Әдебиет
1 Ақат ай С. Інжу-маржан секілді. –
Алматы: Өнер, 1995
2 Әдеби мұра және оны зерттеу. - Алматы:
ҚазКСР ҒА баспасы, 1961.
3 Көпеев М. Ж. Өзгеше бір заман болар:
Мәшһүр Жүсіп жазбаларынан. - Дауа. 1990, 2
қазан
4 Ақышев З. Шығармалар жинағы. –
Алматы: Жазушы. 1998
5 Қирабаев С. Жүсіпбек Аймауытов.
Аймауытов Ж. Шығармалар. – Алматы:
Жазушы, 1989
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
2013 №4 (21)
Resume
Резюме
В статье автор анализирует идеи творчества М.Ж.Копеева.
The author analyzes the ideas of creativity M.Zh.Kopeev's.
70
Тілдің метафоралық қолданыстар арқылы
дамуы мен жетілуі шексіз мүмкіндіктерге ие.
Өйткені адамның әлем бейнесін тануының өзі
шексіз, шет сіз. Табиғаттың сан-салалы
сырларын толықтай танып-білу мүмкін емес,
сонымен бірге адам қиялы ұшқыр, болмыстағы
ұқсас белгілер мен жақын қасиеттер мол. Осы
ретте жазушылар тілінде метафоралар үнемі
жасала береді, өзгере дамиды. Қиял әлемі
жеткен жерге метафора сипатында сөз де жетіп,
оны таңбалайды, содан соң атауға айналдырып,
әлемнің көркем бейнесін жасап отырады. Яки
тілдің мағыналық жағынан дамуы негізінен
метафораларға байланысты деуге толық негіз
бар.
Бұл туралы К. Ахано в “Сөздің
көпмағыналылығы қоғамның даму барысына,
адам баласының танымағанын танып, заттар
мен құбылыстардың қарым-қатынасын танудан
пайда болады” – деп жазады [1,97].
Метафоралар арқылы жасалған таңбалар
сөздік қор мен сөздік құрамды кеңейтіп, оны
жаңа атаулармен, туынды сөздермен байытып
отырады. Сөйлеудегі және
авторлық
қолданыстағы сандаған метафоралар жаңа
семантикалық қабатт арды өмірге әкеліп,
семантикалық өрістегі сөздерді сапалық
жағынан байытады.
Метафоралар ұлттық сана мен тілдің
біртұтастығын, байланысын көрсете алатын
құбылыс болып саналады. Өйткені ұлттық сана
арқылы танылған шындық бейне әлемнің тілдік
бейнесіне осы қолданыстар арқылы айналады.
Дүниенің барлық танылған болмысы тілде
таңбаланатынын ескерсек, қиялы мен шабыты
асқан жазушы тілінде жасалған кез келген
метафоралық қолданыс, ең алдымен, сананың,
ойлаудың жемісі екені даусыз.
Метафора – танымдық процесс. Кез келген
елдің мәдениеті мен дәстүрі, салты мен санасы
тілінде көрініс табады. Метафоралық
қолданыстарда да сол елдің өзіндік
дүниет анымдық болмысы көрініс тауып
отырады. Ақиқат өмірдің тілдік таңбасы
саналатын метафоралық қолданыстар ойлау мен
танымның деңгейін айқындай отырып, өркениет
пен ғылымның дамуымен астасып, ойлау
мәдениетінің жетілгенін де көрсетеді.
“Әрбір тіл – күңгірттенген метафоралар
сөздігі” сондықтан, көптеген сөздердің терең
мағыналық құрылымында метафоралық мағына
жатуы сөзсіз. Оның көпшілігінің ауыспалы,
салыстыру мағынасы күңгірттенген де, қазіргі
қолданысында жеке номинативтік атау ретінде
танылады. Осындай метафоралық мағынасы
күңгірттенген атауларда қазақ жазушыларының
тілінде мол ұшырасады, әрі сөз құпиясын танып,
мағыналық дамуды аңғаруға кең жол ашады.
Метафора бірнеше семантикалық даму
сатысынан өтіп барып салыстыру, ұқсату,
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
2013 №4 (21)
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МЕТАФОРАЛЫҚ ҚОЛДАНЫСТАРДЫҢ
НОМИНАТИВТІ АТАУҒА АЙНАЛУЫ ТУРАЛЫ
Ж. СҮЙІНЖАНОВА, филология ғылымдарының кандидаты
Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
ӘОЖ 811.512.122
Автор мақаласында қазақ тіліндегі метафоралық қолданыстардың номинализациялануы
туралы айтады.
Тірек сөздер: метафора, жалпы тіл білімі, қазақ прозасы, семантикалық процес.
71
теңдестіру, ескі атауды ығыстыру арқылы
жаңаша атау жасайды. Метафоралық
мағынаның түрлері заттар мен құбылыстардың,
олардың белгілері мен қасиеттерінің
ұқсастығына негізделеді. Оған мыналарды
жатқызуға болады:
– зат не құбылыстың сыртқы тұлғасы;
– зат не құбылыстың ерекше белгісін
сезіну, қабылдау, түйсіну;
– құбылыстың өлшемі;
– зат не құбылыстың сыйымдылығы;
– белгілі бір ерекше әрекеті, қимылының
сипаты;
– іс-әрекетінің көрінісі;
– іс-әрекетінің нәтижесі;
– қызметі;
– сапалық ерекше деңгейі;
– сапалық мөлшері;
– сындық ерекше белгісі;
– заттың көлемі;
– қалыбы;
– кеңістік пен уақыттағы алатын орны;
– түсі т.б.
Метафораның түрлері мен типтерінің
әртүрлілігі, оларды бөлудегі көзқарастардың да
әр алуан болуы, сөз қолданысындағы
метафоралардың табиғатының күрделілігімен
байланысты. Сөйлеу процесінде метафоралар
тосын қолданыста жұмсалып, белгілі бір атау
жасауы да, немесе тек экспрессия туғызуы да
мүмкін.
Бұл метафора түрлерінің барлығында да
атаулық тіркестердің лексикалануы арқылы
жасалған туынды сөздер молдап саналады.
Метафо раның негізгі қасиеті адам
санасының қоршаған дүниені ұқсастық
негізінде тану қабілеті деуге болады. Дей
тұрғанмен, кез келген салыстыру мен ұқсас атау
метафораға айнала алмайды. Өйткені метафора
– о й, қиял мен интуицияның бір сәттегі
танымдық туындысы, шығармашылық
процестің жемісі. Сондықтан да авторлық
қолданыстар негізінде жасалған метафоралық
қолданыстар
кейін
тілдік,
дәстүрлі
метафораларға айналады.
Болмыст ағы танылған заттар мен
құбылыстардың жай көзге көріне бермейтін
ерекше белгілерін дәл тауып, анықтап, жүрек
көзімен барлау кез келгеннің қолынан
келмейтіні даусыз. Ұқсастықты дәл тауып
таңбалау, метафора туғызу дарындылықтың
белгісі, сәтті мет афо раларды ерекше
поэтикалық дарын-қабілеті бар, дүниетанымы
терең, рухани бай, сезімі ұшталған жандар ғана
жасайды. Сондықтан да метафоралық мағына
заттың не құбылыстың ерекше көзге түсе
бермейтін белгілерін тану арқылы жүзеге аса
отырып, тілдегі сөз мағынасын тірілтеді, оның
ішкі терең семантикалық құрылымын
жандандырып, дем береді.
Қазақ тіл білімінде метафораның негізгі
белгілері мен қызметін анықтауға біршама көңіл
бөлінген. Мәселен, К. Аханов өзінің зерттеуінде
“Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не
құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың
ат ауымен
аталуының
негізінде
сөз
мағынасының ауысуы метафора” деп аталады
деп жазады [1,158]. Мұнда ғалым зат не
құбылыс белгілерінің ұқсастығы мен
мағынаның ауысуына ерекше мән береді. Ал Ғ.
Қалиев пен Ә. Болғанбаевтың оқулығында
“Мағына ауысуының бұл тәсілінің негізінде
ұқсас атау заңы жатыр” дей келіп, метафораны
тілдік метафора және поэтикалық метафора деп
екіге бөледі [2, 88].
Метафора тек заттар мен құбылыстардың
бір-бірімен ұқсастығы негізінде жасалған
атаудың ауыспалы мағынасы ғана емес, сондай-
ақ күрделі абстрактілі ойдың жемісі ретінде де
маңызды болмақ.
Жалпы тіл білімі мен орыс тіл білімінде
метафоралық құбылыстардың негізгі белгілері
мен қызметін анықтауда әртүрлі әдіс-тәсілдер
пайдаланылады.
Қазақ тіл білімінде метафоралық
зерттеулер бұлайша жіктеле қоймағанмен,
көбінесе лингвостилистикалық бағытта зерттеу
басым. Бұл тұрғыдан профессор М.
Серғалиевтің мектебі қалыптастырған бағытты
атау орынды болмақ. Қазіргі кезде көптеген
ақын-жазушылар шығармаларының тілі
қарастырылып, ондағы метафоралар мен
олардың жасалу жүйесі, қызметі анықталған.
Метафораның белгілері мен қызметін
анықтау, талдау олардың сөйлеуде жүйелі
кездесетінін көрсетеді. Осының негізінде
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
2013 №4 (21)
72
метафораны тілдік жүйелі құбылыс ретінде
бағамдауға негіз бар. Бұл тілдік жүйелілікті
былайша саралап көрсетуге болады:
– метафоралық тәсіл арқылы жасалған
атаулар (көбінесе зат есімдер) адам санасында
танылған шындық болмысты анықтайды;
– метафоралық ауысудың жүйелі қасиеті
бір семантикалық өрістегі ұғымның екінші
семантикалық өрістегі ұғымға өтуі арқылы
көрінеді;
– метафоралану құбылысы мынадай алты
түрлі семантикалық аумақта орындалады: адам;
зат;
жан-жануарлар;
қоршаған
орта;
психологиялық әлем; абстракция.
Метафора негізінен екі түрлі қызмет
атқарады – заттар мен құбылыстардың ұқсас
белгілері арқылы ауыстырып сипаттау,
салыстыру және атау жасау қызметі. Бірінші
жағдайда таксономиялық предикаттық қызмет,
екінші жағдайда субъектілік немесе актанттық
қызмет басым болады. Метафораның қай-
қайсысы болса да, алдымен болмыстағы заттар
мен құбылыстардың жақын, ұқсас белгілерін
салыстырып, ауыстырып, алмастырып қолдану
арқылы пайда болады. Өзі атап тұрған зат не
құбылыстың кейбір ұқсас белгілерін негізгі етіп
ала отырып, атаудың семантикалық сыңарларын
қалыптастырады. Метафораның мағыналық
құрылымының басты ерекшелігі таңбаланатын
ұғымның бір немесе бірнеше белгілерін анықтау
арқылы заттық мәннен ауытқып, абстрактілі
мағынаға алмасады.
Метафораның актанттық позициясы,
көбінесе, екіншілік сипатта болып келеді.
Көркем шығарма тіліндегі метафораның
жас алуының өзіндік ерекшелігі бар. Бұл
жағынан метафора поэтикалық дискурспен
ұқсас: көркем бейне мен мәннің бірлігі, негізгі
нысанның жалпы, негізгі қасиеттерін еске
алмай, оның кездейсоқ немесе мәнді емес, көзге
көп түсе бермейтін белгілері арқылы атау;
мағыналарында автордың ішкі болмысы мен
дүниет анымына
сәйкес
әртүрлі
интерпретациялау ұшырасуы ықтимал; кейде
метафоралық қолданыста уәжділік сақталмауы
да мүмкін; өйткені жазушының қиялы көп орын
алады; нысанның ішкі болмысын тап басып,
оған атау беру ұшырасады т.б.
Қазіргі қазақ прозасы тілінде метафора
суреттеу тәсілінің негізгі және көп ұшырасатын
бөлігі. Метафораның номинативті атау жасау
қызметі өте күрделі. Бұл, ең алдымен, тілдік
тәжірибедегі атаудың қолданысымен тығыз
байланысты болып келеді. Метафоралық
қолданыстың атауға айналуы семантикалық
процестермен тығыз қатынаста.
Бұл мәселені екі жағдайда анықтауға
болады:
1) Нақты тілдік деректердің номинативтік
атау мағынасына өту жағдайын талдау; Қазіргі
проза тілінде кездесетін көптеген авторлық
метафоралар номинативтік мәнге ие болған, әрі
олардың өзіндік семантикалық даму жолы бар
деп есептейміз.
2)
Метафоралық
қолданыстың
номинативті атауға айналуы семантикалық
үлкен проблемалы мәселелерді шешуге жол
ашады. Яғни нақты атаудың жасалуының негізін
талдауға да мүмкіндік береді. Нақты заттардың
белгілері мен қасиеттерінің абстрактілі
қабылдануы арқылы метафоралық қолданыстар
туындаса, кейін, осы сигнификаттық мағына
тілдік тәжірибеде қайтадан денотаттық
мағынаға алмасуын қарастыруға болар еді.
Айталық, қара алтын метафоралық қолданыс
ретінде жұмсала жүріп, сигнификаттық мән
береді де, бірте-бірте тілдік қолданыста өзінің
денотаттық мағынасын иеленеді.
Метафоралық құбылысты тілдік феномен
ретінде зерттеу ежелден келе жатқан дәстүр.
Антикалық кезеңнен бастап, қазіргі күнге дейін
метафо раның маңызын пайымдау өзекті
мәселенің қатарында. Метафораның қолданысы
мен қызметін анықтауда семантикалық тәсілді
пайдаланудың маңызы зор, өйткені тек сөздің
мағынасын семалық деңгейде бағамдау ғана
дұрыс нәтижелерге қол жеткізеді. Сөз
мағынасының ауыспалы мәнге өзгеруін анықтау,
тек қана көркем мәтіндегі метафораның рөлін
немесе қолданысын анықтап қоймайды,
сонымен
бірге
о ның
ғылыми
және
философиялық астарын анықтауға мүмкіндік
береді. Яғни сөздің ойлаумен байланысы,
атаудың таныммен арақатынасы сараланады.
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
2013 №4 (21)
73
Әдебиет
1 Аханов К. Тіл білімінің негіздері. –
Алматы: Санат, 1993. – 495 б.
2 Болғанбайұлы Ә., Қалиұлы Ғ. Қазіргі
қазақ
тілінің
лексикологиясы
мен
фразеологиясы. – Алматы: Санат, 1997. – 256 б.
3 Қасым Б.Қ. Қазақ тіліндегі күрделі
сөздер: уәждеме және аталым. – Алматы, 2001.
– 183
4 Сыбанбаева А. Метафораның тілдік
болмысы және концептуалды метафоралар. –
Алматы, 2002. – 136 б.
Резюме
Resume
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
2013 №4 (21)
В этой статье рассматривается номинализация метафорических употреблений в казахском
языке.
This article discusses the metaphorical use of nominalization in the Kazakh language.
74
ЖҮСІПБЕК АҚЫН ӨЛЕҢДЕРІНІҢ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Тірек сөздер: Діни әдебиет, ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті, кітаби ақын, қисса, жоқтау.
Жүсіпбектің әке сі
с ауатты адам
болғандықтан, бес жасынан бастап молдадан
сауаттандырады. Ол осы жасынан араб, парсы,
шағатай, түрік тілдерін меңгеріп, бұл тілдерде
жарық көрген кітаптарды көп зерделеп қарағаны
көрінеді. Шығыстың жүйрік, ойлы ақындары
Дехлеви, Фирдауси, Низами, Сайхали, Науаи,
Жәми, Физули, Хафиз, Сағди шығармаларын
жатқа толғап, бұл ақындарды жетік білуі оның
әдебиетке құмарлығын арттырып, жырлаған қай
туындыларынан терең ой, көркемдік тіл
шешендігі айқын көрінеді. Ақындық дәстүрдің
қалыптасуы бойынша С.Ергөбек Жүсіпбек
Шайхысламұлы шығармаларынан сонау ежелгі
дәуір әдебиетінің өкілдері мен де үндесуін
көрсетеді. Бұл мұсылман әлемі ақын-
жазушыларына әдеби дәстүр, салт болып енген
құбылыс. Осы дәстүр ХІХ-ХХ ғасыр кітаби
ақындарында да дәл осы дәрежеде, үлгіде
жырланып отырған. Діни шығармаларда осы
дәстүр нақты сақталып, алдымен, Алла тағала,
сонан соң Мұхаммет Пайғамбар, онан кейін төрт
шадияр ретімен жырланып отырған. Жүсіпбек
қожаның «Қисса-и Хәзрәти Йусуф алейһи-с-
сәләм илән Зулейханың мәселесі» атты
туындыдағы алғысөз ретінде жырланған
жолдарын айтуға болады.
Бисмилләһи-р-рахманир-рахим!
Башлаймән бисмилләһи диб тәңрим атын,
Йахшилар ғайб йтме йазған хатим.
Худаймән һәм Пайғамбардан сөз башласам
Қалай тирис булади насихатим, -
деп бастаған Жүсіпбек қожа бұл жолдардан соң
Жүсіп Пайғамбарды таныстыра жырлайды.
Мұхаммет Пайғамбар да сол нәсілден деп
Мұхамметті онан соң төрт серігін жырлап
кетеді.
Мұхаммед Расулу Аллаһи Худай дусты.
Артук-дүр бу адамнан оның нәсілі...
Башчиси Абу Бәкир чаһар йарының
Хурмәтин туткан ғарде Пайғамбарның
Сыддиқым диб ат қуйған хақ Пайғамбар
Чиншилдығы житәлмас баргеләрниң
Йар булған уанн сұңи адил умар
Расулның шариатын қилған хабар..., -
деп Пайғамбарды, оның төрт серігін жырлаған
діни
ақын
келе сі
сәтте
Пайғамбар
ұрпақтарының тарихын баяндап кетеді.
Илләһи ұзың башла туғри йолға
Қаламны бисмилләһи диб алдым кулға
Улән килыб аударған бу китабны
Йусуф бикні йа Аллаһ узиң уңла!
Сғундум мәдәт, тиләб йа, Зул-Жәләл
Тауфик бириб һудайәт йулиңға сал
Узі надан ақылсыз Йусуф бикні
М.ШАЙХЫСТАМОВА, PhD докторант
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті
ӘӨЖ 821.512.122
2013 №4 (21)
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
Автор мақаласында Жүсіпбек Шайхысламұлының өмірбаяны мен шығармашылығына
тоқталып, поэзиясының көркемдік ерекшеліктеріне тереңінен талдау жасайды.
75
Жәми Пайғамбарлар кулинан ал
Мән кулиңғе рахмәт қил Қадир Мәули
Саламат қил хатардан диним саули
Йаранлар кулак салиб тыңлаб тұрғил
Хәзрәти Йусуфдән қалған қаули, -
деп Алла Тағаладан медет тілеп барып негізгі
тақырыпқа кіріспе жасайды. «Жүсіп-Зылиха»
қиссасының оқиғасын жырлауға көшеді. Бұл
жүйе – желілі, дәстүрлі жүйе екені анық
аңғарылады. ХХ ғасыр басында шығармашылық
етіп, қисса жазып отырған діни, кітаби ақын
орта ғасырдағы сол дәстүрді, әдеби үрдісті
сақтап, дайын, жүйелі үлгімен жүріп отыр. Бұл
айтылған жайлар қазақ әдебиеті тарихындағы
кітаби ақын-шайыр шығармашылығының
тарихи түбі, тамыры терең екенін аңғартады.
Дәстүрлі даму жолымен өскен, дамыған әдеби
дәстүр әдеби құбылыс екенін көрсетеді.
Мұсылман әлемінде бар дәстүрдің бірі – кез-
келген еңбекті Алла Тағаланы мадақтап сөз
етумен ашу. Сонан соң ғана негізгі мәселеге
көшу. Сол секілді біздің ортағасырлық әдеби
ескерткіштеріміз де осы дәстүрді ұстанған.
Мысалы, Құл Қожа Ахмет Яс ауи өзінің
хикметтерінің өн бойында Алланы түрлі
есімдерімен құрметтеп атап отырады. Аллаға
ғашық болу, дидар көруге құштар болу тек бір
Аллаға арналып өлеңмен өріліп отырады. Ясауи
хикметтері негізінен Аллаға зікір айтуға
лайықталып белгілі бір ырғақтарға құрылып
отырған. Сол себепті де шумақтың не екінші
жолы, не төртінші жолы бір сөзбен аяқталып
отырады. Мысалы:
«Бісміллә» деп баян еттім хикмет айтып,
Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым міне.
Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар
жұтып,
Мен «Дәптер сәни» сөзін аштым міне [1,
17]
Сол секілді әр екінші жол не төртінші жол
үнемі қайталанып отырады.
Хош, ғайыптан хабар келді құлағыма,
Сол себептен Хаққа сиынып келдім, міне.
Барша әулие жиылып келіп ырзық берді,
Сол себептен Хаққа сиынып келдім, міне
[1, 25]
Бұл хикмет жолын мысал етіп отырған
себебіміз: олар Хақ Тағалаға арналған және
әдемі әуез, әуенмен, ырғақты жүйемен
орындалып отырғаны аңғарылады. Сол секілді
Құл қожа Ахмет Ясауидің хикметтерінің
тұтастай жолдары Мұхаммет пайғамбарға, Төрт
шариярды жырлауға арналған. Олардың дін
мұсылман жолындағы қайраткерлік істері,
Мұхаммет пайғамбар көп жырланған. Ақын
хикметтерінде Аллаға ғашықтықты, оның
дидарын бір көруге күйіп-жанып құштар болуды
жырлас а, Пайғамбарды ерекше ілтипат,
құрметпен, сүйіспеншілікпен жырлайды және
пайғамбар тақырыбына үнемі қайта соғып
отырады. Ол өлең жолдарын алқалық зікірге
лайықтап, ырғақпен беріп отырады:
Есіме түсіп жанымдай сүйген Мұхаммет,
Сенің жолыңа пида болам, Мұхаммет...
...........
Айналайын нұр жүзіңнен, ей, Алла,
Бір тамшыдан дариядай тасыт мені,
Мұхаммет.
...........
Әуел бастан бір тамшы шарап маған нәсіп
болған,
Ұдайы сіздің даналығыңызды мадақтайтын,
Мұхаммет [1, 54]
Ақын пайғамбар тақырыбына үнемі қайта
соғып отырады дедік, Төрт шариярды жырлар
алдында да Мұхамметті, оның өмір жолын,
жетімдерге ерекше мейірлі, шапағатты
болғанын жырлайды.
Шығыс шайырларының жырларын
жоғары бағалап, ұлы сөз зергерлерін өзіне ұстаз
тұтқан ақындардың бірі қазақтың ұлы ақыны
Абайдың:
Физули, Шәмси, Сәйхали,
Науаи, Сағди, Фирдоуси,
Хожа Хафиз – бу Һәммәси
Мәдәт берия шағири фәрияд [2, 33],-
деген өлең жолдары жоғарыда айтылған
Жүсіпбек ақынның да осы Шығыс шайырларын
2013 №4 (21)
ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ
76
ұстаз тұтуы екі ақынның бір-біріне үлкен жол
салуы секілді. Сол сияқты, Жүсіпбек ақын мен
Абай ақын по эзиясындағы ұқс астық,
байланыстылық - Шығыстық белгілердің
көрінуі, нәзирагөйлік дәстүрге қатысты
элементтер болса керек. Ұлы ақын Абай
по эмалары - «Әзім әңгімесі», «Масғұт»,
«Ескендір» негізінен назирагөйлік дәстүрімен
жазылған. Алайда, Абай по эмаларының
идеялық-көркемдік, шеберлік жағынан өзіндік
ерекшіліктері де бар.
Ақын өзі тірлік еткен кездегі әлеуметтік
жағдай, өмір жайлы, жарық дүниенің қызығы
мен қиындығын толғағанда адам көңіл күйінің
әрқилы сәтін бейнелеуде ешкімге ұқсамай,
өзінше өрнек тапқан:
Дүние, дүние, дүниесің,
Сұм дүниеге алданып,
Нәпсіге пенде сүйінесің.
Жарықтың арты қараңғы,
Ақырда бір күн күйінесің.
Атадан алтау тусаң да
Әр қайсың бір, бір үйдесің [3, 27].
Бұл жолдарды оқи отырып адам мен
табиғатты бірлікте, бір сипатта көргендей
боламыз. Жүсіпбек адамзат үшін ең бір қиын,
ең бір ауыр жағдай – тірі жанмен сөйлесе алмай
жалғыз қалу екенін баса айтады. Адамды тек
адам ғана түсініп, іштегі ойды біреумен сөйлесу
арқылы бөліп, сырласу, мұң шағысу, мұңдасу,
достасу, туыс, туған болу секілді ойларды тек
адам баласының маңдайына бұйырған қасиет
деген секілді ой тастайды. Ол адамға сыйлас та
қимас жанның қаншалық керек екендігін
шымырлата айта келіп, о йын былайша
қорытады:
Жекжат болсаң, дос болсаң,
Атаның ұлы тектімен.
Қажетіңе жарайды,
Басыңа қиын іс түссе,
Жауға тастап кетпейді,
Бір басын мыңға байлайды [3, 29].
Ұяты мен парасаты қатар өрілген жанмен
ғана жақындасу, сыр бөлісу абзал екен. Ал,
нашар, пасық ойлы жандармен бас қоса қалсаң
одан құтылуың қиын, ол сенің төбедегі орныңды
төменге, төрдегі басыңды есікке сүйрейді,
көңіліңнің берекесін, сөзіңнің мәйегін бұзады.
Ондай пасықтарға сырыңды ашпа, олардан
іргеңді аулақ сал дейді.
Жекжат болсаң,
Дос болсаң,
Нәсілі жаман тексізбен.
Алғаны мен бергенін,
Сыртыңнан жүріп санайды [3, 29], -
дегенде ақын осы ойды жеткізіп отыр. Жүсіпбек
ақын достық туралы сыр шерткенде, өзінен
бұрынғы Бұқар жырау, Жанақ, Сүйінбай,
Бақтыбайлар сияқты терең бойлап, жан-жақты
толғайды. Оның:
Тарыққанда қасыңда,
Зарыққанда басыңда.
Қайратты досың болмаса,
Қайраңдап барып кемеңнің
Құмға барып шөккені [3, 30].
дегеніне қарағанда, тек жақсы күнде емес,
барлық уақытта жан серік достың болғанын
қалайтынын, тілейтінін байқаймыз.
Ақынның өлеңдері көбінесе мыс ал
түрінде, бір затпен екінші затты салыстыру
арқылы жазылған. Ақын мұндай тұста айтайын
деген ойын нақты, әрі салмақты береді. Мысалы,
өмір жайлы, көңіл күй, тірлік көріністерін
толғағанда жақсы мен жаманды, өткен күн мен
бүгінгі күнді, жүйрік пен шабанды салыстыра,
бірлікте ала отырып қатар өреді:
Ақ сұңқар құстың баласы,
Күйі түспей қу алмас.
Шын асылдың баласы,
Өзіндей болып туа алмас.
Өзен-дәрия белгісі,
Қырық күн шілде қыздырса,
Түбі құрғап суалмас.
Жауда қалса жолдасы,
Жамандар мойын бұра алмас.
Елдің жауын мұқатпай,
Ердің көңілі жұбанбас [ 3, 31].
Достарыңызбен бөлісу: |