тәрбие – бiрлiктi әсерiмен анықталады. Нәсiлмен берiлетiн
қабiлеттер емес, тек нышандар ғана. Биологиялық нәсiлдiкпен
бiрге әлеуметтiк нәсiлдiк те болады. Осы жағдаяттан дүниеге
жаңа келген адам ата-аналарының және төңірегiндегiлердің
әлеуметтiк-психологиялық тәжiрибесiн, тiлiн, әдеттерiн, мiнез
бiтiстерiн, адамгершiлiк сапаларын, тағы басқаларды игередi.
Адамның дамуына нәсiлдiктен басқа қоршаған орта да мәндi
ықпал жасайды.
Даму және тәрбие
Нәсiлдiк пен қоршаған орта ықпалдары тәрбиемен қажеттi
бағдарға келтiрiледi. Тәрбие – табиғаттан болған кемшiлiктер
мен ортаның зиянды әсерлерiн “жөндейтiн” – басты күш. Осы
тәрбиеге ғана байланысты қоғамға толыққанды тұлға келедi.
Тәрбиенің тиiмдiлiгi оның мақсат бағдарлы, жүйелi болуымен
бiрге кәсiби маманданған басшылықтан. Тәрбиенің нәтижелілігі
оның адам санасына негiзделiп, және сол адамның өзiнің
қатысуын талап етуiнде. Ал онымен бiр уақыттағы нәсiлдiк
және орта ықпалы ырықсыз, санадан тыс жүріп жатады. Осы
47
жәйттерге орай адамның қалыптасуындағы тәрбиенің рөлi,
орны, мүмкіндiктерi айқындалады. Тәрбие күшi (тиiмдiлiгi) әр
түрлі бағаланады, бұл бағалардың шектерi өте кең. Қолайсыз
нәсiлдiк немесе қоршаған ортаның келеңсiз ықпалы басым
болса, тәрбие нәтижесi мәнсiз, тiптi жоқтың қасы. Ал қолайлы
жағдайларда – адам табиғатын өзгертiп, оны керектi бағытта
қалыптастыруда бiрегей де ең күштi құрал – тәрбие. “Бәрi
тәрбиенің қолында” деп жар салған педагогикалық теория
өзiн ақтамады. Тәрбиемен, әлбетте, көп нәрсеге жету мүмкін,
бiрақ адамды толығымен өзгертуге оның күшi жетпейдi. Адам-
дар тағдырында тәрбиенің әрқилы үлесi бар: көзге көрiнбейтiн
әсерден ең жоғары мүмкіндiктердi дамытуға дейiн.
Орынды ұйымдастырылған тәрбиенің маңызды
мiндеттерiнің бiрi – қабiлеттерi мен табиғи мүмкіндiктерiне
сәйкес адамды дамыту және оның бейiмдiлiгi мен дарынын
ашып, айқындау. Табиғаттан берiлген нышандарға арқа
сүйеген жағдайда ғана тәрбие қажет болған сапалардың
дамуын қамтамасыз ете алады. Егер табиғи ерекшелiктер
ескерiлмесе, тәрбие нәтижесiн күту – босқа кеткен еңбек.
Бұған жарқын мысалдар бар. Зерттеушi Н.И.Ладыгина-Котс
өз сәбиiмен бiрге маймылдың баласын қоса тәрбиелеудi
жоспарлапты. Тамақ, режим, күтiм, ойындар және тағы
басқалар, яғни өмiрлiк шарттар екеуiне де бiрдей болған.
Маймыл баласы сәбиге болған жағдайлардың бәрiнде теңдей
жасаса да, адамға тән болған бiрде-бiр психикалық сапаны
меңгере алмаған. Адам дамуына ықпал жасай отырып, тәрбие
сол дамудың өзіне тәуелдi келедi, сонымен бiрге дамудың әр
деңгейiнен жаңа бастаулар алып отырады. Осыдан даму мен
тәрбиенің күрделi диалектикалық өзара қатынасы көрiнедi.
Тәрбиенің тиiмдiлiгi баланың тәрбие ықпалдарын қабылдауға
деген дайындық деңгейiнен байқалады.
Адамдар тәрбие ықпалына теңдей түсе бермейдi. Әрқилы
адамдар, әртүрлі жағдайлардағы тәрбиелiк ықпалдар күшiн
әртүрлі қабылдайды. Тәрбиеге икемдiк әр балада әрқилы:
кей балалар жылдам әрi көп еңбектенбей-ақ тәрбие жолына
түседi, ал екiншi бiр балаларды көзделген мақсатта тәрбиелеу
көп еңбек сарп етудi қажет қылады. Тәрбиелеушiлер тара-
пынан болатын сыртқы күштерге, яғни тәрбиеге қарсылық -
48
соңғы нәтижеден күнi iлгерi дерек бередi. Сондықтан, тәрбие
үдерiсiндегi нақты жағдайлар мен адамдар арасындағы қарым-
қатынас үлкен маңызға ие.
Тәрбиелiк ықпал күшi бiрнеше шарттар мен жағдайларға
тәуелдi. Танымал педагог және психолог Л.С.Выготский (1896-
1934) тәрбие мақсаттары мен әдістерi тек қана баланың дамып
жетiлген деңгейiне сәйкес болып қоймастан, баланың ендi жетi-
сетiн, “ең жақын даму” аймағына да сәйкес болу заңдылығын
ашты. Мұндай деңгей екеу: 1) нақты даму аймағы, 2) жетiлуi
қажет даму аймағы. Бұл деңгейлердi келесiдей белгiлерiне
қарай анықтау мүмкін. Бiрiншi деңгейде бала тапсырманы өз
бетiнше орындайды, ал екiншi деңгейде оны өз бетiнше атқара
алмайды, сондықтан оған ересектердің жәрдемi қажет. Жақсы
тәрбие – бұл даму алдынан жүретiн тәрбие. Тәрбиенің мiндетi
алдымен “жақындатылған даму өрiсiн” түзiп, оны кейiн “нақты
даму алаңына” ауыстыру. Әрдайым тұлғаны қалыптастыратын
дамуды өз жетегiне алған - тәрбие. Мұндай тәрбие әлi
пiсiп жетiлмеген, бiрақ тiктелу шағына түскен үдерiстерге
бағытталады. Балалардың мейлi тән-денелiк, мейлi ақыл да-
муы болсын, ешқайсын да шектен тыс асықтыруға, олардың
iс-әрекетiн ойластырмай, көлем жағынан көбейтуге және
күрделендiруге болмайды. Зерттеулердің көрсеткенiндей, жас
балалардың көбi алты жастан жүйелi оқуға қатысуына болады.
Бiрақ, бұл жаста бастаған оқу сабақтары ерекше ұйымдастыру,
қажеттi қозғалыс, дем алу, тамақтану жағдайларын қамтамасыз
етудi талап етедi.
Сонымен, адам дамуы тәрбиеге негiзделедi. Ол табиғат және
қоршаған орта толтыра алмаған кемшiлiктердi түзейтiн басты
күш. Тәрбиенің ықпалды болуы оның мақсат бағдарлылығына,
жүйелiлiгiне, маманданған басшылығына тәуелдi. Бiрақ, тәрбие
мүмкіндiктерi кейбiр жағдайларда шектеулi болады.
Табиғи сәйкестiк принципi
Адамның дамуында нәсiлдiк (табиғи) жағдаяттардың
үлкен маңызға ие екендiгi ежелгi дүниеден-ақ белгiлi болған.
Тәжірибеде ұдайы дәлелденiп келе жатқан бұл тұжырым
уақыттардың өтуiмен педагогиканың тұғырлы және жетек-
49
шi принципiне айналды. Бұл принцип кейiн келе табиғи
сәйкестiк принципi деп аталатын болды. Осы принцип адамға
табиғаттың бiр бөлiгi ретiнде қарау қажет екенiн алға тартады,
адамның табиғи күштерiн арқау етiп, бұларды оның дамуына
пайдалануды ұсынады. Ежелгi дүние ғылымы адам тәрбиесiн
табиғаттан бөле жүргізілетін iс деп тiптi де ойына алмаған.
Көне Рим ораторы Цицерон: “Егер бiз табиғат iзiнен көсемге
ергендей жүретiн болсақ, еш уақытта да адаспаймыз” – деп
ұрандаған. Ұлы Я.А.Коменский бiрнеше ғасырлардан кейiн
ұмыт қалған табиғи сәйкестiк идеясын қайта көтерiп, оның
тәрбиедегi маңызын ашып бердi. Тәрбиенің табиғи сәйкестiк
принциптерi осы ұлы педагог-ғалымның “Ұлы дидактика” кiта-
бында мейлiнше толық келтiрiлген. Я.А.Коменский тәрбиенің
табиғи негiздемелерiн қадам-қадаммен ашып бердi. Олардың
қай-қайсысы да жоғары мән мағыналылығымен және ғылыми
логикасымен ерекшеленедi. Төменде “Ұлы дидактика” кiтабы-
нан келтiрiлген сiлтемелер мұның айғағы:
Табиғат еш нәрсенi өз мезетiнсiз iске қоспайды.
Табиғат
өз
әрекеттерiн
сапырылыстырмайды,
әрқайсысын өз алдына, белгiлi тәртiпте орындайды.
Табиғат өзiнің әрқандай әрекетiн iшкi құрылым түзуден
бастайды.
Табиғат қандай да қалыптастыру iсiн жалпыдан бастап,
ерекшесiмен тамамдайды.
Табиғат секiрiс жасамайды, оның әрекетi бiрiздi iлгерiлеу.
Табиғат бастаған iсiн ақырына жеткiзбей тоқтамайды.
Табиғат әрқандай қарама-қарсылықтар мен зияндыларды
мұқият айналып өтедi.
Табиғат ешқашан жарамсызды пайдаланбайды.
Табиғат
материяны
формаға
келетiндей
етiп
пайдаланады.
Табиғат жеңiлден қиынға қарай қозғалыс жасайды.
Табиғат өзіне артық жүктеме алмайды.
Табиғат асықпайды, алға қарай жайымен iлгерілейдi.
Табиғат ешнәрсенi өзi пiсiп жетiлмей, сыртқа шығаруға
асықпайды.
Табиғат әрдайым өзіне көмектеседi.
50
Табиғат барша затты тұрақты байланысқа келтiрген.
Табиғат заттардың сандық және сапалық қатынастары
арасында теңдiк сақтайды.
Оқушының табиғатына тән емес нәрсенің бәрi ол үшiн
жат.
Мұғалiм табиғаттың үкiмшiсi емес, оның жәрдемшiсi; оны
түзушi емес, жаңалаушы.
Я.А.Коменскийдің табиғи сәйкестiк принципiн Джон Локк
қуаттап, әрi қарай дамытты: “Балалармен тәрбие қатынасына
түскен әрбiр адам, олардың табиғатын мейлiнше зерттеп, ту-
мадан берiлген нышандарын айқындауы, оларды қалай жетiл-
дiру және қалай пайдалану керек екенiн ойластыруы қажет”.
Осы принциптің әсерiне көзi жеткен И.Г.Песталоций былай
дептi: “Қалаған ғылыми пәннің iзгi нәтижесi – адам табиғатын
жетiлдiру, оны дамытып, мүмкін болған жоғары деңгейге
көтеру. Ғылым дамуы емес, ал сол ғылымның арқасында
адам табиғатының дамуы… қасиеттi мiндет. Сондықтан, адам
табиғаты ғылымға сәйкестендiрiлмей, керiсiнше, ғылым адам
табиғатына икемдестiрiлуi тиiс”.
Ұзақ уақыт желiсiнде табиғи сәйкестiк принципi педагоги-
кадан тыс, ұмыт қалды. Осы принципке қайта оралумен бас-
тауыш мектеп педагогикасы не ұтуы мүмкін? Бұдан бiздің
ұтатынымыз – ең алдымен балалардың мүмкіндiктерiн түсiну.
Бұл арқылы теңдестiрiлген оқушыларға арналған бiрдей мек-
теп бағдарламалары және мектеп пәндерiн игеру қабiлеттерi
әртүрлі болған балалар арасындағы қайшылықтарды
үйлестiруге болады.
Табиғи сәйкестiк принципiн жатыдан шығарудан көп ел-
дерде тәрбие дағдарысы өрiс алды. Оқушылар денсаулығының
төмендеуiн, адамгершiлiктің керi кетуi және психикалық
ауытқуларды көзiмен көрген бұл елдердің педагогтары өз
қателерiн мойындаудан қорықпай, ғасырлар таңдауынан өткен
дәстүрлi педагогикаға қайта мойын бұрды. Бұл жөнiнде не-
мiс профессоры Л.Гурлитт: “Денсаулық құнымен қолға енген
мәдениет түкке де тұрмайды, ол мәдениетсiздiктен зияндылау,
өмiр сүруге пайда бермейтiн дайындықты өмiр мақсаты деп
атауға болмайды. Бiзге мүгедек, таркеуделi, тауық көздi,
қаны жетiмсiз, жүйкесi шаршаған, сондықтан да бос белбеу
51
де ашушаң адамдарды дүниеге келтiретiн бiздің тәрбиемiз
түп тамырынан жойылып, халықтар өмiрiнен аласталуы
тиiс”. Бiздің елімізде бастауыш мектеп мерзiмiнің ұлғайтылуы,
бағдарламалардың жеңiлдетiлуi бала тәрбиелеудің сыналған,
дұрыс жолдары мен принциптерінің қайта тәжірибеге келуi-
нен.
Сонымен, тәрбиенің мiндетi табиғатты түзету емес, ал оған
жәрдемдесу. Тәрбие үдерісін дұрыс ұйымдастыруды талап
ететiн – Я.А.Коменскийдің “Ұлы дидактика” атты кiтабында
жарияланған табиғи сәйкестiк
принциптерi.
Егер әрбiр педагог
осы
принциптер
талаптарына орай қызмет етсе, тәрбиедегi
қате-кемшiлiктер азайып, ал оның нәтижесi әлдеқайда
көтерiлер едi.
Iс-әрекет және тұлға дамуы
Дамуға нәсiлдiктің, қоршаған ортаның және тәрбиенің
ықпалына қосымша әсер ететiн аса маңызды жағдаяттардың
бiрi – бұл тұлға iс-әрекетi. Iс-әрекет ұғымы қандай да өнімдік
жұмысты орындау үшiн жасаған адам қимыл-қозғалыстарының
бәрiн аңдатады.
Тарих тұңғиығынан iс-әрекет бабында небiр дана
бақылаулар бiзге дейiн жеткен: “Баланың немен және қалай
шұғылданатынын айтсаң, оның қандай адам болып жетiлетiнiн
айтып беремiн”; “Қаңғыбас болғанның ешқайсысы да дегенiне
жете алмаған”; “Қанша тер төксең - сонша емерсің”; “Адам өз
бақытының ұстасы”; “Ерте тұрғанның ырысы артық”; “Еңбегiне
қарай – сый-сияпаты”; “Өнерiлiнің қолы гүл” т.б. Даму нәтижелерi
мен iс-әрекет қарқындылығы арасында тiкелей байланыс бо-
латыны айдан анық. Бұдан даму үдерiсiнiң және бiр жалпы
заңдылығы ашылады: оқушы неғұрлым белгiлi салада көбiрек
iс-әрекет жасаса, оның сол саладағы даму деңгейi соншама
жоғары келедi. Әлбетте, бұл заңдылықтың шексiз қолданыла
беруi мүмкін емес. Ол жағдай әрбiр адамның қабiлеттерiне,
жасына, iс-әрекеттің өзiнің қарқындылығы мен ұйымдасуына
тәуелдi келедi.
Iс-әрекет барысында адамның жан-жақты және бiртұтас
тұлғалық дамуы жүріп жатады, оның қоршаған дүниеге көз-
52
қарас, қарым-қатынасы қалыптасады. Таңдалған iс-әрекет
көзделген тұлғалық қасиеттердің қалыптасуына ықпал
етуi үшiн оны қажеттi деңгейде ұйымдастыру және келелi
бағдарлап отыру қажет. Бұл тәрбие тәжірибесінда өте күрделi
iс. Өкiнiшке орай, көп жағдайларда осы күрделiлiк даму
мүмкіндiктерiн шектейдi; кейде тәрбиеленушiлер ең қажеттi
болған жағдаяттарға - қоғамдық, еңбек, таным әрекеттерiне
белсендi араласа алмай, енжар бақылаушы күйiнде қалып,
дайын ережелердi жаттаудан ары өте алмайды.
Балалар мен жасөспiрiмдердің iс-әрекеттерiнің негiз-
гi түрлері – ойын, оқу, еңбек. Бағдары бойынша iс-әрекет
танымдық, қоғамдық, спорттық, көркем өнерлiк, техникалық,
кәсiптiк, құмарлық (гедоникалық) болып ажыралады. Барлық
жастағы оқушылардың iс-әрекеттерiнің ерекше түрі – тiлдесу,
қатынасу (ортақтасу).
Iс-әрекет сипаты бойынша белсендi (актив) және енжар
(пассив) болуы мүмкін. Тiптi, құрттай ғана сәбидің өзi бел-
сендi тiршiлiк иесi болып көрiнгендi қалайды. Ол жасына
қарамай, үлкендерге, қатарына қандай да талаптар қояды,
төңірегiндегi кiсiлерге, заттарға, болып жатқан оқиғаларға өз
қатынасын бiлдiруге тырысады. Уақыттың озуымен қоршаған
орта және тәрбиенің ықпалы арқасында белсендiлiк көтерiлуi
де мүмкін, кейде төмендеуi де ықтимал. Мысалы, адам көп
жұмыс iстеуi мүмкін, бiрақ iске құлықсыз, көңілi құламай, орын-
дауы қалай болса, солай – енжар. Әлбетте, мұндай iс-әрекет
адамды жоғары нәтижелерге жеткiзбейдi. Дамудың тиiмдi бо-
луы iс-әрекеттің белсендiлiгiне, көңіл-күй жарасымдылығына
тәуелдi. Адам таңдаған iсiне жан-тәнiмен кiрiсiп, өзiндегi бар
мүмкіншiлiктердің бәрiн iске жұмылдырып, өзiн кемелден-
ген тұлға ретiнде көрсете бiлуi қажет. Мұндай қызмет адамға
қанағат ләззатын әкелiп, шабыт пен қуаттың көзіне айналады.
Сондықтан да, iс-әрекеттің маңыздылығы оның өздiгiнен ғана
емес, сол әрекетте көрiнетiн тұлға белсендiлiгiнің деңгейiне
байланысты.
Белсендiлiк оқу барысында шәкiртке тезiрек және табыс-
ты әлеуметтiк тәжiрибе топтауға мүмкіндiк бередi. Оның қарым-
қатынас, тiлдесу қабiлеттерiн дамытады, қоршаған болмысқа
деген көзқарасын қалыптастырады. Баланың ақыл-парасат
53
дамуын танымдық белсендiлiк қамтамасыз етедi. Бұл үшiн
балаға танымдық мәселелердi шешуiмен бiрге игерiлген бiлiм-
дердi тәжірибеде қолдану қажеттiгi де тән болуы тиiс. Себебi
еңбектегi белсендiлiк тұлғаны өзiнің рухани және адамгершiлiк
дүниесiн тез арада және тиiмдi қалыптастыруға ынталындыра-
ды, оны көп және нәтижелi еңбектенуге бағыттайды.
Белсендiлiктің барша көрiнiстерiнің негiзiнде бiр ғана
тұрақты дерек көзi - қажеттiк орын алған. Адам қажеттiктерiнің
көп түрлілiгi оларды қанағаттандыру үшiн қолданылатын iс-
әрекеттердің де сан қилылығын туындатады. Өсiп келе жатқан
адамға белсендiлiктің пайдалы бағыттарын көрсетiп, алдамшы
қырларын мейлiнше бәсеңсiту – педагогтар үшiн тұрақты да
өте күрделi мiндет. Күрделiлiгi – адамның жеделдете кемелде-
нуi дәуiрiнде iс-әрекет қажеттерi мен сеп-түрткілер (мотивтерi)
өте қозғалмалы және ауыспалы келедi. Сондықтан, әртүрлі
жас сатыларында iс-әрекет түрлері ауысып баруы шарт. Жал-
пы мектептiк тәрбиенің өзгерiстер iзiмен үлгере орындалуы өте
қиын, солай да болса, әрқандай тәрбиелiк iс мезетiнен бiр де
кешiкпей жүргізiлiп, келеңсiз салдардың алдын алып отыруы
қажет.
Әрбiр адамның өзiндiк белсендiлiгi оның қабiлеттерi
мен дарынының дамуы және табыстарға жетуiнің мiндеттi
кепiлi. Оқушы тәрбиесiмен қандай да бiр ғажайып тәрбиешi
шұғылданбасын, оқушының өз әрекет ықыласы болмаса,
ешқандай нәтиже болуы мүмкін емес. К.Д.Ушинский пiкiрiнше,
бала өзi оқуы тиiс, ал педагогтың қызметi оған игерлуi қажет
материалды ұсынып бару, оның оқу үдерісін басқару. Осы-
дан, дұрыс қойылған тәрбиеде оқушы педагогикалық ықпалдың
тек нысаны ғана емес, ол сонымен бiрге өз тәрбиесiн белсендi
өз қолына алған – субъект.
Iс-әрекет сияқты тұлға белсендiлiгi де таңдамалы сипатқа
ие. Тұлғаның дамуы кез келген әсерден болмайды, солардың
iшiнде адамның өз қажетiне сай келген, оның тұлғасына
жарасымды болған, шынайы болмысқа деген оның жеке
көзқарастарына сәйкес ықпал болса ғана, бала дамуы
қарқынды жүреді.
Тұлғаның белсендiлiгi дамудың тек алғышарты емес,
оның нәтижесi де. Қоғамдық белсендi, ынталы, шығармашыл
54
және өзi мен төңірегiндегi қатысқан адамдардың бәрiне бiр-
дей жақсылық пен қуаныш беретiн тұлға қалыптастырушы
тәрбие ғана әрдайым өз мақсатына жетiп отырады. Саналы,
педагогикалық сынақтан өтiп, ұйымдастырылған оқушы iс-
әрекетi белсендiлiктің қай түрін де қамтамасыз ете алады. Өсiп
келе жатқан адамға толық iс-әрекет мүмкіндiгiн ашып беру, өз
күш-қуатын белсендi қолдануға қажет әрекет тәсiлдерiмен
қаруландыру, тұлғалық ерекшелiктердi жете зерттеу және әр
тұлғаның болмысындағы табиғаттан берiлген нышандар мен
дарындылықты мейлiнше жайып салу – әрбiр тұлғаның даму
үдерісін ақылгөйлiкпен бағыттаушы ұстаз-педагогтың өз ар-
намысы мен қоғам алдындағы борышы. Сонымен, оқушы
дамуының маңызды жағдаяттарының бiрi – оның меншiктi
өз әрекет – қызметi. Мұғалiм қаншама жақсы бола берсiн,
өз үстiнде еңбектенбеген оқушы көздеген мақсатына жете ал-
майды. Әрқандай iс-әрекет оқушы ықыласымен орындалып,
шартты түрде белсендi болуы қажет. Орындаған iсiнен шәкiрт
ләззат және қанағат табуы лазым. Белсендi iс ешқашан шар-
шатпайды.
Даму нақтамасы
Педагогикалық тәжірибеде оқушының даму деңгейiне
байланысты жетiстiктердi дер уақытында зерттеп тұру қажеттiгi
күннен-күнге үлкен маңызға ие болуда. Бұл қажеттiк тұлғаның
қалыптасу үдерісін тиiмдi басқару үшiн, ондағы жүріп жатқан
өзгерiстердің тереңдiгiн, қарқыны мен ерекшелiктерiн бiлу
керектiгiнен туындаған. К.Д.Ушинскийдің: “Егер педагогика
адамды барша тараптан тәрбиелегiсi келсе, онда ол сол
адамды ең алдымен жан-жақты бiлуi шарт” – деп өз уақытында
нақтаманың нақты оқу-тәрбие үдерiсiндегi маңызын баса
көрсеткен.
Нақтама (диагностика) – зерттелушi нысан немесе үдеріс
жөнiндегi ақпараттарды күнi iлгерi алудың жалпы тәсiлi.
Педагогикалық даму саласындағы нақтаманың мән-мағынасы,
медицинадағы сырқатты күнi бұрын анықтаумен бiрдей.
Нақтама жолымен тәрбие үдерiсiндегi қандай да өзгерiстердің
белгiлерi мен себептерi, оның сипаты анықталып, ол тәрбиенi
55
болашақта дұрыс жолға келтiрудің жоспарына негiз бе-
редi. Дұрыс орындалмаған нақтама барлық еңбектi зая етiп,
алдағы тұрған мақсатқа жетудің кедергiсiн азайтпақ түгiл, оны
асқындырып жiбередi. Сондықтан да, даму желiсiн нақтамалау
жоғары мамандық пен жауапкершiлiктi талап ететiн өте
маңызды тәжірибелік iс.
Оқушының тән-дене дамуын нақтамалау қиындық тудыр-
майды. Бұл үшiн бүкiл дүниежүзiнде жалпы және айрықша
сапалардың даму дәрежесiн өлшестiрушi ерекше тестер
(нұсқау-көрсетпелер) қолданылады. Берiлген тапсырманы
орындауына қарай оқушының қажеттi деңгейге, тән-дене
дамуындағы нақты өлшемдерге сәйкестiгi анықталады.
Алынған деректер жас мүмкіндiктерiмен салыстырылады.
Рухани, әлеуметтiк дамуды нақтамалау үлкен қиындық
тудырады. Бұл мақсатта қолданылатын әдістемелер әзiрше
күрделi, қорытынды дәлдiгiн қамтамасыз ете бермейдi. Нақтама
анықтаудың сенiмiдiлiгiн көтеруге орай кешенді тексерiстер,
антропометриялық, әлеуметтiк және психологиялық дерек-
тер жинақталып, өзара салыстырылады, ал бұл үшiн арнайы
жабдықталған клиникалар мен зертханалар, дайындықты ма-
мандар қажет. Нақты педагогикалық тәжірибеде мектеп психо-
логтары мен мұғалiмдерi тұлғаның жекеленген қасиет-сапала-
рын анықтауы мүмкін, бiрақ мұндай зерттеулердің нәтижесiне
негiздеп, даму құрылымдарына жалпы баға берiп болмайды.
Оқушылардың
дамуындағы
кейбiр
ерекшелiктердi
анықтаудың қарапайым әдістерiн үйренiп алу кәсiби
педагогикалық дайындықтың аса маңызды шарты. Бастауыш
мектеп мұғалiмдерiн аса қызықтыратын жәйттер – оқушы-
лардың ақыл-ой әрекеттерiн, мiнез-құлық сеп-түрткілерiн,
қажетсiну деңгейiн, көңіл-күй шабытын, әлеуметтiк бiтiстер
дамуы мен т.б. маңызды сапаларын күнi iлгерi байқастыру.
Аталған сапаларды зерттеудің кең тараған әдісi – бұл
тестiлеу. Мұғалiмдердің өз қызметтерiнде пайдалануы
үшiн алты жасар балалардың ойлау қабiлетiн нақтамалауға
жәрдемiн тигiзер тестердi үлгi ретiнде ұсынып отырмыз:
1. Қай жануар үлкенiрек – жылқы ма, ит пе?
Жылқы = 0, қате жауап = – 5.
2. Күндiз оқимыз , ал түнде… ?
56
Ұйықтаймыз = 0, ойнаймыз, сабақ оқимыз және т. б. = – 3.
3. Күндiз жарық, ал түнде …?
Қараңғы = 0, қате жауап = – 4.
4. Аспан көк, ал шөп …?
Жасыл = 0, қате жауап –4.
5. Алма, алмұрт, шие… бұл не?
Жемiс = 1, қате жауап –1.
6. Нелiктен адамдар өтетiн жолда қызыл бағдаршам жана-
ды?
Сақтандыру үшiн, т. т. = 0, қате жауап –1.
7. Сағат неше? (қағаз сағатта: жетiге 25 мин. қалды, 5 мин.
кем, он екiге 5 мин. қалды).
Жақсы көрсетiлген = 4, бiр ғана уақыт көрсетiлген = 3, бiл-
мейдi = 0.
8. Мәскеу, Алматы, Астана деген не?
Қалалар = 1, станциялар = 0, қате жауап = – 1.
9. Кiшкентай сиыр – бұзау, кiшкентай ит…, кiшкентай
қой…?
Күшiк, қозы = 4, екеуiнің бiреуi = 0, қате жауап = – 1.
10. Ит мысыққа не тауыққа ұқсай ма? Несiмен ұқсайдың
Мысыққа (бiр белгiсi жеткiлiктi) = 0, мысыққа (ұқсас белгi
келтiрмей-ақ) = 1, тауыққа = – 3.
11. Автомобильдерге тежеуіш неге керек?
Екi себеп (таудан түскенде, тоқтау үшiн және т.б.) = 4, бiр
себеп = 0, қате жауап = –1.
12. Балға мен балта несiмен ұқсас?
Екi ұқсастық = 3, бiр ұқсастық = 2, қате жауап = 0.
13. Жолбарыс пен мысық несiмен ұқсас?
Екi ортақ белгi = 3, бiр ұқсастық = 2, қате жауап = 0.
14. Шеге менен винт немен ажыралады?
Винттің тiлiмi бар = 3, винттің гайкiсi бар = 2, қате жауап=0.
15. Футбол, волейбол, суда жүзу – бұл …?
Спорт (дене шынықтыру) = 3, ойындар (жаттығу, жарыс) = 2,
қате жауап = 0.
16. Қандай автокөлiктердi бiлесің?
Үш жол көлiгi және ұшақ не корабль = 4, жәрдемдесу мен
жауап = 2, қате жауап = 0.
17. Кәрi жас адамнан қалай ажыралады?
57
Үш белгi = 4, бiр не екi ерекшелiк = 2, қате жауап (таяғы бар,
шылым шегедi) = 0.
18. Адамдар неге спортпен шұғылдананды?
Екi себеп = 4, бiр себеп = 2, қате жауап = 3.
19. Нелiктен сабақтан қашу жаман?
Дұрыс жауап = 2, қате жауап = 0.
20. Нелiктен хат конвертiне марка жабыстыру керек?
Тасудың төлем ақысы = 5, айыппұл төлемес үшiн = 2, қате
жауап = 0.
тест нәтижесi – жеке сұрақтарға берiлген балл қосындысы.
Нәтижелердің топтастырылуы (классификациясы):
Өте жақсы…+ 24 және одан жоғары
Жақсы… + 14 + 28 дейiн
Қанағаттандырарлық… + 0 + 13 дейiн
Жаман… - 1 –10 дейiн
Өте жаман… - 11 – одан төмен.
58
Өзіңiздi тексеріңiз
1.
Тұлға дамуы деген не?
2.
Дамудың қозғаушы күштерi не?
3.
Iшкi және сыртқы қарама-қарсылықтар деген не?
4.
Қай кезде адам тұлға аталады?
5.
Тұлға дамуына себепшi жағдаяттар қандай?
6.
Нәсiлдiк деген не?
7.
Нәсiлдiк белгiлер неден көрiнедi?
8.
Атадан балаға мұра нәсiлдiк қандай?
9.
Нышан деген не? Ол ұрпақтан ұрпаққа өте ме?
10. Балаға өтетiн арнайы нышандар қандай?
11. Iзгiлiк, әлеуметтiк сапалар нәсiлдiктен берiле ме?
12. Қоршаған орта деген не?
13. Тұлғаның дамуына жақын ортаның ықпалы қандай?
14. Тәрбиемен адамды толық өзгертуге болады ма?
15. Тұлға дамуына тәрбие ықпалы қандай?
16. Табиғи сәйкестiк принципінің мәнi қандай?
17. Тұлға дамуына iс-әрекет әсерi қаншама?
18. Оқушы iс-әрекетiнің негiзгi түрлері қандай?
19. Даму және жеке белсендiлiк ара қатынасын ашыңыз.
20. Даму нақтамасы деген не? Ол қалай орындалады?
21. Негiзгi даму заңдылықтарын атап, түсiндiрiп беріңiз.
|