Литература и источники:
1. Государственный список памятников истории культуры Казахской ССР республиканского и местного значения.
Сборник документов. – Алма-Ата, 1983.
2. Маргулан А.Х., БасеновТ.К., Мендикулов М.М. Архитектура Казахстана. – Алма-Ата, 1959.
3. Археологическая карта Казахстана (с приложением). – Алма-Ата, 1959.
4. Толстов С.П. Древний Хорезм. // По следам древних культур. – М., 1951.
5. Бер
г Л.С. Избранные труды (физическая география). Т. ІІ. – М., 1958.
6. Бартольд В.В. О погребении Тимура // Сочинения. – Т. ІІ., ч. 2. – М., 1964.
7. Бекназаров Р. Қазақтың дəстүрлі тас қашау өнері. – Алматы, 2005.
8. Қасиманов С. Қазақ халқының қолөнері. – Алматы, 1969.
9. Булатов М.С. Геометрическая гармонизация в архитектуре Средней Азии IX–XV вв. (историко-теоретические
исследования). – М.: Изд-во «Наука», 1988.
10.
Қазақтың этнографиялық категориялары, ұғымдары мен атауларының дəстүрлі жүйесі. Энциклопедия. 5-том.
–
Алматы: Азия Арна баспасы, 2014.
–
840 б.
11. Мағауин М. Шығармалар жинағы. Он үш томдық. 5-том. – Алматы, 2002.
12. Қазақ совет энциклопедиясы. 8-том. – Алматы, 1976.
13.Оңдасынов Н.Д. Арабша-қазақша түсіндірме сөздік. – Алматы,1969.
14. Қазақ ССР тарихы. І том. – Алматы, 1957.
15. Қазақ совет энциклопедиясы. 10-том. – Алматы, 1977.
16. Шəйкен Ж. Мырзарабат сардобасы // «Қазақстан» ұлттық энциклопедия. 6-том. – Алматы, 2004.
17. Хозяйственно – культурные традиции народов Средней Азии и Казахстана. – М., 1975.
18. Гвердцители Р. Исследование и консервация древних бань в Тбилиси // Теория и практика реставрационных
работ. Сборник № 3. – М., 1972.
19. Полевые материалы автора (ПМА). Иссл
едования, экспедиции 1979,1980, 1982, 2001, 2003, 2005, 2006, 2007,
2010 гг.
20. Полное географическое описание нашего отечества. Под редакцией В.П. Семенова-Тянь-Шанского. Т. 19.
Туркестанский край. – СПб, 1913.
21. Қазақ əдеби тілінің сөздігі. Он бес томдық. 12- том. – Алматы, 2010.
22. Тəтіғұлов Ə.Ш, Ақбердин Т.Ж, Сабалақов М.М., Тəтіғұлов Əб. Ə. жəне Тəтіғұлов А.Ə., Шайқақов Ж.Ш.
Архитектура жəне құрылыс терминдерінің орысша – қазақша сөздігі. – Алматы, 1994.
23. Нұрмұхаммедов Н-Б. Қожа Ахмед Яссауи мавзолейі. – Алматы, 1980.
24. Бəсенов Т. Ахмет Яссауи мавзолей – комплексі. – Алматы, 1982.
25. Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дəстүрлі жүйесі. 4-том. – Алматы: Слон,
2013. – 736 б.
26. Басенов Т.К. Архитектурные памятники в районе Сам.
–
Алма-Ата, 1947.
27.
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дəстүрлі жүйесі. 3-том. Алматы: Слон, 2012.
– 736 б.
Информаторы:
І. Тұңғышбай Байтереков. 1955 г.р. Кызылординская обл., аул Кармакшы (ст. Жусалы).
ІІ. Нуртулла Бакбергенов. 1966 г.р. Южно-Казахстанская обл., г.Туркестан.
ІІІ. Ильхам Абсадыков. 1977 г.р. Южно-Казахстанская обл., г.Туркестан.
263
Б.Ш. Солтиева
əл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың
археология, этнология жəне музеология кафедрасының
аға оқытушысы (Алматы қ.)
ҚАЗАҚ ҚҰСБЕГІЛЕРІНІҢ ТҮЗ ҚЫРАНДАРЫН АУЛАУДАҒЫ КЕЙБІР ТƏСІЛДЕРІ
Қазақ халқының өмірінде ерте заманнан қазіргі күнге дейін аңшылық өнері маңызды орын алады.
Аңшылық ерте заманнан бері ата бабамыздың күн көріс көзі, тіршілік үшін кəсіп еткен болса, қазіргі
күнде көбіне ермек етіп, көңіл көтеру үшін аулайды. Түз қырандарымен аң аулау туралы, жыртқыш
құстарға табынушылық, діни-магиялық түсініктердің шығу мəселелері жөнінде С.М. Мұқанов, Ə.Х.
Марғұлан, Ж.А. Бабалықов жəне А. Тұрдыбаев, Биқұмар Кəмəлашұлы, Г.Н. Симаков, Б.
Мүпетекқызы, Б. Хинаят, К.М. Исабеков жəне т.б. зерттеген [1; 2; 5].
Құсбегі – бүркіт, ителгі, қаршыға, қырғи сияқты жыртқаш құстарды аңға, құсқа салу мақсатында
қолға үйрететін, баптайтын адам. Ертеден аты аңызға айналған құсбегілер болған. Олар бүркіт,
сұңқар, қаршыға құстардың жəрдемімен етін пайдалану үшін қырғауыл, қаз т.б. адал құстарды
ұстаған. Қазақ аңшылығында бүркітпен аң аулау əдісі кең тарады. Соның ішінде қыран бүркітті
қатты бағалаған. Бүркіттің басқа құстардан оның ақылдылығы, батылдылығы, күштілігі
ерекшелендіріп тұрады. Қазақ əрқашанда бүркіт ердің серігі деп санаған. Бүркіт – киелі, қастерлі құс.
Бүркітті ежелден «қасиетті құс» деп қастерлеп, «дала сермеңдесі», «көк тəңірісі», «аспан перісі» деп
құрмет тұтқан. Бүркіт – жыртқыш құс. Бүркітті ақиық, мұзбалақ, қараша, көктабан, шөгел, көк бүркіт,
су бүркіт, тау бүркіті деп ұстайды
.
Бүркітті ұядан алу үшін аңшының көп еңбегі, əдіс қойлығы,
ептілігі қажет.
Құсбегілер түз бүркітінің мекен жайын, қонатын мезгілін əбден бақылап алып, тор, қақпан, шаппа
тұзақ, жай тұзақ, тояттатып ұстау, қонақтатып ұстау, бүркітті атып ұстау, ұяға кісі түсіру арқылы
ұстау, бүркітті шырақ жағып ұстау, бүркіт балапанын ұядан алу жəне тағы да басқа əдістер арқылы
қолға түсірген. Қазақ құсбегілері құстарды көбінесе тұзақпен, тормен, қапқандармен ұстады. Тордың
керме жəне дөңгелек тор деген түрлері болған. Керме тор төртбұрыш сияқты керіледі де, оны тіреп
қойып жанына жем тастайды. Жемнің үстіне құс қонғанда торға байланған жіпті тартып қалып,
торды құстың үстіне құлатады. Екінші дөңгелек тормен ұстағанда оның ішіне тірі қоян мен малдың
етін тастайды. Қызылды көрген бүркіт не ителгі тордың ішіне қонғанмен тік ұша алмай шырмалады.
Осы кезеңде кекіліктерді сайратса, кекіліктер келіп, өздері тұзаққа түседі [2, 35-б.].
Тор – түз қырындырын ұстауға арналған құрал-жабдық. Бүркітті тормен ұстау – ежелгі
тəсілдердің бірі. Тормен ұсталған бүркіт қыран, өжет, алғыр болады. Құсбегілер алдымен сол өңірде
тіршілік ететін құстардың бар-жоғын, қай жерге қонақтайтынын біліп алғаннан кейін ғана құрған
болатын. Тор жаю əдісі көбіне қыс айларында қар түскен соң қолданылады. Ол үшін: қар түстес ақ
шаңқан торды қар үстіне бір метрге жуық биіктікте кере құрады да, астына тірі түлкі немесе қоян
байлайды. Торды бүркіт үзе алмастай кендір не сол секілді жібек жіптерден иіріп алып үйренген
шеберлер, балықтың ауы тəріздендіріп, бірақ көзін кең қылып, мөлшерін дəптер бетіндей шаршы
қылып түйеді. Оны шыбыққа шаншып киіз үйдің керегесін жайғандай дөңгелете айландырып
шымылдық тəріздес етіп құрады. Сонда бүркіт аспаннан тік келіп торды жықпай төбесінен түсіп,
қайта ұшып кете алмай торға соғылып оралады. Тордың ор басына шымылдық бауы секілді жіңішке
шыжым өткізеді. Бұл тордан сəл ғана ұзын болады. Торды көргенде қайта жиып алғанда басындағы
осы шыжым шатастырмайды. Жəне тор шыбыққа сол шыжымнан ілінеді. Айналдырып келгенде екі
ұшы да сол шыжыммен байланады.
Екі айыр бұтағы бар түзу талдан жасалынған тор шыбықты жерге шаншып түбіне топырақ үйіп
бекітеді. Бірақ бүркіт соққанда құлап кететіндей етіп, мықты бекітілмейді. Тор үлкен болса 7-8
шыбық, кіші болса 5-6 шыбық жаншылады. Тор құрылып болған соң шыбықтары желге шайқалып
жығылып, тор ашылып, түріліп қалмауы үшін айналдырып тордың екі ұшын біріктіріп қаусындыра
байлап, іргесін ұсақ- ұсақ тастармен бастырады да ішіне «кіп» байлайды. «Кіп» дегеніміз бітеу
сойылған түлкі терісі немесе қоян терісі. Оның ішін шар секілді үрленген ірі қарынның қуығы немесе
үрленген бүйендермен толтырып аузын мықтап жіпппен тігеді. Кіптің бауырына ортасы тесілген
жұқа пəнер тақтай бекітіліп, жерге жіңішке ырғай қазық қағып, ұшын кертіп əлгі тесікке кіргізіп шыр
айнала беретін айланба етіп қояды. Əлгі кіп қараған адамға құды тірі түрегеп жүріп тұрған түлкі
немесе қоян құсап көрінеді. Кішкентай жел соқса арлы-берлі қозғалып тұрады. Желсіз күні қозғап
тұру үшін бір сауысқанды ұстап алып, түлкінің тұмсығынан жіңішке сымтемірмен арқандап қояды.
Сауысқан қозғалып айланған сайын түлкіде тынышсыз айнала береді. Мұны көрген қыран тор-
пордан қауіп-қатер ойламастан аспаннан ағып бірақ ұрады. Сөйтіп торға шырмалып қолға түседі.
Торды əдетте бүркіт көп жүрмейтін биік таулардың тегістеу жерлеріне құрады [3, 59-61-бб.].
264
Тордан кейінгі бүркіт ұстаудың үлкен бір құралы шаппа тұзақ боп есептеледі. Бұл үшін бүркіт
көбірек ұшып өтетін жерлерді құс ұстаушылар күні бұрын бақылап сол жерлердің ең биік жан-жағы
көрінеді – ау деген жерлеріне жуан ағашқа көлденең бұтақ орнатады. Соған жаз уақытында бүркіттер
көбірек қонып үйренеді.
Шаппа тұзақты бүркіт үзе алмастай кендірден иіріп жасайды да, көлденең бекітілген бұтақтың
үстіне жаяды. Екі жағы төмен салбырап тұра береді. Сол тұзақтың екінші ұшына бүркіттің салмағы
мөлшерлес тоқпақ байланып ағаштың айырынан асырып төмен қарай салбыратып қояды. Бұтақтың
түп жағынан ала доға секілді иілген қарғаша темірдің екі ұшын бұтаққа шегелесе, оған кертіп
кішкене ағаш орнатады. Жайылған тұзақтың астына бұтақтан бір елі шамалы жоғары етіп бір елеусіз
жұқа ағаш жəне бекітіледі. Мұның бір ұшы доғадағы кертік ағаштың қуысына кіріп, əлгі байланған
тоқпақты жібермей ұстап тұрады. Құс ұшып келіп қонғанда тиек кертіктен шығып кетеді де, тоқпақ
босанып төмен қарай ағады, өрлеген құстың аяғы тұзаққа ілінеді.
Жай тұзақпен ұстау. Бір қоянды тұзақпен немесе қақпанмен ұстағанда оны өңгеріп алып бүркіт
ұшатын тауға қарай жүріп, қанжығаға шыжымға байланған бірнеше бүркіт тұзағын алу керек. Бірақ
бүркіттің шабытты уақыты таңсəрі ерте мезгілде жəне кешке қарай болады. Егер қыран көрінсе
қоянның əр жерін қызыл бояумен бояп қанға ұқсатып, екі аяғын бүгіп байлап қиралаңдатып алыстау
тұру керек. Қылт еткенді көретін қыран көзі шалысымен садақтың оғындай зырқырап түйіліп,
жіберген затты іліп түсіп отыра қалады. Алыстап барып бір тасадан бақылап, қыран əлгі алған жемін
қайта шолып, орнында екенін көрген соң жай оғындай атылып қақпанға түседі [4, 27-28-бб.].
Қақпанмен бүркіт ұстау – кең тараған тəсіл. Құстардың түр-түріне лайық қақпанның түрлері
кездеседі. Құсбегілер «жемтік айыру», «жемтік тастау», «оба жинау» сияқты əртүрлі тəсілдерді
пайдалана отырып, бүркітті қақпанмен де ұстайтын болған. Түзде бүркіттің өзі ұстап, олжасын басып
жеп отырғанын көрген құсбегі бүркітті үркітіп жіберіп, дереу жемтік айналасына қақпан құрып кетіп
қалады. Ал бүркіт болса өзі тастай қашқан олдасына қайтып оралып, жемтікті əрі-бері жұлқып жүріп
қақпанда басады. Кей кезде құс Қыран таңдайтын жерлерді біліп таңдап, маңайындағы тасты
жинастырып «оба» (тас діңгек) соғады. Оның түбі жуандау болып, басы сүйірленіп, ұшы қақпан
сиярлықтай болу керек. Тоқтаған ұшына жерді қазып майда топырақ төсейді. Мұнан құстың қонатын,
қонбайтындығын біледі. Мұны аңшылар бүркіт сонары деп атайды. Осы секілді бір неше жерден оба
тұрғызылып қайтып кетеді. Екі-үш күн өткен соң келіп белгіні көреді. Қай обаға құс қонған болса сол
обаға қақпанды жайып, кешіктірмей күніне не екі күнде бір көріп тұрады. Бір қонған обасы
қыранның мекені тəріздес болады да маңайлап сол обаға қонады. Күндер, айлар өткен бір кезде əлгі
оба да құс қонатын мекенге айналады [3, 62-63-бб.].
Бүркітті тояттатып ұстау түзде алған аңын немесе кездескен жемтікті тойғанынша жеп, жемсауы
ауырлап, ұша алмай қалған құсты қолға түсіру тəсілі. Бүркіт түзде аң ұстап дегенде оған өле тойып,
жемін жақындау шоқы тастарға, дөңдерге, биік жерлерге қонып отырып сіңіріп, саңғырып денесін
жеңілдеткеннен кейін ұшады. Бүркіттер жазық жерде жүретін елік, қарақұйрық, бөкен, қоян секілді
аңдарды алыс таулардан көріп ұшып кеп ала береді. Мұны аңшылар: «Қыранның қарымды шалуы» -
дейді. Еш нəрседен қауіптенбеген қыран адам кезікпесе, жаяулап дөңге таман барып аспай-саспай бір
нəрсені тауып алып жеп, ертеңіне əлгі жемнің қалдығы күн ыстық болып бұзылмаса тағы жейді.
Жемді көп жеген құстың жемсауы шығып, жемге қарай алмай шалқақтай береді. Кездейсоқ бүркіттің
аң ұстағанына кезіккен кезде құстың жемін оны үркітпей, əбден жегізіп тойдырады. Лықия тойған
кезде қыранның денсі ауырлап, өзін-өзі көтеріп ұшуға да шамасы келмейтін жағдайға жетеді. Ұшқан
күнде де ентігіп, бойы ауырлай береді, яғни жер бауырлай ұшып, жерге қайта-қайта қонады. Осы
кезде құсбегі өз айлалығын асырып, аса ептілікпен ұстап алады. Кей жағдайда құсып үлгеріп ұшып
кетуі де мүмкін. Сондықтан да құсты қуған кезде құстырмай, желдірмелете қуып, сасқалақтатып,
ұшып кетуге кедергі келтіру қажет. Тояттап ұсталған бүркітті құсбегілер «қыран» болды деп
есептеген, өйткені бүркіт өз бетімен аң ұстап, жегендігін ескерген. Қыс күндері аштыққа шыдамаған
кезде өлексеге қонып тояттаған бүркітті mac жемтік тəсілімен қолға түсіреді. Өлексеге жаңа қонған
бүркітті үркітіп жіберіп, етті кесектеп турап, ішіне асықтай малта тастарды тығып тасталады. Қайта
оралған аш бүркіт тас аралас етті обырлана қарбытқанда жемсауы ауырлап, ұша алмай қалады. Құсты
қолға түсірген əккі құсбегі оның басын төмен салбыратып, жемсауындағы тастарды сығып, алып
тастайды. Бұл əдісті қазақ құсбегілері тас жемтікпен ұстау деп атаған [4, 27-28-бб.].
Қонақтатып ұстау.
Əдетте бүркіттер қонақтайтын жеріне күн батқан соң қас қараймай тұрып
келеді. Күн суықтарда, яғни тоят алғанда ертеректе келе береді. Құс суық күндерде қалың ағаштың
ортасында бір көлденең тұрған қу бұтақты тауып қонақтайды. Өзіне жəйлі орынға күнде кеп
қонақтап жүреді. Егер ағашта ыңғайлы жер болмаса, үлкен бұтаны паналай келіп, қу аршаның
дөңбегін тауып қонақтайтын болған. Олар өте суық кездерде тысқа отырмайды.
Қазақ құсбегілері бүркітті ұстаудың алуан түрлі амалын білген. Соның бірі мылтықпен атып
ұстау амалы. Ол үшін аса мергендік, ептілік пен шеберлікті қажет етеді. Құстың бейғам отырғанын
көрген мерген оның қарсы алдынан ұрымтал жер тауып жақындайды да, құстың қап-талын жалата
265
атып, бір жақ шалғысын оқпен қиып түсіреді. Егер атқан оқ сəтті тиіп, бір жақ шалғысын түгелімен
немесе бірнеше талын қиып кеткен болса, құс өз денесін теңеп ұша алмай қалады. Ұшқан күнде де
ұзап, шарықтап кете алмайды, сондықтанда ол құсты ұстау оңайға түседі [5, 39-б.].
Түз бүркіттерін шырақтың көмегімен ұстаған. Ол үшін айсыз, түн болған кезде құстың
қонақтайтын орнына дыбыс шығармай барып, сырықтың басына шырақты жағып ұйықтап жатқан
бүркіттің көзіне отты апарады, яғни бүркіт көзін ашқанда көру қабілетін жоғалтады, сол кезде оған
еш қиындықсыз тұзақ тастап, ұстап алады. Бұл əдіспен ерте кездің əккі бүркітшілері бүркітті ұстап
алатын болған [2, 38-б.].
Ұядан балапан алу – ең көп тараған əдіс. Оның бір түрі керегеге адам таңып, ұяға түсіру арқылы
іске асады. Екіншісі, құс ұя салған аумақтың ыңғайына қарай беліне арқан байлап, ұяға адам түсіріп
балапан алуға да болады. Ол үшін желсіз тымық күн таңдалады əрі өте епті адам ұяға түседі. Арқан
байлап түскенде оның төменгі ұшындағы адам айналып кетпес үшін қолына қысқа бақан ұстатып
қояды. Ұяға түсуші адам балапанды орап құндақтап алып шығады. Қазақ ұядан алынған құсты
«Қолбала» деп атайды.Бүркіт ұясын көбінесе құзар шыңдардың ұшар басындағы жартастың
қатпарына салады. Сондықтан да ұядан балапан алу оңайға түспейді. Бүркіт тұяғы өткір, ашушаң
жыртқыш құстардың қатарына жататындықтан адамды зақымдап қоятындары да болады. Сондықтан
да қыран тамағын іздеуге кеткен сəтті бақылап отырып икемді, батыр азаматтар тепе-теңдігін сақтап,
тасқа соғылмауы үшін қайыс арқанмен арқасына керегенің бір бөлігін, ал кеуде жағына сырық
байлап ұяға түседі. Кейде ұшуды үйреніп, қанаты қатайып қалған балапандар болса арқанға
жалбырлайтын заттар байлап ұядағы балапанды үркітіп ұшырып жібереді. Алысқа ұзап ұша
алмайтын жас балапан шаршап қалады да тау етегіне түсіп, қайта көтерілуге шамасы жетпей
адамдарға қолды болады.
Бүркітті қарға оранып та ұстайтын əдіс бар. Бірақ қазақтар бұл əдіспен құсты сирек ұстайды. Ол
үшін екі адам бүркіттің аңға түскен сəтін аңдып жүріп, ұшырып жібереді де, біреуі қарға көміліп
жемді төбесіне қойып жатады. Суық сорып, ашөзек болып жүрген бүркіт кешікпей жемге оралғанда,
қар астындағы жасырынған адам оны ұстап алады. Кейбір бүркітшілердің айтуынша қыста тез
ашығады, жем жеу үшін неге болса да барады. Осындай кезде «мекенді бүркіттерді» аңдып жүріп,
қарға оранып, үстіне «жаңа сойған қоянды» қойып қоятын болған, оны көрген бүркіттер келіп
қонғанда ұстап алатын болған [4, 21-25-бб.].
Қазақ халқының өмірінде аңшылық өте маңызды орын алады. Қазақ бүркітті құстың төресі деп
есептеген. Оны қолға түсірудің сан қилы айла-тəсілдерін білген.
Əдебиеттер:
1. Муканов М.С. Охота с ловчими птицами //ИзвестияАН КазССР. – 1983, №3; Марғұлан Ə. Саят құстары //Егемен
Қазақстан. – 2006. – 22 наурыз; Симаков Г.Н. Соколиная охота и культ хищных птиц в Средней Азии (ритуальный и
практические аспекты). – СПб.: Петербургское Востоковедение, 1998.
2. Хинаят Б., Исабеков К.М. Саят – Казахская традиционная охота. – Алматы, 2007.
3. Бабалықұлы Ж., Тұрдыбаев А. Қырандар. – Алматы, 2009.
4. Кəмəлашұлы Б. Қазақтың дəстүрлі құсбегілігі жəне атбегілігі. – Алматы, 2006.
5. Бабалықов Ж.А., Тұрдыбаев А. Саят. – Алматы, 1989.
О. Əлім
ҚР МОМ Қазақстан тарихын зерттеу орталығының ғ.қ. (Алматы қ.)
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ КІЛЕМ ТОҚУ ДƏСТҮРІНДЕГІ КЕЙБІР БЕЙМƏЛІМ
АСПЕКТІЛЕРІ ЖӨНІНДЕ
Қазақ халқының ертеден келе жатқан қолөнер кəсіпшілігінің бір түрі – кілем тоқу. Қазақтардың
кілем жəне тұрмысық-шаруашылық тоқыма бұйымдарын тоқу дəстүрі жайында бірнеше ғылыми
зерттеу еңбектері мен мақалалар жарық көрген.
ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың басында Орта Азия мен Қазақстан халықтарының тұрмыс
тіршілігін зерттеген Р.Карутцтың [1], А.Фелькерзамның [2], С.М.Дудиннің [3], Е.Р.Шнейдердің [4]
еңбектерінде қазақтардың əр үйінде кілем жəне сол сияқты тұрмыстық-шаруашылық тоқыма
бұйымдарын тоқитындығы жайында айтылады. Сонымен қатар, ХХ ғасырдың 50-90 жж. Отандық
этнограф ғалымдар Х. Арғынбаев пен И.В. Захарованың [5], М.Мұқановтың [6], С.Қасимановтың [7],
Ə.Тəжімұратовтың [8], Ə.Марғұланның [9], жəне Қ.Кенжеғалиеваның [10] зерттеу еңбектерінде кілем
тоқудың таралу аймағы, тоқу технологиясы жəне оның бетіне салынатын ою-өрнек түрлері арнайы
зерттеу нысаны болған.
Еліміз Тəуелсіздігін алған жылдары ұлттық мəдени құндылықтарымызды зерттеуге деген
қызығушылық арта түсіп, бірнеше ғылыми еңбектер жарияланды. Мəселен, қазақ мəдениетінің
жанашыры Ө.Жəнібековтің [11], түрік зерттеушісі П.Тахсиннің [12] жəне өнертанушы
266
Ш.Тоқтабаеваның [13] зерттеу еңбектері жарық көрді. Сонымен қатар, 2012 жылы ҚР Мемлекеттік
Орталық музейінің директоры Нұрсан Əлімбайдың жетекшілігімен жəне ғылыми редакторлығымен
шыққан «Қазақ кілемдері мен тоқыма бұйымдары. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Орталық
музейі коллекциясынан» атты ғылыми каталогы [14] мен «Қазақтың этнографиялық категориялар,
ұғымдар мен атауларының дəстүрлі жүйесі» атты энциклопедияның 3-томындағы «Кілем» жəне
«Кілем тоқу» мақаласында [15] сондай-ақ, аталмыш энциклопедияның 5-томындағы «Өрмек»,
«Өрмек тоқу» мақалаларында [16] қазақ кілемдері мен тоқыма бұйымдарының тоқылу тəсілдері, ою-
өрнектерінің түрлері, композициясы, олардың аймақтық ерекшеліктері нақты, əрі жан-жақты
сипатталған.
Қазақстан мен Орта Азия территориясында дəстүрлі кілем тоқу өнері өте ерте замандардан бастау
алады. Оған дəлел ретінде 1949 ж. Таулы Алтайдың V Пазырық қорғанынан (б.з.д. V ғ.) табылған
түкті кілемнің тоқылу үлгісі қазақ жəне Орта Азия халықтарының кілемдерінің тоқылу үлгісімен сай
келеді. Ол кілемнің де құрылымы қазақ жəне түркі халықтарының кілемдері сияқты көлден (орта
тұсынан) жəне бірнеше қатар етіп айналдыра жүргізілген қорғандар мен судан тұратындығын көруге
болады.
Кілемді бөлме жылулығын сақтау жəне үйдің сəнін келтіру үшін қабырғаға ілген. Сонымен қатар,
еденге төсеніш ретінде төсеген. Кілем бағзыдан бері баспананың интерьері ғана емес, сонымен бірге,
сəн-салтанаттың тіптен байлық пен молшылықтың «өлшемі» ретінде қарастырылған. Кілемді алтын,
күміс бұйымдармен бірге байлықтың, баршылықтың белгісі деп санаған. Белгілі этнограф, ғалым
Ө.Жəнібеков: «Сый ретінде мықтыларға тартылған, айыпты болғандар қалы кілем ұсынып,
кешірім сұрайтын болған. Кілемнің бұл нұсқасы той-томағада бас жүлде ретінде де белгілі» – деп,
кілемнің халық арасында өте жоғары бағаланғандығын атап көрсетеді [11, 51-б]. Əдетте, қазақ
əйелдері кілемді нарыққа тауар ретінде емес, жеке мүлік ретінде пайдалану үшін жəне қыз жасауына
арнап тоқыған. Қазақ кілемдері тоқылу техникасына қарай түкті жəне түксіз кілем деп аталады.
Түкті кілем тоқу өнері Қазақстанның оңтүстігі мен Сыр, Маңғыстау өңірлерінде тоқылса, түксіз
кілем тоқу Қазақстанның барлық аймағында кең таралған. Кілемді тік құрылған аспалы өрмектің
немесе жерге көлбеу құрылған терме өрмекпен тоқыған. Тоқыма өрмегін халық арасында «қалып»
немесе «өрмекті қалып» деп те атайды. Кілем тоқу өнері көптеген еңбек күші мен ұзақ уақытты
талап етеді. Мəселен, ұзындығы 3,5-4 м., ені 2 м. көлемінде болатын түкті кілемді 2-3 əйел бір айға
жуық уақытта тоқып бітіреді. Кілем тоқуға қойдың, түйенің көктемде қырқылған жабағы жүні (өлі
жүн) немесе мақта (оңтүстік өңірлерде) таңдалады.
Кілем тоқу ісі басталмас бұрын көп сатылардан тұратын дайындық жұмыстарынан басталады. Ол
қой қырқу, жүн түту, жіп иіру, жіп шыңдау, жіп бояу, өрмек құралдарын дайындау, өрмек құру
сияқты машақаты көп іс-əрекеттердн тұрады. Ең əуелгі дайындық – қойдың көктемгі жабағы жүнін
қырқу. Ол үшін қырқым басталардан бір-екі күн бұрын қой отарын өзен суына екі-үш рет түсіріп
тоғыту жұмыстары жасалады. Осылайша, қой жүніне жабысқан шөп-шалаңнан, шаң-тозаңнан,
арылтылады. Қой жүні кепкен соң қырқу жұмыстары басталады. Қырқылған жүнді бөліп жармай түр-
түсіне қарай, қат-қатымен орап су тимейтіндей етіп, бастырма астына жинастырылады. Тоғытылған
қой жүнін жумай-ақ та, жүн тарақтың көмегімен бірден түте беруге болады. Ал, керісінше, қой жүнін
жуып алып түтетін болса, онда ол ұйысып, түтуі қиынға соғады. Түтілген жүн əр түрлі көлемде
шүйкеленіп қойылады. Келесі сатылардың бірі кілем жіптерін иіру.
Түтіліп, шүйкеленген жүнді немесе мақтаны жуандығы əр түрлі көлемде иіріп дайындайды.
Мəселен, кілемнің желісі мен арқауына жуан етіп иірілсе, түгіне арналған жібі жіңішке, əрі бос
иіріліп домалақталады. Осы домалақ жіптерді, жерге арасы бір қадам қашықтықта екі қазық қағып,
соған орап келептейді. Содан соң, кілемнің желісі мен арқауына арналған келеп жіптерді шыңдайды.
Ол үшін келептелген жіпті қайнаған суға салып біраз уақыт ұстап, арасы бір қадам шамасында жерге
қағылған екі қазыққа жіпті керіп, ортасынан бұрау ағаш салып тартып қояды. Осылайша, бір апта
шамасында керіліп тұрады. Мұның себебі, желі жіп өрмекке керілгенде созылмай қалпын сақтайды.
Сонымен қатар, кілемнің бетіне терілген ою-өрнегі қисаймай жақсы шығады. Келесі сатыларының
бірі – жүн бояу немесе кілем жіптерін бояу.
Ертеде, ісмерлер кілем жіптеріне арналған бояуды өсімдік тамырларынан, жапырағынан жəне
табиғи минералдық заттардан алған. ХХ ғ.-дың басынан бастап сауда керуендері арқылы
шетелдерден келген химиялық бояулардың арзан, əрі қол жетімділігіне байланысты анилин сияқты
химиялық бояуларды да қолданыла бастады.
Кілем жіптерін бояу əдісі екі түрлі жағдайда өтеді. Ол – жүнді иірмей жəне иіріп алған соң да
атқарыла береді. Мысалы, жүнді жаздың ыстық күндерінде иірмей-ақ бояса, қыста кептіруі қиынға
соққандықтан, иіріп алып бояуға тура келеді. Жүнді иірмей бояған жағдайда су құйылған қазанға
бояу жəне тұз салып бояу толық еріп болған соң, үстіне жүнді салып, бəсеңдете от жағып, бояу қанық
болып сіңгенше ағаш қалақпен үзіліссіз аударыстырып қайнатады. Қазандағы су қайнаған соң,
астындағы от бəсеңдетіліп, жүннің əр жерін екі ағаш қалақпен қыса шымшып көтеріп көреді. Бояуы
267
қанық сіңген жағдайда, жүн бозғылт болмай, қанық сіңгендігі байқалады. Су салқындаған соң
қазандағы жүнді шығарып, сорғытып, көлеңкеге керілген жіпке іліп, кептіреді. Жүнді иіріп алып
бояйтын болса, келептелген жіпті қазанға салып жоғарыда айтылғандай қайнатып бояп, кептіреді.
Əбден кептірілген жіп, домалақталып оралады. Келесі сатылардың бірі – өрмек құру.
Өрмек құру – көп жағдайда өрмек көлбеу етіп, қарапайым тəсілмен құрылған. Өрмек үй
алдындағы жан-жағы қоршалған бастырманың астына немесе үйдің үлкендеу бөлмесінің біріне
құрылады. Əркім жоспарлаған кілемнің көлеміне қарай, енінің екі арасының алшақтығы 4-5 қадам (2,
2,5 м), ұзындығы 8-10 қадам (4-5 м) етіп, екі-екіден төрт қазық қағып, оған көлденеңнен жұмыр ағаш
байлайды. Осы жұмыр ағашқа арасы бидай өтетіндей көлемде желі жібі жүгіртіледі. Желісі
жүгіртілген соң, өрмектің екі басы қатайтылып тартылып, ортасынан күзуағаш немесе белағаш
қойылып, оған өрмектің астыңғы яғни, ұрғашы жіптері көтеріліп ілінеді. Оның ұзындығы тоқылатын
кілемнің енінен 20-30 см. көлемінде ұзындау болып, өрмектің екі жағынан асып тұратындай болады.
Астынан тіреу қойып, сəл көтеріліп қойылады. Күзуағаштың немесе белағаштың алдыңғы жағынан
30-40 см. қашықтықыта адарғы деп аталатын ағаш сұғылып қойылады. Ол, өрмек жіптерін жоғары
немесе төмен алмастырып, желі жіптерінің шатыс түсу қызметін атқарады. Осылайшы өрмек
жүгіртіліп болған соң, кілем немесе басқа да тұрмыстық-шаруашылық бұйымын тоқу ісі басталады.
Кілем тоқу ісі басталғанда өрмекке тартылған желі жібінің еркегі мен ұрғашысын шатыс алып,
арасына арқау өткізіп, екі-үш елі көлемінде түк салмай, тоқпақпен ұрғыланып тығыз тоқылады.
Кейде, осылай түк салмай тегіс тоқылыс кілемнің ұзына бойы екі жанынан да қайталанады. Бұл,
кілем кенересінің астына қарай қайтарылып, түгінің үйкеліп, тозуынан сақтайды. Осы қатарлардан
соң ғана түк салу жалғасады. Түк салуға арналған көп түсті домалақ жіптер арнайы керілген жіпке
тоқымашының алдына тарқатуға ыңғайлы етіп, аспақтата ілініп, бір ұшы тоқымашының қолында
болады. Түк салынатын жіп желінің ерсісімен қарсысына (еркек жіп пен ұрғашы жіпке) шалыс
оралып, қайшымен кесіліп отырады. Бір қатары болған соң, арқау өткізіліп, тоқпақпен ұрғылап,
келесі қатарға түк салу жалғаса береді. Екінші қатардан бастап, оң қолға пышақ алып, осы пышақтың
көмегімен түк салынған жіпті, алдыңғы қатарға қарай шымши тартып, аяғына дейін жалғаса береді.
Кілемнің алғашқы қатарлары басталғанда шетіне негізгі төсегінің түстерінен басқа түсті жіптерден
(ақ, көк, қоңыр)
су деп аталатын бір қатар жолақ тоқылады. Кілемші басқа кілемге немесе суреті
сызылған кілемнің кескініне қарап отырып, жіптерін санап түрлі өрнек салады. Салынатын
өрнектердің де жиегіне су жүргізіледі. Оны отау өрнек деп атайды. Ол кілем бетіндегі негізгі түспен
өрнектің түсін ажыратып тұру үшін қолданылады. Кілем тоқу жұмысы аяқталғанда оның екінші
шетіне де түк салмай тегіс тоқылыс жасап, бетіне əсемдік үшін қызыл, көк немесе басқа түсті
жіптерден алақұрт жиек бастырылады.
Түкті кілемдерді халық арасында «қалы кілем» деп те атайды. Түкті кілемдердің ою-өрнегінің
түрлеріне қарай – шатыргүл кілем, самауыргүл кілем, гүлкүмбезді кілем, шаршы кілем деп аталады.
Кілем тоқудың келесі бір түрі тақыр (түксіз) кілем тоқу. Тақыр кілемде түкті кілем сияқты тік
немесе көлбеу өрмектің көмегімен тоқылады. Мұндай кілемді тоқу түкті кілемге қарағанда тез
тоқылады. Ұзындығы 3-3,5 м, ені 2 м. болатын тақыр кілемді екі-үш əйел орта есеппен 10-15 күнде
тоқып бітіреді. Тақыр кілемге арналып құрылған өрмекте түкті кілемге қарағанда, айтарлықтай
өзгешеліктер болмайды.
Тақыр кілемдер тоқу техникасына қарай – орама кілем, терме кілем, бескесте кілем деп бөлінеді.
Ал, бетіне салынған ою-өрнегінің түрлеріне қарай – арабы кілем, тақта кілем, боднос кілем, шаршы
кілем, шатыргүл кілем деген атаулары да бар.
Əдетте, кілем жəне тоқыма бұйымдарын тоқудың алты түрлі тəсілі бар. Ол жайында этнограф
ғалымдар Х. Арғынбаев пен И.В. Захарова өздерінің Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған
этнографиялық экспедиция материалдары бойынша былайша баяндайды:
1. «Қара теру» тəсілімен киіз үйдің баулары, басқұры жəне түсті алашалар тоқылады. Бұл
тəсілмен құрылған өрмектің ерсісі мен қарсысы 2-3 түсті жіптен құрылады да арқауы боялмайды.
Ерсінің барлық жіптері түгелдей өрмектің екі жағынан да тоқылып отырады.
2. «Кежім теру немесе бұқар теру» көп түсті жəне əртүрлі өрнектер теріліп жасалатын басқұрлар
мен алашалар тоқу үшін қолданылады. Мұндағы өрнектер өрмек ерсісі мен қарсысындағы əртүсті
жіптерден теріледі, бірақта бір өрнекті теру барысында қатысы жоқ бірнеше түсті жіптер терілген
өрнектің астында бос қалып отырады.
3. «Орама теру» тəсілімен басқұрлар, алашалар да тоқылады. Мұндай жағдайда өрмектің ерсісі,
қарсысы жəне арқауы да бір түсті жіптен құрылып тоқылады, көбінесе, ақ не қызыл түсті жіптер
қолданылады. Терілетін өрнектер тоқу барысында əр түсті жіптерден өрмектің ерсісіне қолмен
оралып жасалады да арқауымен бекітіліп отырады.
4. Бір түсті өрмекке өрнек теру тəсілі тек қана басқұр тоқуға қолданылады. Мұндай басқұрлардың
268
ерсісі мен қарсысы көбінесе бірыңғай ақ жіптен, кейде қызыл жіптен құрылады да, өрнекті түктері
қызыл, қара, кқк, жəне басқа түсті жіптерден де теріледі. Мұның бəрін қазақтың қарапайым
өрмегімен жіңішке лента тəріздендіріп тоқиды.
5. «Тақыр кілем» тоқу көршілес Қызылорда облысында əлдеқайда көбірек дамыған. Тақыр
кілемнің боялмаған негізін (ерсісі мен қарсысын) əрқайсысы екі қазықпен бекітіліп бір-біріне қарама-
қарсы орнатылған екі сырғауыл кесіндісіне көлденең құрып алған соң үстіне отырып тоқи береді.
Түрлі жіптерді кілемнің ерсісіне қолмен орап, əртүрлі өрнектер теріледі. Домалақтарға оралған
арқауды шөлмекке сол күйінде қолмен өткізеді.
6. Түкті кілем теру əдісі өз алдына – енсіз кілем немесе кілем-қоржын жəне түкті кілем тоқу
болып екіге бөлінеді. Мұндағы негізгі айырмашылық тоқу станогында. Қоржын мен қаршын сияқты
бұйымдарды қазақтың кəдімгі енсіз қарапайым өрмегі тəріздендіріп құрады, ал енді кілемдерді тақыр
кілем тоқылатын жазықтық бетіне төсей құрылған станокта тоқиды. Тоқу жəне өрнектеу тəсілдерінде
еш өзгешеліктер жоқ, тек енді кілемнің арқауы шөлмексіз өткізіледі. Түкті кілемнің негізі мен
арқауына жұмсалатын жіптерді боялмаған қой жүнінен иіреді. Кейде мықты болуы үшін түйе
шудасын араластырады. Түгіне жұмсалатын жіптерді мүмкіндігінше түйе жүнінен босаңдау иіріп, əр
түсті бояулармен бояйды да, кішірек домалақтарға жеке-жеке орайды» [5, 109-111-бб].
ХХ ғ. 90 жылдарынан кейін шетелдік өндірістік (фабрикалық) кілемдердің көбейіп арзан, əрі
қолжетімді болуына байланысты дəстүрлі кілем тоқымашылық өнері кенжелеп, тұралап қалуына əкеп
соқты.
Достарыңызбен бөлісу: |