В. И. Жаркова, филология ғылымдарының кандидаты, доцент



Pdf көрінісі
бет11/29
Дата06.03.2017
өлшемі2,56 Mb.
#7833
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29

Исмайлова Ж.Б. 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушысы 
 
П. Д. КИСЕЛЕВТІҢ ШАРУАЛАР МƏСЕЛЕСІ  
ЖАЙЛЫ ЖҮРГІЗГЕН ІС-ШАРАЛАРЫ 
 
ХIХ  ғасыр  Ресей  тарихында 
үлкен орын алады. Бұл ғасырдың бас-
талуымен  ел  дамудың  жаңа  кезеңiне 
көштi.ХVIII ғасырдың орта кезiнде-ақ 
басталған  басыбайлы  шаруашылық-
тың  ыдырау  процесi  əрбiр  он  жыл 
сайын асқына түстi.  
ХIХ  ғасырдың 30-50 жылдары 
басыбайлық  жүйенiң  дағдарысы  пiсiп 
жетiле бастады, оның қойнауында ка-
питалистiк  қатынастар  қалыптасып 
жатты.  Басыбайлы  құқықты  жою-
Ресей үшiн тарихи мiндетке айналды 
Үкiмет  шаруаларды  бiртiндеп 
босату жəне оларға азаматтық құқық-
ты  қайтаруды  жалпыға  бiрдей  мiндет 
ретiнде  қарап,  шешуге  тырысты.  Ша-
руаларды басыбайлылықтан еркiн ша-
руаға өту процесiнiң үш кезеңi болды. 
Бiрiншi  кезеңiнде-  барщинаны 
аптасына үш күнге қысқарту, ал екiн-
шi кезеңiнде-шаруалар мiндеткерлiгiн 
заңды  түрде  реттеу  жүргiзу.  Үшiншi 
кезеңiнде – басыбайлыларға  жеке 
еркiндiк беру. 
Басыбайлыларды  босату  мерзiмi 
белгiленген  жоқ.  Бұл  iс-шараны  жүр-
гiзу мемлекеттiк ауылды реформалау, 
ал  кейiн  сол  тəжiрибенi  жеке  иелiк-
терге  тарату  жоспарланды.  Осындай 
жағдаймен  қазына  шаруаларының 
жағдайының өзгеруi дворяндарға қар-
сы күштi қару болды. 
Жобаның  өзi  жүзеге  аспаса  да, 
оны  талқылау  Павел  Дмитриевич Ки-
селевтiң  шаруалар  мəселесi  жайлы 
жұмыс бағытының бастауы болды.  
1825  жылы  бесiншi  жеке  импе-
ратор  концеляриясы  құрылды.  Онда 
Мемлекеттiк  ауылдар  реформасының 
нұсқасы дайындалды. Осы император 
концеляриясының  басына  генерал, 
əкiмшiлiк  қызметкер  П.Д.Киселев 
сайланды. 
1829-1834 
жылдары 
Павел 
Дмитриевич  Киселев  Дунай  княжест-
восында  азаматтық  жəне  əскери  бас-
қарманы басқарды. Оның жетекшiлiгi-
мен жүргiзiлген реформаға патша жо-
ғары баға бердi [1]. 
1836 жылы бес губернияда Мем-
лекеттiк  ауылдар  жағдайы  бойынша 
ревизия  жүргiзiлдi.  Осы  ревизия  не-
гiзiнде Киселев I Николайға реформа-
ның негiзгi бағыты жайында баяндама 
дайындады. 
Киселевтiң  Мемлекеттiк  дерев-
ния  жайлы  реформасы  бойынша  қау-
ым  iшiндегi  шектеулi  кезеңге  дейiнгi 
қауымдық жердi пайдалану сақталды. 
Оброк көлемi шаруалардың кiрiсi бой-
ынша  анықталды.  Оброкты  кiрiспен 
теңету үшiн арнайы жер кадастр жүр-
гiзiлдi.  Екi  жүз  мың  жерсiз  шаруалар 
0,5  миллион  жерге  ие  болса,  ал  жүз 
алпыс  тоғыз  мың  щаруалар  басқа 
губернияларға  көшiрiлдi.Олар 2,5 

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР                                                     ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 
 
 
86
миллион  ондық  жермен  қамтамассыз 
етiлдi.  
Iрi аймақтарда ұсақ несие касса-
лары құрылды. Бұл кассалар бойынша 
жағдайы  төмен  шаруаларға  жеңiлдiк 
жағдаймен  несие  берiлдi.  Егiн  шық-
пай қалудың алдын-алу үшiн қосалқы 
астық  қоры  болды.  Ауылдарда  мек-
тептер,  медицина  жəне  ветеринарлық 
пунктер құрылды [2]. 
Батыс  губерниялардағы  Мемле-
кеттiк  деревнияларда  барщина  тоқта-
тылды. 
1837-1841  жылдар  аралығында-
ғы  реформа  Мемлекеттiк  деревнияда 
екi жақты болды. Бiр жағынан жер мə-
селесiн,  өндiрiс  күштерiнiң  дамуын 
жеңiлдеттi,  ал  екiншi  жағынан  басқа-
рудың  бюрократиялық  аппаратты  ке-
ңейтiп,  ұсақ  чиновниктер  топтарын 
құрды.  
1840  жылдың  он  екiншi  ақпа-
нында  П.Д.Киселев I Николайға  «О 
мерах  правительства  в  отношении  к 
крепостному  состоянию»  хатын  жi-
бердi. Бұл хатта комитеттiң тапсырма-
сын шешу үшiн құрылған жоспар бол-
ды. Оның негiзi шаруаларды басыбай-
лықтан босату едi.  
Қаншама  iс-шаралар  жүргiзiлсе 
де,  үкiмет  оны  əр  түрлi  себептермен 
шеше алмады. Бұл басқармада:  

 
Жер  иесiмен  шаруалар  арасын-
дағы  қатынасты  анықтау  жəне 
помещиктi  көлемдi  кiрiс  алу  құ-
қығымен қамтамассыз ету; 

 
Сот құру; 

 
Рекруттық 
мiндеткерлiктiң 
орындалуының тəртiбiн анықтау. 

 
Помещиктердiң  шаруаларды  же-
ке малайы секiлдi ұстауын өзгер-
тiп,  сарай  маңындағы  адамдарға 
айналдыру көзделді. 
Киселев  бағдарламасы  шаруа-
лардың  помещиктермен  қарым-қаты-
насы  жағынан  көптеген  сұрақтар  ту-
ғызды. 
1840 жылы он сегiзiншi наурыз-
да  Киселевтiң  «О  средствах  к  усиле-
нию  действия  закона  о  свободных 
хлебопашцах»  жобасы  дайын  болды. 
Мəтiндi  Құпия  комитетке  жiбермес 
бұрын, Киселев баяндама түрiнде пат-
шаға түсiндiрдi. Онда ең алдымен  

 
Ауладағылардың  жағдайын  құ-
ру. 

 
Басыбайлы  шаруалардың  рек-
руттық  мiндеткерлiгiн  басқа  қо-
ғамдық  топтардың  рекруттық 
мiндеткерлiгiмен теңестiру. 

 
Үш  күндiк  барщина  жайлы  бұй-
рықты  дамыту  жəнежер  көлемiн 
мүлiкпен  анықтау;  шаруаларға 
қозғалмалы мүлiк иеленуге жəне 
жалпы сотта соттасуға құқық бе-
ру. 

 
Помещиктердiң  шаруаларды  жа-
залау құқығын шектеу.  

 
Шаруаларға  еркiн  егiншiлермен 
қатар сот орындарына баруға құ-
қық беру қарастырылды. 
Киселевтiң патшаға ұсынған жо-
басында  шаруалар  мəселесiн  шешуге 
бағытталған  жоғарғы  билiктiң  iс-əре-
кетiнiң  бағытына,  помещиктердiң  ба-
сыбайлық  позицияны  дұрыс  түсiнуi-
нiң  жəне  басыбайлы  құқықты  бiрiтiн-
деп  жоюға  олардың  белсендi  қатыса-
тынына  сену  мүмкiн  еместiгi  негiз 
болды.  Бұл  жоспар  комитетке  ұсы-
нылмай,  тек  автор  мен  патшаға  ғана 
мəлiм болды. Жобаның ортасында ер-
кiн  егiншiлердiң  мiндеткерлiк  көлемi 
мен  түрi  жəне  үлестерi  жайлы  бап 
орын  алған.  Оларды  жұмыс  күнiмен 
немесе  ақшалай  сыйлықпен  анықтау, 
шаруалардың мiндеттi түрде өңдейтiн 
жердiң көлемi ұсынылды [3]. 
Киселев  бағдарламасы  негiзiнен 
шаруалар  мəселесi  жайлы. 1839–1842 
жылдар аралығындағы Киселевтiң Құ-
пия  комитетке  дайындаған  ұсынысы 
помещиктiк шаруалар жағдайын мем-
лекеттiк шаруалар жағдайына жақын-
датуға  мақсатталды.  Киселев  жобасы 
Н.М.Дружинин  қосбiрлiк  реформасы 
жайлы ойын нақтылады. 
Он  сегiзiншi  наурызда  Киселев 
жобасы  патшаға  жiберiлдi.I  Николай 
жобаны сол күнi авторға қайтарып бе-
рiп: «Читал с особенным вниманием и 
полным удовольствием. Начала на ка-

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР                                                     ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 
 
 
87
ких  основан  проект,  мне  кажется, 
весьма  справедливы  и  основательны. 
Я  не  нашел  сделать  ни  одного  заме-
чания и разрешаю внесть в Комитет», 
– деп жазды.  
Ұзақ  уақытты  қажет  ететiн  ша-
руалар  мəселесiн  шешу  бағдарлама-
сын терең ойлап жасауда Киселев бұл 
бағдарламаның шаруалар, посещиктер 
жағынан  қарсылық  туғызатынын  тү-
сiндi.  Сондықтан  Құпия  комитетке 
арналған  құжатында  ол  өз  бағдарла-
масын  толық  ашқан  жоқ.  Помещик-
тердi  жаңа  заңмен  ашылған  жолмен 
жүруге  мəжбүрлеу  жəне  жоғарғы  би-
лiктiң iске кiрiсу механизмi жайлы өз 
ойын  Киселев  тек  патшаға  ғана  жет-
кiздi [2].  
Дворяндар  жəне  ел  тұтасымен 
толық  басыбайлы  құқық  мəселесiн 
шешуге  кiрiскенiн  бiлмеуге  тиiс  бол-
ды. Тiптi бұл Құпия комитетте патша-
ның  жəне  оның  ең  жақын  кеңесшiле-
рiнiң  шын  жоспарын  бiлмеуге  тиiс 
едi. Əр деңгейде өзiнiң бағдарламасы-
ның белгiлi бөлiмiн ғана ашып, толы-
ғымен  патшаға  ғана  айту  Киселевтiң 
негiзгi  əдiс-тəсiлi  болды.Жабаны  iске 
асыруға патша келiсiмiн бердi. Ал ко-
митетке тек жоба ұсынылып, оны iске 
асыру механизмi құпия қалды.  
Жиырма төртiншi наурызда жаз-
ба  Құпия  комитет  төрағасы  И.В.Ва-
сильчиковқа  жiберiлдi.  Комитет  мү-
шелерi  жобамен  танысып  жатқанда, 
оның  құрамында  өзгерiстер  болды. 
1840  жылдың  жиырма  үшiншi  қаза-
нында 
жаңа 
юстиция 
министрi 
В.Н.Панин,  Мемлекеттiк  кеңес  мүше-
сi  болып  В.В.Левшин  жəне  А.С.Мен-
шиков  тағайындалды.  Оларда  жоба-
мен танысуға кiрiстi. 
Бұл  уақытта  Киселев  өз  бағдар-
ламасымен  жұмыс  iстеудi  жалғастыр-
ды. 1840 жылы жиырма үшiншi қазан-
да  ол  И.В.Васильчиковқа  «О  вольных 
хлебопашцах и о составлении положе-
ния о майоратах» жаңа жобасын ұсын-
ды.  Бұл  жазба 1840 жылы  он  бесiншi 
қарашада комитетке ұсынылды [4]. 
1841  жылы  қаңтарда  Құпия  ко-
митет мүшелерiнiң көп бөлiгi Киселев 
жобасына  ескертулер  айтты.  Олар 
Блудов, Панин, Меншиков, Строганов 
жəне Тучков. 
Он  жетiншi  қаңтарда  Панин  бi-
рiншi  болып  жобаға  жалпы  өз  ойын 
айтты.Ол: 

 
Шаруалар  үлесiнiң  болашақтағы 
жағдайын  анықтау  тiптi  керек 
еместiгiн айтты 

 
Шаруалардың  помещикке  мiн-
деткерлiгiн  жер  көлемiмен  емес, 
жұмыс  күнiмен  анықтау  керек 
деп ұсынды. 
Сонымен қатар ол өз ұсынысын-
да  Ресейдiң  барлық  бөлiгiнде  бiрдей 
көлемде жүргiзу мүмкiн еместiгiн айт-
ты.  Киселев  ұсынған  шаруалар  үлесi 
жайлы  ережесi  тек  Солтүстiк  жəне 
Орталық  губернияларға  ғана  келедi 
деп есептедi. 
Ал  Д.Н.Блудов  помещиктер  өз 
шаруаларын  босатуы  мүмкiн  емес. 
Қоғамдық  тыныштыққа  қауiп  төндiр-
мей  құлдықты  бiрiтiндеп  жою  керек 
деп  есептедi. «Шаруаларды  босату 
ұлы  жəне  қасиеттi  мақсат», – деп 
айтуынан  қалай  болса  да  Киселевтi 
қолдайтынын  көруге  болады.  Блудов 
мiндеткерлiктi  шаруа  мен  помещик 
келiсiм шарт арқылы өз ара шешу ке-
рек  деп  есептедi.  Шаруалардың  жеке 
бостандығын сатып алудағы Киселев-
тiң  ұсынған  сатып  алу  көлемiмен  ке-
лiспей, оны помещикпен шаруа өэара 
келiсiп бекiту керек дедi.  
П.А.  Тучков  ең  алдымен  иелiк-
тердiң  көп  жерлiк,  аз  жерлiк  жəне 
өндiрiстiк  деп  бөлiнуiне  қарсылығын 
бiлдiрдi.  Бiрақ  та  ол  Киселевтiң  мiн-
деттi жұмыс күндерiн анықтау ұсыны-
сын қолдады.  
Киселев өз бағдарламасын қайта 
қарауға бiрден кiрiстi. Жабаның жаңа 
нұсқасында  үлес  көлемiн,  шаруалар 
мiндеткерлiк  көлемiн  помещик  пен 
шаруалардың өз ерiктерiмен, өзара ке-
лiсiм  арқылы  белгiлейтiнiн  жəне  мiн-
деткерлiк  жұмыс  күнi  санымен  анық-
талу  керектiгi  көрсетiлген.  Осы  жоба 

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР                                                     ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 
 
 
88
мiндеттi  шаруаларға  белгiлi  жағдай-
мен помещигiне кетуге құқық бердi.  
Киселев  бағдарламасының  озық 
мағынасы жəне оны жүзеге асыру жо-
лы  басыбайлы  құқықты  жоятын  ұзақ 
уақытты  талап  етуден  тұрды.  Шаруа-
лар мəселесiн шешуде помещиктердiң 
қарсылығын тудырмайтын нұсқа табу 
қажет болды. 
Киселев  өз  бағдарламасында 
мемлекетке  тиiмдi  болу  үшiн  шаруа-
ларды  бiртiндеп  босату,  ал  помещик-
тер  оларға  жер  өз  жерiнiң  бiр  бөлiгiн 
беруге  тиiс  деп  қорытынды  жасады. 
Ол: «Нельзя  ручаться,  чтобы  масса 
необразованного  народа, 25 миллио-
нов душ обоего пола, плучив свободу 
и  не  обуздываемая  надзором  и  влас-
тию, ею доселе управлявшею, не про-
извела  беспорядки,  которых  нельзя  и 
предвидеть,  особенно  когда  с  неогра-
ниченною  свободою  лишают  ее 
средств  к  существованию,  обращая 
таким образом целое население в бро-
дячее состояние. Возразят, что прави-
тельство  имеет  силу  обуздать  беспо-
рядки,  но  есть  ли  польза  и  необходи-
мость  составлять  положение,  которое 
должно  поддерживать  вооруженною 
силою?» – деп жазды. 
Оныншы  жəне  он  алтыншы  ма-
мырдағы  Құпия  комитет  отырысында 
Киселевтiң  ұсынған  жобасына  Мен-
шиков  өз  ескертпелерiн  айтты.  Кисе-
лев  Меншиковтың  айтқан  сынына 
жазбаша жауап бердi. Сынның жарты-
сымен келiсiп, кейбiреуiн комитет мү-
шелерiне қарауға тастады. 
1842  жылдың  жиырма  алтыншы 
ақпанында Құпия комитет отырысын-
да  мiндеттi  шаруалар  туралы  жобаны 
қарап,  қайтадан  бiрнеше  өзгертулер 
енгiзiлдi.  Бұл  отырыс  Құпия  комите-
ттiң соңғы отырысы болды.  
1842  жылы  он  үшiншi  наурызда 
мiндеттi шаруалар бұйрығы Құпия ко-
митет 
мүшелерiмен 
мақұлданып, 
Мемлекеттiк кеңеске жiберiлдi. 
Құпия  комитетте  Киселев  жоба-
сы  талқыланғанда  комитет  мүшелерi-
нiң көбiсi қарсылықтарын бiлдiргенде 
I  Николай  əрдəйiм  авторды  қолдады. 
Ендi  мiне,  император  қолында  коми-
теттiң барлық мүшелерi қолдаған жо-
ба болды.  
1842 жылы екiншi сəуiрде импе-
ратор  бұйрыққа  қол  қойып,  жетiншi 
сəуiрде газет бетiне басылып шықты. 
Киселевтiң  помещиктiк  дерев-
ния туралы реформасы екi бөлiкке бө-
лiндi,  тек  олардың  бiреуi  ғана-поме-
щиктердiң  өз  шаруаларын  босатуы 
жайлы  ұсынысы  Құпия  комитетке 
талқылауға жiберiлдi. Киселев ұсыны-
сының  мағынасы  мемлекет  помещик-
тен  шаруалар  жер  үлес  көлемiн  жəне 
мiндеткерлiктiң  көлемi  мен  түрiн 
анықтау құқығын алуынан тұрды [5]. 
1842  жылы  екiншi  сəуiрдегi  ша-
руалар мəселесiн шешетiн бұйрық Ре-
сейдегi  помещиктiк  шаруалар  жағ-
дайына өзгерiс əкеледi ме? Бұл сұрақ-
қа  жауап  алдын-алда  белгiлi  болған 
едi-ол керi жауап болды. 
ХIХ  ғасырдағы  Ресей  тарихын-
дағы  Құпия  комитет  қандай  көрiнiс. 
Бұл  сəтсiз  аяқталған  басыбайлы  ша-
руаларды босатудағы ұмтылыс. 
 
ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Ковальченко И.Д. Милов Л.В. «Все-
российский  аграрный  рынок XVIII-
XX в.в.» М. «Наука» 1974. 412 бет. 
2.
 
Орлов  А.С.  Георгиев  В.А.  История 
России с древнейших времён до на-
ших дней. – М., ПБОЮЛ Л.В. Рош-
ников, 2000 – 528 с. 
3.
 
Н.Н.Хмелевский  «История  эконо-
мических  учений.  Экономическая 
история России» М.,1995. 299 бет. 
4.
 
Сафонов ММ. «Проблема реформ в 
правительственной политике. 
5.
 
Зайончковский  П.А. «Правительст-
венный  аппарат  самодержавной 
России  в  ХIХ  в.»  М:  Мысль, 1978. 
268 бет. 
 
 
 

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР                                                     ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 
 
 
89
Көшкінбаева Қ.Т. 
Қостанай мемлекеттік педагоикалық институтының магистранты 
 
МҰХТАР ƏУЕЗОВТІҢ «ӨСКЕН ӨРКЕН»РОМАНЫНДАҒЫ 
СЮЖЕТ ПЕН ХАРАКТЕР 
 
Сюжет (французша sujet – зат) – 
көркем шығарманың мазмұнын ашып, 
мазмұнды  пішінге  көшірудің  негізгі 
түрі, жолы немесе тəсілі. Егер көркем 
шығарманың мазмұны түрліше мінез-
дер  мен  типтердің  өзара  қарым-қаты-
насынан  туған  шындық,  өмірлік  оқи-
ғалар тізбегі десек, осының өзі сюжет-
те  адамдар  мен  заттардың  тұтасқан 
ішкі-сыртқы  қимыл-əрекет  жүйесі 
ретінде,  кəдімгідей  қозғалыс,  белгілі 
бір  даму үстінде  көрінеді.  Сондықтан 
болса керек, «сюжет дегеніміз, – дейді 
Горький, – жалпы  алғанды,  адамдар-
дың  өзара  қарым-қатынасы,  байланы-
сы,  қайшылықтары,  жек  көру,  жақсы 
көру,  əр  характердің,  типтің  өсу,  жа-
салу тарихы» [1.170-171]. 
Əдебиеттің  нысанасы – болмыс 
шындығын көркем образ арқылы ашу. 
Бірақ  өте  қиын  да  күрделі  міндет. 
Өмір  ақиқатын  көркемдік  шындыққа 
көтеру  үшін  көптеген  заңдылықтар 
мен  шарттылықтардың  орайласуы  қа-
жет.  Əдебиет  болған  мен  болатынды 
қаз  қалпында  төтелей  көрсетпейді. 
Объективтік құбылыс растығы, автор-
лық талғам-таразы, характер табиғаты 
–  ажырамас  бірлестікке,  бүтіндікке 
келгенде  ғана  сом  сурет  тұлғалар  жа-
салмақ.  Өмір  материалын  кен  руда-
сына  теңесек,  көркем  сюжет  пен  ха-
рактер байыту фабрикасында бірталай 
елек, сүзгілерден өтіп, технология тə-
сілімен  өзгертілген  жаңа  сапалы  қо-
сындыға ұқсайды [2.75]. 
Характерлер – өмір  шындығын 
көрсетудің  басты  құралы.  Сондықтан 
да  характерді  толықтыруға  сюжеттің 
қызметі қандай дегенге арнайы тоқта-
луымыз қажет. 
Сюжеттің адам характерін ашар-
лық  қасиеті  қандай?  Адам  мінезі тар-
тыста,  тосуда  айрықша  сыналады, 
жақсылық  та,  жамандық  та  іс-əрекет 
үстінде  ашылады.  Сол  жалпы  қағида 
қазақ романдарымен қаншалық дəлел-
денетініне тоқталуымыз керек [2.79].  
Академик  М.Əуезов  «Өмір  мен 
шығарма»  деген  мақаласында  харак-
тер  жасау мəселесіне арнап  өте  терең 
ойлар тастайды. «Əдебиет адамды та-
ну өнері деп танылғанда, əр шақта, əр 
дəуірде адамды оның жан-дүниесінің, 
жаратылысының  барынша  шарқына 
жеткен  шағына  апара  түсіп,  суреттеу 
керек болатын. Бұлай болса, махаббат 
та  бар  шырқау  барған  шағымен  алы-
нады.  Ерлік,  батылдық  та,  кек  пен 
өштік  те,  құрбандық  пен  тайталас  та, 
қастасу мен ұстасу да ең төргі өрісіне 
жету  шарт.  Мұндай  кездерде  адам 
өзін-өзі  ұмытар  халге  жететіні  бола-
ды.  Дағдылы  мерзімді  кезінен  мүлде 
өзгеріп өсіп кететіні бар. Сондай күй-
ден  ғана  терең  шындық  шығармасы 
туады» [3.52]. 
М.Əуезовтың  «Өскен  өркен» 
аяқталып  бітпеген  үлкен  шығарма, 
бұл  романы  бүкілхалықтық  мəні  бар 
проблемаларды  батыл  көтергендігі-
мен  ғана  емес,  əр  түрлі  нанымды  ха-
рактерлермен де қымбат. Замандастар 
тұлғасын  жасау  жөнінде  бұл  роман 
біздің  əдебиетіміздің  жаңа,  батыл  қа-
дамы  деуге  болады.  Кейіпкерлерді 
көрсету тəсілінде де М.Əуезов шығар-
масының  тың  табыстары  бар.  Мəсе-
лен, қазіргі дəуір тақырыбына жазыл-
ған  шығармаларымызда  өмір  қайшы-
лығы  көбінесе  ұнамды,  ұнамсыз  қа-
һармандар арасындағы тартыс ретінде 
алынып жүр ғой. «Өскен өркенде» су-
реттелген бірталай партия, совет қыз-
меткерлері,  колхоз,  совхоз  басшыла-
ры,  малшылар  ішінен  «мынау  нағыз 
қаскүнем» еді дерліктей ұнамсыз кей-
іпкерді  жалаң,  жадағай  күйінде  кез-
дестірмейміз. Біреуден біреудің іскер-
лігі, табандылығы іс үстінде, асу, тосу 

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР                                                     ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 
 
 
90
кезеңдерінде  байқалып  отырады.  Та-
биғаттың  тілсіз  мылқау  күштеріне 
қарсы  терең  ойластырылған  жүйелі 
шаралар  іздеу  айналасында  адамдар-
дың  ең  қажет,  қымбат  сыпаттары 
ашылады [2.14]. 
Романда  жағымсыз  содыр  сой-
қан  мінезімен  көрінген  бір  кейіпкер 
жас жігіт – Сағит қана. Жазушы оның 
неге  ондай  күйге  түскеніне  сенімді, 
байыпты  талдау  жасайды. «Тамағы 
тоқтық, жұмысы жоқтық» талай отба-
сының ұлы мен қызының жолдан ада-
суына, азуына, өмірге жеңіл-желпі қа-
рауына  итермелейтінін  айтады [2.15]. 
Шығарманы  оқи  отырып,  Сағит  сы-
ңаржақ,  қыңырлық  дөкірлігі  бар  түсі-
нігі жоқ адам екенін аңғаруға болады. 
Характер – адамның психология-
лық,  мінездік  ерекшеліктерінің  жиы-
ны.  Ал сол ерекшелік  əртүрлі жағдай-
да, адамның басқалармен қарым-қаты-
насында,  қоғамдық  жəне  жеке  өмір 
өткелдері  үстінде  көрінбек.  Жəне 
адамның  қасиеттері  өскен  қоғамдық 
ортаға сəйкес қалыптасады [2.75]. 
Каропов  өзінің  обкомға  бірінші 
хатшы болғандағы жаңа қызметін кеш 
айтқаны  үшін  Əлимованың  ренішпен 
біз  де  партия  мүшесіміз  алдын  ала 
білдіртсе  қайтеді  деген  сыңай  та-
нытқан.  Əсия  жастығын,  əр  кезде  се-
ніскен  жолдастыққа  аса  қымбат  баға 
беретін жəне өзінің сондайға шыншыл 
бейімділігінен  əйелдік  турашыл  таза 
жəне жастық көңілімен солай ойлаған 
еді.  Жəкеңнің  бағасын  естігенде  ол 
өзінің  ішінен  «А,  мен  асығыс  ойлап-
пын-ау,  жауапты  адамдар  сыр  мінез, 
шын  мінезде  де  ұстамды,  сəл  сараң, 
сырлы болуы керек шығар. Менің əлі 
тəжірбием  оған  жетпегені,  толмағаны 
болар», – деп  ойлайды.  Бұл  жерден 
Кароповқа  тəн  мінездемелік  сөздерді 
байқауға  болады.  Əсия  əйел  адамын 
түсіне  білетін,  жақсы  міней  білетін 
жан.  Айсұлуды  шешесімен  қаладағы 
пəтеріне  қайтарып  жібергені  соның 
дəлелі.  Əсия  Айсұлу  басына  түскен 
қиындыққа  бой  алдырмауын  қадаға-
лап, басу айтып, Айсұлу қолына қайта 
кітап  ұстатқан,  бүкіл  əйел  қауымына 
жаны ашитын, жұмсақ та қайсар міне-
зімен романда танылған. 
Шығармадағы  табиғи  толық 
өрілген сюжет болмаса, характер жан-
жақты  анық  шықпақ  емес.  Ал  нақты-
лы  оқиғалар  жүйесінің  қозғаушы  кү-
ші, дамытушы образдар болмақ. Осы-
дан келіп сюжет пен характердің өза-
ра  байланысты  деген  аса  күрделі  мə-
селе шығады. 
Бұл  романдағы  Айсұлу  шашы 
ұзын,  сұңғақ  бойлы  көрікті  қыз.  Ай-
сұлу  мен  Ілиястың  көңілдері  бір.  Ал, 
жоғарыдағы айтылған Сағит Айсұлуға 
ғашық  болады.  Айсұлу  Сағиттің  ма-
хаббатынан  азабынан  жараланып  та 
қалады.  Айсұлуға  ауыл  əйелдері  мен 
еркектерінің көзі түседі. Кинодағы үш 
жігіттің  Айсұлу  туралы  былапыт  сөз-
дері  Жандостың  ызасына  тиеді.  Сол 
мезетте Жандос қысқа да қатаң ескер-
ту жасайды. Жандос ойланыпмаз, бай-
ыпты,  кең  маңдайлы,  қара  торы  жан. 
Жандостың  қандай  екенін  Кароповқа 
берген  мінездемесінен білуге болады: 
жаратылысындағы  жəне  өмір  дағды-
сындағы  ұстамдық,  беріктілік  осылай 
болу  керек  деп  аңдады.  Шешілмей, 
болмай  тұрып,  болсам  керек  деп  айт-
қаны  лайық  болар ма еді.  Бола  алмай 
қалса біз өзіміз де алдыңғы долбарын 
жеңілдік  көрмес  пе  едік,  деп  ойлады. 
Əр нəрсеге байыппен қарап, адам жа-
нын түсінетінін байқаймыз.  
Жазушы  шығарма  қаһарманы 
өмір, əрекет кешетін өлкені əлденеше 
рет  барып,  аралап  көрген,  сол  өңір-
лердің өзен-көл, тау-тас, өсімдігін, ауа 
райының  əр  мезгілін,  мал  шаруашы-
лығының  жағдайларын  жете  тексеріп 
білген.  Міне  сол  бай  материал  ғана 
оның  ірі  проблемалы,  кең  қабырғалы 
туынды жасау ниетіне негіз болған. 
Ұлы  қаламгердің  қырағы  сурет-
керлік  көзі  көп  құбылыстың,  адам-
дардың  суретін  тамаша  дəлдікпен  тү-
сірген.  Бұған  кешкі  Алатау  көрінісі 
суреттерін  мысалға  алсақ  та  жеткі-
лікті  болар. «...Таулар  əуелі  ақшыл 
қызғылт болып еді. Қарлы биіктер ол 

ГУМАНИТАРЛЫҚ ҒЫЛЫМДАР                                                     ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ 
 
 
91
сəтте  анық  айқын  қызғылт  болатын. 
Содан барлық тау əдемі реңін өзгерте 
бере  қоңырқай  қызғылт  тартты.  Енді 
біразда көкшіл қызғылт, тағы бір сəт-
тен соң қошқыл қызғылт, содан барып 
күн  батқан  шақты  қоңыр  көк  реңге 
ауысты. Жолаушылар машинаға мініп 
жүріп  келе  жатқан  кезде  тау  енді  қа-
ракөк тарта бастады. Тағы біразда қа-
ра қошқыл, одан əрі сəт соңында қара 
барқын, қара қоңыр түстерге ауысты» 
[2.15].  
Роман Кароповтың жиында сөй-
леген сөзімен, сол айтылған сөздердің 
аясында көптеген шаралардың жүзеге 
асырылғандығы  шопандар  жағдайы-
ның  жасалғаны  туралы  айтыла  келіп, 
шығарма аяқталмай қалған.  
«Өскен  өркен»  аяқталып  бітпе-
ген үлкен шығарманың алғашқы кіта-
бы  екенін  ескерттік.  Бұл  романда, 
əрине, М.Əуезовтің «Абай жолы» эпо-
пеясымен  салыстыру  қажет  болмас 
еді.  Екеуінің  тақырыбы,  көзделген 
мақсаты,  өмірлік  материалы,  дəуірі, 
жұмсалған уақыты мен бейнеті де екі 
басқа  екенін  ұмытуға  болмайды.  Де-
генмен, «Өскен  өркен»  осы  күйінде 
қазіргі  заман  тақырыбындағы  шығар-
маларымыздың  ең  ірілерімен  иық  ті-
рестіріп, бəлкім, кей жағынан асып та 
тұрғанын айту керек. 
Сонымен,  М.Əуезовтің  «Өскен 
өркен» романын қорыта келе Р.Раман-
құлдың:«...М.Əуезов  «Өскен  өркен» 
романы  халқымыздың  тұрмыс  кəсі-
біндегі,  мəдениетіндегі,  салт-сана-
сындағы ділгір, маңызды жайларға бе-
рілген жазушылық жауап»[2.15] – де-
ген сөзімен аяқтасам деймін. 
 
ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1.
 
Қабдолов  З.  Сөз  өнері. – Алматы, 
2006 ж. 358 б. 
2.
 
Раманқұл  Р.  Əдебиет  жəне  өнер. – 
Алматы, 1964. 
– 
15-101 б. 
3.
 
Қазақ  əдебиетінің  кейбір  мəселеле-
лері, ҚМКƏБ, 1957, 52 б. 
4.
 
М.Əуезов  Жетінші  том.  Очерктер 
мен  «Өскен  өркен»  романы. «Жа-
зушы», – Алматы, 1980 ж. 422 б. 
 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет