2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар


-ТАРАУ  БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫІҚ



Pdf көрінісі
бет8/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33

4-ТАРАУ

 БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕГІ ПЕДАГОГИКАЛЫІҚ 

YДЕРIС

          

Жоспар:

Тәрбие мақсаты

Тәрбие мiндеттерi

Тәрбиенi ұйымдастыру

Педагогикалық үдеріс кезеңдерi

Педагогикалық үдеріс заңдылықтары

Тiрек конспект-сөздік

Тәрбие мақсаты – көзделген тәрбие мүддесi, нақты мiндет-

тер жүйесi.



Мақсат  заңы  –  тәрбие  мақсаты  қоғамның  даму 

қажеттiктерiмен  анықталып,  өндiрiс  тәсiлдерiне,  әлеуметтiк 

және ғылыми-техникалық ілгерілеу қарқынына, педагогикалық 

теория мен тәжірибелік жетiстiк деңгейiне, қоғам, оқу, орында-

ры, мұғалiм және оқушы мүмкіндiктерiне байланысты келедi. 

Мектептің  ең  басты  (идеальная)  мақсаты  -  әр  адамның 

жан-жақты және үйлесiмдi (гармоничное) дамуын қамтамасыз 

ету.

Мектептің  нақты iс-әрекеттiк мақсаты - әрбiр тұлғаның ой-

өрiс, iзгiлiк, көңіл-күй, тән-дене, шығармашылық мүмкіндiктерiн 

ашып, гуманистiк қатынастарын қалыптастыру, жас ерекшелiк-

терiн ескерумен баланың жеке басының жетiлiп, кемелденуiне 

қажет әрқилы шарттар мен жағдайларды түзу.

Тәрбие  мiндеттерi    (құрылым  бөлiктерi)  –  ой-өрiс,  ақыл 

(интеллектуал), тән-дене, еңбек және политехникалық, адам-

гершiлiк-iзгiлiк  (нравственное),  әсемдiк  (эстетическое-эмо-

циональное),  экономикалық,  экологиялық  құқықтық  тәрбие 

түрлері.

Yдерiс – iлгерi қозғалыс, процесс.

Педагогикалық  үдеріс  –  тәрбиешiлердің  әлеуметтiк 

тәжiрибесiнің тәрбиеленушiлердің тұлғалық сапаларына ауы-



86

суы, алдын ала көзделген мақсатқа бағытталып, оқушылардың 

жоспарланған  сапа-қасиеттердің  қалыптасуы  не  өзгеруiн 

қамтамасыз етушi педагогикалық iс-әрекеттер желiсi.



Педагогикалық үдерiстің басты ерекшелiгi – тұтастық.

Педагогикалық нақтама – педагогикалық үдеріс жүріп жа-

татын шарттар мен жағдайларды анықтауға бағышталған зерт-

теу әрекетi. 

Педагогикалық  үдеріс  заңдылықтары  –  оқу-тәрбие 

қызметiнің  басты,  тұрақты  қайталанып  барушы  шынайы  бай-

ланыстары:  педүдерiстегi  байланыс-қатынастар  түрі,  өзара 

тәуелдiлiктерi.



Педагогикалық үдерiстің негiзгi қызметтерi (функции) – 1. 

Бiлiм беру, яғни оқу-танымдық және iс-әрекеттiк тәжiрибе мен 

оларға бағыттаушы сеп-түрткілердi (мотивация) қалыптастыру, 

ғылыми  бiлiм  негiздерi  мен  құндылықты  бағыт-бағдар  және 

қатынастар игеру. 2. Тәрбиелiк, яғни нақты адам қасиеттерiн, 

сапалары мен тұлғалық арақатынастар қалыптастыру, дамыту 

және жетiлдiре түсу.



Педагогикалық      үдеріс    тиiмдiлiгiнің    заңдылықты  

шарттары - 1. Педагогикалық үдерiстің ұдайы қозғалысты (ди-

намичность) болуы. 2. Тұлға дамуының тiкелей педагогикалық 

үдеріспен  байланыстылығы.  3.  Оқу-тәрбие  үдерiсiнiң 

басқарымды болуы. 4. Педагогикалық үдерiсте сезiмдiк, ақыл-

ес  және  тәжірибелік  әрекет-қимылдардың  бiрлікті  iске  асып 

баруы.  5.  Сырттай  педагогикалық  және  iштей  танымдық  iс-

әрекеттердің үйлесiмдi байланысқа түсуi және т.б.

Педагогикалық  үдерiстің  негiзгi  ұйымдасу  және  iске 

асу  принциптерi  –  1.  Тәрбие  тұтастығын  сақтау.  2.  Тәрбие 

үздiксiздiгi.  3.  Мақсат  бағдарлылығы.  4.  Педагогтар  мен 

тәрбиеленушiлердің бiрлiктi әрекеттестiгi. 5. Табиғи сәйкестiктi 

ескеру. 6. Мәдени сәйкестiктi сақтау. 7. Тәрбиенің iс-әрекеттiк 

және  ұжымдық  болуы.  8.  Оқу  мен  тәрбиенің  бiрiздiлiгi  және 

жүйелiлiгi.  9.  Тәрбие  әдістерi  мен  тәсiлдерiн  тәрбие  мақсаты 

мен мазмұнына сәйкестендiрiп бару.

Педагогикалық  үдерiстің  құрылым  бiрлiктерi  –  1. 

Мақсаттық.  2.  Мазмұндық.  3.  Iс-әрекеттiк.  4.  Нәтижелiк.  5. 

Әлеуметтiк, қоғамдық.


87

“Бiз 

де 

мәдениеттi 

елдердің 

жастарындай 

болайық, 

жабыла 

ғылым үйренейiк, елдi алға бастыруға, 

басқалармен  теңестiруге  қызмет 

етейік  …  Дау-шардың  заманы  өттi, 

кеттi, көз ашып, сөз қосатын уақыт 

жеттi. Ел болуды ойласақ, өнер-бiлiмдi 

қуып, әдiлет жолын iздейiк».

   С.Торайғыров

Тәрбие мақсаты

Тәрбие  мақсаты  –  тәрбие  қызметi  бағытталған  соңғы 

нәтиже. Мақсат – бұл барлық күш-қуаттың қосылуымен орын-

далатын болашақ. Қалаған тәрбие – мейлi ол кiшкене бiр елен-

бес  iс  болсын,  мейлi  кең  көлемдегi  мемлекеттiк  бағдарлама 

болсын - қай жағдайда да нақты мақсатты көздейдi; бағытсыз 

тәрбие болмайды. Тәрбиенің мазмұны, ұйымдасуы, формала-

ры мен әдістерi – бәрi мақсатқа тәуелдi келедi. Осыдан, тәрбие 

мақсаты,  мәселесі  педагогикадағы  аса  маңыздылардың  бiрi.  

Өздерiнің iс-әрекетiнде мектеп және тәрбиешiлер неге ұмтылуы 

тиiс,  қандай  нәтижелердi  қолға  кiргiзуi  керек  –  бұл  сұрақтар 

оқу-тәрбие аймағында қай уақытта да өзектiлiгiн жойған емес. 

Тәрбие  мақсаттары  жалпы  және  жеке-дара  болып  бөлiнедi. 

Бiрiншi  жағдайдағы  мақсаттың  көздегенi  барша  адамдарға 

тән  қасиет-сапаларды  қалыптастыру,  екiншiде  –  дара  адам 

тәрбиесiн  көздейдi.  Өрелі  педагогика  жалпы  және  жеке-дара 

мақсаттардың бiрлiгi мен бiрiгiмiн қолдап-қуаттайды.  

Мақсат  тәрбиенің  жалпы  ұмтылыс  бағытын  бiлдiредi. 

Тәжірибелік  iске  асыруда  ол  нақты  мiндеттер  жүйесi  түрінде 

көрiнедi. Мақсат пен мiндеттер өзара бүтiн мен бөлiктің, жүйе 

және  оның  элементтерi  сипатындағы  қатынаста  болады. 

Сондықтан,  тәрбие  мақсатының  мәнi  –  бұл  тәрбие  арқылы 

шешiлетiн мiндеттер жүйесi деген анықтамамен де ашылуы 

мүмкін. Тәрбие мiндеттерi, әдетте, өте көп болады. Олар нақты 

және жалпы түрге жiктеледi. Дегенмен, өз алдына жекеленген 

тәрбиелiк  жүйе  шеңберiнде  мақсат  бiреу.  Бiр  орында,  белгiлi 



88

бiр уақыт аралығында тәрбиенің әрқилы мақсаттарды көздеуi 

мүмкін емес. Мақсат – тәрбиелiк жүйенің сипатын айқындаушы 

элемент. Осы мақсаттарға және оларға жету құрал, шаралары-

на байланысты бiр жүйе екiншi бiреулерiнен ажырайды. 

Қазіргі  заманда  тәрбие  мақсаттарының  және  оларды  iске 

асырушы  тәрбиелiк  жүйелердің  көп  түрлілiгi  қабылданған. 

Бұл  жүйелердің  әрқайсысы  өз  мақсатымен  танылып,  ал  сол 

мақсатты iс жүзiнде орындау белгiлi шарттар мен жабдықтарды 

қажет  етедi.  Мақсаттар  арасындағы  өзгешелiктер  де  шексiз: 

адамның  кейбiр  сапаларындағы  еленбес  өзгерiстерден  онда 

болып  қалатын  түбегейлi  тұлғалық  ауысуларға  дейiн.  Мақсат 

көп түрлілiгi тәрбиенің өте күрделi болатындығының және бiр 

айғағы. 


Тәрбие  мақсаттарының  мән-мағынасы  неде?  Олардың 

басты  ұмтылысы  қоғам  қабылдаған  тәрбиелiк  мұраттарға 

жету. Бiздің бүгiнгi қоғамымыздағы мұрат – бұл кемелденген, 

жан-жақты  және  үйлесiмдi  дамыған  адам.  Ескеретiн  жәйт, 

мақсаттар  идеялдық,  әлi  санадағы  болжамдарға  негiзделiп, 

белгiленгенiмен, олар шындықты, нақты тұрмыстық қажеттiктен 

тәжірибелік iске айналады. Сондықтан, олардың қалыптасуына 

шынайы  себептер  мен  олардың  орындалу  мүмкіндiктерi  өз 

таңбасын  салады.  Мақсаттардың  жалпы  бағыт-бағдарының 

айқындалуына  келесi  жағдаяттар  өз  ықпалын  тигiзедi:  ағза 

жетiлуiндегi  физиологиялық  заңдылықтар,  адамдардың 

психикалық  дамуы,  философиялық  және  педагогикалық 

ойлардың жетiстiгi, қоғамдық мәдениет деңгейi. Педагогикалық 

жүйе мүмкіндiктерi аталғандардың қолдану шеңберiн анықтап 

отырады. 

Тәрбиенің мемлекеттiк жүйесiнде мақсатты белгiлеушi бас-

ты  жағдаят  –  бұл  идеология,  мемлекет  саясаты.  Әлемде, 

мейлi  ең  демократияшыл  болсын,  соның  өзiнде  қалыптасқан 

қоғамдық қатынастарды нығайтуға бағытталмаған, саясат пен 

идеологиядан ажыраған мектеп тәрбиесi мақсаттарын ұстанған 

бiрде-бiр  мемлекет  болмайды.  Мемлекеттiк  емес  оқу-тәрбие 

мекемелерiнде мақсат жеке тапсырыс берушiлердің талапта-

рымен реттеледi, жалпы бағыт-бағдары да солар арқылы бел-

гiленедi.  Бiрақ,  бұлай  болғанның  өзiнде  де  тәрбиенің  ұлттық 

ерекшелiктерi мен салт-дәстүрлерi сақталады. 



89

Соңғы  дәуiрдегi  әлемдiк  педагогикада  тәрбиенің  саясат-

тан, идеологиядан тәуелсiздiк идеясы бой тiктеп келедi. Осы-

дан,  тәрбиенің  мақсаты  жалпы  адамзаттық  өмiр  заңдарына, 

қажеттерiне,  құқықтары  мен  еркiндiгiне  орай  белгiленуi  шарт. 

Бұл  көзқарастан,  адам  мақсатқа  жетудің  құралы  емес, 



тұлғаның өзi – сол мақсат. 

Педагогика  тарихы  -  тәрбие  мақсаттарының  пайда  болуы, 

жасауы, және жойылуының ұзақ та шырғаланды тiзбегi. Осы-

дан,  тәрбие  мақсаттарының  түбегейлi  тұрақты  болмайты-

нын  түсiнемiз,  сондай-ақ,  формальды  дерексiзденген,  барша 

кезеңдер мен халықтардың бәрiне бiрдей қолданымға түсетiн 

мақсаттардың  да  болуы  мүмкін  емес.  Тәрбие  мақсаттары 

қозғалысты,  өзгермелi,  нақты  тарихи  сипатқа  ие.  Тәрбие 

мақсаттары жол-жөнекей, кездейсоқ,  өзінен- өзi немесе жеке 

адамдардың тiлек-ниетiмен пайда болмайды. Қоғамдық даму 

тарихының айғақтағанындай, тәрбие мақсаттары бiрнеше өте 

маңызды себептермен орайлас. Тәрбие мақсаттарын таңдауда 

және оларды белгiлеу мен iске қосуда табиғаттың, қоғамның, 

адамның шынайы даму заңдылықтарын арқау ету мiндеттi. 

Тәрбие мақсаттарын таңдауға ықпал жасайтын жағдаяттар 

қандай  болуы  мүмкін?  Жоғарыда  ескерiлген  саясат,  мемле-

кет  идеологиясы  сияқты  танымал  шарттарға  қосымша  аса 

маңызды  болып  келетiндерi  қоғам  қажеттiктерi.  Тәрбие 

мақсаты әрдайым өсiп келе жатқан әулеттi қоғамдық, өндiрiстiк, 

отбасылық  қызметтердi  орындауға  дайындық  болған  қоғам 

қажеттiгiне  орайлас  белгiленедi.  Қоғам  қажеттiгi  өндiрiс 

тәсiлдерi, яғни өндiрiс күштерiнің даму деңгейi және өндiрiстiк 

қатынастардың сипатына тәуелдi. Сондықтан, тәрбие мақсаты 

негiзiнен қоғам дамуындағы жетiстiк деңгейге сай болып, сол 

деңгеймен  белгiленiп,  өндiрiс  тәсiлдерiнің  өзгеруiмен  ауы-

сып барады. Тәрбиенің мақсаты мен сипаты әрдайым белгiлi 

қоғамдық-экономикалық сатыға тән болған өндiрiс күштерiнің 



даму деңгейiне және экономикалық өндiрiс қатынастарының 

типiне сәйкес болады. 

Өндiрiс  тәсiлдерiнен  басқа  тәрбие  мақсатына  ықпал  жа-

саушы  жағдаяттар  да  баршылық.  Олардың  арасында  - 

ғылыми-техникалық және әлеуметтiк даму қарқыны, қоғамның 

экономикалық  мүмкіндiктерi,  педагогикалық  теория  мен 



90

тәжірибенің даму деңгейi, оқу-тәрбие мекемелерi, тәрбиешiлерi 

және  мұғалiмдерiнің  мүмкіндiктерi,  т.б.  –  тәрбиеге  өз  әсер-

ықпалын  тигiзiп  отырады.  Тәрбие  мақсаттары  төңірегiндегi 

күрес  ежелгi  дүниеден  басталған.  Ежелгi  ойшылдар  тәрбие 

мақсаты  қайырымдылық  (добродетель)  болуы  тиiс  деген-

дi  қолдаған,  бiрақ  ненi  қайырымдылыққа  санау  қажет  –  бұл 

бойынша пiкiр қайшылығы бар. Платон – ақыл, ерiк және сезiм 

тәрбиелеудi басты назарына алған. Аристотель болса: ерлiк 

пен  шыдамдылық,  қанағатшылдық  пен  әдiлдiк,  жоғары  пара-

сатты және моральдық тазалық тәрбиесiн дәрiптеген. 

Я.А.  Коменский  –  тәрбиенің  күшiне  шексiз  сенген,  өзiнің 

“Аналық  мектебi”  шығармасына  эпиграф  етiп,  Цицеронның 

келесi  сөздерiн  алған:  “Бүкiл  мемлекеттің  негiзi  –  жастардың 

дұрыс тәрбиесiнен”. Ұлы ғұламаның пiкiрi бойынша әрқандай 

тәрбие  үш  мақсатқа  орай  белгiленуi  тиiс.  Олар  –  өзiн  және 

қоршаған дүниенi тану (ақыл тәрбиесi), өзiн- өзi басқара бiлу 

(инабаттық  тәрбиесi)  және  Аллаға  ұмтылыс  (дiни  тәрбие). 

Ағылшын философы және педагогы Дж. Локк пайымдауынша, 

тәрбиенің басты мақсаты - өз iстерiн “даналық және парасат-

пен  жүргізе  алатын”  адам  –  джентельмен.  Бұл  джентельмен, 

сонымен бiрге, iскер де ынталы, өте ақылды және тәжірибелік 

бiлiмдермен  қаныққан  азамат  деңгейiнде  тәрбиеленуi  қажет. 

Француз материалистi К.Гельвеций тәрбие негiзiне “бiртұтас 

мақсат” алынғаны дұрыс деп бiлдi. Бұл мақсат қоғам игiлiгiне, 

яғни қауымның көптеген мүшелерiнің – азаматтардың бақыты 

мен жоғары қанағатына бағытталуы тиiс. Ал тәрбиешiнің мiн-

детi – “сол азаматтардың жүрегiн iзгiлiкке, ал олардың ақылын 

шындыққа  бұра,  ашып,  нәтижеде  –  оларды  парасатты  да 

сезiмтал  адам  сипатында  тәрбиелеу.  Сонымен,  елжандылар 

қалыптастыру, азаматтар санасында жеке бас жақсылығы мен 

бүкiл ұлт игiлiгiн мықтап бiрiктiру. 

Ж.Ж.  Руссо  тәрбие  мақсаттарын  жалпы  адамзаттық 

құндылықтар  тұрғысынан  пайдалану  қажеттiгiн  баса  айтқан. 

Адам  дүниеге  әлсiз  әрi  қорғансыз  келетiндiктен  оған  тәрбие 

қажет.  Осыдан  тәрбиенің  мiндетi  –  адамды  жасау.  “Мен  өз 

тәрбиемдегi баланы, өмiр сүру кәсiбiне үйреткiм келедi; менің 

қолымнан шыққан бала – сот та, сарбаз да, молда да болмайды: 

ол ең алдымен адам болады. Адам қандай болуы қажет болса, 


91

ол  сол  дәрежеге  көтерiле  алады,  қажет  болған  жағдайда,  … 

қаншама тағдыр-тәлкегiне түссе де, ол барлық уақытта өзiнің 

адамгершiлiк деңгейiнен жарқырап көрiне бередi”. 



И.  Песталоцци,    швейцар  педагог-демократы,  тәрбиенің 

түбегейлi  мақсаты  –  табиғаттан  берiлген  адам  қабiлеттерiн 

және  дарынын  дамыту,  оларды  ұдайы  жетiлдiрiп  бару  және 

сонымен “адам күштерi мен қабiлеттерiнің үйлесiмдi дамуын” 

қамтамасыз ету. 

Тәрбиеге  немiс  философы    И.  Кант    үлкен  сенiм  артып, 

оның  мақсаты  –  баланы  ертеңгi  күнге  дайындау  деп  бiлген: 

“Балаларды  бүгiнгi  күнге  емес,  болашаққа,  мүмкін  болар, 

адамзат  қауымының  шуақты  күндерi  үшiн  тәрбиелеу  қажет”. 

Кант iзбасары немiс педагогы Ф.Рейн бұл мақсатты нақтылай 

келiп: “Тәрбиешi өз әлпешiндегi баладан шынайы жақсы адам, 

татымды болғанның бәрiн зейінiмен қабылдап, өз халқы үшiн 

пайда келтiре алатын, ақкөңіл де адал, дiни сенiмi мол нағыз 

азамат қалыптастыруы мiндеттi”- деген. 

Немiс  педагогы    И.  Гербарт    тәрбиенің  мақсаты  – 

адамның  жан-жақты  қалыптасуына  бағытталған    көп  тарап-

ты қызығуларын дамыту, – деп бiлдi. Тәрбие мұраты (идеал) 

-  қайырымды  адам.  Осы  мақсатты  мәңгі  де  бұлжымайтын 

сипатта  бағалай  отырып,  Гербарт  қалыптасқан  қатынастарға 

икемшiл, белгiленген құқықтық тәртiптi сыйлайтын адамдарды 

тәрбиелеудi көзде ұстады. 

Қазақтың ұлы ғұлама-ағартушысы А.Байтұрсынұлы жеке 

адамды  тәрбиелеу  мақсатын  қоғамдық  мұраттармен  бай-

ланыстыруды  дәрiптеген:  “Жастардың  оқу-тәрбие  жұмысы 

түзелмей, жүрт iсi түзелмейдi … Ай мен күндей, әмбеге бiрдей 

бiлiм – көп ортасындағы мүлiк, онан сыбаға ала алғандар алып 

жатыр, ала алмағандар, құр қалып жатыр…”.

Орыс  социал-демократтары  тәрбие  мақсаттары  жөнiнде 

өз  пайымдарын  әлемге  паш  еттi.    Бұлардың  арасында  ХIХ 

ғасырдың 40-жылдары  В. Г.  Белинский  басыбайлылық және 

патша  құрылымымен  күрескерлердi  тәрбиелеу  жөнiнде  жаз-

ды. А. И. Герцен  тәрбиенің мақсаты – еркiн, iскер, инабатты, 

жан-жақты  дамыған,  қоғамдық    қатыгездiкпен  күреске  дайын 

тұлғаны дайындау деп түсiнген. Н. Г. Чернышевский  тәрбие 

алдына iзгiлiктi мақсат қойды: қоғамшыл, жоғары мұратты, тура 


92

да адал, жеке бас қамын қоғам талаптарымен үйлестiре бiлген 

белгiлi дәрежедегi ұнамды өзімшілдігі бар адамды дайындау. 

Тәрбиелi адам – бұл ең алдымен инабатты, iзгiлiктi адам. Бұл 

тұрғыдан К. Д. Ушинский: “Тәрбиенің басты мiндетi адамгер-

шiлiк ықпал жасау. Бұл ықпал жалпы ақыл дамуынан да, бiлiм 

қорын жинақтаудан да маңыздылау” – деп тұжырымдаған. 

Жоғарыда  келтiрiлген  мысалдардан  тәрбие  мақсатының 

жалғыз болмағанын, әлi де болмайтынын байқаймыз. Тәрбие 

мақсаты  -  тәрбиелi  адам,  ол  қандай  болуы  тиiс  деген  шексiз 

даулы  мәселелер  тоғысында  дүниеге  келедi.  Жүйелi  тәрбие 

мақсаты  бастауыш  мектептің  қабырғасынан  орындала  бас-

тайды.  Тәрбиенің  қандай  сипатта  болатыны,  оны  тәрбиешi 

қалай  түсiнедi  және  бағыттайды,  ол  балалар  түсiнiгi  мен 

қабылдауына  қалайынша  ендiрiледi  –  тәрбие  нәтижесiн 

айқындаушы  сұрақтар.  Осы  сұрақтардың  ұтымды  шешiлуiне 

бiздің  қоғамымыздың  ертеңгi  азаматтарының  кейiп-келбетi 

тәуелдi келедi. 

Тәрбиенің  бұлжымас  мақсаттарының  арасында  арман 

тектес,  тәрбиенің  ең  жоғарғы  мұраты  –  дүниеге  келген  әрбiр 



адамды  жан-жақты  және  үйлесiмдi  дамумен  қамтамасыз 

ету.  Бұдан  тұлғаның  барша  тараптарын  –  дене,  ақыл,  еңбек 

ептiлiктерi  мен  дағдыларын  және  с.с.  бiрдей  қалыптастыру 

қажеттiгiн түсiнемiз. Сондай-ақ, бұл сапалардың бәрi үйлесiмдi 

қостасып,  дамудағы  барша  адам  қасиет  сапаларының  бiрде-

бiреуiнің кешеуілдемеуiн қамтамасыз етуi қажет. Бұл пiкiр Қайта 

тiктелу  дәуiрiнің  философтары  мен  педагог  гуманистерiнің 

еңбектерiнде нақтыланған, бiрақ бұл мақсат түп тамыры ежелгi 

философиялық  iлiмдерден  бастау  алады.  Әрқилы  замандар-

да жан-жақты үйлесiмдi даму түсiнiгi әрқандай мән-мағынаны 

аңдататын болған. 

Қайта  тiктелу  заманының  педагог-гуманистерi  Ф.Рабле, 

М.Монтень  жан-жақты  даму  мазмұнына  тән  сұлулығын  да 

қосып, оны өнер, музыка, әдебиет туындыларынан ләззат алу 

деп бiлген. Мұндай тәрбие тек қана таңдаулылардың қалауы 

болмай, кең қауым арасында да жүргізілуі тиiс деп есептеген. 

Социалист – утопистердің (Т.Мор, Т.Кампанелла, Р.Оуэн, К.Сен-

Симон,  Ш.Фурье)  педагогикалық  көзқарастарында  жан-жақты 

үйлесiмдi  даму  идеясы  басқаша  бағыт  алды.  Олар  өндiрiс 


93

құралдарына  жекеменшiктен  құтылу  жағдайларындағы  тұлға 

қалыптастыру  мұраттарын  алға  тартты,  ең  алғашқылардың 

бiрi болып жан-жақты даму үдерісiне еңбектi қосып, тәрбиенi 

сол еңбекке негiздедi. ХVIII ғасырдағы француз ағартушылары 

К.Гельвеций, Д.Дидро бұл идеяны жалғастыра түсiп, жан-жақты 

даму  түсiнiгiне  ақыл  және  адамгершiлiк  жетiлдiру  ұғымдарын 

қосты. 

Орыс 


революционер-демократтары 

А.И.Герцен, 

В.Г.Белинский  және  Н.Г.Чернышевский  халықты  жан-жақты 

тәрбиелеу  мәселесі  тек  қана  революциямен,  экономикалық 

және  саяси  езу  жойылғаннан  соң  ғана  толығымен  шешiлуi 

мүмкін  деген  тоқтам  айтты.  Жан-жақты  үйлесiмдi  дамыған 

тұлғаны қалыптастыру идеясы жалпы тәрбие мақсаты ретiнде 

дүниедегi ең бiрiншi социалистiк мемлекеттің (ССРО) –мемле-

кеттiк  саясаты  ретiнде  жарияланды.  Осы  мемлекеттің  барша 

тарихында  мақсат  бiрде  тайқыған  жоқ.  Бұл  мақсаттан  қазiргi 

күнде бiзде қашпаймыз, дегенмен, шынайы себептерге орай, 

оны  бiршама  тарылтып,  нақты  орындалуы  мүмкін  аумақта 

нақтылаймыз. 

Сонымен,  жетiлген,  жан-жақты  және  үйлесiмдi  дамыған 



адам – тәрбиенің ең жоғары мұраты. Бұл мақсат адамзаттың 

ең алдағы даналарының ойынан туындаған. Олардың адамға 

және тәрбиенің жойқын қуатына деген сенiмiнен пайда болған. 

Әлбетте, бұл өте алыстағы да, жоғары да мақсат. Осы мақсаттың 

социалистiк  қоғамда  да,  басқа  да  әлеуметтiк  дүниеде  толық 

көлемде  орындалмағанын  ескерiп,  одан  бас  тарту  керектiгiн 

немесе,  тым  болмаса,  оны  қарапайымдастырып,  тарылту 

қажеттiгiн айтады. Ал ендi осы ұлы мұрат – мақсатқа балама 

болатындай не бар? 

Мектептің өткен жолы – айнадағыдай ел тарихын айнытпай 

бейнелейдi. Бұл жолда үлкен табыстар да, орасан жеңiлiстер 

де  мол  болды.  80-шi  жылдардың  ортасындағы  мектеп 

жағдайы  бiр  партиялы  әкiмшiл-әмiршiл  жүйемен  құрылған 

қоғамның дағдарыс қалпына тура келдi. Кейiн бұл күйзелiстің 

басты  себебiн  мектептi  қоғам  мүддесiне    байлап,    тұлғаның 

өз    қажеттерiнің    дамуына    зиян    келтiрген    социализмнің  

маркстiк-лениндiк  тұжырымдарының  бұрмалануынан  деген 

пiкiр орнықты. 1985 жылдың сәуiр айынан басталған қоғамдағы 

қайта құрулар бұл қарама-қарсылықтың бетiн ашты, тәрбиенің 

бiр тараптылығының қажетсiздiгiн көрсетiп, оқу-тәрбие үдерісін 



94

адамға, оның толыққанды дамуы мен жеке жоспарлары және 

өмiрлiк  ниеттерiнің  iске  асуына  жағдайлар  түзудi  талап  еттi. 

Бiрақ  кеш  болды.  Қайшылықтардың  күрделенгенi  соншама, 

дағдарыс өте тереңге құлдилады. Нәтижеде, қоғам дамуының 

iргетасын  жаңадан  қайта  қалап,  сонымен  бiрге  тәрбиелiк 

тұжырымдарды  да  түбегейлi  жаңалау  басталды.  Бүгiнгi 

таңда  белгiленген  демократиялық  өзгерiстердi  iске  асыру,  ең 

алдымен, осы тәрбиеге байланысты болып отыр. 

Мемлекеттің  бюрократтық  мекемесiне  айналған  мектептің 

ең  үлкен  кемшiлiгi  –  жалпы  орташа  теңдестiруге  тап  қылған 

тәрбиенің  бiр  сипаттылығы  (унификация)  едi.  Бiрдейлiк  пен 

бiр  ой  құрсауында  болудан  оқу  орындары,  мұғалiмдерi  мен 

оқушылары өзiндiк даму, өзiндiк айқындалу және өзiндiк жетi-

лу  мүмкіндiктерiнен  айырылды.    Алғашқыда  мұрат  болған 

ұлы мақсат тарылып, өз мән-мағынасынан ажырады. Осының 

салдарынан  балалар  мектептен,  мұғалiмнен  жерiп,  оқу  мен 

тәрбиенің сапасы кемiдi, қанағаттанбаушылық арта түстi. Ендi 

тәрбиелiлiк  пен  бiлiмдiлiктің  де  бағасы  кеттi,  қоғамның  ақыл-

ес  және  инабаттық-рухани  дағдарысы  белең  алды.  Әміршіл-

әкімшіл педагогика өз жемiсiн “тойлады”. Шынайы алға қарай 

қозғалысты  ұрандата,  оза  жортумен  ауыстырып,  саясат  мек-

теп  алдына  қоғамдық  дамудың  осы  кезегiнде  орындалуы 

мүмкін  болмаған  мақсаттарды  (жаппай  орта  бiлiмдiк  оқу,  6 

жастағылардың оқуы т.т.), немесе жалпы орта бiлiм берушi мек-

тепке тән болмаған қызметтердi (оқушыларды жаппай кәсiптiк 

дайындықтан өткiзу), яғни ауқымы қоғам мүмкіндiктерiне сый-

майтын, ойсыз, саналы қабылданбаған мақсаттарды белгiледi. 

Барлық аймақтарда ендiрiлуi көзделген бұл мақсаттар ғылыми 

тұрғыдан  да,  қажеттi  қаржылық,  мамандар  және    басқа  да 

қажеттiлiктермен қамтамасыз етiлмедi. 

Тәрбие  мақсаттарын  орындауда,  яғни  жан-жақты  және 

үйлесiмдi  дамыған  тұлғаны  қалыптастыруда  –  кезiккен 

қиыншылықтар  мен  қателiктер  жалпы  бiлiм  берушi  мектептің 

мiндеттерiн бiршама тарылтып, оларды қайта қарастыру және 

нақтылауды талап еттi, бiрақ мақсаттың өзiн ауыстыруға бара 

алмады. Жан-жақты және үйлесiмдi тәрбие орнына ақылға сай 

балама табылмады. Ол бұрынғыдай мұрат күйiнде сақталады, 

жiберiлген  қателiктердi  ескерумен  бүгiнгi  жаңа  мектеп  осы 


95

мұратқа жету жолында өз қызметiн жаңадан бастайды. Бұл үшiн 

тек саналы ұйым мен бүкiл қоғамның қолдауы ғана қажет. 

Қазіргі  заман  мектебiндегi  мақсаттар  сипатының  ауысуы 

ең  алдымен  адам  мүддесiн  көздегендiктен.  Сол  мүдденің 

өзiндiк  iске  асуы  үшiн  жағдайлар  жасалуда:  құндылықты 

бағыттар жүйесi қайта түзiлуде, ең алдымен тұлға қажеттерiн 

қанағаттандырып, оның табиғи және рухани мүмкіндiктерiн iске 

асырудың алғышарттары түзiлуде. 

Бүгiнгi  күнгi  орта  жалпы  бiлiм  берушi  мектептің  басты 

мақсаты  –  тұлғаның  ақыл-ой,  адамгершiлiк,  көңіл-күй  және 

дене  дамуына  жәрдем  берiп,  баланың  жас  ерекшелiктерi-

не  орай  даралығының  гүлдене  түсуi  үшiн  әрқилы  жағдайлар 

және  шарттармен  қамтамасыз  ету.  Тұлғаны  дамыту  талабы 

– мектептің жалпы мақсатына: оқушыларда саналы азаматтық 

көзқарас баулу; өмiрге, еңбекке, әлеуметтiк шығармашылыққа 

дайындау,  демократиялық  өзiндiк  басқарым  мен  ел  және 

өркениет  тағдырына  жауапкерлi    болу  сынды  “адамилық  си-

пат” қосу. Дұрыс бағыттағы тәрбиеде мақсаттар бiрiздiлiгi мен 

жалғасы сақталуы тиiс. Әрқандай ел, соның iшiнде Қазақстан 

да  өзiнің  тарихи  қалыптасқан  ұлттық  жүйедегi  тәрбиесiне  ие. 

Оны қандай да басқасымен ауыстыру мағынасыз. Ал жетiлдi-

ру, дұрыс қорытындылар мен қуаттау әбден керек, тұлға және 

қоғам  алдынан  шыққан  жаңа  мақсаттар  мен  құндылықтарға 

сәйкестендiрiп, жүйенi дамыта түсу парыз. 

Сонымен, жаңаланған мектеп адамзат даналары белгiлеген 

жан-жақты және үйлесiмдi адам дамыту мақсатын жалғастыра 

түседi. Бiрақ ол мақсат бұл күнде орынды ауқымда және iскер-

лiкпен  белгiленуде,  яғни  бүгiнгi  мектептің  мiндетi  –  тұлғаның 

ақыл, адамгершiлiк, көңіл-күй және дене дамуына жәрдемдесу, 

оның  шығармашылық  мүмкіндiктерiнің  ашылуына  қолдау 

көрсету, iзгiлiк қатынастарын қалыптастыру, жас ерекшелiктерiн 

ескере  отырып,  баланың  даралық  қабiлеттерiнің  өркендеуiне 

жағдайлар жасау. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет