БАҒдарламасы бойынша шыгарылды



Pdf көрінісі
бет5/45
Дата03.03.2017
өлшемі26,87 Mb.
#6207
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45

қауымға 

Аударма өлең — келін ғой.

Келіндер 

Түскен ауылға 

Сүйкімсіз болса,

Өлім ғой!

Топер 

дұрыс 


айтады: 

аудармашының 

ақыннан, 

жазушыдан  кем  түсетін  жері  де  бар,  артық түсетін  жері  де 

бар.  Кем түсетіні -  оның өнері,  қанша дегенмен,  қайталама 

өнер.  Артық  түсетіні  -   ол  өзі  аударатын  қаламгерлердің 

бэрімен де деңгейлес тұруға, олар түсінгенді түсінуге,  олар 

сезінгенді  сезінуге  тиіс.  Өзіміздің  Шэкэрімнің  мына  сөзі 

де  ойда  тұрса  артық  емес:  «Ақын-жазушы  өзінің  жазган 

тума  шығармасына  жауаптылықпен  қарау  қажеттігі  сөзсіз. 

Ал  өте  жауапты  нәрсе  -   біреудің  шығармасын  аудару. 

Бұган  өте  шеберлік  керек.  Шығарманы  аударушы  адам, 

сол  шыгарманың  барлық  мазмүнын  түсіндірумен  қатар, 

жазушының  нэзік  сезімін,  шеберлігін,  шығарманың  қандай 

күйде,  қандай рухта  жазылғанын  жақсы  білу  керек.  Демек, 

аудармашы  сол  аударманьщ  авторынан  ой-санасы,  сезімі 

томен  болса,  онда аударма дэл  болып  шықпайды.  Шыгарма 

аударылганда рухынан айрылып қалса, онда аудармашыньщ 

жазушыға  қиянат  істегені  болады».  Термин  араластырып, 

гылымиландырып  сойлемеді  демесеңіз,  Шәкәрімнің  бұл 

созі  біздегі  тәржіме  теориясының  алғашқы  сілемдері  екені 

талассыз.

Аудармашы  үшін  ауадай  қажет  қасиеттің  бірі  -   басқа 

ақынга  барын  бере  білу.  Ал  мүның  басты  шарты  -   өзі 

аударатын  ақынды  жан-жүрегімен  жақсы  кору.  Расында 

да,  тэржіме  барысьгада  сөз  де,  теңеу  де,  метафора  да, 

образ  да  түпнұсқаның  өзінен  туындап  жататындай  санауға 

болмайды.  «Ән айтсаң да жаныңды жеп айтасың» дегендей, 

кез  келген  шығарма  басқа  тілде  қайта  тууы  үшін  жан 

жылуы,  жүректің  жомарггыгы  керек.  Ғафу  Қайырбеков 

Байрон  кітабына  алгысөзінде:  «Қаншама  жиған  сөз  қорым

67


кетті  десеңші!»  дейді.  Осы  орайда  Арсений  Тарковскийдің 

аудармаға  қатысты  атақты  шумағына («Для  чего  ж лучшие 

годы/  Отдал  я  за  чужие  слова?  /Ах,  восточные  переводы, 

/ Как  болит  от  вас  голова!»)  шабуыл  жасап  жүретіндердің 

табылатындары  қынжылтады.  А.Гитович:  «Аудармашыньщ 

жауапкершілігінің  бір  шарты  кімді  аударатынын  таңдай 

білуі, сонымен қатар аудармашыньщ шынайылыгы, кез келген 

басқа суреткер сияқты, озінің сүйікті ісімен шұгылдануынан 

танылады»,  дей  келіп,  ақынның  жаңагы  шумагына  бы­

лай  шүйіледі:  «Басыңды  ауыртардай  жаныңды  жейтін 

ақындарды  аудару  да  бір,  озің  сүймейтін  эйелмен  омір 

сүру  де бір. Мұндай адамның жагдайын  түсінуге, отбасьшық 

ауыр  тірлігіне  жанашырлық  сезімін  білдіруге  де  болады. 

Алайда оган берілер жалгыз орынды кеңес -  ажырасу».  Сөз 

болтаны на.  Тарковский:  «Как болит от вас голова», дегенде 

Шьіғыс  ақындарына  сендер  менің  басымды  қатырып 

бітірдіндер, 

жалықгырып 

жібердіңдер  дегенді 

емес, 


олардың  өлең-жырларының  тылсым  сырларын,  аударуға 

бой  бермейтін бұлалыгын айтып тұр емес пе?

Өлең  аударыла  бастагалы  мыңдаган  жьшдар  отті. 

Осы  уақыттың  ішінде  адамдар  поэзия  аудармасы  деген 

не,  аударылган  өлең  түпнұсқаға  данышпандық  жагынан 

деңгейлес  («конгениально»)  болуы  үшін  қайтпек  керек 

Деген мэселелер төңірегінде бас қатырумен келеді.  Аударма 

туралы  толғамдардың  арасындагы  даулы  тұжырымдардың 

басым болігі олең аудармасына қатысты екені сондықтан.

«Поэзия—Жаратқан Иенің эманда жалгыздық торындагы 

пенделерімен  пейілдессін,  пікірлессін  деп  эдейі  жіберген 

ақ  қанат періштесі» -  Әбіш  Кекілбаевтың  осы  созіне  Ефим 

Эткиндтің  мына  айтқаны  жалгасып  жатыр:  «Поэзия  — 

ұлттық тілдің тіршілік  етуінің  ең  жогары  формасы.  Поэзия 

шыгармашылыгында  халықтың  рухы  — оның  тарихи  жэне 

мәдени дамуының, мінез бітімінің ерекшелігі барынша толық 

жэне  ұйысқан  күйде  корінеді.  Басқа  халықтың  поэзиясын 

түсіну басқа ұлттық мінезді, басқа мәдениеттің сезім элемін 

түсіну  деген  соз»  [28,  3  б.].  Ең  тамаша  тәржімешілерден 

алар  басты  тагылымның  бірі  — аударылар  олеңнің  әлеміне 

ену.  Сол  нақты  олеңнің әлеміне  ену  арқылы  сол халықтың, 

сол  елдің  әлеміне  енуге  болатынын  айтады  әдебиетшілер. 

Мысалы,  Маршактың  аудармашылық  ұлылыгы  дегенде 

біз  Берне  элемін  ашқанын,  агылшын  жэне  шотланд  халық 

балладаларының  әлемін  ашқанын  алдымен  ауызга  аламыз.

68


Медеубай  Құрмановтың  «Фаустың»  оқығанда  да  біз  Гете 

әлемін,  сол  арқылы  неміс  әлемін  ашамыз.  Олардың  бэрі  де 

поэзия  туындысының  біртұтастығын  сақтай  білгендігімен 

құнды.  Өлең  деген  идеяның,  образдың,  сөздің,  ырғақгың, 

интонацияның,  сөз  саздылығының,  композицияның  бірлігі 

ғой.  Олардың  арасына  селкеу түссе-ақ өлең өрмегі  ыдырай 

берді  деңіз.  Аудармашының  қолынан  шыққаннан  кейін  де

элгі  құрамдас  бөлшектердің  бэрі  қайтадан  бас  біріктіруі 

керек.

1.3.5. 


Туыстас  тілдерден  тәржімелеу.  Мұхтар  Әуезов 

1958  жылы  орыс  тілінен  Орта  Азия,  Қазақстан  жэне 

Әзербайжан  халықтарының  тілдеріне 

аударма  жасау 

мәселелеріне арналған республикааралык аймақтық кеңесте

сөйлеген сөзінде түркі тілдеріндегі тэржімелерді салғастыра 

талдау,  туыстас  елдер  аудармашыларының  тәжірибесін 

жинақтау қажеттігіне назар аударған болатын.

Қазақ аудармасын  қапы  қалдыратын  жайдың  бірі — сан 

турлі  себептерге  байланысты  туыстас  тілдерден  тэржімені 

де  көп  уақыт  бойы  орысшасы  арқылы  жасап  келгендігіміз. 

«Тіпті,  өзбек,  қырғыз,  қарақалпақ  ақындарын  түпнұсқадан 

гөрі  орысшадан  аударғанды  қалаймыз»  (Е.Раушанов). 

Мұның  себебі  де  баршылық.  «Совет  Одағын  мекен  еткен 

20-дан  астам  халықтар  бір-бірімен  аудармасыз  түсініседі. 

Бір  «қызығы»,  осы  ауызекі  сөйлескенде  түсінісетін 

халықгар бірінің жазганын екіншісі түсінбейді. Түркі тілдес 

халықтардың  орыс  кириллицасын  тұтынатыны  белгілі.  Ал 

енді түркі тілдес халықтар дыбысталуы бірдей дыбыстарды 

эріпке  көшіргенде,  әрқайсысы  осы  эріпті  эр  түрліше 

таңбалаған» -  Ақселеу  Сейдімбектің  1989  жылы  Алматыда 

өткен  халықаралық  конференцияда  [79]  айтқан  осы  созі

— басты  себеп.  Мысалы,  озбек  ағайынның  базардағы  созі 

бір бөлек те, жазардағы сөзі бір бөлек.  «Олинг, келинг» деп 

жазылатын сөздерді «олиң, келиң» деп айтады.

Тілдердіңфонетикалықжақындыгыдіптіұйқастуыстығы

өлең  өрнегін  өзгешелендіріп  жіберуге  көмектеседі.  Оның 

үстіне  ортақ  сөздер  мол.  Еуропаның  басты  тілдерінде 

негізінен 

аргы  түбі 

грек-латьш  тілдерінен 

тараған 


7  мыңдай түбір сөз бар екен [80, 245 б.]. «Манас» эпосының 

аудармасы тұсында қазақ қаламгерлеріне  қырғыз  жырының 

туыстығы  көмекке  келгені  сөзсіз.  «Аллаһтан  мұндай  сөз 

келед,  / Алғашқы  нәрсе  —  сөз  келед./  Салмақты  шыққан 

соз  болса,  /Шайтан  да  шошып,  сезгенед./  Сөз  ғана  жасар 

мэңгілік,  /Басқаның  бэрі  өзгеред»  [81],  деп  төгіледі  ұлы

69


жыр.  Сонымен  бірге  мұндай  тіл  туыстығының  аңдамаса 

жарға  соктыратын  жерлері  де  аз  емес.  Мұндагы  оңайлық

-  алдамшы оңайлық.  «Туыс тілдерден өлең аудару қиынның 

қиыны.  Прозаның  жөні  басқа.  Бір  қарағанда  бэрі  түсінікті, 

бэрі белгілі секілді, ал қолға қалам алып аударуға отырғанда 

көз  алдыңыздағы  көркем  дүниенің  солғын  тартып  бара 

жатқанын  көріп  қаламды  тартып  ала  қоясыз»,  деп  жазды 

Е.Раушанов өзбек ақыны Шолпан туралы мақаласында [289]. 

Сырттай  сөздің  орнына сөз  қойса жетіп  жатқандай.  Қалтай 

Мұхамеджановтың: 

«Қарақалпақшадан  пьесаны  қалай 

аударып  жүрсіз?»  деп  қағыта  сұрайтындарға:  «Жұма  күні 

мәшініске қызға беріп кетемін, дүйсенбіге дайындап қояды» 

дейтініндей...  Оның  үстіне  біздің  тіл  татар  ағайындардай 

Шандор Петефидің өзіне:

Көрэшлэрдэ 



мин 

дә катнашам,

Мин командир, минем отряд -  

Шигырьләрем. Алардагы рифма, 

һэр 

үткер 

сүз -  


кыю 

солдат!


— 

дегізіп  тарта  беретін  тіл  емес  қой.  Ағайьшдар 

демекші,  татар  ақындарының  кобі  қазақшаға  түпнұсқадан 

аударылған  жэне жақсы аударылған.

Сездэ минем бөтен тойғыларым,

Сездэ минем керсез яшьлэрем.

Сез үлгэсез, мин да онытылармын,

Яшәсэғез, мин да яшәрмен.

Мүса Жэлелдің бүл шумағын Сағынғали Сейітов былай 

шығарған:

Сенде менің бүкіл сезім-сырларым,

Сенде менің көз жасым тұр мөлдіреп.

Сен жасасаң, мен де өмірде жасармын,

Өлсең ойла, мені де үмыт болды деп.

Туыстас 


тілден 

тәржімелеудің 

озінің 

қиындығы 



кобірек  болуы  да  мүмкін.  Бүл  арада  мэселе  түпнұсқадан 

қаншалықгы алыстап кеткеніміз бадырайып тұратындығында

ғана емес.

Есенғали  Раушановтың  Хамза  жырларын  аударуынан 

озбек 

олеңінің 



озіндік 

орнегін 


қазақ 

жырымен 


қабыстырудың  эдемі  үлгісін  кореміз.  Сүйінбай  Эралиев

70


өлендерін  қырғызшадан  «қотарғанда»  да  ақындарымыз  аз 

табысқа жетпеген еді. Түрік поэзиясының күні кешеге дейін 

Мэскеуде жарық көрген кітаптардан аударылып келгені рас. 

«Мәскеуден  жарық  көрген»  деуіміздің  мэні  бар.  Бұрынғы 

идеологиялық өлшемдер бойынша бүкіл түрік поэзиясының 

асқар  шыңы  Назым  Хикмет  жырлары  саналатын.  Ал 

Түркияда  тағылым  алатындай  талантты  ақындар  аз  емес. 

Солардың  бірі  — Жүніс  Емре.  1991  жылы  ұлы  ақьінның 

Ескишехир 

қаласындағы 

тойына 

қатынасып, 



атақ- 

абыройының  қандай  асқақгыгына  өзіміз  де  куә  болғанбыз. 

Оның  өлеңдерін  Несіпбек  Айтов  эдемі  аударып  шықты. 

Алдағы  кезде түркі тілдерінен  тәржімелеу тек түпнүсқадан 

жасалатындай жағдайға жету міндет.

1.3.6. 


Тәржімеден тәржімелеу.  Тәржімеден тэржімелеу 

тек  қазақ  аударма  өнеріне  тэн  деуге  болмайды,  эрине. 

Сан  түрлі  себептерге  байланысты  бұл  әдіс  талайдан 

колданылып  келеді.  1783  жылға дейін  Ресейде  «Собрание, 

старающееся  о  переводе  иностранных  книг  на  русский 

язык»  деген  бірлестік  болтан.  1768  жылы  құрылган  сол 

бірлестік  173  том  кітап  аударып  үлгерген.  Аудармашыньщ 

қай  тілді  біпетіндігіне  байланысты  түпнүсқа  ретінде  сол 

тіл  алына  беретін  жағдайдың  бір  мысалы  —  Филдинг 

романдарыньщ 

орысшага 

агылшын 


түпнұсқасының 

французша  аудармасынан  жасалған  немісше  нүсқадан 

ауцарылғаны...

«Аудармашы өзі аударатын тілді білуге тиіс деп жатады. 

Солай  болтаны  дұрыс,  эрине,  бірақ,  меніңше,  бұл  міндетгі 

емес. Жолма-жол аудармадан да жақсылап аударуға болады, 

өйткені  түпнұсқаның  тілін  жақсы  меңгере  тұрганда  да 

алдымен  ойша  жолма-жол  аударып  алатыныңды,  сонан 

кейін  барып эр жолдың поэтикалық баламасын іздейтініңді 

өз  тәжірибемнен  жақсы  білемін»,  деген  еді  армян 

аудармашысы  кезінде  «Литературная  газетаның»  сұрагына 

жауап қайтарғанда [82].

Егер  біз  тәржімеден  тәржімелеуден  атымен  бас 

тартар  болсақ,  онда  көп  қазынадан  қүр  қалар  едік. 

Классикалық 

иран-тәжік  поэзиясы,  Әуезов  аударатын 

Шекспир 

пьесалары, 

Ерғалиев 

аударатын 

Шекспир 

сонеттері,  Мақатаев 

аударатын 

Дантенің  «Қүдіретті 

комедиясы», Петефи, Мицкевич жырлары қазақша сөйлемес 

еді.  Бұл  тәсілден  бас  тартса  орыс  поэзиясы  да  жүтаң 

тартып  тұрар  еді.  Ол тілдегі  ең  ғажап  аудармалардың  көбі

71


классикалық  дүниелердің  жолма-жол  тэржімесі  арқылы 

жасалған. Солайы -  солай.  Бірақ солай екен деп алдағы кезде 

де  Батыс,  Шығыс  поэзиясының  асыл  үлгілерін  түпнүсқа 

тілін  білмегенімізге  бола  орыс  тіліндегі  нүсқасынан  ғана 

аудара  беру  де  жарамсыз  жол,  түптің  түбінде  тұйыққа 

тірейтін  тәсіл.  Ол  аудармаларды  жасау  барысында  біраз 

дүние өзгеріске түскені, біраз нэрсенің жоғалғаны сөзсіз, сол 

орысшадан тағы аудару барысында жоғалту жалғаса беретіні 

тағы сөзсіз.  Бұл -  тым көп шығын.  Ол шыгынды азайтудың 

екі жолы бар. Біріншісі -  сол тілдерді білетін аудармашылар 

әзірлеу.  Өте-мөте  қиын  міндет.  Жылдарға  созылатын 

міндет.  Екіншісі  -  сол  тілдерден  жолма-жол  аударма жасап 

бере  алатын  мамандар  әзірлеу.  Бұл  анау  айтқандай  қиын 

міндет емес.  Жолма-жол  аударманы  орысша аудармалармен 

салыстырып  қарағанда  аудармашы  қиялына  қанат  бітірер 

көп нәрсе айқындалмақ.

1.3.7. Д еруақтыл ы қ. Өнертуындысы қал ай жасалғанына

ғана  қарап  бағаланбайды,  қашан  жасалғанына  қарап  та 

бағаланады.  Аударма да солай.  Тәржімеленетін  шығарманы 

тарих доңғалағы  мәдени жәдігерлікке  айналдырып үлгерсе, 

оны  аудармашының  қайтадан  жандандырып,  тың  тыныс 

беріп жіберуі неғайбыл.  Әдетте мынандай мысал келтіріліп 

жатады:  өткен ғасырдың 50-ші жылдарында Анна Ахматова 

Гюгоның  көптеген  өлеқдерін,  «Марион  Делорм»  драмасын 

аударған.  Қатырып  аударган.  Әйтсе  де  ол  аудармалар 

әдеби  омірдің  оқиғасы  ретінде  багаланбаған.  Неге  десеңіз, 

Гюгоның  шешеншілдігі,  қанша  жерден  мінсіз  аударылса 

да,  XX  ғасырдың бел  ортасындагы  оқырманның талғамына 

онша  үйлеспейтін  еді.  Кейде  тіпті  ең  тамаша  деген 

тәржіменің  өзі,  егер  ол  қогамга қажет  кезінде  ұсынылмаса, 

элдеқайда  әлсіз  дерлік,  бірақ  дер  кезінде  жарияланган 

аудармадан  эсерсіз  болуы  мүмкін.  Немесе  -   керісінше. 

«Қазақ  эдебиеті»  (2006,  29  қыркүйек)  Леся  Украинканьщ 

газетте  «Айша  жэне  Мүхаммед»  деп  аталган  драмалық 

этюдінің Әубәкір  Нілібаев жасаган  аудармасын жариялады. 

Шыгарманың  атынан  бастап  («Айша  және  Мүхаммед» 

емес,  «Айша  мен  Мұхаммед»  болуы  керек  қой,  ең  дұрысы

—  «Тахир-Зухра», 

«Еңлік-Кебек», 

«Қалқаман-Мамыр» 

сияқты  шыгыстық  үлгіге 

келтіріп,  «Айша-Мүхаммед» 

деу)  созбе-сөз  сірестірілген  дүние.  Бүл  арада  біз,  эрине, 

пайгамбарымыздың  жеке  оміріне  қатысты  жайды  емес,

72


аударылган  шығарма мэтінін ғана сөз еткелі тұрғанымызды 

ескерте кетелік.

М ухам м ед:

(Айшага қарап сөйлейді)

Дүниежүзіндегі  эйелдің  бәрінен  сен  сүлусың,  Айша!

