БАҒдарламасы бойынша шыгарылды



Pdf көрінісі
бет7/45
Дата03.03.2017
өлшемі26,87 Mb.
#6207
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45

86

Жоғарыда 

айтылган 

П.Антокольский, 

М.Әуезов, 

М.Рыльский  үшеуінің  баяндамасында  Киплингтің  «Батыс 

батыстайды,  Шығыс  шығыстайды.  Бұл  екеуі  мэңгілік 

шығыспайды»,  деген  атақты  тезисіне  қарсы  «Аударманың 

ахуалы 


халықтардың 

өзара 


араласып-құраласуының 

деңгейіне  байланысты»,  деген  ой  ұсынылды.  Демек, 

аудармашы  өзі  шығармасын  аударуға  кіріскен  халықтың 

ойлау жүйесін бойына сіңіріп, сол  суреткерлердің деңгейіне 

көтерілуге ұмтылуга тиіс. П Антокольскийдің, М.Әуезовтің, 

М.Рыльскнйдің  баяндамасында 

аудармашының  бойында 

болуға  тиіс  тағы  бір  қасиет  айтылады:  «Аудармашының 

дарыны  артистің,  сахна  шеберінің  кейіпкержандылығы 

сияқты  .  Бұл  үшін  басқа  бір  адамның  шыгармашылығына 

деген  ерекше  сергектік  керек,  өз  бойьща  өзгенің  мәнерін 

сіңіру, 


оны 

санаңда  жаңғыртып, 

аударманда 

қайта 


жандандыру  керек.  Мұндай  қабілет  пен  осындай  білік 

табылган  жерде  аудармашы  толыққанды  суреткер  атала

алады» [307,131  б.].

И.Копаневтің  үшінші  немесе  жаңа  кезең  деп  жүрген 

кезеңінде  ұлы  Гете  алғаш  рет  «әлем  эдебиеті»  үгымын 

енгізді.  Ол  өзінің  «Батыс-Шығыс  диуанында»  Шығыс 

поэзиясының  бар  сүлулығын  ашып  корсетуге  тырысты. 

Философия, 

әдебиеттану, 

классикалық 

филология, 

мемлекеттік 

құқық 

салаларында 



керемет 

еңбектер 

қалдырган  Вильгельм  Гумбольдттың  аударма  туралы 

ойлары  да  қызгылықты.  Бұл  кезеңде  Ресейде  поэзия 

аудармасы  болекше  бір  белеске  котерілді.  ВА.Жуковский 

(1783  -   1852)  Еуропадагы  негізгі  тілдердің  бэрінен 

дерлік  тамаша  тәржімелер  жасаган.  Жуковский  поэзия 

аудармашысы  өзі  аударатын  автордың  дарынымен  тең 

дарынга ие  болуы  керек деп  санаган.  Н.И.Гнедичтің (1784

-   1833)  табаны  күректей  жиырма  жыл  бойы  тапжылмай 

отырып,  «Илиаданы»  аударып  шыгуы  орыс  қогамы  үшін 

қандай  қуанышты  оқига  болганын  жогарыда  айттық. 

Гнедич  осы  аудармасы  арқылы  орыс  өлеңі  олшеміне  жаңа 

уэзін  -   гекзаметрді  қосқанын  білеміз.  В.Г.Белинскийдің,

А.А.Потебняның  поэзия  аудармасына  қатысты  ойларын 

да  зерттеу  барысында  орайын  тауып  келтіріп  отырармыз. 

И.Копанев тортінші немесе бүгінгі заман  кезеңі деп атаган 

XX гасырда аударма онері асқаралы асулардан асты деп айту 

қыздырманың кызыл созіне қосылмайды. Ғ асыр басындагы, 

қазір  Күміс  гасыр  деп  аталып  жүрген  аралық  уақытгагы

87


Д.Мережковский,  И.Анненский,  Ф.Сологуб,  К.Бальмонт,

В.Брюсов,  А.Блок  қолымен  жасалган  поэзия  аудармасы 

арқылы  орыс  эдебиетіне  жаңа  идеялар,  тақырыптар, 

образдар,  поэтикалық  формалар  енді,  тілдің  ырғақтық 

мүмкіндіктері  молайды  деген  орнықты  пікір  бар.  Әсіресе, 

Кеңес  Одағында  тәржіменің  тың  тынысы  ашылды.  Қазір 

кеңес  кезеңіндегінің  бэрін  мансұқтап  сөйлеу  салтқа  еніп 

барады.  Адалын  айтар  болсақ,  сол  тұста  аударма  өнерінің 

кең  құлаш  жайғаны  ешқандай  талас  тудырмауға  тиіс. 

«Бірде-бір  елде,  бірде-бір  заманда  аударма  қызметі  дәл 

мұндай  өркендеген  емес.  Мұның  озі  түсінікті  де.  СССР- 

де  көптеген  жылдардан  бері  үдайы,  эртүрлі  тілдерден, 

әртүрлі  тілдерге  аударып  келеді...  ондаған  жылдар  бойы 

Кеңес  Одағы  оған  дейін  бірде-бір  ел  дэл  мұндайлық 

сығымдалган күйде жинақтап көрмеген аса бай тәжірибеге 

ие  болды.  Осынау  аса  ауқымды  аудармашылық  жұмыс, 

ғылым  мен  өнердің  барлық  салаларындағы  сияқты,  дэйім 

теориялық 

зерттеулермен  тиянақталып  отырды»  [91, 

409  б.].  Совет  окіметі  жылдарында  көркем  ауцармаға 

мемлекеттік  түргыдан  мэн  берілгеніне  даусыз  дэлелдің 

бірі ретінде  1966 жылғы 25 ақпан мен 2 наурыз аралығында 

өткен  Бүкілодақтық  симпозиумда  сөйлеген  беташар 

созінде  А.Сурковтың  1960-1964  жылдар  ішінде  кеңестік

калар халықтары

кезеңде


барша  кітаптың  жартысынан  астамы  екенін  айтқанын, 

жалпы,  Октябрь  революциясынан  бергі  48  жылда  тек 

шетел  эдебиетінің  озінен  аударылған  кітаптардың  жалпы 

таралымы 

1  миллиард  данадан  асып  кеткенін  қадап 

көрсеткенін мысал ретінде келтіруге болады.

1919 

жылы 


Лениннің 

қолдауымен 

А.М.Горький 

бастамасы  бойынша  «Всемирная  литература»  мемлекеттік 

баспасы  құрылғанда  шетел  эдебиеттерінің  ең  таңдаулы

туындыларын  жаңадан  ауцарып  немесе 

қ і  

лап  жүйелі  түрде  шығару  ойластырылған.  Жүмыс  екі 



серия  бойынша  жүріпті  — негізгі  жэне  халық  кітапханасы 

сериялары.  Негізгі  серия  бойынша  көлемі  жиырма  баспа 

табақтың  маңайында  1500  том  шыгару,  халық  кітапханасы 

сериясы бойынша көлемі 2-4 баспа табақгық 2500 кітап басу 

козделген.  Осынау  аса ауқымды  жоспардың  жүқанасы  ғана 

орындалған: «Всемирная литература» баспасы сол кезеңдегі

88


материалдық қиындықтарға  байланысты  жабылып  қалатын 

1927окылга дейін не бары  120 кітап жарық көріпті.

Жалпы,  Горькийдің  көркем  аударма  ісіне  сіңірген

еңбегі  үлкен,  ол  әсіресе,  Кеңес  Одагындағы  ұлт тілдерінен

орысшаға  аударма  жасауға  көп  көңіл  бөлген.  Қыза-қыза

келгенде  пролетариат  әдебиетінің  көсемі:  «Одаққа  кіретін

эрбір  халықтың  эрбір  шығармасы  Одақгағы  халықтардың

барлығының  тілдеріне  аударылса  тіпті  тамаша  болар  еді»,

деп  те  жібереді...  Сол  дүрмекпен  біздің  «Қыз  Жібек»  те 

орысшаға аударылып қалған.

1950  жылдың  мамыр-маусым  айларында  «Правда» 

газетінің  бетінде  өткен  тіл  туралы  пікірталастан  кейін 

аударма  мәселелеріне  назар  бұрынгыдан  да  көбірек  бөліне 

бастады.  Мерзімді  баспасөзде  мақалалар  саны  молаюмен 

қатар сол тұста осы тақырыпқа арналған диссертациялардың 

да жиірек қорғалғаны байқалады.

Аударма  саясатыньщ  толығымен  мемлекет  қолында, 

идеологиялық 

мекемелердің 

билігінде 

болуы 

белгілі 


бір  дәрежеде  аударылатын  шығармалардың  аясын  да 

тарылтқандығын  атап  айтқан  жөн.  Бізге  жат  саналған, 

сондықтан да аударылмаған шыгармалардың арасында талай 

талантты туындылар, аударылган тілді тың тіркестермен, соны 

образдармен байытатын кітаптар табы латындығы талассыз

Ғасырлар бойы сөзбе-сөз аударма мен аударылатын тілдің 

табиғатына  сай  келетін,  мағынасы  жағынан  дэл  аударманы 

жақтаушылардың 

арасында 

дау-далаба 

тоқталмаған. 

Мағынасы  жагынан  дэл  және  түпнүсқаның  рухына  сай 

аударма  үшін  күрес,  эсіресе,  діни  жэне  фштософиялық 

эдебиет,  атап  айтқанда — Тәурат  пен  католик  шіркеуі  бедел 

тұтатын философтардың шыгармалары түсында қыза түскен. 

П.И.Копанев  мынандай  мысалды  алга тартады.  Этьен Доле 

деген  кісі  Платон  диалогтарының  бір  жерінде  Сократтың

репликасынканондықүлгідентысыңгайдапайымдалатындай

етіп аударганы үшін шіркеу сотына тартылып, отқа өртелген 

екен [17,  105 б.].

Халыққа  онша  үгыныкты  болмайтынына  қарамай, 

қалайда  түпнүсқага  нұксан  келмесін  деген  оймен  міндетті 

түРДе  сөзбе-сөз  сірестіріп  аудару  үрдісіне  қарсы  шыққан 

тұлгалардың  ішінде  ең  беделдісі  -  атақты  дінбасы  Мартин 

Лютер.  Оның  Тәуратгы  неміс  тіліне  аударуы  өз  заманы 

үшін  ерекше  батыл  шешім  екен.  Ауызекі  тілдің  керемет 

мүмкіндіктерін  ашып  көрсеткен  бұл  аударма  кейіннен

89


классикалық  неміс  тілінің  негізін  салған  еңбектердің  бірі 

күйінде  ғана  қойған  жоқ,  Рим  папасы  мен  Германиядағы

католик  шіркеуі  оилігше  қарсы  күрестеп  аса  ірі  оқиғаға 

айналды, деп жазады А.В.Федоров.



2.1.2. 

Қазақ  аудармасының  шежіресінен. 

Аударма 


қазақ даласында атам заманнан болған. Оны айтасыз, түркінің 

«тілмаш» деген  сөзінен  (тегінде,  бұлай деп тілге мәш, яғни 

сөзге  ұста  адамдарды  айтқан)  орыстың  «толмачы»  шыққан 

[92,  72  б.].  ¥лы   Жібек  жолының  алтын  арқауы  -   аударма 

десек те артықтығы жоқ.  Жатжұрттық саудагерлер тоқтаған 

жердің  бэрінде-ақ ауызша  аудармашылық  қызмет  басталып 

кете беретін. Әрине, ондай-ондайдың бэрін аударма өнерінің 

көрінісі ретінде қарастыруға болмайтыны белгілі.

1891 

жылы  «Туркестанская  туземная  газетаның» 



бетінде «О значении изучения русского языка» деген мақала 

шыққан  екен,  сол  мақаланың авторы,  ташкенттік зерттеуші 

Г.Салямовтың  айтуынша,  Түркістан  өңіріндегі  бұратана 

халықтарда ешқашан да гылыми ойлау жүйесі болмаған, тіпті 

«самовар», «стол», «лампа» сияқгы қарапайым сөздердің өзі 

орыс  тілінен  ауысқан  дегенді  жазған  көрінеді.  Әлгі  автор 

өзбектердің немесе қырғыздардың (қазақгарды айтқаны ғой) 

біреу-міреуіәлдеқалайеуропалықғалымныңкітабынаударуды 

ойға  ала  қалса,  дереу-ақ  ол  ойынан  бас  тартар  еді,  өйткені 

тілдерінің кедейлігі мен гылыми терминологияның жоқтығы 

бұл  ннетін  жүзеге  асыртпас  еді  деп  жазыпты.  Г.Салямов 

сол  тұста  «Толковый  словарь  русско-ннтернациональных 

заимствований  в узбекском  языке» деген  сөздік  шыққанын, 

оган  рецензия  жазган  академик  Г.Мавлянов  пен  доцент 

И.Киссен  1927  жылы  К.Юдахин  жариялаган  өзбекше- 

орысша  сөздікте  барлыгы  тогыз  мыңдай  сөз  болганын,  ал 

А.Усманов  пен  Р.Данияровтьщ  сөздігінде  орыс тілі  арқылы 

енген  интернационалдық  сөздердің  өзі  тогыз  мыңга  жуық 

екенін ескертеді.

Төл  тэржімеміздің  тарихы  толық  түзіле  қоймағандыгы

-   басы  ашық  жай.  Бұрынгы  зерттеулерде  мұны  біз 

Н.Г.Чернышевскийдің:  «Заттың  тарихы  жоқ  жерде  заттың 

теориясы  жоқ,  ал  заттың  теориясы  жоқ  жерде  оның 

тарихы  туралы,  тіпті,  сөз  етілуі  мүмкін  емес,  өйткені, 

ондай  жагдайда  зат туралы,  оның  магынасы  мен  шекарасы 

туралы  мүлде ұгым болмайтыны» жөніндегі тұжырымымен 

түсіндіретінбіз,  «Қазақ  аудармасының  тамыры  тереңце, 

тарих  тұңгиыгында  жатыр  деп  айтқанымызбен,  оның

90


таряхи өркендеу сатысын белгілі жүйемен зерггеп, гылыми- 

эдеби  жагынан  бір  ізге,  бір  арнага  сала  алмай  келеміз», 

деп  мойындайтынбыз  [93,  22  б.].  Қазақ  ауцармасының 

тарихы  түзілмеген  соң,  оның  кезеңденуі  жөнінде  арнаулы 

ғылыми  еңбек  те  қазірше  жазыла  қоймағаны  белгілі  жай. 

Зейнолла  Тұрарбековтің  еңбегінде  қазақ  аудармасының 

даму  тарихын  шамамен  мынандай  дәуір-кезеңдерге  бөліп 

қарастыру ұсынылады.  Бірінші дэуір — VIII-XIV ғасырларда 

қазақтың жеке халық болып қалыптаспаған, түркі халқының 

құрамында  ру-тайпа,  ұлыс  одағы  болып  жүрген  кезеңдегі 

сөздіктер.  Екінші  дэуір  —  қазақ  аудармасында  нэзира 

әдіс-тәсілін  қолдану  Шығыста  эдебиет  туындыларын 

аударудың  негізгі  каноны  болған  дэуір.  Үшінші  дэуір  — 

қазақ халқының  Ресейге қосылғаннан бергі кезең. Төртінші 

дэуір  -  қазақ  аудармасы  совет заманында  қаулап  өркендеп, 

ғылыми жолмен дамыған дәуір.

Сейділ Талжановтың  кітабында аударманың кезеңденуі 

қазақ  әдебиетінің  парсылармен  байланысы,  моңғолмен 

ауыс-түйісі, арабпен байланысы, орыс халқымен жақындасу 

кезеңдері  деген  тұргыда  қаралады  да,  осы  кезеңдерде 

ортақ  сарындарды  ауыстыру,  тақырыптар  алмасу,  бейімдей 

баяндау, 

нэзирашылдық, 

еркін 


аударма, 

сөзбесөзшіл 

аударма,  балама  аударма  қалай  бой  көрсеткені  ашылады. 

Р.Шаханованың  аударма  кезеңденуін  «Абаевский  период», 

«Ауэзовский  период»  деп  екіге  боле  салуы,  эрине,  күрделі 

мэселені оңайлатып жібереді. Оның үстіне Абай кезеңін «от 

приблизительного  перевода  к  вольному»,  Әуезов  кезеңін 

«от  перевода  «слово  в  слово»  к  точному»  [94,  20  б.]  деп 

сипаттау да шартты.  «Абай кезеңінде» тек шамалас аударма 

мен  еркін  аударма  гана  жасалган  жоқ,  Абайдың  озінен  де 

аударманьщ  талай  түрін  табамыз.  Аударматануга  қосқан 

ерекше  үлесін  ескерген  күннің  өзінде,  түтас  гасырдагы 

аударманьщ  күрделі  жолын  «Әуезов  кезеңі»  деп  бір 

адамның  атымен  байланыстыра салу  ыңгайга келе  коймас. 

Бүл кезеңде қазақ аудармасы жай жаңаша баяндаудан бастап, 

бейімдей  эңгімелеу,  оңайлатып  әңгімелеу,  қысқартып 

аудару,  нэзира, өлеңці  қарасөзбен аудару, қарасөзді өлеңмен 

аудару,  эріпшілдік,  сөзбе  сөзшілдік,  барабар,  саймасай, 

балама аударма сияқты бел-белестерді  басып өтті.  Олардың 

барлыгын  бірдей  бір адамның эсер-ықпалы  айқындады деп 

кесіп  айту  қиын.  Бұл  айтылганнан  М.Әуезовтің  көркем 

аударманьщ теоретигі, жалықпас насихаттаушысы, талгампаз



91

сарапшысы, үздік зергері  ретіндегі бөлекше орны төмендеп 

қалмайды.  Әуезовтің:  «Орыс  тіліндегі  әдебиетгің  туысқан 

халықтарымыздың  тілдеріне  аударылуы  сол  халықтардың 

тілдерін  байыта,  дамыта  түспекші,  аударма  арқылы  орыс 

тілінің ойлау формасы, сөз мәдениеті жэне бүкіл әдебиеттік 

өнері 


біздің  халықтарымыздың  тілдеріне 

бірте-бірте 

сіңісіп,  қалыптаса  бермекші.  Тек  осы  жолдар  арқылы 

ғана  эр  халық  өзінің  эдебиет тілін  молықтырып,  өркендете 

түседі...»  [95,  12  б.]  деген  пікірінің  өзінде  тәржіменің  ең 

биік  миссиясы қолмен қойғандай тұжырымдалган.

Сол  миссияның  эрқилы  жолмен  атқарылуы  эбден 

мүмкін.  Тіпті  тапсырыс  жолымен  де.  Мысалы,  орыстың 

«Иванушка-дурачок» 

ертегісі 

бойынша 

жазылган 

П.Ершовтың  «Конек-Горбунок»  атты  өлеңді  ертегісін 

аударган  Уэйіс  Шондыбайұлы  сөз  басында:  «Орыстың 

ертегі екен Иванушке, / Ойландым өлең қылып, ерте, кешке. 

/  Ыбырай  жазып  бер  деп  бұйырған  соң,  /  Дей  ме  деп,  тіл 

алмайтын неткен кеще. / Сөзге сөз дэл түсіру қиын болды, / 

Сөкпеңдер бірен-саран қате кетсе. / Бағасын сынаушылар өзі 

қояр, / Әншейін біздің міндет айтып өтсе», дейді. Көрдіңіз бе, 

«Дегенде  перуайым,  перуайым, / Түседі  сізді  ойласам  сары 

уайым»  деп  «Перваясына»  ән  шығарып  өз  бетінше  жүрген 

Уэйіс ақынға аударманы арқалатқан да -  Абай ағасы.

Қазақ  аударма  өнерінің  өзіне  тэн  белгілерінің  бірі  -  

ауызша аударма. Әрине, бұл арада біз баяғы «Шырағым, мьгаа 

кісі  не деп түрға»  жауапты  айтпаймыз,  ауызша аударманың 

көркем  эдебиетке,  соның  ішінде  поэзияға  әсерін  айтамыз. 

Ауызша аударма әрқилы жағдайда, эрқилы мақсатпен жасала 

береді.  «Ақындық  шабытына  келген  кезде  Иса  Байзақов 

қандай  тақырыпқа  болсын  өленді  бөгетсіз  суырып  алып 

айтып кететін,  күшті, келісті  көркем поэзиялық сөз де,  ішқі 

логикалық  мазмұн,  тапқыр  ойлар  да  осы  түтқиыл  жылдам 

айтқан өлең-жырдан толықтабылатын. Жазушылар М.Әуезов 

пен  Ә.Тәжібаев  А.С.Пушкиннің  «Египет  түні»  эңгімесін 

Исаның  қалай  жалгастырып,  аяқтап  шыққандыгы  жөнінде 

қызық эңгіме айтады.  Жазушы,  ақындардың басы қосылган 

бір  мэжілісте  Исага  Пушкин  шыгармасының  мазмұны 

айтылып  беріледі.  Иса оны  ести  сала,  дэл  сол  жерде  поэма 

етіп  қайта жырлап  шыгады.  Оқиганың аяқталмаган түйінін 

өзінше шешіп, Клеопатрага деген махаббаты үшін  өз басын 

қүрбан  етуге  дайын  ерлер  елі  үшін  де  жанын  пида  етеді, 

үлы  махаббат  ұлы  адамгершілік  сезімді,  үлы  отаншылдық

92


? ? ? а мЫСТЫ тУдыРады деген идеяны жырлайды»  [96,  Б.311- 

312j.  Исаның сондағы сүйенгені  -  ауызша ауцарма  Әуезов 

жасаған ауызша аударма. 

у

Г97  ӘК9П7 



о АуДарМа  ахуалы»  Н

  мақаласында



’ Z

]

  <<Өзшіздеп  аударма  тарихын  сөз  етсек 



көне

  замандарға  иек  артарымыз  хақ.  «Мың  бір  кеше»

«Рүстем-дастан»,  «Махабхарата»,  «Рамаяна»  сарындГры

арабтар  арқылы  жеткен  Эзоп  сықақтары  -   халқымызбен

п Г м е ^ Г Г   КСЛе  ЖаТҚЗН  В

В

  тУьшДылгфы  емес 



болсын 

ауд/ рма 

қазіРгі  ұғымымыздан  алыс

даү  бап  мя9 





т

  ТараТСаҚ  ЭРГІ  ТСГІ В

І І  екенінде 

дау  бар  ма?  Қазақ  арасында  аударманың  нэзира  үлгісі

дамыган.  Ц

  орайда  біз  шығъгсш 

өзімізше  қаита  жырладық  десек  те  болғандай»,  дей  келіп

аты  МЭ™ҺҮР  аудармашылар  да  болған.  1341  жылы’ 

% гбы   жырау  Ниязидың  «Қосырау  һэм  Шырынын»  нэзира 

үлпсімен езінше қаита жазып шықса,  Сайф Сарай Жәмидің 

«Гүлстанын»  1390  жылы  ауцарған.  Демек,  бұл  орайда 

тшге тиек  етер  көне  тэжірибе  аз  емес.  Ал  сол  барымыздың 

багасына  барып,  қадіріне  жетіп  жүрміз  бе,  жоқ  па  -   ол 

басқа  эңгіме»,  деп  қызық  бір  жайды  алға  жаяды.  «Біз  6

үл

 

рада  ертедегі  қазақ  жерінщ  ақыны  Сайф  Сарайдың  1390- 



1991  жылдарда  «Гүлстанды»  ескі  қыпшақ  (қазақ)  тіліне

ТОҚТаЛГЬШЫЗ  В

В

 

мэселе  арнайы



а й Е   98  48  б Т п г  ДеГеН  СШДІ  Рахманқ¥л  Бердібай  да 

аитады 


48  б.].  Осы  аудармалар  жөнінде  нақгы  айтао

І Я


І В

Я

Жа3ба  Дэлеліміз қайсы? 1 1 1  аудармасының 



тарихын  зерттеудеи-ақ  зерттеген  авторлардың 

бір  де


б ф ^ ш ен   XIV  ғасырда  тел  Н

И

  тәржімелені4



мұндаи  көлемді  шыгармалар  жөніндегі  жазбаша  мэтм*™

кездестірмейтінбіз.



т.  л   ш. 

*

бұл  жөнінде  де  нақты-нақты



Алдымен,  Тұрсынбек

с/рда дэуіріне оіз түгелдеи ортақпыз.  Ал 

тші -қыпшақтілі болса, онда қазақ даласы

31

құтыла  алмаймыз



~ .....‘г;;* VV1V 

^ил дәуірді  тереңдетіп

зерттеген  Алма  Қыраубаева:  -   «Гүлстан»  -   парсы  және

түрік  әдебиетше  ортақ мүра.  Себебі  бүл  кітапты  алғаш  XII 

ғасырдың аяғы, XIII ғасырдың басында парсы ақыны Сағди 

жазса, XIV ғасырдың аяғында (1391  жылы) Алтын Орданың 

Сараи  қаласынан  шыққан  ақыны  Сейф  Сарай  түрік  тіліне

93


аударган»  [100,  207  б.]  деп  жазады.  С.Сарайдың  өмірі  мен 

өнері  жайында  қазірдің  өзінде  Х.Миннегуловтың  [101], 



Н.Давроповтың  [102]  арнаулы  зертгеулері  бар.  Әрине, 

«Гүлстан»  аудармасын  біз  төл  тәржіме  өнеріне  басы  бүтін 

тели салмақшы емеспіз, әйтсе де оның бізге атымен қатысы 

жоқгай  қарап  келгенімізді  де  қолдау  жөнсіз.  Ең  бастысы 

І   А.Қыраубаеваның  кітабында  келтірілген  Сайф  Сарай 

аудармасының  шумақтары  қазіргі  қазақ  оқырманына  да

түгел дерлік түсінікті.

«... көркем шығармал ардың аудармасына келгенде, мұның

эдебиет ауқымына кіретінін  ұмытпау керек»,  деп  ескерткен 

Сәйділ  Талжанов  эрі  қарай  ойын:  «Бөгде  елдерден  қазақ 

халқының  ауызша  аударып  алуы  (астын  сызган  біз -  С.А.), 

ауысуы  әріден  келе жатқандай.  Иран-араб, монгол,  шагатай 

тілдерінен ауысқан, ауызша айтылатын ертегілер, неше алуан 

ұсақ  мысал-нақылдардың  бар  екенін  ілгеріде  толық  айтып 

өттік», деп жалгастырады [16,154 б.]. Тагы бір мақаласында 

«Қазақ  халқының  мәдениетіне,  эдебиетіне  аударма  17-18 

гасырлардан  бастап  енген  сықьшды»  [103]  деп  жазганы 

бар.  Сэйділ  Талжанов  1966  жылы  өткен  Бүкілодақгық 

симпозиумда  сөйлеген  созінде:  «Қазақ  тіліндегі  тұңгыш 

аудармалар  XVII-XVIII  гасырларда  жасалган.  Олар  араб- 

парсы  ертегілерінің  еркін  жырлануы  болатын.  «Мың  бір 

түн» мен Фирдоуси «Шаһнамасының» үзінділері  осылайша 

ауыздан  ауызга  тарап  отырган.  Орыс  классиктерінің  қазақ 

тіліндегі  аудармалары  XIX  гасырдың  екінші  жартысынан 

бермен қарай коріне бастады», деген. Тегінде, осынау тезис 

қастерлі  мэдени  мүраны  игерілу  тұргысынан  тереңдетіле, 

толықтырыла  түсуге  тиіс.  Бірақ,  біз  бұл  арада  ненің  таза 

аударма,  ненің  нэзира,  ненің  қайта  баяндау,  ненің  еліктеу 

екенін  басын  аша  айқындап  алуымыз  шарт.  Тегінде, 

нэзира  да,  қайта  баяндау  да  аударманьщ  баламасы,  жаңа 

тілде  жеткізудің  жолдары  ретінде  қарастырылганы  жөн. 

Әрине,  «Көркем  аударма  қазақ  әдебиетінің  корнекті  де 

салмақты  саласының  біріне  жатады.  Қазақ  халқы  — Батыс 

пен  Шыгыстың  рухани  дүниелеріне  жат  қарамайтын 

халық.  Орта  Азия  мен  Қазақстанда  тұратын  түркі  тілдес, 

тұқымдас  халықтардың  арасында  мәдени,  эдеби  алыс- 

беріс  атам заманнан  бері жүріп  жатқан  процесс  екені  анық. 

Қазақтың  жыраулары  мен  ақындары  Шығыс  халықтарына 

кең  жайылган  «Мың  бір  түн»,  «Шахнама»,  «Тотынама» 

жэне атақты жеті гашық жырларын қазақ топырагына әкеліп



94

қаитадан жырлаган, жаңа нұсқаларын тудырған. XIX ғ. басы 

мен XX ғасыр басында қазақ мәдениетіне көп қазыналар келіп 

қосылды»  [104,  64  б].  XIX  ғасырдың  аяғына дейін  Шығыс 

классикасынан  еркін  аудармалар  («Шахнама»,  «Ләйлі- 

Мэжнүн», «Жусіп-Зылиха», «Фархад-Шырын»,  «Ескендір», 

«Сеифшмәлік»,  т.б.),  діни  қиссалар  («Салсал»,  «Зарқұм», 

«Жүм-Жұма»,  «Кербаланың  шөлінде»,  т.б.)  жазылғаны

олардың  жарық  көргені  де  белгілі.  Бірақ,  эр  нэрсенің 

реті  оар.  Қалай  дегенде  де,  қазақтың  төл  тэржіме  мектебі 

қашаннан  қалыптасқан  деп  нақты  құжаттармен  қуаттап 

тұрып айта алмайтынымыз анық. Мысалы, өзбек ағайындар 

өздерінің  Шығыстану  институтының  қолжазбалар  қорында 

осыдан  мың  жылдай  бұрын  жасалған  аудармалар  сақтаулы 

екенін  орынды  мақган  етеді.  Рас,  олардың  эл-Фараби 

аудармаларын да  өздеріне  жеке-дара иемденіп  кететіні  бар. 

Дж.Шариповтың  «Создадим  историю  перевода»  [30,  91-99 

б.]  атты  мақаласында  осылай жазылган.  Ешкім  ортақтасып 

жатпаса олай иемденбегенде қайтсін.  Шыніуайтында, қазақ 

топырағынан  шыққан  алгашқы  аудармашы  -   эл-Фараби 

бабамыз. Аудармашылыгы жайында тарихта айтулы.

Белгілі бір дәрежеде осы өңірдегі рухани жәдігерліктерге 

ортақтастықтың  ой-қисыны  тұргысынан  қарасақ,  өткен 

гасырлардағы  нәзирагөйлік  дэстүріне  көршілеріміздегі 

Хорезм I   тэржіме 

мектебінің 

эсер-ықпалы 

болганын 

бағамдаймыз.  Он тоғызыншы  ғасырда қалыптасқан Хорезм 

аударма  мектебінде  жүзге  жуық  тәржімеші  бас  қосқаны 

қызығарлық жай. Мунис пен Ағахи басқарған бұл мектептің 

ұлт  мэдениетінде  қалдырған  ізі  ғажап.  Мысалы,  Ағахидің 

өзі  гана  жиырмадан  астам  іргелі  шыгарма  аударган, 

олардың  арасыңца  Сағдидің  «Гүлстаны»,  Низамидің  «Жеті 

аруы»,  Жэмидің  «Жүсіп-Зылихасы»,  Хилалидің  «Шаһ  пен 

қайыршысы» бар.  Хорезм аударма мектебі жөнінде көлемді 

зерттеу  жазган,  осы  тақырыпта  докторлық  диссертация 

қорғаган  Нэжмеддин  Камилов:  «Қолда  бар  мэліметгер 

боиынша,  Хорезмде  біз  қарастырып  отырган  кезеңде 

120  шыгарма  аударылган,  олардың  31-і  көркем  шыгарма, 

29-ы  тарихи  жэне  мемуарлық  туындылар»,  дейді.  Олар 

Батыс  мэдениетін  игеруге  осындай  дайындықпен  кіріскен. 

Осыны  ойлаганда  Абай  атамыздың,  зерттеуші  Базарбек 

Атыгай  айтқандай,  «алдьшда тым  болмаса,  нүсқага  алатын 

аудармалар жоқ болса да», жалгыз өзі ұлттық аударма өнерін

қалыптастырып,  Шоқанның  1856  жылы  қыргыз  жеріне

95


алған

асын» орысшаға аударуы, сөйтіп ұлы жырды Еуропага алғаш 

таныстыруы өз алдына бөлек дүние) тәржіменің классикалық, 

үйренерлік  үздік  үлгілерін  жасап  беріп  кеткеніне,  сөйтіп, 

айналасы  жиырма  шақгы  жылдың  ішінде,  XX  ғасырдың 

басынла  казак  аударма  мектебі  опныға  бастағанына  калай

қалай қаиран қалмассыз

дэстүрі


бұғана

бекітуіне  қолайлы  шықты...  «Аударма  жәдігерліктерін 

олардың  түпнұсқаларымен  салғастыра  зерттеу  хорезмдік

тэржімешілердщ әртүрлі эдіс-тэсілдер қолданғанын,  алаида 

негізгі  үрдіс  түпнүсқаны  оңайлату  болғанын  көрсетеді», 

дейді  Н.Камилов.  Сонда  ол  қандай  оңайлату?  Мынандай:

халық

күрделшенген



сақтаи отырып

ге түсіру; в; шығарманың жалпы сипатьн 

композициялық  түрғыдан  озгерту  (Сағдидің  «Гүлстаны» 

солай 


аударылыпты); 

г) 


мэтінді 

түсініктеме 

беріп, 

редакциялап  оңайлату;  д)  «бөгде»  аударманы  редакциялау;



е)  аударманьщ  авторедакциясы;  ж)  оңайлатылған  нұсқа 

бойынша  аудару;  з)  аудару  барысында  текстологиялық 

түзетулер  енгізу;  и)  мэтінді  кеңейту,  интерполяция.  Мұның

әдебиетті

халыққа

амалы


көзқарас түрғысынан қарағанда,  оңаилату -  жағымсыз жаи. 

«Алайда,  Хорезм  аудармашыларын  бүгінгі  уақыт  биігінен 

қарап  жазғыру  жөнсіз.  Сол  дэуірдің  ерекшеліктерін, 

әлеуметтік-тарихи 

міндеттерді, 

үлттық-эстетикалық 

дүниетанымды  еске  алу  керек»  (Н.Камилов).  Дегенмен, 

оңайлатып  аудару  дәстүрі  озбек  аударма  өнерінде  едэуір 

орнығып  үлгергенінің  теріс  жақтары  да  жетіп  жатыр. 

Оңайлатуға  бейімделіп  алған  олар  кешегі  соғыстың 

алдындағы  кезеңге  дейін  классикалық,  көлемді  дүниелерге 

тіс  батыра  алмай  жүрді.  Мүны  зерттеушілердің  өздері  де 

талай атап откен.  Ал бізде «Қазақтың XX ғасыр басындағы 

демократ  ақын-жазушыларын  алсақ,  олардың  «орыс  тілін 

білемін  һэм  хатымен»  деп  тапай  талаптанбағандары,  орыс 

тілінен  көркем  шыгармалар,  әсіресе,  А.С.Пушкиннің, 

М.Ю.Лермонтовтың, 

Н.В.Гогольдің. 

Л.Н.Толстойдың. 

И.А.Крыловтың,  тағы  басқалардың  бірді-екілі  шығарма- 

ларын қазақтіліне аудармагандары кемде-кем» [105,  159 б.].

96


Түсііктегі  Мұсабек  ақынның:  «Шайырлыққа  қазақтың 

алдьгндаймын,  Еш  жүйрікке  алдымды  шалдырмаймын. 

Арабы,  парсы,  түркі  -   бэрі  бірдей.  Тек  тұрмай  орысша  да 

балдырлаймын»,  дейтіні,  соларды  өзінше  оқып  көрген  соң 

қызды-қыздымен  «Шекспир,  Бальзак,  Гете,  Пушкинніңнен, 

Кеммін  деп  жүргенім  жоқ  ешкіміңнен»,  — деп  жіберетіні 

де  сол  тұста.  Өйтпесе,  «орыс  әдебиетінің  ұлы  мысалшысы 

И.Крыловтың «Адам мен аю» мысалын тәржімелеуге батылы 

бармаған, тәуекелі жетпеген болар еді» [106,  136 б.].

Өзбек  тілін  кезеңдендіру  (периодизация)  жөнінде 

кейіигі  кезде  ориыға  бастағаи  көзқарасқа  сайып  қарағанда 

ол  төрт  кезеңге  бөлінеді:  1.  Көне  өзбек  тілі  —  XII-XIV 

ғасырлар;  2.  Орта  өзбек  тілі  -   XIV-XVI  ғасырлар,  Әлішер 

Науаи  шығармаларының тілі  осыған жатады;  3.  Жаңа өзбек 

тілі  -  XIX  ғасыр  -  XX  ғасырдың  басы;  4.  Өзбектің  бүтінгі 

әдеби тілі  [107, 427 б.].  Осылардың талайына біздің тікелей 

ортақтастығымыз  талассыз  болуға  тиіс.  «Қазіргі  отандық 

тюркологияда  орта  ғасырлардан  келе  жатқан  орта  азиялық 

түркі  әдеби  тілін  (шағатай  тілін)  көне  өзбек  әдеби  тілі  деп 

тану  тенденциясы  басым.  Ал  Г.Мұсабаев  мұны  көне  қазақ 

жазба эдеби тілі деп те таныды:  «Көне түркі тілінің тікелей 

әсерімен  араб  жазуының  негізінде  шағатай  (ескі  өзбекше) 

делінген  жазбаша  тіл  қалыптасты.  Осы  шағатай  тілі  кейін 

Орта Азиядағы түркі  халықтары үшін  әдеби тілге айналды. 

Бұл тілдің қазақ тілінен біршама айырмашылығы бар, әйтсе 

де  ол тұтастай  алғанда түркі тіліиде  сөйлейтіндерге,  соның 

ішінде  қазақгарға  да  түсінікті  еді.  Солай  болғандықтан 

да  осьгаау  кітаби  тіл  XX  ғасырға  дейін  Қазақстанда  да 

қолданылып  келді»  [108,  82  б.].  Ал  қалған  ғалымдардың 

көпшілігі қазақ даласында өмір сүрген бұрынғы жазба әдеби 

тілде  қазақша  жырланған  діни  қисса-дастандар  мен  кейбір 

діни  тақырыпты  аударма  дүниелер  тіліне  жатқызады  [109, 

32  б.].  XIX  ғасыр  мен  XX ғасырдың  басындағы  жаңа өзбек 

тілі,  әрине,  шағатай  тіліне  өте-мөте  жақын.  «Кемелдікке 

жеткен  кезіндегі  өлеңдерінің  денін  таза  мөлдір  қазақ 

тілінде  жазған  Абайдың  ғақлияларында  шығыс  сөздерінің

үлесі  едэуір  үлкен.  ііпті  оның  отыз  сегізінші  сөзінщ  тші 

кей  түста  орта  азиялық  түркі  нормасына  жақын  келеді. 

Мәселен: «...эрбір хадиске айтылатүгын бір қадимгетағриф 

болмайды.  Ол  «бір»  деген  сөз  ғаламның  ішінде,  галам 

аллатагыланың  ішінде,  кұдай  табарака  уатағала  кітаптарда 

сегіз  субутия  сипатгары  бірлэн  білдірген.  Бұлардың

7-2915

97


һәммасы аллатағыланың зәтия субутия уэ фиғлия сыпаггары 

дүр»  [110,  Б.54-55].  Абайды  айтамыз,  күні  кешегі  Мұстафа 

Шоқайдың  қос  томдық  еңбектері  де  [111]  қазіргі  қазақ 

тіл-жазуына  Айтан  Нүсіпханның  көмегімен  шағатай  тіл- 

жазуынан  ауыстырылып,  жарық  көрген  жоқ  па?  Қысқасы, 

Б.Кенжебаевтың:  «Ертедегі  шағатай  эдебиеті  тек  Абайға 

ғана  дәстүр  емес,  сол  сияқты,  қазақ  халқының  XX  ғасыр 

басындағы көптеген ақын-жазушыларына да; Мэшһүр Жүсіп 

пен  Нұржанға  да,  Ақмолла  мен  Мақышқа  да,  Ғұмар  мен 

Әбубэкірге  де,  Мүхаметжан  мен  Өріпке  де,  Сүлтанмахмүт 

пен  Сәбитке  де  -   бэріне  де  дәстүр.  Осылардың  бэрінің  де 

ақындық арналарының бір негізгі бүлағы», деген сөзі әбден 

эділ.  Бұдан біздің халқымыз сол дэуірде аударма әдебиетіне 

қажетін негізінен шағатай тіліне аударылған, өзіне түсінікті 

шыгармалар арқылы өтеп отырды деген түйін туындайды.

Тәржіме  тарихын  жазғанда  эр  кезеңдегі  аудармаларға 

дэл 

бага 


беру 

маңызды. 

І.Жанеүгіровтің 

«Евгений 

Онегинді»  аударуында  бірқатар  кемшіліктер  орын  алғаны 

рае,  ал айда,  ол  олқылықтардың  себебін  «І.Жансүгіров 

негізінен  фольклорльщ  тілді  қолданды,  сөйтіп  оқиғаларды 

алыстата  түсті»  [94,  52  б.]  деп  түсіндіру  ретсіз,  өйткені, 

ақын  оз  аудармасында  фольклорлық  әдіс-тәсілдерден  эдейі 

бас  тартқан.  Ондағы  кемшіліктердің  негізгі  себебі  басқада

— әсіре эріпшілдікте, сіреспе сөзбе-сөзшілдікте.  Ол жөнінде 

еңбектің арнаулы тарауында соз етілетін болады.

Қазақ  аударма  өнерінің  айналасы  бір  жарым  ғасыр 

басында  ерекше  күрделі  жолды  басып  өтуінде  тіліміздің 

озіндік байлыгы олшеусіз орын алады. Шоқан Уәлихановтың 

«Қазақ халқының әдебиеті, онері туралы» деген еңбегіндегі 

мына создер қалайша мерейіңці тасытпасын: «Европада көш- 

пелі  рулар  жөнінде  элі  күнге  дейін  бір  жалган  пікір  басым 

болып  келеді.  Ол  жалган  пікір  бойынша көшпелі рулар  бір 

жауыз  тобыр  сиякты.  Бір  тәртіпсіз  тагы  сияқты.  Олардың 

ойынша көшпелі монголдар мен қазақтар мал сияқты жосып 

жүрген надан  варварларга жақын  боп  шыгады.  Ал шынына 

келсек,  бүл  тагы  деп  отырган  жүрттардың  көбінің  жазба 

түрінде болсын, ауызша түрінде болсын, өз әдебиеті бар, өз сөз 

онері бар... Солардың ішінде қазақ халқы айрықша шыгады. 

Ақыл-ой онері жагынан сахараның қазагы шаһарда түратын 

татарлар мен түріктерден элдеқайда жогары жатыр. Поэзияга 

деген бейімділік,  эсіресе импровизацияга деген дарындылық 

көшпелі  жұрттардың  бэрінде  болатын  бір  қасиег...  Мүндай

98


қасиетгің болуына көшпенділерге өздерінің алаңсыз көшпелі 

өмірі  эсер  етті  ме,  болмаса  ұшы-қиыры  жоқ  жасыл  дала 

мен  моншақгай  жұлдызы  көп  ашық  аспанды  сұлу  табиғат 

эсер  етті  ме  -   мұны  білудің  бізге  эзір  қажеті  жоқ...  Қазақ 

тілі  түрік  тілдерінің  ішіндегі  ең  тамашасы.  Қазақ  тілінде 

араб тіліндегідей  жасанды,  бояма сөздер жоқ,  ол — таза тіл. 

Солай болгандықтан мұның поэтикалық қасиеті де ерекше». 

Қуатгы тілдің басты бір белгісі -  қабылдампаздығы.

Н.В.Гоголь  «В  чем  же,  наконец,  существо  русской 

поэзии  и  в  чем  ее  особенность»  деген  мақаласында  [32,  49 

б.]  Жуковский  аудармалары  жайында  айта  келіп:  «Мұндай 

ақынның  данышпан  қабылдампаздығы  сондай  күшті  орыс 

халқының ортасында гана дүниеге келуі мүмкін еді, мұндай 

даньпппандық  оган  басқа  халықгар  тиісінше  багаламаган, 

тиісінше  игермеген  жэне  немқұрайды  қараган  асылдың 

бэрін жарқыратып көрсету үшін берілген болар», дейді. Осы 

айтылган сөз дэл осы қалпын да бізге, қазақ халқына да тікел ей 

қатысты.  Н.В.Гоголь  Жуковский  ауцармаларына  қатысты: 

«Ол  енгізген  жаңа  пішіндер  мен  уэзіндерді  кейіннен  біздің 

басқа  ақындарымыз  өз  өлеңдерінде  кеңінен  пайдаланатын 

болды», деген еді.  Гоголь айтқан «гений восприимчивости» 

біздің қазаққа соншама дэл келетін сипаттама.  Бұл жөнінде 

«Евгений  Онегин»  романының  халықтық  дастан  түрінде 

қайта-қайта  шыгарылуын  талдаган  тұста  ойды  тарата 

түсеміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет