Resume
Резюме
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №4 (21)
В статье автор рассказывает о вечном наследии Шакарима Кудайбердиева.
The author tells about the eternal heritage Shakarim Kudaiberdiev's.
14
ӘОЖ 811.512.122
Қ. ШАЯХМЕТҰЛЫ, филология ғылымдарының кандидаты, профессор
Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті
ШӘКӘРІМ СӨЗІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИ ТІЛІ
Қазақ әдеби тілінің жаңа, жазба, ұлттық
сипатқа иеленіп, түбегейлі тың сапамен
құнарлануы
Абайдың
кемеңгерлік
шығармашылығы арқылы жүзеге асқандығы -
әмбеге аян ақиқат. Қазақтың ақындық тіл
арнасын толайым реформалап, поэтикалық
әлуетін таңғажайып дәрежеде ашып көрсеткен
Абай өз миссиясының маңызын өзі танытып,
жеріне жеткізе айтқан: «Сөз түзелді,тыңдаушы,
сен де түзел». Бұған қоса Абайдың абайлығын
кімге болса да мойындататын шұрайлы да
шырайлы нәтиже
– оның толассыз
сабақтастықты, үзіліссіз үдерісті кейінгілерге
ықпалдандырғандығы. Абай мектебінің мұндай
пәрменді әсері тікелей контакт арқылы да,
типологиялық шарт-жағдаяттар арқылы да сан
талай т алантқа игі шарапатын тигізді.
Мәселенің осы бір бұрылысында әрдайым
ескерілуі қажет жай бар. Ол - әдебилікті көркем
әдебиеттік қана құбылыс ретінде түсінушілік,
әдеби тіл мен көркем әдебиет тілін баспа-бас
баламалық қалыпқа түсірушілік. Дұрысына
келсек, көркем әдебиет тілі - әдеби тілдің қырық-
елу стильдік тармақтарының бірі ғана. Бірегейі
екендігі және рас. Алайда, тек қана көркем
әдебиет тілі арқылы, әлгі аталған мөлшердегі
тармақтар түгел көрінбейінше, тіл әдебилікке
жетпейді, ұлттық мәніне иелене алмайды.
Себебі – ұлттық мән біртұтас мемлекеттік
құрылым дегенмен тең. Ендеше мемлекет
ауқымындағы қатынастардың күллісіне тіл
толымды түрде жарамдылығын көрсетуі тиіс.
Сонда оның мемлекеттік мәртебесі де шынайы,
де-факто (тек де-юре емес), жүзеге асады.
Осы тұрғыдан қарағанда, қазақ тілінің
өміршеңдегін Абай по эзияда ғана еме с,
философияда, тарихта, этикада, эстетикада,
теологияда, педагогикада, психологияда,
музыкада,
әлеуметтануда,
кәсіби
шаруашылықтықтық тұтынымда, тұрмыстық
салаларда терең және нәзік шеберлікпен
байыптады. Басқаша айтқанда, әдеби тілдің
көркемдік стильден басқа да тармақтарына кең
өрістілік дарытты, іркіліссіз дамуға бейімділік
бетін айқындады. Әмбебап ұлы тұлғаның
классиктік қуат-қайраты тілді жалпыхалықтық
негізде демократияландыру мен оның қадір-
қасиетін аялау методологиясын орнықтырды.
Лингвоонтогонездік, глоттогенездік ыңғайдан,
сондай-ақ теософиялық сенім биігінен «Әуелі
аят, хадис – сөздің басы, Қызықты қисынымен
болмаса сөз, Неге айтсын пайғамбар мен оны
Алласы» деген даналық тұжырым жасады.
Шәкәрімнің дүниетанымдық және
шығармашылық көзқарастарының да өзегі
осындай тұжырым екендігі айдан анық. «Сөз –
құдайдан шыққан бу» дейді Шәкәрім. Ал
«Ажалсыз әскер» өлеңінде өлместік кепілі
кейінгі ұрпаққа жететін сөздің құдіреті
екендігін мәлімдейді: «Шын патша мен емес пе
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №4 (21)
Мақалада автор Шәкәрім шығармашылығының қазақ әдеби тілінің қалыптасуында алар
орнын айқындайды. Сөзқолданысының жауһар кесектері – дара, дербес авторлық сентенцияларға,
авторлық сөзжасам фактілеріне, басқа да ерекшеліктеріне тоқталады.
Тірек сөздер: қазақ әдеби тілі, Шәкәрім, авторлық сөзжасам, поэзия.
15
уайымсыз, Ғаскерім - өлеңім мен сөздерім».
Сөйтіп, әлгі өлеңді нәзиралық үндестікте жазуға
түпнұсқа болған мәтіннің авторы Физулимен,
сондай-ақ ежелгі римдік Гораций, парсылық
Сағди, орыс Пушкин, украин Шевченко тағы
басқа солар сияқты әлемдік алыптармен
қат арластығын танытады. Осы асыл дән
әлденеше мәрте мәртебеленеді. Мысалы: Тілдің
ізін еш нәрсе жоғалтпайды, Мен өлсем де сөз
тірі, тек жатпайды.
Шәкірттік кезеңін жеңіл де жедел өткен
Шәкәрім Абайдың бағдартүзегіш туын нық
ұстаумен бірге, эпигондық көлеңкеде қалмай,
өзінің дербес тұлғалық жалауын да тікті. Дәстүр
жалғастығын қамтамасыз етті. Ақын, тарихшы,
философ, композитор, дінтанушы, лингвист,
журналист ретінде сөз арқылы еңбек етті. Сөздің
жан-жақты
және
жүйелі
қолданылу
тәжірбиесінен өнеге берді.
Поэзиясына назар салайық. Шәкәрімнің
«Ескі ақындық» атты өлеңі бар. Әрбір құндылық
өзіне лайықты бейнесін тауып, тиісті бағасын
алатындығына күмәнданбасақ, бұл өлеңді,
Шәкірімше айтқанда, “тесіле тексеріп”, үңіле
үйрену үшін нұсқаулық, шағын трактат деудің
қисыны аз емес. Поэзия туралы Әлішер Науайы,
Захириддин Бабыр, Николо Буало жазған
ғылыми зерттеулер белгілі. Веселовский,
Потебня, Виноградов, Жирмунский, Тынянов,
Шкловский, Якобсон, Эйхенбаум, Тимофеев,
Томашевский, Гаспаров, Холшевнико в,
Байтұрсынов, Исмаилов, Жұмалиев, Ахметов,
Хамраев, Қабдолов т.б. мамандардың еңбектері
де жұртшылықтың жадында екенін ешкім
бекерлемейді. Шәкәрімнің осы туындысында да
өлең туралы тео риялық жинақы пікір
білдірілген. (Бір қызығы: Сәбит Мұқанов 1934
жылы Қазақстан жазушыларының бірінші
съезінде поэзия туралы баяндама жасап, дәл осы
өлеңнің идеясын негізге алған. Шәкәрімнің
Сәбитке хаты арқылы ой түюге болады. Көкейге
қонған сөз реминисценцияланып шыққан).
Нақтылап айтқанда, өлеңді түрлендіру,
пішіндеу жөнінде әрі салмақты, әрі тартымды
уәждеме қорытылған. Қазақтың байырғы өлең
өрнектерін, жыраулардың ерлік, елдік
толғауларын, түркілік, араб-парсылық
поэзиядағы үздік үлгілерді меңзеп, ескі ақындық
тағлымын нық дәлелдейді. Ескі ақындықта
құланның жүйткіп жортуы, тұлпардың танбас
шабысы, ақбөкеннің сар желісі, қыранның
аспанға оқтай атылып, самғап қалықтауы, жел-
құйынның ұйтқуы, сұрапыл дауылдың соғуы,
қар мен бұршақтың бұрқырауы, нөсер
жауынның сел боп төгілуі, судың арқырап ағуы
әралуан деңгейде құбылған әуен екпінімен
жаңғырады. Уәзін, ырғақ, тармақ, бунақ, шумақ
солай құлпыра өзгеруі абзал деген ойға ден
қойғызады.
Осы ұстанымды Шәкәрімнің өзі біршама
көлемде сәтімен іске асырған. “Оятқан мені
ерте Шығыс жыры”дегені жайдан-жай емес.
(Жол-жөнекей: Пушкиннің “Восточный слог
был для меня образцом” дегені ше?).
Мыс алы,
мұстахзад
бойынша
шумақтаумен бес өлең (“Арақ, мастық, жар, жан,
шатақ. Иманның шешуі”, “Тауық неге шақырар
сағат сайын”, “Ақыл құсы адаспай аспандаса”,
“Кәрілік- шал деген бір ат қылғандай”, “Мұңды
шал”), мұхаммаспен үш өлең (“Қош, жұртым”,
“Жаралыс басы- қозғалыс”, “Тіршілік, жан
туралы”), қыта бойынша бір өлең (“Ақылдан
бойға сыр тарап”), мұрабба бойынша он алты
өлең (“Қырық жылдан өтіп жасым”, “Өмір
сырын көздесең”, “Жүректен аққан қанымнан”,
“Өмірдің ұнап ойыны”, “Жар көрмеген
надандар”, “Бейісте бар сұлу жар”, “Сен
ғылымға”, Мен қорқамын, қорқамын”,
“Шошыма, достым, сөзімнен”, “Иманым”,
“Жарымды жаным сүйді, сүйе алмай тәнім
күйді”, “Көңіл”, “Жылым – қой, жұлдызым –
июль”, “Бостандық туы жарқырап”, “Ескіден
қалған сөз теріп”, “Адамның ең жақсысы”) және
142 шумақтық “Мұтылғанның өмірі” поэмасы
жазылған. Бір өлең – “Қалжыңшыл қылжақбас”
ащы сатиралық мазмұнда, бірақ ғазал пішінінде
жазылған. Редиф – эпифорасына дейін дәлме-
дәлдікте.
Мұраббамен өлең жазу осыдан мың жыл
бұрын әдепкі жағдай болған. Махмұт
Қашқаридың үш томдық “Түркі сөздерінің
жинағы” атты еңбегінде мысалға келтірілген
өлеңдік мәтіндердің жетпіс пайызы осы мұрабба
түрінде шумақталған. Демек, Шәкәрімнің
мұраббаға басымдық беруіне де дәстүрлі жол
бастаған.
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №4 (21)
16
Шәкәрім дағдылы қара өлең мен халықтық
жырды әрлеп-өңдеп, сыр мен сымбатын
арттырғанға қоса, модернизациялауға да батыл
қадам басты. Бүгінгі дүниежүзілік поэзияның
беделді үні болып есептелетін “еркін өлең”
(верлибр), полиметрикалық (көп өлшемді) өлең,
дисметрикалық (ақ өлең) өлең үлгілеріне
ұйтқылық қалыптамадағы он үш өлең жазды.
(“Ойдан шығарылған бар түрлі әндерім”,
“Қорқыттың сарыны”, “Қорқыт, Хожа Хафиз
түсіме енді де…”, “Сәлем, Әбдіғали бауырым,
жалғызға”, “Адамның еркі қайда деп ақылдан
сұрағаным”, “Ақылдың берген жауабы”,
“Адамдық борышың”, “Таң” журналына жаңа
әнмен байғазы”, “Таң” журналына тағы бір
әнмен байғазы”, “Шын сырым”, “…ға жауап”,
“Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек”, “Бостандық
таңы атты”).
Қазақ өлеңінің құрылысын о сылай
жетілдіріп игіліктендіруде де Шәкәрім Абайдың
нағыз мирасқоры екендігін, мұрагерлік бақытқа
жеткендігін дәлелдеді. (Абай он жеті өлеңді
қыта бойынша, екі өлеңді мұрабба бойынша, бір
өлеңді қасыда бойынша, бір өлеңді мұрабба мен
мұхаммас тоғысында, бір өлеңді қыта мен
қасыда тоғысында, бір өлеңді мұрабба мен
мұстахзад үлгісінде, жеті өлеңді мұстахзад
бойынша жазған).
Зиялы, зияткер ақын болғандықтан,
Шәкәрім поэзиясында оймен атқарылатын
танымдық үдеріс және түйсік- се зіммен
атқарылатын танымдық үдеріс таразы басын
теңестірерлік шамада десек, жаңсақтық емес
шығар. Ұйғару-топшылау, толғам-пайымдау,
түйіндеу-тұжырымдау
арқылы
ақиқат
болмыстың сәулеленуі ұғым мәдениетіне
тәуелді. Сондықтан Шәкәрімнің өлеңдері мен
по эмаларында
моральдық-этикалық
талаптардың Ар ілімі аясындағы адам өмірі
үшін жан бұйрығына, ішкі ізгі императивке
айналуы басымырақ. Мұндай гуманистік қамқор
сананың мән-мазмұны адамның қоғамдық-
әлеуметтік ортада дұрыс бағдар жасау қабілетін
жетілдіреді, іс-әрекетінде реттеліп тәртіптелген
парадигманы үстем етеді.
Олай болса, автордың тіл пайдалануы, сөз
қолдануы бағытындағы өзіндік ерекшеліктері де
сол парадигмаға сәйкеседі. Атап айтқанда, жан,
тән, көңіл, рух, ар, ұят, ұждан, ақыл, ой, сана,
сезім, түйсік, парыз, борыш, намыс, жігер,
қайрат, ынсап, қанағат, ындын, нәпсі,
қайырым, рахым, мейірім, залым, әділ, зұлым,
адал, алал, халал, абырой, сабыр, талап, арам,
харам, өтірік, шын, қас, тату, араз, жақын,
дұшпан, ым-ымбал, іс-әрекет т.б. лексемалар
мәтіндік бүтіннің берік арқауын, мықты тінін,
үзілмес ұзақ желісін құрайды. Осы доминанттық
бірліктердің төңірегінде шексіз-шектеусіз
шыркөбелек айналыспен калейдо скоптық
қозғалысқа түсетін қаншама сөз – Шәкәрім
«патшалығындағы
ажалсыз
әскердің
сарбаздары» .
Алматыдағы «Жазушы» баспасы 1988
жылы шығарған «Шәкәрім. Шығармалары» атты
бір томдықта 36500-дей өлеңдік сөзқолданыс,
18600-дей қарасөздік сөзқолданыс, «Қазақстан»
және «Ғақлия» ғылыми-әдеби орталығы 1991
жылы жарыққа шығарған «Үш анық»
трактатында 7020 сөзқолданыс, «Қазақстан»
және «Сана» баспасы арқылы 1991 жылы
жарияланған «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар
шежіресі» атты зерттеуінде 5880 сөзқолданыс,
жиыны 68000 сөзқолданыс қамтылған деп
шамалаймыз. Анық лингвостатистикалық дерек
бола жатар. Не десеңіз де, жобасы осы. Біреуін
әрі тартып, екеуін бері тартқаннан төңкеріліп
түсер ештеңе жоқ. Міне, осыншама сөзді
меңгеріп, басқарып мәтінге қосуды саралап
ұйымдастыру – жалғыз кісінің еңбегі. Сөз
эстетикасының мәшһүр білгірі М.М.Бахтиннің
тамаша тұжырымы еске түседі: «барша сөз
атаулыдан кәсіптік, жанрлық, белгілі бір кісілік,
ұрпақтық, жас мөлшеріндік, күндік және
сағаттық иіс аңқиды». («Вопросы литературы и
эстетики», М., 1975 , стр.106). Демек, жаңағы
алпыс сегіз мың сөзді жалпыхалықтық қазақ
тілінен алған Шәкәрім өз «иісін сіңдіріп» жеке
орбитаға шығарған. Шәкәрім сөзі – осы. Ол - өз
сөзінің иесі. Екі сөздің басын қосып сөйлей
алмайтын немесе екі сөздің басын құрап жаза
алмайтын тырбаңбайлар мен тарбаңбайлар,
әрине, шығармашылық тұлға бола алмайды.
Бетсізденген
бәдіктікпен
көке зулену
«Жазғытұрым қылтиған бір жауқазынның»
қылығы болады да қалады.
Енді Шәкәрімнің прозасына көңіл
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №4 (21)
17
аударайық. Әңгімелер, тәмсілдік хикаялар,
«Әділ-Мария» романы. Тағы да қаншама сөз
көркемдік стиль заңдылықтарымен үйлесім
тауып тізілген. Пейзаждық суреттер тау мен суға
тіл бітірген. Қарасөздік алты шумақтан, 145
сөзден тұратын күрделі синтаксистік бүтін
жас ап,
бүгінгі
құрмалас
сөйлемнің
эталонындай, Толстой мен Гогольдің, Әуезов
пен Аймауытовтың мәнерін көрсеткен жерлері
де бар. Мысалы: Сонда сен, Шыңғыстау,
беліңнен асқан елдің ойын білдің бе? Сонда оның
кейбіреуі масатыдай түрленген жайлаудың
жасыл шалғынына бауырын төсеп, айнадай
мөлдір бұлағынан су ішіп, дертке дауа болатын
бейіш ауасын жұтып жүріп, ынтық болған
жарымен қосылып,құмарын басқысы келеді;
кейбірі байлық, бақыттылықпен баса-көктеп,
әлгі айтылған асықтардың жанына өлшеген
мақсұты мен жалындап, жарқырап тұрған
үмітін өшіріп, талқандағысы келеді; жарлы-
жақыбайлар аз күн болса да аққа тойып, суыққа
тоңбай, ыстыққа шөлдемей, табиғаттың
төлеусіз берген бағының арқасында тыраңдап
рахаттанғысы келеді; жарлыны жалдаған
байлар айран, қымызын аямаған кісімсіп:
“бәлем, тұра тұр! Пішен мен егін уақыты
келсін! Ащы теріңді алармын!” деп ішінен
жымыңдап жүр; бағанағы асқан ел қыстан бір
құтылса, асу азабынан екі құтылып, күнгейге
қонып, әр ауыл өз қонысында жүгін түсіріп, бірі
туырлығын,бірі кереге –уығын сүйрелеп, үйлерін
тігіп те жатыр; сонда сен, кәрі Шыңғыстау,
жазғытұрымдай қабағыңды түйіп кәрлене
қарамай шалқая сүйеніп: “барыңдар,
барыңдар! Анау көгеріп тұрған Көксеңгір,
Шақпақ, Ақшатаудан да асыңдар!” дегендей
күн жақтағы жылы жүзіңмен жымия қарадың
– ау!.
Шәкәрімнің өзі айтқандай, “ақыл құсы
адаспай аспандаса, әлемде нәрсе болмас көзден
таса” екендігі және Абай айтқандай, “өткірдің
жүзі, кестенің бізі” сала алмайтын өрнек
осындай болар. Еміренген көңілдің, балқыған
жүректің суреткерлік шеберлігі арқылы туған
жермен сырласуы Тургеневтің қарасөздік
өлеңдерінен кем бе? Психологизм дейтініңіздің
стихиясында бұл байқаусыз көрініс пе?
Кейіпкерлер диалогтары мен монологтары
ешбір жасандылықсыз, психологиялық
себептестік орайында оқырманды ойға
шомдырып, тебірендіреді. Автордың сөзге билік
жүргізушілік дарыны тәнті етеді. Сөзді басқару
-
әлемді
басқару.
Осыны
жадынан
шығарғандарға Абай «Қайран тіл, қайран сөз,
Наданға қадірсіз» деп қамыққан.
Тарихтық,
шежірелік,
дін
қағидаларындық, пәлсафалық, көсемсөздік
мәтіндерде де Шәкәрім тарапынан сөз
жұмсаудың шарттары бұзылған жері жоқ.
Ғылым
тілі
туралы
тұңғыш
пікір
білдірушілердің бірі болған ғұлама ақынның
терминология саласында да салиқалы қызмет
етіп, баянды жұмыс тындырғандығы белгілі.
Сөйтіп, тұтастай алғанда, Шәкәрімнің
көркем және ғылыми шығармашылық
еңбектеріндегі
стильдік
сөзқолданыс
нәтижелері мен по этикалық-сөзәспеттік
көріністері қазақ әдеби тілін балшырынмен
нәрлендіріп, сындарлы да сіңірлі құрылым
бірліктерімен байытты. Сұлтанмахмұт
сипаттағандай, «кітабилық» сәнімен «қатын
ойбайға» салып, бытпырақтатушылар қазіргі
біздің кітап жазғыштарымыз сияқты көздерін
ноғала басып тұрған кезде ұлттық тілдің
тазалығы мен дербестігінің сом алтындық саф
сапасын көрсетті.
Сондай кейбір тұстарға көз тоқтатайық.
Әдейілеп таңдап, іріктеп сұрыптамай –ақ, кез
келген параққа бөгеліп оқи берейік:
Келді, кетті,
Толды, семді,
Өзгеленді бұл ғалам.
Жеті-ақ сөзді десте етіп, бес етістікпен
кестелеп, адамзат өркениетінің тарихи
эволюциясын динамикалық серпінмен сипаттап
берген.Ұтымды және әсерлі.
Шал Антон бишік бұлғап, божы қақты,
Сар желді күрмедегі ат, шеткі ат шапты,…
Ат пыр-пыр, арба күр-күр, қоңырау шылдыр,
Тау ағаш кейін қалып қақты бұлдыр .
Түпсіз ой, түссіз қиял неше мыңдап,
Бірі бүйт, бірі сүйт деп тұрды ымдап.
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №4 (21)
18
Тұңғиық, тұманданған алдыңғы өмір
Тұрғанын біліп болмас не дайындап.
Мұнда да әсіреқызыл әсем сөздерсіз
қарапайым тіршіліктің заттық, қимылдық, үн-
дыбыстық табиғи таңбалары көркем әуезді
экспрессемалар шоғын құраған.Талғамның
эстетикалық жұмбақ күйге жетуі десе болар. Сөз
жаңарған дәуірдің шыңынан қаратобырлық
далақбайларға құлаққағыс ететіні кездейсоқтық
дейсіз бе:
Қазақтың жайы белгілі,
Өлеңі өңкей құрама,
Байқадың ғой ендігі,
Оны менен сұрама.
«Ауылым қонды Нұраға,
Мінген атым сұр ала»,
Керексіз сөзбен бұрала,
Қазақ сүйтпей тұра ма?
Грамматика поэзиясы десек те, поэзия
грамматикасы десек те, осы үш шумақтағы тіл
шеберлігі
ешкімді
бей-жай
қалдырмас.Тақырыптық талдаулар үшін түпсіз
қазына.Тағы бір-екі шумақ оқиық:
а)Қызырдың мәңгі суын сия қылып,
Тамам түнді сауыт қып қойсам құйып,
Осы дүние тозғанша жазсам дағы
Бітіре алман ерніңнің сырын біліп.
ә) Ақыл құсы адаспай аспандаса,
Әлемде нәрсе болмас көзден таса…
Жер жүзіне қып-қызыл гүл бітірем,
Көзімнен қанды жасым сорғаласа.
Грамматикалық санат түрленістері
коннотативтік арнаға өзінен өзі оп-оңай лықсып
толқып кетпеді ме? Сондай-ақ:
Аң көрген лашын бастанып;
Түздегі қу бас жақтанып;
Сөзәспет жайы әйтеуір қозғалған соң
Шәкәрім қолт аңбасына тән синтаксистік
амалдардың
бірін
ат ап
өтейік.
Лингвостилистикалық материал ретінде халық
шығармашылығынан танымал болған қо с
тағанды түйдекті тіркес немесе «фразалық қос
сөз» Шәкәрім қолданысында елеулі дәрежедегі
жиілікпен көзге түседі. Мысалы: достыңыз зор,
дұшпаның қор; айтпай біліп, ашпай көріп; беті
тұнық, асты ылай; көзге жылпың, сыртқа
қылпың; жаман айла, жат мінез; от жағып,
өрт шығару; қасықтай қар, тобықтай тоң;
жаудырап көзі, тамшылап сөзі; жыны айта
ма, шыны айта ма; досы -мал, дұшпаны-адам;
көп бергенге қонып, аз бергенге түстеніп; көзі
нұр, көңілі майда; көзге сеніп, ойға сенбей;
құлағы тас, жүрегі мұз; көзге күңгірт, ойда
бар; тозбас өмір, таймас бақ; жауға қатын,
жақынға жалмауыз; жауға батыл, жақынға
әдепті; сырты пішпе, ішінде ені; сырты-адам,
іші-шошқа; жаны-сөз, тәні-ақша; жан-өзің,
дене-киім; сыртың-бал, ішің-зәр; көзі бар, миы
бос; неге айтты, не деп айтты; нені айтты,
неге айтты; жан-қожа, тән-терезе;
Бейнелі күйге, келтірінді мәнге өзі
ауыстырып көшірген тіркестер де сирек
ұшыраспайды. Мысалы: ақыл құсы, ақыл көзі,
көңіл көзі, ой көзі, жүрек көзі, жаду көз, нәпсі
көзі, бояулы дін, сау ақыл, еркін ақыл, азат ақыл,
жанды ақыл, таза ақыл т.б.
Халықтық байырғы айтылым түйдектерді
безендіргіш бөлшек етіп жұмсайды: жүген
ұстау, бұйда созу, тұғырдан түсу, қайғы тарту,
аузымен құс тістеген, тізгін беру, аттың
майын беру, мысы құру, дымын шығармау, мат
болу, жым болу т.б.
Мақал-мәтелдерді қажеттілігіне қарай,
шым- шымдап қолданады, төпей бермейді:
Көппен көрген ұлы той; Жаман айтпай жақсы
жоқ; Есің барда, елің тап; Сүйек қайда көп
болса, ит сонда; Ел құлағы елу; Еркек тоқты
құрбандық; Фольклорлық клишелер мен
штамптарға әуес болмаудың өзі – нағыз
туындыгерлік қасиет. Өзінікін өзі жасау –
классиктік мұрат. Дайынды сол күйінде ала
салмай, өз өлшеміне салып қайта жасау да –
соның бір көрінісі. Мысалы: Мін түзелмей,
түзелмес ел жұмысы; Дерт жасырған ажалсыз
өлер; Байдың малы болады бір борандық;
Көлеңкеге қарап пішкен тон жараспайды;
Молданың ісін қылма, айтқанын қыл;
Фоностилистикалық жұптарды мақсатты
ШӘКӘРІМТАНУ
Достарыңызбен бөлісу: |