2013 №4 (21)
27
кездесетін ауыртпалықты сабырмен көтере білу
керек деген Құран кәрімдегі аяттармен
байланыстырады. Қазақ халқының өмір-
салтында қашанда сабырға ерекше орын
беріледі. «Сабыр түбі – сары алтын, Өзімшіл
болма, көпті ардақта, Адамның бәрі – өз
халқың» деп саналы ойын халық даналығымен
ұштастырады.
Сабыр деген -әр іске шыдамдылық,
Қатты керек адамға бұл бір қылық.
Қолы жетпей талай адам ызданады,
Осыдан кеп шығады адамшылық [1,254].
Шәкәрім қажы: «Сабыр, сақтық, ой,талап
болмаған жан, Анық төмен болмай ма
хайуаннан?» деп сақтық секілді тірек
ұғымдарына назар аударады. «Сақтық деген не?-
деген сұраққа ақын былайша жауап береді:
Сақтық деген әрқашан байқап жүрмек,
Пайда ма, не залал ма ескерілмек.
Көргенін, естігенін есепке алса,
Сонда оңай әрбір істі ойлап білмек [1,283].
Не істі бастарда, не жайында сөйлесең де
сауысқанша сақ болсаң еш қорлық көрмейтінің
өмірден алынған шындық. «Аңдамай сөйлеген
ауырмай өледі» дейді халқымыз. «Ақырын
жүріп, анық бас, еңбегің кетпес далаға» деген
Абайдың ұлағатты сөзінің түп-төркінінде де
адамның асыл қасиеті сақтық жатыр емес пе?
Әр істе табысқа жету, жеңіске жету үшін сақтық
керек. Шәкәрім туындыларында «әр істі ойлап
білмекке, нәтижеге қол жеткізуде» ізгі қасиет
сақтыққа шақыру ниеті жатыр. Қазақ халқы
жаһандануға қарата бет алып келеді. Жанұшыра
жетіп жатқан жаһандану тажалына қалқан болар
жол- ұлттық тәрбие, ұлттық ар-намыс, салт-
дәстүр, әдеп-ғұрып... Әуелі о сындай
құндылықтарымызға сақ болу керек. Екіншіден,
көрші алпауыт мемлекетке қайтадан отар ел
болмаудың жолын қарастыру керек.
Ұлттық құндылықтарымызға қатысты
кішкентай нәрсенің қисайғанын көргенде
жанымыз қиналады. Халықтың бүгінгі
қызушылығы,құндылығы жайлы сөз қозғау өте
қиын. Өйткені, құндылықтардың құны қашып
барады. Шама шарқымызша білгенімізді,
жүрекке түйгендерімізді жастарға ұқтыруымыз
керек. Ес білгеннен қыздарымызды, ат жалын
тартып мінгеннен ұлдарымызды ұлттық тәрбие
қалыбына салып, олардың бойында ізгі жақсы
қасиетке тәрбиелеу кезек күттірмес міндетіміз.
Шәкәрім ең керектісі адам болмысында «таза
ақыл» деп ұсынады.
Мейірім, ынсап, ақ пейіл, адал еңбек,
Бұл төртеуін кім қылса, шын адам сол.
Ынсап, ұят, ар, рақым табылмаса,
Өлген артық дүниені былғағаннан,-
деген қорытындыға келеді.
Таза ақыл ақты барлайды,
Дәлелсіз сөзді алмайды.
Шәкәрім ақыл ұғымын барлық қырынан
тексеріп, оның сипатына терең барған. Шәкәрім
неге құранды оқы дейді. Бәрі жанды ақылдың
табысы дейді. Ғ.Есім «Жаралыс басы - қозғалыс»
өлеңін талдау барысында: «Шәкәрім жанды
ақыл дегенде ақылдың генезисі туралы айтып
отыр. Ақыл қайдан шықты немесе қайдан пайда
болды дегенде, оны жаннан шығарған. Содан
барып
жанды
ақыл
деген
түсінік
қалыптастырған» [4,51]. Осыдан-ақ белгілі
болды, бар ғылымның түп атасы - таза ақыл
ойлану, соған сынату екен. Әлемдегі барша
барлықта, еш нәрсе бос қалмақ та, бәрі мейлі
шөп пен топырақ жанды ақылдың табысы екен.
Адамзат баласы ойын таза ақылға, ақ
мейірімге, адал еңбекке билетсе ғана, өмірі
мәнді болады деген тұжырымға келеді.
Әлеуметтанушылардың зерттеулерінде «Сіздің
өміріңізде не маңызды?» деп сұрақ қойылғанда,
олардың барлығы дерлік: қауіпсіздік, әділдік,
тәртіп деген жауаптарды таңдаған. Ал
адамгершілік, рухани байлық, ар-ождан сияқты
құндылықтар тізімнің ең соңында қалып
орналасқан. Бұл қазіргі қалыптағы халіміз. Бір
ғасырдан астам бұрын өмір сүрген Шәкәрімнің
үлкен азаматтығы әлеуметтік жағдай мен
кейіпкердің жан әлемін байланыста суреттеп,
рухани әлемді үнемі алғы кезеңге қоюында.
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №4 (21)
28
Қазақтың жайнар даласы,
Жетілер оқып баласы.
Шошытатын мені сол
Олардың күндес таласы, -
деп өзі жырлағандай Шәкәрім қажы
Құдайбердіұлы асқан дарынымен, ой-өрісінің
тереңдігімен, халқына деген қамқорлығымен
ұрпағына қалдырған мұрасымен әлемге
танымал болды. Ойымның қорытындысын
Р.Сейсенбаевтың: «Ақиқат жеңбейтін ел де, жер
де болмақ емес» деп саңқылдаған Сіздің сөзіңіз
нендей көрегендікпен айтылған! Сабырлы ойға
толы мұңлы жырларыңыз қазақ даласына
мағлұм болды. Сіздің жырларыңыз арқылы біз
оқып-жазуды, ой ойлауды, ән салуды, сүюді, жек
көруді үйрендік. Намысы қалқыған, рухы
тапталған ұзақ жылдардың тар шеңберінде
Сіздің елес-көлеңкеңіз ел есінен шыққан емес.
Ауыр сын сағаттарда өтірікке, өсекке, ғайбат
сөзге бейімделіп бара жатқан ұрпақтарыңыздан
жеріп кеткендей көрінуші едіңіз... Рухыңыз тірі,
дана баба!» [1,722] деген жүрек жарды баба
рухына тағзым еткен ғибратты сөзімен
аяқтағанды жөн көріп отырмын.
Әдебиет
1 Шәкәрім Қ. Жол табалық ақылмен. –
Халықаралық Абай клубы. Жидебай, 2006
2 Әбдіғазиев Б. Шәкәрім әлемі. – Алматы:
Раритет, 2008.-139 б.
3 Шаңбай Т. Ұғым мәдениеті. – Алматы:
Раритет, 2009
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №4 (21)
Resume
Резюме
Статья посвящена к вопросу о человеческих ценностях в поэзии Шакарима Кудайбердиева.
The article is devoted to the question of human values in poetry Shakarim's.
29
Р.МҰҚАЖАНОВА, филология ғылымдарының кандидаты, доцент
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті
М.ӘУЕЗОВ ШӘКӘРІМ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ХАҚЫНДА
Мақалада автор М.Әуезовтің Шәкәрім шығармашылығына баға беріп байыпты
сараптауларына кеңінен тоқталған.
Тірек сөздер: М.Әуезов, Абайдың ақын шәкірттері, Шәкәрім.
Қазақ әдебиетінде Әуезов араласпаған,
керегесін құрысып, уығын қадаспаған әдебиет
жанры жоқ. Абай өсиетін жадына берік бекіткен
тікелей шәкірті Шәкәрім шығармашылығы
қазақ әдебиетінің дамып келе жатқан әр
жанрының зерттелуі мен деңгейі турасында
түбегейлі еңбек жазып, әдебиетінің әр нұсқасын
назардан қалтарыс қалдырмаған М.Әуезовтің
зерттеу нысанасына айналмауы уақыт пен заман
талабы, сол туста салтанат құрған содырлы
саясат кесірі болатын.
Тау басында біткен алып шынарды
елестетін қазақтың маңдай алды арыстарының
бірегейі заманының үні болған Шәкәрімнің
шығармашылық мұрасы бүгінде тың үрдіспен,
ерекше жаңашылдықпен әр қырынан
зерттелуде.
М.Әуезов Шәкәрімнің әдебиеттегі орнын
бағалауға өзінің шығармашылық жолының
алғашқы күндерінде-ақ білек сыбана кіріскен
еді. Ж.Аймауытовпен бірлесе отырып шығарған
әдеби ғылыми «Абай» журналының жарық
көрген он бір нөмірінің бірінде «Екеудің» атынан
жариялаған «Абайдан соңғы ақындар»
мақаласында Шәкәрімнің өз кезіндегі әдеби
ортадағы орнын белгілеп, баға беруге тырысады.
От жалынды жырларымен халыққа таныла
бастаған ақындардың еңбектеріне тереңірек
үңіліп, сыни пікірлерін білдіреді.
Бұған дейін Абайдың ақындығы, өнері мен
өмірі жөнінде журналдың екінші санында
тоқталған Әуезов бұл жолы Абай ізін басқан
келесі буын ақындарды таныстыруға ден қояды.
«Қазір бізде өлең жазушылар көбеюіне
себеп болып отырған нәрсе – бір оянудың
тарлығы. Бұл оянуға бірінші Абай, екіншісі-
«Қазақ» газеті, үшіншісі жалпы жұрттың
ғылымға бет алуы себеп болды» - деген
тұжырым жасайды. Әуезов Абайдан кейінгі
ақындар ішінде ең алдымен Мағжан есімін
атады. Жалпы қазақ ақындарын өлеңі мен
өнерінің түрі мен қалпы бойынша бірнеше жікке
бөле қарап: «Сезімге әсер берерлік суретті
өлеңдер көбінес е Мағжан, Міржақып,
Сұлтанмахмұт һәм Ахмет Мәметовтікі.
Екінші жіктің өлеңшілері – Ахмет
Байтұрсынов, Сәбит Дөнентаев, Шәһкәрім,
Бекет Өтетілеуовтікі. Бұлардың өлеңі сырты
сұлу, тілі кестелі, анық, халықтың ұғымына,
оқуына жеңіл, тәтті.
Бұлардың өлеңінің сезім қиялға тәрбие
әсері аз, ақылға азығы бар. Бұлар халықшыл
(народник) ақындар...» - деген.
Әдебиеттің қадам алысын қырағылықпен
бақылап, қазақ ақындарының жетістігі мен
кемшілігі, сөз саптауы, ой қорытуына аса мән
беріп: « Әдебиет бақалшының қоржыны емес,
қотанда жатқан қиқым-сиқымды балаларға
алдап сатып, тыға беретін. Әдебиетке қызмет
қылуды әркім-ақ тілейтін шығар. Бірақ қолдан
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №4 (21)
ӘОЖ 821.512.122
30
келмейтін нәрсемен қызмет қыл деп әдебиет
қыстамайды, - деп түйін түйеді.
«Абайдан соңғы ақындар» атты
мақаласының қазақ әдебиетінің сынында
жасалған еңбектердің басы деуімізге әбден
болады. Әдебиеттің сол тұстағы тынысына
сын-пікірін білдіріп, әдебиет мәселесін жүйелі
түрде талдап, көркемдік ерекшеліктеріне қарай
топтастыруға ұмтылған Ж.Аймауытов пен
М.Әуезовтің салиқалы пікірлері қазақ әдебиеті
дамуы мен қазақ әдебиеті сынының қатар қадам
алысының айғағы іспетті.
Егер әдеби сынның пайда болуы мен
дамуы әдебиеттің өркендеуімен сабақтас деген
болсақ, «Абайдан соңғы ақындар» сын мақаласы
қазақ
әдебиетінің
алғашқы
толқын
сыншыларының пікірі дер едік.
М.Әуезовтің Шәкәрім шығармашылығына
баға беріп байыпты сараптау жасауы бұл ғана
емес. Абайдың қайтыс болуын атап өту жөнінде
Қазақ АССР-нің Орталық Комитетінің бұйрығы
шыққаны,1945 жылы ұлы ақынның мерейтойы
тойлануы Абайтану ілімінің қалыптасуына,
қарқынды өсуіне ерекше ықпал еткені белгілі.
Бұл – Абайдың ақындығы, ақын шәкірттері,
әдеби дәстүр жалғастығы сынды мәселелер
әдебиеттің өзекті тұсына айналған кезең.
Қазақ әдебиеті тарихында Абайдың
ақындық айналасын зерттеп, осы тақырып
төңірегінде алғаш байыпты байлам жасаған,
ғылыми негіздеген М.Әуезов. Абайтану негізін
салған ұлы Әуезовті ұлы ақын дәстүрін
жалғастырушы, оның алдын көрген шәкірттері
жайын толғауы заңды да.
Алайда қатаң идеология Абай шәкірттері
жайын кеңінен талдап, шығармаларын,
дәстүрін, әдебиеттегі орнын бақайшағына дейін
зерттеуге тыйым салды. Пролекульт талабы
берік орнап, қазақ пролетар жазушылары
ассоциясының әмірі жүріп тұрған тұста
Шәкәрім есімі аталмаған.
М.Әуезов Шәкәрімді Абайдың ізін басқан
өрелі өнер иелерінің алғашқы қатарынан көреді.
1934 жылы жарық көрген «Абай ақындығының
айналасы» атты зерттеу мақаласында М.Әуезов
Абайдың әдеби мұрасы, мектебі жөнінде
ғылыми тұжырымдама беріп, Абайдың өз
тұсында, өз дәуірінде еңбек еткен бірнеше ақын
туралы ғана қысқа тоқталған. «Мұндай ақын-
төртеу» Оның екеуі Ақылбай, Мағауия-
Абайдың өз балалары. Мұның екеуіде 1904
жылы Абай өлген жылы өлген. Қалған екеуі
Көкбай, Шәкәрім. Осы төрт ақын Абайдың
нағыз толық мағынасындағы шәкірттері.
Абайдың аталық, ағалық, ұстаздық тәрбие
алудан басқа, оның өлең мен қарасөздерін әрі
оқушы, әрі таратушы, бағалаушы, тұтынушы
болудан басқа, Абай басшылығымен өз
жандарынан жырлар да жазған»,-деп оларды
Абай салған сүрлеудің ізінен келе жатқан
дәстүрін жалғастырушыларға санады.
Зертеуші Абай шәкірттері Ақылбай, Мағауия,
Көкбай шығармашылықтарын сөз ете келе
«Бұлардан өзгерек жол іздеп, қазақ тарихынан
салт –жырының тақырыбын таңдаған Шәкәрім
«Қалқаман-Мамыр», «Еңлік-Кебектерді»
жазады» деп, ақындықта дараланатын тұсын
бірер ауыз сөзбен түйіндейді.
М.Әуезов Абайдың ақын шәкірттері
жөніндегі пікіріне кейінгі мақалаларында қайта
орала алмаған. 1967 жылы жарық көрген Абай
Құнанбаев» /мақалалар мен зерттеулер/ деген
жинақт ағы
«Абай
Құнанбайұлы»
монографиясында Шәкәрім шығармашылығы
жөнінде шолу дерек те болмайды, рухани
мұрасы ауызға алынбайды.
1934 жылғы «Абай ақындығының
айналасы» мақаласында Ақылбай, Мағауия,
Көкбай, Шәкәрімнің шығармашылық қасиетіне
тоқталып, қажетінше сипаттама берілсе, «Абай»
монографиясында жоғарыдағы есімдер
қатарынан Шәкәрім орын алмайды. Себеп -
Абай төңірегінде 1951 жылдар да болған дау.
Сәбит Мұқанов 1951 жылы Абайдың ақын
шәкірттері турасындағы баяндамасында
Шәкәрімді аяусыз шенейді: «Ол атылып
өлгеннен кейін де Мұхтар Әуезов жодастың
1934 жылы да, 1940 жылы да» Абай
шәкірттерінің тізіміне қосып мақтауы ойға
сыймайды» деуі және «Лениншіл жас»
газетіндегі «Шәкәрім, Нарманбет, Көкбай,
Турағұл – қазақ әдебиеті классигінің шәкірттері
деп ешуақытта аталуға тиісті емес»-деген
пікірлер Әуезо в зерттеу еңбектерінен
Шәкәрімнің түбегейлі түсуіне әкеп соқты.
Осының себебінен М.Әуезов 1954 жылы «Қазақ
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №4 (21)
31
Resume
Резюме
В статье рассматриваются исследовательские работы М.Ауэзова о творчестве Шакарима.
The article considers M.Auezov research works of Shakarim's creativity.
халқының ұлы ақыны» атты зерттеуінде: «Мұқа,
Ақылбай, Кәкіт ай, Мағауия сияқты жас
таланттар, ақындар, жыршылар Абайдың
төңірегіне топтасады. Олардың кейбіреулері
Абайдан үлгі алып, өздігінен білімін көтереді.
Орыс әдебиетін оқып үйренеді, поэмаларын
жазады»,-деп Абай шәкірттері арасына
Шәкәрімді қоспайды.
Шығармашылығының алғашқы кезеңінде-
ақ әдебиеттің сол кездегі жайын толғап, қазақ
ақындарына, оның ішінде Шәкәрімге тиісті баға
беріп, өзіндік пікірін ортаға салған.
Шәкәрім мен Әуезов шығармашылығынан
үндестікті молынан көруге болады. Әуезов
Абайдың алдын көріп, өнегісін алған Шәкәрімді
үлгі тұтуы заңды. Шәкәрімнің «Жолсыз жаза»
дастаны негізінде «Еңлік-Кебек» пьесасын
жазуы, Абайдың ақындық айналасын тарата-
талдағанда Шәкәрім шығармашылығына биік
баға беруінің өзі - екі тұлға арасында берік
байланыстың барының айғағы.
Үстемдік еткен саяси идеология Әуезовтің
Шәкәрім
тұлғасын
аша
түсіп,
шығармашылығына түпкілікті баға беріп,
насихаттауына үлкен тосқауыл болды. Әуезовтің
Шәкәрім
турасындағы
зеттеулерінің
пікірлерінің пышақ кесті тыйылуына сол
үстемдік құрған содыр сын себепші.
М.Әуезо втің «Абай жолы» роман-
эпопеясында Абайдың ет жақын адамы, шәкірті,
туысы Шәкәрім есімінің аталмауы, оның
бойындағы бар ерекшелік-қаситеттердің өзге
кейіпкер бейнесінен көрінуі, ол ұйтқы болған,
араласқан оқиғаның ортасында өзге кейіпкердің
жүруі саяси биліктің тым күштілігін дәлелдейді.
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №4 (21)
32
Қазақ әдебиетіндегі ұлы дәстүр – Абай
дәстүрі. Абай дәстүрі деген ұғымның сан
салалы, күрделі екендігі баршаға мәлім. Абай
мұрасы тақырып-мазмұн жағынан алғанда да,
ақындық өнер, шеберлік тұрғысынан келгенде
де ұлан – ғайыр. Қазақ әдебиеті тарихында Абай
дәстүрі деген ұғымның қалыптасып, кең қанат
жайғаны бүгінгі әдеби үрдістің даму барысында
зор маңызын көрсетіп отыр. Себебі Абай дәстүрі
деген деген тақырып - өте кең ауқымды әрі
өзекті, ғылыми айналымға түскен сала. Абай
дәстүрінің Шәкәрім шығармашылығындағы
жалғастығын зерттеген ғалым Б.Әбдіғазиевтің
пікірін негізге алсақ: «Абай дәстүрі – қазақ
әдебиетінің даму тарихында заңды жалғасын
тауып, жан-жақты байып келе жатқан асыл
арна», - дейді. Қазақ әдебиеті тарихында
Абайдың әдеби мұрасын жоғары бағалап, алғаш
пікір білдірген қалам қайраткерлері – Алаштың
ардақты азаматтары. ХХ ғасырдың басында-ақ
Алаш арыстарының бірі Ахмет Байтұрсынов
Абайға «қазақтың бас ақыны» деп, ал Мағжан
Жұмабаев «хакім ақын» деп, Сұлтанмахмұт
То райғыров «ақындар пайғамбары» деп
лайықты бағаларын берген.
Қазақ халқының ой алыптары Абай және
Шәкәрім тағдыры мен шығармашылығында
ұқсастықтыр мен айырмашылықтар бар.
Олардың есімдері ылғи бірге аталады: аға және
іні, рухани туысқандар, ұстаз және шәкірт,
қоғамдық жұмыстарға да белсене араласқан.
Екі ой алыбы өз туындыларында қазақтың
қоғамдық ой санасындағы шешуші әрі күрделі
фило софиялық тақырыпты көтеріп, оның
өзегіне айналған жантану ілімін танып білу
жолында толассыз ізденіске түскен.
Қазақ фольклоры, шығыс классикасы,
батыс мәдениеті екеуіне ортақ дүниетанымның
қайнар бұлағы болса, о сы дүниетанымды
игеруге көмектескен өз тәлімгерлері болған.
Ағартушылық жолына, ғылым жолына мені
әкелгендер деп Абай ағасы Халиолланы, әжесі
Зерені, орыс достарын атап кеткен. Ал, Шәкәрім
шәкірттік ризашылығын атасы Құнанбайға,
ағасы Абайға білдірген.
Шәкәрім Құдайбердіұлы 16-17 жасынан
бастап Абайдың ықпалымен өлең жаза
бастайды.
«Мынау Абай бір ғалым жол шығарлық
...Кісі емес, ескерусіз бос қаларлық»,-
деп жазады ол алғашқы өлеңдерінің бірінде.
Бірақ жасында шығармалық еңбек жазумен
онша әуестенбей, Шәкәрім ел ішінің
жұмыстарына көбірек айналысады, оқиды, ел
аралайды, жылқы бағады, аңшылықпен
айналысады, ауыз әдебиетінің байлығынан
үйренеді, тарихи деректер жинап, кейін шежіре
жазады. Оның жазушылыққа біржола ден қойып
А. АЛДАБЕРГЕНОВА, филология магистрі
Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-
мемориалдық қорық-мұражайының аға ғылыми қызметкері
ХХ ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ
АБАЙ МЕН ШӘКӘРІМНІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ДӘСТҮРІ
ШӘКӘРІМТАНУ
2013 №4 (21)
ӘОЖ 821.512.122
Мақала авторы қазақ халқының ой алыптары Абай және Шәкәрім тағдыры мен
шығармашылығындағы ұқсастықтыр мен айырмашылықтарға талдау жасаған.
Тірек сөздер: қазақ әдебиеті, Абай, Шәкәрім, поэзия, үрдіс, дәстүр.
33
кірісуі қырық жасынан, яғни 1898 жылдардан
басталады.
Шәкәрім батыс пен шығыс елдерінің
әдебиетіне көз жіберді. Пушкин мен Толстойды,
бертінде Некрасовты ұстаз тұтты. Ол Шығыс
әдебиетінен Қожа Хафиз, Науаи, Фзулиді
жо ғары
бағалады.
Ол
«Дубро вский»
аудармасының алғы сөзінде былай деп жазған:
Айтқан сөзі ауруға ем, жанға құмар,
Тауып айтқыш тәтті тіл, сайраушылар.
Байрон, Пушкин, Лермонтов, Некрасов,
Қожа Хафиз, Науаи, Фзули бар. –
деп Пушкин мен Толстойды Абай қандай сүйсе,
Шәкәрім де сондай сүйеді.
Абай өзінің мұрасымен классик ретінде
танылып қана қоймай, өзіне тән дәстүрі бар
ақындық, адамгершілік, ағартушылық мектебін
ашқан, өз маңайындағы шәкірттері қанаттанып
ұшуына үлкен ықпал жасаған ұстаз ретінде
танылады. Белгілі абайтанушы М. Әуезов
көрсеткендей, қазақ еліндегі басқа ақындармен
салыстырғанда Абайдың үлгісін алған
шәкірттері болуы – тарихи жаңалық.
Ақылбай, Әріп, Уәйіс, Әубәкір,
Бейсембай, Кәкітай, Көкбай, Шәкәрім – Абай
мектебінің мақтанашы, жаңашыл, ойшыл,
ағартушы, тәлімгер болған тұлғалар. Қанымен,
жасымен, рухымен ұстазына ең жақын болған
– Шәкәрім.
Шығармалық өнерінде Шәкәрім Абай
қандай бағыт ұстанса, сондай бағыт ұстанған.
Барлық шығармаларының идеясы қазақ
қоғамын еңбекке, мәдениетке, адамгершілікке,
әділдікке шақыру болады, адал махаббатты
жырлайды, әлеуметтік теңсіздікті сынайды,
соның ішінде әсіресе әйел теңдігінің жыршысы
болады, әйелдерді кем с анап, тағылық,
деспоттық жасаушыларға қарсы шығады.
Тақырып, мазмұн жақтарынан ұстаз бен
шәкірттің өлеңдері, карасөздері ұштасып
жатады. Абайдың тәлімдік, тәлімгерлік таланты
Шәкәрімнің сегіз қырлылығында өз көрінісін
табады. Ұстазында кездесетін, өзіне дейін қазақ
мәдениетінде ұшыраспайтын құбылыстарды
дамытқан. Қазақ халқының этногенезі туралы
Абай екі ауыз сөз қалдырып, сол сөзінде
этногенезді зерттеу бағдарын анықтаған.
Абайдың тапсырмасымен 19 жасынан
мәліметтерді жинаған Шәкәрім мазмұн және
форма жағынан ерекше «Түрік, қырғыз-қазақ
һәм хандар шежіресін» құрастырған. Өзге
дәстүрлі шежірелерден айырмашылығы – тек
қана жүздер мен рулардың пайда болуы туралы
аңыздардың жазба түрдегі жинағы емес, бұл
автордың қазақ елінің тарихи санасын, ұлттық
сезімін жоғары көтеретін тәлімдік ойлар
қорытындысы еді.
Ұстазы Абай сияқты Шәкәрім де алдымен
реалист ақын. Жоғарыда айттық, бұл да
шығармаларында өмір шындығын, әлеуметтік
қайшылықтарды, өткендегі үстем таптың
зорлық-зомбылығын, бұқара халықтың ауыр
күйін жырлайды. Дәулетті таптың өкілдерін
ақын мынадай сөздермен шенейді:
«Мақсаты жаман жанды өзі білмек,
Ол қашан өзгелерді көзіне ілмек.
Сатса мейлі, қонаққа сойса мейлі,
Халықты қой есепті айдап жүрмек».
Ол ағасы Абай сияқты, өлеңді өнер деп
білген, оған мол талантын, еңбекқұмар жігерін
барынша жұмсап, қасиет тұта кіріскен. Оның
әрбір өлеңі ұйқасқа қысылмайды, сөздері сара-
сара, мағыналы да терең мазмұнды да, бейнелі
де кестелі.
«Ән - өлшеуіш, өлең – күміс,
Қоспаңыз мыс аралас.
Артық алу, не кем салу
Әрпі қалу жарамас...»,-
дегенді өзі ұстанып, өлеңнің буынына, әрпіне,
әуезділігіне, әсерлілігіне қатты көңіл бөледі.
Сондай-ақ, Абайдың «Қарасөздері» - қазақ
философиясының негізгі ой түрткісі болса,
Шәкәрімнің
«Үш
анығы»
-
қазақ
философиясының шыңы. Форма жағынан Абай
туындысы әдеби эссе болса, «Үш анық» -
трактат.
Оқырмандар жақсы түсініп, берік
меңгеріп, есте сақтауына ыңғайлы болуы үшін
трактат стилі қолайлы, өз ойларын автор
бірнеше рет қайталап жазады, негізгі дәлелдерін
ШӘКӘРІМТАНУ
Достарыңызбен бөлісу: |