2013 №4 (21)
АБАЙТАНУ
8
рассуждения и лиризм стихотворения в прозе.
Но цельность, внутреннее единство всему
этому многообразию придает некий стержневой
образ.
И это – образ Середины.
Несгибаемая твердость и трезвость разума
умеряется пылом сердца.
Знание мало чего стоит без веры.
Работа нуждается в досуге.
Печаль – в радостном смехе.
Мир
Сло в
это
равновесный,
гармонический, ладный мир, хоть складывается
он из дисгармонии и разлада.
Порой образ находит плотное словесное,
можно сказать – учительное выражение:
«Имей во всем меру. Знать меру всему и
всего – большое дело. Не запутывайся в мыслях,
не лишайся здравого рассудка. В еде, питье,
смехе, в одевании, в развлеченье, в любви, в
объятьях и поцелуях, в страсти к богатству, даже
в карьеризме и хитрости, - во всем имеется мера.
Все, что сверх меры, - зло».
В строго словесном смысле идея центра
нашла наиболее строгое воплощение на Западе,
прежде всего во Флоренции, где Лоренцо
Великолепный о сновал Платоновскую
академию. Но идея середины, где скрещиваются
лучи, идущие с самых разных сторон, - эта идея
кровно близко Востоку и разлита в его истории.
Ибн-Рошд, которого мы, люди Запада, более
знаем под именем Аверро эса, по роднял
мистицизм ранних суфиев с рационализмом
Аристотеля и вообще прокладывал дорогу,
ведущую к Декарту, Спинозе и Лейбницу.
Быть может, степь, это продуваемо е
ветрами мира про ст ранство – наиболее
органическим образом способствует нелегкому,
но дружественному интеллектуальному и
духовному общению различных культурных
ойкумен и различных систем философской и
художественной мысли. Не зря через нее
проходил Великий Шелковый Путь.
И если это так, то становится понятной
неизбежно сть феномена, отмеченного –
возвращаюсь к нему - академиком Конрадом:
сама природа позаботилась о том, чтобы здесь
сокращались времена и расстоянья и рождались
художники, воплощающие в своем творчестве
великий дух универсализма.
Вот почему Абай – везде и всюду у себя
дома, вот почему он всем, а не только своим
родным казахам, - свой.
2013 №4 (21)
АБАЙТАНУ
Resume
Резюме
The author talks about the parallels in the works of Abay and poets of the East, as well as Pushkin,
Lermontov, Goethe, Byron, Pascal. Scientists estimate Abaya as an encyclopedia of an entire civilization.
Автор мақалада Абай шығармашылығындағы параллельдер, Пушкин, Лермонтов, Гете,
Байрон, сонымен қатар шығыс ақындарымен байланысы жайында сөз қозғайды.
9
2013 №4 (21)
ШӘКӘРІМТАНУ
ШӘКӘРІМНІҢ МӘҢГІЛІК МҰРАСЫ
Жастық шағын ойын-сауық, аңшылық,
серілікпен өткізген Шәкәрім білімге кештеу ден
қояды. Әке сінен жеті жасынан қалған
Шәкәрімнің немере ағасы Абайдың тәрбиесінде
болғандығы оның әдебиетке деген жақындығын
арттыра түскені белгілі. Ауыз әдебиетінің мол
нәрімен сусындаған ол Шығыс пен Батыс
әдебиетін өз бетінше меңгеруге бет бұрды. Араб,
парсы, түрік, орыс тілдерін меңгерген ол аталған
елдердің озық үлгідегі туындыларын қазақ
тілінде сөйлетуге көңіл бөлді. «Оятқан мені ерте
– Шығыс жыры» деп өзінің алғаш шығыс
әдебиетін меңгергенін тілге тиек еткен ақын
шығыс пен батыс классиктерінің бірсыпыра
туындыларын қазақ тілінде сөйлетті. Ақын:
«...Еуропа білімді жұрт осы күнде, Шыққан жоқ
айуандықтан о да мүлде. ...Ақылды киім бермес,
ғылым берер, Ғылымын ал, өнерін ал, мұны
таста!..» деп Еуропадан да талғап-таңдап үйрену
керектігін ескертеді.
Шәкәрім – қазақ поэзиясын жаңа мазмұн,
жаңа түрмен байытқан ақын. Ол Абайдың
қалыптастырған дәстүрін жаңа өрнекпен
байытып түрлендіре білді. Ақын өзі өмір сүрген
тұстағы өмір шындығының көркем шежіресін
жасады. Ақынның бірсыпыра өлеңдері адам
өмірінің әртүрлі белестеріне арналған «Жастық
туралы» өлеңінде жалындаған жастық шақтың
бітпес ойын-сауығын арқау етсе, «Кәрілік
туралы» өлеңінде сұрқы кеткен сұрықсыз
өмірдің мәні жоғын айта келіп: «Алпыстан әрі
бармаңдар, Байқамай шал боп қалмаңдар» деп
түйіндейді. Ақынның «Кәрілік – шал деген бір
ат қылғандай», «Кәрілік – құтылмайтын бір
қазған ор», «Мұңды шал» деген өлеңдері осы
ойын жалғай түседі.
Жастарды өнер-білім алуға, зорлықсыз
мал табуға шақырған ақын «Жастарға» деген
өлеңінде:
Сақ болалық, бір шоқып, бір қаралық!
Қарауылдар мезгіл ғой, тұр, қаралық!
Жүз айтқанмен, өзгенің бәрі надан,
Жалыналық Абайға, жүр, баралық! -
деп Абайды өзіне де өзгеге де өнегелі ұстаз ете
білген.
«Ашу мен ынсап», «Шаруа мен ысырап»,
«Анық пен танық», «Мақтау мен сөгіс», «Міндеу
мен күндеу», «Бай мен кедей», «Піскен мен
шикі» өлеңдерінде бір-біріне кереғар
ұғымдарды қатар алып параллель суреттейді.
«Білгенімді жазушы ем Бекем буып белімді.
Мінін айтып қазушы ем, Түзетпек боп елімді»
деп ақын өзі айтқандай бір-біріне кереғар
дүниелерді салыстыра отырып түйін жасайды.
Мәселен бай мен кедейдің жалған дүниедегі екі
ұдай тіршілігін айта келіп, олардың екеуінің де
барар жері бір екендігін естеріне салады. Ақын
қандай мәселені сөз етсе де ар, ұят, рақым сынды
Г.ОРДА, филология ғылымдарының докторы
М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының бас ғылыми
қызметкері
ӘОЖ 821.0
Шәкәрім Құдайбердіұлы қазақ поэзиясындағы өзіне дейінгі қалыптасқан дәстүрді
жалғастыра отырып, оны мазмұн мен түр жағынан байытты. Оның шағын лирикалары мен
дастандары, прозасы мен аудармасы – ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетінің бірден-бір табысы.
Мақалада автор Шәкәрім шығармашылығына кеңінен тоқталып, көтерген тақырыптарына
өзіндік талдау жасайды.
Тірек сөздер: поэзия, Шәкәрім, мұра, поэма.
10
2013 №4 (21)
мәңгілік категорияларды әрқашан жадында
ұстай отырып, «Арсыз, арам, асығыс, айлакестік
– Мұның бәрі шайтанның досы болмақ» деп
жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге
үгіттейді.
Сөз өнерін ерекше қастерлеген ақын «Ескі
ақындықта» Үмбетай, Сыпыра жырау,
Шортанбай, Марабайлардың төгіп-төгіп кететін
жырларын «Кейде бұршақ, кейде қар, Кейде
жауын, көп нөсер» деп бағалап сөз қадірін
түсінетіндерге олардан үйрену керектігін
ескерсе, «Ақындарға» деген өлеңінде:
Арыңның болсын өлең айнасындай,
Көрікті, көптің ортақ пайдасындай.
Жосылып жатсын артта жортқан жолы,
Арынды асқақ өзеннің арнасындай -
деп ақындарға жоғары талап қоя білген.
Шәкәрім поэзиясынан үлкен орын алатын
– ар ілімі. «Ескіден қалған сөз теріп» өлеңінде
ол ескіден қалған сөзге өз ойынан өң беріп
адамды түзетпек ниетін білдірсе, оның
өлеңдерінің дені адамзат баласын дұрыс жолға
салуға бағытталған. «Адамнан артық жәндік
жаралмаған» деген өлеңінде адам мен итті
салыстыра отырып иттің өз иесін қаппайтынын
айтып, адамның иттен де жаман екендігінен
шошынады. Адам бойындағы сан айланың
жақсылыққа емес, жамандыққа жұмсалуына
ренжіген ақын:
Адамның айуаннан айласы мол,
Қит етсе қиянатқа қояды қол.
Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек, –
Бұл төртеуін кім қылса, шын адам сол-
деген түйін жасайды. Абай поэзиясындағы адам
болу жолындағы бес асыл істі Шәкәрім ақын
жалғасыра түсті. Шәкәрім поэзиясының дені
адам бойындағы әр алуан қасиеттердің сырын
ашуға бағытталған. Ол жаман қасиеттерді бірде
ашық, енді бірде мысал арқылы сынға алса,
«толық адам», «таза адам» болудың жолын
санамалап көрс етіп отырады. Сюжетке
құрылған «Бір ханның кеудесіне жара шыққан»
өлеңінде ақын жас баланың хан мейірімін
оятқанына әдемі мысал келтіреді. Ата-анасы
малға сатқанын, қызының шариғатты бұзғанын,
ханның өз жаны үшін жас баланы өлтіруге бел
буғанын айта келіп, өзіне де жанның тәтті екенін
білдірген бала: «Адамда әділет пен мейірім бар»
деп, Естілер мұны білмей неге шатты?» деген
кезде хан райынан қайтып: «Жазасыз қыршын
жасты қинағаннан, Жөн еді біздей залым өліп
кеткен» деп баланы құшақтап бетінен сүйеді.
Мейірім, әділет бар жерде ешқандай қан
төгілмейтінін ақын шағын оқиға желісімен
көркем бейнелеген. «Тумақ, өлмек – тағдырдың
шын қазасы» деген өлеңінде де тумақ бар жерде
өлмек бар екендігін айта келіп, осы жалған
дүниеде қулық-сұмдық неге керек деген сауал
қоя отырып, алдамшы өмірде: «Мейірім, ынсап,
әділет, адал еңбек, Таза жүрек, тату дос – сол
шарасы» ізгілікті болуға шақырады. Мейірім,
ынс ап, ұждан, әділет, адал еңбек сынды
ізгіліктерге баулу – ақын поэзиясының негізгі
лейтмотиві. Мәңгілік категорияларды бүкіл
поэзиясына арқау еткен ақын:
«Мейірім», «Ынсап», «Әділет»,
«Шыдам», «Шыншыл», «Харакет»
Түп қазығы: «Ақ ниет» –
Бұл жетеуін ел қылу -
деген философиялық түйін жасайды. Адамзат
бойындағы барлық жаман іс-әркеттерді ащы
тілмен сынаған ақын «Мал жимақ» өлеңінде ол
малды қалай және не үшін жию керектігін еске
салады:
Мақтан үшін мал жима, жан үшін жи,
Қазаққа көз сүзбестің қамы үшін жи.
Арың сатпа, терің сат, адалды ізде,
Ғибадат пен адалдық, ар үшін жи.
Шәкәрімнің бірсыпыра өлеңдерінен сол
тұстағы ел ішіндегі жайды көруге болады. «Ей,
көп халық, көп халық» деген өлеңінде
партияшылдыққа көптің сес көрсетерін айта
келіп, халықты не нәрсенің де ақ қарасын айыра
білуге, тек әділін ғана айтуға шақырады.
«Қазақ», «Тағы сорлы қазақ» өлеңдерінде сол
тұстағы елдің жай-күйінен хабар береді. Білім-
ғылым іздеудің орнына бірімен-бірі аңдысқан
қазақ халқының берекесіз тірлігін тілге тиек
ШӘКӘРІМТАНУ
11
2013 №4 (21)
еткен ақын Абай тәрізді: «Қайран елім, қазағым,
қалың, жұртым, Көп айтып, а, дариға не
қылайын!..» деп олардың тыныс-тіршілігіне
күйінеді. Екінші өлеңге де қазақтың берекесіз
тіршілігі арқау болған. Не салған қаласы жоқ,
не оқытқан баласы жоқ қазақтың аңдығаны
барымта-қарымта. Дүниежүзі халықтарының
ішінде қазақ секілді бейқам жатқан елдің жоқ
екендігіне көңіл аударып, қазақтың аты бар да,
заты жоқ күй кешіп отырғанын баса айтады. Ел
ішіндегі кері кеткен кеселдерді сынай білген
ақын одан шығар жолды сілтеп, қазақты ел
болуға, өнер-білім алуға шақырады. «Жолама
қулар маңайға», «Партия қуған өңкей қырт», т.б.
өлеңдерінде сол тұстағы берекіз тірлікті
шенейді.
Ақынның
бірсыпыра
өлеңдері
аллегориялық сипатқа құрылған. Оны «Қаншыр
мен бөдене», «Қасқыр, түлкі, бөдене», «Епті
тышқан бидайды таси берген» мыс ал
өлеңдерінен көруге болады. «Ақылшы
то рғайда» ақын адамға торғайдың ақыл
айтқанын мысалға келтірсе, «Екі тышқан
бидайды таси бергенде» тышқан секілді сырты
сопы, іші арам қуларды шенейді. Қаншыр мен
бөдененің тірлігінен «Алды-артын ойламайтын
аңқау менен Алдампаз арам достан ғибрат ал»
деп түйіндесе, қасқыр мен түлкінің қылығынан:
Мықты қасқыр, айлакес түлкі қайда,
Алдампаз, рахымсыздық кімге пайда?
Аяғында түлкі де, қасқыр да өліп,
Бөдене аман қалыпты сол бір сайда-
деген қорытынды жасайды. Аң-құстар арасынан
мысал келтірген ақын қулық пен зымияндықты
сынап әшкерелейді.
Шәкәрімнің бірсыпыра өлеңдері сюжетке
құрылған. Олардың қатарында «Наушеруан
аңда жүріп киік атқан», «Бір ханда екі ұл бопты
бір туысқан», «Аңда жүріп шаршаған Ашам
пат са», т.б.туындыларын атауға болады.
Бұлардың бәріне ортақ ой – адам баласын
ізгілікке үйрету. Ақынның қазақ поэзиясын жаңа
мазмұн, жаңа түр мен байытқан өмір жайындағы
толғамдары.
Шәкәрім поэзиясынан үлкен орын алатын
тақырыптың бірі – махаббат. Оның «Махаббат
пен құмарлық», «Шын сырым» өлеңдерінде
адам бойындағы сезім шынайылығы бар
болмысымен ашылған. Ауыз әдебиетінің мол
қазынасымен тыныстап, Шығыс поэзиясын
еркін игерген, Абай үлгісінен нәр алып оны жаңа
түрмен байытуға тырысқан ақынның сөз
саптауы ерекше. Жиырма үш жасар жігіттің
ғашық қызы хор қызынан да артық тәрізді әсер
береді. Себебі, оның сұлулығы алдында буыны
босап, бойынан әл-дәрмені кеткен жігіттің күйі
мынадай еді:
Бақытсыз жүрегім
Жалындап жанып тұр.
Үмітті тілегім
Орынсыз қалып тұр.
Ақыл, қайрат,
Сабырдың бәрі кетіп,
Адасқан асығың
Мұңлы әнге салып тұр...
Өртеніп, жанды ішім,
Ақыл жоқ бойымда.
Оның қарақаттай көзі, жібектей қап-қара
шашы, қанжардай қасы, тізілген кірпігі, нұр көзі
мен сиқыр жүзі жігіттің ғана жанын өртеп бара
жатқан жоқ, бүкіл аспан мүшелерінің өзін
ғашық та асық етіп тұр. Ай, күн, Жетіқарашы,
Таразы, Шолпан сынды жарық жұлдыздар мен
бірге жел мен бұлттың өзі де оның сұлулығына
іңкәр. Бәрі де ақыл-естен айрылған диуана күй
кешуде. Бүкіл әлемді өзіне осыншама асық еткен
сұлудың ғашық жарының күйі айтпаса да
түсінікті. Қазақ поэзиясында бұған дейін сұлу
қыздың сырт тұлғасы мен ақыл-ойын көркем
бейнелеу болғанмен, тура осылайша ақыл-естен
айрылған жанның ішкі сезім күйін өлеңге қосу,
оған аспан денелерін ынтық ету жоқ еді. Осы
тұрғыда алғанда, Шәкәрім махаббат тақырыбын
жырлауда қазақ поэзиясына жаңа өрнек алып
келді.
Ақын поэзиясының дені – дастандар. Ол
ХХ ғасыр басындағы қазақ по эзиясын
«Қалқаман – Мамыр», «Еңлік – Кебек»,
«Нартайлақ пен Айсұлу», «Мұтылғанның
өмірі», «Ләйлі – Мәжнүн», «Қожа хафиз
сөзінен», «Дубровский әңгімесі», «Боран»,
ШӘКӘРІМТАНУ
12
2013 №4 (21)
«Алты әңгіме» дастандарымен байытты. Батыс
пен шығыс поэзиясымен сусындаған Шәкәрім
ендігі кезекте қазақ ішінде өзінен-өзі сұранып
тұрған тарихи оқиғаларды кең құлашты эпикаға
арқау етті. «Қалқаман – Мамыр» дастаны мың
то ғыз жүз жиырма екінші жылғы қазақ
арасындағы қайғылы оқиға негізінде өрбиді.
Дастанның эпилогы мен прологында ақын сол
тұстағы қазақ халқының жағдайынан хабар
берген. Эпилогта 1922 жылы қазақтың Сыр
бойында жүргенінен хабар берген ақын,
прологта 1923 жылғы қазақ пен қалмақ
арасындағы кескілескен ұрыстың салдарынан
болған «Ақтабан шұбырындыны» тілге тиек
етеді.
Бір-бірін сүйген жастар арасындағы
қайғылы халды ақын сол тұстағы қазақ
халқының трагедиясы ретінде көрсете білген.
Қазақ қыздарының сүйген жарына қосыла
алмай, құда түсіп атастырған жеріне
баратындығы сол тұстағы қалыптасқан қағида
болса, Қалқаман мен Мамырдың осы дәстүрге
қарсы шығуы – махаббат еркіндігін іздеу. «Кеше
білдім төбемнен ұрғандығын, Құдалықтың дап-
дайын тұрғандығын» деп Мамыр айтқандай
құдалық қыздардың еркінен тыс әке-шеше
келісімімен іске аса беретін болған. Осындай
қалыптасқан дәстүрге қарсы шығып, өз сүйген
жігітімен қашып кету – ол кез үшін жат мінез.
Қалқаман мен Мамырдың махаббат бостандығы
үшін күресі Мәмбетай мен Кішік руының
арасын ушықтырып жібереді. Әнет бабаның
қалың мал ал дегеніне Мәмбетей елі: «Қалқаман
мен Мамырды өлтірмесе, Кетеміз деп бабаңды
тіпті көрмей» деп көнбей қояды. Екі елдің
арасындағы кикілжің толастамай тұрғанда елге
қыдырып келген Мамырды Көкенай садақпен
атып өлтіреді де: «Өлтірдім тентегімді өзім»
дейді, Бабаңа кісі салды дамыл бермей; «Ол неге
Қалқаманды өлтірмейді?!...» деп Бабаны тағы
да қыстайды. Осылайша не сөзге, не асыра
берген малға көнбеген олар Қалқаманды
өлтіруді талап еткен соң Әнет Баба амалсыздан
мынадай шешімге келеді: «Қалқаман жүйрік
атпен шауып өтсін, Көкенай сонда атсын», – деп
бұйырыпты». Көкенайдың тартқан садағы ердің
басын қақ айырып барып қара санға тиеді. Аман
қалған Қалқаман:
Ел қылып Тобықтыны тұра алмаймын,
Ешкіммен ойнап-күліп жүре алмаймын.
Өлерде аямады, қайда аяйды,
Сендерге енді мойын бұра алмаймын
деп, ұлы жүздегі Еділбай нағашысына кетіп
қалады. Келер жылы Әнет баба бастаған
то бықтылар Қалқаманды іздеп шыққалы
отырғанда қалмақ шауып қазақтың басына
«Ақтабан шұбырынды» күн туады. Ол кезде
біреуді-біреу іздемек түгілі, бір елді аузына
қаратқан Бабаңның өзі көшке ілесе алмай бір
төбенің басында қалып қояды. Ақын жер үшін
сыртқы жаумен айқасып отырған қазақ ішіндегі
ымырасыздықты екі жастың махаббат қайғысы
арқылы аша түскен. Бұл – Қалқаман мен Мамыр
қайғысы емес, қазақ халқының қасіретті
трагедиясы еді.
«Ертегі емес, ертеде болған бір іс, Ойдан
жалған шығарған сөзім емес», деп ақынның өзі
айтқандай, сол тұстағы қазақ арасындағы өмір
шындығын арқау еткен дастанның бірі – «Еңлік
– Кебек». Мұнда да жастар арасындағы
сүйіспеншілік Матай мен Тобықты арасының
кикілжіңін тудырады. Матай мен Тобықты
арасынан қайыр күтпеген олар тау-тасты
паналап елден қашып кетеді. Екі елдің арасы
енді бітісе бастағанда, Еңлікті айттырып қойған
қайын елі Наймандардың дауы ұласады. Ел
тыныштығын ойлаған бір Тобықты Еңлік пен
Кебектің жатқан жерін айтып қояды да олар
қолға түседі. Ашынған наймандар екеуін де ат
құйрығына байлап өлтіреді де сүйектерін бір
төбеге апарып қояды. Бе сіктегі баланы
Кеңгірбайға апарып беріңдер деген Кебектің
аманаты жайына қалып, бала сол төбенің
басында жападан-жалғыз қалады. Таза
сүйіспеншілік үшін бастарын өлімге тіккен
Еңлік пен Кебек махаббаттың музасына
айналды. Таза да пәк, кіршіксіз, ақ, адал
махаббат иелері сол тұстағы көрсоқыр, надан,
жауыздардың қолынан құрбан болады. Бірақ
оларды өлтірген жауыздық, жастардың кіршіксіз
таза сезімін өшіре алмады. Еңлік пен Кебек
арасындағы махаббат жырға, аңызға айналып
мәңгілік халық жадында сақталып қалды.
«Естілер көп жазады әңгімені, Жазбайды
ермек үшін әлденені. Жиреніп жаманынан,
ШӘКӘРІМТАНУ
13
жақсыны ұғып, Алсын деп жазады ғой өнегені»
деп басталатын «Нартайлақ пен Айсұлу»
дастанына да қазақ өмірінің шынайы шындығы
арқау болған. Ақын өзі айтып отырғандай
дастанды жастарға үлгі-өнеге берер деген
мақсатта жазған. Күнсұлу, Айсұлу, Нартайлақ,
Барғана, Былқылдақ, Барлы, Самсы, Томан
кемпір бейнелерін олардың сөйлеген сөзі,
істеген ісі, мінез-құлықтары, мақсат-мүдделері
арқылы аша түскен. Айсұлудың өгей ағасы
Барғана – мал үшін неге де дайын тұрған жан.
Сондықтан да ол қарындастарын таяққа жығып
күшпен ұстамақ. Самсы мен Барғананың
қорлығы мен Ханымның тепкісінен өмірден
озған Айсұлудың Былқылдаққа айтқан:
«Беріңдер Күнсұлуды сүйгеніне, Самсыға қор
болмасын жеткіншегім!» деген зары – сол
тұстағы қазақ қыздарының бәрінің де арман-
тілегі еді. Құдандалы жеріне бармай, айттырған
күйеуін сүймей өз сүйгенімен қосылмаққа ниет
ектені үшін таяққа жығылған Айсұлу басындағы
хал – сол тұстағы қазақ қыздарының ортақ
қасіреті. Автор Айсұлуды типтік бейнеге
көтеріп, оның бойына сол тұстағы қазақ
қыздарына ортақ іс-әрекеттерді жинақтады.
Оның басындағы трагедия – қазақ халқының
трагедиясы еді.
Шығыс классиктері Физули, Низами,
Науаилардың поэзиясымен сусындаған ақын
«Ләйлі – Мәжнүнде» олардың өзімен сайысқа
түскендей әсер береді. Бұл – Физулидің «Ләйлі
– Мәжнүн» дастанын еркін аударып, төл
шығармадай етіп жырланған туынды. Ләйлі мен
Мәжнүн арасындағы ыстық сезім мен кіршіксіз
махаббатты жете жырлаған ақын олардың ішкі
жан дүниесіне үңілуде жетістікке жетті. Негізгі
кейіпкерлердің бейнесін сомдауда олардың сезім
күйлері де ашыла түсті.
Лермонтов,
Некрасо в,
Толстой
шығармаларымен
жете
таныс
ақын
А.С.Пушкиннің «Дубровский» романы мен
«Боран» атты повесін өлеңмен тәржімалап,
Л.Н.Толстойдың «Ассирийсий царь Асархадон»,
«Три вопроса» атты әңгімелерін «Асархадон
патша», «Үш сауал» деп аударып қазақ
оқырманымен таныстырды.
«Бәйшешек бақшасы», «Кейде күлкілі
сөзден де тәлім алуға болады», «Өзімшілдік»,
«Әділ – Мария», «Шын бақыттың айнасы»,
«Мәнді сөздер» деген қара сөздер мен прозалық
туындылар жазды. Қара сөзбен жазылған бұл
туындылар – сол тұстағы қазақ прозасына
қо сылған
бірден-бір
үле с.
Аталған
шығармалардың негізгі кейіпкерлерінің
монологы мен диологынан авторлық ұстанымды
байқауға болады. Оларға негізінен автордың
өмір
жайындағы
толғаныстары
мен
философиялық толғамдары негіз болған.
Шәкәрім
Құдайбердіұлы
қазақ
по эзиясындағы өзіне дейінгі қалыптасқан
дәстүрді жалғастыра отырып, оны мазмұн мен
түр жағынан байытты. Оның шағын
лирикалары мен дастандары, прозасы мен
аудармасы – ХХ ғасыр басындағы қазақ
әдебиетінің бірден-бір табысы. Сондықтан да
бұл мұралардың қазақ халқымен бірге мәңгі
жасайтыны анық.
Достарыңызбен бөлісу: |