Халықаралық ғылыми-көпшілік журнал Международный научно-популярный журнал



Pdf көрінісі
бет30/50
Дата06.03.2017
өлшемі4,75 Mb.
#7753
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50

Абдуллина Гүлжан Темиршаровна
доктор PhD, доцент міндетін атқарушы,  87782093660,  gulzhan-abdullina-4@mail.ru
Мустафаева Таугуль Тауасаровна
Ұлықбек атындағы жалпы орта мектеп мұғалімі, тел: 87057167944
Сандыбай Жазира Әбдіқалиқызы
№ 5  Ғ.Мұратбаев атындағы жалпы орта мектеп мұғалімі, 87058683258
САБАҚТА ОЙЫН ТҮРЛЕРІН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ
Түйін. Бұл мақалада бастауыш сынып оқушыларына ойын түрлерін сабақта колдану тәсілдері және ойынның 
тәрбиелік, білімділік, дамытушылық маңыздылығы жайлы баяндалған. Сонымен қатар ойынның мақсат-міндет-
тері және сабақта  қолдану түрлері қарастырылады. 
Кілттік сөздер: әдіс, технология,  ұлттық ойын, тәрбие.
Резюме. В данной статье говорится о видах и методах использования игр для учеников начального класса и о 
значимости игр в воспитании, образовании и развитии. А также рассматриваются цели и обязанности игр и виды 
их использования уроках.
Ключевые слова:  метод,  технология, национальные игры,воспитание  . 
Summary.  This article deals with the ty pes of games using at the lesson for the primary school children and set out the 
importance of developing the education. Also considered the purpose and tasks of games and types of usage at the lesson.
Keywords: the method, technology, national games, education.
  Кез  келген  ұстаздың  басты  мақсат-міндеті  – 
оқушыларға сапалы білім беру, жан-жақты  жетіл-
діру, оқуға деген қызығушылығын арттыру. Ойын 
үлгісінің технологиясы баланың нақ осындай бел-
сенділіктерін арттырады. Кез-келген бала да адам-
ның мәдениеті де ойын арқылы дамиды. Ал бүгін-
гідей  динамика  ғасырында,  оқу  процесінде  ойын 
алдыңғы орында, яғни ойын технологиясы арқылы 
баланың оқуға ынтасын, қызығушылығын арттыру 
жеңіл болмақ. 
Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаевтың  “Қазақстан 
-2030”  Қазақстан  халқына  арналған  Жолдауында 
“біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, 
біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бір-
ге  ержетеді.  Олар  бабаларының  игі  дәстүрлерін 
сақтай  отырып,  қазіргі  заманғы  нарықтық  эконо-
мика жағдайында жұмыс істеуге даяр. Олар қазақ, 
орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгереді,олар бей-
біт,абат, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге 
әйгілі,  әрі  сыйлы  өз  елінің  патриоттары  болады” 
деп көрсетілгеніндей,ертеңгі келер күннің бүгінгі-
ден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоға-
мын алға апаратын құдіретті күш-білім нәрі.
Бүгінгі  таңда  қоғамымыздың  даму  бағытында 
жан-жақты  дамыған,  сауатты,  саналы  азамат  тәр-
биелеу мәселесі жүктеліп отыр. Мұндай мақсаттың 
баянды  болуы  оқу-тәрбие  жүйесінің  үлесіне  ти-
етінін ескерсек, жас жеткіншектердің білімді, білік-
ті болуында ойынның алатын орны ерекше.
Еңбек, ойын және оқу ерте кезден-ақ адам тір-
шілігінің негізгі үш тірегі болып есептелінген. Ол 
балалар  үшін  кәмелетке  келгенше  жүріп  өтетін 
өмір сатысы. Ойын технологиясы балалардың ай-
наласын тану қызметіндегі белсенділігі мен шығар-
машылығының  қалыптасуына  жолды  кең  ашатын 
табиғи  құбылыс.  Атақты  педагогтар  В.А.Сухом-
линский,  Н.К.Крупская,  К.Д.Ушинский  ойынның 
балалардың ой өрісін дамытуда, дүние танымын қа-
лыптастыруда практикалық маңызы зор екенін атап 
көрсеткен.[1]  Қазақ халқының ұлттық ойындары-
ның  педагогикадағы  ролі  туралы  алғашқы  пікір-
лерін айтқан Ә.А.Диваев және М.О.Әуезов  болды. 
Адамзаттың  көптеген  жылдар  бойғы  ойнау 
тәжірибесі  ойынның  білімдік  құндылығын  дәлел-
деді.  Ойынның  шығу  сырын  ғалымдар  жүздеген 
жылдар  бойы  зерттеп  келеді.  Оның  шығу  тарихы 
жайлы көптеген пікірлер бар. Көп тұжырымдардың 
бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-эко-
номикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт 
пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте 
заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, 
оған  діни-саяси  маңыз  берілген.  Ерте  гректер  ой-
ынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік 
ойындарды император ашып, өзі де қатысқан дейді. 
Міне осыдан ойынның бала үшін де, ересек адам 
үшін де маңызы зор екендігін байқаймыз.
Ойын- дегеніміз не? Ойын дегеніміз – халықтың 
баланы әдептілікке, сауаттылыққа, тығырықтан тез 
шыға білуге баулыйтын құралдың бірі болып сана-
лады.  Қазіргі  кезде  “ойын”  ұғымының  мағынасы 
кеңейіп, тұрмыс пен мәдениеттің түрлі салаларын 
қамтуда.  Бұрын  балалар  ойыны  мен  актер  ойыны 
педагогика  мен  өнертанудың  ғана  зерттеу  нысан-
дары болып келсе, қазіргі таңда ойын проблемасы 
психология, әлеуметтану, мәдениеттану, әдебиетта-
ну, т.б. салалардың көкейтесті мәселесіне айналып 
отыр. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қы-
зықтыра  отырып  тұлғаның  дамуын  қалыптасты-
руға болады.
Ойын – оқытуда жаңа технологияның маңызды 
бөлігі болып табылады. «Ойын »ұғымына түсінік-
теме берсек – бұл адамның мінез- құлқын өзі басқа-

208
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
румен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыпта-
стыруға арналған жағдаяттар негізінде әс-әрекеттің 
бір түрі. Ойын – адамның өміртанымының алғашқы 
қадамы.  Сондықтан  ойын  арқылы  балалар  көпте-
ген  мәліметтер  алып,  оны  өмірмен  ұштастырып,  
білімін жетілдіреді.
Ойын  арқылы  оқыту  технологиясы  бастауыш 
сыныптарда кеңінен қолданылады. Өйткені баста-
уыш сынып оқушысы әлі ойын баласы, сондықтан 
әр  мұғалім  сабақта  қолданылатын  технологияның 
нәтижесінің дұрыс болуы үшін мынандай жағдай-
ларды ескеруі қажет. 
-  Әр  ойынның  тәрбиелік,  білімділік,  дамы-
тушылық  маңызын  алдын-ала  жете  түсініп,  оның 
балаларға қандай нәтиже беретіндігін  анықтау.
-  Ойын  жүргізетін  орынның  мүмкіндігі,  ойын 
жабдықтарының  эстетикалық  талаптарға  сай  бо-
луы, алдын – ала әзірлеу.
-    Сыныптағы  оқушылардың  жас,  психологи-
ялық  ерекшеліктеріне,  білім  деңгейлеріне,  сөздік 
қорына сәйкес келуі.
-      Ойын  кезіндегі  қозғалыс,  техникалық  қа-
уіпсіздіктен қамтамасыз ету.
-  Ойынның,  сабақтағы  ойын  элементтерінің 
оқушылардың  ынтасын  тартып,  пәнге  деген  қы-
зығушылығын арттыруға бағытталуы.
Сабақта пайдаланылатын ойын түрлері өте көп. 
Соның  ішінде  ойын-сабақ,  ойын-жаттығу,  сергіту 
ойындары,  дидактикалық  мақсаттағы  ойындар, 
логикалық  ойындар,  грамматикалық  ойындар, 
ұлттық  ойындар,  т.б.  Мұндай  ойындар  оқушы-
ны  жан-жақты  дамытып,  білімді  толық  игеруіне 
көмектеседі.  Ойын  арқылы  ұйымдастырылған  са-
бақ  балаларға  жеңіл,  әрі  тартымды,  әрі  түсінікті 
болады.  Ойын  сабақтары  оқушылардың  өздігінен 
жұмыс істеуге, ойлау қабілетін дамытуға үйретеді. 
Ойын  кезінде  балалардың  достық  сезімін  оятып, 
бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. 
Балаларды жақсылыққа, қайырымдылыққа, ізгілік-
ке, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойын түрлерін 
сабақта  тиімді  пайдалана  білу  мұғалімнің  мең-
гертіп отырған білімін ықыласпен тыңдап, білімді 
берік меңгеруіне көмектеседі. Тіпті нашар оқитын 
балалардың өздері де ойын  элеметтері  араласқан 
сабаққа зор ынтамен, жігерімен араласатыны анық.
Ойындар  мазмұнына  қарай,  өзіне  тән  ерек-
шеліктеріне  қарай  сюжетті-рольді,  драматизаци-
ялық, дидактикалық  құрылыс ойындары, қимылды 
ойындар, ұлттық ойындар болып бөлінеді.      
Рөлдік  ойындар  балалар  өмірінде  елеулі  орын 
алады.  Бұл  ойындар  ұзақа  та  ,  қысқа  да  болуы 
мүмкін.  Сюжетті – рөлді ойындар бейнелеу құра-
лы роль мен ойын әрекеті болып табылады. Өзінің 
сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу, шындықты 
көрсету болып табылады. Мұғалім өтілген ойынға 
талдау  жасап,  оның  балаларға  тигізген  тәрбиелік 
ықпалы  бағалауға,  өз  тобындағы  сюжетті-рөльді 
ойындарының  одан  әрі  басшылық  ету  тәсілдерін 
ойластыруға тиіс.
Қойылымдық ойындарда рольдер, ойын әрекет-
тері қандай шығарманың, ертегінің т.б. Сюжеті мен 
мазмұны  шарттас  болады.  Ол  сюжетті-рөльді  ой-
ынға ұқсас. Барлық балалар ертегіні жақсы көреді, 
ертегі айтып берсең бар ынтасымен  тындайды. Ер-
тегі балалардың ой- қиялын, сөздік қорын дамыта-
ды. Құрылымдық ойындар- балалар әрекетінің бір 
түрі. Оның негізгі мазмұны қоршаған өмірді алуан 
түрі  құбылыстарды  және  соларға  байланысты  іс-
әректтерді бейнелеу болып табылады. Құрлыс ойы-
ны бір жағынан сюжетті-рөлді ойнауға ұқсас келеді. 
Балалар ойын үстінде көпірлер, стадиондар, темір 
жолдар, театрлар, цирктер т.б. ірі құрлыстар салады.
Дидактикалық ойындар  бастауыш сынып бала-
ларына мейлінше тән оқыту формасы болып табы-
лады, оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен 
ұштастыру  негізінде  көп  нерсені  үйрететін  ойын-
дарды жасаған халық педагогикасына жатыр. Ойын 
міндеті-қалпақтың астында не бар екенін білу. Ди-
дактикалық  ойындар  айналамен  танысу  сабағын-
да, көркем әдебиет, тіл дамыту  сабақтарында жиі 
қолдануға болады. Бала тәрбиесі қиын да, жауапты 
міндет. Ұрпақ тәрбиесі қоғамнан тыс, оқшау тұрған 
емес. Ол қоғамның, заманың бағыт- бағдармен, ты-
ныс-тіршілігімен бірге жүріп отырады. Осы орай-
да кез-келген бала тәрбиесі  ата-анасына берілген 
тәлім-тәрбиені одан әрі жалғап, жандыратыны сөз-
сіз.
Ойын барысында грамматикалық анықтамалар-
ды,  тілдік  нормаларды  игерту  мүмкіндіктері  мол 
болады. Сабақта мұғалімнің диктаторлық рөлі жой-
ылып, оқушылар серіктестікке, ынтымақтастыққа, 
бірігіп  жұмыс  істеуге  деген  қызығушылықтары 
артады. Адамның жас ерекшелігіне қарамай, яғни 
адам балалық шағынан бастап кәрілікке жеткенше 
ойын  қажеттілігі  жетелеп  отырады.  Ал  жас  бала-
ның  ой-өрісі  ойын  арқылы  дамиды.  Ойын  бары-
сында  баланың  адамгершілік  қасиеттері,  өмірге 
деген  көзқарасы,  қызығушылығы  қалыптасады. 
Сондықтан  ойын  баланың  серігі  іспеттес,  міне 
ойын арқылы оқушы білімі жетіліп, оқуға ынтасы 
артып,  тұлғаның  қалыптасуы    дамиды.  Бастауыш 
сынып оқушыларының бір-біріне сенімділігі, мей-
ірімділігі артып,  карым-қатынасының ынтымақты 
болуына септігін тигізеді.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1. Крупская Н.К. Таңдамалы педагогикалық шығармалары. Алматы, 1973.
2. Давыдов В.В. Проблемы развивающего обучения. Москва, 1986.
3. Выготский А.С. Игра и ее роль в психическом развитие ребенка.  //Вопросы психологии. 1966.
4. Г.Қайбульдаева, М.Жаздықбаева, С.Әлімбекова. Ойын технологиясы.  Түркістан, 2007.

209
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
ӘОЖ: 796.15
Агайдарова Кундыз Хожахметовна 
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің магистр-оқытушысы
ЖАС  ЕРЕКШЕЛІК БУЫН ТУРАЛЫ ҰҒЫМ
Резюме. В этой статье рассматривается  все это хранится в раннем подростковом возрасте, но они являются 
существенными изменениям, отражается осознанно. Основные изменения в наиболее значимых в развитии собствен-
ной личности. Его отличительной особенностью является самостоятельной крепостью рефлексия. То есть, к само-
познанию, оценке своих возможностей и способностей, стремление знать. «Кто я?», «Какой я?», «Мой жизненный 
идеал? «И кем я хочу быть?» — вот-летнего возраста подросток очень сильно влияет на подобные вопросы.
Ключевые слова: Личность, развитие, саморазвитие, образование, совершенствование умений и навыков.
Summary. This article describes all stored in early adolescence, but they are significant changes, reflected consciously. The 
main changes in the most significant in the development of the self. Its distinguishing feature is the fortress of self-reflection. 
That is, to self-knowledge, the assessment of their capabilities and abilities, the desire to know. «Who am I?» «What am I?» 
«My life ideal? «And what I want to be?» — that the age of the teenager very much affects these issues. 
Keywords: Рersonality, development, self-development, education, improving abilities and skills.
Түйін. Бұл мақалада өзіндік жеке тұлғасына деген қызығушылықтың күшейуі, сыншылдықтың көрінуі – бұлар-
дың барлығы ерте жеткіншек жаста сақталады, бірақ, олар мәнді өзгерістерге ұшырап, саналы түрде бейнеленеді. 
Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып, өзіндік рефлексиясының 
күштілігі табылады. Яғни, өзін — өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпыны-
сы жатады. «Мен кіммін?», «Мен қандаймын?», «Менің қабілеттерім қандай?», «Менің өмірлік идеалым қандай?», 
«Мен кім болғым келеді?»  міне осы сияқты сұрақтар жасөспірім жастағыларға өте қатты әсер етеді. 
Кілтті сөздер: Жеке тұлға дамуы, өзін-өзі дамыту,   білім беру,  жетілдіру, дағды.
Белгілі  бір  шақтық  кезеңге  тән  анатоми-
ялық-физиологиялық  және  психологиялық  ерек-
шеліктерді  әдетте  жас  ерекшеліктері  деп  атайды. 
Сондықтан  педагогика  және  психология  бала-
лардың  жас  ерекшеліктеріндегі  ширақтылықты, 
өзгерімпаздықты  айқындайды,  тәрбиеленушінің 
және қоршаған ортамен жасайтын қарым-қатына-
стар  жүйесіне  тәуелді  болатынын  атап  көрсетеді. 
Балалардың  өсіп-жетілуінің  бір  сатысынан  екін-
шісіне көшуі кездейсоқ емес. Әр жастағы кезеңге 
тән психологиялық ерекшеліктердің ұштасуын жиі 
байқауға болады.
Сана-сезімнің,  дене  күш-қуаттарының  дамуы 
адамдардың  жас  ерекшеліктеріне  байланысты. 
Баланың  жасы  өскен  сайын  бойлары  өсіп,  дене-
лері тұлғаланып, ақыл-саналары дамып, білімдері 
тереңдей  бастайды.  Балалардың  жас  ерекшелігін 
есепке алу, Оқыту мен тәрбие жүйесіндегі негізгі 
принциптердің бірі. Қоғамда атқаратын рөлі, бел-
гілі құқығы бар адамды жеке адам деп түсінеміз. 
Ал, қалыптасу дегеніміз — адамның жеке басының 
дамуы мен тәрбиесінің нәтижесінде жетілуі, сана-
лы өмір сүруге дайын болуы.
Жас  ұрпақты  қоғамдық  өмірге  және  еңбекке 
араласуға  дайындау  міндетін  іске  асыруда,  бала-
ның жеке басын қалыптастыруға әсер ететін тәр-
бие,  қоғамдық,  әлеуметтік  орта  және  тұқым  қуа-
лаушылық.  перзент  сүю  —  ата-ананың  бақыты, 
олардың қоғам алдындағы табиғи борышы. Ұрпақ 
жалғастыру — бүкіл тіршілік дүниесінің эволюци-
ялық жемісі. Адам табиғаттан тыс өмір сүрмейді, 
олай болса, оның табиғи зақына орай дүниеге ұр-
пақ әкеледі. Адам өзінің баға жетпес ұрпағы үшін 
бар жағдайды жасайды.
Тәрбие  ісінде  балалардың  жас  ерекшеліктерін 
ескеріп отыру қажеттігін педагогика ғылымы ерте 
кезде-ақ көрсеткен еді. Ал белгілі педагогтер Я.Ко-
менский, Ж.Руссо тәрбие беру кезінде бала табиға-
тын,  оның  қабылдау,  ойлау  ерекшеліктерін  еске 
алып отыруға үндеген болатын.
Қазіргі педагогика және психология ғылымда-
ры балалар мен жеткіншектердің дамуындағы био-
логиялың  фактордық  рөлін  айрықша  көрсетеді. 
Педагогика  ғылымы  жас  ерекшеліктерін  анықта-
уға баланың дамуын үнемі қозғалыс үрдісі ретінде 
қарастыра отырып, бұл қозғалыстан сан жағынан 
жинақталу,  сапа  жағынан  елеулі  өзгерістер  бо-
латынын  алға  тартады.  Мәселеге  бұлайша  қарау 
балалардың  дене  және  психикалық  дамуының 
бірқатар  кезеңдерін  белгілеуге  мүмкіндік  береді. 
Осының негізінде мектеп жасындағы балалар мен 
жасөспірімдердің  өсіп-жетілуін  мынадай  кезең-
дерге бөлу қабылданды:
1)  төменгі  сынып  шағындағы  кезең  (7  жастан 
11 жасқа дейін);
2) негізгі мектеп шағындағы жеткіншектік ке-
зең (12 жастан 15 жасқа дейін);
3) орта мектеп шағындағы жасөспірімдік кезең 
(15 жастан 18 жасқа дейін).
Соңғы  жылдары  симпозиумда  қабылданған 
жас  кезеңдерінің  сызбасына  жаңа  туған  баладан 
бастап  жасөспірімдік  шаққа  дейінгі  өзгерістер 
кіреді. Олардың сатылары:
1. Жаңа туған бала (туған сәттен 1-2 айға дейін)
2.  Нерестелік шақ (1-2 айдан бір жылға дейін);
3.  Ерте сәбилік шақ (бір жастан үш жасқа дейін);
4.  Мектепке  дейінгі  балалық  шақ  (4-7  жасқа 
дейін);

210
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
5. Бастауыш мектеп жасы (7 жастан 11,12 жасқа 
дейін);
6. Жеткіншек шақ (11, 12 жастан, 14, 15 жасқа 
дейін);
7.  Жасөспірім  шақ  (14,5  жарым  жастан,  17 
жасқа дейін) [1].
Тәрбие мен оқыту осы жас сатыларына сәйкес 
жүргізілуі  керек.  Өйткені,  адам  жасының  табиғи 
негізі — жас сатылары немесе биологиялық жетілу 
сатылары.
Әрбір  жас  шағы  психикалық  дамудық  ерекше 
сапалы кезеңі болып табылады және бала дамуы-
ның осы кезеңдегі жеке басының өзіндік құрылы-
мының жиынтығын құрастыратын көптеген өзгері-
стермен  сипатталады.  Осыған  байланысты  әрбір 
педагог-маман  орта  мектеп  оқушыларының  жас 
кезеңдеріндегі  ерекшеліктерге  сергек  те  сезімтал 
көзқараспен  қарап,  олардың  жан  дүниесін  түсіне 
білуі шарт.
Мектепке дейінгі балалық шақта, жас баланың 
4  пен  7  жасының  аралығындағы  өзіне  тән  ерек-
шеліктері,  оның  айналасындағы  болып  жатқан 
құбылыстарды жіті аңғарып, көргені мен сезінген-
дерін зердесіне хаттай жазып ала қоятын зеректігін 
ала бөтен ескерген жөн. Әрдайым қозғалыс үстін-
де жетіле дамыған балалардың денесі мен салмағы 
да бір қалыпты мөлшерді сақтап өсіп отырады.
4-5  жасар  балалардың  салыстырмалы  ойлай 
алатын  қабілеттері  ерекшелене  түседі.  Сана-
мақтарды әжептәуір игеріп, аз және көп сандарды, 
айдық,  күн,  жыл  мезгілдерін  айыра  алатын  халге 
жетеді.  Бұл  жастағылардың  ойыны,  әрбір  әрекет-
тері  мазмұнға  айналып,  белгілі  бір  мақсаттарды 
орындауға  ұмтылыс  жасайды.  Бұл  жастағы  бала-
лар топ-топ болып, өзара бірігіп ойнағанды жақсы 
көреді. Балабақшаларының өмірге қанат қақтырар 
жеткіншектері — 6 жастан өтіп 7-ге толған балалар 
екені әркімге де аян. Баланың мектепке 7 жасында 
баруы  —  негізінен  биологиялық  және  физиоло-
гиялық  заңдылықтарды  басшылыққа  алудан  деп 
түсінген жөн. Дендері сау боп дүниеге келген ба-
лалар, қашан да алғыр да зерек үғымталдығышпен 
ерекшеленеді.  Олар  айналасындағы  құбылыстар-
ды тез байқап қабылдауға да бейімді. Жете түсін-
ген құбылыстарын өмір бойы ұмытпайтындықта-
ры да белгілі [2].
Төменгі сынып оқушысын дамыту және тәрби-
елеудің  ерекшелігі  Бастауыш  мектеп  жасындағы 
баланың  психологиялық  ерекшіліктері  баланың 
бұрынғы дамуында жинақталып, оны өз кезегімен 
дамудық  келесі  сатысына  көшуге  дайындап  оты-
рады. Бастауыш мектеп мұғалімі сынып оқушыла-
рының ерекшеліктерін зерттей отырып, сол ерек-
шеліктерді мектепке дейінгі шағында қалыптасқан 
ерекшеліктерден бөлек алып қарай алмайды.
Мектептегі оқыту оның бүкіл өміріне түбегей-
лі,  сапалы  өзгерістер  енгізеді.  Алаңсыз  балалық 
шақ аяқталып, баланың өмірінің іс-әрекеттің жаңа 
түрі — оқу енеді. Оқу міндетті іс болып табылған-
дықтан,  ол  баладан  белгілі  бір  жауапкершілікпен 
еңбек  етуді  талап  етеді.  Мектепке  бару  баланың 
қоғамдағы  және  отбасындағы  жағдайын  өзгертіп, 
оған  бірқатар  жаңа  міндеттер  жүктейді.  Осының 
бәрі  баланың  қоғамдағы  жағдайын  өзгертіп,  бұл  
өзгерісті  ол  біртіндеп  сезінеді.  Төменгі  сынып 
оқушылары біртіндеп оқу ісіне, мектептің сан-са-
лалы өміріне бауыр басып, өздерінің  түсініктерін 
кеңейтіп,  сөздік  қорын  молайып,  оқуға,  жазуға    , 
санауға  үйренеді.  Оқытудық  алғашқы  сатысында 
олардың  өмірлік  тәжірибелері  молая  түседі.  Бір-
лесіп  оқу,  жалпы  оқу  тапсырмаларын  шешу,  мі-
нез-құлықтың  жаңа  ережелері  мен  нормаларын 
игеру  балалар  арасында  қарым-қатынастардың 
қалыптасуына  жағдай  туғызады.  Төменгі  сынып 
оқушыларының ойлауын дамытуда екі негізгі саты 
байқалады.  Бірінші  сатыда  ойлау  әрекеті  мектеп 
жасына  дейінгі  баланың  ойлауын  еске  түсіреді. 
Екінші сатыда оқушылар заттар мен жағдайларды 
сыртқы  белгісі  бойынша  бағалайды.  Есейе  келе 
ойлау  сипаттары  өзгереді.  Оқушылар  білуге  әу-
есқой болғандықтан, олардың табиғат құбылыста-
ры, адамдардық өмірі туралы сұрақтары көбейеді. 
Шығармашылық ойындар баланың ақыл-ойын да-
мытады.
Сезімдік  көңіл-күйінің  көтеріңкілігі  —  олар-
дың  маңызды  бір  ерекшелігі.  Оқушылар  ересек 
адамдармен, өзінің құрдастарымен қарым-қатына-
ста болғанды жақсы көреді.
Бұл  жастағы  балалардың  негізгі  іс-әрекеті  — 
оқу. Бастауыш сынып оқушылары ұзақ уақыт бір 
қалыпты  отыра  алмайтындықтан,  сабақта  жазу 
мен  оқуды  алмастырып,  сергіту  сәттерін  өткізіп, 
сыныптың ауасын тазартып, үзіліс кезінде мектеп 
ауласында ойындар ұйымдастыру керек.
Мұғалім оқыту процесін жеке бөліктерге бөліп, 
оқушыларға жеңіл тапсырмалар беріп, оларды бір-
те-бірте  күрделендіріп  отырады.  Оқыту  процесі 
зейін  мәдениетін  тәрбиелеуге  бағытталуы  керек. 
Оқуға және қоғамдық жұмыстарға байланысты та-
лаптарды жүйелі қойып, оның орындалуын бақы-
лау,  өздік  жұмыстарды  орындату,  іс-әрекетті  түр-
лендіру,  ойындарды  қолдану,  балалардың  еңбегін 
жеңілдетіп,  балаға  тапсырма  орындаудың  қажет 
екендігін  түсіндіру  арқылы,  мұғалім  оқушының 
оқуға деген жауапкершілігін тәрбиелейді.
Бала форма, бояу, дыбыс арқылы ойлайды, сон-
дықтан  көрнекілік  әдістері  мен  ойындарды  жиі 
қолдану  пайдалы.  Мектептегі,  үйдегі  еңбек,  дене 
жаттығулары,  ойындар  баланың  есте  сақтау  қа-
білетін дамытады.
Бастауыш  мектеп  оқушыларының  оқу  мүм-
кіндіктерін  зерттеп,  оларды  күрделі  бағдарлама, 
оқулықтармен  оқыту  өте  маңызды  іскерлік,  атап 
айтсақ, өз ойын ауызша, жазбаша түрде беруге үй-
ретеді.
Бұл  жастағы  балалармен  тәрбие  жұмысын 

211
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
дұрыс ұйымдастыру үшін мына ерекшелікті еске-
ру керек: сөз бен істің сәйкесті болуын талап ету, 
жөнсіз кінәлаудан жеркену сезімінің болуы, үлкен 
адамдардың жіберген қателігін тез байқау, арман-
шыл-қиялшыл,  ұйымшыл,  сенімді  серік  іздеу,  өз 
мүмкіндіктерін асыра бағалау, түрлі спорт ойында-
рына ықыласты болу. Осы ерекшеліктерді оқу тәр-
бие  жұмысында  сынып  жетекшілері,  мұғалімдер, 
ата-аналар ескеруі қажет.
Адамгершілік  тәрбиесінде  баланың  көнгішті-
гін,  сенгіштігін,  еліктеуге  бейімділігін  пайда-
ланып,  қателігін  мойындауға  үйретуге  болады. 
Мұғалімнің оқушымен қарым-қатынасы, жайдары 
ізгі қатынасқа көшуі, баланың өзін тануына көмек-
тесуі  адамгершілік  сезімін  тәрбиелейді.  Ерекше 
көңіл аударатын мәселе — баланың мінез-құлқы-
ның көпшіл де кең пейілді болуы.
Бұл  жастағы  балалар  үшін  еңбектің  тәрбиелік 
мәні зор. Балаларды бірте-бірте еңбекке баулу от-
басында, ұжымда жүргізіледі. Ұзақ уақыттың дене 
еңбегіне,  күш  түсетін  жұмыстарға  әлі  қабілетсіз 
болатындығын  ескеру  керек.  Еңбек  іс-әрекетімен 
жүйелі  айналысу,  оны  бірте-бірте  күрделендіру, 
өндіріс  орындарына  экскурсияға  апару,  маман-
дықтармен таныстыру тұлғаның әлеуметтік құнды 
сапаларын  қалыптастыруға  көмектеседі.  Төменгі 
сыныпта өзіне-өзі қызмет етудің әдеттері мен дағ-
дылары  қалыптасады.  Үлкендердің  еңбегін  құр-
меттейді,  адам  өміріндегі  еңбектің  рөлін  түсініп, 
дене еңбегіне даяр болады, дүние туралы ұғымдар 
қоры, қажетті іс-әрекет икемділігі дамиды.
Мектептің ең негізгі міндеті  балаға білім атау-
лының әліппесін үйретумен қоса, оның өмірдегі өз 
орнын табуына көмектесу. Жеке тұлғаны қалыпта-
стыруда ең бастысы  ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, 
эстетикалық, дене тәрбиесін өзара байланыста ке-
шенді жүргізу.
Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу 
ерекшелігі.
Жыныстық толысу тез жүреді:
-қыздарда — 11-13 жас;
-ер балаларда — 13-15 жас.
Қанқа сүйегі мен бұлшық етінің жедел жетілуі-
не  байланысты  моторлық  аппараттың  қайта 
құрылуы мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады, 
сондыктан дене тәрбиесін дұрыс ұйымдастыру ке-
рек [3].
Жеткіншек шақ. Жеткіншектік кезеңнің шектері 
шамамен орта мектептің V-VIII сыныбына сәйкес 
келеді  де,  11-12  жастан  14-15  жасқа  дейінгі  ара-
лықты  қамтиды.  Жеткіншектік  кезеңнің  баланың 
дамуындағы  ерекше  орны  оның  «өтпелі»,  «бет-
бұрыс», «қиын», «сыналатын» кезең деген атаула-
рында бейнеленген. Бұл — ең тынымсыз, ең қиын, 
ең қызба жас. Жеткіншектің жеке басы дамуының 
аса  маңызды  факторы  оның  өзінің  ауқымды  әле-
уметтік  белсенділігі,  ол  белгілі  бір  үлгілер  мен 
игіліктерді игеруге, үлкендермен, жолдастарымен 
қарым-қатынас орнатуға бағытталады. Жеткіншек-
тік кезеңнің маңыздылығы адамның жеке басының 
моральдық,  әлеуметтік  негіздерін  қолданып,  қа-
лыптасуының  жалпы  бағытының  белгіленуі.  Бұл 
кезеңдегі дамудағы биологиялық және әлеуметтік 
жағдайлардың рөлі туралы теориялық талас жарты 
ғасырдан астам уақыттан бері болып келеді [4].
Жеткіншектер  дамуындағы  ерекшеліктер  әр 
түрлі  теорияларға  негіз  болды.  Жеткіншектік 
шақтың  басында  балалардың  сырт  пішіні,  мі-
нез-құлқы  ересектерге  ұқсамайды.  Олар  көп  ой-
нап,  көп  жүгіреді,  алысып-жұлысып  тентектіктер 
жасайды,  әлі  де  бала  бола  жүріп,  елеусіз  есей-
еді.  Жеткіншектің  жеке  басындағы  басты  жаңа 
құрылым өзі туралы «енді бала емеспін, ересекпін 
» — деген түсініктің пайда болып, өзіне жұрттың 
осы-лай деп қарауын тілейді.
Мектеп пен оқу жеткіншектердің өмірінде үл-
кен орын алады. Оқу қызметіндегі ол қылықтардың 
сырттай  көріну  дәрежесі  әр  түрлі  болуы  мүмкін. 
Жеткіншектер  білімді,  әділ,  мейірімді,  сабақтағы 
жұмысты ұйымдастыра білетін мұғалімдерді баға-
лайды.  Мұғалім  міндеті  —  оқу  материалдарын 
қайталау  арқылы  мағынаны  есте  сақтауға  үйрету 
болып табылады.
Жеткіншектік шақ — болашақ туралы балалық 
армандардық  орнына  өзінің  мүмкіндіктері  мен 
өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойла-
ну басталатын, өз ниеті, іс-әрекетін жүзеге асыруға 
ұмтылатын кезең екендігін үнемі қаперде ұстауы-
мыз қажет.
Сананың  дамуы  баланың  өз  бетімен  тәуелсіз 
талаптануын тудырады. Олар үйелменде, мектеп-
те  еңбек  процесіне  араласады,  күнделікті  өмірді 
бақылайды,  ой-өрісі  кеңиді.  Бұл  жастағы  бала 
намысқор  келеді,  үлкендер  бақылауын  әкімшілік 
шараларды ұнатпайды. Үлкендерді озбырлық жа-
сайды деп ойлайды. Кейде түсініспеушілік осын-
дайдан  да  туады.  Үлкендерге  байланып  олардың 
мінезінен шындықты байқауға тырысуы үлкендер 
мен  балалар  арасында  түсініспеушілік  туғызады. 
Үлкендердің  ойланбай  асығыс  шешім  қабылдауы 
балаға зиян келтіруі мүмкін. Бұл жастағы балалар 
өнегелі  адамдардық  істерімен  масаттанады.  Осы 
тұрғыдан  баланың  мінезін  тәрбиелеу,  ықыласы 
мен қабілетін дамыту, мұқтаждары мен тілектерін 
қамтамасызыз  ету  дұрыс  педагогикалық  ойларға 
негізделуі  керек.  Осы  ерекшеліктерді  есепке  ала 
отырып, тәрбие жұмысын тиімді етіп ұйымдасты-
ру  керек.  Жеткіншіктер  қоғамға  пайдалы  істерге 
ыңыласты, ұжымшыл, жолдастық, достық сезімге 
бай, кітап оқуға, кинофильмдерге көруге ынталы, 
спортты ұнатады.
Әдебиет жеткіншекке азаматтардың қарым-қа-
тынасының  мәнін,  сезімдерін  ашып,  өз  сенім-
дерінің  дұрыстығына  жауап  іздеуге  үйретеді.  Саз 
әуені-адам  сезімінің  әміршісі,  толқу  үстіндегі 
адамға түсінікті, сондықтан сазға баса көңіл бөлу 

212
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
жеткіншектің тәрбиесіне көмектеседі. Жеткіншек-
термен жұмыстағы негізгі педагогикалық идеал — 
баланың іс-әрекетте жетістікке жетуіне жағдай жа-
сау. Баламен жеке жұмыс жүргізу, әдептілік сақтап, 
педагогикалық шыдамдылық, ұстамдылық көрсету 
жеткіншектің қалыптасуына тікелей ықпал етеді.
Дене  тәрбиесі.  Дұрыс  тамақтанып,  таза  ауада 
жиі  болу,  көп  қозғалу  (ойын,  дене  жаттығулары, 
спортпен айналысу) дене тәрбиесіне көмектеседі. 
Дене  тәрбиесі  мұғалімі  және  жаттықтырушы  ба-
ланың бет әлпетінің, қолының, ернінің түсін үнемі 
қадағалау керек. Бұл жұмыс сабақтың басындағы 
және  соқындағы  қан  тамырының  соғысын  тексе-
румен  толықтырылады,  жеткіншектер  жиі  тыныс 
алатындықтан, тыныс алуын басқаруын үйрету ке-
рек. Жеке гигиена, ұйқы, тамақ, демалыс, белсен-
ді  еңбек  іс-әрекетіне  жағдай  жасайды.  Шамадан 
тыс  жұмыс  жалпы  дамуын  тежейді.  Дене  тәрби-
есі  арқылы  жүрек  қан  жүйесін  жаттықтыру,  дене 
жаттығулары,  спорт,  дене  еңбегі  үшін  дәрігерлік 
және педагогикалық бақылау өте пайдалы. Маскү-
немдікке жол берілмеу керек. Дене тәрбиесі және 
спортпен  айналысу  зейіннің  дамуына  әсер  етіп, 
оның  көлемін  көбейтеді,  зейіннің  бір  нерседен 
екіншіге бөлінуіне әсер етеді.
Тәрбиешінің  міндеті  —  еңбек,  спорт  іс-әре-
кетін,    ерік-жігер,  сапаларын  қалыптастыру. 
Мұғалімдер,  тәрбиешілер,  ата-аналар  мақсатқа 
жетудегі  сенімділігін  тәрбиелеп,  жетістігін  атап 
көрсетіп, қауіп-қатерден сақтандырып, дер кезінде 
көмекке келіп, жеткіншекті өз кемшіліктерінің се-
бептерін түсіндіруге үйретеді.
Жеткіншектердің  қалыптасуында  жолдастары-
ның қоғамдық пікірі үлкен рөл атқарады. Мораль 
мәселелерін  талдау  және  адамгершілік  тақыры-
бындағы пікір сайыстардың әсерінен өмірдің мәні, 
өз  болашағы,  мамандығы  туралы,  өз  беделі  тура-
лы  ойланатындықтан,  мұғалім  бұл  мәселелерді 
шешуге  пәрменді  түрде  көмектесіп,  күнделікті 
іс-қылықтардың адамгершілік мәнін ашуға көмек-
теседі.  Ересек  адамдар  бала  тәрбиесіне  ерекше 
көңіл  бөліп,  әр  баламен  ойланып  жұмыс  істеу 
керек.  Сәнге  сәйкес  киінгені,  музыка  тыңдағаны 
үшін  баланы  сөгу  дұрыс  емес.  Жеткіншектермен 
өзара  әрекеттің  негізгі  тәсілдері:  онымен  бірге 
іс-қылықтарды,  оқиғаларды  талдау,  баға  бергізу, 
өзін-өзі талдауға, өз мінез-құлқын басқаруға үйре-
ту.
Осы  жаста  адамның  мінез-құлқы  және  басқа 
да  жеке  басының  негіздері  қалыптасады.  Міне, 
осы  кезеңде  жеткіншектермен  жасалатын  тәрбие 
жұмысында  кемшіліктер  айқын  көріне  бастайды. 
Соңғы  кездері  жеткіншектер  тәртібінің  төмен-
дегенін  байқауға  болады:  а)  ата-анамен  келіспе-
ушілік жағдайда болу; ә) мектептегі қиындық пен 
сәтсіздік; б) тәртібі қиын құрбы-достарымен бай-
ланыс орнату.
Отбасы жағдайы, ата-ананың кәсібі, материал-
дық жағдайы, білім деңгейі жеткіншектің өмірдегі 
жолын  айқындайды.  Ата-ананың  саналы,  мақсат-
ты  Тәрбиесі  бала  өмірінде  үлкен  рөл  атқарады. 
Отбасындағы  жақсы  қарым-қатынасты  жоғалту, 
мектептегі  сәтсіздік,  келеңсіз  топтағы  құрбыла-
рымен жақындық әр түрлі жолдарға итермелейді. 
Отбасы, мектеп, құрбы-құрдастар тобы — барлық 
жеткіншектердің нағыз табиғи ортасы, ең маңызды 
қоғамдық факторы. Демек, баланың мінез-құлқы-
ның қалыптасуына отбасы ерекше әсер ететіндік-
тен оның көп қырлы, жан-жақты болуы отбасына 
байланысты.  Педагогикалық,  әлеуметтік  жағынан 
жіберілетін  әлсіздік,  оқу  жүйесіндегі  сәтсіздік  — 
ауытқымалы мінез-құлықтың қайнар көзі. Жеткін-
шектің  мінез-құлығындағы  ауытқулар  көбіне  туа 
пайда болмайды, олар отбасындағы және мектеп-
тегі  дұрыс  тәрбие  бермеуден  пайда  болады.  Осы 
аталып көрсетілген ауытқу девиантты мінез-құлық 
деп аталады.
Девиантты мінез-құлықтың бір түріне қылмы-
стың  әрекетке  апаратын  агрессивті  мінез-құлық 
(төбелес, тіл тигізу) жатады.
Жеткіншектің 
мінез-құлығындағы 
агрес-
сивтілік адамдарды аяу сезімінің жоқтығынан са-
дистік  бағытқа  бейімделу  нәтижесінде  өзін  қор-
шаған  ортаға  зиянын  тигізеді.  Бұл  жағдай  тұлға 
аралық,  топ  аралық  кикілжіңге  өршігіп  кетуі 
мүмкін.  Жеткіншектің  мінез-құлығындағы  агрес-
сивтілік  ішімдікпен,  нашақорлықпен  тікелей  бай-
ланысты. Кейде жеткіншектер ішімдік ішкен кезде 
өзінің еңбегін (бұзақылық, төбелес, сәтті аяқталған 
оқиғаларын)  атап  өтеді.  Жеткіншектің  тәртібі 
агрессивті күйде болса, олар «қиын» балалар қата-
рына жатады. Кейбір мектеп мұғалімдерінің қиын 
балалармен жұмысы сынып алдында жүйке жұқар-
татын  әңгіме,  жазалау,  т.б.  түрінде  жүзеге  асады. 
Әдетте, бұл әрекеттің барлығы оң нәтиже бермей-
ді,  керісінше  қиын  жеткіншектердің  мұғалімге, 
мектепке  кектенуі  күшейіп,  қарсы  келуіне  әке-
леді. Мұғалімдер қиын жеткіншектерге өзінің кері 
көзқарасын жасырмағанда, олармен кикілжіңге ке-
леді. Девиантты мінез-құлықты жеткіншекке қол-
данылатын  тәрбиелік  профилакти-калық  іс-шара-
лар – тұүлғаға әсер ету, әлеуметтік педагогикалық 
түзету іс-шаралары, кері әсерлі ортаны сауықтыру. 
Жасөспірім  шақ  (15-17  жас).  Жасөспірімдік 
кезеңнің көптеген теориялары бар. Жасөспірімдік 
шақ бала мен ересектік шақтың аралығы, баланың 
ересектерге тәуелділігімен сипатталады, ересектер 
баланың өмірлік іс-әрекетін мазмұны мен бағытын 
белгілейді.
Жасөспірімдік шақтың аса маңызды міндеттері 
—  мамандық  таңдау,  еңбек  пен  қоғамдық-саяси 
қызметке даярлану, некелесуге, өз отбасын құруға 
әзірлену. Өзара байланысты бұл міндеттердің жү-
зеге асырылуы белгілі бір уақытты талап етеді.
Адамның жалпы ақыл-ой қабілеті 15-16 жасқа 
қарай қалыптасып болады. Сондықтан оның бала 

213
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016
кездегідей  шапшаң  өсуі  байқалмайды,  алайда  ол 
одан  әрі  жетіле  береді.  Жасөспірімдік  шақ-жеке 
адамның толысуы мен қалыптасуының аяқталатын 
кезеңі. Жыныстық толысуға байланысты өз ағзасы 
мен  сырт  келбетіндегі  үлкен  өзгерістер,  өмірлік 
іс-әрекеттің  күрделенуі  байқалады.  Сондықтан 
жасөспірімдік шақ ымырасыз келеді. Жасөспірімге 
өзін  көрсетуге  ұмтылу,  өзін  жан-жақты  ашуға 
құштарлық тән [5].
Олар  өз  мамандығын  таңдап  алуға  тырысады. 
Мамандыққа ықыласының бірте-бірте қалыптасуы 
түрлі  іс-әрекеттеріне  жауапкершілігін  арттырады. 
Оларға  іс-әрекетті  өз  бетінше  орындауға  мүмкін-
дік беріп, дұрыс бақылау мен педагогикалық бас-
шылық жасау керек.
Бұл  кезеңде  сезім,  достың  қарым-қатынастар 
дамиды.  Мысалы:  ғашықтың,  өзара  сенім,  қайы-
рымдылық, бірін-бірі сыйлау, көмек көрсету, іс-әре-
кеттерін  бірігіп  орындау,  жолдасының  кемшілігін 
айтып,  жоюға  көмектесу.  Бұл  күндегі  жастардың 
мінезінде түрлі өзгерістер пайда болды. Мысалы, 
қыздар өздерінің сыртқы киіміне, дене қимылына 
көңіл бөледі. Ер балалар әдемі киініп жүруді ұната-
ды. Әр түрлі іс-әрекеттерінің барысында осы ерек-
шеліктер еске алынады. Сонымен мектепке дейінгі 
балалық шақтан жасөспірімдік шаққа дейін бала-
лардың  бейімділігін  және  қабілетін,  мінез-құлқы 
мен  темпераментін  мұғалім-тәрбиеші,  ата-ана 
үнемі еске алып, олардың дұрыс дамуына, қалып-
тасуына жүйелі түрде ықпал етуі қажет. 
Қорыта  келе,  әрбір  адамның  тұлғалық  кәсі-
би  қалыптасуы  –  түрліше  болғанымен,  олардың 
ортақ  байланысы  жасөспірім  кезеңде  алған  тәр-
бие-тәлім,  біліміне  қатысты  екенін  көре  аламыз. 
Келешекте тұлға болып қалыптасуы үшін қажетті 
базалық қорының бастауы әр адам осы кезеңде жи-
нақтайды. Бұл процестер тұлғаның психологиялық 
және  физикалық  дамуымен  қатар  жүретіндіктен, 
жасөспірімдік жастың тұлғаның кәсіби қалыптасу 
барысында маңызы зор.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. А.С.Макаренко. Тәрбие туралы лекциялары. — Алматы, 1968.
2. В.А. Сухомлинский. Балаға жүрек жылуы. — Алматы, 1976.
3. Обухова Л.Ф Возрастная психология. — М., 1999.
4. Райс Ф. Психология подросткового и юнешеского возраста. — СПб., 2000.
5. Караковский В.А. О подростках. — М.: Педагогика, 1970.
6. Божович Е.И. Личность и ее формирование в детском возрасте.-М.,1968.
7. А.Г.Хрипкова, Д.В.Колесов. «Жаманнан жирен», «Зиянды әдебиеттер және одан алдын ала сақтан-
дыру туралы». — Алматы: Мектеп, 1988.
8. Т.Сабыров. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. — Алматы, 1977.
9. Ө.А.Уманов, В.А.Парфенов. Бала бақыты. — Алматы, 1979.
10. Никитин Б.А., Никитина А.П.. Мы и наши дети. — М.: Московский рабочий, 1988.
11. А.Г. Хрипкова. Ұл есейсе, қыз өссе. — Алматы, 1988.
12. Хрипкова А.Г. Биологическое и социальное в развитии, формировании и воспитании человека. Библи-
отека «Актуальные проблемы педагогики и психологии». — М.: Знание, 1970. Вып.2.

214
Қазақстанның ғылымы мен өмірі – Наука и жизнь Казахстана                                                           
Science and life of Kazakhstan. №3 (38). 2016

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет