Пайдаланған әдебиеттер:
1 Қазақстан Республикасының Заңы. «Білім туралы» Алматы: ЖШС «Издательство
«НормаК», 2013. – 64 бет.
2 Ж.А.Асқарова.Кəсіби білім беру жүйесіндегі оқыту технологиялары. Алматы:
15б,37б.
3 Егемен Қазақстан газеті 2011 ж. 1 ақпан
4 Сарбасова Қ.А. Инновациялық технологиялар. Алматы, 2006.
363
УДК: 323, 28 (574)
Дуйсенбаева Г.,
1
Мыңбаева А.
2
1
Абай атындағы ҚазҰПУ 6D011700-Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс
докторанты
2
ОҚМПИ аға оқытушы mutlu_8484@mail.ru
КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІКТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ТІЛ МЕН МӘДЕНИЕТ
БІРЛІГІ
Abstract. The article deals with the formation of professional competence of students
philologists in Lingvokulturnaja aspect. The paper summarized the research works of many
scientists. Language development is associated with life itself, the process of their interaction is
revealed from different angles. Formation of philology experts regarded the unity of language
and culture. However, the competence is considered not only in relation to education, it is the
result not only of learning, competence is also related to feature the character of the person, his
previous development, the results of its operations. Thus, komunikativnaya kompetentnst
investigated with social, strategic, linguistic, professional, rhetorical, political and cultural
aspects.
Defining features of the interaction of language and culture in the domestic and foreign
science in the early nineteenth century, scientists confronted a number of challenges. These
issues are reflected in the works of AN Afanasiev, FI Buslaev, V. Humboldt, W. Grimm and
A.A. Potebni. Most researchers comes from the fact that culture is transmitted through language,
believing that only the language of the person instills a culture, and consideration of the
constituent parts of the language and culture, in their opinion, it is a vector of cultural studies in
linguistics.
Keywords:
professional
competence,
language,
culture,
cultural
linguistics,
anthropocentric
Педагог ғалымдардың кəсіби педагогикалық дайындықты қарастыру барысында
(O.A. Абдуллина, И.А. Зимняя, Е.А. Климов, В.А. Крутецкий, А.К. Маркова жəне т.б.)
болашақ мұғалімнің индивидуалдылығы құрылымының құрамдас бөліктері (индивидтік,
субъектілік, тұлғалық), оның кəсіби мəдениетіне қойылатын талаптар (шығармашылық,
мəдениеттің репродукциясы, кəсіби білімдер жəне біліктер, рефлексия), кəсіби біліктердің
кешені ескерілді.
Біздің зерттеуіміз үшін «кәсіби құзыреттілік» ұғымы маңызды болып табылады. Ол
қандай да бір мəселе туралы талқылауға, кəсіби салада қызмет етуге мүмкіндік беретін
жекелеген білімдерді, дағдыларды, өмірлік тəжірибені меңгеру ретінде; қоршаған
ортамен тиімді əрекеттесуге мүмкіндік беретін жəне осы үшін қажетті құзіреттерге
тəуелді тұлғалық құрамдас бөлік ретінде; өзінің кəсіби қызметін тиімді орындау үшін
тұлғаның ішкі мотивацияға ие болуы, маманның білімділік деңгейі ретінде анықталады
(В.А. Адольф, Е.В. Бондаревская, Н.В. Кузьмина, ..... жəне т.б.).
ХХ ғасырдың соңында ғалымдар тіл білімінде адам мен оның зияткерлік қабілетін
қалыптастыратын мəдениетке орын жоқ, əлем халықтың тілі мен мəдениеті арқылы
қарастырылмайды деген қорытындыға келді. Бізді қызықтырған мəселенің кейінгі
зерттеулері келесі ғылыми бағыттар аясында жүргізілді:
мəдениетті тіл арқылы зерттеу (Д. Брюкиср, В.В. Иванов, В.П. Топоров, H.H.Толстой
жəне т.б.). Аталмыш бағыт аясында мəдениет тілдік тұлғаның ойларын ұйымдастыру
364
тəсілі жəне əртүрлі тілдік концептілер мен категорияларды қалыптастырудың жағдайы
ретінде қарастырылды. Ғылыми ұстанымдардың негізіне келесі факт алынды: мəдениет
лингвистикамен қатар қарастырылып қана қоймайды, тіл мен мəтінді толық талдау үшін
қажетті құрал ретінде қарастырылады;
тіл мен мəдениетті жасау, дамыту жəне сақтау құралы, оның бөлігі ретінде қарастыру
(С.А. Арутюнов, К. ЛевиСтросс, М. Лотман, К. Манхейм жəне т.б.). Тілдің көмегімен
материалды жəне рухани мəдениеттің шынайы, өмірде бар шығармалар жасалады деген
ұстаным маңызды болып табылады.
Өткен
ғасырдың
соңында
осы
идеялардың
негізінде
лингвистика
мен
мəдениеттанудың тоғысында жаңа ғылыми бағыт пайда болды: лингвомəдениеттану,
оның зерттеу пəні халықтың тілінде көрініс беріп, сақталған мəдениетінің көрінісі.
Лингвомəдениеттанудың ғылыми мəртебесін бекітуге алғаш болып Е.Д. Поливанов
талпыныс жасап, оны тіл ескерткіштерінде сақталған мəдениет құбылыстарын зерттеу
пəндерінің жиынтығы ретінде қарастырды. «Лингвомəдениеттану» жаңа термині
семантикалық тұрғыдан қиын болғандықтан (өйткені лингвистика жəне мəдениеттану
атты екі құрамдас бөліктен құралды), оның алғашқы шоғырланған түсініктері терминнің
мағыналық бөлігін тарылтып, лингвомəдениеттануды этнолингвистиканың бір бөлігі
ретінде түсінуге жетеледі. Ғылымның лингвомəдениеттанулық бағыты тіл белгілерінің
халықтың мəдени санасын көрсетіп, оны əртүрлі жанрдағы мəтіндерде пайдалану арқылы
таныту
қабілетін
талдауға
мүмкіндік
береді.
В.Н. Телия
секілді
біз
де
лингвомəдениеттанудың пəні тіл мен мəдениеттің өзара əрекеттестік тəсілдері мен
құралдарын синхронды аспектіде талдау жəне сипаттау болып табылады деп есептейміз.
Лингвомəдениеттанудың бізді қызықтырған тағы бір аспектісі – лингвомəдени
қауымдастық субъектілерінің мəденитілдік құзыреттерін анықтау.
Мəденитілдік
құзыреттілікті
таратып
талдап
қаралық.
Мəдениет
сөзінің
этимологиясын бағдарласақ, (лат.cultura«тəрбие, білім, даму, өсу») адамның тəрбиеленуі
мен білім алуы деп қарастырылған. Біздің ұстанымымызға жақынырақ Э.Сепирдің
мəдениет концепциясының анықтамасы келеді, «направлена на то, чтобы охватить в
едином термине те общие установки, взгляды на жизнь и специфические проявления
цивилизации, которое позволяют конкретному народу определить свое место в мире» [1,
13с.]. Тіл ойды білдіру мен қарымқатынастың маңызды құралы ғана емес, мəдени
білімнің аккумуляциясы (жинағы). Мəдениет те тіл сияқты таңбалық жүйесіндегі
ақпаратты тасымалдауға қабілетті, бірақ тілден ерекшелігі, өздігінен ұйымдастыру
қабілетіне ие емес, күрделі семиотикалық жүйе, оның функциясы – ес, ал оның негізгі
бөлігі – жалпыға бірдей абсалюттілікке ұмтылу мен жинақтау. Тұлға, мəденит
диалогынсыз, қарымқатынассыз өзінің абсалютті кереметтілігіне ұмтылмайды.
Э.Сепир тілдің мəдениетпен тығыз байланыста екенін айта келіп, мəдениет пен тілдің
спецификасын жасады: «Мəдениетті анықтау үшін сол ортаның жасағаны мен ойлағанын
білу керек, ал жасау мен ойлау тіл болып болып табылады». [2, 193194сс]. Сонымен
мəдениет тілсіз, тіл мəдениетсіз жасай алмайтынын көруге болады. Бұл байланыста тілдің
«ішкі форма» екенін, мəдениет дамуы адам қоғамында жүзеге асырылатынын байқаймыз.
Осы ретте бұған дейін зерттелген мəселе, тіл – тек адамға ғана тəн құбылыс.
Қазақ тіл білімінің қай саласында болсын өз ізін қалдырған тілші ғалым А.
Байтұрсынов сөзімен айтқанда «Тілдің міндеті – ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың
меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түйінін түйгенінше айтуға жарау» [3, 8]. Ендеше, тілдің
маңызды міндеттерін атқару үшін халықтың өзіндік рухани тəжірибесінен туындайтын
жетістіктер мен тарихи атамұра жазба ескерткіштер тілін жанжақты зерттеу қажет. Олай
болса ОрхонЕнисей жазба ескерткіштер тілін қазіргі қазақ тілімен салыстырып қана
365
қоймай, оны əрі қарай дамыту – маңызды міндеттердің бірі. А. Саади қазақ тіліне қатысты
ойын: «Қазіргі ең таза, ең бай, ең табиғи жəне бұзылмай бұрынғы қалпында сақталып
қалған бір тіл болса, ол – қазақ тілі жəне қазақ əдебиеті, шын ғылым үшін біз мұны ашық
айтуымыз керек » деп бағалайды [4, 18 б]. Осындай таза да бай тіліміздің бойындағы
қасиеттері қаншалықты шұрайлы екендігін көрсету үшін тілдің тарихына жүгінеміз.
«Мəдениет» термині – қазіргі гуманитарлық білімде тамырын тереңге жайған, ұшы
қиыры жоқ, шешімін таппаған. Кеңістікте адамзат жаратылғалы мəдениет те өз сатысымен
дамып
келеді.
Төмендегі
келтірілген
анықамалардан
мəдениет
сөзінің
көп
мағыналылығын байқаймыз.
Мəдениетаралық қарымқатынас мəдениет мезгіліндегі жəне белгілі бір кеңістіктегі
əрекет ететін жанды процесс. «Мəдениет» ұғымы материалды жəне рухани дамудың
нəтижесінде қоғамның қол жеткізген пайдасы жəне үзіліссіз шығармашылық акт.
Мəдениет – бұл эксплицитті, имплицитті, рационалды, иррационалды, адамға қызмет
ететін белгілі бір тарихи кезеңде болатын тарихи жаратылыс. [5, p97}
Мəдениет – бұл салтдəстүр, əдетғұрып, өнер жəне белгілі бір кезеңдегі белгілі бір
топтың біліктілігі. Сонымен қатар, мəдениет – адам мінезін басқаратын, оның өмір
сүруіне ықпал ететін моделдер жүйесі. Бұл моделдерге: адам миымен əрекет етуші,
адамдардың өзара əреке етуші қабілеті, адамдардың қажеттіліктерін қанағат етуші, ішкі
жəне сыртқы факторлардың əсеріне сəйкес өзгерістер, құрылымдарын орнықтыруға
ұмтылу, ұрпақтанұрпаққа беріліп отырады. [6, p74] Мəдениет тұтас бір халықтың
психологиялық ерекшеліктерінің, дəстүрдің, көзқарастардың, құндылықтардың, тұрмыс
тіршіліктерінің, өмір сүру жағдайларының тарихи, əлеуметтік жиынтықтарын құрайды.
Қазіргі анықталған антропоөзектілік лингвистикада тіл мен мəдениетті игеру бірінші
орынға шықты. Мəдениет сəулесінен кейін тілдің функциялары тіл білімі ғылымын негізге
ала отырып адам туралы басқа ғылым салаларында қарастырылады. Мəдениет – адам
жасаған жəне жасайтын материалды жəне рухани қажеттіліктер (А.И.Арнольдов,
Л.П.Ким).
Мəдениет – адам ісəрекеті жəне сол ісəрекеттің нəтижесі деген пікірмен
В.Е.Давидович, Н.С.Злобин, Л.Н.Коган, О.В.Ханова тəрізді ғалымдар келіседі.
Бүгінде заман ағымына қарай пайда болған «тіл жəне мəдениет» деп аталатын жаңа
бағыт бар екені белгілі. Тілді иəдениеттен бөліп оқытудың мүмкін еместігін түсіндік. Тіл –
қарымқатынас құралы болса, қарымқатынас тілі – сол тілді қолданушылардың
мəдениетін, мəдени білімін танытатын құрал болып табылады.
Сөздің семантикалық мазмұнындағы əлеуметтік ерекшелігін қарастырып, «тіл жəне
мəдениет» бағытының теориялық жəне əдістемелік негіздерін анықтауда Н.Г.Комлев,
О.С.Ахманова,
Е.М.Верещагин,
В.Г.Костомаровтың
еңбектері
зор.
Н.Г.Комлев
лингвистикада алғаш рет мағынаның мəденитарихи компоненті деген ұғымды енгізді.
Ғалымның айтуынша, белгілі бір əлеуметтік топта затты енемес құбылысты
сəулелендіруші сөз оларды таңбалап қана қоймайды, сонымен бір мезетте сөз санада сол
затты бейнелейді. Бұл қазіргі мəдениеттің, тілдің санада бейнелеуі, тілдік əлемдік
бейнесін сөз етуі.
Е.И.Пассов жаңа концепция ұсынған. «Мəдениеттіл арқылы, тіл – мəдениет арқылы»
деген концепциясы тілді мəдениетпен байланыстыра оқытудың тиімді, пайдалы екендігін
қарастырады. [7, с1718] Тіл – мəдениеттің бөлігі, оны меңгерту мен меңгерудің негізгі
құралы, Тіл сол халықтың ұлттық менталін бейнелейді. Бір жағынан мəтінде моделденген
сияқты, мəдениет тілге негізделген.
Г.Смағұлова «лингвомəдени рема» [8, 67б], А.Алдашева «лингвокультурема» [9, 81б]
деп атаған компоненттер – қазақ сөздерінің ішіндегі қазақ мəдениетін білдіреді десек,
366
олардың қазақ тілін оқыту əдістемесінде де қызмет етуін мүмкін етуге болады деп
санаймыз.
Мəдениет тілін меңгере отырып, кез келген адам сол аксиологиялық жүйенің ғана
емес, этномəдени қоғамдастықтың да мүшесіне айналады, өйткені ғалым Ә.Қайдар атап
өткендей: «Мəдениет – жеке адамның басына тəн қасиеттен басталып, бүкіл ұлттық
менталитетті, ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық сана, дүниетаным, салтдəстүр, рухани
материалдық байлықтың бəрін түгел қамтитын өте күрделі ұғым» [10, 219 б]
Тіл мен мəдениеттің өзара байланысын Г.Исаеваның «Көшпелі елдің киіз үй есігіне
байланысты тіркестер» мақаласында берген түсініктемесінен де көре аламыз: Мəдениет
пен тілдің бірбірімен байланысы күрделі, өте тығыз. Мəдениет адам қолымен жасалатын
материалдық құндылық болғандықтан, ол таза табиғи үдеріс ретінде таныла алмайды. Ал,
тіл адам баласына берген Аллаһтың сыйы, яғни ол рухани құндылық болып табылады. Бір
қырынан алғанда, мəдениет пен тілдің байланысы мазмұн мен форманың байланысы
секілді. Тіл – мəдениетің өмір сүру формасы болса, мəдениет – оның ішкі мазмұны.
Сондықтан да, тіл мен мəдениетті бірбірімен бөліп қарауға болмайтын құбылыс деуге
болады. [11, 147 б]
Тіл мəдениеттің жалпы сипатын танытады. Негізгі ақпаратты сақтайды, жинақтайды,
таратады. Тіл – мəдениетті танытушы құрал ғана емес, тілдің бойында оның арқауын
құрап, негізін қалайтын ұлттық рухтың ізін айқындап тұратын ұлы күш ретінде
анықталады. Ұлттық мəдениеттің тірегі тілде. Қазақ халқының этностың, ұлттық
мəдениеті, негізінен тілде көрініс тапқан. Осы орайда тіл – ұлттық болмысымен
қалыптасқан төл мəдениетіміз сақталған көздердің бірі [12, 4 б.].
Тарихиəлеуметтік маңызы жағынан «мəдениет – адамды тұлға деңгейіне көтеретін
негізгі құрал». Бұл сөз мəдениетіне баулудағы ең басты тұжырым. Мəдениет өзінің кең
мағынасында бір ұрпақтың келесі бір ұрпаққа қалдырған өмір сүру тəсілі болғандықтан,
осы жалғастықты, мұрагерлікті ауыз, жазба əдебиеті арқылы келген шығармалар өзегін
құрайды.
Мəдени құзыреттілік термині əзірге жалпылама қабылданып, нығайған ғылыми
анықтамаға ие болған жоқ. Ғылыми əдебиетте «мəдениет» ұғымының көптеген
анықтамасын кездестіруге болады. Бұл анықтамалар кейде бірбірінен алшақтап кетеді.
Өткен ғасырдың 60шы жылдарындаақ шетел зерттеушілер мəдениет сөзінің 300ге
жуық анықтамасын жинақтады. Содан бері анықтамалар саны өсіп келеді. Сондықтан өз
зерттеуімізде біз «мəдениет» ұғымын тереңірек талдап, түсіндіруге мəн бердік. Қазіргі
жастар мəдениетті тек көпшілікпен қарымқатынас өлшемі ретінде санайды. Ал мəдениет
ұғымы өте күрделі ұғым.
Мəдениеттаным арқылы үйретудің əдістəсілдерін қарастырған А.К.Мырзаханова:
«Әр халықтың басынан кешкен тарихы, бүкіл рухани, мəдени байлығы, болмысы,
дүниетанымы, өмір тіршілігіне, күнделікті тұрмысына қажет бұйымдары, əдетғұрпы,
салтсанасы, талғамы т.б. сол тілде таңбасы емес, дүниенің тікелей бейнесі емес, оның
біздің санамызда тілдік шығармашылық үдеріс нəтижесінде туған бейнесі, «дүниенің
тілдік бейнесі» [13, 24 б.] дей келе, А.Салқынбайдың тілдің мəдениет бөлігі ғана емес,
бүкіл мəдениет пен танымның негізін салатын жəне санамен байланысын қарастырған
пікіріне сүйенеді [14]. Ғаламның тілдік бейнесі санамен тікелей бай ланысты. Ал,
фольклорлық сана жекелеген ұлтқа ғана тəн екені белгілі. Оның ішкі мазмұнын тіл
арқылы ғана танып білеміз [15, 144 б.].
Сонымен, тіл мен мəдениеті бірлігі лингвомəдени аспектіде кəсіби құзыреттілікті
қалыптастыруда мынадай қорытындыға келеміз:
367
1) педагогикалық тұрғыда тəрбиелік маңызы үлкен, адамгершілікке, ізгілікке,
мəдениеттілікке тəрбиелеу;
2) өзара түсіністік, мəдени жəне саяси, психологиялық тұрғыдан дамыту;
3) мəденитілдік тұрғыдан тілдің паремиологиялық қорын байыту, мəдени этолондар,
стереотиптерден хабардар болу, тілдің бейнесі мен метафора, сөз мəдениетін
қалыптастыру.
Тіл мен мəдениеттің ісəрекеттің формасы ретінде негізгі қызметіне келсек,
əлеуметтік жəне аксиологиялық. А.К.Мырзаханова тіл мен мəдениет бірілігінде тілдің
əлеуметтілігін қарау керек дегенге келтіреді. Тілдің əлеуметтілігін тіл мен мəдениеттің,
тіл мен қоғамның бірлігінде алып қарау керек. Бүкіл бір ұлттың əдетін, ғұрпын, рухын тек
тіл арқылы ғана танып біле аламыз [13] . Тіл рухани байлық қана емес, ол мəдениеттің
көзі, ұлт өмірінің айнасы. Әлеуметтік қызметі – қарымқатынас ретінде білімі, норма,
құндылықтар негізінде тұлға қоғамның толыққанды мүшесі болуы, Аксиологиялық
қызметі – мəдени құндылықтар арқылы өзінөзі жəне қоғамды құрметтеуі, тануы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1
Воробьев В.В. Лингвокультурология: Монография.Москва: РУДН, 2008.336с 13с
2
Сепир Э. 1993, с223
3
Байтұрсынов А. Ақ жол/А.Байтұрсынов.–Алматы: Жалын, 1991.493б.
4
Саади А. Тіл, əдебиет, язу əм олардың өсулері / А.Саади. Қазан: Татгосизд, 1926.
127б
5
Keluckholm C., Kelly W.H. The Concept of Cultur//The Science of a Man in the World
Crises, ed.By Ralph LintonNew York, 1945.p97
6
Brown H.D. Sociocultural Factors in Teaching Languages Students//The Multicultural
Classroom, ed.by RichardAmato P.A., Snow M.A. – London: Longman, 1992.p74
7
Пассов
Е.И.
Коммуникативное
иноязычное
образование
как
развитие
индивидуальности в диалоге культур (Доклад на ІХ Международном конгрессе МПРЯЛ в
Братиславе) // Русский язык в центре Европы. Ассоциация русистов Словакии. – Банска
Быстрица, 2000. – с1718.
8
Смағұлова Г, Қарымсақова Р. Казахский язык. Страноведение через фразеологизмы. –
Алматы: Жібек жолы, 1997, Б67
9
Алдашева А. Қазақ тілі. Қазақ тілін жетілдіре оқытуға арналған оқу құралы. –
Алматы, 1997. – 240б Алматы: Қазақ унті, 1992. 248б
10 Қайдаров Ә., Оразов М. Үүркітануға кіріспе. – Алматы: Қазақ унті, 1992. 248 б.
11 Исаева Г.С. Көшпелі мəдениеттің тілдегі көрінісі // Тілтаным. – Алматы, 2005. №4. –
Б. 177180.
12 Сейілхан А. Қазақ тіліндегі этнографизмдердің лингвомəдениеттанымдық мəні:
филол. ғыл. Канд. ...автореф. – Алматы, 2001, 28б
13 Мырзаханова К. Түркі тілді студенттерге қазақ тілін лингвомəдениеттанымдық
үйретудің əдістемелік негіздері. Пед.ғыл.кан.. ...дис.Көкшетау, 2010, 124б
14 Салқынбай А. Тарихи сөзжасам. – Алматы: Қазақ университеті, 1999. – 309б
15 Мамыт А., Мыңбаева А.П. Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь
Казахстана Science and life of Kazakhstan. №2 (36). 2016, 141144 бб.
368
УДК 37
Doganay Y.
1
, Manackbayeva K.
2
1
PhD, Suleyman Demirel University, Almaty, e-mail: yakup.doganay@sdu.edu.kz
2
Suleyman Demirel University, Almaty, e-mail: kuralay91@mail.ru
EFFICIENT WAYS OF TEACHING CULTURALLY MARKED WORDS
Abstract. Modern approaches to humanistic sciences (psychology, cultural studies,
cultural anthropology, philosophy, sociology, philology), following the needs arose, are to
explore different aspects of intercultural communication. The reasons for this fact lay in the
interest of the problems that humanity facing as a result of scientific and technical progress. The
issue of dialogue and mutual understanding of people from diverse linguacultural backgrounds
cultures is of crucial. Each participant of international contacts quickly realizes that one
possession foreign language is not enough for a fullfledged intercultural understanding, which
requires only knowledge complex forms of behavior, psychology, culture, history its partners in
dialogue. It is important to be able to correctly interpret the texts (written or oral) in a foreign
language. It recognizes the discrepancy in perceptions of situations to due to cultural differences
between the text and its author recipient.
Introduction
The study of the relationship of language and culture is one of the important directions of
modern linguistics and foreign language teaching. This is due to continuously increasing
practical needs of intensive intercultural communication and interaction. Since words, containing
information about the culture of native speakers, are the subjects of various sciences, there are
various approaches to addressing the problem: from the point of view of linguistics (the realities
of culturally marked vocabulary / vocabulary with cultural component / culturally significant
vocabulary), translation (nonequivalent vocabulary), and culture (concepts, frames, and scripts),
and psycholinguistics (prototypes). However, the differences between the existing terms are not
always obvious, and often raise the question of the role and place of words with the cultural
component in the language system, as well as on the composition of this group of vocabulary.
Despite considerable interest to the reporting culture in the vocabulary of the language, not the
technique of cultural studies marked tokens. Moreover, neither in domestic nor in English
linguistics, so far there was no work on the study of the systemic nature of the culturalmarked
lexicon of the English language. [1]
Достарыңызбен бөлісу: |