2007  ббк 74. 00 Б 12 Пiкiр жазғандар



Pdf көрінісі
бет4/33
Дата06.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#7706
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33

2-ТАРАУ

                               

ДАМУДЫҢ ЖАЛПЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ

Жоспар:

Тұлғаның даму үдерісi

Нәсiлдiк және қоршаған орта

Даму және тәрбие

Табиғи сәйкестiк принципi

Iс-әрекет және тұлға дамуы

Даму нақтамасы

Тiрек конспект – сөздік

Адам – заттай және рухани, табиғи және әлеуметтiк, нәсiлдiк 

пен өмiрден игерiлген дүниелер бiрiлiгiнен қалыптасқан ойлау 

және сөйлеуге қабiлеттi, құрал-жабдық жасап, оны еңбек бары-

сында қолдануға икемдi тiршiлiк өкiлi.



Индивид  (тек  өкiлi)  –  тұлғалық  және  даралық  дамудың 

алғышарты  ретiнде  көрiнген  тұтастық  қайталанбастығымен 

танылған  психофизиологиялық  қасиеттерге  ие  тек  өкiлi  – 

адам.


Тұлға  (личность)  -  қатынастар  мен  саналы  iс-әрекеттерге 

араласқан,  өзiндiк  таным  мен  дамуға  қабiлеттi,  қоғам  мүшесi 

ретiнде  әлеуметтiк  мәндi  бiтiстер,  байланыстар,  ұстанымдар 

мен принциптердi  өз бойына сіңдiрген субъект – адам.



Даралық (индивидуальность) – тек өкiлi – адамның тұлғалық 

және  психикалық  ерекшелiгi.  Бұл  әрбiр  тұлға  –  субъекттің 

темпераменттiк  және  мiнез  бiтiстерiнде,  сезiмдiк,  ақыл-сана 

және  ерiктiк  аймақтары  мен  қызығуларында,  қажеттерi  мен 

қабiлеттерiнде көрiнiс бередi.

Даму (развитие) – адам ағзасында, психикасында, ой-өрiсi 

мен рухани болмысы шеңберiнде сыртқы да iшкi, басқарымды 

да өзбетiнше жүріп жатқан ықпалдар себебiнен болатын сандық 

және сапалық өзгерiстер мен сол өзгерiстердің нәтижесi.



36

Биологиялық  даму  –  тән-дене  дамуы,  морфологиялық, 

биохимиялық, физиологиялық өзгерiстер.



Әлеуметтiк  даму  –  психикалық,  рухани  (духовное),  сана-

сезiмдiк  (интеллектуальное),  әлеуметтiк  (социальное)  кемел-

дену.

Дамуға қозғау салушы күштер - қарама-қарсылықтар тай-

таласы (борьба).



Қарама-қарсылықтар  –  бiр-бiрiне  тiкелей  қайшы  кел-

ген  қажеттiктердің  тоғысуынан  болатын  тайталас:  “керек” 

– “қолымнан келедi”, “бiлетiн” – “бiлмейтiн”, “мүмкін” – “болмай-

ды”, “бар” – “жоқ” және т.б. 



Даму  жағдаяттары  (факторы)  –  нәсiлдiк,  қоршаған  орта, 

тәрбие.


Нәсiлдiк (наследственность) – балаға ата-анасынан өтетiн 

кейбiр қасиеттер мен ерекшелiктер, мысалы, сырттай белгiлер: 

дене құрылымы, шаш, көз, терi түстерi. Нәсiлдiктен берiлетiн 

қабiлеттер емес, тек нышандар (задатки) ғана.



Әлеуметтiк нәсiлдiк (социальная наследственность) – ата-

аналардың  әлеуметтiк-психологиялық  тәжiрибесiн  игеруден 

қалыптасатын бiлiк (тiл, әдет, әрекет, қылық ерекшелiктерi, iз-

гiлiк-адамгершiлiк сапалары және т.б.).



Қоршаған орта – адамның дамуына тiкелей ықпал жасап, 

қажеттi  жағдаяттарды  қамтамасыз  етушi  шынайы  болмыс 

(табиғат, қоғам).

Алыс орта (дальняя среда) - қоғамдық құрылым, өндiрiстiк 

қатынастар  жүйесi,  өмiрдің  заттасқан  тiршiлiк  шарттары, 

өндiрiстiк және әлеуметтiк үдерiстердің атқарылу сипаты және 

т.б.


Жақын орта (ближняя среда) – отбасы, тума-туыс, ағайын-

жекжат, достар.



Адам  -  тұлға,  әлеуметтiк  тiршiлiк  иесi  ретiнде  –  ең 

жоғары  құндылық  болып  саналады,  қоғамның  барша  дамуы 

сол құндылықты асыра түсу үшiн орындалып жатады.

Тәрбие  (воспитание)  -  1.  Арнайы  ұйымдастырылған 

әрекеттер  жүйесiндегi  мақсат  бағдарлы  тұлға  қалыптастыру 

үдерісi.  2.  Нәсiлдiк  пен  қоршаған  ортаның  әсерiнен  болатын 

келеңсiз бiтiстердi белгiлi мөлшерде түзеп-реттеп барушы не-

гiзгi қызмет-әрекет.


37

Қалыптастыру  (формирование)  –  нәсiлдiк,  орта,  мақсат 

бағдарлы  тәрбие  және  өз  белсендiлiгiнің  шынайы  ықпал-

әсерлерi нәтижесiнде адамның тұлғалық кемелге жету үдерісi.

Әлеуметтену (социализация) – адамның нақты замандағы 

нақты  қоғамға,  әлеуметтiк  қауым  мен  ұжымдарға  тән 

құндылықтар,  қалып-талаптар  (нормы),  ұстаным-нанымдар 

(установки)  мен  әрекет-қылық  үлгiлерiн  игерiп,  әлеуметтiк 

байланыстарға  келуi  және  әлеуметтiк  тәжiрибенi  қолдана 

бiлуi.


Табиғи сәйкестiк (природосообразность) принципi – адам 

табиғаттың  ажырамас  бөлiгi.  Даму  әр  адамның  тума,  табиғи 

мүмкіндiктерiн  арқау  етiп,  оларға  сәйкес  орындалып  баруы 

тиiс.  Тәрбие  табиғи  жағдаяттардан  алшақ,  жасанды  жолмен 

iске асуы мүмкін емес.

Iс-әрекет (деятельность) – 1. Тiршiлiктің жалпылама сипа-

тын қамтыған қоғамдағы адам белсендiлiгi. 2. Адами тiршiлiктің 

формасы әрi тәсiлi.

Белсендiлiк  (активность)  –  iс-әрекеттің  қарқынды  әрi 

мүдделi орындалуынан болатын адам сапасы. Тұлға белсен-

дiлiгi – бұл дамудың алғышарты ғана емес, нәтижесi де.

Даму  желiсiн  нақтамалу  (нақтама)  –  оқушының  даму 

деңгейi, сапа қасиеттерiн айқындаудың ғылыми әдістемесi.



Тестiлеу (тестирование) – тұлғалық сапаларды арнайы тап-

сырмалар жәрдемiмен зерттеу әдісi.



Адам  дамуының  негiзгi  заңдылықтары  мен  жағдаят-

тары:

-  Адам  дамуы  –  iштей  себеп-салдарлы  үдеріс,  яғни 

әрбiр  тұлғаның  жандүниелiк  қайшылықтары  мен  психофи-

зиологиялық ерекшелiктерiне тәуелдi.

-  Адам  дамуы  оның  әлеуметтiк  жағдаяттарымен  тiкелей 

байланысты,  яғни  қалыптасудағы  тұлғаның  сапа-қасиеттерi 

қоршаған  орта  (қоғам  жағдайлары,  тәрбие  ықпалдары) 

әсерлерiнен өзгерiске түсiп отырады.

-  Адам  дамуы  -  өзiндiк  белсендiлiктің  нәтижесi,  яғни 

тұлғалық    жетiлуге    болған  ниеттер  мен  iс-әрекетке,  

қатынастарға араласуға болған ұмтылыстардан.

-  Адам  дамуы  –  жетекшi  iс-әрекет  қызмет  типiне  орай-

лас,  яғни  баланың  нақты,  белгiлi  психикалық  үдерiстер  және 


38

психологиялық ерекшелiктердің туындап, өзгерiп баруына се-

бепкер болады.

-  Әрқилы  жағдаяттардың  әсерi  адамның  жас  және 

жыныстық, даралық ерекшелiктерiне байланысты.

-  Адам  дамуы  көптеген  жағдаяттардың  (нәсiлдiк,  орта, 

тәрбие, жеке белсендiлiк) бiрiге әсер етуiнің нәтижесiнде iске 

асып барады.



Жағдаят (фактор) - қандай да үдеріс, құбылыстың қозғаушы 

күшi, себебi, мәндi шарты.



Шарт (условие) - қандай да әрекеттi туындататын жағдай.

Макрошарттар - әрқилы елдерде жасайтын ауқымды адам-

дар  тобына  ықпал  жасай  отырып,  жеке  адамдар  болмысын 

айқындаушы жағдаяттар.

Мезошарттар – нақты адамдар қауымдастығының тiршiлiгiн 

қамтамасыз етушi шарттар мен жағдайлар.



Микрошарттар  –  жеке  адамның  тұрмыстық  жағдайлары 

мен оны тiкелей қоршаған әлеуметтiк орта.



39

“Адам баласы туа естi бол-

майды.  Естiп,  көрiп,  ұстап,  та-

тып,  естiлердің  айтқандарын 

есте  сақтап  қана  естiлер 

қатарында  болады.  Естiген 

нәрсенi есте сақтау, ғибрат алу 

ғана естi етедi”.

                     

      

 А б а й

                             



Тұлғаның даму үдерісi

Даму  –  адамның  сандық  және  сапалық  өзгерiстерiнің 

жүрісi  мен  нәтижесi.  Даму  нәтижесiнде  адам  биологиялық 

түр  және  әлеуметтiк  тiршiлiк  иесi  болып  жетiледi.  Адамның 

биологиялық  сипаты  өз  iшiне  морфологиялық,  биохимиялық, 

физиологиялық  өзгерiстердi  қамтыған  тән-дене  дамуынан 

көрiнедi.  Ал  әлеуметтiк  даму  оның  психикалық,  рухани,  ин-

теллектуал кемелденуiнен байқалады. 

Егер  адам  сана  және  өзiндiк  санаға  ие  болып,  өз  бетiнше 

жаңғыртушы iс-әрекет орындауға қабiлеттi болса, онда ол адам 



тұлға деп аталады. Адам тұлға болып туылмайды, ол қасиеттiк 

дәреже  даму  барысында  қалыптасады.  “Адам”    ұғымынан  

өзгеше “тұлға” түсiнiгi – адамның қоғамдық қатынастар, басқа 

адамдармен араласу ықпалында қалыптасқан әлеуметтiк сапа-

қасиеттерiн  бiлдiредi.  Тұлға  ретiнде  әрбiр  адам  әлеуметтiк 

жүйеде  мақсат  бағдарлы  және  ойластырылған  тәрбие  ба-

рысында  қалыптасады.  Әрбiр  тұлға,  бiр  жағынан,  қоғамдық 

тәжiрибенi  игеру  деңгейiмен,  екiншi  жағынан,  материалдық 

және  рухани  құндылықтар  қорына  қосқан  қоғамдық  үлесiмен 

танылады.  Тұлға  болып  жетiлу  үшiн  адам    өзіне  табиғаттан 

берiлген  және  өмiр  мен  тәрбие  желiсiнде  қалыптасқан  iшкi 

қасиеттерiн нақты тәжірибелік қызметте аша бiлуi шарт. 

Адам  дамуы  –  бұл  өте  күрделi,  ұзақ  мерзiмдi  және 

қарама-қайшылықты  үдеріс.  Бiздің  ағзамызда  болып  жатқан 

өзгерiстер  өмiр  бойына  ұласады.  Ал  адамның  тән-дене  бол-

мысы  мен  рухани  дүниесi  әсiресе  балалық  және    жасөспiрiм  

шақта қарқынды ауысуларға кезiгедi. Адамның дамуы сандық  


40

өзгерiстердің қарапайым жиынтығы немесе төменнен жоғарыға 

бағытталған iлгерiлi қозғалыс тобы емес, бұл үдерiстiң  өзіне 

тән  ерекшелiгi  –  сандық  өзгерiстердің  тұлғаның  физикалық, 

психикалық және рухани сапалық қасиеттерiне диалектикалық 

түрде өтiп, жаңалануы. Бұл құбылыстарды түсiндiруде әртүрлі 

көзқарастар қалыптасқан. Мамандардың бiр бөлiгi адамдардың 

дамуын кездейсоқ, басқарымға келмейтiн  өзiнше жүрісi бар деп 

пайымдаса, даму өмiр шарттарына тәуелсiз, сондықтан, тума-

дан  берiлген  күштерге  байланысты;  адамның  дамуын  ешкiм, 

еш уақытта  өзгертуi мүмкін емес, тағдыр белгiлейдi, осыдан 

қазақ  «Маңдайына  жазылған»,  –  деп  топшылайды.  Ал  басқа 

бiр  зерттеушiлер  тобының  пайымдауынша:  даму  –  бұл  әуел 

бастан қозғалысқа қабiлеттi тiрi материя. Даму жолында көне 

жойылып,  жаңа  туындап  барады.  Өмiрге  енжар  икемдесушi 

жануарлардан  адам  өз  дамуы  үшiн  қажеттерiн  өз  еңбегiмен 

жасай алатындығымен ажыралады. 

Дамуды қозғаушы күш – қарама-қарсылықтар тайталасы. 

Қарама-қарсылықтардың арқасында үздiксiз қайта жасалулар 

мен  жаңғыртулар  дүниеге  келедi.  Қарама-қарсылықтар  –  бұл  

өзара  екi  шекті  күштердің  бiр-бiрiне  сиымсыздығынан  туын-

дайтын  диалектикалық  үдеріс.  Адам  қайшылықтарды  iздеп 

немесе  ойдан  шығарып,  әлектенуiнің  қажетi  жоқ,  олар  қадам 

сайын өмiрлiк қажеттiктердің өзгеру салдарынан пайда болып 

отырады.  Табиғатынан  адамның    өзi  де  қарама-қайшылықты 

дүние болмысы. 

Қарама-қайшылықтар  барша  адамдардың  дамуына  ықпал 

жасаушы iшкi және сыртқы, жалпы (әмбебап), сонымен бiрге 

әр жеке адамға тән – даралықты болып ажыралады. Адамның 

қарапайым материалдық және ең жоғары рухани қажеттерiнің 

және  оларды  қанағаттандыру  мүмкіндiктерi  арасындағы 

қарама-қайшылықтар  әмбебап  сипатқа  ие.  Iшкi  қарама-

қайшылықтар әр адамның өз болмысынан қанағаттанбауынан 

туындайды.  Олар  жеке-дара  ниеттерде  көрiнедi.  Негiзгi  iшкi 

қайшылықтардың бiрi – жаңадан пайда болған қажеттiктер мен 

оларды iске асыру мүмкіндiктерiнің арасындағы алшақтықтар. 

Мысалы, оқушылардың өз психикасы мен интеллект, әлеуметтiк 

деңгейiнің  жетiмсiздiгiне  қарамай,  мүмкіндiктерi  толысқан 

ересектермен  бiрге  iс  алып  баруға  ұмтылуы.  “Қалаймын”  – 


41

“қолымнан келмейдi”, “бiлемiн” – “бiлмеймiн”, “мүмкін” – “бол-

майды”, “бар” – “жоқ” – мәңгi қарама-қайшылықтарды белгiлей-

тiн қосарлы ұғымдар. Адам дамуын зерттей отырып, ғалымдар 

даму және оның нәтижелерi – бiр жағынан, және оларға ықпал 

жасаушы себептер – екiншi жағынан, арасындағы заңдылықты 

байланыстарды  аңдатушы  бiрнеше  маңызды  тәуелдiлiктердi 

ашты. 


Нелiктен  кей  адамдар  өз  дамуында  өте  биiк  нәтижелерге 

жетедi,  ал  екiншi  бiреулер  –  ондай  мүмкіндiкке  ие  емес? 

Бұл  үдерiстің  және  оның  нәтижесi  неге  байланысты?  Ұзаққа 

созылған  зерттеулер  осы  сұрақтарға  орай  жалпы  заңдылық 

ашты: адам дамуы iшкi және сыртқы жағдайларға тәуелдi. Iшкi 

жағдайлар – адам ағзасының физиологиялық және психикалық 

қасиеттерi. Сыртқы жағдайлар – бұл адамның қоршаған орта-

сы, ол жасаған және дамыған аймақ  сыртқы ортамен ықпалды 

араласу үдерiсiнде адамның iшкi мәнi өзгередi, жаңа қасиеттерi 

қалыптасады,  ал  бұл,  өз  кезегiнде,  алдағы  өзгерiстерге  жол 

ашады. 

Сонымен,  адамның  дамуы  сандық  және  сапалық 



өзгерiстердің  желiсi  мен  нәтижесi.  Даму  барысында  адам 

тұлғаға  айналып,  сана  мен  өзiндiк  сана,  дербес  жаңғыртушы 

iс-әрекет  иесi  болып  жетiледi.  Дамудың  қозғаушы  күшi  - 

қарама-қарсылықтар күресi. Адамның дамуы iшкi және сыртқы 

жағдайлармен анықталады. 

Нәсiлдiк және қоршаған орта

Дамудың  қай  қырлары  адамның    өзіне  тәуелдi  және  қай 

тараптары  сыртқы  жағдайларға,  жағдаяттарға  байланысты? 

Дамуды айқындаушы себептер тобы – жағдайлар деп атала-

ды, ал сол қарапайым себептердің iшiндегi ең маңызды, мәндi 

себеп  –  жағдаят  (фактор)  деп  аталады.  Даму  үдерісi  мен 

оның нәтижесiне әсер етушi жалпы жағдайлар мен жағдаяттар 

қандай?

Белгiлi болғандай, адамның даму үдерісi мен оның нәтижесi 



үш  өзектi  жағдаяттардың  бiрлiктi  әрекетiмен  жасалады,  олар 

–  нәсiлдiк,  қоршаған  орта  және  тәрбие.  Негiзге  “нәсiлдiк”  

деп аталатын адамның тума, табиғи ерекшелiктерi алынады. 


42

Нәсiлдiк – бұл атадан балаға берiлетiн тұрақты сапалар мен 

ерекшелiктер. Нәсiлдiктi тасушы – биологиялық ген (грек сөзі 

  туындатушы).    Ағза  қасиеттерi  табиғат  жаратқан  гендiк 

рәміздерде  өрнектелiп,  белгiлi  ақпарат  күйiнде  тiршiлiк  өкiлi 

тәнiнде  сақталатынын  және  бiрден  бiрге  ауысып  баратынын 

бүгiнгi  ғылым  дәлелдеп  отыр.  Генетика  –  адам  дамуының 

нәсiлдiк бағдарлама құпияларын ашып, жариялады. Адамның 

нәсiлдiк бағдарламасы адамды адам кейпiнде танытатын жал-

пы, сонымен бiрге әрбiр адамның басқаға ұқсамас  өзгешiлiгiн 

бiлдiретiн  айрықша  детерминантты  (себепті)  және  ауыспа-



лы бөлiктердi өз iшiне алады. Нәсiлдiк бағдарламаның  себеп-

ті   бөлiгi адамзаттың ұрпақ жалғастыру және адам тегiне тән 

нышандарды – сөйлеу, тiк жүру, еңбек iс-әрекетi, ойлау, т.б. - 

қамтамасыз  етедi.  Атадан  балаға  адамның  сыртқы  белгiлерi: 

дене құрылысы, шаш, көз, терi түстерi – ауысады. Қан тобы, 

резус-фактор,  ағзадағы  ақуыздардың  әртүрлі  бiрiгiмi  қатаң 

генетикалық бағдарламаға тәуелдi түзiлген. 

Адамның  жүйке  жүйесi,  мiнезi,  психикалық  үдерiстердің 

өту  ерекшелiгi  осы  нәсiлдiк  қасиеттер  тобынан.  Ата-аналар 

тәнiнде болған жүйке жүйесiнің кемшiлiктерi, олардың арасын-

да психикалық күйзелiс, сырқаттар – патологиялық ауытқулар 

ұрпақтан ұрпаққа өтiп отырады. Сондай-ақ, қан ауырулары (ге-

мофилия), қан диабетi, кейбiр эндокриндiк бұзылыстар, мыса-

лы – ергежейлiлiк нәсiлдiк сипатқа ие. Ұрпаққа ауыр зиян кел-

тiретiн  жағдаяттардың  бiр  тобы  –  ата-аналардың  алкагольдiк 

және нашақорлық зиянды әдеттерiнен. 

Нәсiлдiк  бағдарламаның  ауыспалы  бөлiмi  адамға  тiршiлiк 

жағдайларының    өзгермелi  шарттарына  икемдесiп  баруы-

на  көмегiн  тигiзедi.  Нәсiлдiк  бағдарлама  жетiлдiре  алмаған 

адамның сапа-қасиеттерi өмiр бойы жүріп жататын тәрбиемен 

толықтырылады.  Бағдарламаның    бұл  бөлiгiн  әрбiр  адам 

өз  бетiнше  дамыта  алады.  Осылайша  табиғат  әрбiр  адамға 

өзiндiк  даму  және  өзiндiк  жетiлу  жолымен  өзiнің  адамилық 

мүмкіндiктерiн  iске  асыруға  жол  ашады.  Сонымен,  тәрбие 

қажеттiгi адамға оның табиғатынан берiлген. Балалар өз ата-

аналарынан  ненi  мұра  етiп  алады  –  ақыл  әрекетiне  дайын 

қабiлеттердi ме немесе қабiлеттердi дамыту үшiн қажет мүмкін 

болған  нышандарды  ма?  Эксперименталды  зерттеулерде 


43

топталған  деректердi  талдау  бұл  сұрақтарға  нақты бiр  жауап 

мүмкіндiгiн бердi: нәсiлдiктен өтетiн қабiлеттер емес, тек 

қана – нышандар. Әулетке өткен нышан кейiн дамуы да мүмкін 

немесе  қолайлы  жағдайлар  болмаса,  өшiп  кетуi  де  ықтимал. 

Бәрi  жағдайға  байланысты:  егер  адамның  нәсiлдiк  бастаула-

ры нақты қабiлетке өту мүмкіндiктерiне кез болса және тұрмыс 

шарттары,  тәрбиесi,  адам  мен  қоғамның  қажеттерi  орынды 

үйлесiм тапса, нышан қабiлет деңгейiнен көрiнедi. 

Барша  қалыпты  адамдар  табиғатынан  өзiнің  ақыл  және 

танымдық күштерiн дамыту мүмкіндiгiне ие, сонымен бiрге шек-

сiз рухани дамуға қабiлеттi. Жоғары жүйке қызметi типтерiндегi 

айырмашылық ойлау үдерістерінің жүрісiн ғана  өзгертуi мүмкін, 

ал ақыл-парасат әрекеттерi деңгейiне олардың ешқандай әсерi 

жоқ. Солай да болса, бүкiл дүние педагогтары нышандардың 

ақыл-ой  қабiлеттерiнің  дамуына  кедергi  де  болатынын 

айғақтайды. Мысалы, маскүнемдерден туған балалардың бас 

миындағы  енжар  жасушалар,  нашақорларда  болатын  гендiк 

құрылым бұзылыстары, кейбiр нәсiлдiк психикалық сырқаттар 

-  қабiлеттердің  орнығуына  көп  кедергi  келтiредi.  Шылымкеш 

ата-аналардан  туған  балалар  өкпе  ауруына  шалдыққыш  ке-

ледi. 

Ақыл-ой  әрекетiне  негiз  –  жалпы  нышандармен  бiрге  ар-



найы нышандар да ұрпақтан ұрпаққа берiледi. Белгiлi iс-әрекет 

түріне адамды қалыптастырудың бастауы осы арнайы нышан-

дарда.  Егер  адамға  қажеттi  жағдайлар  жасалса,  арнайы  ны-

шандар  ерте  жастан-ақ  белгiлi  болады.  Мұндай  нышандар: 

ән-күй, сурет өнерi, математика, ленгвистика, спорт және т.б. 

үлкен маңызға ие. 

Биологиялық нәсiлдiктен басқа адам дамуына үлкен ықпал 

жасайтын  және  бiр  жағдаят  –  бұл  әлеуметтiк  нәсiлдiк.  Осы 

нәсiлдiкке орай дүниеге жаңа келген адам өз ата-аналарынан 

және  төңірегiндегiлерден  олардың  әлеуметтiк-психологиялық 

тәжiрибесiн  (тiл,  әдет,  мiнез  бiтiстерi,  адамгершiлiк  сапала-

ры,  т.б).  белсендi  игеруге  қабiлеттi.  Әсiресе  қызықтыратыны 

–  моральдық  нышандардың  нәсiлдiкпен  берiлуi.  Көп  заман-

нан  берi  адам  тумадан  жауыз  да,  қайырымды  да,  мырза  да, 

сараң  да  емес,  -  деген  тұжырым  қалыптасқан.  Бала    өз  ата-


44

аналарынан  олардың  моральдық  сапаларын  қабылдап  -  ұры 

не қарақшы болып, өспейдi. 

Ендеше,  нелiктен  көп  ғалымдар  “тума  жыртқыштық”  те-

ориясын  ұстанады?  Осыдан  ғасырлар  тұңғиығынан  бiзге 

дейiн жеткен – “алма ағашынан ұзап түспейдi” – деген мақал 

әдiл  ме?  Бүгiнгi  таңда  ғалым  педагогтардың  көбi  адамның 

iзгiлiк  қасиеттерi  биологиялық  негiзге  ие  деген  пiкiрге  ойы-

сып отыр. Адамдар қайырымды немесе ашулы, адал немесе 

өтiрiкшi,  адамның  жыртқыштығы,  қайырымсыздығы,  ашкөздiгi 

табиғаттан  берiлген  (М.Монтессори,  К.Лоренц,  Э.Фромм, 

А.Мичерлик, т.б.).

Адамның  тұлға  болып  жетiлуi  әлеуметтену,  яғни  басқа 

адамдармен  қарым-қатынасқа  келу  үдерісiнен,  адамзат 



қоғамынан тыс рухани, әлеуметтiк, психикалық дамуы мүмкін 

емес. Маугли жөнiндегi аңыз-ертегiнi есіңiзге түсiріңiз. 

Нәсiлдiктен басқа адам дамуына үлкен ықпал қоршаған ор-

тадан. Орта – бұл даму жүріп жатқан шынайы болмыс, дүние. 

Тұлғаның қалыптасуына әрқилы сыртқы жағдайлар, солардың 

iшiнде географиялық, әлеуметтiк, мектеп, отбасы жағдаяттары 

себепшi болады. Олардың кейбiреулерi белгiлi аймақтың бар-

ша  балаларына  тиiстi  болса  (географиялық  жағдаят),  екiншi 

бiреулерi – жасаған ортаға байланысты (айталық, қала немесе 

ауыл) ал үшiншi біреуi – кейбiр әлеуметтiк топтағы балаларға 

маңызды,  төртiншi  жағдаяттар  –  бүкiл  халықтың  жалпы 

жақсарған өмiрiмен байланысты (соғыс және күйзелiс жылда-

ры ең алдымен балалар қиыншылығын тудырады).

Араласу  қатынастарына  байланысты  жақын  және  алшақ 

орта  ажыралады.  Педагогтарды  көбiне  қызықтыратыны 

әлеуметтiк  және  отбасы  ортасы.  Әлеуметтiк  орта  балалар 

үшiн  алшақ,  ұзақ  орта  есептелсе,  ал  отбасы  –  жақын  ор-

таны  құрайды.  Бұл  ортада  балалар  ата-анасымен,  туған-

туысқандары,  жекжаттарымен,  достарымен  қатынас  түзедi. 

Үй  iшiндегi  тұрмыстық  жағдаяттар  нақты  баланың  дамуына 

ықпал  жасайды  және  ол  дамудан  бiз  ең  алдымен  баланың 

қай дәрежеде тамақтанатынын, сабақ және демалыс тәртiбiн, 

тән-дене  және  ақыл-ой  жүктемелерiнің  қажеттi  дәрежеде  бо-

луы,  болмауын  анықтаймыз.  Қалыпты  тән-дене  дамуындағы 

қандай  да  ауытқу,  ата-аналар  мен  мұғалiмдер  үшiн  баланың 


45

денсаулығына байланысты кейбiр жағдайлардың қамтамасыз 

етiлмегенiнен хабар берiп, оны қалпына келтiру үшiн шаралар 

қолдану қажеттiгiн бiлдiредi. “Әлеуметтiк” орта түсiнiгi қоғамдық 

құрылым,  өндiрiстiк  қатынастар  жүйесi,  өмiрдің  материалдық 

шарттары,  өндiрiстiк  және  әлеуметтiк  үдерiстердің  жүріс  си-

паты  және  басқа  да  жағдаяттарды  аңдатады.  Ортаның  адам 

қалыптасуына ықпалы қандай? Қоршаған орта маңыздылығын 

барша дүние педагогтары мойындауда. Дегенмен, сол ортаның 

ықпал  дәрежесiн  бағалауда  әртүрлі  көзқарас  қалыптасқан. 

Дерексiзденген  (абстракт)  орта  болмайтыны  белгiлi.  Нақты 

қоғамдық    орта,  адамның  нақты  өмiр  жағдайлары,  оның 

жанұясы, мектебi, достары болады. Осыдан алыс және жақын 

қоршаған  орта  неғұрлым  қолайлы  жағдайларды  қамтамасыз 

ете  алатын  болса,  соғұрлым  адам  өз  дамуында  жоғары 

деңгейлерге көтерiледi. 

Адам  дамуының  әсiресе  балалық  шағында  жанұяның 

маңызы  орасан.  Адамның  алғашқы  өте  қажет  даму  және 

қалыптасу  дәуiрi  осы  жастық  шағына  байланысты.  Бала  өзi 

туып өскен және дамыған жанұяның дәл бейнесiн қайталайды. 

Оның қызығулары мен қажеттерi, көзқарастары, құндылықтар 

бағыты  өскен  отбасының  сипатына  тәуелдi.  Осы  отбасында 

баланың табиғи нышандарының дамуына материалдық және 

де  басқа  жағдайлар  жасалады.  Тұлғаның  адамгершiлiк  және 

әлеуметтiк сапалары да – отбасыдан. 

Қазіргі  күнде  қай  отбасы  болсын,  қиын  кезеңдi  басынан 

кешiрiп  жатыр.  Ажырасқан  некелер,  бiржағы  кемiс  отбасы-

лар, әлеуметтiк кiрiптарлық пен жоқшылыққа ұшыраған бала-

лар  саны  ұлғаюда.  Отбасы  дағдарысы,  мамандардың  пiкiрiн-

ше, көптеген келеңсiз қоғамдық құбылыстардың, ең алдымен 

кәмелетке  жетпегендер  ортасындағы  тәртiп  бұзушылықтың 

басты себебiне айналып отыр. Елдегi құқық бұзушылардың ба-

сым көпшiлiгi 14 пен 18 жас аралығындағы жасөспiрiмдер. Бұл 

қоршаған орта ықпалының керi кетiп жатқанын, онымен бiрге 

даму нәтижесiнің де төмендегенiн байқатады. 

Не  маңыздылау  -  қоршаған  орта  ма  нәсiлдiк  пе?  Маман-

дар  пiкiрi  бөлiндi.  Кей  педагогтардың  бағалауынша,  барлық 

шарттар  арасында  ортаның  ықпалы  80%  құрайды.  Екiншi  бiр 

зерттеушiлердің  есебiнде, керiсiнше,  80% даму – нәсiлдiктен. 


46

Негiзгi жағдаяттардың ақыл дамуына ықпалы жөнiнде ағылшын 

психологы  Д.Шаттлеворт  (1935  ж.)  келесiдей  қорытынды 

жасаған:  –  ақыл  дамытушы  жағдаяттардың  64%  нәсiлдiк 

ықпалдан;

–  16%  –  отбасы  жағдайлары  деңгейiнің  айырмашы-

лығынан;

–  3%  –  сол  отбасыдағы  балалардың  тәрбие  айырмашы-

лығынан;

–  17% – аралас жағдаяттардан (нәсiлдiктің ортамен бiрлiк-

тi әсерiнен).

Әр  адам  өзiнше  дамиды.  Сондықтан,  әркiмге  болатын 

нәсiлдiк және орта ықпалдары әрқилы. Ал ендi бұл себептердің 

қайсысы  қаншалықты  ықпал  жасайтыны,  олардың  араласа 

қандай нәтижеге әкелетiнi көп жағдаяттарға тәуелдi. Олардың 

өлшемi,  сипаты  дәрежесiн  сандық  көрсеткiшке  келтiру  тiптi 

мүмкін емес. 

Сонымен,  адамның  даму  үдерісi  мен  оның  нәтижесi  үш 

басты  жағдаяттардың  –  нәсiлдiк,  қоршаған  орта  және 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет