С. Г. Тажбаева Редакция алқасы



Pdf көрінісі
бет33/65
Дата06.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#7935
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65

Лидер болуы мүмкін 
Типологиялық негізі 
Формальды (ресми) 
Формальды емес (ресми лидерлік позицияны ұстанбайды) 
Аралас 
Өзара қарым-қатынас саласы 
топтық мақсатқа жатудің жолдарын анықтау бойынша болатын 
лидер 
техникалық міндеттерді тиімді жолмен шеше алатын лидер  
психологиялық клматты орнату бойынша лидер  
топтық атмосфераның мазмұны бойынша лидер 
Тұлғааралық 
қарым-қатынастың 
қалыптасу  белгісі  ж`не  топтағы 
қызметті бөлу  
лидер-инициатор 
лидер-ұйымдастырушы (іскер лидер) 
лидер-эрудит 
лидер- эмоционалды күйдің генераторы (эмоционалды лидер) 
лидер-шебер 
Лидер жүзеге асыратын функциялар 
инструменталды лидер (функционалды лидер) 
эмоционалды лидер 
`мбебап (белгілі бір пропорцияның екі түрі де бар) 
Топтық  қызметтің  түрлері:  инс-
трументалды ж`не экспрессивті 
лидер-ұйымдастырушы (лидер-созидатель) 
лидер-дезұйымдастырушы (лидер-қиратушы) 
Ұйымдасу  позициясына  байла-
нысты 
`мбебап лидер (кез келген жағдайдағы) 
ситуативті лидер 
Қызмет сипатына байланысты 
авторитарлы лидер 
демократиялық 
аралас 
Басқару стиліне байланысты 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
203 
Тек  қана  атап  өтілген  анықтамалар  мен  лидерліктің  проблемаларын  талдай  отырып,  есепке  ала 
отырып қорытынды шығаруға болады. 
dрине,  топтың  мүшелерінің  барлығы  да  лидердің  тұлғалығы  мен  `рекетін  бірдей  қабылдай  бер-
мейді. Лидер (басқа адамдар сияқты) ізбасарлар санасында жеке тұлға шеңберінде қабылданады, яғни 
адамның  адамнан  қабылдау  мүмкіндігі  берілген  жеке  тұлғамен  шектеледі.  Лидер  неғұрлым  алшақ 
болса, ол соғұрлым ізбасарлар фантазиясы үшін оның бейнесін анық көреді. 
Лидерлік сапалар: кең  көлемді  қызығушылықтарды  парапар  білдіру  ж`не  к`сіби  аккумуляциялау 
қабілеті; инновациялық – идеялар ұсыну, оларды біріктіру, коструктивті ойлау қабілеті (бағдарлама) 
политическая  информированность  (интересы  различных  групп  на  стыке);  лексикон  (герменевтика  – 
тіл анализі, саяси тезистетді талдау. Терминология); саяси уақыт сезімі (уақытысында шешім қабыл-
дау); компромисс (компромисске уақыттан бұрын барған лидер, өз беделін жоғалтады, компромисс-
ке кешігіп барған  лидер, инициативаны жоғалтып, қайран қалады. (Горбачев, Лебедь) 
Лидерлік қабілеттер 
Мамандардың арасында лидердің басқару процесі болатыны туралы дискуссиялар `лі күнге дейін 
аяқталған жоқ. Басқа сөзбен айтқанда, лидер болып туа ма, `лде өзі лидер бола ма? 
Осы сұрақтың бір жақты екенін біле тұра жасалған теориялық, практикалық жұмыстарда лидерлік 
қабілеттер  туралы  айтылады,  бірақ  оның  шекарасы  мен  осы  қабілеттердің  шектелуі  туралы  м`селе 
туындайды. 
Лидерлік қабілеттер басқару позицияларын алуы үшін осы қасиеттер туа біте ме, `лде жүре пайда 
бола  ма?  –  бүгінгі  күннің  көкейкесті  м`селесі.  Бұл  бағыт  қызметі  «лидер  болып  туады»  дегенді 
тезистен алуға болады, сонымен қатар, лидердің мақсатты бағыттағы қалыптасу мүмкіндігін мойын-
дау.  Бірінші  жағдайда  лидерлік  қабілеттің  бойда  табылуы,  екіншіден  –  дайын  ж`не  өзін  көрсете 
білген басшы лидерлерді тарту. 
Басшылардың лидерлік қабілеттерін анықтау үшін олардың қызметтік шегін қарау керек. 
Педагогикалық  шарттар  -  оқыты  мен  т`рбиелеудің  жаңа  `діс-т`сілдерін  мақсатқа  бағыттауға 
қажетті,  тұлғаның  белгілі  бір  қасиеттерінің  дамуын  қамтамасыз  ететін  өзара  байланысты  шарттар 
жиынтығы. Оларға мынадай педагогикалық шарттарды жатқызуға болады:  
1. Жасөспірім енетін `р түрлі қызмет түрлерімен қамтамасыз ету: кез келген қызмет түрінде өзінің 
лидері  болады.  Бұл  балалардың  қоғамдық  ұйымдарында  жасөспірімдердің  лидерлік  потенциалын 
жүзеге асыруға мүмкіндік береді.  
2.  dр  түрлі  қызмет  түрлерін  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  беретін,  ұжымның  ж`не  жеке  тұлғаның 
дамуына ықпалын тигізетін өзін - өзі басқаруды жүзеге асыру. 
3.  Қызмет  түрінің  негізгісі  болып  табылатын  `р  түрлі  формада  оқытуға  жағдай  жасау,  (лидер-
лердің көрінуі); сондықтан, бұл үшін танымдық қызығушылықты қалыптастыру қажет. 
4. Ұжымның қалыптасуы, яғни дамыған ұжым кең т`рбиелік күші болғандықтан, `р жасөспірімді 
тұлға ретінде көруге, оның ашылуына мүмкіндік береді. 
5.  Ұйымдастырушы  –  педагогтың  тұлғасы.  Ол  өзінің  т`ртібімен  ұжымдағы  лидерліктің  дина-
микасына `сер етуі мүмкін. 
Ұйымдастырушы – педагог гуманистік позициясынан қарасырғанда мынадай принциптер жиынын 
ұстануға міндетті: 
1. dу бастан ж`не ағымда педагог жасөспірімдерге деген сенімділігін көрсетуі. 
2. Топ алдында ж`не жеке жасөспірім алдында тұрған  мақсат пен міндеттердің қалыптасуы мен 
нақтылануына көмектесуі. 
3. Ішкі мотивациясының болуынан шығуы. 
4. Кез келген уақытта көмекке келе алатын  бала үшін т`жірибенің қайнар көзі ретінде. 
5. dр бала үшін осы рөлде шығуы маңызды.  
6. Ол топтың эмоционалды күйін қабылдау ж`не сезінуге қабілеттерін өзінде дамыту.  
7. Топтық өзара қарым – қатынастың белсенді мүшесі болуға тырысады. 
8. Ол топқа өзінің сезімін ашық көрсетеді. 
9. dрқайсының сезімі мен уайымын түсінуге мүмкіндік беретін, эмпатияға жетуге тырысу. 
10.  Лидерлік  позицияның  қалыптасуы    үшін  ол  өзі  лидерлік  т`ртіптің  өзі  көрсетеді:  `р  түрлі 
лидерлік стильдер, лидердің тұлғалық сапасы, басқалардың еркі мен құқығын сыйлау; ж`не т.б. 
Лидерді  т`рбиелеу  ж`не  оның  өзін-өзі  т`рбиелеуі  `рдайым  жүретін  процесс.  Лидер  болу  үшін, 
с`йкесінше  м`дениет,  білім,  өмірілік  т`жірибеге  ж`не  к`сібилікке  қол  жеткізу  қажет.  dрине,  лидер 
өз-өзін  т`рбиелейді  ж`не  дамытады.  Бірақ  кез  келген  компанияның  персонал  қызметінің  ж`не 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
204 
басшылығының  міндеті  –  лидерлік  нышандары  бар  қызметкерлерді  анықтап,  сізөдің  ұйымыңызда 
қабілеттерін дамытуға көмектесіп ж`не күшін сынауға орын тауып беру болып табылады. Керісінше 
жағдайда, лидерлік нышандары бар қызметкерлер пісіп жетіліп, өзін көрсететін мүмкіндіктер көрмей, 
компаниядан кетіп қалады. Ол өзімен бірге сіздің компанияңызда алған т`жірибені, білімді, ал кейде 
басқа  да  қызметкерлерді  алып  кетеді.  Сондықтан  лидерлерді  т`рбиелеу,  дамыту  ж`не  оларға  өз 
күштерін жұмыста, т`жірибеде байқап көруге мүмкіндік беру өте маңызды.  
Қорытындылай келе бұл зерттеу жұмысында студенттердің лидерлік сапа қасиеттерін дамытудың 
маңызды екендігін  көрсетуге тырыстық. Егер маңызды `леуметтік институт ретіндегі мектепте ж`не 
ЖОО-да  дүниетанымдық  көзқарастың  негізі  қаланса,  онда  жасөспірімдер  өздерінің  жеке,  шығарма-
шылық ж`не лидерлік потенциалын жүзеге асырып, жеке бас қызығушылықтарынан туындайтын өз 
өмірін құрады.  
 
1 Дубовская Е.М. Психология малой группы. М.: Аспект-пресс, 2001. - С.324. 
2   Коломинский  Я.Л.  Психология  взаймоотношения  в  малых  группах  (общие  и  возрастные  особенности). 
Учеб. Пособие. 2 изд. Минск, 2000. - С.245. 
3   Уманский Л.И. Психология организаторской деятельности школьников. М., 1990. - С.158. 
4 Вульфов Б.З. Раскрепощенный менеджер. М., 1991. - С.395. 
5 Макаренко А.С. Собр.соч. в 6 т. М., Т.5. 1954. - С. 342. 
6 Парыгин Б.Д. Основы социально-психологической теории. М.: Мысль, 1971. - С.458. 
7 Кричевский Р.Л., Дубовская Е.М. Психология малой группы. М., 1991. - С.112. 
8 Уманский Л.И. Психология организаторской деятельности школьников. М., 1990. - С.52. 
 
Резюме 
Педагогические условия развития лидерских качеств студентов 
Мамилина С.К. - ст. преподаватель кафедры педагогики и психологии ЖГУ. 
mamilina_samal@mail.ru
 
В  данной  статье  рассматривается  развитие  лидерских  качеств  студентов  данная  проблема  всегда  была 
актуальной, однако в современном обществе эта проблема обрела наиболее острую необходимость в быстром и 
успешном  решении.  Так  как  лидерские  качества  помогают  развитию  личности  в  целом  и  помогают  также, 
пройти процесс социализации без психологических травм. 
В данной статье  мы рассмотрели теоретические аспекты этой проблемы, и пришли к выводу, что мнение 
всех ученых и педагогов о проблеме лидерства довольно схожи, но каждый ученый видит ее по-своему, так как 
исследует лидерство в разных социальных аспектах. 
По  итогам  анализа  научно-методической  литературы  можно  сделать  вывод,  что  базой  процесса  развития 
лидерских  качеств  личности  являются:  социальные  факторы  (общественные  отношения,  социально-
экономическая  среда);  действия  ближайшего  окружения  (социальное  и  служебное  положение,  морально-
психологическое единство руководителей и подчинённых, официальные функции руководящего состава и т.п.); 
личностно-психологические условия, влияющие на развитие лидерских качеств личности. 
Ключевые  слова:  лидер,  лидерство,  лидерские  качества,  воспитание  лидера,  лидерские  способности, 
функции лидера. 
 
Summary 
Рedagogical conditions of development of leadership qualities of students 
Mamilina SK - Senior Lecturer, Department of Pedagogy and Psychology of Zhetysu State University 
mamilina_samal@mail.ru 
This article discusses the development of leadership qualities of students, this problem has always been relevant, but 
in  today's  society,  this  problem  has  found  the  most  urgent  need  in  the  rapid  and  successful  resolution.  Since  the 
leadership qualities to help develop the whole person and also help, through the process of socialization without trauma. 
In  this  article  we  examined  the  theoretical  aspects  of  this  issue,  and  concluded  that  the  opinion  of  scientists  and 
educators about the leadership issue is quite similar, but each scientist sees it in his own way, as the lead in exploring 
different social aspects. 
As a result of the analysis of scientific and methodical literature, we can conclude that the basis of the process of 
development  of  leadership  qualities  of  personality  are  social  factors  (social  relations,  socio-economic  environment); 
action  immediate  environment  (social  and  official  position,  moral  and  psychological  unity  of  managers  and 
subordinates,  official  functions  and  management  staff,  etc.);  personality  and  psychological  conditions  affecting  the 
development of leadership qualities. 
Keywords: leader, leadership, leadership, leadership training, leadership skills, leadership functions. 
 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
205 
,ОЖ 373.1.02:37.035.6:78(=512.122) 
 
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ МУЗЫКАСЫНЫҢ ПАТРИОТТЫҚ Т,РБИЕ БЕРУДЕГІ МҮМКІНДІКТЕРІ 
 
Р.М. Рысбекова – п.ғ.к., педагогика ж`не психология кафедрасының доценті,  
І.Жансүгіров атындағы ЖМУ., Ryszhan_Rysbekova@mail.ru 
 
Музыка  өнері  дүниеге  көзқарасты  қалыптастырудың  ықпалды  құралы  ретінде,  жастардың  адамгершілік 
қасиеттерін, моральдық интеллектуалдық ортасын, оқушылардың тұлғалық сезімдерін байытады.  
Қазақ халық музыкасы жеткіншектерге жан-жақты т`рбие берудің, соның ішінде патриоттық т`рбие берудің 
тапсырмас құралы болып табылады. 
Музыкалық шығармалар балалар мен жастардың ақыл-ойы мен патриоттық сезіміне `сер етіп, музыкалық-
эстетикалық талғамын жетілдірген. 
Қазақ  халқының  экономикалық  ж`не  қоғамдық  құрылысы,  сондай-ақ  оның  тұрмыс-тіршілігі  мен  эстети-
калық көзқарастары ауыз `дебиеті шығармаларында өз бейнесін тапты. 
Қазақ  халық  музыкасының    аясына  халық  ж`не  халық  композиторларының  `ндері,  халық  ж`не  халық 
композиторларының күйлері енеді. 
Қазақ халқының `н шығармашылығының жанрлары сан алуан. Бұл – отбасылық-тұрмыстық, `дет-ғұрыптық, 
еңбек,  лирикалық,  тарихи  `ндер,  `леуметтік  наразылық  `ндері,  эпикалық  дастандар  мен  аңыз-`ңгімелердің 
музыкалық сабақтастыққа берілуі.  
Отбасылық-тұрмыстық  `ндерде  Отанға,  туған  жерге,  елге  деген  сүйіспеншілікті  көзқарас,  ойын-сауықтар, 
мораль, күнделікті тұрмыс қарекеті, отбасылық өзара қарым-қатынастар сипатталады. 
Балалар мен жастардың т`рбиесі патриотизмін қалыптастыруда  еңбек `ндерінің м`ні ерекше болды. Қазақ 
халқы  балалар  мен  жастарды  патриоттыққа  т`рбиелеуде  лирикалық  `ндерді  де,  орынды  пайдаланды.  Қазақ 
халқының `леуметтік-наразылық `ндерінде `леуметтік теңсіздік, феодалдық өмір салтына, экономикалық ж`не 
`леуметтік езгіге қарсы күрес тақырыбы жетекші орын алады.  
Сонымен  халық  `ндері  халықтың  адами-эстетикалық  көзқарасын,  `семдік  жөніндегі  түсінігін  білдірумен 
бірге,  ұлттық  патриотизмнің  жоғары  болғанын  көрсетеді  ж`не    балалар  мен  жастарды  да  осындай  сезімге, 
ұлттық намысқа т`рбиелегенін д`лелдейді. 
Түйін сөздер: қазақ халық музыкасы, қазақ халық `ндері, халық композиторларының `ндері, халық компо-
зиторларының  күйлері,  халық  ақындары,  `нші-күйшілері,  жыршылары,  сал-серілер,  отбасылық-тұрмыстық, 
`дет-ғұрыптық,  еңбек,  лирикалық,  тарихи  `ндер,  `леуметтік  наразылық  `ндері,  эпикалық  дастандар,  аңыз-
`ңгімелер,  «Тойбастар»,  «Жар-жар»,  «Беташар»,  «Сыңсу»,  «Қыз  қоштасу»,  «Жоқтау»,  трубадурлар,  даланың 
бардтары. 
 
Музыкасыз  жер  бетінде  бірде-бір  халық  өмір  сүре  алмайды.  Музыка  адам  өміріне  өте  ерте  бала 
кезден енеді, өмір бойы бірге жүреді. Адам сезімі, оның ойы, арманы ж`не іс-`рекеті музыка арқылы 
беріледі. Музыкада бүкіл адамзат өмірі, айнадағыдай бейнеленеді. 
Музыка  өнері  дүниеге  көзқарасты  қалыптастырудың  ықпалды  құралы  ретінде,  жастардың  адам-
гершілік қасиеттерін, моральдық интеллектуалдық ортасын, оқушылардың тұлғалық сезімдерін байы-
тады. Өз елінің патриоттық мазмұндағы музыкалық шығармаларын үйрену жеткіншектерге патриот-
тық т`рбие берудің құрамдас бір бөлігіне айналды. Оны қазақ халық музыкасының мүмкіндіктері де 
д`лелдейді. 
Қазақ  халық  музыкасы  жеткіншектерге  жан-жақты  т`рбие  берудің,  соның  ішінде  патриоттық 
т`рбие  берудің  тапсырмас  құралы  болып  табылады.  Қазақ  халық  музыкасының  ұрпақтан  ұрпаққа 
мирас ретінде жетіп отыруына халық ақындарының, `нші-күйшілерінің, жыршыларының рөлі ерекше 
болды.  Олар  қазақ  халық  музыкасын  үлкен  мереке-тойларда  д`ріптеген,  өздерінің  `ншілік-күйшілік 
шеберліктерін шыңдаған. 
Музыкалық  шығармаларды  таратуда,  өз  өнерлерін  танытуда,  сал  серілердің  де  өзіндік  орны 
болған.  Кезінде  А.Жұбанов:  «...салдар  мен  серілер  ол  заманғы  өнердің  өкілдері.  Бұл  күндегі  `ртіс-
терше сахнаға киетін киімін чемоданға салып алып келіп, `дейі оларға арналған бөлмеде қайта киіне-
тін  жағдай  сал  мен  серіде  болған  жоқ.  Олар  ат  үстінде  де,  ауыл  сыртында  да,  базарда  да,  ж`рмең-
келерде  де  өнерлерін  көрсетті.  Сондықтан  басқа  кісіге  алабажақ,  `сіре  қызыл  көрінетін  олардың 
киімдері  сол  сахнаға  киетін  киімдер.  Ал  олар  өмірде  де  солай  киініп  жүреді.  Өйткені  өмір  мен 
өнердің екеуі бірі мен бірі қосылып, ұласып кеткен» – деп жазған [1, 21 б.]. Оларды халық күні-түні 
тыңдаудан жалықпаған. Мұндай кездесулер көрерменнің музыкалық – эстетикалық талғамын, адами 
көзқарасын дамытып, ұлттық патриотизмін қалыптастыруда айтарлықтай рөл атқарған. Балалар мен 
жастардың  патриоттық  сезімін  қалыптастыруда  отбасының  (ата-аналардың,  қарттардың),  `ртүрлі 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
206 
ұлттық мерекелердің, ойын-сауықтардың, б`йге жарыстардың қосқан үлесі мол. Музыкалық шығар-
малар балалар мен жастардың ақыл-ойы мен патриоттық сезіміне `сер етіп, музыкалық-эстетикалық 
талғамын жетілдірген. 
Қазақ  халқының  экономикалық  ж`не  қоғамдық  құрылысы,  сондай-ақ  оның  тұрмыс-тіршілігі  мен 
эстетикалық  көзқарастары  ауыз  `дебиеті  шығармаларында  өз  бейнесін  тапты.  Сондықтан,  «Қазақ-
станда  жиналған  аса  бай  ауыз  `дебиетінің  оңдаған  томдары  туралы  оқыған  кезінде  басыңа:  «егер 
бүкіл осы байлықты қазақ халқының санына бөлетін болсақ, онда сір`, `рбір қазақ `ндердің, мақал-
м`телдердің, аңыз-`ңгімелердің авторы болып шығар еді, - деген ой келеді» [2, 10 б.]. 
dн-күй,  өлең-жыр,  `рқашан  да  халық  өмірінің  ажырамас  бөлігі  болған.  «Қазақта  `нсіз  өмір  жоқ. 
«Тойбастар» айтқан жігіт, кешкі ауыл сыртында алтыбақан тепкен қыз-бозбала, шілдехана күзеткен 
жас-к`рі, «Жар-жар» айтқан екі топ, елінен еріксіз алысқа ұзатылып бара жатқан қыз, өлген жұбайын 
жоқтаған  жесір,  түйеге  мініп,  `р  үйдің  сыртында  қақсаған  жарапазаншы,  ақ  киім  киіп,  өгізге  мініп 
ауыл  аралаған дуана, «жынын» шақырып, зікір салған бақсы – б`рі де `ндетеді. Б`рі де жай сөзбен 
айтқанда  жетпейтін  сезім  тасқынын  `н  арқылы  шығарады»  [3,  5  б.].  Музыканың  халық  өмірімен 
осылайша тығыз сабақтастықта болуы музыкалық-эстетикалық т`рбиемен бірге патриоттық  т`рбие-
нің  міндеттерін  шешуді  жеңілдетті.  Музыкада  қазақ  халқының  өмірі,  тыныс-тіршілігі,  эстетикалық, 
этикалық ж`не педагогикалық идеялары өз көрінісін тапты. 
«Қазақ `ндері құдіретті де күшті, өктем, сонымен бірге жатық, құлаққа жағымды естіледі, –  деп 
жазды өткен ғасырдың жетпісінші жылдарында А.Эйхгорн. –   ...Жапан түзде немесе ауылда, болмаса 
мал арасында, айдала мен жазық өңірлерде, таулар мен көсілген алқаптарды аралаған кезінде, жым-
жырт аспан астында жалғыз келе жатып оның салған `ні тіпті `демі естіледі. 
Түнде де, күндіз де, таңертең де, кешке де, жазда да, қыста да – қашан, қай кезде болмасын қазақ 
қиялсыз  жүрмейді,  не  ыңылдаған  сарынмен  көңіл  күйін  білдіреді,  немесе  `н  салады,  `йтпесе  өлең 
шығарады,  енді  бірде  шежірелік  сөздерді  мақалдап  айтумен  болады.  Олардың  қарапайым  сөздері 
сырт өмірден алған `серін табиғи қалпында беріп, сезімдерін ешбір қалтқысыз айқын баяндайды» [4, 
58 б.] . 
Қазақ  халық  музыкасының    аясына  халық  ж`не  халық  композиторларының  `ндері,  халық    ж`не 
халық  композиторларының  күйлері  енеді.  Қазақ  халқының  `н  шығармашылығының  жанрлары  сан 
алуан.  Бұл  –  отбасылық-тұрмыстық,  `дет-ғұрыптық,  еңбек,  лирикалық,  тарихи  `ндер,  `леуметтік 
наразылық  `ндері,  эпикалық  дастандар  мен  аңыз-`ңгімелердің  музыкалық  сабақтастыққа  берілуі  [5, 
24 б.]. Қазақ халық музыкасының мазмұндық сипаты, адамгершілік-эстетикалық т`рбиедегі мүмкін-
діктері С.Ұзақбаеваның еңбегінде жүйелі тұжырымдалған. Соны негізге ала отырып, халық музыка-
сының патриоттық т`рбиедегі мүмкіндіктеріне тоқталып өтейік. 
Отбасылық-тұрмыстық  `ндерде  Отанға,  туған  жерге,  елге  деген  сүйіспеншілікті  көзқарас,  ойын-
сауықтар,  мораль,  күнделікті  тұрмыс  қарекеті,  отбасылық  өзара  қарым-қатынастар  сипатталады, 
өнеге  тұтар  нақыл  сөздер  көп  пайдаланылады.  Мысалы,  «Мақтаншақ»  `нінде  шектен  тыс  даңғаза 
кербездік т`лкек етілсе, «Көксау шал» `нінде теңсіз неке айыпталады ж`не т.б. 
Көптеген  `ндерде  балаларға  деген  н`зік,  мейірбанды  сезім,  аялы  ықылас  көрініс  табады.  Оны 
шілдехана,  туған  күн,  бесік  жыры,  тұсау  кесу,  жеті  жас,  он  үш  жас,  жиырма  бес  жас  сияқты  елеулі 
с`ттерге арналған `ндерден көруге болады. Тоқ етерін айтқанда, қазақтардың жас мөлшеріне байла-
нысты  `рбір  маңызды  кезең:  баланың  алғашқы  езу  тартып  күлуіне,  бірінші  рет  ат  жалын  тартып 
мінуіне, тұңғыш рет б`йгеге қатысуына дейін `н арқылы бейнеленіп отырады. 
«Оларда  ата-аналардың балаға деген сүйіспеншілігі, оның тағдырына деген жауапкершілігі, бала 
болашағы туралы терең ой толғаныстары ашып көрсетіліп, адал, мейірімді, ақылды азамат болуға, өз 
халқының  лайықты  қорғаны,  батыры,  ең  бастысы  –  бала  кім  болсын,  мейлі  шебер,  мейлі  малшы 
болсын, адам болып қалуға деген үлкен үміті, тілегі» айтылады. Бұған д`лел «Бесік жыры» өлеңі [6, 
96-97 б.]. Онда: 
Бармақтарың майысып,                              Таңдайларың тақылдап, 
Түрлі ою ойысып,                                       Сөйлегенде сөз бермей, 
Ұста болар ма екенсің?                               Шешен болар ма екенсің? 
немесе: 
Құрығыңды майырып,                                 Айыр қалпақ киісіп, 
Түнде жылқы қайырып,                               Ақырып жауға тиісіп, 
Жаудан жылқы айырып,                              Батыр болар ма екенсің? – 
Жігіт болар ма екенсің? 
дейді [6, 154 б.]. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
207 
dдет-ғұрыптық `ндерге үйлену `дет-ғұрпы «Тойбастар», «Жар-жар», «Беташар», «Сыңсу» немесе 
«Қыз  қоштасу»  сияқты  д`стүрлі  `ндерді  жатқызуға  болады.  Егер,  «Той  бастар»  `нінде  үйлену 
тойының басталғаны жарияланса, «Жар-жар», «Беташар» күйеу жігітті, қалыңдықты, ата-аналар мен 
туған-туысқандарды  мадақтай  отырып,  жас  жұбайларға  игі  тілектер  тілеп,  ақыл-кеңестер  берген. 
«Сыңсу», «Қыз қоштасу» `ндерінде қалыңдық ата-ана, туған-туыстарымен, ел-жұртымен, дос-жаран-
дарымен, туып-өскен жерімен жастық-балалық өмірімен қоштасқан. «Сыңсу» мен «Қыз қоштасудың» 
өлеңдерін көп жағдайда ақындар шығарып беріп отырған. Жоқтау `ндерінің де тұлғалық қасиеттерді 
қалыптастыруда рөлі ерекше болған. 
«...Жоқтаудың  үш  түрі  бар.  Біріншісі  –  өлген  азаматтың  балалары  (көбінесе  қыздары)  шығарған, 
солар  айтқан  жоқтаулар.  Екіншісі  –  азаматтың  анасы  не  жұбайы  шығарған  жоқтаулар.  Үшіншісі  – 
белгілі бір ақын-жыраулар шығарғанжоқтаулар. Шығарушысы белгісіз бірнеше жоқтауларбар. Бірақ 
олардың баяндалу, жырлану шеберлігіне қарап, белгілі бір ақын шығарған деп қарауға болады» [7, 9 
б.]. Жоқтауларда қайтқан адамның адамгершілік қасиеттері (ізеттілігі, инабаттылығы, кішіпейілділі-
гі), батырлығы, батылдығы, Отансүйгіштігі, қайсарлығы, дарқан мінезі, ақылдылығы шынайы түрде 
баяндалады.  Тарихи  деректер,  тағлымды  оқиғалар  мен  тартымды  ойлар  көрініс  алған  бірқатар  жоқ-
таулар тіпті ел аузынан түспей айтылып жүрген. «Жоқтау өлеңдері өлген адамға жасалған ескерткіш 
есебінде»  қабылданып  қойған  жоқ,  оны  халық  адами-патриоттық  т`рбиенің  құралы  ретінде  пайда-
ланған. Қайтыс болған адамдардың өмірін, Отансүйгіштік қасиеттерін, сан қилы өнерін, ақыл-параса-
тын балалар мен жастарға үлгі-өнеге етіп отырған. 
Жасынан отбасылық-тұрмыстық ж`не `дет-ғұрыптық `ндердің ортасында өскен балалар мен жас-
тар  бірте-бірте  өздерінің  шығармашылық  туындыларын  қалыптастырады,  айшықты  сөйлеуге,  айта-
йындеген ойын бейнелі жеткізе білуге үйренеді [6]. 
Қазақтардың  осындай  алғыр  қасиетін  кезінде  көптеген  зерттеушілер  ұйқастырып  айтуға,  туа 
біткен қабілеттілігін атап көрсеткен. Оны П.Тиховтың: «Қырғыздар `н шығарудың үлкен шеберлері 
`рі өз `ншілерін құрметтейді... Қырғыздарға `нге деген сүйіспеншілік ана сүтімен енген т`різді, `йгілі 
өнерпаздардың  мейілінше  сүйікті  `уендерін  `деттегідей  тез  үйреніп  алады.  Бұл  `ндер  ұрпақтан 
ұрпаққа аса қымбат сияқты  сақталып, рудан  руға  аса  қастерлі  н`рсе ретінде беріліп отырады» [8] – 
деген  сөздері,  ж`не  А.Янушкевичтің:  «...мереке  кезінде  мен  ең  алғаш  рет  өлеңшілерді  тыңдауға 
мүмкіндік  алдым.  Бұлар  қазақтың  трубадурлары,  даланың  бардтары  –  ұлы  ақындары.  Қазақтардың 
өлең шығаруы мен орындау дарыны осы халықтың ақыл-ой қабілетін тамаша айқындайды» [9, 78 б.]. 
«Бұдан  бірнеше  күн  бұрын  өзара  жауласқан  екі  партияның  арасындағы  қақтығыстың  ку`сі  болған 
едім. Сонда Демосфен мен Цицерон туралы ғұмыры естімеген шешендердің сөз сайысына таң қалып 
қол соққанмын. Ал бүгін оқи да, жаза да білмейтін ақындар менің алдымда өнерлерін жайып салды. 
Олардың жыры жаныма жылы тиіп, жүрегімнің қылын қозғады. Сонымен өзімді т`нті етті» – деген 
сөзі д`лелдейді. 
Балалар  мен  жастардың  т`рбиесі  патриотизмін  қалыптастыруда  еңбек  eндерінің  м`ні  ерекше 
болды.  Олардың  мазмұны  балаларды  еңбектің  түрлерімен,  `рекеттерімен  таныстырды,  халықтың 
ауыр тұрмысын суреттеді, «Еңбек түбі зейнет» – деп оның адам өміріндегі қажеттілігін ашып көрсете 
білді.  Қазақ  халқының  еңбегі  мал  шаруашылығымен  байланысты  болғандықтан,  еңбектің  пайдалы  
жақтары да көп болды. Біріншіден бала мал бағып жүріп көптеген уақтысы табиғат аясында өткізеді, 
оның `семдігінен л`ззат алады, екіншіден, аң-құстардың сан қилы дыбысын бір-бірінен айыра білуге, 
табиғат  құбылыстарын  бақылауға  үйренді,  үшіншіден,  эстетикалық  сезімі  мен  талғамын  қалыптас-
тырды, төртіншіден, Отанын, туған жерін қадірлеуге, батылдыққа, төзімділікке баулыды. 
А.И.Левшин  қазақтардың  табиғат  қаталдығына  төзімділігін,  күн-көріс  к`сібін  төрт  түлік  малмен 
байланыстыра былайша сөз етеді: «...табиғатпен етене өмір сүрген, қарапайым тамақ ішіп, жайба-
рақаттықта, таза ауамен тыныстаған қырғыздардың денсаулығы мықты, көп жасайды, күшті де 
қуатты,  аштыққа,  ыстық-суыққа  шыдамды  келеді.  Күннің  ыстығы  қаперлеріне  де  кірмейді. 
Айналасын көргіштігі таңдануға тұрарлық тегіс жерде тұрып кішкентай заттарды он не одан да 
көп шақырымнан көре береді. Көздері аса өткір көреді. Еуропалықтар заттарды бұлдыр көріп eзер 
байқайтын  жерден,  олар  заттың  сұлбасы  мен  түсін  (eсіресе,  малдың  түсін)  жақсы  ажырата 
біледі. Бала күнінен ат құлағында ойнау қазақтың тұңғыш гимнастикалық жаттығуындай, былай-
ша айтқанда, олар ат үстінде туып, ең асау аттың өзін батыл да шебер ауыздықтайды. nйелдері 
бұл  жағынан  еркектерден  кейде  асып  та  кетеді».  «...ауылға  сырттан  қонақ  келсе,  бeрі  жиналып 
соны тыңдайды, берген тамағына ешкім eңгімеден басқа ақы сұрамайды. Қырғыздар үшін мейман-
достық қастерлі заң» деп, қазақтың қонақжайлық салт-дeстүрін мадақтаса, олардың психология-

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
208 
лық ерекшелігіне орай: «...қайырымдылық, адамды аяу, қарттарға, ақсақалдарға құрмет көрсету – 
олардың  ең  жақсы  қасиеті,  халықтың  даңқын  шығарған  ұлдарына  батыр  деп  ат  беріп,  өлсе  де 
ұмытпай үлгі тұтады. Қырғыздар туған жерін, атамекенін қатты қастерлейді. Кір жуып, кіндік 
кескен  жерін  тастап  ешкім  ешқайда  кетпейді[10]»  деп,  елін-жерін  сүюшілік  олар  үшін  ұлттық  
сезімнің ең қасиетті белгісі екенін айтып, қазақтың биік адамгершілік қасиеттерін ерекше атап өтеді. 
А.И. Левшин қазақ `йелдерінің инабатты, шаруақор, іске шебер, еріне адал болатындығына дұрыс 
баға бере білген. «Қырғыз `йелдері, – деп жазды ол, – түйе жетектеп келе жатып та жасы үлкен 
ерлерге ізеттілік көрсетуді ұмытпайды. Олар ерлерден гөрі бейнетқор, малға қарайды, киім тігеді, 
ері үшін бeрін жасап, оны кетерде атына мінгізіп аттандырып салады. Қазақта балаға eкеден гөрі 
ана көп қарайды, қыздарын үй-ішіндегі өнердің бeріне үйретеді» [10, 142 б.]
Қазақ  халқы  балалар  мен  жастарды  патриоттыққа  т`рбиелеуде  лирикалық  `ндерді  де,  орынды 
пайдаланды. Оларда ғашық жандардың толқыныс сезімдері, сүйген жардың сұлулығы, экономикалық 
ж`не  `леуметтік  теңсіздік  салдарынан  бір-біріне  қосыла  алмаған  екі  жастың  қайғы-мұңы,  жеке 
бастың  күйініш-сүйініші,  туған  жердің  табиғаты  терең  сезіммен  бейнеленеді.  Мұнда  қайтып  орал-
майтын жастық шақ туралы мұнды ой-толғаулары да, адамның өкініш-наласы көрініс алады. Осын-
дай  мазмұны  жағынан  алуан  түрлі  лирикалық  `ндерге,  мысалы,  «Қорлан»,  «Шилі  өзен»,  «Ақбөпе», 
«Япырай», «Гауһартас», «Жиырма бес», «Маңмаңгер» ж`не т.б. көптеген `ндер жатады. 
Мысалы,  «Япырай»  `нінің  м`нерлі  музыкалық  ж`не  поэтикалық  бейнесінде  табиғаттың  сұлу 
көрінісі  мен  адамның  рухани  көңіл-күйі  бейнеленсе,  «Гауһартаста»  сүйген  жардың  ажары  атқан 
таңға,  шолпан  жұлдызға  теңеледі,  үстіндегі  киген  киімі,  `серлі  жүріс-тұрысы,  бойындағы  асыл 
бұйымдары,  `семдігі  салыстырмалы  түрде  суреттеледі.  Бұның  б`рі  жеткіншектердің  эстетикалық 
талғамын эстетикалық көзқарасын жетілдіруді, `семдікті түсіне, сезіне, тебірене білуге үйретті, туған 
жерге, елге, д`стүр-м`дениетке мақтаныш сезімін оятты [6]. 
Қазақ халқының `леуметтік-наразылық `ндерінде `леуметтік теңсіздік, адамды адамның қанауына 
деген  кедейлікке  жоқшылыққа  деген  наразылық,  феодалдық  өмір  салтына,  экономикалық  ж`не 
`леуметтік  езгіге  қарсы  күрес  тақырыбы  жетекші  орын  алады.  Мысалы,  «Гүлдерай!»,  «dупілдек», 
«Қойшы», «Көк шолақ», «Жанбота», «Ақ Сиса» ж`не т.б. `ндері `ділет, жарқын болашақ, теңдік, өз 
тағдырын  өзі  шешу  құқығы  жолындағы  күреске  шақырады.В.В.Радловтың:  сөзімен  айтқанда,  қазақ 
«...өз `ндерінде ертегіде айтылатын қайдағы бір ғайыптан пайда болған қорқынышты дүниені  д`ріп-
темейді,  қайта  ол  өз  өмірін,  өз  сезімдері  мен  мұраттарын,  қоғамның  `рбір  жеке  мүшесі  жүрегінде 
жүрген  идеяларды  `нге  қосады,  тыңдаушылары  жаратылыстан  тысқары  қайдағы  бір  кереметтерден 
емес, нақты шындықтан л`ззат алады» [11]. 
dрине, `ннің мазмұнын тыңдаушысына дұрыс жеткізу `ншінің көркемдік ой-өрісіне, оны бейнелі 
түрде  жеткізе  білуіне,  орындаушылық  шеберлігі  мен  дауыс  құбылысының  сүйкімділігіне  де  байла-
нысты. Мұндай талабы бар `ншілерді халық өте құрметтеген, олардан мақтау сөзін аямаған, «күміс 
көмей  `нші»,  «жез  таңдай  `нші»  деп  қошеметтеп  отырған.  Бұдан  `ншінің  орындаушылық  өнерінің 
қалыптасып, дамуына қоғам ортасының `сері мол болды деген пікір туады. Тағы бір ескеретін жай, 
«`н өнері халықтың өзіндік `ншілік мектебіне байланысты, д`лірек айтқанда, т`жірибелі `ншілердің 
жас талаптарды өз қамқорлығына алып т`рбиелеуіне байланысты дамыды. Яғни т`жірибелі `ншілер 
өз  ізбасарларын  өздері  т`рбиеледі,  оларға  өздерінің  `ншілік  өнерінің  қыр-сырын  үйретті,  өздері 
сияқты  айтуға  баулыды,  сөйтіп  өздерінің  `ншілік  д`стүрін  жалғастыруға  ықпал  етті»  [6,  109  б.]. 
Мұндай `ншілердің қатарына Біржан, Ақан сері, Мұхит, Жаяу Мұса сынды майталмандарды атауға 
болады. 
Сонымен  халық  `ндері  халықтың  адами-эстетикалық  көзқарасын,  `семдік  жөніндегі  түсінігін 
білдірумен бірге, ұлттық патриотизмнің жоғары болғанын көрсетеді ж`не балалар мен жастарды да 
осындай сезімге, ұлттық намысқа т`рбиелегенін д`лелдейді. Олар өзінің қарапайымдылығымен, `уез-
ділігімен,  көркемдігімен,  шынайылығымен,  поэтикалық  `серлілігімен  терең  мазмұндығымен  үлкен-
кішінің жүрегінен орын алды. Оған деген қызығушылық бүгінде толастаған емес, керісінше көптеген 
халық  `ндері  к`сіпқой  `ншілер  мен  көркемөнерпаздардың,  мектеп  оқушыларының  репертуарынан 
берік орын алып отыр. 
Осы айтылғандардың б`рі қазақ музыкасының мүмкіндіктерінің жоғары болғанын, `сіресе ұлттық 
патриотизмді жетілдіруде үлкен роль атқарғанын д`лелдейді. 
 
 
 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
209 
1  Жұбанов А. Замана бұлбұлдары. -Алматы 1975. – 21 б. 
2  Казахстан: литературно-художественный сборник. –М.,Алма-Ата, 1935, – 10 с. 
3  Эйхгорн А. Музыка киргиз. В кн.: Музыкальная фольклористика в Узбекистане -Ташкент, 1963. – 58 с. 
4  Ерзакович Б.Г. Песенная культура казахского народа. Алма-Ата, 1966. – 24 с. 
5  Ежелгі мeдениет күeлары. Алматы, 1966, – Б. 96-97. 
6  Ұзақбаева С.А.  Тамыры  терең тeрбие. – Алматы:”Білім”, 1995. – 154 б. 
7  Боздағым / құрастырған Т.Арғынов. -Алматы, 1990. – 9 б. 
8  Тихов П. Музыка туркистанских киргизов. Музыка и жизнь. – М., 1910, -№ 3-4.-с.35. 
9  Янушкевич А. Қазақ  даласынан жазған хаттар. Варшава, 1861. – 180 б. 
10   Левшин А. Қырғыз-қайсақ ордалары мен даласының сипаттамасы. М.,1832. – 230 б. 
11 
 Радлов В.В. Образы народной литературы северных тюркских племен. Т.5,СПБ., – С. 8-9

 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет