2013 №4 (21)
бір қарағанда оқиғаның баяу дамығанын аңғару
қиын емес. Ағыл-тегіл баяндау, асқақ
романтизм, асқан оптимизм байқала бермейді.
Немесе көсемсіп, әйтпесе шешенсіп, айрықша
философияға соғып отырған қаламгерді де
көрмейміз. Сюжет баяу, бірқалыпты дамиды.
Көркемдік шешім, шарықтау шегіне жеткен
тұста ғана авторлық идеяны шым-шымдап
сезіне бастайсың.
Адамдар арасындағы шым-шытырық
қарым-қатынастан туындайтын шығарманың
оқылымын қамтамасыз ету оңай емес.
Жазушының композиция құрудағы, сюжет
түзудегі шеберлігі осы тұста көрінеді. «Қамар
сұлу» романында шым-шытырық оқиғалар жоқ,
алайда шырғалаң оқиғалы туындыдан кем
түспейді.
Шытырман
ойлы
желісіне
қызығушылық адам бойындағы білмекке
құмарлық сезіміне құрылған.
Жазушының тым көп сөзділікке ұрынбай,
қарапайым тілмен авторлық баяндау арқылы
шығарманың
тақырыптық-идеялық
ерекшелігін, проблематикасын көп реттерде
үзіндімен беруін байқауға болады. Бұл
ерекшелік әрі көркемдік шешім, әрі авторлық
концепцияның жүгін атқарып тұрады.
«Қамар сұлу» романының кейіпкерлері
шығарманың
сюжеттік-композициялық
құрылымына тиімді ене алған. Әдеби шегініс
аясындағы немесе осы уақыттағы оқиғада
сюжеттің басталуы, байланысы, шарықтау шегі
және көркемдік шешімі бар. Әрбір оқиға бір
қарағанда дербес, өз алдына жеке тұрған сияқты
болып көрінетіні рас. Алайда бәрінің де
сюжеттік арнадағы негізгі өзекке арқау болып,
соған қызмет етіп тұрғанын байқау қиын емес.
Романда негізгі оқиға Қамардың өмірімен
байланысты.
Бірақ
автор
сюжеттік-
композициялық құрылымды шебер үйлестіре
алғандықтан, әрбір оқиға танымдық,
тағылымдық өре – деңгейі жағынан тиісті
нәтижеге ие болған. Әртүрлі жағдайларда
характерлердің типтену қағидаларын сюжет
десек, С.Торайғыров шығармаларына қызықты,
оқырманды ынтықтырып отыратын сюжет тән.
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар
сұлу» романын мазмұн және пішін тұрғысынан
сөз етсек, кезінде сүйсініп оқитын тақырып –
кешегі алмағайып замандағы әйел теңсіздігі,
қазақ қыздарының бас бостандығы алу кезіндегі
аласапыран оқиғалар шығарма арқауына өзек
болып тартылған да, Қалтан, Оспан, Ахмет,
Жорға Нұрым, Жәуке, Қасендер басындағы
жайттар, бірде баяу, бірде ширыға дамыған
сюжеттік желілер шығарманың пішінін
айқындап тұр.
Жалпы алғанда, жазушының аталмыш
туындысында аса өткір сюжет, тосын, асқынған
жайттар сирек кезде седі. «Қамар сұлу»
романында да айрықша эмоция тудырмай-ақ
баяндалатын жайттар көп. Оқиға өтер ортаны
суреттеуде де, яғни экспозициялық құрылымда
да бірқалыпты, баяу баяндау орын алып
отырады. «Сол кезде аса жақын болмаса да,
Омарларға үш-төрт атадан барып қосылатын
Сарбас деген ауылда Жәуке деген кісінің оқу
соңында жүрген жиырма бір жаста Ахмет есімді
бір жақсы, зерек баласы бар еді» [1].
Романдағы
қаһармандарға
автор
тарапынан мінездеме беру, қандай да болсын
сипаттама жасау С.Торайғыровқа тән емес. Әр
қаһарман өзінің сөйлеген сөзімен, іс-әрекетімен
характерін аша білген. Түрлі диалог арқылы әр
образдардың мінезін ғана емес, сюжетке тән
нәрсе – тартысты да байқауға болады.
С.Торайғыровтың «Қамар сұлу» романын оқи
отырып, оның үлкен парасат иесі екендігін
байқаймыз.
Романдағы сюжеттік байланыс, сюжеттік
даму, сюжеттік тартыс, негізінен алғанда,
әлеуметтік жіктердің арасында өтеді. Жазушы
әңгімелерінің сюжеттік желісінде белгілі бір
көркем заңдылық, ұқсастық пен ортақтастық
бар. Егер әдеби стильді арнайы түрде зерттеуші
Р.Р. Гельгардтың: «Стиль дегеніміз – белгілі бір
көркем мақсатқа бағындырылған және көркем
формаларда көрініс тапқан құралдардың
жүйесі» [2,163], – дегеніне ден қойсақ, онда
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың «Қамар сұлу»
романындағы көркемдік құралдардың бірі –
шығарманың сюжеті дер едік. Өйткені,
шығармада көрініс т апқан оқиғалардың,
құбылыстардың ұйымдастырылуы, яғни
сюжетте автордың қолтаңбасы айқын
аңғарылады. Сондай-ақ, сюжеттің құрылымы –
ондағы
образдардың
орналасуы
мен
94
2013 №4 (21)
МҮШЕЛТОЙ
бейнеленуіне де әсер етеді. Сол себепті де
«Стиль теориясы» атты белгілі еңбектің авторы
А.Н. Соколов: «Образдар жүйесін құрудағы
сюжеттің маңызды орны стильдік фактор
ретінде үлкен орынға ие» [3, с. 170], – деп
жазады.
Сұлтанмахмұт Торайғыров өзінің «Қамар
сұлу» романын оның бас кейіпкері Қамардың
өлуімен аяқтайды. Содан оның романындағы
бірқат ар негізгі о қиғалар мен тартыст ар
жасанды, нанымсыз; ескілік күшті, басым;
ұнамсыз кейіпкерлері анық, жігерлі болып
шыққан да, ұнамды кейіпкерлері біраз ынжық,
әлсіз болып шыққан.
Мұнан Сұлтанмахмұт бұл романында
қазақ қауымы тұрмысындағы жаңаны көрмей,
тек ескіні ғана көрген екен деп қорытынды
жасауға болмайды. Жазушы романында ескіні,
ескілік өкілдерін баса суреттеумен бірге жаңаны
да, жаңашыл адамдарды да көре білді. Оның
«Қамар
сұлу»
романындағы
ұнамды
кейіпкерлері: Қамар, Ахмет, Омар, Хасен – бәрі
де көзі ашық, ақылды, ұстамды, ескілікке қарсы
жандар, сол кездегі қазақ ауылындағы жаңашыл
адамдар.
Мәселен, автордың айтуынша, Қамар сұлу
болу үстіне, ақылды, алды-артын ойлайтын
пайымды, ұстамды, аздап оқыған, сөзге ұста,
ақындығы да бар қыз. Сол сипаттарымен ол
көзге түседі, ауызға ілінеді; ел ішіне оның жақсы
атағы жайылады: «ол сұлу Қамар, ақылды
Қамар, ақын Қамар» аталады. Оны ата-аналар
қызға үлгі етеді.
Сол сияқты, Ахмет те оқыған, зерек,
ақылды, ел аузына ерте ілінген жігіт. «... Ахмет
ақыл-о й зеректігі
үстіне, сұңқардың
баласындай, бітімі жақсы, көзге түсерлік көркі
де бар, сөзге шешен, ақын, жарып салма өткір
еді. Жұрт жиналған мерекелі жерде өлең, ойын
жөнінен де, газет – журнал, кітап оқып, насихат
айту жөнінен де, ең арты, біреуді сықақтаған әзіл
жөнінен де бас бәйгі Ахметтікі еді. Тартынбай,
тамылжыта сөйлеген сөзімен үлкен кішілердің
аузынан суын ағызып, көңілдеріндегі уын
шығара айтушы еді. Соның үшін де елдің
атқамінер, ақсақалдары: « Оқыды деп Жәукенің
баласын айт дер еді. Қамарды қызға үлгі
қылатыны сықылды бозбалаға Ахметті үлгі
қылып тұрушы еді.....» [1].
Осындай зерек, ақылды, оқыған,
пайымды, ұстамды болғандығынан олар – Қамар
мен Ахмет – өздерінің жайын айқын аңғарады;
екеуінің екі тап өкілі екенін: бірі байдың қызы,
екіншісі кедейдің баласы екенін, бірін бірі
қанша сүйсе де екеуінің қосыла алмайтындарын,
қосылуларына үстемтап, ескілік заңы жол
бермейтінін әбден біледі.
Бірақ ол ақылдылардың ескі тәртіпке, әдет
заңына қарсы тұруға болатынына, күресіп,
оларды жеңіп, еркіндік, теңдік алуға
болатынына, сол жолда өздерінің табанды,
құлшынып күресу керек екеніне әуелде
ақылдары жетпейді, батылдары бармайды;
екеуіміз ғашықпыз, теңбіз, қосылуға лайықпыз,
тек қосыла алмаймыз, ескілік, әдет заңы жол
бермейді деп, аh ұрып, тек отырады.
Кейін жазушы оқуға кетті деп, Ахметті
оқиғаға араластырмай қояды. Романның ең
ақырында, Қамар өлген соң оқудан оралып,
кенет Нұрымды пышақ салып өлтіргеннен басқа
Ахмет ешқандай іс-әрекет көрсетпейді. Ол
біліміне, ақылына сай жігерлі, пайымды,
қайраткер кейіпкер болып шықпаған.
Рас, кейін Қамар Нұрымға бармау үшін
біраз әрекет істейді; жұрт күштеп берген соң
онымен бірге тұрмауға тырысады. Ескілік
заңына, дін шариғат жолына көнбейді; би-
болыстарға, бақсы, тәуіп, моллаларға қарсы
тұрады. Сөзбен, көз жасымен болса да, өзінің
еркі, тағдыры үшін күресті, өзінің өлімімен де
ескілікке, дін-шариғатқа наразылық, қарсылық
көрсетті.
Бірақ мұның бәрі: Ахметтің Нұрымды
пышақ салып өлтіруі де, Қамардың қарысып,
өзін өзі қазаға душар етуі де білімді, ақылды,
жігерлі кейіпкерлердің саналы түрде, ақыл
оймен істеген әрекеттері емес, шарасыздан
істелген іс, әлсіз күрес.
Жазушы баста Қамардың әкесі Омарды да,
ағасы Хасенді де көзі, көңілі ашық, ақылды,
жігерлі адамдар етіп, екеуін де Қамарды
Нұрымға беруге қарсы етіп суреттейді. Мысалы,
Оспан мен Қалтаң Қамарды Нұрымға беру керек
дегенде, Омар шошып кетеді, жігерлі, ашулы
сөздер айтып қарсы тұрады.
«... Сыпыра бұзылған иттер, дендерің сау
95
ма? Мәжнүн болмасаңдар, қаражүрек
болмасаңдар....ұялмай-қызармай, періштедей,
қарашығымды төрт аяқты малдан жаман,
дөңкиген жауызға ұйғардық деп не беттеріңмен
айтып отырсыңдар? Түсіне кірсе қорқатын
қоянға Қамарды барады, мені береді деп
ойладыңдар ма? Қысқасы, мойныма қапшық
салып, қайыр тілеп күн көрсем де, Қамарды оған
беріп, жылата алмаймын» [1] - дейді ол.
Бірақ, артынша, неліктен екені белгісіз,
Омар ол бетінен, ол сөзінен қайтып қалады.
Нұрымның,
Оспан,
Қалтаңдардың
айтқандарына көніп, айдауларына жүре береді.
Қамарды Нұрымға береді. Қамар мен Ахметтің
ақылды, оқыған, жігерлі, шешен, ақын бола
тұрып, бәрін біліп, түсініп отырып ескі тәртіпке,
әдет заңына қарсы күресуге оларды бұзуға
ақылы жетпеуі, батылы бармауы нанымсыз.
Олардың не ақылды, жігерлі, оқыған болулары
бекер де, не өздерінің тағдыры, еркіндік, теңдігі
үшін баста, кезінде күреспеулері бекер. Олар
ақылды, жігерлі болған соң өздерінің тағдыры,
еркіндік-теңдігі үшін күресу керек еді. Бірақ іс
жүзінде олай болмай шыққан.
Сондай-ақ, Омардың Нұрымды сонша жек
көріп, әшкерелеп, балағаттай отырып, Қамарды
оған беруге сонша қарсы болып, жігерлі, ашулы
сөздер айтып отырып, лезде жуасығаны
Нұрымның айқанына көніп, айдауына жүргені
нанымсыз,
Омар
Нұрымды,
Оспан,
Қалтаңдарды соншалық балағаттауға Қамарды
Нұрымға беруге соншалық қарсы тұруға тиіс
емес еді. Ал, балағаттаған соң, қарсы тұрған соң,
олардың айтқанына көнбеуге тиіс еді.
Қорыта айтқанда, жазушы ұнамды
кейіпкерлерін баста ақылды, жігерлі адамдар
етіп суреттеп, кейін тез, ешбір дәлелсіз
божырайтып жібереді, тіпті ынжық етіп
шығарады.
«Сұлтанмахмұттың «Қамар сұлу»
романынан гөрі «Кім жазықты?» романы
бірсыпыра жақсы шыққан. «Қамар сұлуда»
жазушы өмірді кең қамтымаған, әйел еркіндігі
мәселесі төңірегінен ұзап шыға алмаған. Ал
«Кім жазықты?» романында ол өмірді кең
қамтиды, бірқатар күрделі әлеуметтік
мәс елелерді қозғайды; романның оқиға,
тартыстары дәлелді, нанымды, кейіпкерлері
анық, жігерлі, әрекетшіл адамдар болып келеді»
[4, 185 б.].
С.Торайғыровтың
«Қамар
сұлу»
романының тілінде әдебиет теориясындағы
көркемдегіш құралдар сөз ретінде өте орынды
қолданған. Қаламгер тілі оқырманына жеңіл,
түсінікті болғанымен, онда терең ой мен мазмұн
жатыр. Әр сөз сөйлемнің негізгі мазмұнын
жеткізуде үлкен орын алады, сөйлемдерінде
терең философиялық астарлар кездесіп жатады.
С.Торайғыров поэтикасының мәнді бөлшегі
іспетті теңеу, әсіресе оның 1910-1914 жылдарда
жазған шығармаларында көптеп ұшырайды.
Аталмыш романдағы ақынның теңеулері де
халық тіршілігімен, тұрмыс қалпымен тығыз
байланыста. Ақын теңеулерінің бірсыпырасы
адамның портретін беруге қатысты жасалған:
«алмас қылыш жүзіндей аударылған»,
«Ахметтің ақыл, ой, зеректігінің үстіне
сұңқардың баласындай бітімі жақсы, көзге
түсерлік көркі де бар, сөзге шешен, ойдан
шығарғыш ақын, жарып салма өткір еді»,
«біреуге Аплатондай білім беріп». Қаламгер
айтар ойын айналасындағы шындыққа балау
нәтижесінде әсерлі суреттер бере білген.
Сондай-ақ эпитеттердің көптігі көзге бұрын
шалынады. Мысалы: «Таңқы мұрын, быртиған,
қара бұжыр...», «көзі көк, шолақ иек, қадау
сақал...», «нұрлы жүз жан-жағына сәуле
шашып», «мен көрдім қызыл гүлді түсі
кеткен...». Мұндағы эпитеттер бірде реңк түсті
(қара, көк, қызыл), сондай-ақ адамның кескін-
келбетін (таңқы мұрын, қадау сақал) айқындауға
қызмет еткен, шығарманың бояуын аша түскен.
Қаламгердің
шығармаларындағы
төмендегідей ерекшеліктерді атап өтсек болады:
Біріншіден, қаламгер халқымыздың салт-
дәстүрін, әдет-ғұрпын өз шығармаларында
шебер жанастыра білген. Мәселен, «Қамар сұлу»
романындағы Жорға Нұрымның Қамарды
ат астырып, қалың малын беруі, келген
құдаларға киіт кигізуі, жар-жар айту, ілу,
жыртыс, кәде тәрізді салт-дәстүрлер, Қамардың
некесін қиюы, Қамарды ауруынан сауықтыру
үшін қожа, молдаға үшкіртуі секілді қазақтың
салт-дәстүрлері кездеседі.
Екіншіден, қаламгер халық ауыз әдебиеті
жанрындағы мақал-мәтелдерді де керегінше
2013 №4 (21)
МҮШЕЛТОЙ
96
қолданған. Сұлтанмахмұт қазақ халқының ауыз
әдебиетін, әсіресе мақал-мәтелдерді өте жоғары
бағалаған:
Тілімде әдебиет жаныма азық,
Ән болардай көңілге наным, қазық,
Терең ойлар, дүниеге қарастар бар,
Кәнекей сынап, байқап, тапшы жазық? –
дейді.
Осыдан да болуға тиіс, Сұлтанмахмұт өз
шығармаларында қазақ тіліндегі ғасырлар бойы
жасалған сөз өрнектерін, халықтың мақал-
мәтелдерін, ақындардың шешен, кесек, өлең
сөздерін
өте
көп
пайдаланған.
Сұлтанмахмұттанушы ғалым А. Еспенбетов:
«Сүйемін туған тілді – анам тілін!» деп
ешкімнен тайсалмай, күрделі дәуірдің икемінде
кетпей бағдарламалық ұстанымын ашық
жариялаған қаламгердің шығармаларында ақыл-
нақылдық сипатымен мақал-мәтел болуға
сұранып тұрған жолдар баршылық» [5, 119 б.]-
деп өз зерттеуінде тұщымды байлау жасайды.
«Қамар сұлу» - қазақтың жазба
әдебиетіндегі алғашқы романдардың қатарына
қосылатындықтан, Сұлтанмахмұт мұнда елеулі
прозалық шығарма жасауға талаптанады. Бірақ
ақын әдебиетте қалыптасқан поэзия дәстүрінің
шеңберінен шыға алмайды. Роман проза мен
поэзияның араласуы түрінде жазылған. Онда
әсіресе кейіпкерлерді мінездеу, портрет жасау,
қатысушылардың біріне-бірінің айтар сыр-
ықыласы, көңіл күйі өлең түрінде беріледі.
Қамар мен Ахметтің сырласуын, Нұрымға деген
көзқарасын, ойын түгел өлеңмен жеткізеді.
Қамардың өлер алдындағы қоштасу сөзі де,
молдамен айтысы, бақсы-ишан сарындары - бәрі
де өлеңмен айтылады. Бұл, бір жағынан,
қалыптасып қалған халықтық поэзия дәстүрінің
ырқы болса, екінші жағынан романдағы ауыз
әдебиетінің әсерін де байқатады.
Сұлтанмахмұт реализмінің күші оның
өткір сыншылдығында. Ол өз заманының
ұнамсыз қылықт арын аяусыз шенеп,
оқырманын одан жиренте, безіндіре суреттейді.
Жорға Нұрым мен оның айналасындағы топқа
жазушының көзқарасы мұны анық байқатса,
оның ұнамды кейіпкерлері оларға барлық
жағынан (ақыл-ой, портрет, сезім, т.б.) қарама-
қарсы бейнеде жасалады.
Сол арқылы Сұлтанмахмұт бір жерге
сиыса алмайтын екі жүйелі топтың
қайшылығын, ымыраға келмейтін күресін
бейнелейді. Қамар мен Нұрым тойында Ахмет
айтқан «Жар-жарда» бұл идея жұмбақтап
беріледі.
Қарт қара құс сұқсырға
Қалайша тең, зар-зар!
...Бірің - күн де, бірің – түн
Бір кемеге салса да,
Сиысу жоқ, зар-зар! [14].
Сұлтанмахмұт мұндай тойдың зарлы
күйін таныту үшін «Жар-жар»-орнына «Зар-зар»
айтқызады.
Қоғамдық құбылыстарды,
кейіпкерлер бейнелерін салыстыра суреттеу
негізінде ұнамды-ұнамсыз шындықтың қарама-
қарсылығын таныту оның жазушылық, ақындық
стилінің елеулі көрінісі болып табылады.
Жазушы про зада да ақындық үлгіні
сақтайды. Ол қарасөздің өзін желдірмелетіп,
ырғақты әуенге құрады. «Ахметті сүйемін-ақ,
Сүйгенім үшін осынша күйемін-ақ (Қамардың
сөзінен), «Ұрынуға қара таба алмай, ермек
қылуға жара таба алмай» (қалың топты
суреттеуден), «қолынан ұры кетпеген, бір
жақсылық етпеген, жамандықтан басқаны
сүймеген», «надан, пішіні де жаман... ішпей мас,
әрі нас, елу шамасында жасы бар, қойсақтардың
басындай басы бар» (Нұрым портретінен), т.б.
Міне, о сы тәрізді әдеттегі прозадан
өзгеше, ырғақты құрылған сөйлемдер де
автордың ақындық қабілетінің молдығының
белгісі. Ең әуелі суреткерге тән негізгі қасиет
кейіпкер психологиясын ашудағы сәтті
ізденістері еді. Ол сомдаған кейіпкерлер
шынайылығымен, ұлттық характерлерге тән
мінез-құлықтарымен, даралануымен де құнды.
Қорыта айтқанда, «Қамар сұлу» романы -
ескі қазақ қоғамының көптеген шындығын
таныта алатын, өз дәуірінің көкейке сті
мәселелерінің бірі – әйелдердің бас еркіндігі
жағдайын барынша батыл көтерген, қалыңмал
алу, құдандалық рәсімдердің сорақы түрлерін
әшкерелеген, танымдық мәні бар туынды.
2013 №4 (21)
МҮШЕЛТОЙ
97
Әдебиет
1 Сұлтанмахмұт Торайғыров. Екі томдық
шығармалар жинағы. 1 том. - Алматы, 1993. –
453 б.
2 Гельгард Р.Р. Лики слова. – Алматы:
Білім, 1996. – 272 с.
3 Соколов А.Н. Теория стиля. – Москва, -
1995. – 359 с.
4 Бисенгали З.К. Казахская проза ХХ века:
Учебно е по собие. – Алматы: Қазақ
университеті, 2000. – 220 с.
5
Еспенбетов
А.
Сұлтанмахмұт
Торайғыров. – Алматы: Ғылым, 1992. – 200 с.
Resume
Резюме
2013 №4 (21)
МҮШЕЛТОЙ
Автор в статье поднимает вопрос о стилистических особенностях в романе «Камар сулу»
Султанмахмута Торайгырова.
Author of the article raises the question of stylistic features in the novel "Kamar Sulu" Sultanmakhmut
Torajgyrov's.
98
«ШӘКӘРІМ» ЖУРНАЛЫ
____________________________________________________
Мекенжайы: Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы. Семей қаласының Шәкәрім атындағы
мемлекеттік университеті, «Шәкәрімтану» ғылыми-зерттеу орталығы. Глинка көшесі, №20а.
Бас ғимарат, 209 бөлме. Байланыс телефоны:
8 (7222) 35 48 52;
Е-mail: shakarimtanu.semey@mail.ru
Компьютерде беттеген: Болесова А.Е.
Корректоры: Жарылғасынұлы М.
Беттеуге тапсырылған күні - 23.12.2013 ж. Басуға қол қойылған күні - 30.12.2013 ж.
Форматы - 60х84 1/8. Таралымы 500 дана. Бағасы келісімді.
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің
баспаханасында басылды
Достарыңызбен бөлісу: |