7.
Эпидемиологиялык диагноз кою техникасы деген түсінік нені анықтай-
ды ? Оның кезеңдерін атап, өрқайсысына тусініктеме беріңіз.
8. Эпидемиологиялык талдау мен жинак/пау түсініктерінің мақсатын ай-
тыңыз, айырмашылыгын көрсетіңіз.
9. Эпидемиологиялык ойлау түсінігіне анықтама беріңіз. Бүл әдістің эпи
демиологиялык диагноз коюдагы максаты мен маңызын атаңыз.
265
10. Эпидемиологиялық логика деген не? Болжау деген түсінікке анықтама
беріңіз. Балжауды дәлелдеу әдістерін атаңьіз. Оларга түсініктеме беріңіз,
мысалдар келтіріңіз.
11. Индуктивті тәсілдің түрлерін атап, жеке-жеке мысалдар келтіріп
талдаңыз.
12. Эпидемиологияда дифференциалды диагноз қоюдың екі мақсатын ата-
ңыз, мысалдар келтіріп талдаңыз.
17-тарау
ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ ДИАГНОЗ ҚОЮ БАРЫСЫНДАҒЫ
ГНОСЕОЛОГИЯЛЫҚ ҚАТЕЛЕРДІ ТАЛДАУ
Эпидемиологиялық диагноз қою кезінде өр түрлі қателіктер кез-
десуі мүмкін. Олардың негізгі себептерін схемада келтірілгендей етіп
5 топқа белуге болады (15-схема).
Эпидемиологиялық диагноз қоюдағы қателердің гносеология-
лык түбірі мынандай себептерге б а й л а н ы с т ы (15-схема):
Кейбір ж ук-
палы аурулар
туралы ғы-
лыми білім-
дердің жет-
кіліксіздігі.
Пайдалан-
ған зертгеу
әдістерінің
нашарлыгы
(ақпаратгаң
әлсіздігі).
Дерекгердің
жоспарсыз
жөне ж үйесіз
жиналуының
салдарынан
олардың
сенімсіздігі
немесе толық
еместігі.
Жиналған
деректер-
дің қате
топтасты-
рылуы мен
талдануы.
Қолда бар
деректерді
жинақтауда
(синтез) логи-
калық және
статистика
лық өдістер-
ді дұрыс
пайдаланбау.
1
2
3
4
5
Алғашқы екі себегггі объективті деп санауға болады, өйткені олар
осы саладағы ғылыми зерттеулердің өлі де болса толық жетілмегендігі
арқылы түсіндіріледі, ал соңғы үшеуі - субъективті себептерге бай
ланысты, өйткені олар эпидемиологтың, лаборатория мамандары-
ның теориялық және төжірибелік деңгейлерінің төмендігіне немесе
266
осы мамандардың логикалық ойлау қабілстінің нашарлығы немесе
жоқтығына байланысты болады.
Енді осы аталған қателіктерге жеке тоқталайық.
Ғылымн білімдердің жеткіліксіздігі ең алдымен бүрын белгісіз бол
тан жүқдалы ауруларға, мысалы, соңгы жылдары ғана ашылған Пас
сата, Эбола-Марбург геморрагиялық қызбаларына, маймыл шешегіне,
АИВ-инфекциясына, легионеллезге жөне т. б. қатысты.
Сонымен қатар, тәжірибе көрсеткендей, жаңадан анықталған
аурулар туралы ғылыми білімдердің тез дамуының арқасында осы
қателер тез арада жойылып жатады. Мысал ретінде АИВ-инфекция-
сын айтуға болады. Осы науқас туралы алғашқы деректер 1980 жылы
жарияланды. Көп жыл өтпей-ақ оның қоздырғыш вирусы да, оның
құрылымы, биологиялық қасиеттсрі жөне тағы да толып жатқан бел-
гілері толық ашылды десе де болады. Диагноз қою әдістері де толық
шешілді. Тек, өкінішке орай, осы инфекцияның алдын алу шарала-
ры мен өзіндік емдеу жолдары өлі де анықталмай отыр.
Әрине, бүл жерде бүрыннан белгілі аурулар туралы біэдің біліміміз
толық деп айту да қиын, сондықтан диагноз қою барысындағы
қателерді тек осы жағынан түсіндіру дүрыс болмас. Мысалы, гепа-
титтің В түрінің көп таралуын тек бізге белгілі берілу жолдарымен
түсіндіру жеткілікті деп айту қиын немесе грипп вирусының өз
қасиетін соншалықты тез өзгертуінің себебі де толық анықталған
жоқ, сондықтан келесі эпидемия немесе пандемия қашан болады
жөне ол вирустың қай штамының түрімен байланысты деген жора-
малдар тек жорамал ретінде қалып қойып отыр. Әрине, ғылыми
ідцену, біздің бүгінгі жіберген қателерімізді азайту барысындағы әрекет
еш уақытта тоқталмайды. Бірақ өзірге белгілі әдістер мен ғылым-
ның жетістіктерін толық пайдалану осы қателерді болдырмауға не
месе азайтуға бағытталуы тиіс екендігін эпидемиолог мамандар ес-
тен шыгармауы қажет.
Паңдаланылган зерттеу әдістердің нашарлыгы (ақпараттардың
әлсіздігі) олардың сезімталдығы мен Төнділігінің төменділігімен бай
ланысты болуы мүмкін. Оған бірнеше мысалдар келтірейік. Бруцел
лез ауруының тек қана ауру малмен байланысты екені бәрімізге мөлім,
ал ауыл шаруашылық малдарының арасындағы осы науқасқа диаг
ноз қоюға тек қана бактериологиялық өдіс жеткіліксіз, өйткені бүл
267
өдістің мүмкіншілігі көп болганда 50 %-тен аспайды. Сонымсн қатар,
егер малга алдын ала вакцина егіліп қойылса (вакцина көп жағдайда
аурудан толық қорғамайды), серологиялық өдістер арқылы диагноз
қою да қиындайды. Сондықтан бірнеше әдістерді қатар пайдалану
қажет болады. Дөл осыңдай жағдай осы ауруды адамдар арасындағы
эпидемиялық процесті (инфекция көзін, берілу жолдарын жөне т. б.)
айқындау үшін де өжептәуір қиындыққа душар етеді. Бұл жерде
эпидемиологтың білімділігі мен логикалық салыстыру өдісінің жо-
ғарлыгы қажет: эпидемиологиялық жағдайды зерттегенде науқас-
тьщ клиникалық белгілерін де ескере отырып, эпизоотологиялық
ошақты мүқият тексеру керек, сонымен қатар тағы да басқа мөсе-
лелердің жиынтығына сүйеніп қана эпидемиологиялық диагноз қоюга
мүмкіншілік туады. Кейбір жағдайда малды тексеретін бактериоло-
гиялық өдістер теріс нөтиже берсе, хайуанаггар арасында бүл и н
фекция ж оқ деген қорытындыга келетіңдер де аз болмайды. Бүл
жерде өдістің нашарлығы мен эпндемиолог-маманның білместігі
қосылып, қисынсыз қорьпынды жасалуы мүмкін.
Тағы бір мысал келтірейік. Түйнемені (Сібір жарасы) бактероло-
гиялық әдіспен анықтау басты амал емес, өйткені науқастан алып
зерттелген материалда қоздырғыштың ж оқ болуы диагнозды өзгерт-
пеуге негіз бола алмайды. Тіпті антибиотикті пайдаланбаған кезеңде
де түйнеме микробын нақты осы науқаспен ауырған адамнан табу
мүмкіншілігі 50 %-тен аспаған, ал емдеу үшін антибиотикгі жиі кол-
дан ған кезеңде (көпшілік жағдайда науқастар өз бетінше антибио-
тиктерді бейберекет пайдалануы да мүмкін) бүл көрсеткіштің деңгейі
одан да көп төмендеді. Сондықтан эпидемиологтың тек қана бакге-
риологиялық зерттеудің теріс нөтижесіне сүйеніп, осы инфекция
ошағында түйнеме ауруы ж оқ деген қортындысы эпидемиология-
лы к диагноз қоюдағы үлкен қатесі болып саналады.
Соңғы кезде қоздырғышқа қарсы әр түрлі этиотроптық дөрі-
дөрмектерді (антибиотиктерді) бейберекет қолдану микробиология-
лык зерттеу нөтижесін көп жағдайда төмендеткенін есепке алу ке
рек. Бүл мәселе келесі тарауда толығырақ баяндалады.
Тіпті бірнеше рет қайталанған лабораториялық зерттеулердің теріс
нөтиже көрсеткендігі, мысалы, дизентерия, іш сүзегі қоздырғышта-
рын тасымалдаушысы деп күдіктенген адамдардан таба алмау осы
268
қоздырғыштардың жоқтыгын дөлелдемейді, өйткені микроб анда-
санда гана бөлініп шығуы мүмкін жөне дөл осы зерттеуге алынған
нәжісте оның болмауы да ықтимал.
Таты да бір ескеретін жай, ол — әр түрлі себептермен (зерттсу
өдісінің нашарлығы немесе маманның төжірибесінің жеткіліксіздігі,
зерттеуге алган материалда қоздырғыштың біркелкі бөлінбеуі жө-
не т. б.) микробиологиялық зерттеудің, қоздырғыш болса да, теріс
нөтиже беруіне өкеліп соғуы.
Сондықтан зерттеудің дүрыс нөтиже беруіне сүйене отырып, теріс
нөтижені де бағаламаудан сақ болу керек.
Тағы бір жағдайға көңіл аударған жөн. Лабораториялық зерттеу-
дің оң нөтижесі эпидемиологияда барлық жағдайда диагноз қоюда
маңызы болмауы мүмкін. Мысалы, кейбір зерггеушілер іш сүзегі
қоздырғышын осы инфекция ошағында болған төсек бүргесінен тап-
қан; қүтырумен ауырған иттің денесінен алынған кенеден осы инфек-
цияньщ қоздырғыш вирусын тапқан, бірақ бүрге мен кенениң осы қоз-
дырғыштарды таратуы эпидемиологиялық тұрғыда дөледденбеген.
Микробиологиялық зертгеудің кемшіліктері микробты өсіруге
арналган қоректік орталардың стандартна сай еместігіне де байла-
нысты болуы мүмкін. Мұндай жағдай вирустар мен клетка ішінде
өсіл дамитьш паразиггерді бөліп алу барысында жиі кездеседі. Соңгы
нөтиженің қоздырғыштарды табу үшін пайдаланылатын биосына-
маға алынған лабораториялық хайуанаттардың жеке сезімталдығына
және физиологиялық жағдайына да байланысты болуы мүмкін екенін
ескеру керек.
Иммунологиялық (серологиялық) зерттсу нөтижесінің сенімділігі
көп жағдайда пайдаланылған өдістер мен препараттардың стандарт-
тылығына, тәнділігіне, сезімгалдығына жөне түрақтылығьша тәуелді
болады. Осымен қатар өдістердің сенімділігі осы әдістерде қолданы-
латын химиялық реакгивтердің сапасына байланысты екенін естен
шығармау керек. Иммунологиялық зерттеу өдістері, мысалы, қарсы
дененің бар немесе жоқтығы, оныңдеңгейі, пайда болу мерзімі және
т. б. жағдайлар инфекциялық процестің даму ерекшеліктеріне, макро-
организмнің жағдайына, тіпті, қоршаған сыртқы ортаның өсеріне де
байланысты болатынын ескеріп отыру қажет. Дөл осындай жағдай эпи-
демиологиялық, энтомологиялық диагноз қоюда да ескерілуге тиісті.
269
Эпидемиологиялық диагноз қоюдағы субъективті қателердің
ішінен ерекше аталатыны — нақты жиналған деректердің сенімсіздігі
немесе толық еместігі. Осы себегггің салдарьшан диагноз қоюшы-
лықтьгң өзі қисьшсыздыққа ұшырайды. Нақты деректердің толық
жиналмауының себебінің салдары ретінде эпидемиологиялық мөні
бар мөліметтерді жинаудағы өдістемеліктің, жан-жақтылықтың,
бірінен соң бірінің болмауын атауға болады. Эрине, осы жағдай эпи-
демиологтың дайындығының нашарлығына, яғни эпидемиология-
лык өдістерді жақсы меңгермегендігіне немесе эпидемиологиялық
деректерді жинау бағытын анықтаудагы осы маманның субъективтік
көзқарасына байланысты болуы мүмкін.
Бүл қателіісгер коп жағдайда эпидемиялык ошакгы тексеруден
басталады. Эпидемиологиялық анамнез жинағанда ауырған адамға
немесе касындағы адамдарға сүрақты дүрыс бермеу, сүрақтың то-
лык қойылмауы және науқастың әдейі дүрыс жауап бермеуі де
кателіктердің көзі болып саналады. Мысалы, бруцеллезбен ауырған
адамнан анамнез жинағанда сырқаттанушылықтың себебі қайнатыл-
маған сүтті ішуге байланысты деген болжам жасалса және сүт сиырдікі
деген ғана жауап алынса, қойдың сүтін де ауру адамның ішкені анық-
талмаса, этиологиялық себепті анықтауда үлкен қателік жіберілгені
айқын. Осы түжырымньщ қателігінен инфекция қоздырғышының
көзі ретінде ірі кара мал деген қате қорытынды жасалады, ал шын
мөнінде инфекция көзі үсақ мал екендігі анықталмай қалады. Бұл
жерде науқастың ауыр немесе жеңіл түрде болғанын да еске алу
керек еді, мәселенің бүл жағы да ескерілмеген, сонымен қатар дүрыс
түжырымға лабораториялык өдіссіз де келуге болатыны үмыт кал
ган. Эрине, осы қателіктерді лабораториялық тексеру арқылы кейін
қоздырғыштың B.melitensis түрін анықтағанда ғана толык дөлелдey
re болады. Бірақ мүндай дәлелдеудің оңай емес екенін жоғарыда
айттық.
Кейбір жағдайда жиналған акдараттардың, дерекгердің шындыққа
жанаспауы да мүмкін. Мысалы, дифтериямен ауырған бала алдын
ала егілген еді деген маглүхмат та өтірік болуы мүмкін. Дөл осындай
“жалған жазу” арқылы хайуанаттар түйнемеге қарсы егілген болып
шыкса, оның диагноз коюда, әсіресе, инфекция көзін табуда біраз
қиыншылыққа соктыратыны сөзсіз.
270
Жинақталған деректердің толықтығы мен сенімділігінің табиғи
жөне әлеуметтік факторларды сипаттауда да маңызы зор екенін жөне
осы дерекгерге сүйеніп, эпидемиологиялық диагноз қойылатынын
сскерген жөн.
Жиналган деректерді топтастыру мен талдаудағы қателер көп
жағдайда осы деректерді сырқаттанудың мерзімі бойынша өңцеу бары-
сында пайда болады. Жиналган деректерді топтастыру сырқаттану-
шылықты басталған күнінен емес, оны есепке алған күннен жасал-
са, осы қате пайда болуы сөзсіз. Шындығында сырқаттанудың бас-
талуы мен есепке алу аралығында бірнеше күн, апта өтуі мүмкін.
Мүндай жағдай науқастың уақытында дөрігерге келмеуінен немесе
алғашқы көмек сүрап келгенде диагноз қоюда кеткен қатемен бай-
ланысты болуы мүмкін. Бүл жағдайда сырқаттану көрсеткіштерін
топтастыру тіркеу мерзімі аркылы жасалса, графикгегі сырқаттану-
шылықтьщ нақты динамикасы бүрмаланады, содан барып қате түжы-
рым жасалады.
Осы жағдай ІЗ-суретте (а) бейнеленген екі қисық сызық жалғыз
бүрқ еткен дизентерия инфекциясын сипаттайды; үзіліссіз сызықта
(1) сырқаттанудың есепке алған күнінен бастап көрсетілсе, пунктирлі
сызықта (2) сырқаттанудың басталу күнінен бастап сипатталады. Осы
жерде 2-ші қисық сызықта дизентерия инфекциясының бүрқ етуінің
басталуы, сырқаттанушылықтың ең жоғарғы деңгейі жөне басылуы,
сонымен қатар эпидемиялық процестің жалпы барысының айыр-
машылығы айқын көрсетілген.
Осы суретгің “б” бөліміңде екінші қате байқалады. Егер топтас-
тыруды бес күндік мерзіммен жасасақ (1), бүрқ етудің динамикасы
айқын көрінеді. (басталу мерзімі, жоғарылауы жөне төмендеуі), ал
әр күндік талдау жасасақ, осы графикте (2) бүрқ етушілік динами-
касының айқын еместігі байқалады.
Кейде салыстырмалы (100, 10 000,100 000 адамга шаққан) әдістің
орнына, абсолюттік немесе экстенсивтік көрсеткіш пайдаланылып
талдау жасалса, эпидемиологтың шатйсуы мүмкін. Мүндай қате сыр-
қаттанушылықты әр түрлі халықтар топтарында талдағанда жиі бо
лады. Бүл жерде өр топты халық санының мөлшерінің айырма-
шылыгы көрсеткішке өсер ететіні еске алынбағандықтан, осы қате
пайда болады. Мысалы, дифтериямен сырқаттанудың экстенсивтік
271
00
күцдер
(b)
13-сурет. Дизентерия инфеюшясыньщ қаулап, ершу динамнкасыньщ графил:
а) есенке алу күні бойынша (1), нақты сырвдттанған күні бойынша (2);
б) бес күндік бойыняіа топтаетырылган (2).
Ординат осінде сыркаттангандардыц саны көрсстілген
272
көрсеткіші салыстырмалы А және Б ауданында бірдей болғанымен,
осы аудандагы халықтың саны бір-бірінен көп айырмашылықта болса,
онда салыстырмалы көрсеткіш те өр түрлі болады. Дөл осыңдай айыр-
машылық халықтың санына қарай екі мекемеде екі түрлі болады
(салыстырмалы көрсеткіш), ал экстенсивті көрсеткіш бұл айырма-
шылықты анықтамауы мүмкін. Осы нәтижеге байланысты қауіп-
қатер факторының қайда басым екенін табу қиынға түседі.
Мұндай қателіктер экстенсивті көрсеткіштерді бір қаланьщ өр
түрлі кіші аудандарындағы сырқаттанушылықты салыстырғанда да
байқалады. Дөл осындай жагдай өр түрлі жас топтарында, жасөспі-
рімдердің яслиге, бала бақшаға баруына немесе бармауына байла
нысты салыстырып талдағанда жөне т. б. топтарда болуы ықтимал.
Сондықтан тек стандартталған көрсеткіштерді талдаганда ғана на-
қты жағдайды анықтауға болады.
Сырқаттанушылықтың орташа көрсеткіштерін халықтың тура-
тын жерін немесе олардың өйтеуір бір кіші ауданда жинақталғанын
ескермей талдау да қате корытындыға өкеліп соғуы мүмкін.
Эпидемиологи яда диагноз қоюдағы үлкен кателіктердін бірі логи-
калық қате болып табылады. Дүрыс емес ой түю жөне жи налган
объективті дерекгерге сүйеніп дүрыс қорытынды жасай алмау осы
қателерге себеп болады. Жеткіліксіз деректердің негізінде немесе
кездейсоқ жөне маңызы жоқ белгілерге сүйеніп, асыгыста жасалған
қорытынды логикалық қатеге соқтыруы мүмкін. Мысалы, бір отба-
сыңда болтан улану инфекциясын тексеру барысыңца бүл үйдегілердің
бәрі бөлме температурасында екі күн сақталған салатгы жегендері
анықталды. Осының негізінде эпидемиолог дөл осы тагам улану
инфекциясына себеп болды деген түжырым жасайды. Бірақ отба-
сындагы алты адамның тек үшеуінің ғана науқастанганына жөне тек
ауырган үш адамның сол шақта қаланың сыртында демалыста бо
лып, сол жердегі кафеден тамақтанганына көңіл аудармаган. Егер
эпидемиологиялық анамнез толық жиналғанда осы уланушылық-
тың себебі туралы басқа қорытынды жасауга болатын еді.
Осы мысалдың өзінен-ақ тек жан-жақты, толық жөне мүқият
жиналган эпидемиологиялық деректерді зерттегеннен кейін ғана
эпидемиологтың диагностикалық қорытынды жасауга қақысы бар
екені айқын аңғарылады.
273
Егер эпидемиолог “осыдан кейін, демек осының себебі болады”
деген принциппен ойлап, себептік байланысты тек болған жагдай-
дың хронологиялық тіркелуі арқылы іздесе, логикалық жагынан қате
қорьггынды жасайды, ал шын мөнінде осы жағдайлар бір-бірімен
себеп-салдарлық байланыста болмауы мүмкін. Мысалы, күндіз тұннің
алдында болады, бірақ ол оның себебі емес қой, жаз коктемнен кейін
болады, бірақ ол да себеп.емесж внеліхм яғни бір-бірімен себептік-
салдарлық байланыс жоқ. Дөл осыған ұқсас мысалдарды эпидемиб-
логияда да келтіруге болады. Кеміргіш тышқандардың көбеюі де,
осылардың арасында туляремия эпизоотиясының болуы да эпиде-
мияның себебі бола алмайды, өйткені осы эпизоотия табиғи ошақ-
тың шеңберінде ғана өтеді, ал адам популяциясы табигатта өтіп жат-
қан кеміргіштердің эпизоотиясымен қарым-қатынаста болғанда ғана
эпидемия болуы мүмкін. Тек осындай өзара өрекеттестіктің салда-
рьшан адамдар арасында туляремияның нақты эпидемиялық процесі
пайда болады.
Ұқсас нөрсені (қүбылысты) дүрыс салыстырмау логикалық қа-
тенің тағы бір себебі больш саналады. Зерттеу кезіндегі анықталган
кейбір белгілерді бүрыннан белгілі жағдаймен салыстыру процесін
дәлелденген тұжырым деп қорьггындыламай, әрқашанда тек мүмкін
болған үқсастық қана деп санау керек және осы қорьггынды қосым-
ша тексеруді қажет ететінін ойдан шығармау керек. Мысалы, дизен
терия инфекциясының бүрқ етпе түрінде дамуын эпидемиолог та-
ғаммен байланыстырады. Бірақ осыган үқсас эпидемиялық процесс
тагаммен де, сумей де байланысты болуы мүмкін, өйткені қоздыр-
ғыш су арқылы да, тагам арқылы да беріледі. Сондықтан қоздыр-
ғыштың тек бсрілу жолдарын білгенде ғана нақты эпидемиялық бүрқ
етудің түрін анықтауға болады.
Қорыта келгенде, эпидемиологиялық диагноздың дүрыстығына
кепіл бола алатын қажет деректерді белгілі мақсатпен және толық
жинау, оларды дүрыс талдау жөне эпидемиологиялық ойлау заңцы-
лықтарьш қатаң сақтау арқылы түсіндіру қажет.
Жоғарыда атап өткеніміздей, эпидемиологиялық диагноз қою
кезінде эпидемиолог-маманның қателесуге қақысы жоқ. Егер кли
ницист маманның қатесі ауырған бір адамның денсаулығына қатыс-
ты болса, эпидемиологтың жіберген қатесінің қүны әлдеқайда жо-
274
ғары, өйткені ол ондаған, жүздеген адамдарды жүқпалы аурулардан
сақтап қалу мүмкіншіліктсрін дөл уақытында, сол жерде, сол ин
фекция ошағында тиімді пайдаланып, түрғындардың, ұжым мүше-
лерінің қауіпсіздігін жогары деңгейде жөне дүрыс қамтамасыз ете
білуі тиіс. Сондықтан эпидемиологиялық төжірибе қажет. Эпиде-
миологқа байқағыштық, сезімталдық, ойлаудың аналитикалық-
синтетикалық түрін меңгеру сияқты қасиеттер керек-ақ.
Л. В. Громашевский (1965) айтқандай, эпидемиологиялық диаг
ноз қою процесі де творчествалық жұмыс сияқты, ол белгілі мөлшерде
бір шамада өнерді қажет етеді.
Өз бетінше дайындалуеа арналган сүрақтар
1. Эпидемиологиялық диагноз қоюдагы қателіктердің турлерін атаңыз.
2. Объективті себептермен байланысты қателерді нақты мысалдар
келтіріп, талдаңыз.
3. Субъективті себептерге байланысты ушырасатын қателерді жеке мы
салдар келтіріп тусіндіріңіз.
4. Эпидемиологиялық диагноздың дурыстыгын дәаелдейтін факторларды
атаңыз, мысалдар келтіріңіз.
18-тарау
Ж ҰҚПАЛЫ АУРУЛАРДЫ ЛАБОРАТОРИЯЛЫ Қ
АН Ы ҚТАУДЫ Ң КО Н Ц ЕП ТУАЛДЫ Қ ПРИН ЦИПТЕРІ М ЕН
Достарыңызбен бөлісу: |