С. Г. Тажбаева Редакция алқасы


Резюме  Развитие интеллекта учащихся начальных классов с использованием интерактивного метода обучения



Pdf көрінісі
бет63/65
Дата06.03.2017
өлшемі13,22 Mb.
#7935
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65

Резюме 
Развитие интеллекта учащихся начальных классов с использованием интерактивного метода обучения 
Байсолтанова А.Б. – магистрантка 2 курса по специональности 
6М010200 – Педагогика и методика начального обучения, 
аyauka.b.b@mail.ru
 
В  статье  рассматривается  об  использовании  интерактивных  методов  в  развитии  интеллектуальных  способ-
ностей учащихся начальных классах. Развитие интеллектуальности характеризуется развитием у учащихся функ-
ции  активно  мыслить,  уверенно  пополнением  сознания  нужными  знаниями,способностью  мыслить,  а  также 
повышением заинтересованности к знаниям. Учитывая уровень развития интеллектуальности и индивидуальных 
способностей учащихся начальных классов, определяется умение использовать интерактивные методы в органи-
зации  деятельности  учащихся  в  различной  форме.  Нужно  формировать  личность  с  развитым  интеллектом 
способным  развиватся  и  усовершествоватся  в  дальнейшем.  Приводимые  анализы  в  литературах  определения 
понятий  ителлектуальности  и  интерактивных  методов  рассматривается  в  взаимосвязи  с  системой  действия 
мыслить,  со  стратегией  решения  проблем  и  с  индевидуальным  влиянием  к  ситуациям  требующих  познава-
тельной  активности.  Интеллект  –  это  способность  сознания,  а  мыслить  –  это  активность  сознания.  Проблема 
изуче-ние с учетом этих различии еще не совсем обоснована. Интеллект анализируется как, глубокое составное  
опре-деляющая процесс мышления. В статье говорится об интерактивных методах, как основной предмет позво-
ляющая учащимся самостоятельно усваивать знания, а также позволяющая усваивать знания с помощью прак-
тики.  Использование  интерактивные  методы  в  развитии  интеллектуальности  у  учащихся  начальных  классов 
означает и деятельность формирования новых знаний учитывая субъективный опыт учащихся. Процесс обуче-
ния проводится в открытом диалоге, поддерживая  прямую и косвенную взаимосвязь. 
Ключевые  слова: 
интерактивные  методы,  интеллектуальной,  развитие  интеллекта,  начальная  школа, 
ученик, методология.
 
 
Summary 
Development of intelligence of primary school students and using the interactive method 
Ayaulym Baysoltanova – 2
nd
 course master of 
Pedagogy and methodology of elementary education, 
аyauka.b.b@mail.ru
 
The  article  discusses  the  use  of  interactive  methods  in  the  development  of  intellectual  abilities  of  primary  school 
pupils.  Developmentofintelligenceis  characterized  by  the  development  of  students'  thinking  function  active,  confident 
replenishment  of  consciousness  necessary  knowledge,  the  ability  to  think,  as  well  as  an  increase  in  interest  for 
knowledge.Considering the level of development of intelligence and the individual abilities of primary school pupils is 
determined  by  the  ability  to  use  interactive  methods  in  organizing  the  activities  of  students  in  different  forms.  It  is 
necessary  to  form  a  person  with  advanced  intelligence,  which  are  able  to  develop  and  improve  in  the  future.Given 
analyzes literatures definitions Intelligent software and interactive methods considered in conjunction with the system of 
actions  to  think,  to  problem-solving  strategies  and  the  influence  of  individual  situations  requiring  cognitive 
activity.Intelligence - the ability of consciousness and thinking - is the activity of consciousness. The problem with the 
study of these differences is not quite justified.Intelligence is analyzed as a composite defining a deep thinking process. 
The article refers to the interactive method as the main subject of allowing students to acquire knowledge independently, 
as well as allowing acquire knowledge through the practice. Using interactive methods in the development of intelligence 
of  primary  classes  and  activities  is  the  formation  of  new  knowledge  taking  into  account  the  subjective  experience  of 
students. The learning process carried out in an open dialogue, supporting direct and indirect linkages. It increases the 
activity and interest of students. 
 
Key words: 
interactive methods, intellectual, the development of intelligence, primary school, pupil, methodology. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
386 
УДК 796 
 
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ АҚЫЛ-ОЙ Ж,НЕ ДЕНЕ ЖҰМЫС ҚАБІЛЕТТІЛІГІ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН 
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТЕТІН ДЕНЕ М,ДЕНИЕТІ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ 
 
А.И. Исаев – аға оқытушыҚ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ, Түркістан қаласы 
 
Бұл  мақалада  жеке  тұлғаның  ақыл-ой  ж`не  дене  жұмыс  қабілеттілігінің  орнықтылығын  қамтамасыз  ететін 
дене  м`дениеті  құралдарының  маңыздылығы,  ақыл-ой  ж`не  дене  жұмыс  қабілеттілігін  т`рбиелеу  міндеттерін 
жүзеге асыру үшін дене т`рбиесінде кең мүмкіндіктері қарастырылған. Бұл дене т`рбиесінің спецификасымен, 
оның  мазмұндық  ж`не  процессуалдық  негіздері  мен  қамтамасыздандырылған,  ақыл-ой  ж`не  дене  т`рбиесінің 
өзара  байланыстылығы,  яғни  дене  т`рбиесі  адамдардың  ақыл-ой  ж`не  еңбек  жұмыс  қабілеттілігін  арттыруға 
тікелей `сер етіп, жеке тұлғаны өмірге, еңбекке дайындауға нақтылы бағыт беретіні. 
Түйін  сөздер:  Еңбек  шарты,  қажу,  еңбек  қабілеті,  қызметтік  даярлық,  жеке  тұлға,  дене  м`дениеті, 
функционалдық жағдайы. 
 
Қазіргі  таңдағы  дене  м`дениетінің  негізгі  оқытып,  үйрету  құралы  дене  жаттығулары  болып 
табылады.  Физиологиялық  белгілері  бойынша  жекелеген  топтарға  біріктірілген  барлық  көп  бейнелі 
бұлшық ет қызметі бойынша жаттығуларды физиологиялық топтастыру жүйесі қалыптасқан. 
Организмнің  жағымсыз  факторлардың  қолайсыз  `серіне  орнықтылығы  адамның  тумысынан, 
табиғи  ж`не  тіршілік  ету  барысында  иеленген  қасиеттеріне  байланысты  болады.  Бұл  барынша 
қозғалмалы  ж`не  бұлшық  ет  жүктемелері  мен  сыртқы  орта  қозғаушы  күштері  (ауа  райы  темпера-
турасының тұрақсыздығы, оттегінің жеткіліксіздігі, сол сияқты көмір қышқыл газының артық мөлше-
рі  ж`не  т.б.)  арқылы  жаттығу  құралдарымен  `сер  етуге  болады.  Ғылыми  зерттеу  н`тижелері  мен 
білікті  дене  м`дениеті  мамандарының  іс-т`жірибелері  көрсеткендей,  физиологиялық  механизмдерді 
жетілдіру  жолымен  дене  жаттығуларымен  шұғылдану  ауа  райының  жоғары  ыстықтықтағы,  артық 
суықтықтағы  температураларына,  гипоксияға,  кейбір  уландыратын  заттардың  `серіне  студенттер 
организмінің  орнықтылығын  арттырады,  ауруға  шалдығуларын  төмендетеді  ж`не  олардың  дене 
қабілеттері мен оқу еңбегінде жұмыс қабілеттіліктерін арттырады. 
Спорттық  д`режесі  бар,  жаттыққан  шаңғышылардың  денелері  -35ºс-қа  дейінгі  суық  кезінде 
жоғары  жұмыс  қабілеттіліктерін  сақтайтыны  т`жірибе  жүзінде  д`лелденген.  Егер  жаттықпаған 
адамдар  дене  температуралары  +38ºс  көтерілгенде  жұмысты  атқару  жағдайында  болмаса,  ал  жат-
тыққан адамдар өздерінің дене температуралары +39ºс ж`не одан да жоғары болған жағдайларда да 
жүктелерді орындай алады [1].  
Дене  жаттығуларымен  белсенді  ж`не  жүйелі  шұғылданатын  адамдарда  жоғары  қуаттылықпен 
ж`не  күштенумен  ақыл-ой  немесе  дене  еңбегін  атқару  кезінде  психикалық,  ақыл-ой,  ой  ж`не  сезім 
күйі орнықтылығы артады. 
Дене жаттығуларының сапалы сипаты бірқатар мына психикалық қызметтер жиынтығынан көрі-
неді: жетілдіруге талаптану, оған жетуге деген `рекеттің мақсаты мен құралдары туралы мағлұматы, 
берілген жаттығуды орындауға деген ықылас пен ерік-жігер күшінің болуы ж`не т.б. 
Дене  жаттығуларын  дұрыс  орындауға  қоршаған  орта  жағдайының  `сері  ж`не  оған  бағдар  алу, 
қозғалу  мағлұматының,  ойлау  жұмыс  қабілетінің,  толқу  сезімінің  ж`не  т.б.  болуы  `сер  етеді.  Дене 
жаттығулары  адамның  психикалық  қасиеттерін  жетілдіруге  мүмкіндік  жасап,  оның  ойлау  (зерде, 
сана) қызметін жақсартады. 
Дене  жаттығулары  қызығушылық  пен  сезімді,  ерік-жігер  мен  мінезді  дамытып,  адамның  рухани 
даму  құралының  бірі  болып  табылады.  Олар  сонымен  бірге  адамның  дене  ж`не  психикалық 
қызметінің бірлігін көрсетеді. 
Адамның дене жұмыс қабілеттілігінің жоғары деңгейін қамтамасыз ететін қандай да бір қозғалыс 
`рекетін орындау жағдайына, оның сипатына, ерекшелігіне, созылу ұзақтығына, қуаттылығына ж`не 
қарқындылығына  байланысты  негізгі  дене  қозғалысы  сапаларына  күшті,  шапшаңдықты  ж`не 
төзімділікті  жатқызады.  Бұл  аталған  дене  қозғалысы  сапаларына  дене  жаттығуларының  кейбір 
ерекше  түрлерінің  табысты  орындалуын  қамтамасыз  ететін  иілгіштік  пен  ептілікті  жатқызу 
мақсатқа  лайықты  болады.  Жаттығулардың  адам  организміне  `сер  етуінің  ерекшеліктері  мен  көп 
бейнеліліктерін  (спорт  физиологтарының  көзқарастары  бойынша)  дене  жаттығуларының  физио-
логиялық  топтастырылуымен  танысқаннан  кейін  түсінуге  болады.  Оның  негізіне,  белгілі  топқа 
кіретін,  бұлшық  ет  қызметі  түрлерінің  барлығына  т`н,  белгілі  бір  физиологиялық  топтастырылу 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
387 
белгілері  жатады.  Сонымен,  бұлшық  ет  жирылуы  сипаты  бойынша  бұлшық  ет  жұмысы  статикалық 
(орнықты)  немесе  динамикалық  (қозғалмалылық,  өсіңкілік)  сипатта  болады.  Дененің  немесе  оның 
мүшелерінің қозғалыссыз қалыпта сақталуы жағдайындағы бұлшық ет қызметі, сол сияқты қандай да 
бір жүкті дене қозғалуынсыз ұстау кезіндегі бұлшық ет жұмысы статикалық жұмыс (статикалық күш 
салу)  ретінде  сипатталады.  Статикалық  күш  салу  дененің  `р  түрлі  бейнедегі  қалпын  ұстауымен 
сипатталады, ал динамикалық жұмыс кезіндегі бұлшық ет күштенуі (ширығуы) дененің немесе оның 
мүшелерінің кеңістіктегі қозғалысына байланысты болады. 
Дене  жаттығуларының  елеулі  топтары  жаттығуда,  сол  сияқты  жарыстарда  қозғалыс  актылары 
белгілі  бір  ізді  жүйелілікпен,  қатаң  орнықтылықпен  стандартты  жағдайда  орындалады.  Белгілі  бір 
стандартты  қозғалыс  шегінде  ж`не  оларды  орындау  жағдайында  күш,  шапшаңдық,  төзімділіктің 
жоғары қозғалыс үйлесімділігінің көрсетілуімен нақтылы қозғалыс `рекетін орындау жетілдіріледі. 
Сонымен бірге, шапшаң қозғалыс реакциясын талап ететін (жеке сайыс түрлері, спорттық ойын-
дар),  қозғалыста  ауысып  отырылатын  жағдайларда,  орындау  жағдайлары  тұрақты  емес,  яғни  стан-
дартты емес ерекшелігімен сипатталатын дене жаттығуларының үлкен тобы айырмаланады. 
Стандарттылығымен  немесе  стандартқа  жатпайтындығымен  байланысты  қозғалыстағы  дене 
жаттығуларының  үлкен  екі  тобы,  өз  кезегінде,  циклдық  сипаттағы  (жүру,  жүгіру,  жүзу,  есу, 
конькимен, шаңғымен сырғанау, велосипедте ж`не т.б.) ж`не ациклдық сипаттағы (белгілі циклдарда 
міндетті  бір  ізді  қайталанусыз,  айқын  басталу  ж`не  қозғалыстың  аяқталу  көрнісі  бар  жаттығулар: 
секірулер,  лақтыру,  гимнастикалық  ж`не  акробатикалық  элементтер,  ауырлықтар  көтеру)  жатты-
ғуларға бөлінеді. Циклдық қозғалыс үшін жалпы т`н сипат, олардың барлығы `р түрлі жалғастырылу 
уақытымен  тұрақт  ы  ж`не  айнымалы  қуаттылықпен  орындалатын  жұмыс  болып  саналады.  Көп 
бейнелі  қозғалыс  сипаты  жұмыстың  орындалу  қуатын,  сонымен  бірге  бұлшық  ет  жирылу  күшімен 
ж`не  оның  амплитудасымен  байланысты  уақыт  бірлігіндегі  жұмыс  көлемін  барлық  уақытта  д`л 
анықтауға  мүмкіндік  туғыза  бермейді,  яғни  мұндай  жағдайларда  «қарқындылық»  термині  пайдала-
нылады. Жұмыстың созылу ұзақтығының шегі оның қуаттылығына, қарқындылығына ж`не көлеміне, 
ал жұмыстың орындалу сипаты организмдегі қажу үдерісімен байланысты болады. 
Егер жұмыс қуаттылығы өте жоғары болса, онда оның созылу ұзақтығы аз, яғни оның салдарынан 
организмде қажу тез орын алады. Циклдық сипаттағы жұмысты орындау кезінде спорт физиологтары 
максимальды  қуаттылық  зонасын  (мұнда  жұмыстың  созылу  ұзақтығы  20-30  секундтан  аспайды,  `рі 
қажу  мен  жұмыс  қабілетінің  төмендеуінің  көп  бөлігі  10-15  секундтан  кейін  басталады);  субмакси-
мальды  қуаттылық  зонасын  (20-30  секундтан  3-5  минутқа  дейін);  үлкен  қуаттылық  зонасын  (3-5 
минуттан  30-50  минутқа  дейін)  ж`не  біркелкі  қуаттылық  зоналарын  (мұнда  жұмыстың  созылу 
ұзақтығы 50 минут ж`не одан жоғары) айырмалап, айқындады. 
Адам  организміне  қоршаған  ортаның  `р  түрлі  қозғаушы  күштері  `сер  етеді:  оның  `р  түрлі 
бейнедегі қызмет түрлерін зерттеу барысында табиғат факторларының `серін ескермеу мүмкін емес 
(барометрлік қысым, ауаның газ құрамы мен ылғалдығы, ауа райы температурасы, күн радиациясы, 
яғни адамды қоршаған орта), биологиялық факторлар (қоршаған өсімдіктер мен жануарлар `лемі, сол 
сияқты адамның тұрмыстық, өндірістік ж`не шығармашылық қызметі н`тижелерімен байланысты). 
Сыртқы  ортадан  адамның  тіршілік  `рекеті  мен  дамуы  үшін  қажетті  заттар,  сонымен  бірге  тітір-
кендіргіштер (пайдалы ж`не зиянды) организміне түседі. Адам организмі функционалдық жүйелердің 
өзара  `рекеттестігі  жолымен  өзінің  ішкі  ағзаларының  қажетті  тұрақтылығын  сақтау  үшін  барынша 
`рекеттенеді. 
Тұтас  организмнің  барлық  органдары  мен  функционалдық  жүйелерінің  қызметі  `р  түрлі  тербелу 
диапазоны бар, белгілі бір көрсеткіштерімен сипатталады. Кейбір тұрақты шамалар бірқалыпты ж`не 
ед`уір қатты (мысалы, РН қан көрсеткіші 7,36-7,40, дене температурасы -35-42ºс аралығында, жүрек 
соғу көлемі –бір жирылғанда шығарылатын қан мөлшері -50-200³ см). 
Адам организміне `сер ететін `леуметтік-биологиялық ж`не табиғат қозғаушы күштері экология-
лық сипаттағы м`селелермен үзіліссіз байланыста болады. 
Экология  (грек  oikos  –  үй,  түрақ  +  foqos-ұғым,ғылым)  -  бұл  білім  саласы,  биологияның  бөлімі, 
ж`не оқу п`ні, сол сияқты кешенді ғылым. Экология организмдердің бір-бірімен ж`не табиғаттың өлі 
компоненттерімен өзара үйлестік қатынаста қарастырылады.  
Адам экологиясы оның табиғатпен өзара `рекеттестігі заңдылықтарын, денсаулықты сақтау ж`не 
нығайту проблемаларын зерттейді. Адамның өмір сүру ортасы жағдайына қандай т`уелділікте болса, 
табиғатта  адамға  т`уелді.  Қоршаған  ортаға  өндірістік  қызметтің  `сері  (ауа  атмосферасының, 
топырақтың,  су  қоймалары  мен  өзен,  көлдердің  өндіріс  орындарының  зиянды  қалдықтарымен 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
388 
ластануы,  орман,  тоғайлар  ағаштарының  кесілуі,  өртенуі,  жол  апаттарымен  технологияның  бұзы-
луының  н`тижесінде  радиацияның  артуы)  адамдардың  тіршілік  етулеріне  қауіп  төндіруде.  Мысал 
ретінде, еліміздегі Алматы, Шымкент, Қарағанды сияқты ірі қалаларда табиғи өмір сүру орта елеулі 
д`режеде нашарлауда, тіршілік ырғағы, еңбек, тұрмыс, демалыс психологиялық көңіл күйі бұзылуда, 
ауа  райы  өзгеруде  екені  көңілге  кірбің  ұялатады.  Қалаларда  күн  радиациясы  қарқыны  жақын 
орналасқан  елді  мекендермен  салыстырғанда  15-20%  –ға  төмен,  бірақ  жыл  көлеміндегі  орташа 
температура  1-2ºс-қа  жоғары,  олардың  т`уліктік  ж`не  маусымдық  ауытқуы  елеусіз,  атмосфералық 
қысым төмен, ауа ластанған. Осылардың барлығы адамның дене ж`не психикалық саулығына барын-
ша  қолайсыз  `сер  етеді.  Қазіргі  заманғы  адамдар  ауруларының  80%-ы  планетадағы  экология-лық 
жағдайлардың нашарлау н`тижесінде пайда болатыны ғылыми зерттеулерде д`лелденген. Жоғарыда 
аталған  экологиялық  проблемаларды  болдырмау  дене  жаттығуларымен  ж`не  спортпен  жүйелі 
шұғылдануды ұйымдастырып, жүргізумен тікелей байланысты. 
Адамдардың  өндірістік  жұмыстан  ж`не  ақыл-ой  еңбегінен  кейін,  бос  уақыттарында  дене  жатты-
ғуларымен ж`не спорт түрлерімен шұғылданудың негізгі түрлері мыналар: 
- таңертеңгілік гигиеналық гимнастика; 
- таңертең немесе кешкі уақытта арнайы бағыттылықта дене жаттығуларымен шұғылдану; 
- түскі үзіліс кезінде қысқа уақыттық дене жаттығуларымен шұғылдану; 
- жол сапар үстіндегі (поезда, автокөлікте, қонақ үйде т.б.) дене жаттығулары; 
- белсенді демалыс ж`не организмнің функционалдық мүмкіндіктерін арттыру, к`сіби-қолданбалы 
дене дайындығын жетілдіру мақсатында дене м`дениетімен ж`не спортпен шұғылданулар [2]. 
Таңертеңгілік  гигиеналық  гимнастика  жаттығуларының  кешеніне  түзетуші  ж`не  аурудың  алдын 
алу сипатындағы жаттығулар ендіріледі. 
Бұл  жаттығулардың  жеке  адамдар  үшін  кешенін  құрастыру  кезінде  оның  келесі  талаптарды 
қанағаттандыруы қажет екені ескерілуі тиіс: 
- жаттығу еңбек қызметі ерекшелігіне, адам организмінің функционалдық мүмкіндіктеріне с`йкес 
келуі тиіс; 
- жаттығу бір ізді жүйелілікпен орындалуы тиіс; 
- жаттығу  артық  күштенусіз  ж`не  тыныстың  бөгелуінсіз  басымырақ  өсіңкі  қозғалыс  сипатында 
болуы тиіс; 
- жаттығу жүктемесі біртіндеп арттырылып, жаттығу соңында төмендетілуі тиіс; 
- жаттығудың  бір  сарындылығы  шұғылданушыларды  жалықтыратын,  тиімділігін  төмендететін 
болғандықтан жаттығу кешенін кезеңдермен жаңартып от ыру қажет [3]. 
Ақыл, ой еңбегімен шұғылданатын қызметкерлер үшін таңертеңгілік гигиеналық гимнастиканың 
келесі бірізділіктегі үлгісі ұсынылады: 
1.  Ақыл,ой  еңбегінен  тежеу  жағдайындағы  организмнің  біртіндеп  қызметтік  жағдайға  келуіне 
мүмкіндік туғызатын жаттығулар жасау (жүру, баяу жүгіру, жалпы дамыту жаттығулары, белтемірде 
тартылу). 
2.  Жүрек қан – тамыры жүйесінің қызметін жандандыру үшін жаттығулар жасау (қолды `р түрлі 
бағыттарға сермеу, терең емес алға, артқа, жандарына ұмтылу қозғалыстары ж`не т.б.)  
3.  Дене  бұлшық  еттерін  нығайтатын,  тыныс  алуды  шынықтыратын,  ми  қан  айналымын 
жақсартатын жаттығулар (басты мойыннан айналдыру ж`не басты, кеудені алға, жанына, артқа иіу). 
4.  Күшті дамытуға арналған жаттығулар. 
5.  Буын қоспаларының қозғалмалылығын арттыруға арналған жаттығулар. 
6.  Қарын бұлшық еттеріне (брюшной пресс) арналған жаттығулар. 
7.  Аяққа арналған жаттығулар (екі, бір аяққа отырып тұру, секірулер). 
8.  Таңертеңгілік  гигиеналық  гимнастика  жаттығулар  кешенін  дене  бұлшық  еттерін  босаңсыту 
ж`не  тыныс  алуды  қалпына  келтіру  жаттығуларымен  аяқтайды  (баяу  жүгіру,  жүру,  тыныс  алу 
жаттығулары) [4]. 
Таңертеңгілік гигиеналық гимнастиканың созылу ұзақтығы 10-15 минуттан 30-40 минутқа дейін. 
40  жасқа  дейінгі,  дені  сау  адамдар  үшін  жүрек  соғу  жиілігі  (ЖСЖ)  минутына  150  рет,  50  жастан 
жоғарылар  үшін  минутына  140  рет,  60  жастан  бастап  минутына  120  рет  ке  дейін  артуы  қарқын-
дылығымен өткізу мақсатқа лайықты болады [5]. Алайда адамдардың барлығы бірдей таңертеңгілік 
сағаттарда орындалатын жаттығуларда артты-рылған жүктемені жеңіл ж`не қиналмай атқара алмауы 
мүмкін.  Бірқатар  адамдар  үшін  таңертеңгілік  сылбырлықты,  босаңдықты,  көңілсіздікті  жоюға 
бағытталған  жеңіл  жаттығулармен  шектелу,  ал  белсенді,  ширақтыққа  бағытталған  жаттығуларды 
жұмыстан кейінгі тамақтан соң 2 сағаттан кейін орындаған мақсатқа лайықты болады. 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
389 
1 nбділлаев n.К., Оңалбек Ж.К. Дене мeдениетінің ілімі жeне eдістемесі. Түркістан. 2004ж. 
2 nбділлаев n.К. Дене мeдениетінің ілімі жeне eдістемесі. Түркістан, 2007ж. 
3 Матвеев А.П. Теория и методика физической культуры и спорта. Москва, ФиС. 1991. 
4 Кузнецов В.С. Теория и методика физической к,ультуры и спорта. Москва, ФиС. 2012. 
5 nбділлаев n.К., Мухамеджанов Б.Қ. Дене мeдениеті. Түркістан. 2008ж. 
 
Резюме 
Средство физической культуры обеспечивающии устойчивости  умственной и физической 
работоспособности личности 
В  этой  статье  рассматривается  значение  средство  физической  культуры  обеспечивающии  устойчивости 
умственной  физической  работоспособности  личности.  В  физической  воспитании  представлены  широкие 
возможности  для  решения  задач  умственного  и  физического  воспитания  личности.  Это  обусловлено  спе-
цификой  физического  воспитания  его  содержательными  и  процессуальными  основами.  Взоимосвязь  умст-
венного  и  физического  и  воспитания  выражается  в  том,  что  физическое  воспитание  оказывает  непосредст-
венное  содействие  умственному  и  трудовому,  повышая  умственную  и  трудовую  работоспосособность  людей, 
придает физическому воспитанию конкретную направленность подготовки их к жизни. 
Ключевые слова: Условия труда, утомление, трудоспособности, функциональная подготовленность, физи-
ческая культура личности, функцианальная состояние 
 
Summary 
Мeans of physical culture the providing stability of intellectual and physical efficiency of the personality 
The  value  of  means  of  physical  culture  providing  stability  of  intellectual  physical  efficiency  of  the  personality  is 
considered in the article.  The wide opportunities for the problem solution of intellectual and physical training of the 
personality  are  presented  in  physical  education.  It  is  caused  by  specifics  of  physical  training  of  its  substantial  and 
procedural  bases.  The  relationships  of    intellectual  and  physical  and  education  are  expressed  that  physical  training 
renders  direct  assistance  intellectual  and  labor,  raising  an  intellectual  and  labor  working  ability  of  people,  gives  a 
concrete orientation to physical training of their preparation for life
Keywords:  Working  conditions,  exhaustion,  working  capacity,  functional  readiness,  physical  culture  of  the 
personality, functional state 
 
УДК 378 (075.8) 677 
 
«БОЛАШАҚ К,СІПТІК ОҚЫТУ ОҚЫТУШЫЛАРЫН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОҚЫТУ 
ТЕХНОЛОГИЯСЫН ЖОБАЛАУҒА ДАЙЫНДАУ» 
 
Р.А.Дарменова – п.ғ.к., Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің профессор м.а 
С.А. Жүнісақын – Қазақ Мемлекеттік Қыздар Педагогикалық университетінің магистрі 
 
Қазақстанның  саяси  `леуметтік-экономикалық  дамуына  өз  үлесін  қоса  алатын,  жан-жақты  дамы-
ған,  б`секеге  қабілетті  тұлғаны  дайындап,  т`рбиелеу  үшін  ізденімпаз,  жаңашыл,  үнемі  өз  білімін 
жетілдіріп,  сапалы  білім  берудің  жолдарын  іздестіріп,  «оқыту  үшін  оқу»,  -  деген  мақсатты  алған 
оқытушылар  қажет.  «Білім  сапасы  бірінші  кезекте  сапалы  даярланған  педагогтармен  айқындалады, 
олар бұл білімдерін `ртүрлі `дістер арқылы білім алушыларға береді» - делінген.(ҚР.Президентінің 
жолдауынан). 
Оқытудың озық технологияларын сабақта пайдалану - өмір талабы. Сондықтан да сабаққа қойы-
латын талаптар оқытушыдан үлкен шеберлікті талап етеді. Соның ішінде жаңа педагогикалық техно-
логияның  студенттердің  білім  сапасын  арттыруға,  өздігінен  ізденуіне,  ой  санасының  дамуына  мүм-
кіндік  беретіні  анық.  Арнайы  п`ндерді  оқытуда  дамыта  оқыту  технологиясы  кеңінен  қолданылуда. 
Жаңа педагогикалық технологиялар оқушының шығармашылық қабілеттерін арттыруға үлесін қоса-
ды.  Қазіргі  білім  беру  саласындағы  оқытудың  озық  технологияларын  меңгермейінше  сауатты  жан-
жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру - оқытушының к`сіптік, адамгершілік, 
азаматтық ж`не басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі `серін тигізеді, өзін-өзі дамы-
тып  оқу-т`рбие  үрдісін  тиімді  ұйымдастыруына  көмектеседі.  Дамыта  оқыту  идеясы  бойынша 
оқушыға  оқу  мақсаттарын  қоюда,  шешуде  дайын  үлгі  берілмейді,  Оқытушы  -  сабақ  үрдісін  ұйым-
дастырушы, бағыттаушы адам рөлінде. dр оқушыға өз ойын білдіріп, пікір айтуға мүмкіндік беріледі, 
жауаптар тыңдалады. dрине жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен `р білім алушы 
жасаған  еңбегінің  н`тижесін  бөлісіп,  д`лелдеуге  талпыныс  жасайды,  жеке  т`жірибесін  қорытын-
дылауға үйренеді. «Технология» латынның - өнер, шеберлік деген сөзі, яғни шеберлік амал-т`сілдер 

Вестник КазНПУ им. Абая, серия«Педагогические науки», №2 (50), 2016 г. 
390 
жиынтығы  деген  мағынаны  береді.  (1960-1970  жылдардан  бастап  «педагогикалық  технология» 
ұғымы пайда болды).[1]  
«Педагогикалық  технологиялар-оқыту  процесін  жобалау,  ұйымдастыру  ж`не  өткізудің  ойласты-
рылған  моделі»,  -  деп  В.М  Монахов  атап  көрсеткен.  Негізгі  мақсат-студенттердің  ойлау  қабілетін 
дамыту,еркін сөйлеп ойын ашық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту. 
Педагогикалық  технологиялар  түрлері  өте  көп:  Ж.Қараевтың  деңгейлеп  оқыту  технологиясы, 
компьютерлік оқыту, модульдік оқыту ж`не т.б. 
Модуль  –  мақсатқа  орайластырылған  оқу  мазмұны  мен  оны  меңгеру  жолдарын  (технологиясын) 
біріктірген түйін, топ (узел). 
Модуль  құрамы:  `рекеттің  мақсаттық  жоспары,  ақпарат  қоры,  дидактикалық  мақсатқа  жетудің 
`дістемелік көрсетпелері. 
Бұл технологияға орай оқу мазмұны өз алдына белгілі жинақы құрамға келтірілген ақпараттық топ 
(блок) күйінде беріледі. Ол ақпарат оқу мазмұнының көлемін ғана емес, `дістері мен олардың игерілу 
деңгейін де көрсететін дидактикалық мақсатқа с`йкес меңгеріледі. 
Модульдік  оқуда  өзіндік  жұмыстарға  аса  көп  уақыт  бөлінеді.  Бұл  оқушыға  оқу  `рекеттеріне 
кірісумен  өз  мүмкіндіктерін  сезінуге,  білім  игеру  деңгейін  өзі  анықтауына,  өз  білімдері  мен 
ептіліктеріндегі кемшіліктерді байқауына ж`рдемдеседі. 
Модульдік оқу д`стүрлі білім игеру жүйесімен байланыста пайдаланылуы мүмкін. Модульдер оқу 
жүйесінің  қалаған  ұйымдастырылу  формасында  орын  тауып,  оның  сапасын  жақсартуға  ж`не 
тиімділігін арттыруға қолданылуы ықтимал. 
Модульдік оқытудың өзіне т`н сипат белгілері: 
- оқу материалының кіші көлемді жеңіл игерілетін бөлшектерге жіктелуі; 
- `р бөлшекті игеруге арналған нақты `рекеттерді орындау нұсқаулары жүйесінің берілуі; 
- `р бөлшек игерілуінің тексерілуі; 
-  қадағалау  тапсырмаларының  дұрыс  орындалуымен  оқушы  материалдың  ендігі  жаңа  бөлшегін 
алып, келесі оқу қадамын іске асыруға өтуі; 
- дұрыс жауап бере алмаған жағдайда оқушының қосымша көмек түсініктемелерін алуы; 
-  қадағалау  тапсырмаларының  н`тижесі  хатталып,  оқушының  өзіне  де  (ішкі  кері  байланыс), 
педагогиқа да (сырттай кері байланыс) белгілі болуы. 
Бұл технология жақтастарының пікірі: оқудың д`стүрлі сынып-сабақтық жүйесінде бағдарламалар 
мен  оқулықтарға  с`йкес  берілетін  оқу  мазмұны  бөлім,  тақырып,  параграфтарға  бөлшектеніп,  өз 
алдына  шартты  дербестенген  ауқымда  ұсынылады.  Осыдан  оқушылардың  жеке  п`ндерден  алатын 
білім, ептілік, дағдылары жай қалыптасады. Оқу проблемасының ұзаққа созылып өтілуінен, оқушы-
лардың  сабаққа  болған  қызығушылығы  кемиді.  Бір  д`рістің  екіншісінен  алшақты  болуынан  бір 
сабақта қабылданған ақпарат келесіге дейін көбіне ұмытылады. 
П`ндердің  тұрақты  ауысып  отыруынан  оқушы  олардың  бірде-біріне  тереңдеп  ене  алмайды.  Бір 
п`ннен  екіншісіне  өтуде  бала  қиыншылық  көреді,  көп  уақыт  сарп  етеді,  ендігі  сабақ  өткендегіні 
көлеңкелейді,  сонымен  `р  өткен  сабақ  өз  құндылықтарын  жойып  барады.  dр  д`ріс  оқушы  үшін  – 
жаңа жүктеме, мұғалімдердің жаңа талаптары, жаңа мазмұнды материал, жаңа көңіл-күй ықпалдары, 
т.с.с. осылардың баршасына с`йкес бала икемделіп, оқу іс-`рекеттерін орындауы шарт. Ал бұл енді 
қалыптасып жатқан жас буынға оңай шаруа емес.[2] 
Оқыту  үрдісіне  жаңа  педагогикалық  технологияларды  қолдану  туралы  Республикамызда  жария-
ланған еңбектер, журнал мақалалары баршылық. Бірақ к`сіптік білім мамандығын оқытуда, `сіресе, 
қазақ  мектептеріндегі  к`сіптік  білім  педагогтарының  жаңа  педагогикалық  технологияларды  пайда-
лану т`жірибелерін баяндайтын еңбектер, журнал мақалалары тапшы. 
Жоғарыда `ңгіме болған педагогикалық технологиялардың б`рі бірдей мүлде жаңа, бұрын қолда-
нылмаған  `діс-т`сілдер  немесе  оқытуды  ұйымдастырудың  формалары  емес.  dңгіме  олардың  мүлде 
жаңа т`сілмен қолданылатындығында, соған лайық жоспарланған н`тижеге, мақсатқа толық жететін-
дігінде. М`селен, модульдік оқыту технологиясының ерекшелігі – оқулықтағы оқу материалдарының 
құрылымы  үнемі  с`тті  бола  бермейді,  соның  салдарынан  тақырыптың  оқу  мақсатын  жобалауда, 
н`тижеге жету де қиындық туғызады. Мұндай тақырыпты (3 - 5, 6 - 7 сағаттық) мұғалім оқушыларды 
қатыстыра  отырып  өздігінше  жоспарлайды:  құрылымын  өзгертеді,  мазмұнының  логикалық  байла-
ныстарын  күшейтеді,  тақырыпты  бірнеше  ірі  бөліктерге  бөліп,  `р  бөлікке  с`йкес  келетін  оқытудың 
ұйымдастыру формалары мен `діс - т`сілдерін белгілейді. Бір модульде д`стүрлі сабақ, лекция, сабақ, 

Абай атындағы ҚазҰПУ-нің Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы, №2 (50), 2016 ж. 
391 
семинар,  қорытып  -  қайталау  сабағы  болуы  мүмкін.  Басты  дидактикалық  мақсат  -  `рбір  оқушының 
жоспарланған н`тижеге жетуін қамтамасыз ету. 
Осы  аталған  оқыту  технологиялары  оқыту  сапасының  м`селелерін  шешуге  ықпалын  тигізеді, 
н`тижесінде жоғары білікті маман дайындалады: 

Түпкілікті, қолданбалы білімі бар; 

Жаңа, к`сіби біліктілікті жақсы меңгерген; 

өзгермелі `леуметтік-экономикалық жағдайларға икемділігі бар; 

Инновациялық білім кеңістігі аясында `депті ж`не азаматтық сипатқа ие маман; 
Бүгінгі  күні  `діснамалық  ж`не  дүниетанымдық  м`дениеті  жоғары,шығармашылық  жағынан 
белсенді,  өзінің  к`сіби  іс-`рекеттеріне  икемділік  пен  қабілеттілік  таныта  алатын  маман  дайындау 
міндеті  тұр.Бұл  міндетті  шешудің  бір  жолы  студенттерге  дайын  ғана  білімді  беріп  қоймай,олардың 
теориялық  көзқарасын  негіздеуге,  п`ндік-практикалық  т`сілдерді  игеруге  шақыру  болып  табылады. 
Студенттердің  өздігінен  орындайтын  жұмыстарының  бірі-тапсырмалар  жүйесі.  Мұндағы  мақсат-`р 
студент  бойына  сенімділік,өзіне  жауап  беру  қабілетіне  сүйену,  ар-намыс  ж`не  өзін-өзі  сыйлау 
қасиеттерін  дамыту  болып  табылады.Студенттер  сабақ  барысында  өткізілген  тақырыптар  бойынша 
қосымша  м`ліметтер  (баспа  материалдары,  интернеттен)  ізденіп  өзіндік  жұмыстар,  рефераттар, 
баяндамалар, презентациялар жасап жинақтайды ж`не экономикалық жаңалықтарға шолулар жасай-
ды. Оқытушының студенттің ой-пікірін тыңдауы көзқарасын д`лелдеуге тырысуына мүмкіндік беруі, 
оқитын п`ндердегі тақырыптарын өмірмен байланыстыру арқылы өз мамандықтарының қажеттілігін 
жете түсінуін, бағалауын ұғындыру аса маңызды іс.[3] 
Педагогикалық  технологиялардың  қай  түрін  алсақ  та,  олардың  тиімділігі  тек  қана  мұғалімнің 
шеберлігімен  ж`не  осы  шеберлікті  шыңдай  түскендігімен  ғана  шын  күшіне  ие  бола  алады.  Кез  -
келген  қоғам  дамуы  мен  жаңа  технологияны  енгізу  сапалылығы  осы  елдегі  білім  беру  ісінің  жолға 
қойылғандығы  мен  осы  саланы  ақпараттандыру  деңгейіне  келіп  тіреледі.  Ендеше  қазіргі  заманның 
технологиясын игеру міндетіміз. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   65




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет