Міреев, Ж. Темірбеков эпидемиология Жалпы эпидемиология 1 т о м алматы жоғары аттестациялық комиссияның баспа орталығЫ 2000


Эпидемиологиялық диагноз қоюдың осы мақсаттары бір-бірімен



Pdf көрінісі
бет20/46
Дата06.03.2017
өлшемі31,46 Mb.
#8194
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46

Эпидемиологиялық диагноз қоюдың осы мақсаттары бір-бірімен 

байланысты  болады  жөне  эгшдемиологиялық зерттеу өдістерін  пай- 

далану  негізінде  олар  қисынды  жүйелік  багытпен  шешіледі.

Эпидемиялық процестің көрінуі өртүрлі салыстыру әдістерді кол- 

дану  арқылы  зерттеледі  (кітаптың  3-тарауында  көрсетілген).  Осы 

кезенде қауіп-қатер факгорлары туралы болжам ұсынылады. Бүл бол- 

жам науқастьщ кейбір клиникалық белгілеріне, ауру туралы теория- 

лык  деректерге  сүйеніп  үсынылады,  яғни  эпидемиологиялық  бол- 

жамды қүрастыруда алдымен қауіп-қатер факторы да, ғылыми дерек- 

тер де  нсгіз болады.  Олар  өрқашанда орнын  ауыстырып  түрады.

Эпидемиологиялық болжам эпидемиологиялық диагноз қоюдағы 

ойлау  процесінің  нәтижесі.  Бүл  екі  бірдей  процесс  жөне  екі  багыт- 

тагы  процесс:  1)  нақты  эпидемиялық  процестің  көрінісі  негізінде 

болжам түжырымдалады жөне  ол ғылыми деректермен дөлелденеді; 

2)  гылыми  деректердің  негізінде  болжау  түжырымдалады  жөне  ол 

нақты  эпидемиялық  процестің  көрінісімен дөлелденеді.

Түжырымдалған  болжауды  дөлелдеу  жауапты  және  көп  еңбекті 

қажет ететін жүмыс.  Ол эпидемиологияның талдау өдістерін  қолда- 

ну аркылы іске асады.  Көп жағдайда эпидемиологиялық болжау жа- 

нама түрде болады.  Эпидемиологтьщ диагноз қою жүмысында кейде 

индукция  өдісінен  гөрі дедукция әдісі  басым  болады.  Көптеген бас­

ка мамандармен салыстырғанда, эпидемиолог ойлау аркылы “көреді”. 

Мысал келтірейік: көп жылдар бойы қайталама бөртпе сүзегінің эпи- 

демиологиялық “көрінуін”, тіпті,  эпидемиолог мамандар да мойын- 

дамады.  Оған  себеп  -   лабораториялык  өдістермен  Провачек  рик- 

кетсиясын  дені  сау  адамның  организмінен  табу  мүмкін  болмаған- 

дығы  еді.  Тіпті,  осы  қоздырғышты  табу  (немесе  таппау)  эпидемио- 

логиялық негіздеусіз еш нөрсені дөлелдемейді.  Осы жағдайда эгтиде- 

миологиялық қисынының (логика) лабораториялык зертгеудің нөти- 

жесінен  өлдеқайда күнды екені байқалады.  Бүл қағида ішек аурула- 

рының су, тагам, түрмыстык-жанасу жолдарымен жүғатынын,  оның

234


эпидемиологиялық  негіздеу  арқылы  дөлелденетінін  көрсетеді 

(көпшілік жағдайда  ішек ауруларының  қоздырғыштарьш лаборато- 

риялық өдістермен анықтау қиын екені баршамызға айқын). Әрине, 

жалпы  жағдайда  эпидемиологиялық  деректің  лабораториялық 

мөліметпен сөйкес келуі дөлелдеудің ең жоғарғы деңгейі болып сана- 

латыны  сөзсіз.

Эпидемиялық  процестің  көрінісін  болжау  барысында  күрделі 

шымшытырық себеп-салдарлық байланыстың ішінен ең басты себепті 

тауьш,  осы  себепке  тиімді  өсер  ету  арқылы  сырқатганушылықты 

болдьфмау немесе оның деңгейін төмендету өте маңызды болып та- 

былады.  Қауіп-қатср факторының сьфқаттанушылыққа өсерін табу 

эпидемиялық  процсстің  функциялық  байланысьш  табу  деген  сөз. 

Осы байланысты табу арқылы тиімді өрекет етуте болады.  Мысалы, 

әйтеуір бір табиғи ошақтьщ сырқаттанушьитықпен байланысын табу 

табиғи  ошақты  жою  деген  мағьшаны  білдірмейді,  өйткені  ол  мүм- 

кін  емес.  Сондықтан  басқа  баламалы  жол  іздеу  керек  (аддын  ала 

иммундау,  табиғи  ошаққа  шыққаңца  өр  түрлі  сақтану  шараларын 

күшейту және т.  б.).

Функциялық байланысты анықтау эпидемиолог-маманның жалпы 

жөне жеке эпқдемиологияның теориялық өдісгемелік дайындығына 

байланысты.

Болжамды далелдеу  эксперименттік  эпидемиологиялық  әдістср 

арқылы  жүзсгс  асады  (3-тарауды  қара).  Әрбір  нозологиялық түрде 

эпидемиологиялық диагноз қоюдың өзіңдік жеке ерекшеліктері бар. 

Бірақ  барлық  жағдайда  эпидемиологиялық  диагноз  қою  екі  өдіс 

арқылы жүзеге асады. Олар -  жедел эгшдемиологиялық диагноз қою 

жөне ретроспективті диагноз қою.  Бүл ерекшеліктер мен пайдалану 

уақытын жоғарыда айтгық.  Бүл жерде тагы да қайталап айтатын бір 

жай бар, ол — осы диагнозға сүйеніп, алдын алу шараларын белгілеу. 

Бүл әрекет қауіп-қатер факторларын толық анықтау арқылы жүзеге 

асады.  Ол  эпидемиологиялық  диагноз  коюдың  басты  мақсаты 

болып саналады.

Клиникалық  диагноз  негізгі  үш  бөлімнен  түрады:  семиотика 

(семиология),  дәрігерлік  техника  жөне  дөрігерлік  қисьшды  ойлану 

(В. X. Василенко,  1959). Эпидемиологиялық диагноз қою да дөл осын- 

дай  үш  бөлімнен  қүралады  (21-кесте).



235

21

 

-кссте.  Клмникалык  жэне  эпидемиологиялык  диагноз  қоюдыц 



салыстырмалы  түрлері

Белгілері

Анық-

тамасы


Семио­

тика


Диагноз 

қою тех- 

никасы

Диагноз


қоюдағы

ойлау


Клиникалық диагноз  қою

Эпидемиологиялык диагноз  қою

Індетгін  пайда болу себебін, 

механизмін, дамуын  ғылыми 

деректерге  сүйеніп,  клини- 

калық  өдістермен  зерттеу 

нөтижесінде  науқастың 

түрін  жөне  аурудың жағ- 

дайын  анықтау.

Аурудың  белгілері  және 

олардың түріне,  орнына, 

уақытқа  карай таралуы.

Аурудан  анамнез жинау, 

қарау,  клиникалық,  аспап- 

ты к жөне лабораториялық 

өдістермен  зерттеу.

Аурудың түрін,  науқастың 

жағдайын болжау арқылы 

дөледдеу барысыңда  пайда- 

ланатын  кисынды  ойлау 

процесі.

Сыркаттанудың  пайда болу  себебін, 

жағдайын,  механизмы  жөне  таралуын 

гылыми  деректерге  сүйеніл  жөне 

эпидемиологиялык өдістермен  зерттеу 

нэтижссіңде халықтьщ эпидемиологиялык 

жағдайьга, сырқатганушылықтың көрінісін 

анықтау.


Эпидемиялық  процесті  силаттайтын 

белгілер  (сыркаттанушылықтың  көрсет- 

кіші,  көрЫістері,  қай  халык тобында, 

қаш ан,  қай  аумакта,  т.  б.)  жөне  олардың 

диагноз коюдагы  маңызы.

Халыктьщ эпидемиологиялык  жагдайын 

сипаттайтын  матери алдарды  жинау, 

статистикалык біріктіру жэне топтастыру; 

жеке  жөне  топталған сыркаттануды 

эпидемиологиялык тексеру,  наукастан 

анамнез  жинау,  лабораториялык. тексеру 

жүргізу, сыртқы орта объекплерш тексеру 

жэне лабораториялык эерггеу жүрпзу, яғни 

эпидемиологиялык диагноз кою барысында 

колданылатын амалдар  мен  өдістердін 

жиынтыгы.

Эпидемиологгың  кәсігггік  кызметіне 

байланысты ерекше озіндік ойлау процесі. 

Эпидемиялық  процестің  көрінісін  сипат- 

тау  үшін  обьективті  жөне  субъективті 

маглүматтардың жиынтығын  кисынды 

ойлау арқылы эпидемиологиялык диагноз 

коюға  пайдалану.

Енді  эпидемиологиялык  диагноз  қоюға  байланыеты  21 -кестеде 

көрсетілген  бөлімдерге тоқталайық.

Эпидемиологиялык семиотика. Клиникалық медицинада алғашқы 

ұғымдар  -   “симптом”  (аурудың белгісі),  “синдром”  (бірнеше  ауру 

белгілерінің ортақ көрінісі),  “симптомокомплекс”  (аурудың белгіле- 

рінің  жиынтыгы)  ежелден  тарихи  түрде  қалыптасқан.  Эпидемио- 

логияда  мүндай  түсініктер  әлі  нақты  қалылтаспаған  жөне  жүйелен- 

беген.  Дегенмен  клиникадағы  семиотика  немесе  семиология  (гр.

236


semeion  —  бслгі,  яғни  аурудың  клиникалық  белгілері  туралы  ілім) 

дегсндей үғымдар эпидемиологиялық диагноз қоюда да пайдаланы- 

луы керек.  Эпидемиологиялық семиотика дегеніміз — эпидемиялық 

процестің белгілері (көрсеткіштері, көрінісі, параметрлері) жөне олар- 

дың диагноз  қоюдағы маңызы туралы  ілім.

Эпидемиологиялық белгілер дегеніміз — осы ошақтағы адамдар- 

ға  қауіп-қатер  тудыратын  инфекция  қоздырғышының  көзін,  қоз- 

дырғыштың берілу жолдары мен факгорларын сипаттайтын өрқилы 

параметрлердің  жиынтығы.  Уақыт  бойынша,  аумақтағы  таралуы 

бойынша жөне әрбір халық топтарының арасындагы көріністері бой­

ынша  сипаттайтын  интенсивті жөне  экстенсивті  көрсеткіштер  эпи- 

демиологиялық жағдайды тексергенде  эпидемиялық процестің бел- 

гілері  (“симптомы”)  болып  саналады.

Осы белгілер, шын мөнінде, тексерілетін жердегі белгілі бір уақыт 

мезгіліндегі,  өр  түрлі  халық топтарындагы  эпидемиялық процестің 

биологиялық  (экологиялық)  және  әлеумеггік  жүйелерінің  өзара 

өрекеттестігінің сипаты мен қарқынының қорытылған көрсеткіштері 

болып саналады.

Осыған қоса, эпидемиологиялық себептерге паразитарлық жүйе- 

нің жащайын тура сипаттайтын көрсеткіштер де, яғни паразиттің өніп- 

өсу  құрамы  және  оның  биологиялық  иесі,  сонымен  қатар  табиғи- 

өлеуметтік  факторлардың  жағдайын  сипаттайтын  жөне  паразитар- 

лық жүйенің қүрамдарының өзара қимыддарының сипаты мен қар- 

қынын  анықтайтын  көрсеткшггер де жатады.

Клиникалық  медицинада  қолданылатын  “синдром”,  “симпто- 

мокомплекс”  сияқты  эпидемиялық  процестің  көріністерінің  өзара 

байланысын,  өзара  багыныпггылығын  сипаттайтын  белгілерді  эпи- 

демиологиялық  синдромдар  деп  атауға  болады.  Мысалы,  аурудың 

балалар тобыңда таралғаны олардың үйымдастырылган балалар үжы- 

мына баратынына жөне  бармайтынына  байланысты зертгеледі.

Эпидемиологиялық  синдромды  бүрыннан  қалыптасқан  статис- 

тикалық көрсеткіштерді пайдалану арқылы анықтауға болады.  Ста­

ти стикалық  көрсеткіштер  эпидемиялық  процестің  сандық  (оның 

үзақтығы, ыргағы, қарқыны) жөне сапалық (өзара байланысы, қаты- 

насы)  белгілері  арқьілы сипатталады.

Эпидемиялық процестің сандық  белгілері:

237


•  сырқаттанушыльіқтың  (тасымалдаушылық,  дерт  қауіптілігі, 

өлім-жітім)  деңгсйі;

•  сырқаттанушылықтың  (тасымалдаушылық,  өлім-жітім)  даму 

түрі  (динамикасы);

•  осы  көрсеткіштердің  жыл  ішіндегі  таралу  түрі  (маусымдық 

жоғарылауының қарқыны);

•  инфекцияньщ ошақтық көрінісі (пайда болған уақыты, бір мез- 

гілде пайда болтан ошақтардың саны, олардың даму мезгіддері, ошақ- 

тардың  бір  науқасты  жөне  көп  науқасты  болып  бөлінуі).

Эпидемиялық процестің сапалық белгілеріне аурудың, тасымал- 

даушының,  өлгендердің бөлінуі жатады.  Олар  былай бөлінеді:

•  аумақтар  бойынша  (зерттеу  мақсатына  қарай  — өлем,  мемле- 

кет  деңгейі  немесе  оның  жеке  аймағы,  республика,  облыс,  аудан, 

тіпті,  бір  түрғындар  мекендері);

•  қаладағы  жөне  ауыддағы  халықтар арасы  бойынша;

•  өр түрлі жас топтары  бойынша;

•  жыНысына  қарай;

•  өр түрлі кәсіптік топтар бойынша (көсібіне қарай біріктірілген 

немесе  жүмыс  орындарын  есепке  ала  отырып  сарапталған  науқас- 

тардьщ  саны;  үйымдастырылған  балалар  мекемелеріне  байланысты 

немесе  үйымдастырылмағандығы, т.  б.).

•  халықтың  түрмыстық,  үлтгық  жөне  басқа  да  топтарындагы 

тарауы  бойынша.

Бүл  жерде  дидактикалық  тәсіл  заттардағы,  қүбылыстардағы, 

процестердегі байқалган сандық жөне сапалық өзгерістерді сан және 

сапа жағынан тығыз  байланыстырған  өзара  іс-әрекеттестігі  арқылы 

талдау есте болуы керек. Демек, затгың сапасы оның сандық нақты- 

лануына байланысты. Сондықтан санды жеке белуге болмайды, бірақ, 

солай десек те, сандық өзгерістерді сапа қүбылысымен байланыссыз 

қарау дұрыс емес. Саңдық өзгерісгер сапатажеткізеді жөне, керісінше, 

сапалық өзгерістер  осыган сай  сандық өзгеріске жеткізеді.

Осыган қарамасган, қазіргі кезде айқыңдала түскен нөрсе, бүрын- 

нан  қалыптаскан  статистикалық  мөліметтер  (яғни  сырқаттанушы- 

лықтың көрсеткіпггері, өлім-жітім, т.  б.) эпидемиологиялық қадаға- 

лаудың  табиги  элементтері  болып  саналғанымен,  олар  өз  бетінше 

керек мағлүматтар ретінде эпидемиологиялық диагноз қоюға жеткі-

238


ліксіз.  “Ақпараттық  қамтамасыз  ету”  деген түсінік ешқашанда  ста- 

тистикалық мағлүматтармен шектелмейді, өйткені ең басты мөселе — 

аурудың  қалай,  неге,  қайдан  пайда  болганын  олар  анықтай  алмай- 

ды.  Аурудьщ  пайда  болу себептерін  зерттемей,  нақтылы  эпидемия- 

лык процестің биологиялық негізінсіз (оның паразитарлық жүйесін- 

сіз) хөне оның өлеуметтік-экологиялық ортасынсыз статистикалық 

көрсеткіиггерді  бағалау  дұрыс  емес.  Тек  аурудьщ  пайда  болу  жағ- 

дайы  мен  себептері  ғана  індетке  қарсы  шараларды  жүзеге  асыру 

жолдарын  көрсетеді.  Сондықтан  эпидемиологиялық  корсеткіштер- 

ді жинау жөне талдау жұмыстарында жан-жақты қарастырудың  ма- 

ңызы  зор.

Осыған  байланысты  эпидемиологиялық  жагдайды  талдауда 

эпидемиологтың жинаған өр түрлі көптеген материалдарымен қатар, 

санитарлық-эпидемиологиялық және басқа да мекемелердің мағлү- 

матгары  ақпараттық  негіз  болып  саналады.  Ондай  мағлұматтарға 

төмендегілер жатады:

•  санитарлық-эпидемиологиялық  мекеменің  есеп  беру  қүжат- 

тары;


•  сырқаттанушылық  жөне  оны  жою  немесе  шектеу  туралы 

кезексіз берілген хабарлар туралы мөліметтер;

•  ошақты  эпидемиологиялық тексеру картасы;

•  белгілі топтардағы диспансерлік бақылаудың нөтижесі туралы 

мөліметтер;

•  қолданып жүрген бұйрық пен нұсқаулардың орындалуы тура­

лы тексерудің нөтижелері;

•  науқасты  лабораториялық  зерттеудің  нөтижесі  және  сыртқы 

ортаны  (топырақ,  су,  тағамдар,  қансорғыш  буынаяқгылар)  лабора- 

ториялық тексерудің  нәтижесі туралы  маліметтер;

•  эпидемиологиялық  мәні бар объектілерді санитарлық тексеру 

туралы мөліметтер (су қоймалары, тамақтанатын орын, тамақ өндіру 

орындары,  балалар мекемелері,  ауруханалар,  базалар,  т.  б).

Эпидемиялық  процестің  морфологиялық  жөне  функциялық 

қүрылымы  эпидемиологиялық талдаудың  құрылымын  анықтайды. 

9-тарауда келтірілген эгшдемиялық процестің барлық деңгейлеріндегі 

себеп-салдарлық байланысты ашу эпидемиологиялық диагноз қою- 

дағы қазіргі талап деуге  болады.

239


Эпидемиологиялық жағдайды бүлайша талдау төмендегі мөселе- 

герді текссруді  қажет етеді.

1.  Әлэкожүйе деңгейінде:

•  сырқаттанушылықтың,  тасымалдаушылықтың,  жүмыс  қабі- 

тетгіліпнен  айырылудың,  өлім-жітімнің,  уақыт бойынша  (жылдық, 

айлық,  апталық,  күндік)  көрсеткіштерінің  жөне  бағытының  дина- 

микасы, олардьщ аумақта, әр түрлі халық топтарында (қала мен ауыл- 

да,  әр түрлі  жас пен  көсіптік топтарда,  т.  б.)  бөлінуі;

•  эпидемиологиялық мөні бар әлеуметгік қүбылыстардың дина- 

микасы  (мысалы,  табиғи  демографиялық  жылжуы  жөне  халықтың 

миграциясы,  көсіптік  қызметінің  өзгеру  түрі  мен  қарқындылығы, 

санитарлық-гигиеналық  жүмыс  және  түрмыс  жағдайларының  на- 

шарлауы,  сумен  жөне тағаммсн  қамтамасыз  студі  үйымдастырудың 

нашарлығы,  т.  б.);

•  алдын алу мен індетке қарсы атқарылатын шаралардың сапасы 

мен  тиімділігі.

2.  Экожүйе деңгейіңде:

•  паразит  популяциясының қүрылымы;

•  халықтың иммундық қүрылымы;

•  иелер популяциясы мен буынаякты тасымаддаушылардьщ саны, 

биологиялық сипатгамасы жөне  залалданғандыгы;

•  сыртқы  ортаның  абисггикалық  объектілерінің  қоздырғышпен 

үрықтанғандығы;

•  эпизоотикалық процестің динамикасы  (зооноздарда);

•  табиғи  факторлардың  жағдайы  (ауа  райының,  судың,  топы- 

рақтың,  т.  б.);

3.  Организмдік деңгейде сырқатганудың басым клиникалық тур­

лер ін,  ауырлығы  мен аяқталуы тексеріледі.

4.  Клеткалық деңгейде  байқаудағы  ауру  қоздырғышынъщ  био- 

логиялық қасиетінің динамикасы зерттеледі (оның вирулентгігі, уыт- 

тылығы,  ферменттік белсенділігі,  фаго- жөне серотитптк сипатгамасы, 

дөрі-дөрмекке,  сыртқы  ортаға төзімділігі,  т.  б.).

5.  Субклеткалык  (молекулярлық)  деңгейде  таралған  паразит 

иггамдарының  молекулярлық-генетикалық  сипаттамасы,  сонымен 

қатар халықтын иммундык статусының генетикалық себептері зерт- 

теледі.


240

Эпидемиялық  процестің осы  деңгейлсрі  бойынша  жинақталған 

өр түрлі көптеген деректер эпидемиологтың қолында (деректер бан- 

кісі)  топтастырылады,  оларды  басқа  да табиғи-өлеуметтік  мөлімет- 

тердің динамикасымен  салыстыру арқылы толық  эпидемпиология- 

лық диагноз қоюға болады. Осындай хан-жақты толықтырылған эпи- 

демиологиялық диагноз  алдын  алу  мен  індетке  қарсы  шаралардың 

стратегиялық жөне тактикалық бағытын анықтауға жөне ғылыми дә- 

лелденген эпвдемиологиялық болжамның негізін жасауга көмектеседі.

Эпидемиологиялық  деректсрді  топтастырудың  екі  өдістемелік 

тәсілі болады. Біріншісіңце контрастық мөні бар көрсеткіштерді сріксіз 

бөлінген уақыт бөлігіңде немесе халық топтарында (мысалы, өр түрлі 

жас  пен  көсіптік топтарда)  және  осының  негізінде  тұжырымдалған 

болжам жасалады.  Екінші жағдайда алдын ала түжырымдалған бол- 

жауды негізге ала отырып, топтастыру жасалады. Осы топтарда жүр- 

гізілген  салыстыру,  талдау  арқылы  алынған  деректер  жаңағы  бол- 

жаудың дүрыстығын немесе  қателігін далелдейді.

Кейбір  жағдайда  дерекгерді  топтастыруды  барлық  мүмкін  бол­

тан  белгілері  арқылы емес, тек зерттейтін жағдайга ең маңыздысын 

(“индикаторлық”)  пайдаланып жүргізген дүрыс.  Бұл пайдаланылған 

деректердің  мөлшерін  қысқартуға  мүмкіндік  береді,  ең  бастысы  -  

эпидемиологиялық диагноз қоюдың мерзімін қысқартады.

Эпидемиологиялық белгілерді дөлелденген жөне  мүмкін  болтан 

(қосымша) деп белуге болады.  Мысалы, дәледденген белгілерге жа- 

татындар:

•  инфекция  көзінен  және  сонымен  бірге  болтан  адамдардың 

арасынан  берілу механизма жүзеге  асатын  мүмкіншілік болтан жағ- 

дайда,  үқсас  этиологиялық агентті табу (өр түрлі маркерлік қасиеті 

бойынша);

•  берілу факторларынан  (тасушыдан)  жөне осы фактордың іске 

асу қимылынан  ауыртан адамнан  үқсас  этиологиялық агентті  (қоз- 

дыргышты)  табу;

•  ортақ  инфекция көзінде  немесе  ортақ факгорларда  (тагам,  су 

жөне  т.  б.)  қоздыргыштың  болуына  байланысты  бір  аурумен  ауыр­

тан  адамдардың бірге  болуы;

•  қоздыртыш көзінің қасында болтан адамдар арасында инкуба­

ция  кезеңі  мөлшерінде  үқсас  науқастың екінші рет пайда болуы.

241


Дөлелденген  белгілерімен  қатар  мүмкін  болған  белгілерді де  ес- 

тен  шығармаған  жөн.  Оларға,  мысалы,  су  арқылы  болған  ішек  ин- 

фекциясының эгіидемиясын осының алдында су тарату жүйелерінде 

болған апатпен байланыстыру; трансмиссивтік инфекцияларда олар- 

дың қоздырғышын қансорғыш буынаяқты тасымаддаушыньщ көбеюі- 

мен байланыстыру; дәл осы зоонозды инфекцияньщ қоздырғыш көзі 

болып саналатын кеміргіштсрдің санының көбеюімен жөне т. б. бай­

ланыстыру жатады.

Эпидемиологиялық  диагноз  қою  техникасы.  Әпидемиологиядагы 

диагноз қою техникасы дегеніміз диагноз қою барысында қолданы- 

латын төсілдер  мен  өдістердің қортындысы  болып табылады.

Эпидемиологиялық  диагноз  қою  процесі  екі  кезенді  қамтиды: 

эпидемиологиялық талдау жөне жинақтау.

Талдау дегеніміз (ip. analysis -  ажырату, тарату, бөліп-бөліп жіберу) 

затгы (қүбылысты, процесті) қүрайтын бөлшектерді (белгілерін, қа- 

сиетін, қарым-қатьшасын) бөлу арқылы зерттеу өдісі. Жинақтау (гр. 

sinthesis -  бөліктерді қайта жинау, біріктіру) — тексеретін затты (қүбы- 

лысты,  процссті)  қайта жинақталған  біртүтас  күйінде  зерттеу.  Тал­

дау мен жинақтау түсінігі тұтас процесс,  сондықтан  эпидемиологи- 

ялық зерттеуде  оны  “талдау”  деген  бір үғым  ретінде пайдаланады.

Эпидемиологиялық  талдау*  дегеніміз  эпидемиялық  процестің 

ерекшеліктерін  тексеру  эрны  мен  уақыт  жағдайында  сипатгайтын 

ең толық жөне дөл белгілерін анықтау үшін жеке-жеке эпидемиоло- 

гиялық  деректерді  бір  жүйеге  келтіріп,  статистикалық  әдістермен 

өңдеу болып табылады.  Бүл кезеңнің негізгі мақсаты -  эпидемиоло- 

гиялық жағдайдың  қарқынын,  бағьггын  жөне  шапшаңдыгын уақыт 

бойынша  (жылдық,  айлық,  апталық,  т.  б.),  аумақта  және  әр  түрлі 

топтарда орын  алғанын,  сонымен  қатар  осы  қүбылыстарга  эсер  ет- 

кен табиғи-өлеуметгік факторларды  бағалау.

Аудандық, қалалық, облыстық жөне республикалық санитарлық- 

эпидемиологиялық  станциялардың  (СЭС)  дөрігер-эпидемиологга- 

рының “Мамандық -  қызмет талаптары”  (МҚТ) деген нүсқауы бой­

ынша  эпидемиологиялық  қадағалау  жүмысын  атқару  барысында

Эпидемиологиялык талдаудың өдістемелік жақтары  алдыңгы тарауларда толық 

баяндалған.

242


эпидемиолог қызметіне  байланысы  нақты міндеттерді шешуі  керек. 

Ол  міндеттерге  жүқпалы  ауру  (тасымалдаушы)  оқиғасы  туралы  ха- 

барламага  баға  беру,  өсіресе  аумақтағы  қоздырғыш  штамдарының 

жайылуына жөне  сырқаттанушылықтың этиологиялық  құрылымы- 

на,  халықтың  иммундық  қүрылымына,  қоршаған  ортаның,  эпиде- 

миологиялық  маңызы  бар  объектілердің  санитарлық-техникалық 

және санитарлық-гигиеналық жайына,  жөне т.  б.  баға беру жатады.

Осыған байланысты эпидемиолог аурудың интенсивті көрсеткіш- 

терін есептейді, қазіргі ауру деңгейіиің өткен жылдың осы мезгілшдегі 

көрсеткіштерімен салыстыргандағы айырмашылығының мөнділігіне 

баға  береді.  Ол  адамдардан,  хайуанаттардан  жөне  буынаяқты  тасы- 

малдаушылардан табылган қоздырғыштардың қасиеті туралы дерек- 

терді талдайды, сонымен қоса судан, азық-түліктен, қоршаған орта- 

дағы  объектілердің  шайынды  суларынан  табылған  қоздырғыпггар - 

дың эпидемиологиялық маңызы бар қасиеттерін  (серо-, био-,  фаго- 

варлары-,  антибиотиктерге  түрақтылығы,  вируленттілігі  және  т.  с.) 

тексереді,  осы  деректерді  аурудың  көзін  жөне  инфекция  қоздыр- 

ғыштарыньщ берілу жолдары  мен  механизмдерін  анықтауға  пайда- 

ланады.  Осы  келтірілген  көрсеткіштердің сырқаггылықтың этиоло- 

гиялық қүрамына баға беруде де  маңызы зор.  Халыктың иммундық 

қүрамын  білу жөне  бағалау  үшін  осы  инфекция  бойынша  әр  түрлі 

жастар  мен  басқа  да  топтардың  иммундық  саньш  жөне  процентін 

анықтайды.

Эпидемиологиялық  маңызы  бар  қоршаған  сыртқы  ортадагы 

объект ілерге санитарлык-техникалық жөне санитарлық-гигиеналық 

түрғыдан баға беру үшін халықтың ауыз сумен  қамтамасыз етілуіне, 

су  көздерінің,  оның  қүбырларының  жагдайына,  канализация  мен 

халық мекеңдерінің тазалыгына, сүт іиығаратын жөне өңдейтін үжым- 

дардың, басқа да тағам шығаратьш мекемелердің,  қоғамдық асхана- 

лардьщ коммунальдық салауатгылығына, өсіресе, балалар мекемелері 

мен емханаларға жөне  басқа да объектілерге назар  аударылып,  олар 

туралы келіп түскен деректерге талдау жасалынады.  Оған қоса таби- 

ги  себептерге  (жердің  ылғалдылық  сипаты,  топырақтың  ықпалы, 

метеосебептердіц дамуы)  таддау жасалады.

Эпидемиолог аумақта эпидемиологиялық барлау мен сараптауды 

да  жүргізеді,  оған  қауырт  немесе  ретроспективті  талдау  тәсідцері 

кеңінен жөне  жан-жақты  пайдаланылады.

243


Аумаққа  эпидемиологиялық  сараптау жасағанда  арнаулы тіркеу 

арқылы адамдардың бақылауға жататын тогггары арасындағы жү к л а­

ли  аурулардьщ қүрамы мен деңгейі бағаланады. Сонымен қатар бақы- 

лауга жатпайтын біраз адамды да тексеру қажет болады. Ауыл шаруа- 

шылық  хайуанаттарының  эпизоотологиялық  жай-күйін,  олардың 

халықты зоонозды аурулар қоздырғыпггарын жүқтыру мүмкіншілік- 

терін де бағалайды.  Бул жсрде халықтың жабайы хайуандар арқылы 

жүғатын науқастардың деңгейін, жүгу мүмюншіліктерін де  анықт^у 

қажет боладЫ.  Сараптау барысында жаңадан игеріліп жатқан аумақ- 

тарға  жан-жақты  эпкдемиологиялық  бага  берудің  маңызы  өте  зор. 

Сондықтан  кешенді  эпидемиологиялық  барлау  жүмысы  атқарыла- 

ды,  оны  іскс  асыруда  зоологиялық,  паразитологиялық,  энтомоло- 

гиялық,  микробиологиялық жөне  басқа да өдістер  пайдаланылады

Аумаққа эпидемиологиялық сараптау жүргізгенде төмендегі фак- 

торлардың:

•  табиғи-ошактық инфекциялардың биоценотикалық және кеңіс- 

тік қүрылымының ошақтық аумақтағы халықтың тұрмысы мен кыз- 

мет саласындағы мүмкін болтан жүгу жолдары мен факгорларьшың;

•  экологиясымен  санаса  отырыл,  өр  түрлі  шыбындар,  масалар 

түрлерін,  жекелеген  кснслср  түрлерін  есепке  алғандағы  энтомоло- 

гиялық жағдайлардың, олардың эпидемиологиялық қауіпті кезеңінің 

үзақтығы, көптігі, адамдардың олармен жанасу деңгейінің және бас­

ка да эпидемиологиялық маңызды  көрсеткіштердің;

•  эпқцемиялық процестің паразитарлық жүйесінің дамуындағы 

табиғи-геоірафиялық ортадағы (топырақ, ашық табиғи сулар, фауна, 

флора,  ауа райы)  факторлардың;

•  өлеуметтік-экономикалық  себептердің,  яғни  түрмыс  жагдай- 

ының,  түрғындардың  шаруашылық  кәсібінің  (өнсркәсіптің,  ауыл 

шаруашылығынын  нсгізгі түрлсрінің,  оның  ішіңде  эпидемиология- 

лык  тұрғыдан  мүмкін  болтан  қауіпгі  түрлері  мен  объекгілерінің), 

халыктың өсу процесінің,  ұлттық ерекшелікгерінің эпидемиология- 

лык маңызына баға  берілуі  қажет.

Сараптау жүргізгенде тағы да көңіл бөлетін мөселелер: өлеуметгік- 

гигиеналык сипаттау жөне  мекен-жайды тазарту жүйесі,  қоқыр-со- 

қырды  жинау,  шытару,  оларды  қауіпсіздендіру;  канализация  жөне 

басқа да жинау жүйесі, сұйық қоқыстарды жинау, шыгару-тасу жөне

244


қауіпсіздендіру жүйесі; ауыз сумен, шаруашылық сумен қамтамасыз 

ету төсілі  және  көздері,  судьщ сапасы,  халықты  тамақ-тағамдармен 

қамтамасыздандыру жүйесі;  халыққа  санитарлық-гигиеналық  қыз- 

мет ету  (монша,  жуу-тазарту);  халықтың тазалық  мөдениетінің дең- 

гейін  (оның ішінде биттің бар-жоқтығы, т. с.) жөне басқа да көрсет- 

кіштерді  бағалау.

•  халықты  емдеу,  алдын  алу жөне  індетке  қарсы  қолданылатын 

шаралармен  қамтамасыз  сту,  оның  ішінде  емдеу,  алдын  алу  және 

санитарлық-эпидемиологиялық мекемелердің қызмет көрсететін ха- 

лық санының нормасына  үйымдастыру-пггат қурамының қабысуы, 

оларды  мамандармен,  қүжатгармен  жөне  басқа  да  жабдықтармен 

қамтамасыз ету.

Осындай  жан-жақты  жүргізілген  эпидемиологиялық  сараптау- 

дын  қорытындысында  тексерген  аумақтағы  жүқпалы  аурулармен 

сырқаттанушылыққа,  қауіп-қатерлі  факторларға  ең  соңғы  баға 

беріледі. Бүл үшін қоздырғыштардьщ берілу механизміне ықпал ететін 

табиғи-өлеуметтік  себептер  топтастырылады  және  салыстырылады, 

олар қауіп-қатерлігіне байланысты облыстарға, аудандарға бөлінеді, 

нағыз қауіп-қатерге үшырайтын халық тобы анықталады, осы қауіп- 

қатерлердің болатын мерзімі анықгалады. Ақырында, осыларга сүйене 

отырып,  жергілікгі жөне  сырттан келген халықтың эпидемиология- 

лык салауатгылыгын қамтамасыз ету үшін  ұсыныстар дайындалады.

Қауырт  эпидемиологиялық  талдау  жүргізгенде  сырқаттанушы- 

лықтың (тасымаддаушылардың) динамикасына қадағалау жүзеге асы- 

рылады,  соған  байланысты  өр  түрлі  аурулармен  науқастанғандар- 

дың  (халықтың барлығы  жөне  жеке топтары)  күндік жөне  апталық 

деңгейі есептеледі.  Осы деңгейлермен деректер салыстырылады және 

соған  сүйене  отырып,  сол  жердегі  сол  сөтгегі  эпидемиологиялық 

жағдайға баға беріледі, оның салауаттылығы, қауіптілігі немесе жағ- 

дайсыздығы  анықталады.  Осы  мақсатга  өр түрлі  алғашқы  кестелер 

мен таблограммаларды,  графиктерді  пайдалануға болады.

Сырқагганушылықтың  көбею  себептерін  анықтау  үшін  ошақ- 

тардагы  деректер  талданады,  мүнда  инфекция  қоздырғыштарының 

көздерін табу жөне мүмкін  болған берілу себептерін анықтау көзде- 

леді. Осымен қатар айналаға күнделікгі жүргізілген санитарлық-эпи- 

демиологиялық бакылау қорьггындылары да пайдаланылады, өсіресе

245


тараған  қоздырғыштардың  жеке  дара  ерекшеликтері  мен  халықтың 

иммундық қүрамына талдау жасалынады.

Егер  эпидемиологиялық  салауатсыздық  байқалса,  жоғарыда 

келтірілген талдаулар арқылы қойылган эпидемиологиялық диагноз 

індетке қарсы қолданылатын шараларды жоспарлаудың негізін қа- 

лайды.


Эпидемиологиялық  ретроспективті  талдау  тәсілі  арқьілы  бақы- 

лауға  алынған  аумақтардағы  жүқпалы  аурулардың  қүрамы  анықтй- 

лады және  аурулардың  негізгі түрлерінің өлеуметтік-экономикалық 

маңызына баға  беріледі.

Жүқпалы аурулардың қүрамынан этиологиялық (себептік) қүрам- 

ды ажырата білу керек. Этиологиялық көрсеткіш ретроспективті жөне 

қауырт диагноз барысында бірдей пайдаланылады.  Ол аттас аурулар 

қоздырғыштарының  түрін  көрсетеді  (мысалы,  бруцеллездің  сиыр 

жөне  қой-ешкі  түрі),  олардьщ  ферменттік  түрін  (мысалы,  Зонне 

дизентериясыңда),  сероварлық  көрінісін  (мысалы,  сальмонелла- 

ларда)  дөлелдейді.

Аурулардьгң өлеуметтік-экономикалық маңызын бағалауды,  өсі- 

ресе аурудың халық денсаулығына және мемлекеттің экономикасына 

жагымсыз  ықпалын  дәлелдеуді  ретроспективті  эпидемиологиялық 

тадцаудың  ең  маңызды  кезенд  деп  айтуға  болады  (И.  Л.  Шаханин, 

1982).


Талдаудың ретроспективті төсілі эпқцемиялық процесс белгілері- 

нің сандық жөне сапалық жағын тексереді.  Жоғарыда айтқанымыз- 

дай,  сандық белгілерге  аурулардың  көрсеткіштері  (өлім-жітім,  өлім 

қаупін туғызатын жағдайлар),  оның көп жылдық (өдетте  5—10 жыл- 

ғы)  жөне  жыл  бойы  дамуы,  ошақтығы,  деңгейі  жатады.  Сапалық 

белгілеріне аурулардың аумақтарға бөлінуі, таралуы және халықтын 

жеке  топтарындағы  (қала  мен  ауылдағы,  жас-жыныс  көлемінде, 

көсіптік деңгейде және т.  б.)  сырқаттанушылықтары жатады.

Жорамалды  тексеру  кезінде  эпидемиялық  процестің  көрінісін, 

санды  жөне  сапалы  белгілерінің  болу  себептерін  табу  үшін  осы 

белгілер  табиғи-өлеуметтік  факторлармен  салыстырылады.  Табыл- 

ған себептердің осы эпидемиялық процеске ықпал ету мүмкіндіктері 

зерттеледі.  Мысалы,  өр  түрлі  аумақтарда  түратын  халықты  тексер- 

генде ауру түрінін көрсеткіиггері осы аумақтағы табиғи жөне эконо-

246


микалық-географиялық жағдайлармен салыстырылады. Жас-жыныс 

белгілерінде, түрмысында немесе өңдірістік-көсілтік ерекшеліктеріңде 

айырмашылығы  бар  халық  топтарындағы  аурудың  сипаты  науқас- 

танғандардың  (жүқтырғандардың)  қалай  тамақтанатынымен,  ауыз 

сумен қамтамасыз етудің қалай үйымдастырылатынымен, түрғын үй 

жағдайларымен  және  жүмыс  орнындағы  жағдайларымен,  иммунды 

топтардың деңгейімен  және  т.  б.  деректермен  салыстырылады.  Бүл 

жерде  осы  ауру  қоздырғышының  берілу  механизмі  өрбір  жеке  жағ- 

дайды  салыстыратын  көрсеткіштердің қүрамын  анықтайды.

Эпидемиологиялық жорамадцауды тексеру негізі дегеніміз ауру- 

лардың уақыт бойынша, аумақтың жөне халықтың өр түрлі топтары 

арасында таралу көрсеткіштерін жөне табиғи-өлеуметтік себептерде 

кездесетінін  талдау  болып  табылады.  Ол  эпидемиологиялық  жора- 

малдауды  тексерудің  маңызын  қүрайды  жөне  эпидемиологиялық 

диагноз  қою  процесінің органикалық бөлігі болып  саналады.

Тексеру  барысында  эпидемиялық  процестің  себеп-салдарлық 

байланысын  жорамалдау  үшін  ретроспективті  немесе  проспективті 

(болашаққа “көз жүгірту”) зерттеу өдістерін пайдалануға болады. Бүл 

екі  өдістің  негізгі  айырмашылығы  мынада:  ретроспективті  зерттеу 

өдісінде  эпидемиолог ауру факгісінен оны тущ рған  себепті  іздейді. 

Керісінше,  проспектавті  зерттеуде  сол  себептен  пайда  болған  сыр- 

қатганушылықты табуға үмтылады.  В.  МасМаһоп (1970) айтқандай, 

ретроспективті зерттеу деген “артқа қарау, өткенді шолу”, яғни бол- 

ған нөтижеден осы нөтижені тудырған себепті анықтау,  ал проспек- 

тавті  зерттеу  — керісінше  “болашаққа қарау”,  яғни  жорамалданған 

себептен  оның салдарын  анықтау.

Осы екі түрлі зерттеудің екі түрлі өдістемелік төсілі болады:  “көл- 

денең”  немесе  “қатпарлы”  және  тік немесе  “бойлық”.  “Көлденең” 

зерттеу әдісі арқылы сырқаггтанушылықты тадцаудың нақты кезеңдегі 

(уақыттағы)  эпидемиологиялық  жағдайы  бағаланады,  ал  “бойлық” 

әдісі  арқылы  белгілі  бір  кезеңдегі  эпидемиологиялық  жағдайдың 

өзгеру динамикасы салыстырыла зерттеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет