2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар


Адамдар  құқы  жалпы  декларациясының



Pdf көрінісі
бет3/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

Адамдар  құқы  жалпы  декларациясының  бірінші  бабы: 

«Барлық  адамдар  бедел    және  құқық  тұрғысынан  еркін 

және  тең.  Олар  ақыл-парасатты  және  намысты,  сондықтан 

да    өзара  туысқандық    рухында  қатынас  жасауы  тиіс»  –  де-

ген  тұжырымды  алға  тартады.  Тәрбиеленушілерде,  осыдан, 

қорыққан,  үріккендерді  емес  –  тәуелсіз,  еркін  тұлғаны  танып, 

тәрбиеші-педагог оның үстінен ала таяқ ойнатып, күш көрсету 


25

ниетінен бас тартады, нәтижеде  өз тәрбиеленушісімен бірле-

се  өздерінің жарқын болашағы үшін қосылып ат салысады.

Гуманистiк  педагогика  жүйесiн  уағыздап,  бүкiл  дүниеге 

белгiлi  болған  педагогтар  –  М.Монтессори,  Р.Штайнер, 

С.Френе.  Олар  түзген  тәрбие  бағыттары  бұл  күнде  атаулы 

педагогика лауазымын алған. 

М.Монтессори  педагогикасы  тәрбиенің  еркiн  табиғи 

сәйкестiк  идеясына  негiзделген.  Мұндағы  басты  шарт 

–  баланың  өз  белсендiлiгi.  Тәрбие  ең  алдымен  әртүрлі  мiн-

деттердi  атқаруға  бағытталған  дидактикалық  материалдарды 

тәжірибеде қолдану тәсiлiне сүйенеді. Сонымен бiрге, оқу мен 

тәрбиенi жеке даралап жүргізуге, тұлғалық ерекшелiктердi ес-

керуге үлкен мән берiледi. 



Р.Штайнер  вальфдор  педагогикасын  дәрiптедi.  Бұл 

тәрбие ағымы әрбiр баланың даму ерекшелiгiн ажырата оты-

рып,  оның  даралығын,  яғни  ойлау,  мiнез,  ерiк,  ес  және  т.б. 

психикалық қасиеттерiн түсiнудi басты қажеттiк деп бiлдi. Осы 

негiзде даралап тәрбиелеудің әдістерi мен формалары жоба-

ланады.  Баланың  iс-әрекетi  оның  көңiл-күйi  және  ой-өрiсiмен 

ажыралмас тұтастыққа келтiрiледi. 

Батыс  елдерде  С.Френе  педагогикалық  тұжырымдамасы 

кең  тараған.  Оның  басты  белгiлерi:  1)  балалардың  жастық 

психологиясындағы, 

қабiлеттерi 

мен 


қызығуларындағы 

әртүрлілiктi  мiндеттi  түрде  ескеру;  2)  олардың  интеллектуал 

және  көңіл-күй  белсендiлiгiн  мақсатты  түрде  ынталандырып 

бару; 3) барша оқу кезеңдерiн қоғамдық пайдалы еңбекпен бай-

ланыстыру;  4)  мектептің  өзiндiк  басқару  жүйесiнің  тиiмдiлiгiн 

көтеру; 5) жоғары моральдық және азаматтық мұраттар рухын-

да тәрбиелеу. 

Сонымен, әлемде кең дамыған педагогикалық ойдың екi 



бағыты танылған – үлкендердің бедел-абыройына және 

балалардың  бағыныштылығына  негiзделген  автори-

тарлы ағым, шәкiрт құқығы мен еркiндiгiн құрметтеушi 

–  гуманистiк  ағым.  Олардың  арасында  –  сан  қилы 

педагогикалық бағыттар жасауда. Әлемнің ізгілікті пе-

дагогикасы өзiнің гуманистiк таңдауын қабылдады. 

26

Педагогикалық ғылымдар жүйесi

Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

Педагогика – кең ауқымды ғылым. Оның пәндiк құрамының 

күрделiлiгi  соншама:  тәрбие  мәнi  мен  оның  барша  байла-

ныстарын  жеке  бiр  ғылым  шеңберiнде  қамту  мүмкін  емес. 

Педагогиканың iрге тасы – философия, дәлiрек айтсақ, тәрбие 

мәселелерiмен  арнайы  шұғылданатын  оның  тәрбие  фило-



софиясы  атамасын  алған  тармағы.  Тәрбие  философиясы  өз 

алдына  бiлiм  саласы  ретiнде  тәрбиелiк  тәжірибеде  әртүрлі 

философиялық жүйе идеяларын пайдаланады. Философия – 

педагогикаға танымның жалпы бағыт-бағдарын, педагогикалық 

құбылыстар  мен  үдерiстердi  зерттеудің  әдіс-тәсiлдерiн 

көрсетедi.  Сондықтан  да,  философияны  оның  бiртұтас  және 

жүйелiк, құрылымдық талдау әдістерiмен бiрге педагогиканың 

әдіснамалық негiзi деп атау қабылданған. 

Қоғамдық құбылыс ретiнде тәрбие дамуы мен педагогикалық 

бiлiмдердің өткен жолын педагогика тарихы зерттейдi. Өткендi 

түсiне отырып, болашаққа көз тiгемiз. Бастан кешiргендi зерттеу 

және оны бүгiнгiмен салыстыру осы заманғы құбылыстардың 

негiзгi даму кезеңдерiн нақтылаумен бiрге бұрынғы қателердi 

қайталаудан сақтандырады. 

Педагогика жүйесi келесi салаларды қамтиды: 

-  жалпы педагогика;

-  жас кезеңдер педагогикасы;

-  әлеуметтiк педагогика;

-  арнайы педагогикалар.

Жалпы  педагогика  –  адам  тәрбиесi  заңдылықтарын 

зерттеп,  барша  түрдегі  тәрбиелiк  мекемелердегi  оқу-тәрбие 

үдерiсiнің жалпы негiздерiн теориялық тұрғыдан қаластыратын 

iргелi ғылыми пән. Қалыптасқан дәстүр бойынша жалпы педа-

гогика төрт бөлiмнен тұрады: 1) оқу-тәрбие үдерiсiнің негiздерi; 

2)  дидактика  (оқу  теориясы);  3)  тәрбие  теориясы;  4)  мектеп 

тану. Осы құрылымды аталған бөлiмдерiмен бiрге бастауыш  

мектеп  педагогикасы  да қайталайды. 

Жас  кезеңдер  педагогикасы  педагогиканың  мектеп-

ке  дейiнгi  және  мектептiк  жүйешелерiн  өз  алдына  бөлiп 

қарастырады.  Олар  өсiп  келе  жатқан  әулеттің  белгiлi  жас  то-


27

бына  байланысты  оқу-тәрбие  iс-әрекеттерi  ерекшелiктерiн 

бейнелейтiн  тәрбие  заңдылықтарын  зерттейдi.  Қазіргі  күнде 

өз алдына пән ретiнде оқылатындары – мектепке дейiнгi педа-

гогика,  кәсiби  техникалық  мектептер  педагогикасы,  өндiрiстiк 

педагогика, ұзақтан оқыту педагогикасы, т.б. 

Ғылыми  пәндер  iшiнде  ересектердің  педагогикалық 

мәселелерiмен  айналысып,  қарқынды  даму  жолына  түскен 

–  жоғары  мектеп  педагогикасы.  Оның  мiндеттерi  –  барша 

деңгейдегi  ресми  тiркелген  жоғарғы  оқу  орындарында  жүріп 

жатқан оқу-тәрбие үдерiсiнің заңдылықтарын ашып беру, қазiргi 

ауыспалы кезеңде жоғары бiлiм алудың арнайы мәселелерiн 

зерттеу,  жоғары  технологиялық  және  компьютерлiк  оқу 

жүйелерiнің  принциптерiмен  таныстыру.  Дипломнан  соңғы 



бiлiм  педагогикасы  еңбек  педагогикасымен  тығыз  байла-

ныста мамандық көтеру, сонымен бiрге нарықтық экономикаға 

орай көкейкестi болып тұрған халық шаруашылығының әртүрлі 

салаларында  қызмет  етiп  жатқан  жұмысшылардың  қайта  ма-

мандану, егделiк жасқа келгенде жаңа бiлiмдердi, жаңа кәсiптi 

игеру мәселелерiмен шұғылданады. 



Әлеуметтiк  педагогика  ауқымында  отбасы  педагоги-

касы,  мәжбүрлi  тәрбие  (первентив)  педагогикасы,  алдын  алу 

(профилактикалық) педагогика дамуда. 

 Өз дамуында әрқилы мүшелiк бұзылыстар мен ауытқуларға 

ұшыраған адамдар арнайы педагогика аймағында зерттеледi. 

Есiтпейтiндер мен мылқаулар оқуы және тәрбиесiмен  сурдо-



педагогика,  зағиптермен  –  тифлопедагогика,  ақыл-есi  кем-

дермен – олигофренопедагогика  шұғылданады. 

Педагогика  ғылымдарының  арнайы  тобын    жекелен-

ген  немесе    пәндiк  әдiстемелер  құрайды.  Олар  оқу-тәрбие 

мекемелерiнің барша типтерiнде өтiлетiн нақты оқу пәндерiнің 

оқытылуы  мен  игерiлу  заңдылықтарын  ашып,  мұғалiмдерге 

ұсынады.    Өз  пәнiн  оқыту  әдістерiмен  әрбiр  педагог  жоғары 

деңгейде таныс болуы мiндеттi. 

Педагогика өз дамуында басқа ғылымдармен өзара, тығыз 

байланысқа  түседi.  Философия  ғылымдары  (диалектикалық 

және тарихи материализм, ғылымтану, әлеуметтану, этика, эс-

тетика,  т.б.)  педагогикаға  тәрбие  мағынасы  мен  мақсаттарын 

айқындап  алуда,  адам  болмысы  мен  ойлаудың  жалпы 



28

заңдылықтары  ықпалын  дұрыс  ескеруде  жәрдемiн  тигiзедi. 

Педагогиканың  аса  тығыз  да  тiкелей  байланысы  анатомия 

және физиология. Олар адамның биологиялық мәнiн түсiнуде 

тiрек  қызметiн  атқарып,  жүйке  жүйесiнің  типологиялық  ерек-

шелiктерiмен, жоғары жүйке қызметiнің даму жағдайларымен, 

бiрiншi және екiншi сигналдық жүйе жұмысымен, сезiм орган-

дары, тiрек-қозғалыс аппараты, жүрек-тамыр және тыныс алу 

жүйесi қызметтерiмен таныстырады. 

Педагогика  үшiн  аса  маңызды  болған  психиканың  даму 

заңдылықтарын зерттеушi психология ғылымы. Психологиялық 

бiлiмдер  негiзiнде  педагогика  әр  адамның  жан  дүниесi  мен 

қылығында  көзделген  өзгерiстерге  келтiрушi  тиiмдi  тәрбие 

жүйесiн  құрады.  Педагогиканың  әрбiр  бөлiмi  психологияның 

сәйкес тарауларында  өзіне тiрек болар бiлiмдердi табады: мы-

салы, оқу – ақыл-парасат дамуы мен танымдық үдерiстер 

теориясына жүгінеді; ал, тәрбие теориясы тұлға психоло-

гиясын пайдаланады және т.б. Осы ғылымдардың бiрiгуiнен 

(интеграция)  педагогикалық  психология  және  психопеда-



гогика жарыққа келдi. 

Педагогиканың тарих және әдебиетпен, география және 



антропологиямен,  медицина  және  экологиямен,  экономика 

және  археологиямен  байланыстары  кеңеюде.  Тiптi  Жерден 

тыс  өркениет  жөнiндегi  ғылымдардың  өзi  де  педагогикалық 

мәселелерді түсiнуге жәрдемiн тигiзiп отыр. Адам, оның тiршiлiк 

аймағы, адамдардың қалыптасуына ықпал жасаушы ғарыштық 

әсерлер бұл күнде бүкiл дүниеде қарқынды зерттелуде. 

Тәрбиеге байланысты жаңа ғылым салалары педагогиканың 

дәл және техникалық бiлiмдермен тоғысында қылаң бере бас-

тады. Олар – кибернетикалық, математикалық, компью-



терлiк  педагогика,  суггестология  (гипноздық  сендiру-

мен жедел оқыту жүйесi) және т.б. Осы заманғы педагогика 

адам  жөнiндегi  басты  ғылымдардың  бiрi  ретiнде  ауқымды  да 

қарқынды даму жолына түстi. 

Педагогикалық зерттеу әдістерi

Педагогикалық 

зерттеу 

әдістерi 

– 

бұл 



педагог–

зерттеушiлердің  өз  пәнi  жөнiндегi  бiлiмдердi  жинақтау  және 

топтастыру үшiн қолданатын жолдары мен тәсiлдерi. Әдістердi 


29

пайдалана  отырып,  зерттеушi    тұлғаның  тәрбие,  оқу,  бiлiм, 

даму, қалыптасу үдерiстерi мен олардың нәтижелерi жөнiндегi 

деректердi қолына түсiредi. Бiлiм топтастырудың көп әдістерi 

бар. Олардың iшiнде дәстүрлi (эмпирикалық) және жаңа (экс-

перименталды, теориялық) әдістер ажыралады. 

Дәстүрлi әдістер – бұл педагогика ғылымының бастапқы 

пайда болу дәуiрiнде қызмет еткен зерттеушiлерден бiзге дейiн 

мұра болып жеткен бiлiм топтастыру жолдары. Педагогикалық 

зерттеулердің  дәстүрлi  әдістерi  қатарында  танылғандары: 



бақылау,  тәжiрибе,  дерек  көздерiн  зерттеу,  мектеп 

құжаттарын  талдау,  оқушы  шығармашылығы  өнiмдерiмен 

танысу, әңгіме – сұхбат. 

Бақылау  –  педагогикалық  тәжірибені  зерттеудің  ең  жеңiл 

және көп тараған әдісi. Ғылыми бақылау – бұл таным нысанын, 

үдерiстер мен құбылыстарды табиғи жағдайда зерттеу үшiн ар-

найы  ұйымдастырылған  iзденiс  әрекетi.  Ғылыми  бақылаудың 

басты өзгешелiктерi келесiдей: 1) мiндеттер анықталады, ны-

сандар белгiленедi, бақылаулар сұлбасы түзiледi; 2) алынған 

нәтижелер мiндеттi түрде хатталады; 3) қолға тиген деректер 

өңделедi; 4) нәтижелер бұрынғы белгiлi болғандармен салыс-

тырылады және басқа әдістер жәрдемiмен қайта тексерiледi. 

Тиiмдi болу үшiн бақылау ұзақ мерзiмдi, жүйелi, көптарапты, 



шынайы және ауқымды болуы қажет. 

Бақылау  әдісінің  маңыздылығын,  оның  жеңілдігі  мен  көп 

таралғанын айта отырып, оның кемшіліктерінің де болатынын 

ұмытпау қажет: бақылау арқылы педагогикалық құбылыстардың 

астарлы, ішкі мән-мағынасын толық ашылмайды, бұл бақылау 

барысында  алынған  ақпараттардың  толық  шынайлылығын 

қамтамасыз  ету  мүмкін  емес.  Сондықтан  бақылау  көбіне  

зерттеулердің  бастапқы  кезеңдерінде  басқа  әдістермен  бірге 

қолданылады.

Тәжiрибе  зерттеу  –  педагогикалық  зерттеулерде  ерте-

ден  қолданылатын  әдістердің  бiрi.  Бұл  әдіске  байланысты 

танымдық iс-әрекеттердi жасай отырып, тәрбиенің тарихи бай-

ланыстарын  тiктеймiз,  оқу-тәрбие  жүйелерiндегi  жалпы  және 

тұрақты құбылыстарды айырамыз. Осы әдістің жәрдемiменен 

нақты  мәселелерді  шешу  жолдары  талданады,  жаңа  та-

рихи  жағдайларда  оларды  қолдану  жөнiндегi  парасатты 


30

қорытындылар жасалады. Осыдан бұл әдістi “тарихи” деп те 

атайды. Тәжiрибе зерттеу әдісi және бiр – дерек көздерiн зерт-

теу немесе архивтiк - әдіспен тығыз байланысты. Осы тәсiлмен 

ежелгi жазу ескерткiштерi, заң акттерi, жобалар, көрсетпелер, 

есептер, баяндамалар, съездер және конференциялардың ма-

териалдары мен қаулылары бiрегей ғылыми талдауға түседi. 

Көп жағдайда шығармашыл қызмет етiп жатқан педагогикалық 

ұжымдар жеке мұғалiмдердің озат тәжiрибесiн зерттеудi де осы 

әдіспен байланыстырады. Осы әдіспен зерттеудің нәтижесiнде 

жария  етiлген  озат  тәжiрибелер  педагогика  ғылымында  және 

тәжірибесінде  қалыптасқан  көзқарастарды  сынауға  және 

бұрыннан қатаң жүйеге түскен бағыттарды өзгерте қарастыруға 

себепшi болды. 

Ғылыми  педагогикалық  зерттеулер  оқу-тәрбие  үдерісін 

бейнелеушi мектеп  құжаттарын талдауды да маңызды әдіс 

деңгейiне көтердi. Мұндағы ақпарат көздерi – сынып журнал-

дары,  жиналыстар  мен  отырыстар,  хаттама  кiтаптары,  оқу 

дәрiстерiнің  кестелерi,  iшкi  тәртiп  ережелерi,  мұғалiмдердің 

күнтiзбе  және  тақырыптық  жоспарлары,  конспекттерi  мен 

сабақ  стенограммалары  және  т.б.  Мектеп  құжаттарымен  та-

ныса отырып, балалардың денсаулығы және олардың үлгерiмi 

арасындағы қатынасты, мұғалiмдердің жұмыс қабiлетiнің сабақ 

кестесiне  байланысын  байқауға  болады.  Мектеп  құжаттарын 

зерттеу,  әлбетте,  басқа  әдістердi  қолданумен  қосарлана  пай-

даланылады. 



Оқушы  шығармашылығы    өнiмдерiн  зерттеу  әдiстерi. 

Оқушылардың  өз бетiнше барша пәндер бойынша орындаған үй 

және сынып жұмыстары, әдебиет және тiл сабақтарында жазған 

шығармалары,  өзiндiк рефераттары, қоғамдық жұмыстарына 

байланысты есептерi, эстетикалық және техникалық iстерiнің 

нәтижелерi – тәжiрибелi зерттеушiге бала жан дүниесi мен оның 

қызығулары жөнiнде мол да нақты деректер бередi. Баланың 

бос уақытында дайындаған өнiмдерi, қызығу шұғылданыстары 

да бала өмiрiн тануда маңызды рөл ойнайды. Оқушының жеке 

дара ерекшелiктерi, ұмтылыстары мен қызығулары, iске және 

өз  мiндеттерiне  қатынасы,  ұқыптылығы,  зерделiгi  және  басқа 

да қасиеттерi, оның iс-әрекет сеп-түрткілері (мотивы) аталған 

әдістi табысты қолдануға кең мүмкіндiк бередi. 


31

Бұл  әдіс  басқа  барша  тәсілдер  сияқты  мұқият  жоспар-

лауды, орынды қолдануды, оны бақылау және әңгіме-сұхбат 

әдістерімен  икемді  ұштастыра  білуді  талап  етеді.  Сондықтан 

да ол көбіне бақылау немесе басқа әдістерді қолдануда  ашық, 

айқын  болмаған  қажетті  деректерге  нақты  түсініктеме  беру 

үшін қосымша құрал ретінде қолданылады. Әңгіме-сұхбаттың 

нәтиже  сенімділігін  көтеру  үшін  арнайы  шаралар  іске 

қосылады:  1)  сұхбаттас  тұлғасын  ескерумен  ойластырылған 

әрі  бұлжытпай  іске  асырылатын  әңгіме  жоспары  түзіледі;  2) 

зерттеушіні  қызықтырған  сұрақтар  әртүрлі  байланыстарға 

келтіріліп,  санқырлы  талқыланады;  3)  қойылатын  сұрақтар 

сұхбаттасқа жағымды формада, баламалы түрде болуы шарт; 

4) сұрақтар мен жауаптарда жағдай сипаты орынды пайдала-

нылып, тапқырлық қабілетті керек етеді. Әңгіме жүргізу өнеріне 

ұзақ та шыдаммен үйрену қажет.

Педагогикалық зерттеулердегi жаңа инновациялық әдістер 

қатарына педагогикалық эксперимент, тестiлеу, анкеттеу, 



топтық жiктеу (дифференциация) және т.б. кiредi. 

Педагогикалық  эксперимент  –  бұл  дәл  ескерiлген 



жағдайларда  педагогикалық  үдерiстi  қайта  құрудың  ғылыми 

негiзделген жолы. Эксперимент жолымен, оқу-тәрбие iстерiн-

де жаңа әдістер, тәсiлдер, формалар, жүйелер тәжірибеге есiк 

ашады.  Мұндай  зерттеулер  тақырыбы  мен  мақсатына  орай 

ұзаққа созылған немесе қысқа мерзiмдi болуы ықтимал. 

Эксперименталдық  жобалардың  сенiмдiлiгi  эксперимент 



шарттарын  ұстануға  тәуелдi.  Тексерiлетiн  жағдаяттардан 

басқа  шарттардың  бәрi  мұқият  теңдестiрiлуi  шарт.  Педа-

гогтар  өткiзетiн  эксперимент  түрлері  өте  көп.  Белгiленген 

мақсатқа  байланысты  бұлар:  1)  қалыпты  педагогикалық 

құбылыстарды  анықтау  үшiн  қолданылатын  нақтылау  (конс-

татирующий) экспериментi; 2) жаңа болжамдарды (гипотеза) 

байқастыруға  арналған  тексеру,  айқындау  экспериментi;  3) 

жаңа педагогикалық құбылыстарды жариялау үшiн жүргізілетін 



жасампаз, қайта құрушы, қалыптастырушы эксперимент. 

Өткiзiлетiн  орнына  байланысты  педагогикалық  экспери-

менттер  табиғи  және  зертханалық  болып  бөлiнедi.  Табиғи 

эксперимент  жағдайында  –  ұсынылған  болжамды  тексеру-

ге  арналған  ғылыми  ойластырылған  тәжiрибе  оқу-тәрбие 


32

үдерiсiнің барысын өзгертпей жүргізіледi. Мұндай эксперимент 



зертханалық деп аталады. 

Қазіргі  заман  педагогикасында  ғылыми  мақсатта  да, 

күнделiктi  тәжірибелік  мүддеге  орай  да  тестiлеу  әдісi  кең 

қолданылуда.  Тестiлеу    -  қатаң  бақылау  астында  баршаға 

теңдей мақсатты көздеген зерттеу әдісi. Бұл әдіс оқушылардың 

оқуы,  тәрбиесi  мен  даму  сипаттары  және  оларға  байланыс-

ты    нәтижелердi  шынайы  өлшемге  келтiруге,  педагогикалық 

үдерiстің қай дәрежеде өтiп жатқанын анықтауға мүмкіндiк бе-

редi.  Басқа  әдістерден  тестiлеудің  айырмашылығы  –  дәлдiгi, 

қарапайымдылығы, жеңiлдiгi, автоматтастыру мүмкіндiгi.

Бастауыш мектеп мұғалімдері осы күнде үлгерім тестерін 

кең қолданып жүр. Бұдан басқа мектеп практикасында жүгіртіп 

оқу,  жазу,  қарапайым  арифметикалық  амалдарды  анықтау 

үшін  элементар  ептілік  тестері  де  пайдаланылады.  Сауат 

және даму деңгейін нақтамалау тестері оқушының кемелден-

генін, игерілген білім дәрежесін, барлық оқу пәндері бойынша 

ептіліктерін анықтауға көмегін тигізеді. Оқу бағдарламасының 

ірі  бөлімдерін  өтіп  болғаннан  соң  көп  шама  сұрақтарды 

қамтыған  қорытындылау  тесті  ұсынылады.  Мұндай  тестер 

екі түрде ажыралады: шапшаңдыққа және білім күшіне орай. 

Бірінші  жағдайда  оқушының  барлық  сұрақтарға  жауап  беруі-

не  уақыт  жетпейді,  себебі,  жылдам  әрі  шапшаң  жауап  беру 

керек; ал екінші жағдайда шапшаңдық талап етілмейді, кере-

гі  –  білім  тереңдігі  мен  орнықтылығы.  Мектеп  жасына  дейінгі 

және бастауыш мектеп оқушыларына арналған тестер көбіне 

жеңілдетілген баламада келтіріледі.

Тәрбие, бiлiм алу, оқу үдерістері ұжымдық (топтық) сипатқа 

ие.  Оларды  зерттеу  үшiн  көбiне  белгiлi  жоспармен  түзiлген 

көпшiлiкке (массовый) сұрақ қою әдісi қолданылады. Мұндай 

сауалнама ауызша (интервью) немесе жазба (анкеттеу) күйiнде 

жүргізіледi. 

Анкеттеу  - арнайы түзiлген сауалнама жәрдемiмен көпшiлiк 

ақпаратын жинау әдісi. Педагогикалық тәжірибеде анкеттеудің 

әрқилы түрлері бар: өзiнше жауап түзу – ашық анкета, дайын 

жауаптардың бiрiн таңдау – жабық анкета, аты-жөнi көрсетiлуi 

қажет – атаулы анкета, аты-жөнi көрсетiлмейтiн – бүркемелі 


33

(аноним) анкета, толық және қысқартылған, дайындаушы және 

бақылау, т. б. анкеталары. 

Сыныптың  iшкi  қатынастарын  талдауға  мүмкіндiк  бере-

тiн    топтық    жiктеу    (дифференциациалау,  социометрлiк) 

әдісі  кең  қолданылуда.  Мысалы,  оқушыға:  «Кіммен  бірге...» 

(саяхатқа шығар едің?) т.б. сұраққа  жауап  беру талап етіледі. 

Әр сұраққа үш «таңдау» беріледі. Балалардың анкетада бер-

ген жауабына қарап отырып, сол баланың  өзінің беделі және 

оның қатынасқысы келген балалардың сыр-сипатын анықтауға 

болады,  яғни  сыныптағы  әр  баланың  орны,  рөлі  және  бе-

делі  жөнінде  ақпарат  топталады.    Сонымен,  әртүрлі  зерттеу 

әдістерiмен  педагогтар  тәрбие,  оқу  және  бiлiм  үдерісi  қалай 

жүріп  жатқанын  талдайды,  қолға  түскен  деректердi  сарап-

тайды,  алынған  қортындыларды  ғылыми  бiлiмдер  жүйесiне 

қосады. Жеке дара алынған қай әдіс те сенiмдi қорытындыға 

кепiл  бола  алмайды.  Сондықтан  әдістер  өзара  байланыста 

пайдаланылады. Педагогикалық теория және тәжірибе деңгейi 

мен  қолдануға  түскен  зерттеу  әдістерiнің  арасында  тығыз 

тәуелдi байланыс жүреді. 



34

 Өзіңiздi тексеріңiз

1.  Педагогика ненi зерттейдi?

2.  Педагогиканың мiндеттерi қандай?

3.  Тәрбие жөнiндегi ғылым қай заманда пайда болған?

4.  Педагогикалық ой-пiкiр қалыптасу кезеңдерiн анықтаңыз?

5.  Я.А.Коменскийдің педагогика үшiн қызметi қандай болды?

6.  Көрнектi орыс, батыс педагогтарынан кiмдердi бiлесiз?

7.  Қазақ  ғұлама  педагогтарынан  елеулiлерiн  атап,  олардың 

еңбектерiне сипаттама беріңiз.

8.  Тәрбиенің әлеуметтiк және педагогикалық мән-мағынасы 

қандай?

9.  Нелiктен тәрбие тарихи сипатқа ие?



10.  Оқу деген не?

11.  Бiлiм мағынасын ашыңыз.

12.  Тұлға дамуының мәнi неде?

13.  Тұлға қалыптасуы дегендi қалай түсiнесiз?

14.  Негiзгi педагогикалық бағыттарды атаңыз, олардың сипат-

тамасын беріңiз.

15.  Педагогикалық жүйе, үдеріс, iс-әрекет ұғымдарына сипат-

тама беріңiз.

16.  Педагогиканың барша ғалымдар жүйесiндегi орнын қалай 

түсiнесiз?

17.  Педагогиканың басқа ғылымдармен негiзгi байланыс фор-

маларын атаңыз және оларға мысал келтiріңiз.

18.  Қазіргі заман педагогика ғылымының құрылымы қандай?

19.  Жалпы педагогика мен жекелеген педагогика арасындағы 

айырмашылық неде?

20.  “Педагогика”  терминi  орнына  “андрогогика”  терминiн 

қабылдауға көзқарасыңыз қандай?


35



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет