Ретроспективті зерттеуде сырқаттанғандарды өйтеуір бір қауіп-
қатер факторына байланысты талдап зерттейді жөне экстенсивті
көрсеткіш тердің кезінде (өйтеуір бір фактордың басымдылығына
байланысты) басым факгордың себебіне орай жорамал қортытынды
247
жасалады. Мысалы, ішек инфекциясы эпидемиясын тексеру кезінде,
тағам арқылы ауырғандығы жорамалданып, науқастанған адамдар-
дың инкубациялық кезең мерзімінде қандай тамақтар ішкені анық-
талуы керек, өсіресе аурулардан анамнез жинаганда олардың көп-
шілігінің қай тамақты ішкенін анықтаудың маңызы зор. Алынған
жауаптарға байланысты қандай тагам осы науқастың пайда болу
факторы болғанын жорамалдауға және қандай берілу факторы басым
болганын да болжауға болады. Егер ішек ауруының етек алуы сумен
байланысты болса жөне ауырғандардың көпшілігі қүдық суын пай-
дал анған болса; онда басты факгорды су деп жорамалдауга болады.
Бірақ, ретроспективті талдаудың нөпгижесі кейбір жағдайда қате
қорьпыңдыга әкеліп соғуы мүмкін. Мысалы, “осыдан кейін осы пайда
болады” деген принциппен қорытындылау көп жағдайда қате болуы
мүмкін. Жоғарыдағы айтылғандай, осы эпидемияның барысында
себептік фактор деп саналған тағамның түрін ауырғандар да, ауыр-
магандар да пайдаланған, демек дәл осы тағам бүл эпидемияны туды-
рушы басты фактор деген қорытынды дүрыс болмай шығады.
Накты төжірибеден алынған тагы бір мысал келтірейік. Алматы
қаласында 1999 жылы іш сүзегімен ауырган 29 адам айқындалды.
Ол адамдардың клиникалық диагнозы лабораториялық зертгеу арқ-
ылы (науқастардан Salmonella typhi қоздырғышы табылды) дәлелдеңді.
Бірақ, өкінішке орай, осы аурудың эпидемиологиялық диагнозы
анықталган жоқ. Бірнеше жорамалдар жасалды, солардың ішінде
науқастың себептік факторы ластанган су,ауру тасымалдаушы адам-
ның тағамды ластануы арқылы таралуы дегендей өр түрлі жорамал
болды. Бірақ қауырт жөне ретроспективті зерттеу барысында осы
факторлардын, ешқайсысы да лабораториялық өдістермен дөлел-
денбеді. Сонымен өр түрлі жорамалдар тек болжау ретінде қалды.
Әрине, бүл жерде эпидемиологиялық талдаудың, жинақтау (синтез)
одісінің жоғарғы деңгейде атқарылмағаны байқалады. Осы жағдайда
эпидемиологиялық диагноз қойылмағанына байланысты нақты эпи-
демиологиялық жағдайға толық баға берілмеді деген қорытынды
жасауға тура келеді.
Жорамал жасау принципін болжанған қауіп-қатер факторлары-
ның көрсеткіштерін салыстыру арқылы тексеру (осы фактордың ауыр
ган жөне ауырмаған адамдар арасында кездесуі) проспективті зерт-
248
тсу өдісінің ерекшелігі болып табылады. Осы салыстырудың нөти-
жесіңце бүл фактордың науқастың пайда болуын дөлелдеу немесе
дөлелдемеу арқылы эпидемиологиялық белгілерді талдау керек.
Мысалы, ішек инфекциясының бүрқ етуі себебін гтроспективті зерт-
теу барысында тамақтанудың ерекшелігін (орны, тағамның түрлері)
жан-жақты тексеру немесе суды пайдалану (суды қайдан алады, қай-
натылмаған немесе қайнатылған суды іпгу, суға шомылу және т. б.)
тәсілмен ауырған жөне ауырмаған адамдардың арасында анықтау
және осы екі топтағы эпидемиологиялық кейбір белгілерді салысты-
ру (мысалы, ауырған және ауырмаған топтардың сүтгі, қаймақты,
салатты, т. б.) арқылы білуге болады. Әрине, осылайша зертгеу эпи-
демиологиялық диагнозды қоюға көп көмек беретіні сөзсіз. Про-
спективті зерттеу өдісі себептік бағыныштьиіықты анықтауда өзінің
деңгейі мен :лағынасы жағынан эксперименталдық зерттеуге өте
жақын.
Эпидемиологиялық диагноз қою техникасына графикалық тал
дау мен статистикалық (математикалық) жорамалдар жасау да жата-
ды. Бүл өдістер эпидемиологиялық жағдайдың себептік факторла-
рын айқындауға, оның нөтижесін бағалауға көмектеседі. Ол үшін
төмендегі жүмыстар атқарылуы керек:
• эпидемиялық процестің стати стикалық белгілерін талдау (қар-
қындылығы, сырқаттанғандардың уақыт, аумақ бойынша өр түрлі
халық топтарыңда таралуы);
• инфекция қоздырғышының көзін, берілу факторларын лабо-
раториялық, серологиялық жөне т. б. жолмен зерггеу, сонымен қатар
халықтың иммундық статусын анықтау;
• сырқаттанғандарды клиникалық тексеру;
• эпидемиялық процесс өтіп жатқан адамдардың табиғаттық жөне
әлеуметтік жағдайларын тексеру.
Графикалық талдау да, статистикалық (математикалық) талдау
да эпидемиялық процестің болуы мүмкін себептік байланыстардағы
қүбылысгар неге пайда бодды дегендей сүрақ қоюға, эпидемиология-
лык жорамал жасауға немесе ол осы жорамалды тексерудің бір өдісі
болуға өбден жарайды. Бірақ тек көмекші роль атқарады, соған қара-
мастан, олардың графиктегі екі қисықтың немесе сгатистикадагы екі
қатар шаманың бір-бірімен байланысын сипатгауда маңызы бар.
249
Графикалық талдау мен математикалық (статистикалық) эерттеу
байланыстьщ тек түрі мен мөлшерін (тығыздығьш) ғана анықтайды
жөне зерттелетін құбылыстардың арасындағы бағьшыштылық дөре-
жені көрсетеді. Байланыс дөрежесі жоғары болтан сайын байқалған
қүбылыстың кездейсоқ еместігі айқындалады, бірақ зерттелетін құ-
былыстарға байланысты соңгы сөзді тек бұрыннан жиналған осы
инфекция туралы төжірибеге сүйеніп айтуға болады. Осы соңгы
принципті (яғни эпидемиологиялық төжірибені) мойындамау кейде
бір-бірімен ешқандай байланысы ж оқ қүбылыстардың өзара кор-
реляциялық байланысы бар деген, көкейге қонбайтын сандырақ
түжырымға әкеліп соғуы мүмкін. Сондықтан графикалық немесе
математикалық зерттеу өдістерінің нөтижесін өрқашанда басқа да
әдістермен, өсіресе бүрынғы жинақталған төжірибемен салыстырып
отыру қажет.
Екі қүбылыстың себеп-салдарлық бағыныштылығы туралы қор-
тынды жасау логикалық бата беруден байқалады. Бүл өдіс ықтимал-
дықтар теориясынан немесе басқа да математикалық теориядан жөне
осылардың негізіндегі статистикалық (математикалық) өдістерден тыс
болады. Осыған байланысты, тағы да еске саламыз, эпидемиология-
даты қүбылысты логикалық зерттеу дегеніміз бақылау нөтижесінің
бүрынғы жөне жақсы дөлелденген фактілермен тура келгеңдігі бо-
лып табылады. Бүл эпидемиологиялық ғылым мен төжірибсде белгілі
нөрсе. Осыган байланысты эііидемиологиялық талдау өдісі жинақ-
тау (синтез) өдісімен толықтырылуы қажет. Ол, өрине, талдаудың
нәтижесіне сүйеніп атқарылады, сонда ғана зертгелетін қүбылысты
(эпидемиялық процестің көрінісін) біртүтас деп қарау арқылы ойла-
ған мақсатқа жетуге болады.
Жинақтау дегеніміз бір-бірімен байланыста болтан элементтерді
біріктіріп қүрастыру арқылы болатын біртүтас гылыми зерттеу өдісі,
ягни затты немесе қүбылысгы (эпидемиялық процесті) оның біртүтас-
тытында жөне оның бөлшектерімен өзара байланысында зерттеу де
ген сөз. Эпидемиологияда эпидемиялық процесті біртүтас қүбылыс
ретінде қарап, нақты жағдайда жинақтау арқылы түсінуге болады.
Бүл зерттеу кезеңінде сапалық жатынан жаңа өдіс ретінде эпиде-
миологиялық тексеру мен гылыми талдауда болтан барлық деректер
жинақталып қортындыланады.
250
Жинақтау өдісі туралы Л. В. Громашевский (1965) былай деп
жазған: “Ақырғы жинақтау дегеніміз - ошақты текссру барысында
жиналган фактілер мен мағлұматтарды біріктіру арқылы жөнс жұ кла
ды ауру туралы немесе эпидемия туралы қортынды жасау... Ошақ-
тың ішіндегі басым заңдылықтарды ашу эпидемиологиялық тексе-
рудің теориялық міндеті болып саналады. Осы теориялық мшдеттерді
шешу негізінде біз алдымызда түрған практикалық мөселелерді ше-
шуге, яғни дал осы ошақты қүрту үшін бағдарлама жасауға кірісеміз”.
Талдау да, жинақтау да өзара байланыста болатын диалектика-
лык өдістер. Жинақтау алдын ала жасалатын талдаусыз мүмкін емес,
ал талдаудың жинақтаусыз ешқандай мөнісі жоқ. Ошақты тексеру
барысында эпидемиолог тек дерекгерді жинап қдна қоймайды, оларды
талдайды, осы талдау мен жинақтауды біріктіру арқылы зерттеу про-
цесінде ол кейбір түжырымға келуге тырысады. Эпидемиологиялық
төжірибеге, ой тапқырлығына, логикалық болжамға сүйене отырып,
аурулардың болу себептерін, оқигаларын топтастырады. Сөйтіп эпи-
демиологиялық белгілерден лезде эпидемиологиялық диагноз қоюга
жетуіне болады. Бірақ бүл диагнозды жан-жақты анықталған, тия-
нақты деп есептеуге болмайды, өйткені мамандар кейбір жагдайда
қателесуі мүмкін. Сондықтан да эгщдемиолог өзінің төжірибесінің
молдығына қарамастан, эпидемиологиялық диагноз қоюда міңдетгі
түрде қажет болған өдісгер мен төсіпдерді пайдалануы керек.
Эпңдемиологаялық ойлау. “Эпидемиологиялық ойлау” дегеніміз
эпидемиологшң көсіптік қызмет барысындағы өзіне гана төн ерекше
ой-пікірі болып табылады.
Эпидемиологиялық ойлау дүние танудың ерекше бір саласы болса
да, оның өзіне төн біраз ерекшеліктері де бар, өйткені эпидемиялық
процестің диалектикасының басқалардан, мысалы, физиктің, химик-
тің, математикгің, тіпті, клиницист дөрігердің зерттейтін процесінің
диалектикасынан айырмашылыгы көп. Эпидемиологтың ойлау диа-
лектикасы өзі зерттейтін қүбылыстьщ ерекше мөнін қамтиды.
Эпидемиологиялық ойлаудың өзіне төн ерекшеліктерін анық-
тайтындар:
• таным объектісі мен заты;
• эпидемиологгың алдына қойған мақсаты, міндеттері;
• эпидемиологиялық төсідцер мен әдістер;
• эпидемиологиялық төжірибе.
251
Эпидеіинологгың таным объектісі — эпидемиялық процесс. Жүйе-
лік түргыдан қарастырсақ, эпидемиологтың білетін заты — жүйе, көңіл
бөлетін деңгейі — өлеуметтік экожүйе жөне экожүйе, солардың өза-
ра байланысы мен әрекеттестігі. Осы екеуінің қосындысы эпидемия -
лық процесгі туғызады. Ол эпидемиологтың зерттеу объектісі бол-
ғандықтан осы процестің төндігі мен ерекшелігін анықтайды. Оған
қоса эпидемиологиялық заңдылықтарды зерттегенде инфекциялык
процесс жүйесінің барлық қүрылым деңгейін зерттейтін (организмдік,
мүшелік-тіндік, клеткалық, одан да төмен) басқа ғылым саласын-
дагы эпидемиологиялык маңызы бар қүбылыстар да еске алынады.
Тек осы жағдайда ғана эпидемиялық процестің заңдылықтарын бір
бүтін жүйе ретінде қарауға болады.
Адам патологиясының қай-қайсысы болмасын, оның биология-
лық жүйесінде де, әлеуметтік жүйесінде де өзара өрекеттестікпен
өзара байланыс болады. Бірақ осы сыртқы үқсастық бола түра эпи-
демиялық процестің басқа патологиялардан ерекшелігі болып эпи-
демиялық процесті тудыратьш микроорганизмдердің паразитгігі сана-
лады. Адам қоғамындағы паразиттің экологиясы дегеніміз эпиде
миологиялык процестің “жүйе қүру факторы” болып табылады.
Міндетгердін ерекшеліктері. Эпидемиологиялык диагноз қою
процесінде эпидемиологтың алдыңца қиын міндеттер түрады, ол
эпидемиялық процестің күрделілігіне байланысты болады. Эпиде-
миялық процестің іс-қимыл қүрамының қиындығы мен сапалық
өзгешеліктеріне байланысты эпидемиологиялык міндеттерінің де
өзіне төн ерекшёліктері болады. Диагноз қойғанда эпидемиялық про-
цестің биологиялық (экологиялық) деңгейі болсын, әлэкожүйе
деңгейі болсын, қалай да жүріп жатқан эпидемиялық процеске на-
қты баға беруге тырысу керех. Баскаша айтқанда, эпидемиолог ауру
қоздыргышының өсіп-дамуына, халықтың иммундық қүрамына,
коздыргышқа сөйкес берілу механизмін тугызатын табиғи жөне өлеу-
меттік факторларға баға беруге міндетті жөне тексерілуге тиісті ауру-
дың таралу көлемі мен сипатын анықтауы керек. Әрбір нақты оқигада
эпидемиологиялык диагноз қою үшін эпидемиялық процестің түрін
анықтау қажет. Мүнда адамдардың жүқтыру жайы мен қоздыргыш-
гың басты берілу жолдарына, алдын алу мен күресу шараларының
сипатына көңіл бөлінеді жөне соларға сүйене отырып үсыныстар
жасалады жөне эпидемиологиялык жағдайларға болжам жасалады.
252
Эпидемиялық ошақта эпидемиологтың бар күш-жігері, білімі
ауруцың көзін, қоздырғыштың берілу себептсрі мен таралу жолда-
рын табуға бағытталады. Жүқтырудьщ қауіп-қатерінде түрған адам-
дар да, ошақтың пайда болу себептері мен жағдайлары да оның на-
зарынан тыс қалмауы тиіс, нақты аймақтағы анықтауда эпидемио-
логиялық жағдайды шиеленістіретін биологиялық, табиғаггық жөне
өлеуметтік қолайлы жағдайлар да тексеріледі. Оған қоса аурудың
(тасымалдаушылықтың, өлім-жітімнің) даму бағытын табу жөне осы-
ған өсер ететін себептер мен жағдайларды ашу да эпидемиологтың
міндеті болып табылады.
Алдынгы тарауда айтылгандай, эпидемиологиялық төсіл дегеніміз —
эпидемиологиялық қүбылыстарды толық талдау мен жинақтауды
қамтамасыз ететін өдістер мен оны қолдану жолдарының өзіндік
қосындысы, ягни халық арасында жүқпалы аурулардың пайда бо-
луын, таралуын, жойылуын жөнс алдын алу шараларын анықтау
болып табылады (И. И. Рогозин, В. Д. Беляков, 1960).
Эпидемиологиялық төсіл тек эпидемиологияга төн зертгеу өдісте-
рімен қатар (эпидемиологиялық тексеру мен бақылау, эпидемиоло-
гиялық эксперимент) басқа да білім салаларында қолданылатын
төсілдерді пайдаланады (лабораториялық, энтомологиялық, эпизо-
отологиялық тарихи-географиялық, статистикалық жөне т. б.). Олар
эпидемиологияда пайдаланғандықтан осы бағытқа сөйкес өзіндік
қасиеттерге ие болады. Эпидемиологиялық төсілдің органикалық қү-
рамдас бөлігі - мәліметтерді эпидемиологиялық талдау мен жинақ-
тау. Әрбір пайдаланылатын эпидемиологиялық төсілдерге өр түрлі
жеке өдістер кіреді. Олардың өрқайсысының өзіндік орны бар жөне
эіщцемиологтың алдына қойган мақсатына байланысты пайдалану
әдістемеліл болады. Мысалы, қоздырғышты сыртқы ортадан табу үшін
бактериологиялық және иммунологиялық өдістерді пайдалануға бо
лады, бірақ бактериологиялық өдістің сезімталдығы оншалықты
жоғары болмағандықтан, қоздырғыщтың антигенін иммунология-
лы к өдісті пайдаланып, іздеу өлдеқайда тиімді болады. АИВ инфек-
циясының қоздырғышын табу өдісі өте күрделі жөне кымбат бол-
гандықтан (полимераздық тізбе реакциясы - ПТР), иммундыфер-
ментгік өдісті қолданып, қарсы денені табу керек.
253
Эпидемиологиялық диагноз қою процесінде эпидемиологяялық
тәжірибеніц маңызы өте зор. Оның да өзіндік ерекшеліктері болады.
Жүқпалы аурулардың жеке түрлерінің ерекшеліктерімен қатар осы
аурудың қай жерде, қай адам тогггарында, қандай жағдайда жөне
қандай уақыт мерзіміндс болып жатқандыгын, олардың көріну
ерекшеліктерін эпидемиолог анықтап білуі керек. Эпидемиология-
лык жағдайды анықтау (диагноз қою) дегеніміз дөл осы уақыгга,
осы жерде болған жағдайға баға беру деген сөз, ягни ол нақты жаг*‘-
дайдың, осы инфекция түрінің ерекшеліктерін ескере отырып баға-
лау болып табылады.
Эпидемиолог әртүрлі аурулардың өзіне тән ерекшелікгерімен ғана
емес, олардың нақтылы жердегі жағдайлар мен мезгіліндегі эпиде-
миологиялық көрінуімен де санасады. Эпидемиологиялық ойлау
басқа да абстракты оймен байланысты. Анықтау, ягни эпидемиоло-
гиялық жағдайды ангару тек нақтылы жердеіі жағдайда және мезгілде
аткарылады.
Эпидемиологиялық төжірибе — теориялық және практикалық
білімнің жиынтығы, ол эпидемия мен оған қарсы жүмыстардың қор-
тындысы және эпидемиологиялық ойды толықтыру, жетілдіру болып
саналады. Баска сөзбен айтқанда, эпидемиолог ойлампаз маман бо-
луға тиісті.
*
Эпидемиологиялық зерттеудің логикасы (қисыны). Эпидемио-
логиялық диагноз қоюдьщ логикалық жағы — оның ең маңызды
бөлігі. Ал диагноз қоюдың техникалық жөне семиотикалық бөліктері
тек бастапқы хабаршылар ролін атқарады, сондықтан олар логика-
лы к бөлікке бағынышты болады, яғни олар эпидемиологиялық
белгілерді толық жөне дүрыс анықтайды, осы деректердің мөні мен
маш насын нақтылайды. Диагноз қоюдың логикалық жагы осы бас-
тапқы жағдайлардағы көзқарастарды (эпидемиологиялық белгілерді)
ойластыруға, жиналған деректерді бір-бірімен, болған жағдаймен са-
лыстырып, соңғы шешімге келуге бағытталады. К. Е. Тарасовтың
(1989) дүрыс көрсеткеніндей, логикалық төсілдің методология-
л ы к жақтарын теориялы қ зерттеулерге ғана емес, күнделікті
тәжірибелік жүмыста да кең қолдану керек. Бүл төсілдің эпидемио-
логиядагы орны ерекше, өсіресе эпидемиологиялық диагноз қоюға
қосатын үлесі мол.
254
Эпңдемиологиялық диагноз — логика ережелеріне негізделген қо-
рытынды білім (оны И. Кант дөуірінен бері “немқүрайды-формальді”
деп атайды). Эпидемиолог негізінен, логикалық заңцылыққа сүйенеді:
оның ойы дөл (ягни анық, біржақты, айқын, тура), жүйелі логика
жолына сөйкес (яғни логикалық қайшылық болмау) жөне дөлелді
(яғни жеткілікгі негізделген) болуға тиісті. Логиканың немқүрайды
заңдылығын сақтау арқылы дүрыс дәлелденген эпидемиологиялық
диагноз қойылады. Тек логика заңдарьгн пайдалану арқылы эпиде-
миологиялық ойлаудың дүрыстығын тексеруге болады.
Логиканың ең маңызды саласы ой жүгірту (түсіндіру) жөне ойша
пайымдау (қорытынды шығару) болып табылады. Түсіндіру кезінде
тексеретін затымызда (эпидемиялық процесте) қаңдай да болсын
белгілердің, қатынастықтың және байланыстардың бар не жоқтыгы
айқындалады. Түсіндіру ақыл-ой процесінің бастапқы барысы жөне
ол ойша пайымдаудың негізі болады. Диагноз қою процесінде эпи
демиолог жаңа түсініктерге жетуге немесе қорьпынды шыгаруға тиісті.
Ойша пайымдау дегеніміз — ақыл-ой түрі, онда объективті заттарды
бейнелейтін байланысы жөне қатынасы бар белгілер туралы логика-
лы к заңдарға сүйене отырып, бір немесе бірнеше бастапқы түсінік-
терден жаңа қорытынды шығарылады, соның нөтижесінде сол зат
туралы жаңа үғым туады. Егер бастапқы ой жүгіртулер төжірибеде
тексерілген болса және оларға логика заңдары дүрыс қолданылса,
онда ойша пайымдау да дүрыс болады, яғни ақиқатқа сөйкес келеді.
Ойша пайымдаудың қүрамы, дөлелдеу тәсілі жөне диагноздың
дәлдік деңгейі жағынан эпидемиологиялық диагноз қоюды логика-
лы к екі кезеңге белуге болады. Бірінші кезенде ойша қорытынды
шығару жолымен қүрастырылып (диагноздың мүмкін болған төсілі),
индукция төсілімен жанама дөлелденеді, екінші кезеңде ақиқат (дау-
сыз, шын) түжырым (диагноздың ақиқат төсілі) жасауға болдтын
диагноз дедукция өдісін қолдану арқылы тура дөлелденеді.
Индукция (латынша inductio — бағытгау, түрткі болу, іздеу) деге-
німіз ойша пайымдауға сүйене отырып жеке, бірен-саран жағдай-
лардан жалпы қорытынды шыгаратын ойлау төсілі. Бастапкы ой-
қиялды байқалатын фактілермен кейіннен тексеру керек. Эпидеми
олог индуктивті ойша пайымдау кезінде ошакты эпидемиологиялық
байкау барысында немесе статистикалық деректерді талдау нөтиже-
255
сінде, табылған бір нсмесе бірнеше эпидемиялық процестің жетекші
белгілеріне сүйену арқылы тексерілудегі жағдайда себеп-салдарлық
байланыстар бүрын болуы мүмкін деген жорамалға келеді.
Индукциялық төсіл дегеніміз — диагноз қою гипотезасын қүру,
бірақ ол соңынан тексеруді қажет етеді.
Гипотеза (гр. hypothesi - негіздеу, жорамалдау) - қандай да бол-
сын қүбылысты түсіңціру үшін адцын ала жасалган логикалық пайым-
дау. Эпидемиологиялық болжам (гипотеза) әрқашан эпидемиялық
процестін зерттеушіге белгілі зандылықтарына сүйеніп жасалады;
эпидемиолог зертгеу жағдайыңда эпидемиялық процестің болуы мүм-
кін көріністеріне сүйенеді. Эпидемиологияда диагносгикалық бол
жам индуктивтік ой жүгірту арқылы жасалады. Эпидемиологиялық
диагноз қою барысында үсынылған болжамдардың саны аз болуға
тиісті.
Эпидемиологиялық зерттеудің индуктивті тәсілі. Эпидемиоло-
логиялық гылыми болжам жасау үшін эпидемиялық процестегі се-
беп-салдарлық байланыстарды зерттеуге әр түрлі (қарапайым жөне
күрделі) иңцуктивті тәсілдер қолданылады. Оларға жататындар:
• үйлесімді тәсіл (үқсастығымен);
• жалғыз сәйкестік төсіл;
• жалғыз айырмашылық төсіл;
• сөйкестік пен айырмашылық біріккен төсіл (екі сәйкестік
төсілі);
• бірдей өзгеру төсілі;
• қалдық тәсілі мен басқалары.
Эпидемиолог өз төжірибесінде гылыми жорамал жасағанда ойша
пайымдау жолында үйлестік төсілін жиірек қолданады. Үйлестіктің
ең қарапайым түрі - заттардың (қүбылыстардың, процестердің) үқ-
сасгығы туралы олардьщ жеке белплерінің үйлестігіне сүйене отырып
ойша пайымдау.
Бүл төсілде тексеріліп жатқан қазіргі белгілерді оған дейін жари-
яланғандарымен салыстырудага немесе эпидемиялық жағдайлардағы
өз төжірибесінде кездестірген белгілермен салыстырады. Осы белгілер
үқсас болса, онда бүл жағдайдың ертеректе мәлім болып, баспасөзде
жарияланғаны немесе эпидемиолог өзі бүрын кездестірген жагдай-
лардың бірімен сәйкес болтаны. Басқаша айтқанда, сөйкестік төсі-
256
ліндс тексерудегі жағдайды бұрынғы белгілі дерекгермен анықтауға
тырысамыз.
Төжірибелі эпидемиолог тексеріліп жатқан оқиганы бұрынғы
жағдайлармен салыстыру (есте сақтау) арқылы дөлелді, нақты анық-
тама береді.
Эпидемиологиялық ошақты тексеру барысында эпидемиолог
байқалған эгщцемиологиялық белгілерді бұрыннан таныс белгілермен
салыстырып барып қорытыңды шығарады. Соған сүйене отырып,
осы ошактарда үқсас жагдайдың бурын да орын алғаны туралы бірінші
диагноз қою болжамы пайда болады.
Сонымен, үйлесімділік, ойша пайымдау дегеніміз:
• эпидемиологтьщ есінде сақталған деректер мен тексерудегі
жағдайдьщ үйлестігін салыстыруы;
• тексерудегі жағдайды эпидемиология өдебиетінде, дифферен-
циалдық (бөлшектеу) — аныктау кестелерінде жөне т.б. кездесетін
үқсастықтармен салыстыруы;
• тексерудегі жағдайды эпидемиолопъщ өз төжірибесіндегі де
ректермен жөне теориялық деректермен жан-жақты салыстыруы.
Эпидемиологиялық төжірибеде қолданатын үйлестік төсілін
төмендегі мысалдармен түсіңдіруге болады.
Тексерілетін ішек ауруыньщ бұрқ етіп көбеюі науқастанғандар-
дың күрг пайда болуымен сипатталады жөне аумақтық таралуы белгілі
бір ауыз суы көзімен байланысты болды.
Ішек ауруларының су арқылы таралып, бүрқ етіп көбеюі де оның
күрт өсуімен сипатталады және белгілі бір ауыз суының көзімен бай
ланысты болады.
Демек, осы аурудың бүрқ етіп көбеюі судың әсерінен болуы
мүмкін. Бүл жағдайда жасалған қорытындымыз алдын ала жасалған
болжам ғана болып саналады. Мысал келтірейік: Қазақстанның
оңтүстік - оңтүстік батыс аймақтарының қүмды-шөлді жерлерінде
көктем шыға шопаңдар арасында қызба ауруы пайда бодды. Науқас-
тардың денесі қызып, мүрнынан қан кетушілік жиі-жиі қайтала-
нып, тоқтамайтын болтан. Тексеру барысында науқастардың дене-
леріне жабысқан кенелер табылған. Осыған орай мынандай болжам
түжырымдалады: қан арқылы тарайтын аурулар топтарының белгілі
бір маусымда, белгілі бір аймақтарда кездесетіні және олардың кене-
257
лер арқылы берілетіні теория хөне төжірибе жүзінде анықталган.
Эпидемиолог өз төжірибесінде мүндай жағдайдың бүған дейін де
кездескенін, сол кезде ауыл түрғындарының науқастанганын, за-
лалдың сырт көріністерінің ұқсастығын еске түсіреді.
Демек, осы аурудың пайда болуы кенеге, оның адамды ш аққа-
нына байланысты деп болжам хасап, бүл “көкала” (ҚГҚ) болуы
мүмкін деп алғашқы эгщцемиологиялық диагноз қояды. Әрине, бүл
шешім лабораториялық тәсілдермен тексеріледі.
Эпидемиологгьщ неғүрлым төжірибесі мол болса, оның согүрлым
үйлесгік тәсілін қолдануға мүмкіншілігі мол. Үйлесгік төсілін сенімді
жөне нақты деуге болмайды, себебі тексерудегі жағдайда қандай да
болсын күткен белгілердің біреуінің болмауы эпидемиологиялық
диагноз қоюды қиындатады. Сондай-ақ, осы хағдайды бүған үқсас
жағдаймен шатастыруымыз да ғажап емес. Бүл төсіл эпидемиоло-
гиялық жағдайды анықтауға гана көмектеседі, бірақ оны нақты білү
жөне бағалау мүмкін емес. Демек үйлестік төсілі диагноз қоюга жа-
рамды емес, ал дүрыс қорытыңды жасауға тек мүқият тексергеннен
кейін ғана келуге болады.
Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, гылыми болхам жасаганда үй-
лестік төсілінен басқа, эпидемиологтьщ “қоржынында” индуктивті
қорьпынды жасаудың басқа да төсілдері бар.
Жалгыз сөйкестік төсілі осы жагдайдағы көшпілік ауруларға бай
ланысты халпы факторларды табуға көмектеседі. Мысалы, дизенте-
рияның су арқылы күрт көбеюі науқастың нөжісімен ластанған ішкі-
лікті суға байланысты болып келеді. Себебін зерттегенде науқастар-
дың көпшілігі залалданған суды ішкен болып шығады. Демек дизен-
терияның бүрқ етіп таралуы су арқылы болған деп жорамал жасауға
болады.
Солтүстік Қазақстанның ормаңды-дала аудандарыңдағы тың жөне
тыңайған жерлерді игеруге Украинадан келгендердің ішіңде кене
энцефалитімен көктем-жаз айларында науқастанғаңдар байқалды.
Күн жылына бастаған кезде кенелердің қысқы “үйқыдан” оянып,
оларды шаққаны сөзсіз. Осы жагдайда кене энцефалитін кененің
иксодес түрінін таратуы ғажап емес.
Жалғыз айырмашылық төсілі дегеніміз төмендегідей: егер екі жаг
дайда аурулардың байқалуында елеулі, едөуір айырмашылық болса,
258
тіпті, кейбір себсгггср бірінде болып, бірінде болмаса, онда ол себептің
бары (немесе оның жоғы) аурудың пайда болу факторы болуы мүмкін.
Мысалы, сальмонеллезбен науқастанғандардыи көгшгілігі белгілі бір
тамақтың түрін пайдаланса, ал ауырмағандар сол тамақты жемесе,
онда тамақгың осы түрі аурудың шығуына себепкер болғаны.
Көкала ауруының вирусын кенелердің бірнеше түрі тарататыны
ғылым жөне төжірибе жүзінде бслгілі. Табиғи ошақтарда кененін.
Гиалемма азиатикум түрі жиі кездесіп, ал Гиалемма анатомикум түрі
кездеспесе, онда кенснің Г.азиатикум түрі көкала ауруын таратқан
дсп жорамалдауға болады.
Ғылыми жорамалдың түрлерін оңай тексеруге болады: егер ха-
лыктың екі тобындағы сырқаттанушылықтьщ айырмашылығы осы
топтардағы өлде бір белгілі факторлардың айырмашылығынан болса,
оңда осы фактор осы топтардың шегінде ауырмай қалғандарға Кара
ганда жиі ауыратындар арасында байқалуға тиіс. Мысалы, егер рес-
публикамыздьщ оңтүстік аймақтарьшда іш сүзегімен науқастанған-
дарға арықтағы суға түсу себеп болса, онда олардың ауру деңгейі сол
арық суына түспегендермен салыстырғанда (еркектерде дс, өйел-
дерде де) жогары болады. Немесе, ауыл халқы қала халқымен салы-
стырганда көкаламен жиі науқастанады, демек, бірінпгісі кенелер-
ге жиі тап болады. Мүнда сөйкес факторларды таддау арқылы жа-
салған болжамның дүрыстығын немесе қателігін оңай тексеруге
болады.
Жалгыз айырмашылық тәсіл эпидемиологиялық тадцау процесін-
де пайда болтан болжамды да тексеру үшін қолданылуы мүмкін.
Мысалы, “салыстырылатын екі аумақтағы аурудың жас түрғысы бой-
ынша тарауындағы айырмашылық сондағы халықтың жас түрғысы
қүрамындағы айырмашылықпен байланысгы”, бүл болжам түрін жас
топтарыңдағы ауру көрсеткіштерін үлгіге келтіру арқылы тексеруге
болады. Егер анықталған айырмашылық шынында да болжаған се
бе пке байланысты болса, онда көрсеткіштерді үлгілеу қорытынды-
сында ол айырмашалықтар жойылады, бүл болжаудың дүрыстығын
дөлелдейді.
Бірақ жалғыз айырмашылық төсілімен болсын, жалғыз сөйкестік
төсілімен болсын, бір уақытга бір емес, бірнеше болжам жасауға
болады, олардың өрқайсысы қосымша тексеруді қажет етеді.
259
Қатар өзгеру төсілі себеп болған қауіп-қатер факторын табуға
бағытталады. Аурудың пайда болу жиілігі қандай да бір тексерудегі
себептердің жиілігінің немесе қарқынының өзгеруіне байланысты
өзгереді. Мысалы, дизентерия ауруының жиілеуі шыбын санының
көбеюімен байланысты болса, онда аурудың жиілеуіне себеп болтан
қауіп-қатер факторы шыбын екенін аңғарамыз. Осы мысалдың
өзінен-ақ бұл төсілдің өлсіз екенін байқауға болады, тіпті, шыбын-
дардың саны көбейгеннің өзінде де бұған эпидемиологиялық түрғы-
дан баға беру үшін олардың қауіптілігі (организмінде дизентерия
қоздырғыиггары бар екені) дөлелденуге тиісті (егер шыбындардың
дөретханаларда жөне басқа да объектілерде нөжіске қатысы болма-
са, олардың саны қанша көп болғанымен, дизентерия ауруының
қоздыргыштарын тарата алмайды).
Қалдық төсілі төмендегі логикалық формуланы сипаттайды; егер
эпидемиологқа “а”, “б”, “в” белгілерімен сипатталған эпидемиоло-
гиялық жағдайдын “Е”, “Е ,”, “Е2” жағдайларымен байланысы ты-
ғыз екені белгілі болса, ол “а”-ның себебі “Е” екенін, ал “б”-ның
себебі “Е,” екені белгілі болса, онда “в”-ның себебі “Е2” деп қоры-
тынды жасауга болады. Мысалы, жабық үжымда дизентерия күрт
көбейді, осы үжымның мүшелерінің (“а”) сырқаттануыңа (“Е ”) үжы-
мының қатынасы бар екенімен түсіндіріледі; сырқаттанудьщ күрт кө-
беюі “б”-мсн байланысты болтан, оган тағамның (“Е,”) түрін пайдала-
ну себеп болтан, демек барлық науқастантандардан табылтан жалпы
қоздыргыштардың ортақтығы (“в ”) осы үжымдаты барлық науқас-
тантандарга бірдей берілу себептерінен (“Е2”) деп ойлауга болады.
Осы төсілмен сөйкестікте қорытынды жасау болуы мүмкін сипа-
тқа ие болады, өйткені бір белгі бірнеше жағдайлардан тууы мүмкін,
керісінше бір белгі бірнеше жагдайларды тугызуы мүмкік.
Эпидемиологиядағы дифференциалды диагноз қою индуктивті
ойша пайымдау төсілінің күрделі түрі болып табылады.
Эпидемиологиядагы дифференциалды диагноз қоюда өдеттегі үй-
лестіктей екі үқсас жагдайлар салыстырылмайды, ол осы нақтылы
эпидемиологиялық жағдайды эпидемиологияда теория жөне төжіри-
бе жүзінде қалыптасқан, қорытылган ойша дерексіз түсініктермен
(абстракция) салыстырылады.
Эпидемиолог дифференциалды диагноз қою кезеңінде екі мақ-
сатты шешеді:
260
• осы жағдайды басқа, оған үқсас жағдайлардан айыру;
• эпидемиологиялық жағдайды жөне оның ерекшеліктерін ба-
ғалау үшін диагностикалық болжам жасау.
Дифференциалды диагноз қою үшін эпидемиолог төмендегідей
логикалық формулаға сүйенеді: қазіргі “А” жағдайьщца “а”, “б”,
жөне “в” белгілері кездеседі. Мүндай белгілер “Б ”, “В” немее “Г”
эпидемиологиялық жағдайды сипаттайды. Бірақ одан өрі салыстыру
кезінде осы жағдайда тағы да “г”, “д ” белгілері кездеседі, олар “Б ”
және “В” жағдайларында кездеспейді және сонымен қатар тек осы
жағдайға төн кейбір белгілер болмайды. Онда эпидемиологқа диаг-
ноздан “Б ”, “В” жағдайларын шыгарып тастауға мүмкіншілік туа-
ды, ол “а”, “б” жөне “в”-лардан басқа “г” жөне “д ” белгілеріне төн
жағдайларды жөне басқаларды іздейді. “Е ” соңында, “А” эпидемио
логия жағдайының үқсас және айырмашылық беліілерін анықтай
келе, эгшдемиологқа тексерудегі оқиғаны “Г” жағдайы ретінде си-
паттай алады.
Дифференциалды эпидемиологиялық диагноз қойғанда күрт
көбеюдің осы түрі белгілі, анықталған “Г” түріне сөйкес келетіні
туралы шешіміміз мына жагдайда дүрыс болады:
• осы “А” жағдайы мен абстрактылы “Г” жагдайында бастапқы
эпидемиологиялық белгілердің саны өссе;
• үқсас белгілер түрақты жөне төн болса;
• табылған үқсас белгілердің арасындағы байланыс табиғи, қай-
шылықсыз болса.
Дифференциалды диагноз қою барысында эпидемиолог өрқа-
шанда болжамдармен өрекет жасайды: тексерудегі жагдайда беліілі
бір белгі үшін неғүрлым үқсас абстрактылы жағдайды іздеп, эпиде
миолог осы оқигада тек осындай жағдай болуы мүмкін деген бол
жам жасайды.
Індетке қарсы шаралардың нөтижелігіне тадцау жасау арқылы
диагноз қоюды дифференциалды диагноз қоюдың бір түрі деп са-
науға болады, себебі мүнда да логикалық аппарат маңызды болып,
сөйкестілігі бойынша қорытынды шығарылады.
Індетке қарсы шаралардың тиімділігіне сүйене отырып диагноз
қоюдың ойша пайымдау үлгісін төмендегі мысалмен түсіндіруге бо
лады. Іш сүзегінің қүдықтағы сумен байланысты күрт көбеюі сол
261
қүдықты тауып, ауыз суды басқа су көзімен алмастырса, аурудың
күрт жоғарылауы тоқтайды; бүл оқигадан шығаратын қорытынды-
мыз: іш сүзегінің күрт көбеюі қүдық суында осы инфекция қоздыр-
ғышының бар болуына байланысты.
Бул жағдайдағы ойша пайымдау шын мәнінде: “осыдан соң осы-
ның салдары” болады деген теріс принципке қүрылған. Ал іс жүзінде
“осьщан соң” “осының себебі” болмайды. Аурудың күрт көбеюінің
тоқтауы қүдықты жабуға байланысты емес, басқа себепке де байла
нысты болуы мүмкін ғой.
Осы тәсілде көптеген кемшіліктер бар және ол тиянақталмаған,
сол себептен де бүл төсіл тым күрделі, нақты эпидемиологиялық
диагноз қоюға мүмкіншілік болмаған жағдайда ғана қолданылады.
Сондықтан індетке қарсы шаралардың нөтижелігіне қарап диагноз
қою ешқашанда дөлдікке жеткізбейді. Сонымен, дифференциалды
диагноз қою тәсілі осы эпидемиологиялық жағдайдың біреуімен
неғүрлым болуы мүмкін сөйкестігін дәлелдеуге көмектеседі. Осы
жағдайдың ерекшелігін барлық болуы мүмкін оқиғалармен салыс-
тыру бүл өдістің негізгі ерекшелігі болып табылады.
Дифферециалды диагноз қою кезіндегі қорытындының шынайы
мүмкіндігі қаралатын, болуы мүмкін эпидемиологиялық жағдайлар
жиынтыгының тольпсгыгы мен біреуінен басқа, барлық ерекше жаг-
дайлардың негізділігіне байланысты.
Осы төсілмен эпидемиологиялық алдын ала жорамалдауды да
тексеруге болады, бірақ ол тексерудегі эпидемиялық жағдайда кез-
десетін ерекшеліктерді түсіндіруге “мүмкіндік” бермейді. Белгілерді
салыстыру нәтижесінде зерттелетін жағдайлар туралы сенімді қоры-
тындының туындауы әлі мүмкін емес.
Дифференциалды-диагностикалық болжамды тексеру тексерудегі
және абстрактылы жағдайларда кездескен үқсас жөне айырмашы-
лығы бар белгілерді мұқият салыстыру жолымен жүргізіледі. Соңгы
қорытындыда тексерудегі оқигадан болуы мүмкін нагыз абстракты
лы жағдай табылады. Сонымен дифференциалды диагноз қою
дегеніміз ықтималды диагноз қою тәсілі, ол тексерудегі жағдай-
дың сипаты туралы болжамды дөлелдемейді, тек оны неғүрлым
мүмкін етіп көрсетеді, міне, бүл төсілдің шектеулі екені осыған
байланысты.
262
Сонымен эпидемиологиялық диагноз эпидемиялық жағдайды
нақты қамтып көрсетуі тиіс, тек соған сүйене отырып, аддын алуға
байланысты жөне эпидемияға қарсы мақсатты түрде нәтижелі ша-
ралар жүргізіледі. Сондықтан диагноз қою процесі эпидемиялық
жағдайга жорамалды түрде емес, накты, дүрыс диагноз қоюмен аякта-
луға тиіс.
Индукция тәсілімен жасалган диагноз қою болжамның дүрыс
екенін дөлелдеу керектігін көрсетеді. Диагнозды логикалық жағы-
нан дәлелдеу, қорытынды шығару дедуктивті төсілімен іске асады.
Эпидемиологиялық диагноз қоюда дедукциялық әдістің артықшы-
лығы бар, себебі диагнозды дөлелдеуде эпидемиологтың ақыл-ойы
тексерілетін оқиға үстінде эпидемиологияда бүрын белгілі болған
жагдайларды іздеуге бағытгалады. Соңдыктан диагноз қою процесінің
қисындық өзгешелігі, негізінен дедуктивтік төсілде оқиғаны жалпы-
дан жалқыга қарай анықтайтындығында. Эпидемиология ғылымы
мен өз төжірибесіне сүйене отырып, эпидемиолог нақты оқиғаны
жалпы ережелер мен зандар түрғысынан тексереді.
Дедукция (лат. deductio — шығару) дегеніміз жалпы ережеден жеке
немесе өзіндік фактіге келудегі, жалпы пікірден жеке пікірге (немесе
басқа жалпы шешімге) келудегі, жасалған қорытындыдан қайтадан
фактіге келудегі қисынды қорытынды болып табылады. Дедукция
қазіргі логикада ойлаудың ақиқат түрі ретінде сипатталады.
Дедукцияның ең көп кездесетін түрі шартгы-тиянақтьі силло
гизм (гр. syllogismos — үйлестіру, қабыстыру) немесе жанама түрдегі
ойша пайымдау, ол ең кемі екі тиянақтылықтан (үлкен жөне кіші)
жөне шешімнен түрады.
Жалпы пайымдау үлкен тиянақ немесе силлогизмнің негізі деп
аталады. Жеке оқиганы түсіндіру кіші (аз) тиянақ деп аталады, ал
тиянақтылықтан жасалған қорытындысы бар пайым силлогизмнің
қорытындысы (салдары) болады. Басқаша айтқанда, бастанқы ой
жүгірткенге дейінгі деректер тиянақтылыққа жатады. Егер силло-
гизмнің негізі шындық болса, онда одан шығатын нөтиже де шын-
ды қ болады. Силлогизм алу мақсатында екі тиянақтылық байла
нысты болу үшін оларда қандай да болсын жалпы түсінік болуға
тиісті. Силлогизмнің екі тиянақтылығында бар болса, бірақ қор-
тындысында жоқ болса, жалпы тусінікті орташа атау деп атайды.
263
Түсінікті болу үшін төмендегі мысалды келтіреміз: барлық ты-
ныс жолдары инфекцияларының қоздырғыштары аэрозольді меха-
низммен тарайды (үлкен тиянақтылық, немесе силлогизмнің негізі);
осы аурудың нозологиялық (мысалы, грипп) түрі — тыныс жолда-
рының ауруы (аз немесе кішкентай тияңақтылық); демек аурудың
қоздыргышы аэрозольді механизммен беріледі (қорытындысы не
месе нөтижесі). Осы мысалда “тыныс жолдарының ауруы” түсінігі
орташа атау болып саналады.
Дедуктивті ойлау процесінде байқаудағы оқиға абстрактілісімен
салыстырылады. Эпидемиолог байқаудағы оқиғаның “А” белгілі
жағдайға қаншалықты сәйкес келетінін анықтайды.
Шартты-тиянақты силлогизмді қүрастырудың логикалық фор-
муласьш төмендегідей түрде көрсетуге болады.
Егер тексерілетін жағдайда “а”, “б”, “в” белгілері болса, онда
олар “А” оқиғасы байқалғанда ғана болуы мүмкін.
Бүл жағдайда еске алынған белгілер бар.
Демёк, осы жағдай “А” жағдайы болуы тиіс.
Осы силлогизмнің негізі — эпидемиологиялық белгілер, ал “А”
жағдайы оның нәтижесі ретінде көрінеді. Демек, диагнозды тура
дөлелдеу дегеніміз - осы кезендегі эпидемиологияньщ дамуы мен
эпидемиолопың өз мамандық деңгейінің жалпы жиынтығы.
Мысал ретінде төмендегі жағдайды келтіреміз.
Егер іш сүзегінің күрт көбеюіне дейін ішек ауруларының басқа
түрінің деңгейі өссе, егер шектелген уақыт бөлігінде іш сүзегімен
науқастанғандар байқалса, егер олар аумақ жағынан өзара байла-
нысты болса, ал эпидемиологиялық бақылау деректері олардың жал
пы су көзімен байланысты екенін білдірсе, онда бүл іш сүзегінің су
арқылы күрт көбейгені (үлкен тиянақтылық) болып табылады.
Тексерудегі іш сүзегінің күрт көбеюі барлық келтірілген белгілер-
мен (кіші тиянақтылық) сипатталады.
Ендеше, осы іш сүзегінің күрт көбеюі сумей байланысты (нө-
тижесі).
Осы силлогизмнің үлкен тиянақтылығы іш сүзегінің күрт көбеюі-
нің белгілі бір түріне тән кешенді белгілер туралы жеке эпидемиоло-
гияның қорытындысы болып табылады. Кішкене тиянақтылық —
осы күрт көбеюді зерттеудің нөтижесі, егер зерттеу нөтижесінде іш
264
сүзегіне байланысты себептер анықталса, онда эпидемиолог күрт
көбеюдің сумей байланысты екеніне күмөнданбайды.
Индуктивті қорытындыдан (диагноз қою болжамынан) туындай-
тын дедуктивті төсілі кезінде фактілер салыстырылады, яғни тексеру
кезінде немесе болжамды тексеруге байланысты жүргізілген қосым-
ша талдау барысында байқалған эпидемиялық процестің белгілері
анықталады. Дедуктивті төсіл эпидемиолог бүрын байқамаган, ес-
кермеген эпидемиологиялык белгілерді ашуға көмектеседі, эпиде-
миялық процестің даму барысында жаңа себептерді сезуге, күні бүрын
білуге, оған қоса оның дамуын, яғни эпидемиологиялық болжауды
анықтауға ықпалын тигізеді.
Материалистік диалектика индукция мен дедукцияны бір-бірінен
бөлмейді, сонымен қатар өзара байланысты зерттеудің түрі деп са-
найды. Индукция мен дедукция нақтылы процестің шыңдығын білуде
тек өзара байланысты ғана емес, сонымен катар бір-бірін толық-
тырады.
Өз бетінше дайындалуга арналган сүрақтир
1. Эпидемиологиялык диагноз қрю түсінігіне анықтама беріңіз. Эпидемио
логиялык жагдайды багалаудың екі багытын көрсетіңіз және олардың
ерекшеліктерін анықтаңыз.
2. Эпидемиологиялық диагноз қою процесінің кезеңдерін 14-схемага қарап
талдаңыз. Диагноз крюда қандай міндеттер қарастыршады ?
3. Эпидемиологиялык, диагноз қоюдың бөлімдерін атаңыз. Клиникалық және
эпидемиологиялык диагноз қою процесінің уқсастыгы мен айырмашылықтарын
көрсетіңЬ.
4. Эпидемиологиялык семиотика деген угымга анықтама беріңіз. Оның кли-
никалык семиологиядан айырмашылыгын көрсетіңіз.
5. Эпидемиологиялык синдромның сандық және сапалык көрсеткіштерін
атаңыз. Олардың диагноз қоюдагы маңызы мен орнын сипаттаңыз.
6. Эпидемиялык процестің деңгейлері бойынша қандай эпидемиологиялык
көрсеткіштер талданып, диагноз қоюга пайдаланылады ? Мысалдар келтіріңіз.
Достарыңызбен бөлісу: |