§Й
Тыңдамай жатсың, карағым.
«Аһ, няня, няня, өлдім ғой,
Жүрегім айнып барамын:
Келеді өксіп жылағым !..»
- Қай жерің сырқат, шырагым?
Бір езің жар бол, жасаған!
Берейін, айтшы, не саған?
Киелі судан себейін,
Лапылдап жатқан өрттейсің...
«Ғашықпын, няня... дерт, - дейсің...»
-О тоба, енді не дейін ! -
Бұл жолдарды аударма өнерінің биік үлгілері қатарына
еркін қоса аламыз. Қ.Шаңғытбаевтың шын зергерлігі өлеңді
алақанында ойнаттьфады. Сезімнің небір нэзік сырларын
төгілдіріп түсірген татаусыз тілге разы болмасқа эддіңіз
қалмайды.
Н Н В
|Н
|- ™ ^
Көріспек үшін эр күнім
Арналған сен тек адамсың;
Жіберді сені тәңірім,
Кіргенше көрге панамсың...
Түсімде болдың, жадымда,
Сыртыңнан қарап төзбедім,
Жүдетіп ғажап көздерің,
Жүрді ылғи үнің жанымда...
344
Тэуекел! Сенде- тағдьірым,
U л
Тапсырып түгел, табынам,
*
д
Сел қылып көзжас жаңбырын,
Қорғаным бол деп жалынам...
Абайдың асыл үлгісінде дүниеге келген бұл жолдар да
шын асыл туындыга жатады.
Өзбек тіліндегі Мырза Кенжебек нұсқасында осы тұс
былай шыққан:
Булса-булсин! Бугундан бошлаб
Тақдиримни сеыга топширдим
Ва қошингда кузларим ешлаб,
Химоянгни сураб бош урдим...
Қазақшаға сөзбе-сөз сірестіріп түсірсек мына шамада
шығады:
Болса-болсын! Бүгіннеы бастап,
Тагдырымды саған тапсырдым.
Қасында сенің көзімді жастап,
Қорғаныш сұрап бас ұрдым.
Былайша жап-жақсы сиякты. Дегенмен, Пушкиндегі
үлбіреген интонация жетпей жатқандай. «Но так и быть!»-
ты «Булса-булсин!» дегеннен гөрі, әрине, «Тэуекел!» деп
алган сәттірек. «Судьбу мою / Отныне я тебе вручаю»-ды
«Бугундан бошлаб / Такдиримни сенга топширдим» деп
тым дәлме-дэл алғаннан гөрі Қ.Шаңғытбаевтың «Сенде
- тағдырым, / Тапсырып түгел, табынам» дегені ұшқырлау
шыгып жатыр. Мұның өзі Абайдың:
Не болса да өзімді
Тапсырдым сізге налынып.
Толтырып жасқа көзімді
Есірке деймін жалынып, -
дегеніне жетпесе де жетеғабыл түседі. Үлы ақынның
жай ғана «Не болса да...» дегені-ақ «Но так и быть!»-ты түп-
түгел таныта алады гой. «Твоей защиты умоляю» «Есірке
деймін жалынып» болтаны қандай! «Есірке»...- Татьянаның
бар жүрек лүпілі бір сөздің қауызына сыйып кеткен жоқ па?!
«Евгений Онегинді» аударудың алапат қиындыгы да осында:
345
Абайдың аруағы асып, мысы басып тұратынында. Осындай
сынға
тайсалмай түсетін Ілияс, Қуандыктай ақындар
болғанына да тэубе етесің. Мысалы, Қуандық Шаңғытбаев
туындатқан «Онегин сипаты» ұлы ұстазбен жарасымды өнер
жарысы десек еш артығы жоқ:
"Щ
Жасынан жалған жан еді,
Алатын ергіп еркіне,
Ағеден еді, паң еді,
Сендірер демде дертіне.
Я
Дэмесін бүккіш, қызғаншақ,
Біресе селқос, бірде сақ!
Томсара қалса, көз қандай,
Сөйлесе, жалын сөз қандай !
Хагы да енжар жазады!
Ықдасы түссе бір жанға,
Шалардай жанын құрбанға!
Құбылып, ойнап жанары,
Бір ашып, бірде жасқанар,
Кей уақыт жалған жас тамар.
Пушкиннің эйгілі туындысын аудару барысында
қазақтың аударма өнері аса ғибратты бел-белестерді басып
өтті. Бұл орайда «Евгений Онегиннен» бір шумақгың эрқилы
кезеңде қалай аударылғанын талдай отырып, ой өрбітуге
тырысып көрейік. Ол үшін алдымен түпнұсқаны келтіріп
алу керек.
Гонимы вешними лучами,
С окрестных гор уже снега
Сбежали мутными ручьями
На потопленные луга.
Улыбкой ясною природа ■
Сквозь сон встречает утро года;
Синея блещут небеса.
Еще прозрачные, леса
Как будто пухом зеленеют.
Пчела за данью полевой
Летит из кельи восковой.
Долины сохнут и пестреют;
Стада шумят, и соловей
Уж пел в безмолвии ночей.
346
«Евгений Онегиннен» Абайдан кейін аударма жасап
көрген қазақ қаламгері - Бекет Өтетілеуов 1914 жылы
шыққан «Жиған-терген» жинағында «Көктемнің келуі»
өлеңін жариялаған екен. Сол өлең - жоғарыдагы шумақгың
аудармасы.
Айдалып жазғытұры күн көзімен,
Сырғыды қырқалардан қар тезінен.
Сарыққан су лайланған саяңға ағар,
Күн бұрын толып тұрған өз-өзінен.
Күлімдеп осы шақты еш алаңсыз,
Қарсы алар ұйкылы-ояу жанды-жансыз.
Аспан-көк, орман-тоғай жасылданып,
Құлпырар құс жүніндей - бір аласыз.
Арапар гүл басынан жинап балын,
Көресің ұясына оралғанын.
Дапаның үнсіз түнін ыдыратып,
Мал шулап, бұлбұл сайрап атар таңы.
Еркін аударма.
Хал-қадерінше жатық шығарған.
Түпнүсқадағы «Улыбкою ясною природа», «Синея блещут
небеса» деген сияқты метафораларға шамасы келмеген.
«Онегин шумагын», өлең уэзінін сақтауды мақсат та
түтпаған, орыс өлеңінің сипатына келмейді, қара өлеңнің
дәстүрлі ізімен, соның ішінде
Ыбьфай Алтынсарин
үлгісімен («Жаз», «Өзен») жазылған. Табиғат жыры онша
орныга қоймаган (Абайға дейін қазақ поэзиясында пейзаж
лирикасы үшырасқан емес) кез үшін тәп-тәуір дүние деп
бағалауға болады. Бірақ, толыққанды аударманың ауылынан
алыстау жатыр.
Енді Ілияс Жансүгіров аудармасына көз салайық:
Жаздың лебі қарды ақтарып,
Тауларынан айналаның
Ылай сулар бүлақтанып,
Сел астында қалды шабын.
Жайнап, күліп бар табигат
Жыл таңына оянды ұйықтап;
Қөк көгілдір жайнап нұрда.
Орман әлі мөлдір, сида
Жамылгандай жасыл мамық.
347
Алым жинап шықты қырга
Омартадан ұшып ара.
Құргады алқап, шұбарланып;
Шулайды мал, міне бұлбұл
Мылқау түнде шырқатгы жыр.
Бұл енді дәлме-дәл аударма. Түпнұсқаның өзіндік
сипатын, «Онегин шумағын», оның ұйқас ретін сақтау роман
аудармасының міндетті шарты екені ескерілген кез. Сонда
да көңілдегідей шықпаған. Түпнұсқадағы әсемдік жоқ.
Жол түгендеу, сөз салыстыру басым. «Жыл таңына оянды
ұйықтап» («Сквозь сон встречает утро года», «Алым жинап
шықты қырға/ Омартадан ұшып ара» /«Пчела за данью
полевой/ Летит из кельи восковой») деген сияқты калькалар
да, «айналаның» — «қалды шабын», «ұйықтап» — «табигат»
деген сиякты ұйқастар да жүр.
Қуандық ІІІаңгытбаев 1949 жылы былай алыпты:
Еріген кар көктемгі нұрдан
Төңректегі қарды жуып,
Шабындық жерге кілкіп тұрған
Лай боп ақты, жыра қуып.
Табиғат та жайдары күліп,
Жылдың таңын қарсы апды, тұрып,
Тұр көгеріп аспан-зеңгір.
Айналада орман мөлдір
Жайнайды жасыл үкі қадап.
Іздеп нэпсі, шықты сыртқа
Тар қапастан ара, құрт та,
Алақанат дегдиді алап;
Тыныш түнде бұлбұл сайрап,
Дүзге кетті мал масайрап.
Келмей жатыр. «Жайнайды жасыл үкі қадап», «Алақанат
дегдиді алап» деген секілді бірер жолды айтпаса, «Табигат
та жайдары кұліп, /Жылдың таңын қарсы алды, тұрып»
деген прозаизм, арага да, құртқа да «нәпсі іздетіп», малды
«масайратып» қоятын орынсыз еркіндік белең алып кеткен.
Енді соңгы нұсқаға - Қуандық Шаңгытбаевтың 1985
жылгы аудармасына қарайық:
Көктем шақ келіп шуақты,
Қар кетті таудан айнала.
348
Шалғынға шалқып су ақтьі,
Жыралар толы лай ғана.
Ү йқыдан түрган табиғат
Күледі таңды қабылдап;
Жайнайды көктің зеңгірі,
Айнала орман мөлдірі
Жап-жасыл мамық жапқандай.
¥адан ұшып ара да
Нэр іздеп кетгі далаға.
Шұбартқан шұрат шақ қандай!
Малшылар мэз боп мал жайды,
Түн бойы бұлбұл сайрады.
Міне, енді мұның жөні бөлек. «Үйқыдан түрған табиғат
Күледі таңды қабылдап» деген екі жолдың орысшалау
кздэылганын айтпасаңыз, басқа гүсынан мін табу қиын.
«Жаинаиды көктің зеңгірі» («Синея блещут небеса»), «Жап-
жасъш мамық жапқандай» («Как будто пухом зеленеют»)
«Щүбартқан шұрат шақ қандай» («Долины сохнут и
пестреют») деген сияқты бейнелі сөздер
аударманың
ажарын аша түскен. Әрі дэл, эрі көркем. Әсіресе, алгашқы
төрт жол төгіліп түскен. Бэрінен бүрын сөздің сазы, роман
интонациясының сақгалғаны сүйсінтеді. Әрі қарай да
Қуандық Шаңғытбаев: «Көктем-ау! Лэззат мол күні!/
Налимын сенің шағыңда, /Ойнайды опық толқыны /Қанымда
менщ, жанымда!», деп жатық та жалынды тілмен жосылта
жөнеледі.
Осы шумақтардың бэрін түгел
тізіп шыққандағы
мақсатымыз - аударманың бел-белестеріне тэн сипаттарды
ашу. Б.Өтетілеуовтің ғасыр басындағы аудармасы Ресейдің
қьірқа-қыраіъшан гөрі, Арқаның алқабын елестетіп, еркін
еліктеуге жақындап кететіндей болса, І.Жансүгіров 1937
жылгы, Қ.Шаңғытбаев 1949
жылгы аудармаларында
қалаида дәл шыгарамыз деп жүріп, жырдың жібек жібін
қолдан жіберіп алған. Түпнүсқаның рухын жеткізудің соңғы
аудармада гана сәті түскені көрініп тұр.
ІСКереева-Қанафиева мен Р.Досмаханова «А.С. Пушкин-
нщ «Евгений Онегин» романының қазақша аудармасының
екі нүсқасы туралы» деген мақаласында [387, Б.21-281
Қ.Шаңғытбаевтың 1985 жылгы аудармасының даусыз
жетістіктерін де, жекелеген кемістіктерін де нақты дәлелдей
білген. Мысалы, Пушкиннің «Латынь из моды вышла ныне»
349
деген
жолын эр жылы аудармашылар әрқилы алганын
(Жансүгіров-«Қазір латын қалды сэннен», Шаңғытбаев -1949
- «Латын қазір емес қой эуес», 1985 - «Бұл күнде латын сэн
емес») қолмен қойғандай айтып, соңғы аудармадағы нұсқа
Пушкин жырының мағыналық жағынан толыққандылыгын
да, өлеңнің ықшамдылығы мен интонациялық өзгешілігін
де айқын аша алатынын дэлелдейді. «1949 жылгы нұскада
біз талдап отырған жолдағы сөздердің табиғи реті бұзылған.
Тексте «емес қой әуес» делінген, ал дұрысында «әуес емес
қой» болуы керек», дейді авторлар. К.Кереева-Қанафиева
мен Р.Досмаханова Қ.Шаңғытбаев аудармасындағы басқа
да кемшіліктерді дэл көрсеткен. «Шыгарма кейіпкерінщ
бейнесі оның жасаған ісінен, қимыл-қарекетінен, сөйлеген
сөзінен,
сезімдерінен,
ойларынан,
айналасындагы
адамдармен қарым-қатынасындағы күйініш-сүйінішінен
ғана емес, өзінің есімінен де ашылады. Кейіпкердің атында
оның заты да тұрады. Сондыктан да, шығарманын белгілі
бір кейіпкерлерінің бейнесін қайта сомдау үшін аудармада
да оның атын сақгау керек болады.
Татьянаның түсінде жэне жаңа аударманың сегізінші
тарауында /8. XXIII, ХХҮІІІ, XXXI / аудармашы бас
кейіпкердің атын өзгертіп жіберген: Евгении Женя больш
шыға келген. Әртүрлі
кітаптардың кейіпкерлері оіздщ
ойымызда өздерінің есімдерімен тұрады. Катюша Маслова
оқырманның жадында Катя да емес, Катерина да емес,
Катюша күйінде қалады; Соня Мармеладова Софья күиінде
емес, Соня күйінде қалады. Татьяна Ларина да Татьяна болып
есте сакталады. Акыр аягында, Евгений Онегин де Евгений
Онегин күйінде калуга тиіс!
Кейіпкердің атын
озгерту
деген оның бейнесін бүлыңгырлатып жібереді, былайша
айтқанда, жанын жалаңаштандырады, демек, бүлайша
езгертуге болмайды». Бұл айтылгандар Пушкин романындаи
дүниелерді
аударганда
аса
жауаптылық
қажеттігін,
әрбір сөзге абай болу керектігін тагы да еске салып тұр.
Мақала авторларының мұқияттылыгы, талапшылдыгы оте
құптарлық. Мысалы, Пушкиннің «На северном , печальном
снеге/ Вы не оставили следов» дегенін Қ.Шаңгытбаевтың:
«Өшті гой ізің ертерек / Арқаның
мұңлы қарында»,
деп алганының бұрыстыгын
дэл
ақдаган. «Пушкин
романындагы «солтүстік» сөзі қ а л а й ш а
г а н а
Қазақстанның солтүстігіндегі
облыстарга байланысты
болмақ?», деп авторлармен бірге өзіңіз де танданасыз.
350
Расында да, аударманы «қазақыландыру» қажет те шығар,
бірақ чқазақстандықгандырудың» қажеті қанша?.. Осындай
олқы тұстарын атап өтумен қатар, авторлар Қ.Шаңғытбаевтың
жаңа ауцармасына
жалпы алғанда эділ баға берген.
«Сонымен, «Евгений Онегиннің» жаңа аудармасы әрқилы
пікір тугызады. Тегінде, мұндай іргелі істе кемшілік кетпей
түрмайтын шығар. Алайда, олар аудармашының сіңірген
еңбегін жоғары бағалауға кедергі келтіре алмайды. 1949
жылгы ауцармамен салыстырғанда 1985 жылғы аударманы
ақын Шаңғытбаевтың шығармашылық табысы деп атауға
болады», делінген мақаланың соңында.
Осы
айтылган
мысалдардың
бэрі
де
Қуандық
Шаңғытбаев ауцарған екінші нұсқада өзінің алғашқы
тәжірибесінен де, Ілияс Жансүгіров аудармасынан да көп
ілгерілеу бар екенін анық аңғартады. Мына жайдьщ да
басын аша айту керек: егер отызыншы жылдарда Пушкин
романын І.Жансупров аудармағанда, атақты туындыны онан
кейін Қуандық Шаңғытбаев елуінші жылдарда, жас кезінде
колга алмай, бұл жұмысқа ақындық шеберлігі кемеліне
келген сексенінші жылдарда бір-ақ кіріскен күннің өзінде
нэтиженің мұндай болып шықпайтыны анық еді. Алғашқы
екі ауцармадағы кемшін тұстардың бэрінен де тағылым
алгандықтан да Қуандык ақын осындай өрелі өнер улгісін
жасай білді деу жөн.
Пушкиннің «Евгений Онегин» романын ауцаруга бас-
аягы отыз жылдай өмірін жұмсаган Қуандық Шаңгытбаев
осы еңбегі арқылы қазақ әдебиетіне үлкен олжа қосты.
Ілияс Жансүпровтің 1937 жылы, Қ.Шаңгытбаевтың өзінің
1949 жылы басылган аудармалары
қазақтың поэзиялық
тэржімесінің қалыптасуы жолында өзіндік орны бар еңселі
еңбектер болып қала береді.
Мұзафар Әлімбаевпен бір пікірлескенімізде: «Қуандық
- аударманың кпассигі», дегені бар. Осы сөз - сөз.
Пушкин шыгармалары, эсіресе, оның ең басты
туындысы — «Евгений Онегин» романы аударуга көнбейтіні
жөнінде коп айтылган, көп жазылган. Сонда да адамзат
мәдениетінің Пушкин шыңына ұмтылган талабы бір сэт
те бәсеңсіп көрген емес. Ана жыдцары ақынның 93 тілде
1750 түрлі аудармасы бар деп саналатын [296]. Пушкиннің
200 жылдыгы тұсында бұл санның біршама өзгергені анык.
Аудармасының көптігі жөнінен Пушкиннің алдына тек
Шекспир мен Толстой гана түсетін көрінеді. Көлемінің
351
үлкендігіне қарамай, көп аударылган шығармалардың
арасында «Евгений Онегин» жүргені — ерекше атап айтатын
жай. Мысалы, осы роман неміс тіліне... 13 рет аударылыпты!
Соның өзінде Р.Данилевский «А.С.Пушкиннің поэзиясы
мен прозасының неміс тіліндегі аудармалары туралы» деген
мақаласында: «оны орыс тілінде оқи алмайтын оқырман
түптің түбінде осы романның қандай данышпандык шығарма
екенін тым болмаса шамалай алатын күнге жетеміз деген
үміт» білдіреді [315, 18 б.]. Р.Данилевскийдің айтуынша,
Пушкин романы «аудармашылар үшін алынбас асу».
Романның қытай тіліне 7 рет аударылғаны да назар салатын
жай. Әрине, мұнда кешегі социалистік достық одақтың
тұсындағы идеологияның да эсері бар шығар, бірак, қалай
дегенде де ондагы жұрттың Пушкинді жақсы білетіні анык.
Қытайга барғанда Пушкин томын қолға алып қарағанбыз.
Ол елде Пушкин «Пусицзинь», романның аты «Ефугэни
Аонецзинь» болып жазылады екен. Шанхайда ақьінның
қоладан құйылған ескерткіші бар. Пушкин тойына орай
ақын шыгармаларының таңдаулы аудармалары (ағылшын,
неміс, француз тілдеріндегілері) үш томға бірігіп жарық
көрді. Англия мен Америка Құрама Штаттарында «Евгений
Онегин» 10 рет аударылган. Білетіндер соңгы нұсқа (1996
жылы шыққан Дж.Э.Фэлон аудармасы) біршама сэтп деп
санайды [296].
Пушкин романын аударудагы басты қиындық акын
тілінің қырық құбылган ыргагында, автор ирониясын сакгай
білуде, қарапайымдылык пен сыршылдыкгың жарасымды
үйлесіміне қол жеткізуде. Басқасын былай қоиғанда,
Пушкиннің бір қарағанда оп-оңай, ап-аиқын сияқты
көрінетін мэтінінің мэнін ұгынудың өзі оңай емес. Жұрттың
бэрі жатқа айтатын бірінші шумақтан мысал келтірелік.
«Мой дядя самых честных правил,
Когда не в шутку занемог,
Он уважать себя заставил
И лучше выдумать не мог».
Бір Караганда түсінікті-ақ дүние. Ал айда осының өзі
сан-саққа жүгіртіліп аударьшады. Агылшын тіліндегі бір
нұсқасынан орысшага жолма-жол кері аударганда бьшай
екен: «Мой честный дядя,/Когда тяжело заболел,/ Заставил
себя уважать/ И ничего лучше не придумал» [296]. Мәтінді
352
бұлай ұққан жерде қаншама тшін төгшдіріп ауцарсаңыз да
көңілдегідей дүние шыға қоюы неғайбыл. Бірінші шумақга
эл үстінде жатқан ағайының дэмі таусылар шағын күтіп
жүрген («Өрем қап, - десем сорлыны,/ Сұмдықтың қандай
қорлығы!») Евгенийдің шын сиқы салған беттен ашылып
тұр, соның мэнін аңғарту керек болады. Ілияс Жансүгіров
ауцармасында бұл тұс былай келген:
Таза жолға берік ағам,
Ауьфса шын төсек тартып,
Өзін сонда сыйлаттырған,
Ой таба алмай одан артық.
Қуандық Шаңғытбаев
алган
Арамдығы жоқ-ақ еді ағам,
Балтыр сыздап, ауырса бас,
Күтуді әбден сүйген адам,
Содан артық ойлап таппас.
«таза жол», «не
Екі нұсқа да әршшілдіктщ кесірінен
І.Жансүгіровте «самых честных правил»
в шутку занемог» - «шын ауыру», «уважать себя заставил»
- «өзін сыйлату», «выдумать не мог» — «ой таба алмау»...
Қ.Шангытбаевтың нұсқасында да мәтінді дұрыс түсінбеу
бар. «Арамдығы жоқ-ақ еді ағам» — мәселенің мэнісі
Евгенийге агасынан үлкен мұра қалайын деп жатқанында.
Ол ауырғанына байланысты сыйлы бола қалған жоқ, сол
аурудан айықпаса артына тастар мол мүрасы бұған тиетініне
байланысты аяқ астынан сыйлы бола қалды. Онегиннің
салып ұрып сонау Петербургтен қияндагы деревняға жетіп
келгені сонан, «салғансып жастык басына, қойғансып дәрі
қасына» шыркөбелек үйіріліп жүргені де тек мүраны иеленіп
қапудың қамы.
К.Шангытбаевтың 1985 жылғы аудармасына қарайық.
Мінезі мінсіз агайым,
Ауыра қалса багзыда,
Тұрғызып тіп-тік маңайын,
Үйренген со бір дағдыга.
ыра калса ,
түргызып»
23-2915
353
мінсіз ағайы» да «дағдыға» айналдыра бастаған...Сөйтіп,
алғашқы шумақтан-ақ Пушкин роман кейіпкерінің бет
пердесін сыпырып тастайды, оның безбүйректігін ашық
айтады.
Әдебиет мамандарының бэрі де Пушкиннің жауһар
туындысының
тақырыптық-стилистикалық
тұрғыдан
ақ алмастай алуан қырлы болып келетінін, ақынның
жазу мәнері тарау тұрмақ, бір шумақтың өзінде қырық
құбылып кететінін атап көрсетеді. Аудармадағы басты
қиындықтардың
бірі де осында.
Атақты «онегин
шумағының» уэзінін сақгау, құрсаулы ұйқас шарттарын
бұзбау өз алдына, ең негізгісі — Пушкин романының интонац
иялық байлығынан айырылып қалмау. «Евгений Онегинді»
кұдірет шығарма етіп тұрган да осы қасиеті - романның
бастан-аяқ сыртқы сипатқа, қызғылықты сюжетке, қактыгыс-
тартысқа емес, ішкі иірімдерге, адамның жан әлеміндегі
күрделі толқыныс-тебіреністерге құрылғанындығы.
Кино шеберлерінің арасында мынандай эңгіме бар.
Кинематографистер одағының бір пленумында пікірталас
сценарий жөнінде өрбіген көрінеді. Режиссерлер жиналып
алып, фильмдердің қызықсыз болатыны сценарий автор-
лары сюжетті тартысты етіп құра алмайды, кей фильмдердің
оқиғасын екі-үш ауыз сөзбен айтып өте шығатындай, одан
қалай жақсы дүние жаратарсың деген сыңайда дау-дамайды
қыздырып жатқан екен. Бір кезде Михаил Ромм сөз сұрап,
мінбеге көтеріліпті. Атақгы режиссер өз сөзін мэселенің
бэрін оқиғаға тіреп тұрған кісілерге қаратып, былай
бастайды: «Бір шыгарманың сюжетін айтып берейінші...
Деревняға жас жігіт келеді. Оны осындағы бір қыз ұнатып
қалады. Әйткенмен, жігіт қыздың нәзік жанын түсінбейді.
Жігіт қалаға қайтады. Кейін қызды қалада жолықгырады.
Қыздың таза махаббатының қадіріне
кеш жеткен жігіт
енді өзі хат жазып, сөз салса қыз тұрмысқа шыққанын, сол
адамға адал күйде өтетінін айтып, жауап береді... Жігіт дал
болып тұрып қалады... Осындай да сюжет бола ма екен?
Мұнан дені дұрыс дүние шығушы ма еді?!.. Жоқ, болады
екен. Мұндай сюжеттен де тәп-тэуір туынды
шығады
екен. Шыққанда қандай ! Менің айтып тұрғаным «Евгений
Онегиннің» сюжеті гой. Демек, бар мэселе — шеберлікте»...
Сол шеберлік екінші аудармасы тұсында Шаңғытбаевта
тол ығымен табы лғаны талассыз.
354
Аудармашы
ақындарымыздың
Пушкин
шыңын
бағьшдыруға ұмтылысы жемісті жалғасып келеді.
2006 жылдың — Ресейдегі Абай жылының басты оқиғасы
Мэскеуде қазактың ұлы ақынына ескерткіш орнатылуы
болса, Қазақстандағы Пушкин жылының басты оқиғасы
«Евгений Онегин» романының жаңа аудармасының жарық
көруі дер едік. Осымен Пушкиннің ең атақгы шығармасының
қазақша толық төртінші тәржімесі жасалып отыр. Мұның өзі
үлтымыздың элемдік өркениет биігіне ұмтылуының келісті
Достарыңызбен бөлісу: |