2013 №4 (21)
34
келтіреді, қорытындысын анықтайды. Араб,
орыс терминдерін міндетті түрде қазақ тіліне
аударады, дербес терминдер ұсынып, қазақ
тіліндегі философиялық категориялар, атаулар
негізін қалайды.
Екі ойшылды қызықтырған жан мәселесі.
Табиғат өлсе де жан өлмес деген Абайдың
пікірін
Шәкәрім
түрлендіреді.
Оның
пайымдауынша, дүниедегі барша нәрсенің жаны
бар, жан өлмейді, өзгереді, өзгерген сайын өседі,
жоғарылайды: сезімді жан (инстинкт), аңғарлық
жан (сознание), ойлайтын жан (мысль), ақылды
жан (ум).
Жан мәселесін зерттегенде Шәкәрімнің
буддизм қағидаларымен таныс болғаны
шығармаларынан
белгілі.
Кәкітайдың
айтуынша, Абай буддизм негіздерін зерттеп
үлгермедім деп өкінген екен. Абай мен Шәкәрім
екеуіне ортақ ой – діндердің бәрі шатақ, екеуі
де соқыр дінге, жұртты жеген молдаларға қарсы
шыққан. Бірақ екеуі де негізгі діни қағидаларды
жоғары рухани-құлықтық (моральдық)
қағидалар деп түсіндірген.
Қазақ поэзиясының асқар шыңы Абай
қалдырған
шығармашылық
дәстүрді
жалғастыра отырып, өз жаңалықтарымен
байыта өрнектеген Шәкәрім Құдайбердіұлының
көркем мұрасы төл әдебиетіміздің асыл
қазынасы іспетті.
Ақын қазынасы көптеген өлеңдер мен
поэмалардан, мысалдар мен нақылсөздерден,
әңгімелер мен философиялық толғаулардың
негізінде құралғанын білеміз. Оның қай
туындысын алып қарасақ та жаңа лебімен, сазды
үнімен,
ойлылығымен,
сұлулығымен
ерекшеленіп, оқырманды баурай түсетіні анық.
Шәкәрімнің танымдық әлеміне Абай мұрасы
арқылы кіру – ұтымды боларына айрықша ден
қою керек, өйткені бұл жол - жантану ілімін
танып білуде адастырмас темірқазығымыз.
Екі ой алыбы өз туындыларында қазақтың
қоғамдық ой санасындағы шешуші әрі күрделі
фило софиялық тақырыпты көтеріп, оның
өзегіне айналған жантану ілімін танып білу
жолында толассыз ізденіске түскен.
Алдымен, Абай өз поэзиясында 1889
жылдан өмірінің соңына дейін түп иені танып
білу жолында жүрек культін көтере жырлау
арқылы толық адам ілімінің негізін салуға батыл
қадам жасауға ұмтылды. Бұл ұмтылысты
Шәкәрім дәстүрді жалғастыра дамыту арқылы
XІX ғасыр аяғы мен XX ғасыр басындағы
әдебиетте
фило софиялық
лириканы
классикалық биік деңгейге көтере білді.
Ұстазы хакім Абай мен шәкірті Шәкәрім
түп иені (хақиқатты) танып білуге жантану ілімі
арқылы бару жолын ұстанды. Әсіресе, бұл өте
күрделі, шешуі қиын мәселені Шәкәрім XX
ғасырдың басындағы қазақ әдебиетінің ояну
дәуірінде мүлде тереңдей зерттеп, соны танып,
тың ойлар желісін т артты. Әрі о ны
философиялық лирика табиғатына сай молынан
қамтып, зерттеп терең мән бере қарады.
Анығына келсек, Абай мен Шәкәрімдегі
философиялық лириканың өзекті тақырыбына
айналып отырған аса күрделі де ұғынуы қиын
ғарыштық танымдағы жантану ілімі туралы
мәселе таза ақыл қуатымен танып жырланған
өзіндік қайталанбас терең сыры бар тылсым
құбылысқа айналды.
XІX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың
басында ағайынды ой алыбы Абай мен
Шәкәрімнің ғарыштық тылсым сырға толы
жантану ілімін фило софиялық лирика
жанрының өзекті тақырыбына айналдырып,
соны ой, тың таныммен жырлау деңгейіне сол
тұстағы батыс пен шығыс ақындарының қолы
жете бермеуі де көп нәрсенің сырын аңғартады.
Қазақ
по эзиясындағы
фило со фиялық
лириканың сапалық деңгейі мен идеялық
өрісінің шарықтау шегін танытатын осы бірегей
рухани құбылыстың тетігі жантану ілімімен
ұштасуында жатса керек.
Екі ой алыбының адамшылық немесе
іштей рухани жағынан толысып жан
тазалығымен тазару, толығу жолындағы
жантану ілімінің негізін салуы – біздерді іргелі
ғылыми ізденістер жасауға міндеттейді.
Қазақ по эзиясының биік беле ске
көтерілуіне, әдеби тілдің ауқымының кеңеюіне
Абай шығармашылығығының үлкен үлес
қосқаны анық. Шәкәрім де Абайдан соңғы
қазақтың ең көрнекті тұлғаларының бірі. Абай
мен Шәкәрімнің мол әдеби мұрасынан өзгеше
мәдениет, кең өріс, бедерлі өрнек танимыз. Қос
ақынның
өлеңдерінде,
по эмаларында,
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №4 (21)
35
философиялық ой-толғауларында бір пендеге
ғана емес, бүкіл адамзатқа тән сырлы мұң
жатыр. Бұл - өлең өрісін, өнер көкжиегін
айқындайтын биік меже. Біздің туған тілімізде,
ұлттық әдебиетімізде Абайдан соң ғана мүмкін
болған биік жетістік. Шәкәрім - Абайдан соңғы
ең танымал есім, ең көрнекті тұлға. Сондықтан
да қос алыптың шалқар дүниетанымы, нұрлы
жаны, талантты тебіренісі, өзгеше бітімі, биік
мақсұты, ақыл-ой тереңдігі қазақ халқының
арымайтын рухани биігі болып қала бермек.
Әдебиет
1 Әбдіғазиев Б. Асыл арна. – Алматы:
Қазақ унивеситеті, 1992. – 128 б.
2 Мырзахметов М. Абай жүрген ізбенен. -
Алматы: Қазақстан, 1985
3 // «Абай» журналы № 1-2, 1995
4 Мырзахмет М. Абайтану тарихы. –
Алматы: Ана тілі, 1994.- 192 б.
5
Құдайбердіұлы
Ш.
Шаһкәрім
шығармаларының үш томдық жинағы. –
Алматы: Халықаралық Абай клубы, 2008
6 «Мұтылғанның» тағдыры (Құраст. -
Ж.Әубәкір).– Семей: Абайдың мемлекеттік
қорық-мұражайы, 2011.- 267 б.
7
Шәкәрім
шығармашылығының
дәстүрлік және көркемдік негіздері. – Алматы:
Кенже-пресс, 2000. – 214 б.
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №4 (21)
Resume
Резюме
В статье рассматривается созвучие гуманистических воззрений Абая и Шакарима,
продолжение Шакаримом абаевской традиции в казахской поэзии.
The article discusses the views of humanistic harmony Abai's and Shakarim's, continuation
Shakarim's of Abai Kazakh tradition in poetry.
36
АЛАШТАНУ
Д. ТОҚҚАРАҰЛЫ, ҚР Журналисттер одағының мүшесі, ҚР Халық
ағарту ісінің озық қызметкері, КСРО Халық ағарту ісінің озаты
ЗОРЛЫҚ ЗОБАЛАҢ МЕН ҚУҒЫНДЫҚТЫҢ
ҚҰРБАНЫ БОЛҒАН ШЫҢҒЫСТАУЛЫҚТАР
( ШҚО АБАЙ АУДАНЫ БОЙЫНША)
Қуғын-сүргінге ұшырап, оның құрбандары
туралы айтқанда алдымен мемлекеттік
лауазымды қызмет атқарғандар, әдебиет пен
мәдениеттің ірі өкілдері, қоғам қайраткерлері,
ауылды жерде ел арасында еңбекке араласып,
ақыл парасаттылығымен ерекшеленген
ұлтымыздың айтулы жанашыр, біртуар
азаматтардың есімдері ойға келеді. Олардың
қатарында Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов,
М.Дулатов, М.Жұмабаев, Т.Рысқұлов,
С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин
бейнелері ерекше айшықталады.
Ғұлама ойшыл Шәкәрім Құдайбердіұлы
қуғын-сүргін заманында ұлылықпен ұлтын
ұлықтаған ұлы тұлға репрессия қуғындауының
құрбаны болды.
Қуғын-сүргін
жылдарында
5-7
миллиондай
адам
құрбан
болс а,
тұтқындалғандардың бір миллионнан астамы
ату жазасына кесілген. Бірнеше жүз тұтқынға
арналған Семей түрмесіне 1937 жылы 4000-нан
аса адам қамалып, бірінің үстіне бірі
тығындалған. Осы түрмеде 70 шыңғыстаулық
тұтқын атылған. Соның ішінде Ырғызбай
әулиетінің 10-нан астам адамы болған.
Шыңғыстау ауданынан жазықсыз қуғын -
сүргіннің құрбаны болған және жапа шегіп жер
аударылып өлгендер 3 топқа бөлінеді.
1. Өлім жазасы бойынша атылғандар:
Абайұлы Мекайыл 1884 жылы туған.
1931 жылы тұтқындалып Семей түрмесінде
тобықтының 70 боздағымен бірге атылған.
Құдайбердіұлы Шәкәрім 1858 жылы
туған. 1931жылы 7 ақпанында конфискелеп,
қамауға алынған. Қуғындау тұзағының
бұғауында 1931 жылы қарақшылар тобының
қолынан Бақанаста атып өлтірілген. Денесі
құрқұдықта қалған.
Тоқжігітов Шаймардан 1901 жылы
Шаған болысында туған. 1937 жылы “Халық
жауы” деп атылған.
Үкібаев Қаражан 1870 жылы Шаған
болысында туған. “Ярдамъ” қазақ баспасының
демеушісі болған. “Алаш” партиясына көктөбелі
үйінен орын берген. 1937 жылы Семейдегі ірі
байлардың бірі ретінде мал-мүлкі тәркіленіп,
түрмеге қамалып атылған.
Қозыбағарұлы Ахметжан 1879 жылы
Шыңғыст ауда туған. Алматыда кірпіш
зауытының лаборатория меңгерушісі қызметін
істеп жүрген жерінен тұтқындалған. 1937 жылы
11 қазанда атылған.
Жомартбаев Таир 1884 жылы Мұқыр
ауылында туған. 30 жыл ағарту майданында
еңбек еткен ірі ағартушы, демократ. 1937 жылы
Семейде тұтқындалып атылған.
Наданбаев Тұмабай 1869 жылы
Шыңғыстау ауданында туған. 1937 жылы 24
қаңтарда Алашорда үкіметін құрмақ болған
Ұлттық контрреволюциялық партияның мүшесі
2013 №4 (21)
Мақалада автор қуғын-сүргін жылдарындағы құрбандарға тоқталады. Соның ішінде
Шыңғыстау ауданы бойынша репрессия құрбаны болған ардақты азаматтар турасында сөз
етеді.
Тірек сөздер: Шыңғыстау, репрессия, Ырғызбай әулеті.
ӘОЖ 821.512.122
37
деген айыппен тұтқындалып, ату жазасына
кесілген. Үкім 1937 жылдың 17 тамызында
Семейде орындалып атылған.
Оразбайұлы Медеу 1880 жылы
Шыңғыстаудың Ақтан бұлақ ауылында туған.
Семей түрме сіне қамалып, 1937 жылы
“Түйемойнақ” аралында атылған.
Орынбаев Мұқаш 1900 жылы Семей
облысының Бұғылы болысында малшы
отбасында туған. С емей уездік атқару
комитетінің төрағасы, ҚАССР ішкі істер халық
комиссары, финанс халық комиссары болған.
1937 жылы репрессияға жатып, 1938 жылы
атылған.
2.Қуғындық пен тұтқындық қапасында
өлгендер:
Турағұлұлы Зүбайыр 1933 жылы екі
баласымен Қырғызстанда қуғындықтың
қыспағынан өлген.
Турағұл
Абайұлы
1875
жылы
Шыңғыстауда туған. 1927 жылы тұтқындалып,
Семей түрмесіне қамалып, қуғындау қасіретімен
1934 жылы Шымкентте өлген.
Турағұлұлы Жебрәһил 1903 жылы туған.
1928 жылы қуғынға түсіп институтт ан
шығарылған. 1930 жылы қуғындаудан жапа
шегіп өлген.
Шәкәрімұлы Ғафур 1883 жылы туған.
1931 ж. 1 ақпанда конфискелеп, Семей
түрмесіне жабылған. 5 айдан кейін 6 шілдеде
Семей түрмесінде өзіне-өзі қол жұмсап өлген.
Медеуұлы Санияз Сібірде айдауда
жүргенде өлген.
Ғафурұлы Баязит 1905 жылы туған. 1931
жылы 1 ақпанда конфискелеп, түрмеге жапқан.
1937 жылы Зайсан түрмесінде буынып өлген.
Шәкәрімұлы Зият 1903 жылы туған. 1937
жылы Қытай түрмесінде өлген.
Шәкәрімұлы Қабыш Шыңғыстауда
туған. 1931 жылы Шыңғыстау мен Ақтанбұлақ
ауылы ортасында Қоныс лагерінен аудан
орталығына жете алмай, жолда өлген. Осы
сапарда Шәкәрімнің әйелі Айганша, қызы
Күлзия да құрбан болған.
Қожахафиз (1924 ж.), Қожанияз (1928 ж)
Қабышұлдары Аягөз-Ұржар жолы үстінде
өлген.
Кәкітайұлы Даниял Ысқақов
1887
жылы туған. 1937 жылы тұтқындалып, 1945
жылы айдауда жүргенде өлген.
Алдажаров Әбдіғали 1890 жылы туған,
Абай, Шәкәрім әндерін орындаушы. 1937 жылы
“Халық жауы” деген айыппен сотталып, айдауда
жүргенде өлген.
Аңсабайұлы Құтжан Х1Х ғ. ортасында
Шыңғыстаудың терістігіндегі Ардашиде туған.
Қуғын-сүргін алапатымен Түрікменстанға ауған.
1934 жылы қапалық өмір бұғауында, туған жерге
жете алмай бақилық болған.
Ақпанбаев Құмар 1891 жылы Саржалда
туған. Жалшы колхозының мүшесі болған. 1937
жылы 12 қазанында тұтқындалып, 26
желтоқсанда 10 жылға сотталып, Свердловск
облысының Туринск ауданында 7 мың
тұтқынмен бірге болған. 11 мамыр 1943 жылы
тұтқында қайтыс болған.
Нақымжанов Әмзе 1897 жылы Саржалда
туған. Алаш партиясының кеңсе жұмысын
атқарған. 1934 ж. Қазақстан орман
шаруашылығы халық комиссары болған. 1937
жылы “Халық жауы” деп тұтқындалған. 1942
жылы Сібірде айдауда жүргенде өлген.
Мақұлбаев Жарқынбай 1908 жылы
Саржалда туған. Бестамақ колхозында еңбек
етіп 1942 жылы еңбек армиясына алынған.
Армияда «солдаттар май жемейді, майды
байлар жейді» деген сөзі үшін сотталған, 1943
жылы түрмеде қайтыс болған.
Жомартұлы Әзімбай (1887 ж) және
Әзімжан (1880 ж) Шыңғыстауда, Тоқпанбет
өзені
бойында
туған.
Қуғындалып
Қырғызстанның Фрунзе қаласында өлген.
Әзімжанұлы Нарымбай 1903 жылы
Шыңғыстауда туған. Жамбылдың Меркесінде у
беріп өлтірген.
3. Тұтқын лагерлеріне айдалып хабарсыз
кетіп, оралмағандар:
Қабылбаев Кәкебай 1901 жылы Бестамақ
колхозында туған. Семейде қызмет істеп
жүргенде 1925 жылы “Халық жауы” деп
ұсталып айдалған, содан оралмаған.
Бұланбаев Ғаббас 1884 жылы туған,
Саржалдың Сырғабек колхозында колхозшы
болған. 1937 жылы тұтқындалып айдаудан
оралмаған.
Танабеков Сүлеймен Саржалда туған.
2013 №4 (21)
АЛАШТАНУ
38
1937 жылы тұтқынға алынған, содан оралмаған.
Қоспанов Исабек 1894 жылы Саржалда
туған, Жалшы колхозында істеген. Тұтқыннан
оралмаған.
Рысқұлов Актанчи 1871 жылы туған.
Шыңғыстау ауданы Самай ауыл советінде істеп
жүрген жерінен тұтқындалып Сібірге айдалған,
оралмаған.
Баймұхамбетов Қожамияр 1900 жылы
туған. 1937 жылы Бақанаст а Еңбектен
колхозында тұтқындалып, жер аударылған,
содан оралмаған.
Дадабаев Сүлеймен 1890 жылы
Сарғалдақта туған. Колхоз бастығы, Кеңес
төрағасы болған. “Социализмнің жолы бұлтақ-
бұлтақ” дегені үшін Сібірге айдалып, содан
оралмаған.
4. Ату жазасы мен 25 жыл мерзімге
сотталған, бірақ өзін-өзі ақтауға жетісіп,
«келместің кемесінен» қайтып аман оралғандар.
Байырбеков Ұлықбек 1915 жылы Архат
ауылында туған. Орел-Курск ұрысына қатысқан.
1944-1948 аудандық оқу бөлімінің меңгеруші
қызметінде жүргенде жаламен 25 жылға
сотталған. 6 жыл 4 ай тұтқында болып,1954
жылы 14 қазанда ақталған. Елге оралғаннан
кейін 20 жыл оқу-ағарту саласында қызмет істеп,
мектепте “Тоғыз құмалақ” ойынын үйреткен.
КСРО
география
қо ғамы
филология
секторының корреспондент мүшесі болған ол
“Мамай батыр”, “Сағындым туған елімді”
кітаптарының авторы.
Байзақов Нұрғалы 1917 жылы
Қасқабұлақта туған. Өткен тарихты жетік
білетін әңгімешіл, домбыра шертіп, ән айтатын
серілігі де болған. Абай, Шәкәрім әндерін
нақышына келтіре орындап қана қоймай,
насихатшысы болған. Озық ойлы, білімді азамат
1937 жылы “Халық жауы” деп тұтқындалып
айдалған. 1939 жылы ақталып елге оралып,
1945-1947 жылы Қарауылда мектеп директоры,
Күлмен, Саржал мектептерінде ұстаздық қызмет
атқарған. Балалары Болат, Ермектен өрбіген
ұрпақтары бар.
Ыбыраев Қадыр 1891 жылы Саржал
ауылында туған. Ауылдық совет төрағасы
болған. 1937 жылы “Халық жауы” тізіміне
ілініп, ату жазасына кесілген. Ол 25 жылға
ауыстырылып Колымаға айдалған. Екі жылдан
соң ақталып елге оралған. Қадыр ақсақалдың 4
баласынан 15 немере, 30-дан астам шөбере -
бүгінгі егеменді Қазақстанның өскен өрендері.
Ысқақов
Кәрібай
1891
жылы
Шыңғыстауда туған. 1928-1929 жылдарда
Күлмендегі Мақсұт колхозында бастық болып
тұрғанда “Халық жауы” деген желеумен
тұтқындалып Риддер лагеріне айдалған. Одан
1935 жылы ақталып келген. Балалары Ғазиз
(1936) медицина ғылымының кандидаты, Советі
(1938) ақын, Шыңғысы (1942) дәрігер.
Атымтаев
Ораз
1908
жылы
Шыңғыстауда туған. Көкбай медресесінде оқып,
Семей қаласында бастауыш білім алған. Есеп
қызметкері оқуын бітірген. Орысша сауатты ол
аудандық Жер бөлімін басқарған. 1937 жылы
«халық жауы» деген жаламен тұтқындалып, ату
жазасына кесілгенде сот үкіміне наразылық
бідірген. 48 сағат ішінде КСРО Жоғарғы
Кеңесіне жеделхат жолдап, өзін - өзі ақтап алған.
Сақалұлы Исатай 1905 ж. туған.
Құндыздыда алғаш мойынсерік ұйымдастырып,
колхоз басқарған. Ортаға сиырын, атын
арбасымен өткізген. Төраға болып тұрғанда
«ортаның дәулетіне қол сұқты» деген жаламен
тұтқындалып, 1932 жылы Сібірге айдалған.
Тұтқындықтың ауыр азабынан ақталып елге
оралып, Жаңа-талап колхозын басқарады. Ол
ақталып келгеннен кейін туған баласы
Мұратқали партком хатшысы, совхоз директоры
болса, Мейрамғалиы мәдениет қызметкері
болып, қоғамның әлеуметтік саласына үлкен
үлес қосқан азаматтар болған.
Байжанов
Жақия
1907
жылы
Шыңғыстың Борлы қыстауында туған.
Бақанаста «Таң» колхозын ұйымдастырады.
Соқаға жегуге өзінің биесін ортаға береді. «Таң»
колхозына бастық болып жүргенде жаламен
1939 жылы сотталып, айдаудан хабарсыз кеткен.
Бердин Есентай 1894 жылы Мұқыр
болсында туған. Көкбай медресесінен сауат
ашып, Семейдегі орыс бастауыш мектебін
бітірген. Еңбек жолын ұстаздықтан бастаған.
1923 жылы «Жастарға тағылым» өлеңдер
жинағы шығып, 1932 жылы «Әдебиет» газетін
шығаруға ат салысқан. Қазақ Ғылым
академиясының корресподенті Е. Бердинді 1937
2013 №4 (21)
АЛАШТАНУ
39
жылы «халық жауы» деп 58 – статьямен 10
жылға, 1949 жылы екінші рет 10 жылға
сотталған. Қуғындықтың зардабынан 1967
жылы бақилық болған. «Қыз Жәкен», «Екі
ойшыл», «Қанды кек» поэмалары мен «Тайыр
Жомартбаевтың әдеби мұрасы» атты повесі -
ақынның өлмес мұрасы ғана емес, қасіретті
заманның өшпес айнасы.
Resume
Резюме
2013 №4 (21)
АЛАШТАНУ
The author analyzes one of the saddest chapters in the history of Kazakhstan as a mass political
repressions.
В статье автор анализирует одну из самых печальных страниц в истории Казахстана, как
массовые политические репресии.
40
УДК 94.000.32(574)
РАЙЫМЖАН МАРСЕКОВ – ЕГО СЛЕД В ИСТОРИИ НАРОДА
В статье рассказываеться о Райымжане Марсекове, о его вкладе в Алаш орду, и в саму
историю Казахстана.
Ключевые слова: Алаш-орда, партия, власть, народ.
Поскольку связь с "Алаш-Ордой" была
одним из стандартных обвинений сталинского
режима против интеллектуальной элиты
казахско го народа е сть необходимо сть в
пояснениях. Исторический термин "Алаш" был
общим именем для тех древних родов, которые
впоследствии получили этноним "Казах". Этим
именем названа была партия, образованная по
инициативе видного казахского политического
деятеля Алихана Букейханова и ставившая себе
целью достижение независимости казахов на
уровне автономии в рамках России. В основе
программы партии "Алаш" было провозглашено
первое самостоятельное государство в 1918 году,
которое вначале ввиду имперской политики
большевико в во шло с ними в конфликт.
Достигнутый между большевиками и "Алаш-
ордой" компромисс был большевиками попран
впо следствии, а лозунг "алаш-ординец-
националист, враг народа" стал о сновой
тотальных репрессий против тех, кто составлял
"мозг нации".
"Аристократии духа" рекрутировалась в
период с 1905 по 1920 гг. первая казахская контр-
элита, политические устремления которой
получили наиболее концент риро ванно е
выражение в программных документах и
практической деятельно сти национально-
либеральной партии "Алаш" и персональных
биографиях основных лидеров алашского
движения Алихана Букейхано ва, Ахмета
Байтурсынова, Миржакыпа Дулатова и
некоторых других интеллектуалов. Выдвигая в
сво ей политиче ской платфо рме задачу
скорейшего до стижения ограниченно го
национально-государственного суверенитета
Казахстана по отношению к России, данная
контрэлита получила широкую социальную
поддержку со стороны казахского народа.
Однако ее концептуальные устано вки
отно сительно конкретного социально-
экономического и политического наполнения
будущего
казахского
автономизма,
постулировавшие идею частной собственности,
свободного предпринимательства и рыночных
отношений, развития демократических
институтов и учреждений, не вст ретили
достаточно адекватного отношения к себе со
стороны кочевого аграрного населения региона.
В начале XX века в цент ре внимания
общественно-политической мысли казахской
интеллигенции оказался основной институт
политическо й
системы
общества,
организующий,
направляющий
и
контролирующий совместную деятельность и
отношения людей и государства. Серьезно
изучал эту проблему один из ярких
представителей казахской интеллигенций
Райымжан Марсеков.
Райымжан Марсеков - общественный
Достарыңызбен бөлісу: |