Тірілер  де, өлгендер де, әлі тумағандардың

Ешқайсысы да саған жете ап майды!

А йш а:

Сен эрқашан да осылай ойлайсың ба?



М ухам м ед:

Алғаш көргенде-ақ мен сені ұнатқанмын.

А йш а:

Олай болса, алгаш көргенде-ақ мені неге алмадың?



Осылай  аударылғанына  қарамастан,  тэржіме  теріс  эсер 

қалдырмаиды.  Неге?  Дэл  сол  тұста  Дания  газеттерінде 

Мухаммед  пайгамбарды  (с.ғ.с.) 

күлкі  етпек  болған 

карикатуралық  суреттер  шыгып,  оны  Еуропаның  көптеген 

газеттері  көшіріп  басып,  бүкіл  мұсылман  дүниесі,  эсіресе 

араб  элемі  ашу-ызаға  булығып  тұрған  еді,  ол  аз  болғандай, 

қазақ  әдебиетінде  де  осы  тақырыпқа  арналған  келеңсіз  бір 

дүние  бой  көрсетіп,  оқырмандардың  наразылық  хаттары 

жарияланып жатқан. Сондай кезде өзге ұлт, өзге дін өкілінің 

пайғамбарымыздың  бейнесін  арқау  еткен  шығармасымен 

қазақ  қогамын  таныстырудың  озі  игілікті  шара  болып 

шықты.  Демек,  аудармашы  еңбегі  де,  газет  әрекеті  де  озін

өзі ақгады.

Деруақтылық  —  біздегі  поэзия  аудармасына  жетісе 

бермейтін  қасиеттің  бірі.  А.Твардовскийдің  «По  праву 

памяти» поэмасы эзірбайжан тіліне  1987 жылы аударылган. 

Ол поэма қайта құру, жариялылық басталганнан  кейін  1986 

жылы  гана  жарық  көрген.  Өткен  күндер  шындыгы  жаңа 

айтылып жатқан тұста Твардовский поэмасы да, сол сияқты 

Анна Ахматованың «Реквиемі» де қазақ оқырманына қажет- 

ақ дүниелер еді.

Әдебиеттің 

агартушылық 

міндеті 

эстетикалық 

уәзипасының  алдына  түсіп  тұрган  кезеңде  -   XX  гасыр 

басында  жасалган  коптеген  аудармалардың  коркемдік 

кемшілігіне  көз жұмбаганмен, түсіністікпен  қарайтынымыз 

да 


олардың 

деруақтылыгына 

байланысты. 

Ыбырай 


Алтынсарин,  Спандияр  Кобеев,  Бекет  Өтетілеуов  өз

73

аудармаларын  ұстаздық жұмысына  көрнекі  құралдай  көрсе 

де ешқандай әбестігі жоқ.

«Ресейде 

адамзаттың 

алтын 

қазынасына 



енген 

эйгілі 


шыгармалар  гылыми  институттардың,  арнайы 

мамандардың  қатысуымен  ғана  аударылады.  Аудармамен 

бірге 

ғылыми 


түсініктемелер 

беріледі. 

Сондықтан 

әуесқой  аудармаларға  эсте  жол  бермеу  керек»,  дейді 

Төлен  Әбдік.  Қазақ  аударма  өнерінде  тэржімеленген 

туындыларға  түсініктеме  жасау  дәстүрі  де  жап-жақсы 

орнығып  келеді.  Солардың  арасындағы  көрнектілерінің 

бірі  -   Тұрмағамбеттің 

«Рүстем-дастанына»  жазылган 

түсініктемелер.  1935  жылы  Бейсембай  Кенжебаев  Пушкин 

жырларын  алғаш  рет  кітап  күйінде  шығарғанда  «Кавказ 

тұтқынын»  аударган  Т.Жароков  поэмада  жиі  кездесетін 

«казактардың»  «орыс»  екенін, ал «черкеетердің» қазақтагы 

шеркес  руына  қатысы  жоқтыгын  ескерткен.  Сол  кітаптың 

1887 жылгы қос  томдық басылымнан аударылганы да қызық

1.3.8. 


Аударма  жэне  редактор.  Аударманың  сәтті- 

сэтсіздігі  жөнінде  эңгіме  болганда  редакторды  атымен 

ауызга 

алмайтынымыз  бар.  Осынымыз  дұрыс  емес. 



Тэржімедегі  жетіетік  пен  кемшілікке  редактор  да  ортақ. 

Осы  орайда  классиктердің  редакторлық  тәжірибесінен 

бір  мысал  келтіре  кетелік.  А.Блок  1918  жылы  Гейненің 

шыгармалар  жинагына  редакторлық  етуге  кіріскенде 

немістің  ұлы  лирик  ақынының  қолы  тиген  дүниенің 

бэрі  орысша  аударылып,  басылып,  бір  емес  бірнеше  рет 

басылып  үлгерген  кезі  болатын.  XX  гасырдың  басына 

дейін  Россияда 

Гейненің  шыгармалар  жинагы  торт 

рет  басьшыпты,  оның  екеуі  тольщ  шыгармалар  жинагы 

екен.  Соган  қарамастан  Блок  осы  жұмысқа  кірісерде 

«Гейнені  аударуды  толықгай  басынан  бастау  керек»  [83, 

124  б.]  дейді.  Өйткені,  орысша  аудармаларда  «Гейненің 

артистизмі  комескі  тартып  қалган»,  «олардың  ешқайсысы 

да  нагыз  қуанышқа  болей  алмайды»,  қысқасы  «орыс  тілі 

қазірше  Гейнені  танып-білмеген  десе  де  боларлықтай». 

Блоктың 

биік 


филологиялық 

мэдениеті, 

Гейне 

шыгармашылығымен  терең  таныстьп'ы  жэне  редакторлық 



міндетіне  алабөтен  жауапкершілікпен  қарауы  жонінде 

Е.Ланданың  «Блок  -   Гейне  редакторы»  атты  мақаласында 

[84,  Б.72-107]  жан-жақты айтылган.  Бір өлеңцегі  24 жолдан 

Блок қолы тимегені  тек 9 жол екен. Ең бастысы бұл да емес. 

Ең  бастысы  Блок  Коломийцевтің  Гейне  түпнүсқасындагы

74


ұйкьс  сипатын  сол  күйінде  сақгап  (Гейнеде  бірінші  жол 

мен  үшінші  жол  ұйқаспайды  екен)  аударса,  Блок  оны  өзі 

ұйқастырып, орыс өлеңіне, яғни орыс оқырманының жанына 

жақындатып экелген.

«¥лы ақьінның тебіренісі күнггі, көркемдігі орасан олең, 

дастандарын  қарапайым  қазақшылауға,  шымыр,  ұшқыр 

создерін  әлсіретуге  жол  бермеуге  күш  салу  -   редакция 

міндеті.  Бұл  ретте  бірінші  томды  құрастырушы,  белгілі 

ақынымыз  Қуандық  Шаңғытбаев  Лермонтов  лирикасының 

аудармаларын  мейлінше  қадағалап  қатаң  қарады,  үлкен- 

кіші  демей,  аудармаға  қатысқан  баршамыздың  элсіз 

жолдарымызды сояудай сұрақтармен нұсқап корсетіп, қайта 

аудартты.  Сол  сұрақтардың  зардабын  шеккен  оз  басым 

қазымыр  Қуандыққа  разылығымды  білдіремін»,  деп  еске 

алады Қалижан Бекхожин [85,  168 б.].

Тарау  түйіні

Әдебиетте  коп  нэрсе  шартты.  Өлшемдер  озгермелі. 

Талғам  туралы  таласпайды.  Өнерге  номір  жүрмейді.  Әйтсе 

де, сөз ұстаған ұлылардың қайсысы әлем эдебиетіне кобірек 

ықпал  жасады,  оның  адамзат  өркениетіндегі  алар  орны 

қандай  дегенде  алдымен  айтылатын  бір  өлшем  бар:  ол  — 

шығармаларының қанша тілге аударылғандығы. Тәржіменің 

саны талантқа жалғыз  жэне  ең эділ таразы  бола бермейтіні 

рас.  Әсіресе,  қазіргі  заманда  өз  шығармасын  аудартуға 

алдымен  пысықайлардың  қолы  жететіні  де  рас.  Сонда  да 

бұл корсеткішпен санаспау мүмкін емес. Әдебиеттің элемге 

эйгілі шығармаларының шет тілдердегі таралымы түпнұсқа 

тіліндегісін кейде он орал кететіні коп жайды аңғарта алады. 

Аударма  туындылар  озге  тілді  оқьфмандардың  талғамын 

тәрбиелеп,  сол  тілдегі  эдебиетті  жаңа  стилистік  тэсілдерге 

бейімдейтіні баяғыдан белгілі.

Тәржіме  теориясына  байланысты  оз  шешімін  күткен 

мэселелер  әлі  де  баршылық.  Кешегі  Кеңес  Одагында 

ауцарматану  филология  гылымының  бөлек  саласы  ретінде 

өткен  гасырдың  жиырмасыншы  жылдарының  ең  аягында 

гана 


бөлініп  шыққанын,  ал  Батыста  тэржіме  теориясы 

мұндай  мәртебеге  елуінші  жылдардың  аягында  гана  ие 

болганын  ескерсек,  мұның  озі  занды  да.  Бүкіл  әлемде  осы 

тақырыпты  жан-жагынан  қаузаган  мыңдаган  мақалалар, 

жүздеген  монографиялар  жарық коре түра,  элі  күнге  ортақ

75


терминологияға 

тоқтам  жасалмаи  отыр.  Ю.Оболенская 

«аударма» 

жэне 


«аударма 

үдерісі» 

секілді 

түйінді 


ұғымдардың  өзінің  басы  ашылмағанын  жазады  [86,  5  б.]. 

Оларды біз де көбіне бір сөзбен (мысалы, «аудармада» жэне 

«аударма  барысында»)  атап  жүрміз.  Мамандар  осы  кезге

U

 



аналог


ш у т па, мәтін мазмүнынын эквивалент!

шығарманың  өзінің  эквиваленті  ме  деген  төңіректе  пікір 

таластыруда.  Біз  бұл  тарауда  тэржіменің  эдебиет  аясынан 

да,  жалпы  мәдениет  аясынан  да  шығып  кететін  күрделі 

құбылыс  екенін  дэлелдеуге  ұмтылдық.  Бүгінде  аударма  эр 

қырынан -  лингвистикалық  (психолингвистикалық),  эдеби- 

тарихи,  мәдениеттанушылық,  философиялық-эстетикалық, 

ақпараттық, 

текстологиялық 

немесе 


семиотикалық

тұрғыдан


алдымен қогамдық құбылыс

мұндай


талдау  керектігін

көнетіндігі  не  көнбейтіндігі  жөніндегі  көнеден  келе жатқан 

дауды  бүгінде  алдымен  ол  шығарманы  аудару  керектігі

күнде


алынбайтындыгы

тұрғысынан  қарастырған  жөн.  Тэржіметану  зерттеулері 

пэнаралық сипатқа ауысқанда ғана көңілдегідей нәтиже күту 

жөн. 


й

 



Т д е

Мэдениеттердің 

үнқатысуы 

аудармасыз 

жүзеге 

аспайтыны  эр  аударма  түпнұсқаның  жаңа  байыптамасы



 



екендігінен  гана  емес,  мэселе  эр  аударма  түпмэтінге  жаңа 

өлшем  алып  келетіндігінде.  М.Бахтин  былай  деген:  «Өзге 

мәдениет  басқа  мэдениеттің  көзімен  қараган  кезде  ғана 

өзін  толығырақ,  тереңірек  таныта  алады...  Бір  магына 

екінші,  басқа  мағынамен  бетпе-бет  келгенде  өзінің  терең 

сырын  ашады:  олардың  арасында  сол  мәдениеттердің 

томаға-тұйықтығы  мен  біржақтылыгын  еңсеретін үнқатысу 

басталғандай  болады»  [87,  Б.334-335].  Толыққанды  ұлттық 

эдебиеттің  толыққанды  аударма  әдебиетінсіз  кемеліне

сондықтан




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет