2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар


Кiшi мектеп жасындағы баланың дамуы



Pdf көрінісі
бет7/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33

Кiшi мектеп жасындағы баланың дамуы

6  жасқа  орайласқанда  бала,  негiзiнен,  жүйелi  мектептiк 

оқуға дайын. Мектеп босағасынан аттайын деп тұрған кешегi 

сәби ендi тұлғалық танымға жетiстi, себебi ол бұл кезеңде өз 

қылық-әрекетiне баға бере алады, өзiн басқалармен салысты-

ра бiледi. Мектепке дейiнгi шақтың соңына онда бiрнеше жаңа 

психикалық қасиеттер қалыптасады: 

– қоғамдық татымды iс-әрекетке ұмтылу;

– өз қылық-әрекетiне басшылық жасау;

– қарапайым қорытынды шығара бiлу;

– жетiлген сөз бен тiлдi орынды қолдану;


73

– өз төңірегiндегi адамдар мен байланыс жасап, қызмет  ба-

бында араласу.

Бала 6–7 жасқа келгенде, оның алдында ең алғашқы үлкен 

өзгерiс  туындайды.  Мектеп  жасы  кезеңiне  өту  баланың  iс-

әрекетiне, басқа адамдармен қатынасына, тiлдесу әрекеттерiне 

түбегейлi  жаңалықтар  әкеледi.  Ендi  баланың  басты  қызметi 

– оқу, осыдан өмiр барысы өзгередi, жаңа мiндеттер пайда бо-

лады, баланың басқалармен қатынастары да жаңаланады. 

Қазіргі  кезеңдегi  бiрiншi  сынып  оқушыларының  ерекшелiгi 

–  мұғалiммен  қатынасындағы  шектен  тыс  “демократизм”, 

қылықтарының  ырықсыздығы,  өз  әрекеттерiн  мектеп  талап-

тарымен сәйкестендiре алмауы. Мұндай ебедейсiздiктер ендi 

оқуға  келген  балалардың  бәрiне  тән,  бiрақ,  мұғалiмдердің 

байқағанындай,  тiптi  бiрiншi  сыныптың  ақырына  бүгiнгi 

оқушыларда талаптарға деген қандай да қарсылықтар бой тiк-

теуде. “Қажет”, “болмайды”, “ақырына дейiн бiтiр” – деген талап-

тар, ересектердің тиянақты зорлауынан соң ғана қабылданып 

жатады. Мұның өзi балалармен қатынас кейпiн өзгерту, олар-

менен  жұмсақтау,  адамилық  (гуманды)  байланыстарға  келу 

қажеттiгiн туындатып тұрған жоқ па? 

Бүгiнгi  бiрiншi  сынып  оқушысы,  мұғалiмдер  айғақтағандай, 

бұдан  он  жыл  бұрынғы  өз  қатарларынан  көптеген  мiнез 

бiтiстерiмен  ажыралады.  Қоғамның  әлеуметтiк  қарама-

қарсылықтары  асқынған,  балалыққа  сыймайтын  теледидар 

жойқыны  жаулаған,  имандылық  пен  инабаттықтың  кемiген, 

бұғаусыз еркiндiк шарпыған кезең жағдайларында өскен бала 

бұл  үдерiстер  астарында  жатқан  жақсы  мен  жамандықтың 

бәрiн талғаусыз өз бойына сіңiредi. Шектен тыс түсiнiксiз және 

қажетi жоқ ақпараттармен бойын да, ойын да толтырған бала, 

әлбетте, жете дамыған, осыдан өз сезiмдерiн бiлдiруде үлкен 

еркiндiкке құштар келедi. Адамдар арасында елеулi жiк пайда 

болды. Ал балалар мұны көрiп те, түсiнiп те жүр. Мектеп ендi 

олардың  ұлғая  түскен  талаптарын  қанағаттандыруда  елеулi 

қиыншылықтарға  тап  болуда.  Тәрбие  осы  өзгерiстер  iзiмен 

үлгерiп, өз мiндеттерiн қайта қарастыруы қажет. 

Кiшi  мектеп  жасындағы  балалар  биологиялық  тұрғыдан 

екiншi  даму  кезеңiне  өтедi:  бой  өсуi  бәсеңдейдi,  салмағы 

қосыла  бастайды,  денесi  сүйектенедi,  бiрақ  үдеріс  мұнымен 



74

аяқталмайды. Бұлшық еттер жүйесi қарқынды дамуда болады. 

Осыдан, майда, нәзiк қимылдарды орындау қабiлеттерi пайда 

болып, бала тез жазу дағдыларына жетiседi. Бала ағзасының 

барлық ұлпалары (ткани) даму жағдайында болады. 

Кiшi мектеп жасында жүйке жүйесi жетiлiп барады, бас миi 

үлкен жарымшарларының қызметтерi қарқынды дамып, дара-

лана бастайды, ми қабығының талдау және бiрiктiру қызметтерi 

күшейе түседi. Кiшi мектеп жасындағы баланың бас миi салмақ 

жағынан  үлкендердің  миiмен  теңдесiп,  орта  есеппен  1400  г. 

дейiн  ұлғаяды.  Баланың  психикасы  шапшаң  дами  бастайды, 

қозу және тежелу үдерістерінің арақатынастары өзгередi: теже-

лу үдерісi күшейе түседi, бiрақ қозу үдерісi әлi де болса басым-

дау, осыдан – кiшi мектеп оқушысының тұрақты шыдамдылығы 

кем, сабырлылық оған әлi тән емес. Сезiм ағзаларының дәлдiк 

қызметi  көтерiледi.  Мектепке  дейiнгi  кезең  балаларымен 

салыстырғанда,  кiшi  мектеп  оқушыларының  сезiмталдығы: 

түр-түске  –  45%  артық,  буын-бұлшық  сезiмталдығы  50% 

жақсарады, көз-көру ұқыбы – 80% артады (А.Н.Леонтьев). 

Кiшi мектеп жасындағы оқушының танымдық iс-әрекетi оқу 

барысында өзiндiк қажет қалпына келе бастайды. Мұнда тiлде-

су-қатынас аймағының кеңеюi де аса маңызды. Баланың жыл-

дам жүрістi кемелденуi, оқушыларда көптеген жаңа сапаларды 

қалыптастыру  немесе  дамыту  қажеттiгi  педагогтардан  барша 

оқу-тәрбие  жұмысының  тиянақты  мақсат-бағытын  айқындап, 

оны бұлжытпай орындап баруды талап етедi. 

Кiшi 

жастағы 


оқушылардың 

қабылдауы 

тұрақсыз 

және  ұйымдастырылмаған.  Бiрақ,  олардың  орны  бала 

байқағыштығының  өткiрлiгiмен  және  жаңалыққа  “бейнелi 

құмарлығымен” толтырылады. Кiшкентай оқушы 9 санымен 6, 

жұмсарту (ь) және қатайту (ъ) белгi әрiптерiн “р” мен шатастыра-

ды, сонымен бiр уақытта ол адым сайын жаңалыққа тап қылған 

қоршаған  дүниенi  қызығушылықпен  қабылдауда  болады. 

Қабылдау үдерiсiнің толық жiкке келмеуi, талдастыру әлсiздiгi, 

баланың ашық-жарқын көңіл-күйімен орындалып жатады. Осы 

қабiлеттi  арқау  еткен  тәжiрибелi  мұғалiмдер  оқушыны  белгiлi 

бағытта тыңдауға және көз салуға үйретiп, байқағыштығын да-

мыта түседi. Мектептің алғашқы кезеңiнің ақырына қарай бала 

қабылдауы күрделенiп, тереңдейдi. Осыдан қабылдау үдерісi 



75

талдағыш, жiкке келгiш және ұйымдасқан сипат ала бастайды. 

Баланың зейiнi ырықсыз, қажеттi тұрақтылыққа ие емес, көлемi 

жағынан  шектеулi.  Сондықтан,  бастауыш  мектептегi  бүкiл 

оқу  әрекеті  зейiн  мәдениетiн  тәрбиелеуге  бағындырылады. 

Мектеп  өмiрi  баладан  тиянақты  оқуға  қажеттi  ырықты  зейiн 

жаттығуларын, ерiктiк күш салуды көбiрек талап етедi. Ырықты 

зейiн басқа оқу қызметтерімен бiрге дамиды. Мұндайда аса ке-

регi – оқу сеп-түрткісі, оқу iс-әрекетiне болған жауапкершiлiк. 

Бастауыш  мектеп  балаларының  ойлау  қабiлетi  көңіл-күй 

– бейнелiктен абстракт-логикалық сипатқа өте бастайды. “Ба-

лалар  жалпыланған  формалармен,  түр-түстерiмен,  дыбыс-

тармен,  түйсiктермен  ойлауға  қабiлеттi.”  –  деп  К.Д.Ушинский  

өз уақытында ескертiп, мұғалiмдерге алғашқы оқу сатысында 

балалардың осы ойлау ерекшелiктерiн пайдалануды ұсынды. 

Бiрiншi  саты  мектебiнің  мiндетi  –  балалардың  ақыл-есін  се-

беп-салдарлы  байланыстарды  түсiну  деңгейiне  дейiн  дамы-

ту.  Л.С.Выготский,  көрсеткендей  оқу  жасына  бала  ақыл-ес 

қабілеттерінің  әлiсiздгiмен  келедi  (жетiліңкiреген  қабылдау 

және ес қызметтерiне қарағанда). Баланың ес-ақылы осы мек-

теп  дәуiрiнде  бұрын-соңды  болып  көрмеген  қарқынды  даму-

да болады. Бұл кезеңде мұғалiмнің басшылығы аса маңызды 

да  қажеттi.  Зерттеулер  көрсеткендей,  оқу-тәрбие  үдерiсiнiң 

әртүрлі ұйымдасуынан, оқу мазмұны мен әдістерiнің, танымдық 

iс-әрекеттердің  ауыспалы  болуынан  кiшi  мектеп  жасындағы 

балалардың ойлау қабiлетi де әрқилы сипатта көрiнiс бередi. 

Балалардың ойлау қабiлетi олардың тiлiмен бiрге дамиды. 

Қазіргі күндегi үшiншi сынып оқушыларының сөздік қоры 3500 

–4000 сөзді құрайды. Мектептiк оқудың ықпалы тек қана бала 

сөздік қорының ұлғаюнан көрiнбейдi, ең алдымен сол игерiлген 

сөздердi ауызша және жазба ой бiлдiруде пайдалана алу еп-

тiлiгiнен байқалады.

Оқушының танымдық iс-әрекетiнде ес үдерісi маңызды рөл 

ойнайды. Кiшi жастағы оқушының табиғи мүмкіндiктерi орасан:  

оның миi сөзбе-сөз жаттап алуға икемдi келедi. Салыстырсақ: 

мектепке  дейiнгi  бала  15  сөйлемнің  3-5,  ал  кiшi  оқушы  –  6-8 

жаттап, есiнде сақтайды. Оның есi негiзiнен көрнекi – бейнелi 

сипатта  қызықты,  нақты,  жарқын  материалды  алжаспастан, 

жаңылмай жатқа айта бередi. Бiрақ, бұл жастағы балалар өз 


76

есiн  басқаруға  және  оқу  мiндеттерiне  нақты  байланстыруға 

икемсiздеу.  Мұғалiмдер  бұл  кезеңде  балалардың  жаттау 

барысындағы өзiндiк бақылауын, өзiндiк тексеру дағдыларын, 

оқу еңбегiн парасатты ұйымдастыруға көп күш жұмсауы тиiс. 

Кiшi  жастағы  оқушының  бұл  кезеңдегi  тұлға  болып 

қалыптасуы  жаңа  ықпалдарға  тәуелдi,  бұлардың  iшiнде  аса 

мәндiлерi  –  ересектермен  (мұғалiмдермен),  қатарларымен 

(сыныптастарымен)  жаңа  байланыс-қатынастары,  жаңа  iс-

әрекет (оқу) және ортақтасу түрлері, үлкен ұжымдық жүйелерге 

(жалпы  мектептiк,  сыныптық)  енуi.  Балада  әлеуметтiк  сезiм 

элементтерi  құрала  бастайды,  қоғамдық  мiнез  дағдылары 

(ұжымдық  сезiм,  әрекеттерiне  жауапкершiлiк,  жолдастық, 

достық, өзара жәрдем т.б.) бастау алады және орнығады. Кiшi 

мектеп  жасы  тұлғаның  адамгершiлiк  сапаларының  дамуы-

на  үлкен  мүмкіндiктер  ашады.  Бұған  оқушылардың  икемдiлiгi 

және бiршама сенiмшiлдiгi, олардың нанғыштығы, елiктеуiштiгi, 

ең  бастысы  –  мұғалiм  бойындағы  үлкен  бедел  –  себепкер. 

Бастауыш мектеп тұлғаның әлеуметтену үдерiсiнде, адамгер-

шiлiк  –  азаматтық  кемелденуiнде  өте  маңызды  орын  алады. 

Оқушының  сеп-түрткілер  аймағының  дамуы  ақыл-ес  дамуы-

на  қарағанда  бiршама  кемiрек.  Еркi  толық  қалыптаспаған,  iс-

әрекет себептерiн (мотивтерiн) онша сезiне бермейдi. Жоғары 

сезiмталдық,  аса  терең  де  күштi  толғанысқа  түсу  басымдау, 

осыдан  бала  өз  қылықтарын  ақыл  сарабына  сала  алмай, 

көптеген ойсыз қателiктерге жол бередi. 

Гуманистiк  тәрбиенің  көп  мәселелерi  балалардың  ұнамды 



өзiндiк  бағасына  байланысты  келедi.  Мұндай  қасиеттің 

қалыптасуына баланың отбасыдан мектепке өтуi үлкен әсерiн 

тигiзедi. Мақтауы көп болған отбасы баланысының бағасы ендi 

басқа  балалармен  салыстыра  берiлетін  мектеп  оқушысының 

нақты  бағасы,  әлбетте,  сәйкес  бола  бермейдi.  Екi  жақты 

ықпалды  көтеру  қиын,  осыдан,  бала  қорғанып,  бiр  тарапқа 

өтуге  тырысады,  көбiне  бұл  таңдау  өзiндiк  баға  деңгейiн 

төмендетуге  соқтырады.  Отбасы  мен  мектеп  көзқарастары 

алшақтауынан  бала  психикасы  қосымша  жүктемеге  тап  бо-

лады.    Өзiндiк  төмен  баға  –  тереңнен  берiлген  iшкi  жан 

күйзелiстерiнен.  Бұны  дұрыс  түсiнген  Ж.Ж.Руссо:  “Тәрбиенің 

үйлесiмдi болуы – бала өз қалауымен еркiн шұғылданса ғана 



77

мүмкін, ал бұл қалау тәрбиешi қалауымен байланысты”. Бала 

мiнезi  шәлкес.    Өз  мiнезiнің  қандай  да  бiр  ерекшелiктерiнен 

ажыралуды оның өзi қаламаса, оны бұл қасиеттен айыру тiптi 

мүмкін  емес.  Сондықтан,  жеке-дара  еркiндiктің  алғашқы  бел-

сендi көрiнiстерiн тәрбиелеу – балада дербестiк қалыптастыру 

бағытында жүруi тиiс.

Баланың  сыртқы  қылық-әрекетi  оның  iшкi  жан  дүниесiне 

ықпал етедi. Ал бұл iшкi дүниеге тiкелей әсер ету мүмкіндiктерi 

болмағандықтан, баланы қиын жағдайларда басылмауға, тiке 

қарауға, өзiн байсалды да ұстамды басқаруға үйрету маңызды 

келедi.  Саналы  байсалдылық  -  рухани  күш  белгiсi.  Iшкi  жан 

дүниесiн жаттықтыру неғұрлым ерте басталса, одан түсер пай-

да да молдау келедi. Кез келген ескертулерге қарсы тұру, ай-

дан-анық нәрсемен келiспеу – баланы тiкелей ертеңгi өсекшiл, 

тентек,  майдашыл  ересек  кейiпiне  жетелейдi.  Сондықтан, 

бастауыш  мектепте  балаларды  өз  қате-кемшiлiктерiн  танып, 

мойындауға үйреткен зиян болмайды. 

Бастауыш мектеп өз шәкiрттерiн саналы ұйымдастырылған, 

әл-қуатына  сай  өндiрiстiк  еңбекке  араластырып  баруы  тиiс. 

Мұндай  тәрбиеден  тұлғада  қалыптасатын  әлеуметтiк  қасиет-

сапалар барша тұрғыдан аса қажеттi де маңызды келедi. Ба-

лалар  орындап  жататын  жұмыстар  өзiндiк  қызмет  сипатында 

болады,  ересектерге  немесе  жоғары  сынып  оқушыларына 

жәрдем  түрінде  де  ұйымдастырылуы  мүмкін.  Еңбектің  ойын-

мен  ұштасуы  нәтижелi  келедi:  мұндайда  балалардың  өзiндiк 

ынтасы, дербес iс-әрекетi, сайыс құмарлығы, жоғары шектерi-

мен байқалады. Кiшi оқушылардың жарқын да тосын нәрсеге 

ұмтылысы, ғажайып дүниенi тану құмарлығы, қозғалысты бел-

сендiлiгi – мұның бәрi саналы, пайда келтiретiндей және ойын 

ләззатына бөлейтiндей сипатта қанағаттандырылуы тиiс. 

Мiнезi  ауыспалы  кiшi  жастағы  оқушы  -  қатаң  бақылауды 

талап етедi. Осыдан сыныптағы балалардың санын азайтып, 

мұғалiмге өз шәкiрттерiн жете танып, жеке-дара және тұлғалық 

бағытты  тәрбиенi  кеңiрек  пайдалануға  мүмкіндiк  жасау  – 

бүкiл  әлем  мектеп  тәжірибесінде    және  педагогикасында  тез 

шешiм  күткен  көкейкестi  мәселе.  Қазіргі  заман  тәрбиешiсiнің 

қызметiнде  нақтаманың  орны  оқу  мен  тәрбиенің    өзінен  де 



78

маңыздылау.  Егер  тәрбиеленушiнi  бiлмейтiн  болсақ,  онда 

тәрбиеге тiптi кiрiспеген абзал, себебi одан келер зиянды қайта 

жөндеу үлкен қиыншылық. 

Кiшi мектеп жасындағы оқушылардың дамуы - өте күрделi 

және қарама-қарсылықты үдеріс. Бұл жаста өсiп келе жатқан 

адам көп нәрсенi түсiнiп алуы қажет, ал бұл үшiн оның әрбiр 

күнiн  барынша  тиiмдi  пайдалану  керекті.  Бұл  жастағы  негiз-

гi  мiндет  -  қоршаған  дүниенi,  яғни  табиғатты,  адамаралық 

қатынастарды  –  түсiну.  Бастауыш  мектеп  кезеңiнде  барша 

ақыл-парасаттық,  әлеуметтiк  және  адамгершiлiк  қасиеттер 

қарқынды дамып, олардың көбi бұдан былайғы өмiр бойында 

өзгерiссiз бекидi. 

Бастауыш мектеп оқушыларының даму теңсiздiгi

Бала дамуы саласындағы зерттеулер оқу-тәрбие қызметiн 

тиiмдi  жобалау  мен  ұйымдастыру  үшiн  аса  қажеттi  болған 

бiрнеше  маңызды  заңдылықтарды  ашты.  Бастауыш  мектеп 

мұғалiмдерi ең алдымен тән-дене даму заңдылықтарына арқа 

сүйегенi жөн: 

1.  Жас кезінде баланың физикалық дамуы жылдам әрi же-

дел; ал баланың жасы ұлғаюымен даму желiсi бәсеңдейдi.

2.  Баланың  физикалық  дамуы  бiр  кезеңде  –  жылдам,  ал 

екiншi бiр кезеңде – жәй. 

3.  Адам  денесiнің  әрбiр  ағзасы  өз  желiсiмен  дамиды,  ал 

бүтiндей дене бөлiктерiнің дамуы тең емес әрi олардың ара-

сында даму сәйкестiгi байқалмайды. 

Биологиялық  дамумен  тығыз  байланыста  рухани  даму 

жүріп  жатады.  Ал  бұл  дамудың    өзiнде    айтарлықтай 

ауытқулар   көрiнедi,  олардың  себебi жүйке жүйесiнің жетiлуi 



мен  психикалық  қабілеттерінің  даму  заңдылықтарында. 

Зерттеулер  көрсеткендей,  балалар  арасындағы  мәндi 

айырмашылықтар  ең  алдымен  олардың  интеллектуалды 

әрекеттерi  деңгейiнде,  сана  құрылымында,  қажеттерiнде, 

қызығуларында,  сеп-түрткілерінде,    iзгiлiк  қылықтарында, 

әлеуметтiк даму деңгейiнде байқалады. Рухани даму бiрнеше 

жалпы заңдылықтарға бағынады: 


79

1.  Баланың    жасы  мен  рухани  даму  желiсiнің  арасында 



керi пропорционал тәуелдiлiк бар: жас неғұрлым кiшi болса, 

рухани  даму  соғұрлым  тез;  жастың  ұлғаюымен  рухани  даму 

бәсеңдейдi. 

Адам  дамуының  сырлары  жөнiнде  ой  толғастыра  отырып, 

Л.Н.Толстой жазған екен: “5 жасар баладан маған дейiн – бiр 

ғана қадам. Ал жаңа туған сәбиден 5 жасар балаға дейiн – шек-

сiз  ұзақтық.  Жатырдағы  ұрықтан  дүниеге  жаңа  келген  балаға 

дейiн – тұңғиық. Ал жоқтан ұрыққа дейiнгi аралықты айыратын 

тұңғиық та емес, оны тiптi санамен сараптауға да болмайды”. 

Ұлы  адамтанушы  ғұламаның  жеке  басы  сезгендерiн  кейiн 

ғалымдар нақты ғылыми әдістермен дәлелдедi. 

2.  Балалардың  рухани  дамуында  тепе-теңдiк  болмайды. 

Психикалық қабілеттер мен рухани сапалардың негiзiнде бола-

тын тұлға қасиеттерi бiрдей даму деңгейiнде жүрмейдi. Өмiрдің 

кейбiр кезеңдерiнде нақты сапалардың дамуына сай ұнамды 

жағдайлар болып қалады. Бiр сапалар тез, ал екiншi бiреулерi 

– жайымен қалыптасып жатады. 

3. Кейбiр психикалық әрекеттердің дамуы мен қалыптасуы 

үшiн  тиiмдi  (оптималь)  мерзiмдер  болады.    Қандай  да 

сапалардың  қалыптасуы  үшiн  аса  қолайлы  болған  жас 

кезеңдерi  психологияда  сензитивтiк  кезеңдер  деп  аталады 

(Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, В.А.Крутецкий). Сензитивтiк се-

бептерi – ми мен жүйке жүйесiнің пiсiп жетiлуiндегi теңсiздiктер 

және  тұлғаның  кейбiр  қасиеттерiнің  бұрыннан  қалыптасқан 

сапалар  негiзiнде  орнығуынан.  Әлеуметтену  үдерiсiнде 

қабылданған өмiрлiк тәжiрибе де үлкен маңызға ие. 

Нелiктен  бала–Маугли  ересектердің  қалыпты  тiлiн  иге-

ре  алмады?  Жауап  анық  -  бұл  сапаның  қалыптасуы  үшiн 

сай  болған  сензитивтiк  кезең  өтiп  кеткен.  Егер  бала  бел-

гiлi  уақыт  аралығында  (1,5–2,5  жас)  тiлге  үйренбесе,  кейінгi 

кезеңдерде  оны  қалыпқа  келтiру  бiрте-бiрте  қиындай  бередi. 

Басқа  да  сапалардың:  физикалық,  психикалық,  әлеуметтiк, 

инабаттық  –  қалыптасуы  жөнiнде  де  осыны  айтуға  болады. 

Бұлардың арасындағы күрделiлерi  екiншi бiр оған iргетас бо-

латындары  қалыптаспағанша,  орнына  келмейдi.  Мысалы, 

тура,  тiк  жүруге  үйренбегеннен  қозғалыс  және  дене  теңдiгi 

(вестибуляр)  аппараттары  дамымайды.  Дамудың  сензитив-


80

тiк кезеңдерi жақсы зерттелген. Педагогтар интеллектуалдық, 

инабаттық,  әлеуметтiк  сапалардың  қалыптасу  кезеңдерiн 

(кiшi  және  орта  мектеп  жасы)  үздiксiз  бақылауға  алуы  шарт. 

Жақын  уақыттарда  американ  психологтары  мәселе  шешу 

дағдыларының  дамуына  байланысты  сензитивтiк  кезең  6-12 

жастар аралығы екенiн анықтаған. Осы кезең еленбей қалса, 

адамның  жоғары  деңгейдегi  шығармашыл  ойлау  тәсiлдерiн 

игеруi өте қиындасады. 

4. Адамның психикалық дамуының арқасында оның рухани 

сапалары орнықты, тұрақты, сонымен бiрге өзгерiске икемдi 

сипат  ала  бастайды.  Тәрбие  ықпалының  өзi  жүйке  жүйесiнің 

икемдiлiгiне  негiзделген.  Осы  икемдiлiктен  кейбiр  адам  кем-

шiлiктерi толығып жатады, яғни адамның күштi ағзасы кемшiн-

деу  болған  мүшенің  орнына  қызмет  жасайды.  Мысалы,  әлсiз 

ес орнына жоғары ұйымдастырылған танымдық әрекеттер (ой-

лау, сөйлеу, қиялдау т.б.) қолданылуы мүмкін. Даму теңсiздiгi – 

көп сырлы құпия құбылыс, кейде бұған бiздің таңдануымыздың 

шегi болмайды, тiптi қиялымызға сыймайды. Мысалы, жасына 

сай болмаған кей сапалардың жылдам дамуы: Моцарт 4 жасы-

нан музыкалық аспапты игерiп, 5 жасында шығарма жазған, 8 

жасында алғашқы сонатасы мен симфониясын жазған, ал 11 

жасында әлемге опера сыйлады. Әйгiлi музыкант және компо-

зитор Глинка 7-8 жасында бөлмесiнде металл ыдыс-аяқтарды 

iлiп  қойып,  “оркестр”  жасаған.  2  жасқа  ендi  жеткен  Римский– 

Корсаков музыкалық есту елеңi және жадымен таңдандырған. 

3 жасар Репин қағаздан әртүрлі әрекеттегi сұлу ат бейнелерiн 

қиып  үйренсе,  ал  6  жаста  бояулармен  сурет  сала  бастаған. 

Пушкин  алғашқы  өлеңдерiн  жаза  бастағанда  7-8  жасар  бала 

екен. 

Қандай да салада аса дарындылық көрсете алған балаларға 



вундеркинд ( немiсше “вундер” – ғажайып, “кинд” – бала) ата-

уы берiлген. Мұндай аса дарын иелерi – жас балалар жөнiнде 

қазiргi  заман  ғылымы  не  дейдi?  Олардың  белгiлi  саладағы 

қабiлеттерiнің  ерте  оянғаны  болмаса,  басқа  балалардан  аса  

айырмашылығы жоқ. Дарынды балалар өзiнің алдына қойған 

мәселелерiн аз уақыт және күш жұмсап шешуге бейiм. Бұдан 

олар  шаршамайды,  жеткен  табысымен  қанаттана  түседi.  Ар-

найы сынақтарда дарынды балалар нақты әрi тар салада ғана 



81

жоғары қабiлет көрсетуге бейiм.  Бiрақ, вундеркиндтi қалыпты 

өлшемдермен бағалауға болмайды. Сонымен, балалардың ру-

хани және тән-дене дамуы тең жүріп жатпайды: бiр кезеңдерде 

– жылдам, екiншi бiрде – баяу. Мұндайда мұғалiмдер көптеген 

маңызды  заңдылықтарды  пайдалануы  шарт.  Әсiресе,  қандай 

да физикалық және рухани сапалардың дамуына қолайлы сен-

зитивтiк кезеңдердің болатынын есте ұстау қажет.

Бастауыш мектеп оқушыларын тәрбиелеуде

жеке-дара ерекшелiктердi ескеру

Бала  дамуында  жалпы  және  ерекше  құбылыстар  ажы-

ралады.  Жалпы  құбылыс  белгiлi  жастағы  барша  балаларға 

тән,  ал  ерекшесi  жеке  балада  көрiнедi.  Ерекше  қасиет-сапа-

лар  даралықты  танытады.  Даралық  бiр  нақты  баланы  басқа 

балалардан  ажырататын  интеллектуалды,  ерiк,  моральдық, 

әлеуметтiк  және  басқа  да  бiтiстердің  бiрлiгiмен  сипатталады. 

Табиғат адам тегiне үлкен жомарттық көрсеткен: жер бетiнде 

екi  бiрдей  ұқсас  адам  болмаған  және  болуы  да  мүмкін  емес. 

Әрбiр бала өз даралығында жалғыз да қайталанбас.

Даралық  нақты  ерекшелiктерде  (өзгешелiктерде)  көрiнедi. 

Олардың шығу негiзi - әр баланың өз даму жолының болуынан, 

жоғары  жүйке  iс-әрекетiнің  типологиялық  бiрегейлiгiнен. 

Осылардың  салдарынан  баланың  сапа-қасиеттерiнде  өзiндiк 

белгiлер таңба басады. Даралық түйсiкте, қабылдауда, ойлауда, 

есте,  қиялда,  қызығуларда,  бейiмдiлiкте,  қабiлеттерде, 

темпераментте, мiнезде,  яғни адамның барша психикалық 

болмысында  байқалады.  Даралық  ерекшелiктерi  тұлғаның 

дамуына  ықпал  жасайды,  барлық  сапалардың  белгiлi  күйге 

келуi, негiзiнен, осы психикалық өзгешелiктерден. 

Оқу  мен  тәрбиеде  балалардың  даралық  ерекшелiктерiн 

ескеру  қажет  пе?  Әлбетте,  “ия”  деп  жауап  бересiз.  Бiрақ, 

бұлай болмайды. Мамандар арасында бұл тақырыпта көп пiкiр 

таласы  өрбiген.  Бiр  көзқарастар  –  жалпы  мектеп  даралықты 

ескере  алмайды,  тiптi  ескерудің  қажетi  де  жоқ,  әр  балаға  өз 

алдына    мектептің  икемдесуi  мүмкін  емес.  Барша  балаға 

мұғалiм  бiрдей  қатынас  жасаса,  жетiп  жатыр.  Ұқыпты  мен 

ерiншек,  дарынды  мен  қабiлетсiз,  әуесқой  және  ештеңемен 



82

қызықпайтын  балалардың  оқуы  мен  тәрбиесiнде  қандай  да 

айырмашылықтың  қажетi  жоқ.  Бастауыш  мектептi  бiтiрген 

адам  жалпы,  баршаға  бiрдей  бiлiмдiлiк  және  тәрбиелiлiк 

стандартымен сипатталады. 

Бұл  тұрғыдан    Гегельдің  мына  пiкiрi    өте    дәлелдi:  

“Адамдардың  өзiндiк  ерекшелiктерiн  аса  жоғары  бағалаудың 

қажетi  жоқ.  Керiсiнше,  ұстаз  әр  оқушының  даралығын  мұқият 

зерттеуi қажет, оған икемдесiп дамытуы керек деген пiкiр бос сөз, 

оның ешқандай негiздемесi жоқ. Мұндай қызметке тәрбиешiнің 

уақыты да жетпейдi. Ерекшелiк отбасында қабылдануы мүмкін, 

ал  мектепте  өмiр  белгiлi  ережеге,  жалпыға  бiрдей  тәртiпке 

сәйкестендiрiледi.  Бұл  жерде  балаларды  өз  даралығынан 

ажыратып,  жалпы  талаптарды  орындауды  үйренуге,  жалпы 

бiлiм  нәтижесiн  игеруге  бағыттау  қажет.  Осылайша  баланың 

жандүниесiн қайта құру – тәрбиенің мән-мағынасы”. 

Жаңаланған  педагогика  бұл  мәселе  бойынша  басқаша 

бағыттан  ой  сараптайды:  тәрбие  балалардың  даралық  ерек-

шелiгiн ескеруi және оларды пайдалануы қажет. Педагогиканың 

маңызды принциптерiнің бiрi ретiнде даралықты тану – бала 

тұлғасын және оның өмiр жағдайларын тереңдей бiлiп, мұны 

оқушы дамуын басқаруда орынды қолдана бiлу әр мұғалiмнің 

мiндетi.  Даралық  бағыттағы  педагогика  –  оқу  мен  тәрбиенің 

мақсаттары және негiзгi мазмұнының жеке оқушыға икемделуiн 

көзге ұстамай, педагогикалық ықпал формалары мен әдістерi 

мүмкіндiгiнше  жоғары  тұлғалық  даму  деңгейiн  қамтамасыз 

ету  үшiн    даралық  ерекшелiктерге  сәйкестендiрiлуi  қажет. 

Даралық  бағыт  әр  оқушының  танымдық  күштерiн,  белсен-

дiлiгiн,  бейiмдiлiгiн  және  дарынын  дамытуға  аса  қолайлы 

мүмкіндiктер  түзуге  жәрдем  бередi.  Мұндай  тәрбиелiк  бағыт 

“қиын”  шәкiрттер, қабiлетi кем оқушылар, сонымен бiрге, да-

муы ауытқулы және кешеуiлдi балаларға мүлде қажет. Жоғары 

деңгейде  дамыған  балалар,  вундеркиндтер  де  осы  бағытта 

тәрбиеленгенi жөн. 

Даралық  бағыты  тәрбиенi  iзгiлендiру  идеясымен  ұтымды 

ұштасады.  Гуманистiк  тәрбие  үшiн  басты  құндылық  –  бар-

ша  жақсы  және  жаман  тараптарымен,  артықшылығы  және 

олқылықтарымен,  тұлғалық  ерекшелiктерiмен  танылған 


83

оқушының  өзi.  Гуманист  педагог  өзiнің  тәрбиелiк  iстерiн 

баланың жеке қызығуларын ескере отырып, атқарады. 

Балалардың даралық ерекшелiктерiн ескеру – өте маңызды,  

тартымды және қажеттi бола тұрса да, сыныпта 20-30 оқушыны 

оқытып,  тәрбиелеп  жатқан  бiр  мұғалiмге  өте  қиын.  Мұғалiм 

қызметi өте ауыр. Балалар әрқилы, бiрi жолдасын өкпелетiп, өз 

қылығына қиналады, iстегенiнің қателiк болғанын сезiнедi. Ал 

екiншi бала, тiптi де қылығына ұялмайды, тек жазадан қорқады. 

Ал  үшiншi  бiреуi  өз  қылығын  ақтап,  жазаның  әдiлетсiз  екенiн 

дәлелдеп бағады. Бiздің тәрбиешiге айтарымыз – баланы түсiн. 

Түсiнсек: әркiмдiкi  өзіне жөн. Ендi қайтемiз? Ендi жүгінетiнiмiз 

–шынайылылық. Екi шындық болмайды. Барша бой ұсынатын 

заңды ережелер бар. Тәрбиешi бұл мәселелерде берік, өзіндік 

пiкiр,  көзқарас  ұстануы  тиiс.  Гуманизм  тек  қайырымдылық 

емес, бұл әдiлдiк, шынайлылық.

Қортындыласақ, әр балада оны басқалардан ерекшелейтiн 

даралық  болады.  Мұндай  даралық  оқушылардың  түйсiгiнде, 

қабылдауында, ойлауында, есiнде, қиялында, қызығуларында, 

икемдiлiгiнде,  қабiлеттерiнде,  темпераментiнде,  мiнезiнде 

көрiнедi.  Даралық  ерекшелiктер  тұлға  дамуына  ықпал 

жасайды. 


84

Өзіңiздi тексеріңiз

1.  Жас кезеңдерiне бөлу деген не?

2.  Жастық кезеңдерге бөлудің негiзi қандай?

3.  Жас ерекшелiктерi деген не?

4.  Жас ерекшелiктерiн ескерудің қажетi неден?

5.  Акселерация мәнi не?

6.  Акселариядан  туындайтын  педагогикалық  мәселелар 

қандай?


7.  Ретрадация деген не?

8.  Тән-дене даму заңдылықтарын түсiндiріңiз.

9.  Жас және рухани даму арасындағы тәуелдiлiк қандай?

10.  Дамудың бiркелкi болмау заңының мәнi қандай?

11.  Қай кезеңдердi дамуға қолайлы (сензитивтi) деп атауға бо-

лады?


12.  Ойлау,  мәселелер  шешу  қабiлетiнің  дамуына  қолайлы 

кезең дәуiрiн атаңыз.

13.  Мектеп жасына дейiнгi балаларда тән-дене ерекшелiктерi 

қандай?


14.  Мектеп  алды  жасындағы  балалардың  әлеуметтiк-рухани 

дамуы қалай жүреді?

15.  Кiшi  мектеп  жасындағы  балалардың  рухани  дамуы  қай 

дәрежеде?

16.  Мектеп алды, кiшi мектеп жасындағы ер балалар мен қыз 

балалардың  тәрбиесiн  бiрдей  жүргізуге  болмауы  нелiк-

тен?

17.  Әр  баланың  жеке  бас  ерекшелiктерi  қандай  болуы 



мүмкін?

18.  Жеке бас ерекшелiктерiн ескеруге байланысты көзқарастар 

қандай?

19.  Кiшi  мектеп  жасындағы  балалардың  психологиялық-



педагогикалық  ерекшелiктерiне  орай  мұғалiм  әрекеттерi 

қай сипатта болуы қажет?



85


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет