны окырманға емес, 

қайта  оқырманды  түпнүсқага  иіп  алып  келуді  жақтаған. 

Әрине,  соңғы,  бесінші  кезең  советтік  дэуір  саналады,  бұл 

тұста  аудармада  айқындық,  жеңілдік,  түпнұсқаға  адалдық 

алдыңғы қатарға шыққан делінеді.

Г. А.Гуковскийдің орыс классицизмі туралы мақаласында 

[112,  Б. 142-145]  көркем  аударма  өнеріне  он  сегізінші 

ғасырда  қалыптасқан  көзқарас  жайында  былай  айтылады: 

«Түпнұсқаның  авторы  өз  мақсатына  жетпегендіктен,  соған 

жақындап  қана  қойғандықган,  ол  қол  жеткізген  биікке 

шыгып  алып,  онан  кейін  келген  ақындардың  жетістіктерін 

пайдалана отырып, шығарманың бұрынғы қасиеттеріне жаңа 

қасиеттер қосу керек;  автор тоқгап қалған жерден  эрі қарай 

тағы бір қадам жасау керек, түпнүсқа мэтінін қажет ететіндей 

мөлшерде бояу, жақсарту керек. Мэтінді өзгертетін, түзейтін 

аударма  түпнұсқаның  қадірін  арттыруға  ғана  қызмет  етеді. 

Ең бастысы оқырманға ол өзі аңсар түтатындай асыл үлгіге 

жақындайтын жақсы шыгарма үсыну гой, ал эу бастағы автор 

өз шығармасымен не айтқысы келгені немесе туындыны бірте- 

бірте  дүниеге  экелуге  қанша  адамның  қатысқаны,  олардың 

шығармашылық  күш-жігері  өзара  қалай  үйлестірілгені 

ешқандай  мэн-маңызға  ие  болмақ  емес  деп  саналатын... 

Өлеңнің аудармашылары да, қара создің аудармашылары да, 

өздерінің қолға алған шаруасы мен оз жұмысында таңдаған 

тәсшдері  үшін  жауапкершілнсті  толық  сезіне  отырып, 

аударатын  мэтінді  өздерінің  эстетикалық  түрғыдан  әдемі 

шығуы үшін осылай болуға тиіс деп санайтын түсініктеріне 

°Рай түзей,  күзей  беретін,  өздері  басы  артық тұрған немесе 

коркемдік жагынан  кеміс, сэтсіз деп санайтындардың бэрін 

лақтырып  тастап,  толыспай  тұрган  жерлерін  жамап-жасқап 

жататын,  т.б.  Ал  керісінше,  аударуга  алган  шыгарманы 

эбден  шыңцалган,  эстетикалық міндетті  орындауы  жонінен 

дара  биікке  котерілген  деп  санаган  кезде  аудармашы  оган 

аса  абайлап,  тіпті  түпнұсқага  құлдық  ұргандай  тагзым  ете 

қарайтын;  сөзін  сөз  күйінде,  егер  қолга  алганы  өлең  болса

— жолын жол күйінде жеткізуге тырысатын».

Жиырмасыншы  жылдарда  бейімдеп  аудару  белең  ала 

бастаган бір кезең болды. Бұл үрдіс бізде де көрінді. Соның 

жарқын  мысалы  —  Жүсіпбек  Аймауытовтың  француз

100


жазушысы  Фердинанд  Дюшеннің  «Тамилла»  романын 

аудару  эдісі.  «20-30  жылдардагы  қазақ  әдебиеті»  атты 

ұжымдық  еңбекте  былай  делінеді:  «Араб  халқы  өмірінен 

жазылып,  кезінде  бэйге  алған  бүл  романды  ол  өңдеп, 

өзгертіп,  өзінше  керек  емес  деген  жерлерін  қысқартып 

аударган. 

Ол 

романда 


суреттелетін 

бэдеуилердің 

түрмысының  қазақ  өміріне  ұқсастық  жақтарын  баса 

көрсетеді.  Роман  кейіпкері  Тамилланы  Дэмелі  деп  алуы, 

оның  басылуына  «өзгертіп  аударган»  деп  ескертуі  де 

сондықтан».  Сол  кітапқа  алгысөзіндегі:  «Бөгде  эдебиет 

оқушыларымыздың  ұғымына  шамаланбай,  қатықсыз  қара

коже  қып  берілсе,  онда  мэн  жоқ.  Ал,  қазақтың  өміріне, 

ұгымына үйлесімді  эдебиетті оңдеп, қырнап, жұтындырып 

ұстата  білсең,  бөгде екенін  сезбей,  сіміріп  салады»  [113,  3 

б.], деуі аударма принципі жөніндегі Ж.Аймауытовтың гана 

ойы емес. Алаш арыстары ол тұста қайткенде қазақтың ойын 

оятатын, жігерін  жанитын  сөздің  бэрін де  бөтен  көрмеген. 

Бұл  жөнінде  Дихан  Қамзабек-ұлының  зерттеуінде  [114] 

жазылған.  «Екеу»  деген  бүркеншік  атпен  мақалалар 

жариялаған  Жүсіпбек  Аймауытов  пен  Мұхтар  Әуезов 

қазақ  әдебиеті  «мәдени  жүрттар  әдебиетінің  қатарына 

тез  ілінеді»  деп  сенетінінің  себебін  былай  түсіндіреді: 

«1. -  қазақтың  сүйегіне біткен  ақындығы  бар»;  2.  «мәдени 

жұрттардың  алдыңғы  ақындарымен  таласа Абай  сықылды 

кісі  көтермеші,  таяныш  болып  отыр».  Абайдың  осы 

«таласуы» алдымен оның аудармашылығы-нан  танылатын.

М.Әуезов еңбектерінде кейін [115] бұл тақырып тереңдетіле 

түскені мэлім.

Аударма  өнерінің  эволюциясы  дегенде  біз  уақыт  өте

келе  жаңа  теориялық  талаптардың  туындайтынын  гана

айтпаймыз.  Бұлай  дегенде  біз  тамаша  талант  иелерінің

қолынан  шыққан  тэржімелер  аудармапп,шардың  жаңа

буынынын  игілігіне  айналатынын,  осыган  байланысты

жаңа  өлшемдер,  бұрынгыдан  да  биік  талаптар  шыгатынын 

айтамыз.

«Евгений  Онегин»  романының  қазақша  аударма,

нэзира  нұсқаларын талдау  барысында  біз  өлең өнеріміздегі

эволюциялық  жолдың  небір  қызық  кұбылыстарын  көре 

аламыз.

Қазак  поэзия  аудармасының  эволюциясын  соз  еткенде 



біз аударма ұгымының озі эр кезеңде эрқилы қалыптасқанын 

есте ұстаймыз.



101

Мұхтар  Әуезов  Абай  аудармаларындағы  түпнұсқадан 

алшақ  тұстардың  сырын  былай  түсіндіреді:  «Бұнысы

-   аударма  ғана  емес,  Европа,  Шыгыс  эдебиет  тарихында 

көп  ғасырлар  бойында  тәжірибеде  болған  сарын  қосу 

(астын  сызған  біз.  -   С.А.)  сияқты  бір  жол.  Алдыңғы  ақын 

сезіміне,  әңгімесіне,  ой  толғауына  сүйсіне  отырып,  өз 

ішінде  де  соған  үндес  қоғамдық  сыр  шығарып,  қосыла 

куңіреніп,  қатар  шабыттанып  кетеді.  Бүл  түрдегі  сезім 

ойларды өзгерте жырлауы, әдейі істелетін, өзіндік тумаларға 

жақын  боп  шығады.  Сондықган  бұл  алуандас  ақындық 

еңбегінің  кейбіреулерін  құр  аударма деп  қарамай,  Пушкин, 

Лермонтов,  Байрон  сарынымен  жазылған  шыгармалар  деп 

тану  керек»  [115,  56  б.].  «Өзі  Шыгыс  мектебінен  бастаган, 

Шығыстың барлық ұлы ақындарымен терең таныстығы  бар 

Абайдың  аяқтап  келгенде,  орыстың  реалистік  әдебиетінің 

жөнін  сілтеуі  -   терең  магынадагы  прогрестік  көзқарас»

-   Ғабит  Мүсіреповтің  бұл  сөздері  [70,  Б.279-280]  бүгінде 

орыс  десе  отаршылдықтан  басқаны  ауызга  ала  қоймайтын 

базбіреулерге жақпас та, бэлкім. Бірақ шындық солай.

Аударма 


туралы 

еңбектердің 

бэрінде 

аударма 


өнерінің  эволюциясы  айтылады  да,  аудармашының  өзінің 

шыгармашылық  эволюциясы  ауызға  көп  алынбайды. 

Негізінде 

аудармашының 

өз 

бойында 


да 

күрделі 


эволюциялық үдеріс  жүріп  жатады  деудің  артықгыгы  жоқ. 

Қуандық Шаңгытбаевтың «Евгений Онегин» романының екі 

аудармасын  жасау  арасындагы  шыгармашылық  өсуі  соның 

бір корінісі.

Тол  әдебиетіміздің  тілімен  бірге  тэржіме  тілі  де  дэйім

жетіліп,  үшталып  отырды.  «Жер  жыргып  тырнасымен

бараниттап»,  «күні-түні  ұйқы  көрмей  пашняда»,  «жарайды 

соның үптін молодец» (С.Көбеев аудармаларьшан) деген сияқгы 

тіркестер алгашқы аудармалардан кейін-ақ көрінбей кеткен.

2.2.2. 


Еркін аударма. 

Ғасырлар бойгы тарихи жольшда 

аударма өнері  неше түрлі кезеңдерді бастан  кешкен.  Соның 

бірі  — еркін  аударманьщ  белең  алган  белесі.  Белден  басып 

аудара  берудің  шектен  шыққан  үлгісін  данышпан  Дени 

Дидро  көрсетіпті.  Ол,  өзінің  мойындаганындай,  кітапты 

«екі рет оқып шыққан, шыгарманың рухын бойына сіңірген, 

сойтіп  кітапты  жапқан  да  аудара  бастаган»!..  [59,  247  б.]. 

Мүны  әуелде  орыс  әдебиеті  де  әуезе  еткен.  Бүл  жолды 

жақтаушылар  немесе  осы  эдісті  үстанушылар  көбіне- 

көп  шыгарманың  мазмүнын,  оқиганың  ұзын-ырғасын,

102


непзп  идеялық  түпқазығын  жеткізуді  алдымен  көксеген 

де,  басқа  халықтың  нағыз  өзіне  ғана  тэн  өмірін  барынша 

қанық  күйде  танытуды  онша  нақты  мақсат  етіп  қоймаған. 

Оны  айтамыз,  еркін  ауцарманың  өкілдері  «жатжұрттық 

рухты»  барынша  бұқтыруды,  реті  келіп  жатса тіпті  жоюды 

да  теріс  көрмеген,  сонда  қиратылған  ғимараттың  орнына 

өзінің  жаңа  туындысын  қоюға  дейін  әрекет  еткен  кездері 

де аз емес.  Бұл  аудармашылық мектептің аса көрнекті  өкілі 

болып  табылатын  В.Жуковскийдің:  «У  меня  нет  ничего 

своего и вместе с тем все мое» дейтіні сонан. Ол бұл пікірін 

1847  жылгы  6  (18)  ақпанда  Н.В.Гогольге  арнаган  хатында 

жазыпты,  біз А.Н.Веселовскийдің  «В.А.Жуковский.  Поэзия 

чувства и «сердечного воображения» деген кітабы бойынша 

келпріп  отырмыз.  В.Б.Оболевич  «Роль  ночны х  знаний 

в  творческой  практике  перевода»  атты  мақаласында  [26, 

161  б.]:  «Шетелдік  шыгармалардың  кейіпкерлері  жаппай 

орыстандырыла  бастады:  оларды  орысша  ойлауга,  орысша 

толгануга,  орысша  жүріп-тұруга  мэжбүр  ету  кобейді.  Тіпті 

Ян,  Анджей,  Томэк  деген  аттарын  да  ауыстырып,  Иван, 

Андрей, Фомага айналдыратьш болды», деп жазган. Кейіннен 

Корней  Чуковскийдің  осындай  еркін  аударма  эпигондарын 

олардың  қолынан  шьщқан  дүниелерде  Лондонның  дендиі, 

сэрі,  ледиі  орыс  губерниясында  тұрады,  орыс  ақшасымен 

есеп  айырысады,  қашықтықгы  орыс верстімен олшеп,  «Ох, 

тяжела ты шапка Монамаха», «Кричать во всю Ивановскую» 

деген сияқты тым таза орыстық тіркестермен сөз саптайтын- 

ды  деп  эжуалаганын  да  білеміз.  Мұндай  жагдайлар  тіпті 

бертінге дейін ұшырасып тұрганы белгілі. Өзбек эдебиетшісі 

Жұманияз  Шарипов  1930  жылы  жарық  көрген  Гоголь 

жинагының аудармасында Хлестаковтың кэдімгі ала топылы 

агайынга айналып шыга келгені сондайлық, ол тіпті қызды- 

қыздымен  «Фархад-Шырынды»  да,  «Лэйлі-Мэжнүнді»  де 

мен жазганмын деп бөсетінін мысал ретінде келтірген.

Қазақ аудармасы да негізінен еркін аудармадан басталган. 

Ыбырай  Алтынсарин  аудармалары  осындай.  Спандияр 

Көбеевтің  аудармалары  да  сол  қатарга  қосылады.  «Ол  көп 

жерде  Крылов  мысалдарының  сюжетін  өзінше  қайталап, 

еркін  айтып  шыгады...  Бірақ  бұдан  Көбеев  аудармалары 

түннұсқадан  алыстап  кеткен,  оны  бұрмалаган  аудармалар 

деуге  болмайды.  Аудармашы  көп  жерде  шыгарманың 

идеясын,  моралін сақтай отырады.  Көбеев аудармаларының 

кемшілігі  —  оларда  түпнұсқаның  көркемдік  қасиеті  мен

103


тілдік  ерекшелігі  сақталынбады»,  деп  көрсеткен  еді  Серік 

Қирабаев  [116,  Б.8-9].  ¥лттық  сөз  өнеріндегі  тырнақалды 

тэржімелерде  түпнұсканьщ  өлең  өлшемі  де,  сөз  саптауы

да, тіпті  көлемі де өзгеріп кетіп отырады,  оірақ,  аудармашы

шығарманың  аитар  оиын  дэл  үстаиды,  сөз  түиінін  де  дэл 

табады.  Жалпы,  еркін  аударманың  ерекшелігі  де  алдымен 

авторды  өз  қалпынша  қайта  сөйлетуге  емес,  оның  айтар 

ойын жеткізуге күш салатындығында.

«Еркіндік те аудару тәжірибесінде көп кездесіп жүрген, 

белгілібір  сарынға  айналып  кеткен  кемшілік»,  деп  жазады 

С.Нұрышев  [117, 71  б.]. Бүл арада сөз нэшіне назар аударуға 

тура  келеді.  «Еркін»  деген  сөз  бар.  «Еркіндік»  деген  бар. 

«Еркінсу»  деген  бар.  Түбірі  бір  болғанмен  түрі  бір  емес. 

Шығармашылықта  еркіндіксіз  болмайды.  Аудармашының 

еркінсіп  кетуі  — ерсілік.  Бэрі  өлшеміне  байланысты.  Еркін 

аударманың  тэржіме  туралы  жазған  адамның  ауызга  алмай 

өтпейтін  хрестоматиялық  мысалы,  классикалық  үлгісі  — 

Лермонтовтың  Гетеден  аударған  «Тау  шыңдары».  Гетедей 

алыптан  алшақтаған  деп  осынысы  үшін  Лермонтовты 

айыптау  ешкімнің  ойына  келмейді.  Еркін  аударманың  ерен 

түрін Абайдан да табамыз. Абайдың «Евгений Онегиніндегі» 

талай тұс сондай. Абай еркіндігі оған Пушкин романын арқау 

ете отырып төлтума дейтіндей туынды шығаруға мүмкіндік 

берді. 


‘ 

г

С.Нүрышев:  «Абай  аудармасының  еркіндігі  үнамсыз 



еркіндікке  жатпайды.  Ол  заманына қарай  болған  еркіндік», 

«Абайдың  осындай  сөздері,  сөз  қолдануы  қазақтың 

әдеби  тілінің  енді-енді  қалыптаса  бастаған  кезеңінің 

кейбір  ерекшеліктерін,  оның  қалыптасуына  орыс  тілінщ, 

аударманың 

әсері  тигендігін  көрсететін  жэне  эдейі 

зерттеуді қажет ететін фактыларға жатады» дейді де, мысал 

ретінде  аудармадағы:  «Ғашықтық  сөзге  жүйрік  әсіресе,  / 

«Дем  алысым,  қүмарым  — бір  сен»  десе.  /  Жанын  қүрбан 

жолыңа  қылған  жансып,  /  Көз  қарауы  қүбылар  әлденеше» 

деген  жолдарды  былай  талдайды:  «Мысалы,  «Демалысым, 

құмарым»  дегенде  «демалысым»  бұл  жерде  жасанды 

соз.  Оның  айтылуына  «одним  дыша»  деген  оригинал 

тексті  себеп  болып  отыр.  Әйтпесе  жақсы  корген  қызына 

«демалысым...  бір  сенсің» деу  казак тілінде дагдылы  түрде 

колданылып келген соз тіркесі емес.  Бірақ Абайдың кезінде 

«демалысты»  осы  магнада  колдануга  болатын  да  еді.  Ал 

Октябрь революциясынан бергі жерде бүл соз демалыс күні 

магнасында  колданылып  кетті».  Сөйтіп,  сыншы  Абай  созін

104


бұрмалауға да барған.  Абай кітаптарының бэрінде де ол сөз 

«дем алысым» деп жазылады. Дем алыс -  басқа, демалыс -  

басқа. Даулы сөзді орысшаға апарып салыстырып қарайтын 

әдетімізге  салсақ  (шындығында  даулы  түгі  де  жоқ  қой), 

былай: дем алые — дыхание, вздох, демалыс -  отдых, отпуск, 

каникул... Пушкин: «Одним дыша, одно любя, / Как он умел 

забыть себя!» дегенде Онегиннің демін ішіне тартып, үздіге 

қапатынын айтқан.

Осыдан  жарты  ғасырдан  да  астам  бұрынғы,  қазір  тек 

эдеби  өмір  фактісі  күйінде  қалған  кітаптағы  сын  пікірді 

суырып  алып,  дәйексөз  ретінде  салып  отырғанымыздың 

мэнісі  бар.  Сол  жылдардағы  кез  келген  еркіндіктің  (тіпті 

Абай еркіндігі  болса да) бетінен қағып,  көркем аудармадан, 

әсіресе өлең ауцармасынан ғылыми жұмыстың немесе саяси 

құжаттың  дэлдігін  талап  ету  аудармашыларымыздың  қиял 

қанатын  қатты  қайырып-ақ  тастады.  Олар  түпнұсқада  жоқ 

сөзді  қосуға  да,  айналып  өтуге  болатын  сөзді  алып  калуга 

да қаймыгып тұратынды  шығарды.  Сын  көркемдік тұргыда 

айтылса ештеңе  емес-ау,  «осы  бір созді  дұрыс  аудармауцың 

өзі  романның  әлеуметтік,  таптық  мазмұнын  бұрмалаған», 

«бір  тапқа  байланысты  нэрсе  екінші  тапқа таңылып,  саяси 

қате  пікірлер  айтылған»  деген  сияқты  ауыр  айыптардан 

жүрек шайлықпауы мүмкін де емес еді. Сондай эріпшілдікті, 

сөзбе-сөзшілдікті, жолма-жолшылдықты ақтау үшін «көркем 

эдебиет  ауцармасының  барлық  жері  образды  болып  келе 

бермейді, текстің қарапайым мағнасын гана аударып қоятын 

жерлері де коп болады» деген сыңайда «теориялықталаптар»

да қоиылатын.

Еркін аударманьщ табигатын теріс түсіну бізде бертінге 

дейін келді. «Бәрінен бұрын, бұл еркін аударма» -  Р.Шаханова 

Ілияс  Жансүгіровтің  «Евгений  Онегинді»  аударуын  осылай 

сипаттайды. Оган қоса: «І.Жансүгіров аудармашы гана емес, 

серікгес автор,  мұның өзі еркін  аударманьщ кэдуілгі  белгісі 

болып  табылады»,  деп  те  ныгарлап  қояды.  Тагы  бір  тұста

І.Жансүгіровті  тіпті  «импровизатор»  деп  багалайды.  Солай 

ма екен?


Герольд Бельгер кітабында [159]  келтірген шумақгарды

оқып көреиік.

Еще амуры, черти, змеи 

На сцене скачут и шумят;

Әлі амур, сайтан, жылан 

Сахнада жүр ойнақтап; 

Тыста лакей шаршап талган

Еще усталые лакеи

105


На шубах у подъезда спят. 

Простите, игры золотые! 

Он рощи полюбил густые, 

Уединенье, тишину

Тонга оранып жатыр ұйықтап. 

Қош больщыз, алтын ойын!

Ол ұнатқан орман қойнын 

Оңашаны, тыныш жайды,

И ночь, и звезды, и луну, 

Луну, небесную лампаду.

Айды, аспанның эсем шамын.

Енді  Г.  Бельгер  талдауына  коз  салайық:  «Қалайда  дэл 

шыгару үшін аудармашы тіпті өлең жолындағы сөздің ретіне 

дейін мұқият сақтайды: «И ночь, и звезды, и луну» -  «тунді, 

жаңа жұлдызды,  айды»,  «уединенье, тишину» -  «оңашаны, 

тыныш  жайды»;  тіпті  калькадан  да  бас  тартпайды:  «игры 

золотые»  —  «алтын  ойын»  (қазақгың  құлагын  қажайтын 

сөз  сияқты);  қайталауларды  да дәлме-дәл  келтіреді:  «айды, 

айды»  — «луну,  Луну».  Мүнда  қандай  еркіндік  бар?  «Бұл 

аудармада  Пушкинді  бұрынгы  қазақ  өлеңінің  қарапайым 

(стандарт)  үлгісіне  салганымыз  жоқ,  қайта  қазақ  өлеңін 

Пушкин  үлгісіне  таман  тарттық»  —  тэржімеде  таңцаган 

тэсілін ақынның озі осылай түсіндірген. Сондықган да сөзін 

былай түсірген: 

,

Как рано мог он лицемерить, 



Жастан машық бояуга түс,

Таить надежду, ревновать, 

Үміт, күндеу сырын бүккіш,

Разуверять, заставить верить, 

Сенім жойгыш, сендіргіш,

Казаться мрачным, изнывать. 

Жабырқаусып, жан күйзелткіш.

Түсініктеменің  қажеті  болмас  деп  ойлаймыз.  Бұл  -  

тұсаулы тэржіменің дэл өзі. 

.  « 



f ;  ^

Зертгеудің  тагы  бір  түсында  Р.Шаханова  Жансүгіров 

аудармасын  «Кәсібилікке  бүлай  көшу  -   еркін  аудармадан 

дәлме-дәл аудармага қарай жасалған ірі қадам» деп багалап, 

әуелдегі  өз  пікіріне  өзі  қайшы  келеді.  Негізінде,  автордың 

осы, соңгы ойы дүрыс. Жансүгіров аудармасы, қанша жерден 

кемшілік жіберді дегенде де, еркін  аудармадан дәл,  барабар 

аудармага  ауысу  жолындагы  үлкен  белес.  Зерттеуші  Ілияс 

жасаган роман аудармасына «қазақ аударма тәжірибесіндегі 

дәлме-дэл  аударманың  ең  алгапщы  үлгілерінің  бірі»  деп 

дәлме-дәл бага береді.

Еркін аударма, негізінде, бүгінде өткеннің еншісі. Бэрі 

де  талант  тегеурініне,  қаламгерлік  қуатқа  байланысты 

ғой,  қандай  әдіспен  де  тамаша  тэржіме  туындатуга 

болар,  бірақ  мына  жайды  еске  үстау  жөн:  қазір  оқырман

106


аудармадан алдымен авторды  іздеиді, оның өзінщ өрнегін 

іздейді,  сондайда  «Осы  оқып  отырғаным  аудармашының 

өз  бетінше,  еркін  шығарғаны  ғой,  түпнұсқасында  қалай 

екен  өзі»  деп  қосымша  кітап  қопаруға  тура  келсе,  онда 

тэржіменің  мұратына  жетпегені.  Оны  «оқушы  оңай 

түсінетін  еркін  аударма  әлдеқайда  құнды  ғой»  [118]  деп 

аңсау  өскен  әдебиетке  жараспайды.  Сонау  1925  жылдың 

өзінде Жүсіпбек Аймауытов былай айтқан:  «...аударғанда, 

дэлшілдік — терең пікірлі, кестелі көркем эдебиетте керек. 

Орыс,  Европа тіліндегі  көркем,  эдеби  сөздерді  қазақшаға

V

/

аиналдырудағы мақсұт—жалаң, қарапаиым адамға ұғымды 



ету  емес,  мәдениетті  жұрттың  үлгісімен,  сөз  кестесімен, 

олардың  салыстыру  пернесімен  таныстырып,  оқушыны 

тереңге айдап, қиялын байыту, сезімін ұстарту болу керек. 

Оқушының ыңгайына көше берген ақын, сүгіретші жақсы

емес,  оқушыны  өз  ыңғаиына,  өзі  жеткен  тұрғыға  сүиреи

білген  сүгіретші  жақсы»  [119,  128  б.].  Осы  сөз  -   сөз. 

Тэржіменің  терең  білгірі  Евгений  Витковскийдің:  «Егер

я р  


ц - п  ~ т І Ж І  I 

I I   И   Г Г и М -  -Т  - Т Т І Г О •  -і 

----------------------------------------= *  

-  ■ 


X J

адам түпнұсқаға қараи жүрсе, онда ол аударма жасаиды, ал 

егер  түпнүсқадан  бері  қарай  жүрсе,  онысы  еркін  аударма 

болып  шығады»  [120,  27  б.]  деген  сөзін  де  еске  ұстаган

жөн.

Павел  Антокольский  Е.Зисельманға  жазган  хатында 



былай 

дейді: 


«Поэзияның 

басты 


шарты 

еркіндік, 

эсіресе,  онсыз  да  қос  қолымыз  бірдей  байлаулы  түратын 

аудармашылық жүмыста бүл ауадай қажет.  Қайтеміз, ақыры 

қолымыз  бос  болмайды  екен,  онда  тым  құрығанда  еркін

тыныстайық та!» [121,  174 6.].

Қалай  айтқанда  да,  ең  бастысы  -   шығарманың  рухын 

жеткізу.  Дэл,  көркем,  әсерлі  жеткізу.  Евгений  Евтушенко

аитқандаи:

Не страшен вольный перевод.

Ничто не вольность, если любишь,

Но если музыку погубишь,

Все мысли это переврет.

Еркіндік туралы Гете әдемі айшықгаған: «Аударма еркін 

болуы керек, бірақ еркін болуга қүқық алу керек» деп. Тагы 

бір  түста:  «Еркіндікке  сол  еркіндікті  түпнұсқаның  рухын 

дэл, адал жеткізудің қүралы деп білетін аудармашының гана 

қүқы бар», дейді.

107


Осы  айтылғанның  бэрі  еркін  аударма  мен  еркінсіген 

аударманьщ  арасында  алшақтық,  айырмашылық  едәуір 

екеніне  көз  жеткізеді.  Бірі — еркіндіктің,  бірі — өпірімдіктің 

(самоуправство) көрінісі.

Орыс  тіліңдегі  еңбектерде  «буквальный  перевод» 

«буквалистский перевод» деген анықтамалар қатар қолданыла 

береді. Соларды сөзбе-сөз күйінде «әріпшіл аударма» дейтініміз 

де  бар.  Негізінде  әріп,  яғни  буква  аударып  жүрген  ешкім  де 

жоқ. Дұрысы — сөзбе-сөз аударма. Орысшада «буквально» сөзі 

Де «сөзбе-сөз» күйінде аударылады ғой. Аударма эволюциясы 

жөніндегі  теориялық  еңбектердің  бәрінде  дерлік  тәржіменің 

балаң шағында еркін аударма белең алады, онан кейін сөзбе- 

сөз аудару белесі  басталады, бұл кезде мәселе екінші қиырға 

шығандап,  тәржімеге  шығармашылық  көзқарас  кеми  түседі 

деп келтіріледі.  Бұл арада да ақиқат бел ортада жатады деген 

қарапайым қағидаға сүйенген дұрыс.

Еркін  аудармадан  сөзбе-сөз  аудармаға  көшкен  кезеңді 

тұтасымен  кері  кету  деп  санау  жөнсіз.  Сөзбе-сөз  аударма 

болмаса еркін  аудармадан  барабар  аудармаға  бірден  секіріп 

өту  мүмкін  де  емес  еді.  Өзге  тілдегі  туындыларға  абайлап, 

ықтияттап  қарауға  көшу  рецепцияның  жаңа  белесінің 

көрінісіне  айналды.  Түпмәтінге  құрмет  көбейді.  Мысалы, 

Тәураттың  орысша  тэржімесіндегі  «Все  слова  уст  моих 

справедливы» деген сойлем коне еврей (иврит) тіліндегі сол 

бес сөзге саймасай келеді екен. Бара-бара мұның өзі барабар 

аудармаға алып келер жолға айналды.

Еркін  аудармаға  кереғар  әдіс  —  сіреспе  аударма. \ 

Отызыншы  жылдарда  дәлме-дәл  аударма  деген  шықты. 

Әріптен  алшақтап  кеткеннің  бэрін  «отсебятина»,  яғни  өз 

жанынан  қосушылық,  қазақшалау  қайырғанда  —  бетімен 

кетушілік деп  қарайтын әдет пайда болды.  Жанына сөздікті 

қойып  алып,  көркем  шығарманы  кэдімгі  газет  мақаласы 

немесе  техникалық  мәтіндей-ақ  қиналмай  аударып  тарта 

беретіндер  көбейіп  кеткен  сол  тұста.  Жиырмасыншы- 

отызыншы  жылдардағы  калька  әдісімен  тэржімеленген 

туындылардың  топан  нөпірі  бара-бара  барабар  аударма 

қалайда қажет екендігіне көз жеткізе бастады.

Қазақ  әдеби  аудармасында  әлемдік  тәржіме  өнеріндегі 

әдіс-тәсілдердің 

барлығы 


дерлік 

кездесетіні 

назар 

аударарлық.  Солардың арасында бұрыннан  бары -  бейімдей 



аудару  (адаптация).  Оның  мәнісін  Мұхаметжан  Сералиннің 

«Айқапта»  басылған  «Рүстем-Зорапқа»  түсініктемесінен

108


тәп-тәуір  тануға  болады:  «Қадірменді  оқушыларымыздың 

алдііна  салып  отырған  мына  «Рүстем-Зорап»  қиссасы 

фарсы  тілінде жазылган  атақты  «Шахнама» 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет