сын сойылы тым бата тигені, ә с ір е с е , ж ас ақынның сэтсіз
ізденістерін «аудармада жаи елеусіз қателер емес, идеялық
теріс багытқа түсіп кеткендік бар» деп багалап, «біздің бұл
жөндегі кейбір пікірлерімізді, жалпы аудармадагы осындай
идеялық бағыттардың
қаншалықты
зиянды
екендігін
көрсету мақсатымен айтылган
деп
түсіну керек» деп саяси
айып тағуга дейін баратын солақай элеуметшіл сынның
накгы Қ.Ш аңғытбаевқа ғана емес, жалпы сол кезеңдегі
аудармалардың көркемдігіне, тәржімешілердің суреткерлік
сркіндігіне көп зияны болғаны да даусыз. Солардың арасында
жоғарыдағы ауыр сөздердің авторы - Сәбит Нұрышевтің
«Евгений Онегиннің» аудармасы» деген мақаласына [369,
Б.81-88] жеке тоқталған жөн. С.Нұрышев бүкіл аудармацан
іліп аларлық ештеңе таппаған.
«Жалпы алғанда дұрыс
шықпаған аударманың кейбір дұрыс аударылған жерлерін
тэуір аударма ретінде мысалға алып көрсетуге де болмайды.
Белгілі бір шығарманың мазмұнын бөліп-жармай, тұтас
алып қана аударуга болады. Өйткені, шығарма текстінің
жеке бөлшектері ғана емес, бүкіл идеясы аударылады.
Шығарманы түтас алғанда, оның мазмүны, идеясы теріс
аударылған болса, бүл кемістікті сол шығарманың кей
жерлерінің дұрыс берілгендігімен толтыруға болмайды. Сол
себепті, біз аударманың азды-копті дұрыс аударылған дерлік
жерлерінен мысал келтірмейміз», деп әңгіменің басын ашып
алады да, шыгармашылық тұрғыдағы ақаулардың өзіне
саяси астар беріп, о жер, бұ жерде тіпті жар басына тіреп
қояды. «Аударушы «Евгений Онегиннің» жеке сөздері мен
жолдарының мағнасын бұзудан бастап, жалпы идеясын
бұрмалаушылыққа шейін барган. Бүл қателіктер — Пушкин
шыгармасының таптық мазмүнын жоюга, сол кездегі
таптардың жігін айырмай, орыс халқына жала жабуга
апарып соқтырган. Сондықтан, аударманың кемшіліктерін
байқамагандықтан болган екен деп қарамауымыз керек.
Бұл - аударушының
идеялық даярлыгьгаың кемдігінен,
соның салдарынан, жұртшылық, мемлекет алдындагы
жауапкершілігін үгына білмегендігінен, еркін аударма деген
үгымның өңін айналдырып, аударманың жай жэне идеялық
кемшіліктерін сонымен бүркемелеуге тырысқандыгынан деп
білу керек» - бұл сөздердің тым қатал үкім екенін дэлелдеп
жату артық шыгар. Дегенмен, эділдік үшін айтар болсақ, жас
319
аудармашы жекелеген тұстарда Пушкиннің сол кездегі орыс
қоғамының белгілі бір тобына қатысты сөздерді, мысалы,
түсіндірме сөздіктердің өзінде «избранный круг лиц,
принадлежащих к привелигированным классам» деп дэлме-
дэл айтылатын «свет» ұгымын барлық жерде дерлік «дүние»
деп алып қателікке ұрынган. Сонан ұстаган С.Нұрышев:
«Свет-романның ішінде отыздан астам жерде кездеседі. Бұл
- светтің текстегі эсерінің күпггі екендігін көрсетеді. Соның
бірде-бірі дұрыс аударылмаған (светтің өзін алмайынша,
бұл ұғымды аудару мүмкін емес). Сөйтіп, бұл жерлерде
романның элеуметтік, таптық мэні ашылмай калган. Кейде
бір тапқа байланысты нәрсе екінші тапқа таңылып, саяси
қате пікірлер айтылған. Дворяндары да (олардың жогарғы,
орта жэне төменгі топтары да), шаруалары да, купецтері де,
помещиктері де жоқ тұтас бір «жұрт», «ел», «халық» - тұгас
орыс халқы болып шыққан», деп жаны бар сын айтады.
Сол сыннан қорытынды да жасалған. 1985 жылгы аудармада
«свет» контекстке сай әрқилы алынған. Мысалы, бұрын
роман басындағы арнау /«Не мысля гордый свет забавить»/
1949 жылгы аудармада «Алдарқатпай дүниені пан» деп,
ал 1985 жылгы нұсқада «Ойламай өңкей менменді» деп
басталады. «Светтің» бұл арадагы магынасы расында
да «өңкей менменге» жақын тұр. Жалпы, екі нұсқадағы
шумактарды қатарластырып қойсақ былай болып шыгады:
Түпнұсқада:
Не мысля гордый свет забавить,
Вниманье дружбы возлюбя,
Хотел бы я тебе представить
Залог достойнее тебя.
1949 жылгы аудармада:
Алдарқатпай дүниені паң,
Қадірлеп дос елтифатын,
Берсем деуші ем экеп саган
Өзіңе сай аманатым.
1985 жылгы аудармада:
Ойламай өңкей менменді,
Пейілін достың багалап,
Қалдырсам деген ой келді
Өзіңе лайық аманат.
320
Әрине, бұларды бір-бірімен салыстыруға келмеиді.
Кейінгі нұсқа оқ бойы озық тұр. Серік Қирабаевтың сол тұста
жазған «А.Пушкин шығармасының аудармасы туралы» атгы
макаласында [336, Б. 101-112] 1937 жылгы үш томдықтың,
1949 жылғы бір томдыкгың елеулі кемшіліктері накпа-нақ
көрсетіле келіп: «Қуандық Шаңғытбаев жолдас «Евгений
Онегин» сияқты ұлы шығарманың идеялық мазмұнын
түсінбеген», деген бага беретіні де осындай себептерден
болагын. Ал
«Қ. Шаңғытбаевтың «Евгений Онегинді»
сонетгің мөлшерімен аударуынан көп ақау шықгы» Деген
сынды басқа емес, Тэкен Әлімқұловтьщ айтқаны [213,106
6.1 сәл-пәл таңдандырады. Неге десеңіз, ол аударма сонет
мөлшерімен жасалмаган гой. Сонеттің «француздық» үлгісі
де
(абба абба ссд еед),
«итальяндық» үлгісі де
/абаб abab
сдс дсд/,
ең кеңінен тараган «агылшындық»^ үлгісі^де
Іабао
сдсд ефеф ж ж /
«онегин шумагьша» ұқсамайды гой. Бүл екі
үлгінің жол санының /14 жол/ бірдейлігінен басқа ортақтыгы
жоқ. «Сонет қазақ поэзиясына элі сіңісіп кетпеген олең
түрі, аудармалар арқылы гана белгілі» (С.Негимов). Тегі,
Т.Әлімқұлов мүны айтқанда «онегин шумагының» сыртқы
сымбаты сонетке келетінін гана ескерген шыгар.
Нақтырақ
айтар
болсақ,
Қуандық
Шаңгытбаев
аудармаларында қандай-қандай көркемдік проблемалар
шешілген? «Евгений Онегинді» элемнің қай ті ліне аударганда
да ең басты мәселенің бірі - шумақ. Әдебиеттанушылар оны
метрикалық цикл деп орынды атайды. Әсіресе, орыс өлеңінде
шумақтың неше атасы бар. Мүндай коптүрлшік шумақгагы
өлен жолдарының санымен гана емес, әрқилы метрикалық
өлшемдермен, бір-бірімен ұйқасу реті қалыптасқан ұзынды-
қысқалы жолдардың өзара қабысып келу імен де сипатгшіады.
Поэзия туындысының архитектоникалық коркем түрі болып
табылатын шумак өлеңнің бейнелілігін арттыруга, оның ішкі
мазмұнын барынша ашып көрсетуге ерекше қызмет етеді.
Орыс ақындарының ішінде Пушкин шумақ түрінщ баилыгы
жагынан да талайга асу алдырмайды. Бұл ыңгаида онымен
Бальмонт, Брюсов сияқтылар гана шендесер, ал олардың
пішіндік ізденіс жолында епггеңеден тартынбаган ақындар
екені баршага белгілі.
Пушкин романын аударудагы басты қиындық, эрине,
«онегин шумағынын» уэзінін сақтау. Орыс поэзиясында
силлабо-тоникалық олең жүйесінде қолданылатын бұл төрт
бунакгы ямбыны Пушкин өмірге орнықгырганы, сөитш
21-2915
321
әдебиеттануға «онегинская строфа» деген үгым енгені
мэлім. Алдымен екпінсіз буын, оның артынан екпінді буын
ере шығатын осы орнек ұйқастың қым-қиғаш ретімен он
торт жол сайын айналып келеді де отырады. Алғашқы
шумақта шалыс ұйқас /бірінші мен үшінші жол, екінші мен
тортінші жол/; онан кейінгі шумақта егіз ұйқас /бесінші
мен алтыншы жол, жетінші мен сегізінші жол/; мұнан
кейін қаусырмалы үйқас /тоғызыншы мен он екінші жол,
оныншы мен он бірінші жол/ кетеді; ақыр аяғында соңғы
он үшінші, он төртінші жолдар қайтадан байланып барып,
бүкіл «онегин шумагының» түйіні тарқатылады... Схемасы:
АБАБВВГГДЕЕДЖЖ.
1. Кто бы ни был ты, о мой читатель,
а
2. Друг, недруг, я хочу с тобой
б
3. Расстаться нынче как приятель.
а
4. Прости. Чего бы ты за мной
б
5. Здесь ни искал в строфах небрежных,
в
6. Воспоминаний ли мятежных,
в
7. Отдохновенья от трудов,
8. Живых картин, иль острых слов,
9. Иль грамматических ошибок,
д
10.Дай бог, чтоб в этой книжке ты
е
11 .Для развлеченья, для мечты,
12.Для сердца, для журнальных сшибок
д
13.Хотя крупицу мог найти.
ж
14. Засим расстанемся, прости!
ж
Осы шумақтың қазақшасы:
1. Дұшпан ба, дос па, оқырман
а
2. Кім бол сак, ол бол, тақпа айып.
б
3. Бітірдік бір іс қытырман,
а
4. Тамыр боп енді тоқтайық.
б
5
. Іздесең бұл қырт шумақга
в
6. Жастықтың желін жын қаққан,
в
7. Бай сурет, өткір сөздерді,
г
8. Еңбекпен тыншыр кездерді,
9. Хатесін емле қаласаң,
д
10.Бүл кітап сонда жүрекке,
11 .Ермекке, арман-тілекке,
12.Сыныңа тіпті жараса,
д
13 .Өтелді онда дос кәде.
ж
М.Осымен тынсын, қош кәне!
ж
322
Бүкіл роман бастан-аяқ (Татьяна мен Онегиннщ
хагтарынан, «Қыздар энінен» басқасы) осындай қиямет
киын үлгімен жазылған. Оны сақгамасаңыз болмаиды.
Сактамағандар да аз емес. Бірақ, олардың барлығында
па Пушкин туындысының өзіндік сипаты, қаиталаноас
еоекшелігі
ашылмай қала берген.
Дәстүрлі ыңғаида
силлабикалық өлең үлгісін ұстанатын түркі халыктарының
поэзиясы үшін бұл қосымша қиындық. Өзге жүртгар, оның
ішінде славян тілдес халықгар үшін бұл тұрғыда жеңілдіктер
Бір мысал келтірейік. Максим Рыльскийдің аудармасы
көп айтылған, көп макталган. Соны алайық.
Романның
жетінші тарауындағы онбесінш і шумақга ^ Татьянаның
Онегин усадьбасына бара жататын түсы былай суретгелген:
Был вечер. Небо меркло. Воды
Струились тихо. Жук жужжал.
Уж расходились хороводы;
Уж за рекой, дымясь, пылал
Огонь рыбачий. В поле чистом,
Луны при свете серебристом,
В свои мечты погружена,
Татьяна долго шла одна...
Енді украиншасын қараңыз :
Був вечер. Небо меркло. Води
Струмились тихо. Хрущ гудів.
Уже замовкли хороводи;
Уже за річкою горів
Огонь рибальский. В полі чистім,
У сяйві місяца сриблистім,
Повита мріями, смутна,
Тятианя лпвго йшла одна...
Талай тұста сөздің орнына сөз қойсаңыз жетш
жатқандай... Соның өзінде сыншы
Е^Егорова
Рыльский
I
Пушкин аудармашысы» атгы мақаласында
осыган: «Аударманың жолы Пушкин жолына қалаи гана
түрде
ыкгияттылыкпен
саӘ ган ы н айтсанызшы!» [370, 110 б.] деп таңданып
таңдай кағады. Осыдан кейін Пушкинді қазақша төгілдіргеі
шрбеплігін бағаламаи көріңіз.
323
Ымырт кез. Баяу аққан су.
|
Ән салған жастар тарады.
|
Көк түнек. Қоңыз у да шу;
|
Аржақта түтеп жанады
л
Ошағы маздап аушының.
Татьяна, дымы таусылып,
Дал ада жалғыз келеді,
Күміс ай сэуле себеді...
Пушкин романының көпке дейін шет ел тілдеріне
аударылмай келгені мэлім. Ілияс Жансүгіров 1937 жылы
өз аудармасына алғысөзінде былай дегені бар: «Евгений
Онегин» романы жазылуына жүз жылдан аса уақыт өтсе де
өзге ұлттың тіліне тегі аударыла бермеген шығарма. Мұның
аудармасы Европа тілдерінде де жоққа тэн. Ағылшын
жұртында биыл гана толық аударылып отыр. Ал, өзіміздің
Советтер Одағындағы елдердің тіліне енді ғана аударыльга
жатыр. Бұл — «Евгений Онегинді» шет тілге аударудың оңай
еместігінің бір дэлелі» [348, 392 б.].
Расында да, романның қазақша аудармасы орысшага
агайындас тілдерден де бұрын жасалганы назар аударарлық.
Онегин
шумагының
қүрсаулы
аясында
Пушкиннің
өзіндегідей
құйылып келетін аударма жасауга
талай
ұлттық әдебиеттің тарландарының көпке дейін тәуекелі
тұрмаганы көп жайды аңгартады. Беларусь тіліне барабар
етіп аударатын ақын элі табылмаганын осы тараудың бас
жагында айтып өттік. Өзіміздің о жақ, бұ жагымыздагы
агайындарды
алсақ,
өзбекшеге
Айбек
аудармасынан
басқалары (түркменшеге М.Сеидов пен А.Кобусов аудармасы,
қыргызшага Э.Тұрсынов аудармасы, тэжікшеге М.Фархат
аудармасы) біздегіден көп кейін тәржімеленген. Солардың
барлыгы дерлік тілі жақын
қазақ ақындарының 1937
жылгы, 1949 жылгы аудармаларына көзінің қиыгын болса
да салган шыгар деп шамалаймыз. Оның өзінде де өзбекше,
түркменше аудармалар он бір буынмен, қыргызша аударма
тогыз буынмен, тэжікше аударма тогыз-он бір буынды
алмастырып қолданатын дәстүрлі квантитативті өлшеммен
жасалганын айтпаудың реті жоқ. Мысалы, атақты Айбек
аудармасынан «Топиша қолдилар , худци тош, тулқин,/ Назм
билан наср, муз хамда йолқин», деген жолдарды жогарыда
келтірдік. Дей тұрганмен, біз «Евгений Онегинді» бұлайша
аударганға құптау корсете алмайтындардың санатынанбыз.
324
Мәселе мынада. Пушкиннің бұл шығармасы, басқа қасиет-
терін бьшай қойғанда, «онегин шумағы» деп аталатын жаңа
түрді әдебиетке енгізуімен-ақ элем мэдениетінің тарихында
калар еді. Эбен Сатыбалдиев осы түр мәселесіне байланысты
қолмен қойғандай етіп ап-анық айтқан: «Ауцармашының
ешқашан адастырмайтын темірқазық жұлдыздай айнымас
багдары - автордың стилі. Осы бағытты дұрыс ұстаса, ол
эр қашан көркемдік дүниесіне жол тауып шығады» [206,
149 б.]. Одан эрі қарай: «Сонымен, шығарманың мазмұнын
неғұрлым дұрыс жэне дәл береміз дейтін болсақ, оның түріне
елеусіз қарай алмаймыз», дейді де, А.Федоровтың: «Түрдің
идеяга дэйім сәйкес келетінін ескерсек, шыгарманың уэзіні
кездейсоқ нэрсе болып шықпайды, оны аударма барысында
өзгерту дегеніңіз тым еркінсіп кету болып шығацы», деген
пікірін көлденең тартады [206, 150 б.]. Лонгфеллоның
«Гайавата жайындағы жырын» тамаша аударган И.Бунин сол
шыгарманы өзінен бұрын аударган адамды «түпнұсқаның
турі мен реңкін» өзгертіп жібергені үшін жазгырып,
өзі, қайта, «сөздің қарапайымдылыгы мен саздылыгын
сақтауга» ұмтылганын айтатын [377]. Осы ыңгайдагы өзінің
ойын кезінде Тәкен Әлімқұлов та ортага салган: «Дүниеде
формасыз нэрсе жоқ болса, поэзия дөңгеленген пішімге,
формата ділгер. Белгілі нәшірият жоқ кездің өзінде Абайдың
он жетіден астам өлең түрін енгізуінде гэп бар. «Көлеңке
басын ұзартыптың» ырғагымен болыстарды шенеуге болмас
еді... Пушкиннің «Евгений Онегин» сынды романды ямбадан
басқа ыргақпен жазуы мүмкін емес-ті. Поэзияның мазмұны
өмір болса, сол өмірді көкейге қондыруга қызмет ететін —
түр. Мазмұн мен түрдің ымы-жымы осы арадан басталады»
[213, 219 б.]. Рас, Абай да «Евгений Онегиннің» шумагын
да, уәзінін сақтамай аударган. Бірақ, оның жоні басқалау.
Сэбит Мұқанов мұны былай түсіндірген: «Онегиндік
шумақты» Абайдың сақтамауы ол игумақты қазақшалауға
әлі келмегендіктен емес, қазаққа ұғымсыз болар деген
ойдан туған болу керек» [371, 303 б.]. Шынында да дәл
сол кезде бұл игумақтың қазақ тывдаушысының құлагына
сіңімді шыға қоюы қиын еді. Жалпы, Абайдың Пушкиннен
аудармаларының бағын айырықша жандырып жіберген тагы
бір жай - сөзіне сай ғажап әнін қоса шығарғаны екенін де
есте ұстаған дұрыс.
Түр мәселесі — Пушкин поэзиясы үшін түбірлі мәселе.
П.Губер былай деген: «Пушкинді өзге тілге көңілдегідей
325
аудару үшін екінші Пушкин болу шарт. Жалпы, өлеңді
түпнұсқаға сэйкес етіп аударып шығу мүмкін емес екенін
айтып жатпай-ақ қояйын. Ал Пушкинге келгенде мүның өзі
ерекше қиындап кетеді. Оның туынды ларында түрдің маңызы
тіпті бөлекше: мұндагы түр мазмұнмен біте қайнасып,
зергерліктің шыңына шыққан, ол Пушкин поэзиясының
сыртқы қалбыр-қабығы емес, ақын жырының өзегінің нақ
өзі. Пушкин, егер оған біреу-міреу қолга қалам алған сәтте
қалай жазуды емес, нені жазуды ойластырған жөн деп кеңес
бере қалса, шын-тэнімен айран-асыр қалар еді. Бұл екеуі де
ақын үшін тұтас қүйылған үғымдар болатын» [372, Б.10-
п у
$ „ - Ш
Пушкин жырларындағы сөздің саздылығы - кей-кеиде
адамның ақылы жетпейтіндей құдірет. Пушкиннің шын
ұлылығы, қайталанбас даралығы оның осы зергерлігінде.
Өткен ғасырдың сонау елуінші-алпысыншы жылдарының
өзінде электронды есептеу машиналары арқылы Пушкин
жырларындағы сөз сазы (звукопись) ғажайып гармонияға
қүрылғаны математикалық жолмен дәлелденген.
«Илиаданың» орысша аудармасына орай жазылган мына
екі жолды ғана тықдап көрейікші. Иә, тыңдап көрейік.
Слышу умолкнувший звук божественной эллинской речи;
Старца великого тень чую смущенной душой.
Ертедегі Эллада ерлерінің ерен үні келгендей ме
құлаққа? Гомердің үлы көлеңкесі қарауытып корінгендей ме
коз алдымызға? Ал енді атақгы пушкинтанушы С.Бондидің
түсіндірмесін қараңыз. Мәселе түпнүсқадагы дыбыстарга
тікелей байланысты болгандықган түсіндірмені де, өлеңнің
өзі сияқгы, орысша оқиық: «Стихотворение замечательно
подбором и построением звуков, связанных с содержанием.
В первом полустишии - приглушенные звуки (два раза «ы»,
три раза «у», два раза «ш»); затем, когда говорится о звонкой,
музыкальной речи гомеровской поэмы, — все меняется:
звучат ясные «э»(«е»), «н» (два раза) «л», «р». В начале
второго полустишия звуки теряют свою выразительность,
так как поэту нужно вызвать в воображении читателя чисто
зрительный образ
(«старца великого тень»). Кончается
стихотворение снова глухими звуками (четыре раза «у», два
раза «о»,«щ»,«ш»), усиливающими впечатление неясности,
смутного волнения души читателя «русской Илиады»...»
326
[373,145 б.]. Пушкинистер өз еңбектерінде ақын жырларында
сөздің музьпсаға айналып кеткен мұндай мысалдарын жүздеп
келтіре береді. Солардың тагы бірін айталық. «Мыс салт
атгыда» Евгенийдің артынан қуып келе жатып, көпірден
тасьфлап шауып өте шыққан ат тұягын Пушкин былай
суреттейді:
Щ
И он по площади пустой
Бежит и слышит за собой -
Как будто грома грохотанье -
?
Тяжело-звонкое скаканье
По потрясенной мостовой.
Өлеңнің өн бойындағы «о» «о» «о» деп тұрған озанньщ
өзі-ақ қанша қашсаң да құткармайтын қуғынның дабырлы
дүбірін қүлағыңызға алып келеді.
Осындай сұлулығын сақтамасаңыз, сақгай алмасаңыз
Пушкиннің жыр тұлпары жалынан сипатпайды. Музыка
аударьшмайды, живопись аударылмайды, ал өлеңді, прозаны
аударуға тура келеді. Сонда сөзінің сазы сақталмаса, суреті
қайта салынбаса бітп дей беріңіз, қалғанының бэрі түк емес.
Айырықша атап айтатын жай - Пушкин еш уақытта сөздің
саздьшығын қолдан жасамаған, еш уақытта үндестік қуалап,
дыбыстарды айдаладан әдейі айдап экелмеген. Бальмонт
құсап қалайда аллитерация, ассонанспен^ алып шығуға
аласұрмаған. Оның «Чуждый чарам черный челн ...» деген
сияқты «чиқылдап» қалған өлендеріне орай А.Блоктың:
«Бальмонт та, оган ілесе шыққан көптеген замандас ақындар
да сөзді ойнатам деп жүріп, ойыншыққа айналдырып
жіберді» [374, 179 б.], деп ыза болғанын білеміз.
Европа жұртшылығына элі күнге Пушкин шығармалары
Толстойдың, Достоевскийдің, Тургеневтің туындыларынан
элдеқайда кем танылғанының сыры да осында — аударуга
көнбейтін
құдіретінде.
Белгілі
аудармашы ^ С.Козлов
Пушкинді Батыс әлемінде әлі де жете бағаламайтынының
бар сырын тек осымен түсіндіреді [ 375].
Абай атасы салып кеткен жолды жалғастыру бақыты
біздің
әдебиетте
ақиық
ақын
Ілияс
Жансүгіровке,
жиьфмасыншы ғасырдағы поэзиямыздың аскан зергері
Қуандық Шаңгытбаевқа бұйырганы ортақ олжамыз.
Талант жасқа қарамайды дейміз. Шын талант иелерінщ
у л ы
т у ы н д ы л а р ы н
ж а с т а й
ж а з ғ а н ы н а
т а л а й
м ы с а л
327
келтіреміз. Расы — рас. Бірақ... дэл осы қағида аудармага,
соның ішінде көлемді, күрделі дүниелердің аудармаларына
келгенде онша дөп түсе қ<
емес. Әлем эдебиетіндегі аударма тарихын қарап отырсаңыз
үлкен шығармаларды жас шағында еңсеріп тастаған ерен
суреткерлерді сирек ұшыратасыз. Мұның өзі тәржімедегі
тэжірибенің орнына, сөзді алақанда ойнататын шеберлік,
зергерлік көбіне көп аудармашыға жылдар өте келетініне
тағы бір дәлел.
'Я
Иесі «халық жауы» атанып, шығармасы да келмеске
кеткендей
саналған
Ілияс
аудармасы
мен
Қуандық
аудармасын
салыстырып оқығанда
Шаңғытбаевтың
Жансүгіров
нұсқасына
соншама
абайлап
қарағаны,
қайткенде де жаңаша нұсқа жасауды ғана емес, шейіт болып
кеткен асыл ағаның мұрасына қолын тигізіп алмауды да
қатты қүнттағаны айқын аңғарылады. Тіпті, мұнан аударма
сапасына нақты зиян тиген тұстар да аз болмаған. Ілияс
тауып қалған сөздерден аулақгап түсемін деп жүріп ізденіс
арнасын қалайда
басқа өріске сала беру байқалады...
Қуандық қалайда Ілияс нұсқасынан қашықтауды, дұрысын
айтсақ - қашуды мақсат түтқан сияқты. Қанша дегенмен
ортақ мэтін біреу ғой, кей түста ортақ орамдар, ұқсас
тіркестер тіл ұшына өзінен өзі оралмай тұрмайды ғой. Жоқ,
жас ақын мен Жансүгіров нүсқаларынан ондайды таппайсыз.
Алғашқы аударманың сәтті жерлерін пайдаланды деген айып
ештеңе емес-ау, халық жауьгаың аудармасынан алып совет
оқырманына қайта ұсынудан қаймықпады деген айып ауыр-
ақ болар еді. Сондықтан Қуандық Жансүгіровке жоламаймын
деп жүріп, Пушкиннен де жырақтап кеткенін байқамай
қалған. Оның үстіне жас ақынның «Ар» атты алғашқы жыр
жинағының солақай әлеуметшіл сынның сойылына түсуі
де қаламгердің қиялын түсай бергендей көрінеді. Жалпы
алғанда, 25 жасында Пушкин романын аударып шыққан
Қуандық Шаңғытбаевтың бүл еңбегін ақынның жастық
жеңілісі деп бағалауға болады.
«Пушкиннің
«Евгений
Онегинін»
кезінде
асқақ
дарын Ілияс Жансүгіров аударды, одан кейін көрнекті
ақындарымыздың бірі Қуандық Шаңғытбаев қазақшалады.
Мен осы екі аударманы да оқыдым. Онда екі ақынның
екеуі де көп еңбектенгенін, түп нұсқасының көркемдігін,
ерекшеліктерін мейлінше сақтауға тырысқанын, аудармада
328
ана тіліміздің байлығын үлкен шеберлікпен пайдалануға
ұмтьшанын байқауға болады. Екі еңбектің екеуінде де
шынайы, соны табыстар көп. Бірақ орыс әдебиетінің ұлы
жауһары «Евгений Онегин» қазақ оқырмандарының аузында
түпнұсқасындай мақал-мэтелге айналып, түпнұсқасындай
жатқа айтылып, қайта-қайта оқылып, жылдан-жылға
жаңадан басылуы қажет болып жүр деп кім айта алады?
Қазақ тіліндегі «Евгений Онегин» белгілі ақындарымыздың
қажырлы еңбегіне қарамастан, түпнұсқасын әлі маңайлай
алмай жүр» — академик Евней Бөкетов 1975 жылы осылай
жазган еді. Дэл сол жылдарда Қуандық Шаңгытбаев
«Евгений Онегиннің» жаңа нұсқасын дайындап жүрген
болатын. Сол жылдар ақын өміріндегі ерекше белес екенін,
оның Пушкин шыңына қайта үмтылган тұста гажайып еңбек
еткенін біз 1985 жылгы жаңа аудармадан көреміз.
Қ.Шаңгытбаевтың елуінші жылдардагы аудармасы мен
сексенінші жылдардагы аудармасының арасында айырма
жер мен көкгей деп қана қою аздық етеді. Бұл екеуі атымен
екі бөлек дүние.«Жазушы» баспасының 1985 жылгы
кітапқа анногациясында дұрыс айтылган: «Бұл көлемді
шыгарманы аудармашы алгаш рет сонау 40-шы жылдардың
соңында қазақшалаган болатын. Акындық талабы мен
аудармашылық өнерінің балаң кезінде кеткен кемшіліктерді,
әдебиетші қауым пікірін ескере отырып, бүгінде аударма
сапасының эйгілі шеберіне айналган Қ.Шаңгытбаев үлы
Пушкиннің өлеңмен жазьшган романы -«Евгений Онегинді»
түпнүсқадагы ой, форма, үиқас кезектігін меилінше қатаң
сақтап, соңгы ширек гасыр уақыт ішінде түбегейлі қайта
аударып шыгуга күш салды. Бұл еңбек туган эдебиетіміздің
көркем аударма саласына қосылган қомақты үлес болары
сөзсіз».
Түбегейлі қайта аудару қажетгігі алгашқы аударманың
тұсында ақынның жастыгына, мерейтойга орай асыққанына,
тэжірибесінің аздығына гана байланысты емес. Мэселе
огызыншы жылдарда Ілияс аударган кезде де, елуінші
жылдарда Қуандық аударган кезде де ол нүсқалардың осылаи
шыгуы табиги, заңды екендігінде.
Ол кезде аударманын теориялык тиянагында мынандаи
көзқарас берік орныққан болатын. Аударылган дүние
сол автордың басқа тілдегі туындысы ретінде қаралатын.
Аударылган дүние сол шыгарманы өмірге келтірген ұлт
әдебиетінің басқатілдегі үлгісі деп саналатын.
329
Ал осы жөн бе еда?
•**
Мұның жауабын да Пушкиннің өзінен табамыз.
Аида Абуашвили «Дружба народов» журналында ана
бір жылдардағы пікірталаста «Что такое пушкинская
верность?» деген макала жариялады. Сонда ұлы ақынның
мынандай ойы келтірілген: «Ауцарылған кітап сол кітап
аударьшған тілдің өнерінің, сол мэдениеттің құбылысына
айналуга тиіс» [376].
Пушкиннің бұл ұгьімды бір ғана
сөзбен дэлме-дэл, қолмен қойғандай етіп жеткізгені мэлім.
Ол - «п е р е в ы р а з и т ь « деген сөз. Абай аудармаларының
қазақ әдебиетінің төл туындысы болып кететінінің бар сыры
осында — Татьянаның мұңын да, Онегиннің сырын да
қазақша «перевыразить» ететінінде.
1937 жылы І.Жансүгіров аудармасына жазган «Евгений
Онегиннің» қазақшасы туралы» атты мақаласында Мұхтар
Әуезов: «Пушкин де қазақ әдебиетіне дәл Пушкин қалпымен,
өңін өзгертпей кіруі керек» [382, 61 б.], деген. Яғни, Әуезов
те Пушкин шығармасының «қазақ әдебиетіне» қосылуын
айтып т ұ р .
Мұндай ойды отызыншы жылдарда Пастернак та ортаға
салған екен. 1934 жылы жазушы, аудармашы С.Спасскийге
жазған хатында ол: «түпнұсқаға қанашама жақындатқанда да
мұндагы ең маңызды нэрсе осыдан орыс өлеңін туындату»
[383, 5 б.], дейді.
Қуандық
Шаңгытбаевтың
алгашқы
аудармасында
«Евгений Онегин»
орыс әдебиетінің қазақ тіліндегі
туындысы ретінде қаралган. Ілияс Жансүгіров аудармасы
болса болмаса сондай тұргыда жасалган. Отыз жетінші
жылы Пушкин мэтінінен тым алшақтап кетсеңіз «ұлы
орыс ақынының асыл сөзін бұрмалап, достыққа дақ
түсірген» деп айыптай салу түкке тұрмайтын. Пушкин
шыгармашылыгына қатысты библиографиялық көрсет-
кіпггерді [270] қарап отырсаңыз неше түрлі мақала таба
аласыз. М.Богданова деген бір автор кезінде «Начисто
выкорчевывать корешки буржуазно-националистической
нечисти» деп макала жазыпты. Оган «Значение переводов
из Пушкина для ломки силлабического стиха, охраняемого
туркменскими националистами» деп анықтама беріп
қойыпты. Түркі поэзиясына тэн силлабикалық өлеңді
қоргаудың өзінен ұлтшылдық таба салу ол кезде оп-оңай
болган. Отызыншы жылдарда эдебиет теоретиктерінің
аузынан «эквиритмичность», «эквилинеарность» деген
330
ұғымдар түспейтін. Әрине, олардьщ қажеттігі даусыз.
Сонетгі 13 жолға сығуға да, 15 жолға созуға да болмайды.
Сол сияқгы «онегин шумағының» уэзінін де, ұйқасының
ретін де басқаша етіп құруға болмайды. Дегенмен, коркем
аудармага арифметика аздық ететіні, оған бері қойғанда
алгебра керектігі бірте-бірте анық көріне берді.
Қуандық Шаңғытбаев та мұнан кейінп отыз жылдың
ішінде оз аудармасын осы тұрғыдан қайта қараған. Екінші
нұсқасында қазақтың аударма әдебиетінің туындысын
жасауға ұмтылған. Бірер мысал келтірейік.
Алғашқы
тараудың
жиырмасыншы
шумағында
Онегиннің театрға барған сэтін Пушкин былай суреттейді:
Блистательна, полу воздушна,
Смычку волшебному послушна,
Толпою нимф окружена,
Стоит Истомина; она
Одной ногой касаясь пола,
Другою мед ленно кружит,
И вдруг прыжок, и вдруг летит,
Летит, как пух от уст Эола;
То стан совьет, то разовьет
И быстро ножкой ножку бьет.
Эр жолы қимыл-қозгалысқа толып тұрған осы тұсты
Шаңгытбаев алғашқы аудармасында былай алган:
Ортасында кіл сұлудың,
Бойын билеп сыйқырлы үн,
Истомина атқан таңдай,
Тұр құлпырып ғайып жандай,
Бір аяқпен еденде тұрған,
Жайлап қана дөқгеленед,
Қарғып түсед кейде кенет,
Мамықтай Эол лебі ұшырған;
Майысады тал шыбықтай,
Аягына аяғы жұқпай.
Түп-түгел тұр. Бэрі бар. Тек би жоқ. Истоминанын
аңызға айналған биі де жоқ, театрдың өзгеше сьфлы күиі
де жоқ.
331
Сұлудың өңкей
ішінде,
Қүлпырып,
тэңірі пішіңде
Истомина тур мадынып,
Сиқырлы
үнге
табынып;
Шаншылып, кейде қалықтай,
Айналып, ауа құшады,
Қарғиды, қайта ұшады,
Үрлеген Эол мамықгай;
Аяққа аяқ жұқпайды,
Қимьшын
адам
ұқпайды.
Истоминаның «айналып, ауа құшқанын, қарғып, қайта
ұшканын» көресіз, соны көресіз де атақты бишінің шынында
да
мамықтай болганына, қалықгай қонганына сенесіз.
Сснетін себсбіңіз — шумакта Пушкин сөзінің сазы сақталган,
суреті салынган.
Шангытбаев аудармасыньщ басты құндылыгы да осында
— «Евгений Онегиннің» атмосферасын да, интонациясын да
дәл жеткізгенінде. Бұл — жалпы аудармада, эсіресе поэзия
аудармасында қиыішың қиыны.
Илья Эренбургтің Поль Элюар жинагына алгысөзінде
Пушкиннің «Шіркін-ай, өткен сол бір сэт» деп басталатын
атақты өлеңін айта келіп, «Басқа тілге аударылса осы
гажайып өлеңнің бір бейэдеп романсқа айнала салуы да
бек мүмкін», дегені бар. Өзі де талай классикті аударган
көрнекті жазушы, ақын бұл арада өлснніц поэтикалық
интонациясын жеткізудің машакатын, жырдың сөз сазын
сактаудың киындыгын айтып отыр.
Аударманы қолга алган адамның бэрінің де алдынан
шыгатын ең негізгі мәселе — сөз
сазы (звукопись).
Б.Эйхенбаум «певкость» деген сөзді үнаткан [378, 350 б.].
Сөздің сазы бар жерде аударма бар да, ол жоқ жсрде аударма
жоқ. Жалпы, өлеңнің қарасезден айырмашылыгы да бәрінен
бұрын
дыбыстардыц гармониясында гой. Поэзияныц
басты шарты эвфония екенін айтпаган зерттеуші кемде-
кем. Б.Эйхенбаум сонау 1921 жылы жазган «Мелодика
русского стихотворного языка» деген классикалық еңбегінде
[378, Б.327-512] «көзбен көретін филологияның» орнына
«құлақпен естнтін филология» енгізуді көздеген Э.Сиверстің
шәкіргі Ф.Саранның: «Өлеңнің көркемдігін зерттеймін
Енді сексен бесінші жылгы аудармаяы оқиық.
332
деген. адамның құралы көз емес, құлақ болтаны жөн»
[378, 324 б.], И.Теннердің: «Өлеңді музыкант партитураны
калай окыса солай оқу керек, қүр көзбен көріп қоймай,
күлакпен де есту керек» [378, 335 б.] деген пікірлерін
келтіреді. Олар тіпті қызды-қыздымен өлеңді іштей оқуға
да болатынын ескермей кетеді... Бірақ, бұл пікірлер қалайда
өте қызтылықты. Әсіресе, талай ғасырлар бойы оқушыдан
бұрын тыңдаушыГа лайықталып келген қазақ поэзиясының
табигатын тануға, артықшылықтарын да, кемшіліктерін
де аныктауға септесетіні сөзсіз. Бакуге Низами тойына
барған жерінде Қасым Аманжоловтың театр президиумында
отырып табан астында жаңа өлең жазып, соны оқып беретіні
бүгінде кеңінен мэлім мысал. Республикаиардан келген
ұлт ақындарының өз тілдерінде оқып жатқан өлеңдерін
түсінбеген соң залдагы жұрт зеріге бастаганын тез байқаган
Қасым жаңа өлеңін тұтастай дыбыс үндестігіне құрган.
Қазақ шайыры мінберге шыққан бетте: «Иран шахқа мұңың
шақпа, Низами,/ Біздің шақта гүл құшақга, Низами...«деп
шабытпен ширықтыра, шалқыта жөнелгенде селқос зап селт
ете қалган көрінеді. Сол үндестікті тудыратын қуат ыргақта
жатқан-ды. Зейнолла Қабдолов мынаны айтатын: «— Адал
шыным, — дейді Маяковский, - ямб деген не, хорей деген
не, — білген емеспін, білгім де келмейді». Сонда ол нені
білген? «Өлең атаулының негізі болып табылатын, оның он
бойында ылги дүрілдеп тұратын ыргақты гана білген» [275,
246 б.]. Солай. Жэне нагыз сазды сөздің өзі онша көзге де
ұрып тұрмайды. Аударманың классигі Самуил Маршактың:
«Шынайы музыка бетке қалқып шыгып жатпайды. Ол
сезім мен ьфгақтың тылсым үйлесімінде, жанды, икемді
интонацияның әрбір реңкінде жатады...» [384, 128 б.]
дегені бар. Поэзияны айтамыз, қара сөздің өзінде де дыбыс
үндестігінің мэні ерекше. Мысалы, Әбіш Кекілбаевтың
«Дала балладалары» деген кітабының атын алайық. Бір
естігеннен кұлагыңызга қүйылып, жадыңызда жатталып
қалады. Неге? Негесі сол, ішінде өзіне шақ ұйқасы бар, сазы
бар. «Да-ла» - осының өзінде екі буын іштей ыргақтасып
түр. Орыспен араласқан, әйтеуір орыс сөзі естілетін жерде
баланың тілі
«ма-ма» болып шыгатыны содан. Онан
кейінгі «балладалар»-ды буын-буынымен тыңдап көріңізші.
Әлгі өзара ыргақтасқан буындардың дыбысы бірнеше рет
қайталангандай болады. Әуелі «бал-ла»-ны естисіз. Бүл «да-
ла»-мсн үндесіп үлгереді. Мұнан соң «да-лар» естіледі. Бұл
ззз
да о бастағы «да-ла»-ны еске салады. Осылардың ауысар
жерінде жасырынып тұрган «ла-да» деген дыбыс бар, ол
да «да-ла»-ның кері жаңғырығы. Сөз сазы деген осындай-
осындайдан жасала береді, әрқайсысы бір-бір нотадай болып
барып шығарманың «фоникалық оркестровкасын» [385, 149
б.] құрайды.
Жалпы поэзияда, эрине, оның ішінде өлең аудармасында
да интонацияның алар орыны үлкен. Бұл орайда Серік
Негимовтің: «Жазба эдебиеті өкшдері өлең құрылысында
айтулы
өзгерістер,
тамаша
бетбүрыстар
жасады.
Шынтуайттап келгенде, олар қазақ өлеңінің мелодикасын
өзгергті, интонациясын байытты. Бұлар сөз жігі, сөз
оқшаулығы, ырғақ пен синтаксистің үйлеспеушілігі, үн
алуандылығы, морфологиялық тұлғалар, дыбыс үні, тармақ
ұзындықтарының эр қилылығы , ұйқас пен ыргақгьщ екпін-
леппен шендесуі, синтаксистік симметрияның жойылуы,
өлең тілі синтаксисінің жаңаша қүрылуы, жаңаша ыргақ
толқындауы арқылы жүзеге асты. Интонациялық байлық
— поэзияның идеялық-тақырыптық жагынан салаланып
баюымен сабақгас» [386, 76 б.], деген байламын қолдай
отырып, мұндай байлықга аударма поэзияның да үлесі бар
екенін айтамыз. Алдагы кезде қазақ әдебиетіне қосылган
күрделі аудармаларды - Гетенің «Фаустын» (Медеубай
Қүрманов), Дантенің «Құдіретгі комедиясын» (Мүқагали
Мақатаев),
Пушкиннің
«Евгений
Онегинін»
солар
арқылы қазақ жырына келген интонациялық жаңалықтар
түргысынан барлап қараса біраз қызгылықты қүбылыстарга
куә болатьшымыз сөзсіз.
«Евгений Онегиндегі» табигат суретгері сол кезеңдегі
орыс поэзиясы үшін де үлкен жаңалық мэлім. Пушкинге
дейін орыс табигаты ешқашанда дэл осындай поэтикалық
сүлулыгымен айшықты ашылмаган еді. Ақын пейзажының
жарқырап,
бар
бояуымен
көзге
ұрып
тұрмайтыны
аудармашы атаулыга қосымша қиындық. «Пушкиннің орыс
табигатының лебі келетін шыгармаларында, орыс табигаты
тәрізді баяулық, салмақтылық бар. Олардың бойында таза,
орыстық элементтер бар. Ресей оганым деген адам гана жан
жүйесі құралып, сезімі өрістеп, орыс өлеңдері мен орыс
рухын шын ұгынатын адам гана мүлтіксіз түсіне алады,
өйткені суреттелетін нэрсе негұрлым дагдылы зат болган
сайын оның өзгешілігін көбірек табу үшін ақын согүрлым
334
жогары тұруы керек, онан
соң, бұл өзгеше нэрсе нағыз
шындық болуға тиіс» [295,269 б.].
Хрестоматиялық өлеңге айналып кеткен мына шумақгар
баршаның есінде.
Уж небо осенью дышало,
Уж реже солнышко блистало,
Короче становился день,
Лесов таинственная сень
С печальным шумом обнажалась,
Ложился на поля туман,
Гусей крикливых караван
Тянулся к югу: приближалась
Довольно скучная пора;
Стоял ноябрь уж у двора.
Бұл -
қара суық жақын қалған шақтағы орыс
деревнясының реңі. Оның үстіне Татьянаның Онегиннен
осының алдында ғана салқын жауап алып, қамығып жүрген
шағы. Осы тұсты Қуандық Шаңғытбаев былай алады:
Ашылмай жиі күн көзі,
Торлайды көкті күз кезі,
Күндер де қысқа күздегі,
Қаңқылдап қаздар тізбегі
Күнгейге қарай жөнеді,
Даланы тұман қаптады,
Түнеріп сая бақтағы
Жапырағын жадау төгеді;
Таусылды кездер тамаша;
Қайырылды қайта қараша
Сөзінің
Төпліп тұр. Дэлдіп, көркемдігі тәнті етеді.
саздылығы да түпнұсқадан кем түспейді. «Күндер де қысқа
күздегі, / Қаңқылдап қаздар тізбегі», «Таусылды күндер
тамаша, / Қайырылды қайта қараша» деген жолдардағы «к»
мен «қ» дыбыстарының үндестігі көңіліңді кіреукелеп, қара
күздегі қарашаның қара суығын сезіндіргендей.
Кез-келген нәрсенің қадыр-қасиеті салыстырғанда
барып білінеді ғой, енді бір сәт Қ.Шаңғытбаевтың осы
шум акты 1949 жылғы аудармада қалай шығарғанына көз
алып өтелік.
335
Мінеки күз торлады көкп,
Күн де сараң шұғласын септі,
Қысқарып күн тартты шағын,
Саялы ну жапырағын
Күңірене төгіп, тұр сыйдыйып,
Жер бетіне түсті түман,
Қаздар қайтты қаңқылдаған
Оңтүстікке керуенін жыйып:
Жақындады көңілсіз шақ;
Ноябрь тұр аулада нақ.
Салыстыруға келмейді. «Күн де сараң шұғласын септі»,
«Қысқарып күн тартты шағын» деген прозаизм, «Ноябрь
тұр аулада нақ» деген калька адымыңды аштырмайды.
І.Жансүгіров аудармасы да сол шамалас болатын.
Міне күзбен былықты аспан,
Міне күнді бұлт басқан,
Күн қысқарып кетті тағы,
Сырлы сая орман даты
Азынайды шерлі шумен,
Қырға қаптап түсті түман,
Қаз керуені қиқулаған,
Тартты Оңтүске: таяу келген
Көңілсіз шақ адамга ауыр,
Тысқа келіп тұр ноябрь.
Қ.Шаңгытбаев жаңағы шумаққа ілесе тұрған :
Встает заря во мгле холодной....
На нивах шум работ умолк;
С своей волчихою голодной
Выходит на дорогу волк;
- деген жолдарды да сәтті шыгарган.
Көрмейсің енді таң шыгын,
Жұмыс жоқ, тыныш eric те;
Аш кұрсақ ертіп қаншығын
Бөрі де шықгы өріске.
Пушкин романында пародиялық элементтердің ролі
өте үлкен. Автор атынан берілетін тұстардың өзінде
абайламасаңыз арандап каласыз. Акын Ленскийдщ поэзиясы
был ай йипатталады:
Он пел любовь, любви послушный,
И песнь его была ясна,
Как мысли девы простодушной,
Как сон младенца, как луна...
Былай қарасаңыз Пушкин қаламына қимайтындай сырты
сұлу сөздср. Әрі үшінші жақтан айтылып, багаланып-ақ тұр.
Алайда осының артынша Пушкиннің: «Так он писал темно
и вяло...» - дейтіні тағы бар гой. Осыны орнымен келтіре
алмасаңыз Пушкин мысқылының мысқалын да жеткізбеген
күйде кала бересіз.
Немесе:
Кто жил и мыслил, тот не может
В душе не презирать людей;
Кто чувствовал, того тревожит
Призрак невозвратимых дней:
Тому уж нет очарований,
Того змия воспоминаний,
Того раскаянье грызет —
деген жолдарды алыңыз. Нагыз дидактика дерсіз. Кәдімгі
сентенцияның, уағыздың
ө з і.
Бірақ осының артынша: «Все
это часто придает / Большую прелесть разговору», деген
жолдар тағы тұр.
Эуезов «Евгений Онегиннің» қазақшасы туралы»
атгы
мақаласында: «Аударманың жоғарыда саналған
қасиеттерінен басқа тағы бір жақсылыгы асыл нұсқаның
ажуа, сықақ сияқгы тұздығы ащы өткірлігін де эдемі
келтірген» [3 8 2 ,6 5 6 .] деп жазған еді. Аударманың өн боиында
Пушкиннін мірдін оғындай мыскылы жақсы сақталған.
Басына оның түсті күн
Жабысып бір дерт сандырақ,
Ағылшын айтса: сплин,
Орысша аты - хандра...
Осының алдында ғана Пушкин өз кейіпкерін.
22
-
2915
337
Жоқ, сезім ерте суыды,
Мез етті думан, той, дамай,
1
Тэрк етіп талай сұлуды,
Лэззатты кетті ойламай;
Деп
суреттеген^
болатын.
Сондықган
Онегиннің
«сандырағына» ұйқасқа да орыстың «хандрасынан» басқа
Қ а з а қ с ө з ш
қиғың келмейді...
Алайда, осал түсіп, олқы соғъш жататын түстар да
баршылық. Пушкин ирониясы кейде сөзбе-сөз алынып, осыдан
юмордың орысшалау шыгып жататыны кездеседі. Ақынның
деревня қысын сурепеп келе жашп, бір тұсга бас жоқ-көз жоқ:
И вот уже трещат морозы
И серебрятся средь полей...
(Читатель ждет уж рифмы
розьц
На, возьми ее скорей!)
-дейтіні бар еді. Пушкин бұл арада шабыты шалқып,
тші т о п я т түспейтін, асыл созді қиыннан қиыстыра
алмағандықтан, амалсыздан «козім»,«созім», «сезім»,«тозім»
деген сияқты қолдана-қолдана эбден таптаурын, жауыр
оолған арзан ұйқастармен малданатын ақынсымақтарды
(олар сол тұста Ресейде жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай
қаптаған) эжуалап отыр. Оған қоса сондай сылдыр сөзге
ооиы үиреніп біткен оқырманды да қағыта кеткен. Ілияс
Жансүгіров аудармасында мұны былай келтіріпті:
Шытынайды міне аяз да,
Күмістелді қыр қыраудан...
( ¥ йқасына келер роза
Десеңіз, мэ алшы жылдам!)
«Аяз да» мен «роза» алыстан болса да дыбысы ма
бфдецес1 үилессе үйлесетін шығар... Ал Қ.Шаңғытбаевтьщ
IУ 50 жылғы нүсқадағы:
Аяз да келді сықырлаған,
Жылтылдайды күміс дала...
(Ұйқасар еді-ау роза бүған;
Қажет болса, ала ғой мә!) -
дегені де, 1985 жылғы нұсқадағы:
338
А яз
Күмістей дала, қарасаң...
(Роза ұйқас ұтырлы-ақ,
Оқушым тез ал , қаласаң!) —
дегені де үйлеспейді, сондықган элгі мысқылды дэл
беое алмай жатыр. Мұндағы қателік «морозы» мен «розы»
сөздерінің бірін алып, бірін алмағаннан шығып тұр. Содан
«оозаның» неменеге
ұйқасатыны ұгынықсыз _ қалган.
Окырман
1985 жылғы аудармадан Қ.Шаңғытбаевтың.
«Түпнұсқада
мороза
деген сөз тұр. Көп ақындар оған
роза
ны^йқастырагаи» деген түсіндірмееін түйеш уш түисшер
бірақ Пушкиннің жеңіл мысқылын сол арқылы аша аламыз
ба’ Жалпы, қақаган қыстагы
«морозыга»,
келсін-келмесін,
жайнаған жаздағы
«розыды»
қыетыра салатын өлеңшшерді
S S S U калай эжуаларсыз? Өзбек акыны Айбек
осыяын
жолын тапқандай:
Мана чарсиллайди изғириқ совуқ,
Далалар бағрида сочди кумуш гул...
(Уқувчи кутади бунга мувофиқ
Қофия ; мана тез ола қол : булбул!).
«Күміс гүлге» «бұлбұлды» жапсыра салатьін, «гүл-гүл
жайнаған» жайда міндетті түрде «бұлбұл саираган» етіп
қоятын арзанқол талгамды оеылай да күлкі ^ к е л е п н
сиякгы Өзбек уғымына, әрине, мына нұсқа жақын жатыр.
Ш аіы тбае^ аудармаеынын ендігі бір жақсы касиет,
Пушкин романының кемел кер*=
е еш
щксан
келтірмеумен қатар
өміртанытқыштық
алғаны
энциклопедиясы»
бағаланғаны
бұл
тұрган дүние екенін жаксы біледі. Бүл
6 Ь бөлігі. «Евгений Онегин» туралы Ю .М.Лотманньң
түсіндірме кітабын [331] оқыган адам бұл шығарманың
Дтпар-қатпар, қыргыс-қыртыс қазынасына қаиран қалмаи
қоимайдьг
Ілияс аударМасын онша түсінбеиміз
кслпд^
j
__________ „плиаііш гнпым
жолымен
күңкілдеипндерге
339
терең боилап оқымағандықган (ал «Евгений Онегинді»
солаиша оқымаи болмайды) ол кісілер бұл арадағы біргалай
нәзік жаидьі білмейді» [382,63 б.], деп жазган. Сол ма^лада
^уезов. «Сонымен қатар көпшілік оқушыны алсақ, оған
«Евгении Онегинді» дұрыс ұғынып түсінуі жөнінде біз
жэрдеМ беруге мшдетгіміз. Бұл романның эрбір
қазақша
баспасына орыс тілінде бершетін қалпынан сонагурлым
мол түсщщрме сөздіктер басып отыру керек» [3 82 67 б 1
деген оиын да айтады. Осыған байланысты мына ’ жайдь!
Д қозғаи кетудщ реп бар. «Октябрь» журналы кезінде
«Онегин энциклопедиясының» мақалаларьш жариялап
ОЛ энциклопедия кеиін екі томды құрады. Әлемде жеке
аеторларға (Данте Гете, Шекспир, Диккенс, т.б.) ғана емес
^кетуындыларга(мысалы, «Құдіретгі комедияға») арналған
т р
нциклопедиялар да бар. «Онегин энциклопедиясы»
де оиға Қалдырған.
«Абай
жолы» энциклопедиясын
ганибет ,с болар еді» [169, 164 6.J дёп ”
бы™
алдык
еШК1М
мады- Ақьфьі осы шаруаны да колга
Жақсы аударудың бірінші шарты - жақсы түсіну.
Мұндаида аудармашыға
үлы
Гетенің: «Түсінгің келсе жьірда
сен, /Сапар шек Жырдың еліне: /Түсінгің келсе ақынды /
Сапар шек ақын жеріне» деген
кецесі көмекке ^еледі
І.Жансүгіров те, Қ.Шаңгытбаев та түпнұсқаның өзіндік
ерекшеліктерш терең үғынуга ұм ты лк™ , ол жазылТад
дәуірд, терең танып-білуге тырысқаны көршіп-ақ ™
Аударма теориясынан тым болмаса бір кітаппен
Гжаз\апьА
^
Д‘
галанггы ақьш
K ^ S b i
КТ Ю> Деген сыңайДағы пікірді оқымай
қалмаиды. Бұл енді басы ашық жай гой. Әрине, аударманы
қолга алған адам міндето түрде талант иесі болуға тиіс. Өзіне
Г НТп б¥ИЫрМаҒаН аДаМ басқаныі* талантын таныта алмақ
леппй ГеНМеН’ <<кезАкелген өнеР ғьілымсыз өркендей алады
В Д Й ш а Опа^ ЫК' Анатомияны зерттемесеңіз, мүсінші бола
алмаисыз.^ Оптиканың заңцылықгарын білмесеңіз сулетші
бола алмаисыз. Музыка теориясынан хабарсыз композиторды
көзге елестеіу қиын-ақ. Математика мен физиканы білмеігін
архитектор да солаи. Өлең аудармасын қолга алған адам ягни
Г н РоДзТншеенРб Г е) ӨТ6 КҮРД6ЛІ Д6 ЖауаП™ саласьша түскен
эдебие^ш t T
Ha ЛИНГВИСТИканы, эстетиканы, қогам мен
әдеои еттің тшэихын. по'ггин'яич
тп
_______ _
филологияны
деп үміт
340
етпей-ақ қойсын» [28]. Бұл тұрғыдан да «Евгений Онегин»
аудармасынан түпнұсқадағы тұрмыстық детальдардьщ өзін
толыкгаи дерлік таба аласыз.
Төсектен эзер түрегеп,
Киіп ап үлкен боливар,
Бульварға барар жөні бар.
Соққанда ғана брегет,
Қайтады түскі тағамға,
Қыдырып әбден алаңда.
Латын Америкасындағы ұлт-азаттық қозгалысының
көсемі Симон Боливар кең қанат шляпаны
басынан
тастамаған [331, 140 б.]. Пушкиннің өзі де шляпаның
•г_~' • ~
“
" j t
lap
- Нева проспектісінің ауызекі
тілдегі аты, 1820 жылға дейін сол даңғылдың бел ортасына
жөке аллеясын отыргызып тастаган екен [331,140 б.]. Брегет
- Париж механигі Брегеттің қол сагаты. Қымбат бағаланатын
себебі шебер еш қашан бірдей екі сагат шыгармаган екен,
эр сагаттың өз ерекшелігі болган. «Репетициясы» бар, ягни
қоңыраулы сағаттар ол кезде енді гана сәнге кіре бастаган
[331, 141 б.].
Немесе, Онегиннің балетке барган кезін
қараңыз.
Жын-шайтан, жылан, тәңрілер,
Сахнада шулап қарғиды;
Малайлар сыргта әбігер,
Тондарын төсеп қалғиды.
Он тогызыншы ғасырдың басында театрларда гардероб
болмаған [331, 152 б.]. Сырт киімді жұрт малайларына
қалдырып кететін. Театрдың жан-жағында мырзасының
тонын жамылып, қалғып-мүлгіп малайлар отыратын,
кейбіреулері
жерге төсеп
жіберіп ұйқыға да кететін...
Малайы жоқтар қыста театрға жолай бермейтін.
Тоңазып атгар тұр жұлқып
Құрмағыр қамыт, доғасын;
Сөгеді сыбап қожасын
Атқосшы отқа қол жылытып;
паиын үнаткан. ьүльв
Ю.Лагман өзінің түсіндірме кітабында Г.Т.Северцевтің
«Петербург в XIX веке» деген еңбегінен бұл жолдарға
мынандай мысал келтіреді: «Мырзаларының театрдан
немесе
думаннан
шыққанын
күтіп
жүргенде
жас
форейторлардың қатты суықта қатып қалатындары да
болатын, көшірлердің үсіген саусагын, башайын ешкім
есепке алып жатпайтын» [331, 152 б.]. Форейторлар деп
алдыңғы аттың көшірін айтады екен.
Өздері жылылау
жақтан келген немістердің кіргізіп жүрген сәні көрінеді.
Осылай, жол-жолымен жылжытсаңыз Пушкин романынан
сол кездегі орыс өмірі кітап парағындай ашыла береді,
ашыла береді. Сондағы тарихи мәлімет байлығы, деталь
дэлдігі аудармада да сақталғаны сүйсінтеді. Енді бір мысал
келтірейік.
Жетінші
тараудың
отыз
сегізінші
шумағында
Татьянаның күймемен Москваға келіп кіретіні бар.
Возок несется чрез ухабы.
Мелькают мимо будки, бабы,
5
Мальчишки, лавки, фонари,
;
|1
Дворцы, сады, монастыри,
Бухарцы, сани, огороды,
Купцы, лачужки, мужики,
Бульвары, башни, казаки,
Аптеки, магазины моды,
Балконы, львы на воротах
И стаи галок на крестах.
Осының бәрін Татьяна зырлап бара жатқан күйменің
терезесінен
қарап отыр. Бұрын үлкен қаланы көрмеген
қыздың көз алдынан эр сурет сыр-сыр етіп қалып бара
жатыр. Бастан аяқ дерлік зат есімнен тұратын мұндай
шумақгы шашып-төгіп алмай аударып шығу шамалының
қолынан келер шаруа емес. Шаңғытбаевтың шамасы келген.
Келеді күйме қалтылдап,
Қаптаған күйме, қатын, бақ,
Сарайлар, сарттар, балалар,
Монастырь, лашық, шаналар,
Көпестер, дүкен, панарлар,
Мүнара, бульвар, бақша-бау,
Аптекгер, үйлер оқшаулар,
Казактар, шаруа адамдар,
Арыстан жатқан дарбаза,
Кірестер толы қарғага.
342
Бәрі түп-түгел қамтылған.
а л
енді
осыны
т р п л іт ,
замандағы Москваны, орыстың өмір салтын білгіңіз келіп
оқысаныз қаншама мэліметке қаныға аласыз. Лариндердщ
калага қазіргі Беларусь вокзалы тұрған жақган кіргені де,
сол кезде Тверь көшесінің бойы қаптаған дүкен болғаны
да олардан балалардың жүгіре шығып, жар салатыны да,
қалаға кешке қарай келген тұста жаңа жағылган панарлар
да, күйме Тверьдің бойындагы Разумов сарайынын тұсынан
өткені де, содан өрлеп келіп қазіргі Пушкин алаңы тұрған
тұстагы әйелдер монастырының жанынан эрі қараи кеткені
де жүрмейтін жері жоқ ағайындарымыздың Орта Азиядан
жеткізіп мүлік-мүкэмал сата бастағаны да (о кезде бұқарлық
саудагерлер әкелетін эйел шэлілері сэн еді), онсегізшші
ғасырда Екатерина ІІ-нің жарлығымен Москвадағы Ақ
қаланың қабырғалары қиратылып, оның орнына бульварлар
сақинасы салынганы да, сол ғасырда мұнаралар қаланың
сәүлетіндегі айшықгы белгіге айнала бастағаны да, дәулетті
кісілер желеп-жебеп жүрсін деп үйінің дарбазасына арыстан
сүретін салып қоятын болғаны да, ақыр аяғында қанша
жерден кірес керіп тастасаң да ештеңеңе қарамаитын қарға
шіркіннің Россия астанасының аспанында қаптап жүргені
де [331, Б.326-328] ... - бәрі-бәрі бір шумақта тұнып тұр.
Соның өзінде өлеңі жатық, төкпелеп, төгіліп келеді.
Мішдай мысалдарды романның кез-келген жерінен оиып
ала
беруге болады. Кейіпкерлердің мінезделетін тұстары
қандай жатық шыққан!
Еркіне ақыл, арының,
Көндірген албырт арынын,
Аңсаса ләззат сағатын,
Емінер сәтін табатын.
Бұл, эрине, Онегин.
Тағылау, мұнпы, бұйығы,
Нудың дэл үркек киігі,
Өссе де туған үйінде,
Бой жетті өгей күйінде.
Татьянаның осы сипатын түпнұсқадагы «Дика, печальна,
молчалива, / Как лань лесная боязлива, /Она в семье своей
родной/ Казалась девочкой чужой», деген жолдардан бір де
кем деп айтпас едік. «Сөзі бар шалқып өршген, / Шашы бар
343
оұира төгілген» Ленскииді де, «Көздс нұр көктен тамғандай,/
Толқын шаш зерге малғандай, /Жургсні ксрбез, қынай бел
J
Үніне ұйыр былайгы ел» Ольганы да аудармашы шабыттана
кейіптеген.
Татьяна, Таня, жарығым!
Жылаймын саган қосылып;
Әсемпаз жап-жас залымның
Қолына түстің, осыны ұқ,
деп қиналатын няня қандай әсерлі! Қ.Шаңгытбаев
тиісті жерінде Пушкин романындағы ауызекі интонацияны
да тамаша сақтай білген. Татьяна мен нянясының түнгі
әңгімесіне құлақ түрел ікші:
, I
Жат жұргқа сөйтіп келдім ғой...
Достарыңызбен бөлісу: |