Issn 2308-0590 Индекс 74661 ШӘКӘрім



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата03.03.2017
өлшемі1,73 Mb.
#7279
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

2013 №4 (21)

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

77

Қазақ Совет Энциклопедиясында: «Ақын

медреседе  оқып  сауат  ашқаннан  кейін  дін

жолында қызмет етуден бас тартып, ақындық,

серілік  салтымен  көп  жерді  аралады.  Сыр

бойымен  Қаратау  өңірінің,  Сарыарқа  мен

Жетісудың  атақты  ақын-жырауларымен

кездесті»  [4,  533],  -  деп  жазылса,  бұл  дұрыс

берілген баға. Ол өз өмір жолын өлеңмен толғай

келіп:


Дүние маған жолдас деп,

Молда болар көп надан.

Ауру дерті белгісіз,

Азамат ерді байлаған.

Ажалдың оғы тиген күн,

Тұғырдан кім бар таймаған?

Жүсіпбек сынды қожаны,

Алланың ісі қаңғытып,

Ойға-қырға айдаған.

Қаңғып жүріп әр жерде,

Бұйырған ризғын шайнаған [5, 84], -

десе, өмірінде көп машақат көріп, туған жерінен

жырақта  болғанын  байқаймыз.  Шынында,

Жүсіпбек  1916  жылғы  дүрбелеңде  Шығыс

Түркістанға  өтіп  кетеді.  Сонда  алпыс  екі

жастағы  ол,  сол  жақта  қалған  жиырма  жыл

өмірін  өткізіпті.  Бала  оқытыпты,  той-думанда

өлең,  жыр  толғапты.  Ақын  жат  жер,  бөтен

ортада  біраз  қиындықтарды  бастан  кешірсе

керек. Ел басқарған әкім төрелерден де көптеген

зәбір-жапа  көргенге  ұқсайды.  Екі  ауылдың

арасын  ат  тұяғымен  шаңдатып,  ылаң  салып

жүретін сондай пысықайларға шашау сөз (оқшау

сөз, сықақ өлең деген мағынада) де жазған:

Жақабай, өзің жақсы молда екенсің,

Қалайша елу басы болды екенсің.

Екі ауылдың арасында ит өлтіріп,

Күнәға жақын біткен сорлы екенсің [5, 83].

Бұған  оқырман  ойлана  отырып  күледі,

күліп  отырып  ойланады.  Себебі,  елу  басы  бір

қауым  жұртты  басқарып  отырған  ауыл  ағасы,

қызметі  әжептәуір  адамның  екі  етегі  далақтап

ит қуып жүргені, ол аз десеңіз, сойылдап жүріп

өлтіргені адам басына сыймайтын іс. Сонда ол

қарамағындағы  елге  қай  бетімен  ақыл-кеңес

айтады, қалай ғана ізеттілікке, парасаттылыққа

шақырады  деген  ойлардан  Жүсіпбек  ақын

сияқты кемел ақын рақат дәурен сүре аламасы

анық. Дегенмен, ел іші - алтын бесік. Ақынның

жақсы достары да, жанкүйерлері де аз еместігін,

қарапайым қоңыр  шаруа, олар  Жүсіпбектің әр

лебізін маржанға, ақылын жанған шыраққа, ән

мен  күйін  желкілдеп  өскен  құраққа  теңеген.

Әлде біреуден бір нашар байғұс теңсіздік көрсе

де, қатты сөз естісе де Жүсіпбекке келіп мұңын

шағып,  ақынның  сөзі  мыңның  азап  шеккен

қаяулы  көңіліне  демеу,  медет,  қуат  болған.

Жүсіпбек  өзінің  өлеңдерінде  Бұқар,  Дулат,

Сүйінбай  сияқты  ақыл-нақылды  мол  айтқан.

Ондай  толғау-жырларында  өмірдің  қым-қуыт

әртүрлі жағдайлары кеңінен сөз етіледі. Ол бірде

әділетсіз қара күштің озбырлығын сөз етсе, енді

бірде  жетім  бала,  жесір  қатынның  мұң-шерін

толғайды. Ел-жұртты алаяқ қулардан, ұры-қары,

сұмдардан,  мысық  мінезді  пасықтардан

сақтандырады.

Ақын  шығармашылығының  тағы  бір

ерекшелігі  -  бір  өлеңінде  бір  емес,  бірнеше

тақырып сөз болады. Ол қазір жақсы әйелді сөз

етсе,  одан  жақсы  адамды,  жақсы  атты,  тәуір

қызды жырлап кетеді. Содан кейін өмір туралы,

жақсылық  пен  жамандықты  толғайды.  Бұл

бағзы ауыз әдебиетімізден келе жатқан дәстүр:

Арғымақ алыс жүрмес азған сайын,

Кемиді жуан ағаш жарған сайын.

Кем қылсаң асырауын артқан нардың,

Еңсесі төмен түсер барған сайын.

Балқиды айдың нұры толған сайын,

Ұмытпа пенделікті болған сайын [3, 10].

Мұны  айтып  отырған  ақын  ғана  емес,

бейне  бәрін  көріп,  біліп  отырған  абыздай,

лирикалық  кейіпкер  оқырманын  сабырлы  да

салмақты  болуға,  қажырлылыққа  шақырады.

«Тасқан  төгіледі,  асқан  сүрінеді»,  сол  себепті

әрбір  істі,  әрбір  жағдайды  ақылмен  бақылап,

оймен  түю  керек  дейді.  Жүсіпбек  қожаның

көптеген  күлдіргі  сықақ  өлеңдерінің  болуы

әбден мүмкін. Амал не, оның бәрі сақталмаған.

Дегенмен екі шумақ өлеңін кездестірдік. Ауыз

әдебиетінің әсері бұл туындыларда өте мол:



2013 №4 (21)

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

78

Қаймақ жоқ қара суда мұз болмаса,

Дәм болмас қой етінде тұз болмаса,

Солқылдап екі шекем жүре алмаймын,

Біреуі жолдасымның қыз болмаса -

деген, немесе:

Қаз атқан, үйрек атқан мылтығым-ай,

Ақ үйден бір қыз шығар жұлқынып-ай,

Баяғы бозбала күн еске түсіп,

Орнымнан үш қозғалып ұмтылдым-ай [ 3, 32],

деген жолдарға назар аударалық. Осы екі шумақ

жыр  он  бір  буынды  қара  өлең  түрімен

жазылғаны белгілі. Бір қызығы алдыңғы екі жол

тек  ұйқас  үшін алынғанда,  мән-мағына  соңғы

екі жолда жатыр. Алайда көңіл бөлмей тыңдаған

адамға бұл жай мүлдем білінбей қоймайды.

Жүсіпбек  тек  қисса  жазып,  ақындармен

айтысып  қана  қоймай,  жоқтау  да  шығарған.

Оның  өмір  сүрген  кезінде  топырақты  өлімге

барған  ақын  өлеңмен  көңіл  айтпаса  мін

саналған.  Осы  себепті  жоқт ау  тәрізді

туындылардың  өте  мол  болуы,  әрине,  сөзсіз.

Амал не, бізге жеткен жалғыз жоқтауы - «Ықсан

ақынға  айтқан  өлеңі»  деп  ат алады.  Бұл

туындыны  Қазақстан  Республикасы  Ұлттық

Ғылым  академиясы  Орталық  ғылыми

кітапханасының  қолжазбалар  қорына  1946

жылы өткізген Е.Құлсариев былай дейді: «1901

жылы  Ұлы  жүз  ішінде  Дулат,  оның  ішінде

Шымыр-Күнту  деген  елде  Назардың  Ықсан

деген баласы жиырма үш жасында өлген екен.

Соған Жүсіпбек қожаның айтқан көңілі», - деп

берілген. «Ықсан ақынға айтқан өлеңі» дегенге

қарағанда  Ықсанның  өзі  де  өлең,  жыр,  терме,

толғау  айтқанға  ұқс айды.  Өйткені,  о сы

папканың  ішінде  Ықсанды  «жүйрік  еді»  деген

сөз бар. Бір ойдан Жүсіпбек Ықсан ақын болған

соң  әдейі  іздеп  келіп,  оның  әке-шеше,  туған-

туысына  қимас  көңілін  білдірген  сияқты.  Бұл

жоқтау жүз жетпіс тоғыз бет. Жеті-сегіз буынды

жыр  үлгісімен  жазылған.  Ақын  өлімінің  бүкіл

адам  баласына  ортақ  екенін,  одан  ешкімнің

қашып  құтылмасын  жан-жақты  айта  отырып,

қамшының 

с абындай 

келте 


ғұмырда

сыйластыққа,  адал  көңілге  жететін  нәрсе  жоқ

дегенге саяды. Автор бір жақтылы уағыз айтып

кете бермей, өлімнің зіл батпан салмағын да еске

салып:

Балаңыз сіздің өлген соң,



Бұзылғандай көрінді,

Алдынан соққан қалаңыз.

Құлағандай  көрінді,

Жел жағында панаңыз [3, 3], -

дейді. Сөйтіп, ақын өлімінің ата-анасымен бірге,

ауыл-аймағына  да  жеңіл  тимегенін  барынша

суреттеп  образды  айтады.  Бір  затпен  екінші

затты  салыстыру  арқылы  қазаның  адам

қабырғасын  қайыстырар  керемет  қиындығын

әдемі  толғайды.  Сөйте  тұра,  ол  қайғылы

жандарға басу айтуды да ұмытпайды:

Олар қайда өлмесе,

Өзіңнің ата-анаңыз.

Тудың – өлдің деген сөз,

Оның барған жеріне,

Бәріміз де барамыз [3, 4].

Жүсіпбек  Шайхысламұлының  ақындық

мұрасының көркемдік қырларының ерекшелігі

–  о ның  мазмұнының  байлығында.  Ақын

өлеңдерінде әдемі ырғақтар, көрнекті суреттер,

шендестіру, афоризмдер жиі ұшырасады.

Әдебиет

1  Қожа  Ахмет  Ясауи.  Диуани  Хикмет

(Ақыл кітабы). - Алматы, «Ғылым», 1993

2  Құнанбаев  А.  Шығармаларының  екі

томдық  толық  жинағы.  2  том.  -  Алматы:

Жазушы, 1977

3 Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым

академиясы Орталық ғылыми кітапханасының

қолжазбалар қоры. 546-папка, Б. 27

4  Қазақ  әдебиеті.  /энциклопедиялық

анықтамалық/. – Алматы: Аруна, 2005

5  Қазақ  поэзиясының  антологиясы;  ХХ

ғасырдың бас кезі. - Алматы: Ғылым, 1992

2013 №4 (21)

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ


79

Resume

Резюме

В статье рассматривается творческое наследие Жусипбека Ходжа Шайхысламулы.

The article discusses the creative heritage of the akyn Zhusipbek Hodzha Shayhislamuly.

2013 №4 (21)

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

80

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

ӘОЖ 801.3.



Қ.ЕСІМБЕКОВА, филология магистрі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ БІР КОМПОНЕНТТІ САН ЕСІМНЕН

ТҰРАТЫН МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР

Мақала ағылшын және қазақ тілдеріндегі мақал-мәтелдер, оның ішінде бір компонентті

сан есімнен тұратын мақал-мәтелдер жайлы мағлұматтарды қамтиды.

Мақал - мәтелдер - әрбір халықтың көне

де байырғы рухани қазынасы. Ол - өз бастауын

адам  баласының  тым  ертедегі  саналы  қоғам

құраған  балаң  кезінен  алып,  ғасырлар  бойы

еленіп  -  екшеліп,  сұрыпт алып,  толассыз

толығып  келе  жатқан  жанды  құбылыс,  халық

даналығының қорланып жиналған қоры, атадан

балаға, ұрпақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан

рухани мирасы.

Ағылшын және қазақ мақал - мәтелдерінің

табиғатын  сөз  етуден  бұрын  жалпы  мақал  -

мәтелдерге  қатысты  зерттеулерді  қысқаша

шолып өту артық емес. Бұл құбылысты арнайы

зерттеуге  байланысты  ғылымда  қалыптасқан

пәнді паремиология деп атайды. Жеке тілдердегі

мақал-мәтелдерге 

бағышталған

паремиологиялық зерттеулер өте көп және олар

әр деңгейде әртүрлі мақсатқа, көпшілігі мақал -

мәтелдер  жинағын,  не  сөздігін  жасауға,  бұл

құбылыстың  жеке  аспектілерін  айқындауға

бағышталған.  Бұл  салада  орыс  тілі  мақал  -

мәтелдеріне бағышталған ірі - ірі зерттеулерден,

мысалы,  мына  еңбектерді  атауға  болады:

Снегиров  И.М.  Опыт  рассуждения  о  русских

пословицах, М. 1923; Савенкова И.Е. Структура

и  семантика  по словиц  и  поговорок

современного русского языка М., 1989; Жуков

В.П.  Словарь  русских  пословиц  и  поговорок,

М.,1966;  Ағылшын  тілінде:    Интерпретация

текста  (на  материале  английских  пословиц  и

поговорок) Н.А. Афанасьева, Л.И. Мустаева; Г.А.

Стефанович;  «Кочевник»  баспасынан  жарық

көрген, «500 английских пословиц и поговорок»,

2003ж.  Қазақ  тілінде:  «Қазақ  мақалдары»

(құрастырушы  А.    Диваев);  «Қазақтың

мақалдары  мен  мәтелдері»  (  құрастырушы  Ө.

Тұрманжанов) т.б.

Паремиологиялық  деректерге  қарағанда

қазақ мақал – мәтелдерін халық арасында толық

болмаса  да  жинап,  әртүрлі  басылымдарда

жариялау XIX ғасырда көріне бастайды. 1979 ж.

алғаш  қазақ  мақал  –  мәтелдерін  жариялаған

(Хрестоматия.  Орынбор)  және  1906  ж.

толықтырылып,  ең  т аңдаулыларын  қайта

жариялаған қазақ ағартушысы Ы. Алтынсарин

болатын.  Одан  соң,  1899  ж.  өзіне  дейінгі

жарияланған 1500 мақал – мәтелдерді жинақтап,

«Сборник  киргизских  пословиц»  (Оренбург)

деген  атпенен  қазақ  тілін  алғаш  зерттеуші

түркологтардың  бірі  В.В.  Катаринский

жариялайды. Осы дәстүр жалғасып, қазақ мақал

– мәтелдері 1923 жылы Мәскеу қаласында «Мың

бір мақал» деген атпен, 1927 жылы Ташкентте

«Қазақ мақалдары» деген атпен (құрастырушы

А. Диваев); Алматыда 1935 ж. «Қазақ мақал –

мәтелдері»  деген  атпен  (  құрастырушы  Ө.

Тұрманжанов) жариялана бастайды.

Ағылшын және қазақ  мақал – мәтелдері,

оның  ішінде  бір  компонентті  сан  есімнен

тұратын  мақал  –  мәтелдер  тілдік  табиғатына



2013 №4 (21)

Тірек сөздер: мақал-мәтел, бір компонентті сан есім, паремиология.

81

байланысты іштей екі – прозалық, яғни қара сөз

және  поэтикалық,  яғни  өлең  сөз  -  жанрға

жіктеліп, көркемсөз өнерінің құдіретті күшімен

халық даналығын паш ететін тілдік феноменге

(сирек құбылысқа) айналады. Мысалы, қара сөз

түрінде қалыптасқан екі тілдегі бір компонентті

сан  есімнен  тұратын  мақал  –  мәтелдерге

мыналарды жатқызуға болады:

• Бесіктегі бала бес рет түлейді;

• Бес саусақ бірдей емес;

• Бір аяқ  қымыздың екі аяқ желігі бар;

• Бір жылға қоян терісі де шыдайды;

• Бір тіл – бір ұлт.

Ағылшын тілінде, мысалы:

• Custom is a second nature

• The first blow is half the battle

• A wonder last: but nine days

• One bitten, twice shy т.б.

Ағылшын  және  қазақ  тілдеріндегі  бір

компонентті  сан  есімнен  тұратын  мақал  –

мәтелдердің құрылымдық тұлғасы (структурная

типология)  үш  түрлі  үлгіден  тұрады:  бір

тағанды, қос тағанды және көп тағанды.

«Таған»  дегеніміз  логикалық  ой  –

тұжырымның  бүтін  бір  бөлшегін,  табиғат  пен

қоғамдағы заттар мен құбылыстардың, қалып –

күй, іс - әрекеттің сипатын, ерекшелігін, себебі

мен  салдарын  білдіретін  сөз  тіркесі,

синтаксистік  бірлік.

Бір тағанды бір компонентті сан есімнен

тұратын ағылшын – қазақ мақал – мәтелдердің

одан кейінгі тұлғалық даму деңгейіне олардың

ішкі ұйқасқа құрылу үрдісін жатқызуға болады.

Мысалы:  «Қыз  –  қырық  шырақты»;  «Еркек

қырқында  қылық  ашады»;  «Қырықтың  бірі  –

қыдыр»; «Он үшінде ұл – ұлан, он алтыда қыз –

ұлан».


Ағылшын  тілінде:  «To  kill  two  birds  with

one stone»; «As like as two peas»;«First come, first

served».  Осы  сияқты  бір  тағанды  қара  сөз

түріндегі  мақал  –  мәтелдердің  құрамдық

мүшелері  ендігі  жерде  аллитерация,  ассонанс,

эвфония  т.б.  поэтикалық  шарттарды  сақтауға

бейімделе бастайды.

Бұдан  кейінгі  даму  деңгейінде  мақал  –

мәтелдер өлең сөз түрінде қос тағанды тұлғада

қалыптаса бастайды. Бұл құбылыстың себептері

мен  сыры  жоғарыда  айтылды.  Қос  тағанды

мақал  –  мәтелдер  негізінде  (яғни  бір  ұйқасқа

бағынып дамыған) үш тағанды мақал – мәтелдер

жайында  да  жоғарыда  ескертілді.  Олардың

пайда  болуы  болмыстағы  «үштік  ұғымға»,  не

қосымша анықтамаға байланысты. Мысалы:

«Бір бала атасына жете туады,

Бір бала атасынан өте туады,

Бір бала кері кете туады». т.б.

Көп тағанды мақал – мәтелдер поэтикалық

жанрдың  кең дамуына  байланысты  қалыптаса

бастайды. Демек, мақал – мәтелдердің бұл түрі

хронология  жағынан  қос  тағанды  мақал  –

мәтелдерден кейін дамыған деуге болады.

Қос тағанды мақал – мәтелдер екі тілде де

бір тағанды мақал – мәтелдерден кейін тұрған,

сондықтан  да  сан  жағынан  мол  синтаксистік

тұрақты  бірліктерге  жатады.  Құрамдық

бөлшектерінің  по этикалық  талаптарға

(аллитерация, ассонанс, эвфония) сай құрылуын

былай  қойғанда,  қо с  т ағанды  мақал  –

мәтелдердің тағандары міндетті түрде ұйқасқа

(рифмаға) құрылуы тиіс. Бірер мысал:

 «Мың арыстанды бір ит басқарса – бәрі

ит болады,

    Мың  итті  бір  арыстан  басқарса  –  бәрі

арыстан болады».

Бұл мақалдың мағынасы басшы, билеуші,

ұстаз қандай болса, оның қарамағындағы ел де,

шәкірттер  де  соның  өнеге  –  үлгісі  бойынша

әрекеттеніп,  соған  ұқсауға  тырысады,  яғни  ит

басқарса,  ит  мінезді,  арыстан  басқарс а,

арыстандай айбатты не соған ұқсауға тырысады

деген сөз.

Ағылшын және қазақ тіл тәжірибесінде бір

компонентті  сан  есімнен  тұратын  мақал  –

мәтелдерді  қолдану,  жұмсау  жағдаяттары

(ситуациялары) мен тәсілдері көп.  Бірақ, сайып

келгенде,  о ның  бәрі  мақал  –  мәтелдерді

қолданушының сөз саптау шеберлігіне, оларды

құбылтып,  өзгертіп,  түрлендіріп  айту  өнер  -

өнегесіне байланысты. Тіліміздегі мағына, тұлға

жағынан  сан  алуан  мақал  –  мәтелдердің

қолданысын  пайымдап  қарасақ  «олардың

тұрақтылығын сақтау» деген дәстүрге айналған

ортақ қағиданы сақтай отыра, әрбір қолданушы

бұл салада өзіндік өріс тауып жатады.

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2013 №4 (21)


82

Мақал – мәтелдер халықпен бірге мәңгі –

бақи  сақталатын  өмір  тіршілігінің  айнасы.

Оларды  болашақ  ұрпақ  зерделеп  түсіне  білуі

қажет. Сонда ғана олар рухани байлық ретінде

халық жадында ұзақ сақталып, оған қызмет ете

алады. Сол  үшін де мақал –  мәтелдерді халық

ең асыл қазына – байлығы ретінде аялап ұстауы

керек,  олардың  төркінін,  жасалу  мотивін,

мағына  –  мәнін  айқындап,  қарым  –  қатынас

құралы,  рухани  қазына  ретінде  т аза

ұстағанымыз абзал.



Әдебиет

1Қазақ  мақал  –  мәтелдері.  Жинап

құрастырған  Өтебай  Тұрманжанов.  -  Алматы,

«Ана тілі», 1997

2 Қазақтың мақал – мәтелдері. Құрастырушы

Смайлова А.Т. - Алматы, 2003

3  Тәжиев  Қазыбек.  Жеті  санының  құпия

сыры... - «Қазығұрт», 1993

4 Қазақтың мақал – мәтелдері. Құрастырушы

Смайлова А.Т. - Алматы, 2003

5  Мақал  –  мәтелдер.  Құрастырушы  О.

Құспанғалиұлы. - Алматы, «Рауан», 1997

6  Шындалиева  М.  Сөз  өнерінің  бастауы.

Алматы, «Ғылым», 2001 ж.

7 500 English proverbs. ТОО ИД «Кочевники»

- Алматы, 2003



English and Kazakh proverbs and sayings with numerals in one of their components are analyzed in

the given article.

Резюме

Основной целью данной  статьи является всесторонний анализ английских и казахских пословиц

и поговорок с компонентами числительных.

Resume

ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ БІЛІМІ

2013 №4 (21)

83

2013 №4 (21)

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

ӘОЖ 821.512.122



Б.ҚАПАСОВА, филология ғылымдарының кандидаты, доцент

Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫНДАҒЫ ОҚУ МЕН БІЛІМГЕ КӨЗҚАРАС

(АБАЙ МЕН ЫБЫРАЙ ШЫҒАРМАЛАРЫ НЕГІЗІНДЕ)

Адамзат баласы  үшін дүниедегі  ең қатал

сын  –  тағдыр  мен  тарих сыны.      Жүріп  өткен

жолына қарасақ, қазақ халқы қай сыннан өтіпті.

Әр  кезде  ұлтқа  тұтқа  болар  ерлер  шығып,

халқының  с анасын  да,  с апасын  да  алға

тартыпты. Елдік қолға қонғанда да, елдік қолдан

шыққанда да қазақ халқының ұстаным етер өз

тұғырлары болған. Ұлы Абай да жұрт бақыты

үшін  қажыр-қайратын  аямайтындар  туралы

айтқанда:  «Уахсусан  (әсіресе,  ерекше)  адам

баласының  ақыл-пікірін  ұстартып,  хақ  пен

батылдықты айырмақты үйреткендігі – баршасы

нафиғлық  (пайдалы,  өнегелі  іс)  болған  соң,

біздің  оларға  міндеткерлігімізге  дау  жоқ»,  –

дегені  мәлім  [1,  203].  Білім  –  адамды  алға

бастаушы, 

әрекетін 

адамшылықпен

жалғастыртушы деген  жаңа пікір  қалыптасты.

Осы  ойды  түркі,  араб  қала  берді  әлемдік

ғылымдағы  өзгеше  ой  иесі  екінші  ұстаз  Әл-

Фарабиден де табамыз: «Ал білім мен әрекет тән

болатын ақыл-парасат (түрі) басқа да өнерлерге

ие болады. Бұл өнерлердің де екі түрі болады.

Мұның бірінші түрі арқылы біз тек ғылыммен

танысамыз.  Екінші  түрі  арқылы  біз  не  істеуге

қабілетіміздің  бар-жоғын  білеміз  [2,  107].  Бұл

шығыс әлемінің оқу мен білімге, ғылымға ден

қойған  орта  ғасырлардағы  ойы  болатын.

Ж.Баласағұнидың 

«Құтадғу 

білік»

шығармасында  өзгеше мән берді.



Абай  ұлт  үшін  пайдалы  іске  жарарлық

ақыл  мен  пікірді  ұстартатын,  жақсы  мен

жаманды  айыратын  пайдалы  іс  деп  білімді

айтып  тұрса,  әл-Фараби  білімді  әрекетке

түсірердегі  ақыл  мен  парасаттық  керектігін

негізгі етеді. Бұл ой Ж.Баласағұнидың ақыл мен

білімді қатар егіз етіп алуымен ғана адамзатқа

пайда  келтіретінін  жыр  етті.  Орта  ғасырдағы

Ж.Баласағұни,  А.Иүгінеки,  А.Иассауи

шығармаларында  оқу  мен  білімнің  пайдасын,

ғылымның  адам  жан-дүниесін  байытар  күш-

қуаты, адамзат үшін рухани игілік көзі ретінде

бағалады. 

Орта 


ғасырдағы 

аталған


шығармаларда да оқығандар бейнесі жасалды.

Бірақ  бұлар  –  пенделіктен  мүлдем  ада,  білім

негізі иман дегенді көбірек ұстанатын, қоғамы

мен ортасы да басқа кейіпкерлер. Үлгі, насихат,

дидактикалық ыңғайға бейімделген туындылар.

Қазақ  қоғамындағы  оқығандарды  нақты

қажетсінген  шақ  –  ХХ  ғасырдың  басы.  Жаңа

қоғам,  жаңа  өзгерістер  қазақтың  ендігі

болашағын  да  анықтайтындығымен  өзгеше

болатын.  Осы  тұста  ұлтты  ұйыстыратын,

халықты біріктіретін көзі ашық, көкірегі ояулар

керектігі  анық  сезілді.  Бұл  тұста  Мағжан

Жұмабаевтың  1922  жылы  жазған  «Қазақ

оқығандары» деген мақаласы да бар екен.

Әдебиеті  мен  мәдениеті  жеті-сегіз  ғасыр

бойы  ислам  құндылықтарымен  суарылып

үлгерген  қазақ  елі  үшін  ХІХ  ғасырдың  екінші

жартысы  мен  ХХ  ғасырдың  басына  дейінгі



Мақалада автор Абай мен Ыбырай шығармаларындағы әр кезеңде халықты ілгері жетелеуші

оқу  мен  білімге  деген  көзқарастары,  басты  тақырыптың  халықтың  білім  мәдениеті

болғандығына тоқталады.

Тірек сөздер: Ы.Алтынсарин, Абай, оқу мәдениеті, қазақ қоғамы.

84

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ

2013 №4 (21)

аралықта  әлі  де  болса  ұлттың  жеке  өз

құндылықтарын 

сақт ау 


және 

таңдау


мүмкіндіктері тұрды. Бір жағынан, отаршылдық

езгі,  екінші  жағынан,  Шығыс  өркениеті

жаңғырығының  көмескеленуі  елдің  еңсесін

басты. Ресми патша үкіметі ішкі Ресей зәрулігін

шеше  алмай отырғанда,  шеткері  аймақтардың

дүниеге  жаңа  көзқараспен  қарауына  мүдделі

бола  қоймағаны  мәлім.  тұншықтырумен

шұғылдануға көңіл де бөлді.

Қазақ  тарихында  ерекше  ақыл-білімді

мұрат  тұтқан  тұс  –  ХІХ  ғасырдың  екінші

жартысынан басталады. Қазақ даласында бұған

дейін  де  білім  мен  оқуға  құштарлық  болмады

деген дұрыс болмас. Дегенмен, ұлт үшін оқу мен

білімнің сұранысы, мұқтаждығы, қажеттігі анық

сезілген, болашағын оқумен ғана сақтау мүмкін

екендігі  айқындалған  кезең  ХІХ  ғасырдан

басталады.

Қазақ  жеріндегі  оқу-ағарту  тарихында

Жәңгір  мектебінің  алатын  орны  ерекше.  Хан

ордасындағы алғаш білім ошағы 1841 жылы хан

Жәңгірдің  ықпалымен  ашылды.  Мектепте  дін

сабақтарымен  қатар  араб,  парсы,  орыс,  татар

тілдері,  арифметика,  тарих,  география  тәрізді

негізгі  пәндер  және  шешекке  қарсы  егу

ережелері  оқытылған.  1848-50  жылдары

Орынбор  қаласының  шекара  комиссиясы

жанынан  тағы  да  бір  қазақ  мектебі  ашылды.

Оның  оқу  мерзімі  жеті  жыл  болған.  Осы

мектептің түлегі – қазақ даласына алғаш білім

нәрін 


с епкен, 

қазақ 


балаларын

«Кел,балалар,оқылық!»  деп  оқуға  шақырған

ағартушы Ыбырай Алтынсарин.

Қазақ даласына мектеп ашып, жаңа типті

оқу  бағдарламаларын  білім  күші  етіп,

отаршылдыққа қарсы қойды. Өзі мектеп ашып,

қазақ  баласын  партаға  отырғызу  мақсатын

көздегендіктен  де  болар,  Ы.Алтынсарин

шығармаларында  ең  бірінші  оқу  мен  білімнің

адам  үшін  пайдасы  айтылды.  1879  жылы

шыққан «Киргизская хрестоматияның» алғашқы

беті «Кел, балалар, оқылық» өлеңімен ашылды.

Ақын  бұл  өлеңінде  балаларды  оқуға  шақыра

отырып, оқығанның ең бірінші артықшылығы

көкірек  көзінің  ашылатындығы,  со сын

кейінгілері – рухани жан байлығы («Оқымыстың

байлығы, Күннен күнге көп болар, Еш жұтамақ

жоқ  болар»),  тамағының  тоқтығы,  көйлегінің

көктігі,  өзгеден  биік  адамшылық  қасиеті

болатындығын айтады.

Ы.Алтынсарин  шығармаларындағы

оқығандар  бейнесі  ұстаздың  ағартушылық

көзқарасымен,  тағдыр-талайымен  де  өзі  өмір

сүрген уақыттағы отарлаушы-отарланушы, әлді-

әлсіз, 

хұқықты-хұқықсыз 



тарапт ар

байланысының шындығы тұрғысынан қаралуы

керек.  Осы  орайда  Алтынсарин  идеясының

өміршеңдігі, 

елі 

үшін 


батыл 

қадам


жасағандығынан  туған  дұрыс  игілікті  істің

дәлелі ХХ ғасыр басындағы қазақ зиялыларына

сабақ болғандығында да еді. Ы.Алтынсариннің

оқығандарының  бейне сінің  өзгешелігі  –

қаламгердің өзі көрген, өзі оқытқан шәкірттері

арқылы жасап шығарғандығында да еді.

Қазақ үшін бақ қону – мал мен дүние байлығы,

жан мен адамның, ұрпағының өсуі, атағы мен

мансабының  көтерілуі.  Ы.Алтынсарин

оқығанды төрт түлігі сай, жан байлығы мол етіп

бейнелейді. Екінші бір белгілі «Өнер-білім бар

жұрттар»  өлеңінде  оқу  мен  білімге  ден  қою  –

елін,  жерін  көтеру,  халқын  дәулетке,  бақытқа

жеткізу,  жұртының  тұрмысын  жеңілдету  деп

суреттейді. Оқыған, білім қуған адамды бәйгеге

түскен,  жарысқа  қо сылған  бәйгемен

салыстырады. Оқыған адам – ақын бейнелеуінде

ақылымен,  қайрат,  күшімен  бар  адамшылық

қасиетімен өзгеден қалыспауы керек. Шын оқу

мен  білімге  ден  қойған  адамның  осындай

адамшылыққа  лайық  екендігіне  ақын  шүбә

келтірмейді.  Болашақт ан  ел  тұрмысын

жеңілдететін,  өзгемен  қатар  түсетін  халық

қамын  жер  оқығандар  шығатынына  сенген

ұстаз, батасын да береді. Келешек ұрпаққа үміт

артады.


Ы.Алтынсарин  шығармаларындағы  оқу

мен білімге ден қойған кейіпкерлердің бірнеше

түрі бар.

1) Оқу, білімді игерген адамның тұрмысы

жақсарады,  өмірі  жеңілдейді  («Балғожа  бидің

баласына  жазған  хаты»,  «Өнер-білім  бар

жұрттар», «кел, балалар, оқылық», «Дүние қалай

етсең табылады?»);

2)  Оқу,  білімге  ден  қойған  адам  рухани

жаны  бай,  адамгершілігі  мол,  елге  қадірлі

(«Әдеп»,  «Білгеннің  пайдасы»,  «Зеректік»,


85

«Лұқпан әкім» т.б.);

3) Оқу мен білімі мол кейіпкер болашақты

ойлайды  («  Дүние  қалай  етсең  табылады?»,

«Әлім кісі», «Зеректік» т.б.);

4)Оқу  мен  білімді  игерген  кейіпкер

адамгершіліктің:  сабыр,  еңбек,  қайырым,

адалдық,  жинақылық,  ұқыптылық  т.б.  сияқты

қасиеттерін  ажырата  білетіндігін,  оны  өз

өмірінде қолдана алатындығы суреттелді.

ХІХ  ғасырда  оқу,  білім  тақырыбы  кең

көлемде  жырланды.  Ыбырай  Алтынсарин

білімнің  пайдасын  көбірек  насихаттаса,  Абай

Құнанбайұлында  оқу,  білім  тақырыбы  мүлде

басқа.  Қазақ  қоғамында  да  орысша  білім

алғандардың алғашқы легінің мақсат-мүдделері

түрлі болғаны белгілі. Халық үшін қызмет етіп,

жұрт үшін көз майын тауысқандар да мол. Қазақ

ортасында  оқығандардың  білім  мәдениеті,

сыртқы қалпы, әдет пен әдеп үлгілері де бөлек

болды. Бұл ұлттың білім мен оқуға талпынуына

үлкен ықпал етті.

Қазақ  жастарының  білім  алуына  ықпал,

әс ері  болған  о қу  о рындарының  бірі  –

медреселер. Абай оқыған Семейдегі Ахмет Риза

медресесі,  С.Торайғыров  білім  алған  Тройцк

медресесі, қазақтың талай зиялылары шыққан

Уфа  медресесі  орта  ғасырлардағы  А.Иассауи,

Ж.Баласағұни, әл-Фараби идеяларын қазық етті.

Дін  оқуын  негіз  ете  отырып,  жаратылыстану,

математика,  қоғам  негіздерін  адамшылықпен

байланыста оқытты.

Қазақ қоғамындағы білім мен оқудың бар

қадір-қасиетін де  ашып жазған  Абай болатын.

Ұлы Абай үшін оқу мен білімнің бар мақсаты –

адамшылыққа қызмет ету.

Абай  орта  ғасырдағы  шығыс  ақындары

мен  ойшылдары  өсиет  еткен  о қымысты

бейнесін  жаңа  өз заманына  лайықтап,  қазаққа

қажетіне,  болашағына  керегіне  қарай  жасап

берді. Оқу мен білім - ақын өлеңдерінде парасат

пен  имандылық,  ақыл  мен  адашылық

қасиеттерінің  жиынтығы.  Ендеше  ақынның

оқыған адамы – парасат пен ақылдан, иман мен

адамшылықты  жолдас  еткен  жан  болып

шығады.  Бұл  ақынның  «Ғылым  таппай

мақтанба»  өлеңінде  ереше  өрілді.  Ғылымды

тану, білім алу, оқу оқу ақын суреттеуінде – адам

мінезін  өзгерту.  Жақсылық  пен  рухани

байлықты  ғана  серік  ету.  Ғылымға  бару  үшін

Абай  оқығаннан  рухани  тазалықты  -  жүрек

тазалығын  сұрайды.  Талап,  еңбек,  терең  ой,

қанағат, рақымды білер адам – оқығандықтың,

шын  ғылымға  ден  қойғандықтың  белгісі.  Бұл

ретте ақынның оқыған, білім мен ғылымға ден

қойған адамы – бес асылды жанына балап, бес

дұшпанды («өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек,

бекер мал шашпақ») білуі керек. Абайдың оларға

қояр  бірнеше  талаптары  да  бар,  бес  асылды

бойға  жиюмен  бірге,  ақынның  барлық

өлеңдеріндегі  тірек  –  адамзаттың  игіліктерін

игеру.  Қазақ  баласы  үшін  о қығандық  –

адамшылық белгісі болуы керек деген ой түйеді.

Адамшылық, 

жақсылықты 

үйрену,


жамандықтан  бойды  аулақ  салу,  зеректік,

талапшылдық  –  Абай  айтатын  оқыған  адам

бейнесіне  тән  қасиеттер.  Сондықтан  да  Абай

айтатын  оқыған  қалпы  қандай  деген  сұраққа

жауап  берер  болсақ,  Абай  –  өз  заманы

шындығын  ақын  жүрегімен  қабылдап,  азамат

ретінде  қоғамға  лайық  баға  берудің  тәсілін

көрсеткен  ақын.  Кезінде  біржақтылықпен

түсіндірілген,  көпке  белгілі  дәйексөз  болған:

«Орысша оқу керек, хикмет те, мал да, өнер де,

ғылым  да  бәрі  орыста  тұр.  Зарарынан  қашық

болуға,  пайдасына  ортақ  болуға  тілін,  оқуын,

ғылымын білмек керек» [17, 2-200] – дегенінде

терең мән бар. Бұл да кейінгі қазақ зиялылары

үшін негізгі ұстаным болғаны анық. Абай тағы

бір қарасөзінде: «Орысқа айтар сөз де жоқ, біз

құлы, күңі қадарлы да жоқпыз» – деп қайырады

[21,  2-46].  Бұнда  Абайдың  орыстың  құлынан

қадіріміз  төмен  дегендігі  еді.  Ақын  ойының

астарында  қазақ  ойланатын,  оқу  мен  білімге

еріксіз ұмтылдыратын жай жатқанымен де, Абай

алыс  саяси  теңдікті  емес,  жақын  оқу  мен

білімдегі  теңдікті  қалады.  Ұлтын  сүйген  ақын

жүрегі  «түзелген  тыңдаушыны»  армандауы  да

тегін  емес.  Дүниенің  төрт  бұрышына,  адам

жанының  бар  қалтарынсына  үңілген  Абай  өз

қоғамына  сәйкес  халық  білімін  аңсады.  Бұл

арман кейде халықты білімге бара жолға салды,

кейде  аяусыз  сынады.  Бірақ  ХІХ  ғасырдың

екінші  жартысындағы  қоғам  талабы  адам

психологиясын өзгертпей қоймады. Осы шақта

қазақ  әдебиетінде  оқыған  адам  түсінігі  мен

танымындағы  өзгеріс,  жеке  бас  тірлігін

ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет