2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар


-ТАРАУ БАСТАУЫШ МЕКТЕП  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ



Pdf көрінісі
бет6/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

3-ТАРАУ

БАСТАУЫШ МЕКТЕП  ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ

ЖАС  ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

Жоспар:

Жастық кезеңдер ретi

Мектеп жасына дейiнгi балалардың дамуы

Кiшi мектеп жасындағы балалардың дамуы

Даму теңсiздiгi

Жеке-дара ерекшелiктердi ескеру

Тiрек конспект-сөздік

Жас  кезеңдерiне  бөлу  (периодизация)  –  Жас  ерекшелiк-

терiн айыру.



Жас ерекшелiктерi (особенности) – Нақты өмiр сатылары-

на  тән  анатомиялық-физиологиялық  және  психикалық  сапа-

қасиеттер.

Жас кезеңдерi – 1. Сәбилiк (өмiрдің алғашқы бiр жылы). 2. 

Мектеп алды дейiнгi жас (1 жастан 3 жасқа дейiн). 3. Мектепке 

дейiнгi жас (3 жастан 6 жасқа дейiн). Бұл аралықта а) кiшi мек-

тепке дейiнгi  жас (3-4  жас), б) орта мектепке дейiнгi жас (4-5 

жас),  в)  үлкен  мектепке  дейiнгi  жас  (5-6  жас).  4.  Кiшi  мектеп 

жасы (6-10 жас). 5. Орта мектеп жасы (10-15 жас). 6. Жоғары 

мектеп жасы (15-18 жас). 

Жас ерекшелiктерiн есепке алу (учет) – Негiзгi педагогика 

принциптерiнің бiрi.



Акселерация  –  Балалық  және  жасөспiрiмдiк  жастағы  тән-

дене және кей жағдайлардағы психикалық сапалардың шектен 

тыс қарқынды дамуы.

Ретрадация  –  Келеңсiз  нәсiлдiк  аурулар  мен  қолайсыз 

экологиялық  жағдайлардың  әсер  етуiнен  болатын  баладағы 

тән-дене, рухани дамудың кешеуiлдеуi.

Жастық даму заңдылықтары – 1. Жастық шақта адамның 

тән-дене  дамуы  тез  әрi  қарқынды  жүріп  жатады.  2.  Тән-дене 

дамуы бiркелкi болмайды, бiр кезеңде жылдам дамыса, екiншi-


60

де – тым баяулап кетедi. 3. Адам денесiнің әрбiр ағзасы  өзіне 

тән қарқынмен дамып барады, тұтастай дене бөлiктерiнің да-

муында теңдестiк пен сәйкестiк болмайды. 4. Адам жасы мен 

оның рухани дамуы өзара керi тәуелдiлiк байланыста (обрат-

нопропорциональная зависимость). 5. Адамның рухани дамуы 

бiрде  қарқынды,  жедел  болса,  әлде  бiр  жағдайда  баяу  хәлге 

түседi. 6. Даму барысында кейбiр психикалық сапа-қасиеттер 

мен  мүмкіндiктердің  қалыптасуы  үшiн  тиiмдi  жас  кезеңдерi 

(сентизивные периоды) болады.



Жеке  бас  (индивидуальные)  ерекшелiктерi  –  Баланың 

түйсiну, қабылдау, ойлау, ес, қиял, қызығу, бейiмдiлiк, қабiлет, 

темперамент, мiнез бiтiстерiндегi өзiндiк сапа белгiлерi.

Мектепке дейiнгi жас кезеңнің соңына қарай  – 1. Қоғамдық 

мәндi iс-әрекетке ұмтылыс байқалады. 2.  Өз әрекет қылығын 

басқару қабiлетi дамиды. 3. Қарапайым қорытындылау ептiлiгi 

қалыптасады. 4. Тiлi жетiледi. 5. Басқалармен өзара байланыс, 

бiрлiктi iс-әрекетке түсе алады.

Бастауыш 

мектеп 

оқушыларының 

психика-

педагогикалық ерекшелiктерi – 1. Жүйке жүйесi жетiле түседi. 

Психикасы  жедел  дамуға  келедi.  Тежелу  кемде  де,  қозуы 

күштi.  2.  Танымдық  iс-әрекетi  тiкелей  оқумен  байланысты.  3. 

Қабылдау тұрақсыз, ұйымдаспаған, көрнекi қызығушылық ба-

сым.  4.  Зейiнi  ырықсыз,  тұрақтылығы  кем,  шектелген.  5.  Ой-

лауы бастапқыда көңіл шарпуы (эмоция) мен бейнелi негiзде, 

кейiн дерексiз (асбстракция) – логикалық кейiпке келе бастай-

ды, тiл дамуымен бiрге жүреді. 6. Есi (память) қызықты, нақты, 

жарқын материалға бейiмдеу, көрнекi-бейнелi сипатқа ие. Есiн 

толығымен  қажетiне  пайдаланып,  оқу  мiндеттерiн  атқаруға 

қолдана  алмайды.  7.  Кiшi  мектеп  жасы  iзгiлiк,  адамгершiлiк 

сапаларды баулауға ең қолайлы кезең. 8. Өзiн-өзi мақтау мен 

басқалар  мадағын  жақсы  көредi.  9.  Ой-көңіл  дүниесi  сырт-

тай  әрекет-қылығынан  анық  көрiнедi.  10.  Бала  еңбегiн  ойын 

үдерісiмен байланыстыра ұйымдастырған ұтымды.


61

Мектеп  жасына  жеткен  бала  өзiнің  осы 

кезеңдегi  сапа-қасиеттерiмен  бұған  дейiн 

мүмкін болмаған қандай да жаңа оқу айналы-

мын бастауға қабiлеттi. 

                              



Л.С. Выготский

Жастық кезеңдер ретi

Тән-дене,  сондай-ақ  ақыл  дамуы  адамның  жастық 

кезеңдерiмен тығыз байланыста екендiгi ежелгi дәуiрден белгiлi 

болған. Бұл  өзінен-өзi айқын шындық дәлелдi қажет етпейдi: 

адам неғұрлым ұзақ өмiр сүрсе – бойы өседi, денесi қатаяды, 

жастың келуiмен даналық қонады, тәжiрибе топталады, бiлiм 

қоры ұлғаяды. Әр жас кезеңiнің  өзіне тән дене, психикалық 

және әлеуметтiк даму деңгейi болады. Әлбетте, бұл сәйкестiк 

жалпы  және  тұтастай  жас  кезеңдерiне  тура  келедi,  ал  нақты 

адамның  дамуы  қандай  да  ауытқулармен  қабаттаса  жүруi 

мүмкін. Даму үдерісін дұрыс басқару үшiн педагогтар ертеден-

ақ, адам өмiрiнің кезеңдерiн белгiлi уақыт топтарына жiктеуге 

тырысқан. Бұл iспен өз замандарында ғалым-педагогтар: Ко-

менский, Штрац, Бюллер, Горлок, Левитов, Эльконин, Пршиго-

да, Ванек, Шванцара және т.б. айналысып, жастық кезеңдерге 

бөлiстiрудің  бiрнеше  ондаған  сұлбасын  ұсынған.  Солардың 

iшiнде педагогтардың көпшiлiгiнің қолдауын тапқан бiр сұлбаға 

назар аударайық. 

Кезеңге бөлiстiру жас ерекшелiктерiне негiзделедi. Жастық 

ерекшелiктер  –  деп  нақты  өмiр  дәуiрiне  тән  анатомиялық, 

физиологиялық  және  психологиялық  сапаларды  атаймыз. 

Жастық ерекшелiктер мәнi адамның тән - дене дамуынан айқын 

көрiнедi.  Бойдың  өсуi,  салмақ  қосылуы,  алғашқы  тiстердің 

пайда  болуы,  кейiн  олардың  түсiп,  ауысуы,  жыныстық  жетiлу 

және басқа да биологиялық үдерiстер елеусiз ауытқуларымен 

әртүрлі жас кезеңдерiнде жүріп жатады. Адамның биологиялық 

және  рухани  дамуы  өзара  тығыз  байланыста  болғандықтан, 

психикалық  аймақтағы  өзгерiстер  де  белгiлi  жас  кезеңдерiне 

сәйкес  келедi.  Биологиялық  өзгерiстер  сияқты  қатаң  белгiлi 

бiр  жас  кезеңiне  сәйкес  болмаса  да,  әлеуметтiк  пiсiп-жетiлу 


62

көрiнiс бередi, тұлғаның рухани даму динамикасы да өз кезе-

гiмен  орындалып  жатады.  Осылардың  бәрi  адам  дамуы  мен 

оның жастық кезеңдерiн белгiлi сатыларға бөлуде табиғи негiз 

қызметiн атқарады. 

Дамудың  толық  кезеңдестiгi  (периодизациясы)  адамның 

бүкiл  өмiрiн  белгiлi  дәуiрлерiмен  қоса  қамтиды.  Ал  шама-

лап  (частичные)  сатыларға  бөлу  нақты  ғылым  саласын 

қызықтырған  өмiрдің  бiр  бөлiгiн  өз  iшiне  алады.  Бастауыш 

мектеп педагогикасын баланың мектепке дейiнгi және кiшi мек-

теп  жасындағы  өмiр  және  даму  кезеңдерi  қызықтырады.  Бұл 

баланың туылғанынан он, он бiр жасқа дейiнгi өмiр аралығы. 

Психология  аймағында  да  балалардың  психикалық  даму 

кезеңдерiн  айырады,  бiрақ  психологиялық  кезеңдерге  бөлу 

педагогикалық жас кезеңдерiмен бiрдей сәйкес бола бермейдi, 

себебi психика дамуы ананың жатырында басталады, ал бала 

тәрбиесi оның дүниеге келген мезетiнен басталады. Бала да-

муы ерекшелiктерiн әр жас кезеңiне байланыстыра түсiну үшiн 

төмендегi салыстырма кестеге назар аударыңыз:

Психологиялық  кезеңдер

Педагогикалық кезеңдер

1. Ана жатырындағы кезең  

1. Сәбилiк 

(өмiрдің бiрiншi жылы)

2. Дүниеге келу кезеңi  

(өмiрдің алғашқы 6 аптасы)              

2. Бала-бақшаға дейiнгi жас кезеңi 

(1-ден 3 жасқа дейiн )

3. Емiзу кезеңi 

(1 жасқа дейiн)  

3. Мектепке дейiнгi жас кезеңi

(3-6 жасқа дейiн)

4. Еңбектеу кезеңi 

(1-3 жасқа дейiн) 

Кiшi мектеп алды жас кезеңi

(3-4 жас аралығы)   

5. Мектеп алды жас кезеңi  

(3-6 жасқа дейiн)

Орта мектеп алды жас кезеңi 

(4-5 жас аралығы) 

6. Кiшi мектеп жасы  (6-11 жас)

Жоғары мектеп алды жас кезеңi    

(5-6 жас аралығы) 

7. Жыныстық жетiлу кезеңi  (11-15 

жас)     

4. Кiшi мектеп жас кезеңi 

(6-10 жас аралығы)

8. Бозбалалық жас 

  (15-20 жас)

5. Орта мектеп жас кезеңi 

 (10-15 жас аралығы) 

6. Жоғары мектеп жас кезеңi

(15-18 жас аралығы).


63

Педагогикалық  кезеңдерге  бөлудің  негiзiн,  бiр  жағынан, 

дене және психикалық даму сатылары құраса, екiншi жағынан, 

бұл тәрбие жүріп жатқан жағдайларға байланысты келедi. 

Жүйке-жүйесiн  және  дене  мүшелерiн  бiрiктiрген  ағзаның 

биологиялық пiсiп жетiлуi және онымен бiрге жүретін танымдық 

қабiлеттердің  даму  сатылары  өз  бетiнше  жасайтын  шынайы, 

табиғи құбылыс болса, ал саналы құрылған тәрбие үдерісi жас 

кезеңдерi  ерекшелiктерiне  икемдесуi  және  оларға  негiзделуi 

қажет.  Педагогикада  дамудың  жастық  сатыларын  мойында-

мау  әрекеттерi  де  болған.  Тiптi,  орайлас  әдістеме  табылса, 

қалаған  3-4  жастағы  баланы  жоғары  математикаға,  басқа  да 

дерексiз (абстракт) түсiнiктерге үйретiп, кез-келген әлеуметтiк  

тәжiрибенi, бiлiмдердi, тәжірибелік ептiлiктер мен дағдыларды 

игертуге  болады  деген  теориялар  да  пайда  болған.  Бiрақ 

бұл мүмкін емес. Бәлкiм, бала өте күрделi сөздердi де дұрыс 

айтуға  үйренер,  бiрақ  оның  мағынасын  ұғуға  оған  әлi  ерте. 

Жас  кезеңдерi  шектеулерiн  осы  күнгi  балалардың  шапшаң 

дамуы  мен  олардың  сөздік  және  түсiнiк  қорының  кеңдiгiмен 

шатастыруға  болмайды.  Бұл  құбылыс  әлеуметтiк  дамудың 

жеделдеуiмен,  әрқилы  ақпараттық  дерек  көздерiне  кең  жол 

ашылуымен,  балалардың  көп  нәрседен  хабардар  болуымен 

түсiндiрiледi. Даму үдерiсiнің жеделдеу мүмкіндiктерi кеңеюде, 

бiрақ  шексiз  емес.  Жас  кезеңi  дамуды  мезгiлiнен  тыс  жазды-

рып  жiбермей,  өз  билiгiн  таңады.  Бұл  саладағы  ықпал  жа-

саушы  заңдылықтар  даму  мүмкіндiктерiнің  шама-шарқын 

белгiлеп  бередi.  Оқу-тәрбие  жұмысында  балалардың  жас 

ерекшелiктерiн  ескерудi  өз  заманында  Я.А.Коменский  талап 

еткен.  Әр  нәрсенің  табиғатта  өз  мезетiнде  болатынындай, 

тәрбие  де  өз  кезегiмен  –  уақытында  және  ретiмен  алып  ба-

рылуы тиiс. Сол жағдайда ғана адамға iзгiлiк сапалар табиғи 

жұғысты  келiп,  ақыл  есiнің  жетiлуiне  байланысты  ол  болмыс 

шындығын  толық,  мән-мағынасымен  түсiнедi.  “Игерiлуi  қажет 

болғандардың  бәрi  жас  сатыларына  сәйкес  бөлiнiп,  әр  жас 

кезеңiне  түсiнiктiлерi  ғана  оқып-үйрену  үшiн  ұсынылуы  шарт” 

– деп жазған Я.А.Коменский.



Жас 

ерекшелiктерiн 

ескеру 

iргелi 


педагогикалық 

принциптердің  бiрi.  Оны  арқау  ете  отырып,  мұғалiмдер  оқу 

жүктемесiн ретке келтiредi, әрқилы еңбек түрлерінің көлемiне 


64

негiздеме бередi, даму үшiн қолайлы күн тәртiбiн, еңбекпен ай-

налысу  және  демалу  уақыттарын  белгiлейдi.  Жас  ерекшелiк-

терi оқу пәндерiнің және әр пәндегi оқу материалдарының iрiк-

телуi мен оқу бағдарламасында жайғасуына орай мәселелердi 

дұрыс шешуге мiндеттейдi. Оқу-тәрбие қызметiнің формалары 

мен әдістерiн таңдау да осы принципке тәуелдi. 

Қазіргі  дәуiрде  жас  топтары  арасындағы  шектердi  қайта 

қарастыруға  себепшi  болатын  және  бiр  құбылыс  педагогтар-

ды  толғандыруда.  Бұл  акселерация  (лат.  сөзі  –  жеделдеу), 

-  яғни  балалық  және  жасөспiрiмдiк  шақта  тән-дене,  кей 

жағдайда  психикалық  дамудың  ерекше  жедел  алуы.  Аксе-

лерацияны  биологтар  ағзаның  физиологиялық  жетiлуiмен, 

психологтар  –  психикалық  функциялардың  iске  қосылуымен 

байланыстырады, ал педагогтар тұлғаның рухани дамуы мен 

әлеуметтенуiнен  деп  түсiндiредi.  Педагогтардың  пiкiрiнше, 

акселерация  физикалық  дамудың  салдары  емес,  ол  ағзада 

жүріп  жатқан  физиологиялық  жетiлу  үдерістері  мен  тұлғаның 

әлеуметтенуi арасындағы қайшылықтардан. 

60-70  жылдарға  дейiн  балалар  мен  жасөспiрiмдердің  тән-

дене  және  рухани  даму  тепе-теңдiгi  бiр  қалыпта  болды.  Ал 

бұдан кейiнгi дәуiрде пайда болған акселерация нәтижесiнде 

ағзаның  физиологиялық  жетiлуi  ақыл-ес,  психикалық, 

әлеуметтiк  дамудан  әлдеқайда  қарқынды  болды.  Даму 

сәйкессiздiгi  қылаң  бердi.  Адамның  ақыл,  әлеуметтiк,  iзгiлiк 

сапаларының негiзi болған психикалық қызметтерден гөрi тән-

дене,  сүйек  құрылымдарының  өсуi  жылдамдады.  Осыдан, 

баланы  артық  психологиялық  жүктемеге  түсiретiн  жағдайлар 

пайда болды, яғни бала өзiнің ақыл-есi жетпейтiн iстерге асы-

латынды шығарды. Акселерация үдерісi балалардың өздерiне 

ғана әр түрлі қиындықтар тудырып қоймастан, мұғалiмдер мен 

ата-аналардың тәрбиеге байланысты материалдық және руха-

ни мәселелерiн туындатты. 

Акселерацияның  негiзгi  себептерi  –  өмiрдің  қарқынды  да-

муы,  материалдық  жағдайлардың,  тамақ  және  медициналық 

қызмет сапаларының көтерiлуi, ерте жастан балалар күтiмiнің 

оң  сипат  алуы,  көптеген  бала  сырқаттарының  жойылуы.  Бұл 

құбылыстың және де бiр себептерi бар: адамның тiршiлiк ету 

ортасының радиоакатив ластануы алғашқыда бойды өсiрiп, ал 



65

уақыт өтуiмен, тәжiрибелер көрсеткендей, адамзаттың, жалпы 

тiршiлiктің тектiк қорын (генофонд) әлсiретедi, атмосферадағы 

оттегi  көлемiн  азайтады,  ал  бұның  iзiмен  адамның    көкiрек 

клеткасы  шектен  тыс  кеңейiп,  осыған  сәйкес  бүкiл  ағза 

ұлғаяды.  Дегенмен,  шынына  жүгінсек,  акселерация  көптеген 

жағдаяттардың тоғысынан келiп шығатын табиғи құбылыс. 

80-жылдардың  ортасынан  бүкiл  әлемде  акселерация  бiр-

шама  кемiп,  физиологиялық  даму  қарқыны  айтарлықтай 

төмендедi. 

Акселерациямен бiрқатарда  көрiнетiн құбылыс – ретрада-

ция, яғни балалардағы тән-дене және ақыл-ес дамуының 

кешеуiлдеуi. Мұндай кешеуiлдеуге себепшi – нәсiлдiктен болған 

генетикалық тетіктердің бұзылысы, даму үдерісiне керi ықпал 

жасаушы  экологиялық  орта,  бiр  жағынан,  радиациялық  фон, 

екiншi  жағынан.  Ретрадация  әсiресе  балалардың  психикалық 

дамуында елеулi келеңсiз көрiнiс бередi. Мұндайға ұшыраған 

балалар  оқу-тәрбие  үдерісiне  икемдесiп,  қатарларымен  бiрге 

жасай алмайды. 

Сонымен, әрбiр жас кезеңiне сәйкес физикалық, психикалық 

және  әлеуметтiк өз  дамуы болады.  Педагогтар  үшiн  балалар 

мүмкіндiктерiн,  оларды  жас  кезеңдерiмен  сәйкестендiрудi 

жеңiлдету  үшiн  жастық  кезеңдестiру  сұлбасы  жасалған.  Ол 

сұлба  жас  ерекшелiктерiн  ажырата  бiлуге  негiзделген.  Жас 

ерекшелiктерi  –  бұл  нақты  өмiр  жасына  тән  анатомиялық-

физиологиялық  және  психикалық  сапа-қасиеттер.  Саналы 

ұйымдастырылған  тәрбие  балалардың  жас  ерекшелiктерiне 

икемдестiрiлiп, оларға негiзделуi тиiс. 



Мектеп жасына дейiнгi балалардың дамуы

3  жасынан  6-7  жасына  дейiнгi  дәуiрде  балада  ой-өрiс  да-

муы  жылдамдасады,  қоршаған  дүние  жөнiндегi  танымы 

қалыптасады, өмiр ағысындағы өзiн-өзi және өз орнын түсiне 

бастайды, өзiндiк баға беру ептiлiгi шыңдала түседi. Оның бұл 

күндегi негiзгi iс-әрекетi – ойын, ендi бiрте-бiрте ойынның жаңа 

сеп-түрткілері  басты  рөл  атқара  бастайды,  бала  өзiн  қияли 

жағдайларға  салып,  сондағы  қимыл-әрекеттердi  орындауға 

тырысады.  Бұл  кездегi  басты  үлгi  –  ересектер.  Егер  кешегi 


66

күнi  өнегелiк  әсерлердi  анасынан,  әкесiнен,  тәрбиешiлерiнен 

алатын болса, бұл күнде ол теледидардың өрескел ықпалына 

түсiп,  қарақшылардың,  тонаушылардың,  зорлықшылардың, 

ланкестердің  қылықтарын  қайталағанды  қызық  көредi.  Бала-

лар экранда не көрсе, соның бәрiн тiкелей тұрмыста қайталауға 

құштар келедi. Осыдан, баланың психикалық және әлеуметтiк 

дамуында өмiр шарттары мен тәрбие шешушi рөл атқаратыны 

жөнiндегi тұжырымның дұрыс екенiне көзiмiз жетiп жүр. Табиғи 

қасиеттер, нышандар тек тәрбие жағдайлары бола келiп, бiрақ 

бала дамуында қозғаушы күш мiндетiн атқара алмайды. Бала 

қалайынша  қалыптасады,  қалай  ол  өседi  –  мұның  бәрi  оны 

қоршаған адамдарға тәуелдi, олардың қалай тәрбиелеуiне бай-

ланысты. Мектепке дейiнгi балалық шақта даму үдерісi барша 

бағыттарда өте қарқынды жүріп жатады. Оның миi әлi жетiле 

қойған  жоқ,  қызметтік  ерекшелiктерi  дараланбаған,  қызметi 

шектеулi. Сәби бала өте икемдi, оқу әрекетiне берiлгiш. Оның 

мүмкіндiктерi ата-аналары мен педагогтардың шамалағанынан 

көп  жоғары.  Осы  кезеңдiк  ерекшелiктi  тәрбиеде  толығымен 

пайдалана  бiлу  қажет.  Сонымен  бiрге  тәрбиенің  жан-жақты 

және үйлесiмдi сипатын қамтамасыз етуге тырысу керек. Тек 

қана  iзгiлiк  дамуын  тән-дене  тәрбиесiмен,  еңбек  қабiлетiн 

көңіл-күймен, сананы эстетикалық сезiммен табиғи байланыс-

тыра отырып, мектеп жасына жетпеген баланың барлық сапа-

қасиеттерiн бiрқалыпты және үйлесiмдi дамытуға болады. 

Мектеп  жасына  дейiнгi  баланың  қабiлеттерi  дәл,  сезiм-

тал  қабылдауға,  күрделi  жағдайларда  жол  таңдауға  ептi,  сөз 

байламы  пайымды,  бақылағыш  және  тапқыр  келедi.  6  жасқа 

жақындағанда  арнайы,  мысалы,  музыкалық,  көркемөнерлiк 

– қабiлеттерi дами бастайды.

Баланың  ойлау  қабiлетi  оның  таным-бiлiмiмен  байла-

нысты,  неғұрлым  көп  бiлген  балада  жаңа  ойлар  құрастыруға 

қажет  ұғымдар  қоры  ұлғая  түседi.  Бiрақ,  жаңа  бiлiмдердi 

жинақтау барысында бала өзiнің алғашқы ұғымдарын жетiлдi-

ре түсумен бiрге, мағынасы күңгірт, белгiсiз болған болжаулар 

мен түсiнiксiз сұрақтар шеңберiне шырмалады. Бұл қарқынды 

дамудағы танымдық үдеріске кедергi жағдайларды тудырады. 

Түсiнiксiздерге кезiккен бала дамуы ендi сәл тоқырауға кез бо-

лады. Ойлау үдерісi жас шектеуiне кезiгiп, “балалықтан” шыға 

алмай  әуре  болады.  Әлбетте,  әртүрлі  айла  жолдарымен  бұл 



67

жағдайдан  аттап  өтуге  болар,  бiрақ,  6  жасар  баланы  оқыту 

тәжiрибесi көрсеткендей, мұнымен айналысудың қажетi жоқ. 

Кiшi  жастағы  бала  өте  қызыққыш,  көп  сұрақтар  берiп, 

қапелiмде  жауабын  талап  етедi.  Бұл  жаста  ол  шаршап-

шалдығуды  бiлмейтiн  зерттеушiге  айналады.  Педагогтардың 

көпшiлiгi 

мұндай 


жағдайда 

баланың 


талғамдарын 

қанағаттандырып,  құмарын  басу  үшiн  ол  неге  қызықса,  не 

жөнiнде сұрап жатса, соған жауап берiп, үйрету, оқыту орынды 

болатынын алға тартады. 

Бұл  жаста  баланың  сөйлеу  тiлi  жемiстi  дамуда  болады. 

Сөздік қоры ұлғайып (4000 сөзге дейiн), тiлдің мағыналық та-

рапы өрiстей бастайды. 6-7 жаста балалардың көпшiлiгi дұрыс 

дыбыстауды игередi. 

Бiрте-бiрте  балалардың  үлкендермен  қатынастар  сипаты 

өзгере бастайды. Әлеуметтiк шарттар мен еңбек дағдыларының 

қалыптасуы  жалғаса  түседi.  Осы  жаста  дағдыланған  өзiн-өзi 

күту,  жуыну,  тiс  тазалау  сияқты  әрекеттерi  өмiрлiк  әдеттерге 

айналады. Егер осы қасиеттердің қалыптасу дәуiрiн байқамай, 

өткiзiп алсақ, онда олардың орнын толтыру өте қиынға түседi. 

Бұл жастағы баланың сезiмi ауысымды, қозғыш келедi. Әр күнi 

көретiн теледидардағы қысқа хабарлардың өзi оның денсаулығы 

үшiн өте зиянды. 2 жасар баланың ата-аналарымен бiр сағат, 

кейде  одан  да  артық  теледидар  алдында  отырып  қалатын 

жағдайлары көп ұшырасады. Бала әлi өзiнің не тыңдап, не көрiп 

отырғанын  түсiну  дәрежесiне  жеткен  жоқ.  Сондықтан,  оның 

жүйке жүйесi үшiн шектен тыс тiтiркендiргiш болған теледидар 

оны  шаршатып,  көз  жанарын  әлсiретедi.  3-4  жастан  бастап 

балаға кiшкентайларға арналған хабарларды аптасына 1-3 рет 

15-20 минут уақыт арасында қарап тұруға рұқсат берген жөн. 

Егер  жүйке-жүйесiнің  қозулары  жиi  және  ұзақ  қайталанатын 

болса, бастауыш мектеп жасында-ақ бала жүйке сырқаттарына 

тап  болуы  сөзсiз.  Кейбiр  деректердің  айғақтауынша,  мектеп 

жасына  жеткен  балалардың  төрттен  бiрiнің  ғана  денсаулығы 

күмәнсiз  өз  қалпында.  Қалған  балалардың  қандай  да  науқас 

белгiлерiне  шалдығуының  басты  себепшiсi  –  теледидар.  Күн 

ұзақ экранға үңілген сәби қалыпты тән-дене дамуынан қалады, 

қажетсiз жүйкесiн шаршатады, тiптi керек болмаған ақпаратпен 

әлi жетiлiп болмаған миiн ластайды. Ал ата-аналар болса, пе-


68

дагогтар мен дәрiгерлердің кеңесiн жол-жөнекей тыңдап, құлақ 

асқысы  келмейдi.  Мектепке  дейiнгi  жастың  соңғы  кезеңiнде 

балаларда  саналы  белгiленген  мақсат  және  ерiк-күшiмен 

байланысты  ырықты,  белсендi  зейiн  нышандары  көрiнедi. 

Ырықты және ырықсыз зейiн бiрiнің орнына бiрi келiп, алмасып 

тұрады. Зейiннің бөлiну және ауысу қасиеттерi әлсiз дамыған. 

Сондықтан да, бала бiр орнында отыра алмайды, алаңдағыш, 

назары шашыраңқы. Мектеп алды баласы көп нәрсе бiледi және 

көп нәрсенi орындай алады. Бiрақ, оның ақыл мүмкіндiктерiн, 

былдырлаған  тiлiне  қызығып,  артықша  әсiрелеуге  болмай-

ды.  Ойлаудың  қисынды  қалпы  әлi  онда  қалыптаспаған.  Бұл 

кезеңдегi  жетiлген  ақыл-ес  дамудың  қортындысы  –  көрнекi-

бейнелi  ойлаудың  ең  жоғары  түрі.  Баланың  ақыл  дамуында 

математикалық  ұғымдар  маңызды  рөл  атқарады.  Кейiнгi  он 

жылдықтарда  әлемдiк  педагогика  6  жасар  балаларды  оқыту 

мәселелерiне  орайлас  логикалық,  математикалық,  жалпы 

абстракт  ұғымдарды  қалыптастырудың  көптеген  қырларын 

түбегейлi зерттедi. Осының арқасында мұндай абстракциялар 

пайда  ету  үшiн  бала  ақылы  әлi  жетiспегенi  дәлелдендi.  Де-

генмен,  орынды  әдістердi  қолданып,  оқытатын  болсақ,  бала 

бiлiм  игеруде  көңіл  толарлықтай  табыстарды  иеленуi  мүмкін. 

Ақыл  дамуы  желiсiнде  түсiнiм  “кедергiлерi”  ұшырасады. 

Бұл  құбылыстың  мәнiн  ашуда  швед  психологы  Ж.Пиаже  көп 

еңбектенген.  Балалар  ойын  барысында  ешқандай  оқымай-ақ 

заттардың формасы, көлемi, саны жөнiндегi түсiнiктердi жеңiл 

игерiп алады. Бiрақ, арнайы педагогикалық басшылық болмай, 

қатынастарды  түсiну  “кедергiлерiнен”  балалардың  аттап  өтуi 

қиын. Мысалы, мектепке дейiнгi бала қай жерде көлемдiк, ал 

қай жерде сандық артықшылық барын түсiне алмай дал бола-

ды.  “Бiр  кiлә  мақта  ауыр  ма,  бiр  кiлә  темiр  ауыр  ма?”  деген 

сұраққа бала ойлануға ақылы жетпегендiктен – бiр кiлә темiр 

ауыр дей салады. Бұл қарапайым мысал ойлаудың принцип-

тiк мүмкіндiктерiн ашып бередi. Мектеп жасына дейiнгi баланы 

өте  қиын  және  күрделi  заттарға  (мысалы,  интеграл  есептеу-

лерге) үйретуге болады, бiрақ, одан түсер пайда жоқтың қасы. 

Халықтық  педагогика,  әлбетте  “Пиаже  кедергiлерiн”  бiлген, 

сондықтан да, бала тәрбиесiне даналықпен келесi тұжырымды 

қосқан:  “Жас  күнiнде  –  жаттасын,  есейгесiн  –  түсiнер”.    Өз 


69

уақытында  келетiн  мүмкіндiктi  уақытынан  бұрын,  жас  кезеңi 

келмей,  зорлап  ашудың  қажетi  болмайды.  Даму  желiсiн  жа-

санды өзгертуден тәрбиеде зияннан басқа, қолға түсер дәнеңе 

жоқ. 

Мектеп  босағасын  аттау  кезеңiне  баланың  мотивациялық 



(сеп-түрткілер)  аймағында  елеулi  өзгерiстер  пайда  бола-

ды.  Егер  3  жасар  бала  көбiне  жағдайға  орай  сезiм  мен  ниет 

ықпалында  болса,  5-6  жасар  бала  өз  қылық-әрекетiн  сана 

басқарымына  келтiредi.  Бұл  жаста  ол  сәбилiкте  болмаған 

сеп-түрткілердi (мотивтердi) өз басшылығына алады. Бұл сеп-

түрткілердің  арасында  ересектер  дүниесiне  қызығу,  соларға 

ұқсап-бағу – балалар үшiн өте маңызды келедi. Ата-аналары 

мен тәрбиешiлердің мадағын алуға ұмтылу, өз қатарларының 

сый  құрметiне  бөлену  сияқты  ұмтылыстар  да  бала  үшiн 

мәндi.  Көп  балалардың  әрекеттерiнің  негiзiнде  жеке  табыс-

тар,  ар-намыс,  өзiн  таныту  ниеттерi  билiк  етедi.  Бұлардың 

көбi ойындарда басшы рөлге таласу, сайыстарда жеңiске жету 

ұмтылыстарынан айқын көрiнедi. 

Балалар  моральдық  қалып  талаптарды  елiктеумен  иге-

редi. Шынына келсек, ересектер көп жағдайда оларға елiктеу 

үшiн қажет болған үлгiлердi бере алмайды. Әсiресе өсiп келе 

жатқан  әулеттің  адамгершiлiк  сапаларының  қалыптасуына 

өрескел  зиянды  болатын  нәрсе  –  ересектердің  арасындағы 

жанжалдар мен дау-дамайлар. Балалар қара күштi, әрi кiмнің 

бiлегi жуан екенiн сезе қояды. Оларды бұл тұрғыдан адасты-

ру  қиын.  Үлкендер  мiнезiндегi  күйбеңдiк,  намыс  жаралаушы 

айқай,  жасанды  сөзбұйдалық  пен  үркiту-қорқыту  –  бұлардың 

бәрi үлкендердің бала көзiнде сый құрметтен қалып, жағымсыз 

танылуына  себепшi  болады.  Бала  мұндай  адамдарды  еш 

уақытта  да  күштi  деп  мойындамайды.  Нағыз  күш  –  бұл  бiр 

қалыпты  достық  рай.  Егер  мұны  тек  тәрбиешiлердің  өздерi 

ғана ұстанған күнде, салмақты да салихалы адам тәрбиесiне 

бiр қадамда болса жақындағанымыз болар едi. 

Жақсылық  және  жамандық  қылық  арасындағы  бала 

таңдауына бағыт беру үшiн жалғыз-ақ тәсiл – орындалуы қажет 

моральдық талапты бала көңіл-күйiне сәйкестендiру. Басқаша 

айтсақ, қалауы болмаған әрекеттер де қажеттiлерiмен ысыры-

лып қалдырылмай, түсiнiм арқасында орынды болатындары-


70

мен ауыстырылғаны жөн. Бұл принцип тәрбиенің жалпы негiзi 

ретiнде қабылданған. Мектепке дейiнгi жас балаларының жеке 

дара ерекшелiктерiнің арасында педагогтер темперамент және 

мiнезге  көп  зейiн  аударады.  И.П.Павлов  жүйке  жүйесiнің  үш 

негiзгi қасиетiн (күшi, қозғалмалылығы, тепе-теңдiгi) және осы 

қасиеттердің төрт негiзгi бiрiгiмiн ажыратқан: 

–  күштi, қозғалмалы, ауыспалы - “ұстамсыз” тип;

–  күштi, тұрақты, қозғалмалы - “тiршең, ұстамды” тип;

–  күштi, тұрақты, жәй қозғалысты - “байсалды” тип;

–  “әлсiз” тип;

Әр тип нақты темперамент түріне сәйкес келедi: “ұстамсыз” 

–  холерик,  “тiршең”  –  сангвиник,  “байсалды”  –  флегматик, 

“әлсiз”  –  меланхолик.  Әлбетте,  ата-аналар  да,  педагогтар 

да  өз  балалары  мен  оқушыларын  темпераментi  бойынша 

таңдамайды, бәрiн де тәрбиелеу қажет, бiрақ, әрқайсысын – өз 

алдына.  Мектепке  дейiнгi  жаста  темперамент  айқын  көрiне 

қоймайды. Бұл кезеңнің  өзіне тән ерекшелiгi: қозу және теже-

лу  үдерістерінің  әлсiз  болуы;  олардың  тепе-теңдiгiнің  болма-

уы; жоғары сезiмталдығы; көңіл кейiптерiнің тез қайта орнығуы. 

Баланы  дұрыс  тәрбиелеу  үшiн  ата-аналар  мен  тәрбиешiлер 

жүйке  үдерістерінің  тiршiлiк  қуат  күштерiн:  ұзаққа  созылған 

ауыр жұмысты орындауда жұмыс қабiлетiн сақтай бiлу, тұрақты 

және жеткiлiктi дәрежеде ұнамды көңіл-күй кейiпiн сақтау, таныс 

емес және қолайсыз жағдайларда батылдық көрсете алу, ты-

ныш немесе шулы жағдайларда да бiрдей тұрақты зейiн ұстау, 

т.б.  есепке алып отыруы қажет. Баланың жүйке жүйесiнің күшi 

(не әлсiздiгi) жөнiнде оның ұйқысынан (ұйқыға тез берiлуi, ұйқы 

тыныштығы, берiктiгi), күш қуатын тез (жәй) жинақтауынан, 

аштыққа  шыдамдылығынан  (жылауы,  шарбаяшылығы  не-

месе  көңілдiлiк  сақтауы,  байсалдылығы)  байқауға  болады. 



Сабырлылық  белгiсiн  баланың  келесi  қасиеттерiнен  бiлу 

мүмкін:  ұстамдылық,  шыдамдылық,  байсалдылық,  қозғалыс 

пен көңіл кейпiндегi бiркелкiлiк, олардағы оқтын-оқтын көрiнетiн 

қауырт  бәсеңдеу  мен  көтеріңкiлiктің  болмауы,  сөйлеудегi 

енжарлық. Жүйке үдерiстер қозғалмалылығын адамның барша 

жаңалықтарға  тез  назар  аударуы,  өмiрлiк  елiктемелердi  (сте-

реотиптердi) шапшаң өзгерiске келтiруi, бейтаныс адамдармен 

жылдам икемге келiп, олармен тiл табысуы, бiр iстен екiншiсiне 

ойланып тұрмастан тез ауыса алуы, және т.б. бiлуге болады. 


71

Мектеп  жасына  дейiнгi  баланың  мiнезi  әлi  қалыптасу 

жолында.  Мiнез,  негiзiнде,  жоғары  жүйке  әрекеттерiнің 

сипатына  байланысты  келедi,  ал  жүйке  жүйесi  даму 

жағдайында 

болатындықтан, 

баланың 

қандай 


болып 

жетiлетiнiн тек болжастыру ғана мүмкін. Көп мысал, көптеген 

дерек келтiруге болады, бiрақ шындық қорытындысы жалғыз-

ақ: мiнез – бұл қалыптасудың нәтижесi, ол мың да бiр үлкендi-



кiшiлi әсерлердің құрамасы. Қалыптасқан мiнезде 5-6 жастағы 

баланың қандай қасиет белгiлерi қалатыны – Жаратқанға ғана 

аян.  Дегенмен,  бiз  белгiлi  типтегi  мiнездi  қалыптастырғымыз 

келсе,  сол  мақсатты  көздеп,  ұйымдастырылған  тәрбие  алып 

баруымыз  шарт.  Бұл  күнде  қоғам  мен  мектептегi  күрделi 

мәселелердің  бiрi  –  жалғыз  перзенттi  отбасы.  Мұндай 

жағдайда  баланың  бiрнеше  артықшылығы  бар:  барлық 

жақсылық соған, үлкендердің бәрi оны мәпелейдi, ал бұл оның 

дамуына ұнамды ықпал жасайды, бала мейірiмге бөленiп, еш 

бiр  қайғысыз,  қағанағы  қарық,    өзіне  деген  бағасы  “таудай” 

болып өседi. Дегенмен, жалғыз перзенттi отбасының қиналатын 

жағдайлары да аз емес: мұндағы бала жасына жетпей “ересек” 

көзқарастар  мен  әдеттерге  үйiршең  келедi,  оның  жеке-дара 

және өзiмшiл (эгоистiк) қасиеттерi анық көрiне, қалыптасады, 

ол есеюдің көптеген қуаныштарынан хабарсыз болады. Мұндай 

отбасынан шыққан бала басты адамилық сапа – төңірегiндегi 

басқалармен қатынас жасау қабiлетiнен ажыралады. Мұндай 

отбасыларда баланы қатер, қайғыдан сақтандырушы жағдайлар 

көп жасалады. Әлбетте, оны бұлайынша қорғау мүмкін. Бiрақ 

–  қашанға  дейiн.  Сондықтан,  баланы  нақты  өмiр,  тұрмыстық 

жағдайларға  дайындаудың  шараларын  орындау  қажет.  Оны 

қайғыруға да, қиналуға да үйретiп, жеңiлiстер мен қателiктерге 

де шыдамдылықпен төзе бiлуге баулу керек. 

Бала  тек  өзi  ғана  басынан  өткiзген  сезiмдердi  байқауға 

қабiлеттi.  Басқаның  көңіл  толғанысы  оған  жат,  белгiсiз. 

қорқыныш, ұят, тәуелдiлiк, қуаныш, ауыртпалық – бәрi де бала 

өмiрiнің серiгi, бiрақ олардың не екенiн өз басынан өткiзгенде 

түсiнедi. Жағымсыз жағдайлардан жасанды қорғаудың қажетi 

жоқ. Өмiрдi өзгертiп болмайды, сондықтан оған шынайы дайын-

далу керек. 



72

Мектеп  жасына  дейiнгi  балалардың  тән-дене  дамуының 

негiзгi мiндетi әрi бұл жас кезеңiнің барша мәнi – ойын, ойын 

ұйымдастыру.  5-6  жасар  бала  сотқар  да  қызбалы  келедi. 

Баланың төбелескiштiгiн қолдамаңыз, бiрақ оны шектемеңiз де. 

Бұл  жастағы  баланың  көңіл-күйi  басқарымды  келедi  -  қаласа 

жылайды, не асыр салып секiредi, көңілi келген кезде ыңырсып 

отырып алады, не рахатқа балқып, жатып алады, ал осының 

бәрiн ол шын көңілiмен iстейдi. 

Бұл  жас  кезеңiнің  басты  мiндетi  –  баланы  қоршаған 

дүниемен таныстырып, сөз, сөйлеу әлемiне бойлату. 7 жасқа 

дейiн  адам  қалай  сөйлеп  үйренсе,  өмiрбойы  сол  тiл  қолдану 

қалпымен  өтедi.  Баланы  кемсiтпей,  үлкенмен  қалай  әңгіме 

сұхбат құратын болсаңыз, онымен де солай тiлдесудi дағдыға 

айналдырыңыз.  Табиғат  аясына  шығып,  онымен  өсiмдiктану, 

жануартану  және  топырақ,  тау-тас  негiздерiн  зерттеңiз. 

Баланың  еркiн  байламаңыз,  есіңiзде  болсын,  оқып  үйренудің 

ең басты тетiгi – ойын. Қыз балалар бұл жаста байсалдылау 

келедi,  сондықтан  олармен  көбiрек  ойланып,  қатынас  жасау 

қажет. 


Мектеп  жасына  дейiнгi  аралық  бала  дамуының  қарқынды 

кезеңiне  тұспа-тұс  келедi.  Бұл  жастағы  бала  сезiмтал,  адам-

гершiлiк  және  әлеуметтiк  қылық  ережелерiн,  жаңа  iс-әрекет 

түрлерін қабылдауға жоғары қабiлеттi. Бұл жастағы балалардың 

көпшiлiгi жүйелi оқу мақсаттары мен тәсiлдерiн игеруге дайын. 

Әрекеттің басты түрі – ойын,ол арқылы бала өзiнің танымдық 

және әлеуметтiк қажеттерiн қамтамасыз етiп отырады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет