М. Ж. КӨпеевтің 155 жылдығына арналады


М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ



Pdf көрінісі
бет18/31
Дата12.03.2017
өлшемі1,82 Mb.
#8949
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31

М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
көңілдің ішкі тәжірибелердің бастауы Тәңірдің үйі 
екендігін байыпты бағамдайды. «Сөз деген көңіл 
қазынасында  жауһар,  ауыз  садыбында  гауһар» 
дейтін  пікірінде  қаншама  сырлар,  мағыналық 
қырлар бар. «Көңіл» ұғымында қазыналы жүрек, 
қасиетті рух, нәзік сыр, кемел парасат, дұрыс ниет, 
шалқар пейіл, мырза мейір, иман бір-бірлерімен 
сәтті тоқайласқанын, керемет үйлесім тапқанын, 
суреткер  ойының,  ой  сарайының  гүлі  көркі 
екендігін жыға түсіндіреді. Сөз өнерінің сипаты 
да  осы.  Алланың  кереметін,  тағылым-тәлімін, 
игілік-ізгілігін Кемелдікпен зерделеген кемеңгер 
Мәшһүр Жүсіп оның мынадай сауалдарын келісті 
көрсетіп  отырады.  Мысалы:  «Ай,  пенделерім, 
дүниеде саған сондай кеңшілік бердім. Маған сен 
не келтірдің? – деп. Пәлен дем алыс бердім, ол дем 
алысты  не  қызметпен  тауыстың?  Ғақыл  бердім, 
қандай орынға жұмсадың? Ғылым бердім, оның 
күшімен не жұмыс қылдың? Мал бердім, оны қалай 
аударып,  төңкердің?  Гауһар  тастай  көз  бердім, 
саңғырлап тұрған құлақ бердім. Қалай жұмсасаң, 
икеміңе  көнетұғын  қол  бердім.  Ойлаған  жеріңе 
баруыңа аяқ бердім. ... Дүниені бір базар қылып, 
осынша  сомамен  жіберген  маған  не  базарлық 
алып  келдің?  Бірі  –  шот,  бірі  –  күрек  орнында. 
Қол-аяқ беріп: «Егін салыңдар!» - деп жібердім. 
Қандай  жерге  егін  салыңдар?  Қанша  еңбек 
алдыңдар?». Расында, адам өмірінің, тіршілігінің 
мәні мен сәнін, негізгі ұстаным-қағидасын нәзік 
толғампаздықпен, ойшылдықпен тақта-тақтасымен 
түсіндіріп  берген.  «Адамның  тірлігі  –  қайнап, 
толқып  жатқан  дария»  -  дейді  (Мәшһүр  Жүсіп. 
Шығармалары.  Т.8.  Павлодар,  2006,  309-бет). 
Ендеше, сол бір бұрқылдап, шалқыған дариядан 
өз ырысыңды таба біл, жемісіңді тере біл дегені 
қандай абзал десеңізші? 
Мәшһүр  Жүсіптің  Алланың  ғылымын, 
хикметтерін,  кемеңгерлік  істерін,  құран 
қағидаттарын,  шарттарын,  түркілік-сопылық 
дәстүрлерін  жетік,  мүлтіксіз  білетіндігін  «Алла 
құдіреті» туындысынан көруге болады. Алланың 
құдіретіне, «оны тануға ақыл-ойым, зейін-пікірім 
жетпейді»  дейді  де,  ғаламзатты,  адамзатты, 
мақұлықтар  дүниесін  қаллайша  Алла  мінсіз 
келістіріп  жаратқанын  білгірлікпен  дәлелдеп 
түсіндіреді.  «Айдай  әлемді,  жанды-жансыз 
мақұлықтарды  Құдай  алты  күнде  түгел  жасап 
шығарған. Соның өзгесі де бір бас, жеке адам да 
бір бас. Осы дүниені адам көркейтпек. Құдайдың 
құдайылығын жұрт көзіне адам түсірмек. Ол алты 
күннен соң, Құдай денеме жаратпақ еді, не болса да, 
саонда мүкі-тақы қалдырған дәнемесі жоқ. Дүниеде 
не  тамаша,  не  өрнек  –  бәрі  адамның  денесінен 
алынған» - деп, адамның дене мүшелерінің асыл 
қасиеттерін,  абзал  қызметін,  бір-бірлерімен 
байланыстырып, сонымен бірге Күн, Ай, жұлдыздар 
әлемінің құпия жұмбағын,  бір сөзбен  айтқанда, 
Алланың шеберлігін бажайлап пайымдайды.
Ол  ғылым,  білім,  жаратылыс,  әдеп, 
рақымшылық, кісілік байлық, кедейлік, жалған, 
бақилық, ар, намыс, иман, дін турасында сымға 
тартқан ақ күмістей өміршең ой-пікірлер өрбітеді. 
«Аққан суға шариғатқа» жүйрік әмбебап ардагер 
Құран  Кәрім  философиясын,  Қожа  Ахмет 
Яссауидің кемеңгерлік кеңестерін кестелі, көркем 
жеткізеді. «Үндерде не жақсы: Құран үні»ғ Яссауи 
хикметінен «Көңіліме нұр төгілді» дегені нақты 
дәлел.  Яссауидің  сопылық  ілімінде  «Имансыз 
қоғамда  дүниеқорлық  1-ші  орынға  шығады», 
«Әділетсіз қоғамда елден рақым, сүйіспеншілік, 
мейірім жоқ болады, ар-ұят, намыс, иман көшеді» 
деген ащы сөздер бар. Ненің баянды, ненің баянсыз, 
ненің қасиетті, не қасиетсіз екенін Мәшһүр Жүсіп 
«Алтын табақ» атты жырында тереңнен толғайды. 
Мұнда Алла Жебірейілге жұмақтан ішіне бал мен 
алуа салынған алтын табақты алып, пайғамбардың 
қолына ұстатып:
«Көңіліңе босқа ниет алма!» - деңіз,
«Дұшпанның өсегіне қалма!» - деңіз.
«Алтыннан көркем, қылдан жіңішке?
Дүниеде балдан тәтті бар ма?» - деңіз.
деп  айтуды  бұйырады.  Әрі  төрт  бірдей  шадияр 
бір-бірімен кеңеспей-ақ бір-бір ауыз пікір айтуын 
бек өтінеді.
Әуелі Хазірет Әбубәкір:
- Алтыннан көркем білдім Ислам нұрын,
Балдан тәтті көремін – зәмзәм суын.
«Намазда дүниені ойлаймын ба?» - деп,
Қылдан нәзік жіңішке – менің көңілім, - дейді.
Алтын  табақ  ақылды  сөзге  «Пәлі!»  деп 
үн  қосып  қуаттайды.  Бұдан  соң  Хазірет  Ғұмар 
сөйлейді:
- Құдай нұры көркем дүр алтын тастан!
Ғұмар да: «Қайтеді?»- деп, жаман сасқан.
- Осы балдың тәттілігі тең болмай ма, 
Я, Расул, Сізбен бірге ішкен астан?!
Ғұсманның сөзі былайша өріледі:
- Сөзі алтыннан Құранның жарық жүзі,

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
102
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
Балдан тәтті Расулдың айтқан сөзі.
Намазға таһарат алып отырғанда, 
Жіңішке қылдан нәзік көңілім өзі!»
Ғалы арыстан:
Көңілім намаздағы қылдай еді,
Соғысып кәпірлермен жүргенімде 
– деп түйіндейді.
Алтын  табақ  Расул  пайғамбардың  қасына 
үкідей ұшып жетіп келгенде:
- Алтын толса дүниеге, керегі жоқ
Нұрын абзал көремін бір Алланың! 
– деп Расул пайғамбар жүрек сөзін жайып тастайды.
Мұхаммед  пайғамбардың  хадисінде 
«Дүниеқоңыз  болмасаң  –  жүрегің  де,  денең  де 
дем алады» делінген. Түркі жұртының пірі Қожа 
Ахмет Яссауи «Таңдап тәтті жегендер де, атлас-
қамқа кигендер де, алтын таққа мінгендер де бір 
күні жермен-жексен болады» дейді. Алланың ақ 
жолын ұстанған Мәшһүр Жүсіп: 
«Еңбекпен табылған нан, ол – бір шекер,
Ер-жігіт адам болар ақыл-оймен.
Жақсыда майда мінез әдеп болар,
Ол әдеп дін иманға себеп болар»
-  деген  түйінді  философиялық  ойларды  әсерлі, 
иманға мәнерлі тізбелейді.
Ұлттық-рухани  болмысымызды  түлету, 
жаңарту, жетілдіру жолында осындай қағидаттарды 
көкейге мықтап ұялатуымыз қажет.
Бұл күнде тіл сөйлемес, ақша – шешен,
Жүгірем бай жұмсаса, не мен, не сен.
Дүниеге дінін сатқан адамдардан
Алыс жүр, бой суытып аман-есен.
Алтын боп бізге дүние жарқылдайды,
Көп тойған өгіз көті тарқылдайды.
«Қанағат туралы жұмбақ өлең» деген жырында:
«Тоям,» - десең, боласың жаманатты,
Тойған тоқтық бұзады адамзатты.
«Бұл дүние көп жиылса шаян?» дедім,
«Шаяндығы білгенге аян – дедім,»
дегенінде қаншама сыр, ғибрат бар-ау!
Түркі мәдениеті мен ислам өркениетін шебер 
ұштастырған  Мәшһүр  Жүсіп  бекзат  адамның 
мөлдір қасиеттерін (рух, сана тазалығы, әділдігі, 
қайырым-мейірімі,  ғылым-білімге  құштарлығы) 
«Жұмбақ» ұғымымен, «Қаһарға ұшырағандарды», 
күнәға белшесінен батқандарды «Тозақ» ұғымымен 
байланыстыра  баяндайды.  «Жетпіс  бап»  дейтін 
діни дастанында. Тозақ қандай? Тозақ ішінде от бір 
мың, екі мың, үш мың жылдан бері лаулап жанып, 
жаһанды  аппақ  қорғасындай  күйге  жеткізеді. 
Тегінде отыз мың басты жылан, шаяндары бықып 
жүр.  Шақса  40  жылға  дейін  уы  тарамайды.  Екі 
аяққа  ып-ыстық  екі  башмақ  кигізеді.  Содан  ми 
бұрқылдап қайнайды.
Оның  ішінде  бөтен  еркекпен  жүріс  қылған 
қатынның табыты оттан бұйырған. Аяғы – көкте, 
басы – жерде. Астында жалаңдаған от. Тағы бір 
ойнасқор әйел ит боп үріп, аузынан от, бүйірінен 
от  шашыраған.  Тілі  салбырап  кеудесіне  түскен. 
Тілін аузымен қыршып шайнайды. Төменгі ерні 
салбырап  жерге  түскен.  Мойнына  оттан  жіп 
тағылған. Ал еріне тіл тигізген залым қатынның 
тілі желкесінен салаңдап шығып кеткен. Жанған 
оттан кебіс киеді. Аузына зәр құйылады. Емшегін 
жылан сорады. Миы бұрқылдап қайнайды. Маңдай 
шаштан сүйретіледі.
Жұмақтың  сипаты  ше?  Иә,  ол  гауһардан, 
зүбіржаттан,  ақ  күмістен,  сары  маржаннан, 
жақұттан,  ақ  інжуден,  лағылдан  жаратылған. 
Мәшһүр  Жүсіптің  сипаттауы  осылай.  Терең 
ойға  қалдырады.  Алланың  құдіретін,  кереметін 
біліктілікпен  түсіндіреді.  Жалған  дүниеде 
жамандық  жасамауға,  әділдіктен  аттамауға, 
обал, сауап, борышты ұмытпауға, ар-ождан, рух 
тазалығын  ардақтауға  толық  адам  дәрежесіне 
жетуге ұмтыласың...
«Иман келтіріп, ізгілік істегендерге таусылмас 
сыйлық  бар»  (95  –  Тин  сүресі).  Ал  ішмерез, 
өзімшіл қарабеттердің, бақай есеп мысықтілеу қара 
ниетшілдердің жосықсыз іс-әрекеттері Махтарда 
тергелгенде оған жеті нәрсе айғақ болатындығын 
былайша сипаттайды:
Жер айтар:
- Маған келіп күнә қылған!
Екінші – Күн, үшінші – Заман айтар:
- Пәлен сағат, пәлен уақыт, мойында! – деп.
Төртінші – куә болар барлық тәнің: 
Көзбен көріп, қолменен ұстағаның.
Бесінші – басыңдағы үйің (ойың) айтар: 
- Мен де қылған күнәсының көрдім бәрін!
Алтыншы куә болар Жаратқан Хақ:
- Сен күнәһи менен қылдың қорықпай, бетпақ!
Жетінші – екі періште куә болып, 
Кетеді бар күнәңді мойныңа сап!
Мәшһүр Жүсіпті түйінді ойларында, түйдекті 
толғаныстарында  айрықша  ұлағатты  тағылым, 
даналық  тәлім  бар.  «Аспандағы  және  жердегі 
барлық  нәрсе  –  Алланың  мүлкі»  (34  –  Саба 

103
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
сүресі).  Сұлу  мүсінді,  түзу  тұлғалы,  жарқын 
жүзді,  гүл  сөзді  Адамды  алмастың  асылындай 
ғып  кемел  артықша  жаратқан  Алла.  Ендеше, 
сен  де  тұтас  болмысыңмен,  жан-тәніңмен, 
игілік  пен  ізгілік  жолында  жанқиярлықпен 
қызмет  ет.  Оғаш  қылықтарыңды,  опасыздық 
амалдарыңды,  қорлық-зорлықтарыңды  өзіңе 
мойындататын  абзал  айғақтар  жеткілікті  дейді. 
Бұл ретте Құран Кәрімнің 43-Зуһруф сүресінде: 
«Қияметте сендердің қашып құтылатын жерлерің 
табылмайды.  (Күнәларың,  амал-намаларың  да 
жазулы  тұратындықтан,  оған  дене  мүшелерінің 
бәрі  айғақ  болатындықтан)  сендер  оны  жоққа 
шығара алмайсыңдар» делінген. Бойында, ойында, 
болмысында пайым-парасаты, иман-ізгілігі жоқтар, 
«жанын жамандық жайлағандар қор болады» (191 – 
Шәмс сүресі). Немесе: «Тозаққа келгенде, олардың 
құлақтары,  көздері,  тіпті  терілері  де  өздерінің 
қылмыстарына  айғақ  болады»  (41  –  Фуссилад 
сүресі).  Сондықтан  да  адамзат  Жаратқан  Иенің 
ұшан-теңіз  керемет  жақсылықтарын,  «Шындық 
кітабының» «ең ұлы сыр-сипаттарын», сыңғырлап 
құйылған қасиетті аяттарын, құштар жаныңмен, 
сұлу көңілмен қабылдап, жадыңа әсемдік, сұлулық 
суреттерін,  құйқылжыған  нақыстарын  ұялатып, 
ішкі  дүниеңді  нұрландырып,  ардақтап  аялауға, 
Алланың мейірім-қайырымын ықыласпен ұғынып, 
қастерлеуге міндеттісің. 
Абайдың  «Түбі  терең  сөзі  артық,  бір 
байқарсыз»  дегенінде  тұңғиық  сыр  бар.  Әр 
ойдың, әр сөздің астарында таудай мағына барын 
Мәшһүр  Жүсіп  толғаулары  терең  танытары, 
баурап ынтықтырары хақ. Әрбір іс-әрекетіміз, ой 
кешулеріміз ақиқат алдында, шындық айнасында 
таразыға түседі. Арамдық, арсыздық әшкереленеді, 
адалдық, тазалық жұлдыздай жарқырайды.
94  –  Шарх  сүресінде:  «(Ей,  Мұхаммед!) 
Сенің кеудеңді ашпадық па? Сенің арқаңдағы жүк 
болатын ауырлықты алып тастадық» делінген. Осы 
бір аяттың мазмұны Мәшһүр Жүсіптің «Миғраж» 
дастанында (Пайғамбарымыздың жеті қат көкке 
көтерілуі жайлы) былайша өрнектелген: 
Кеудем жарып, жүрегім суырып алды,
Бір алтын легенге оны малды.
Легеннің іші толған ғылым-хикмет,
Тазалап орны-орнына қайта салды.
«Егер жер бетіндегі ағаштың барлығын қалам, 
теңізді (сия) етіп, оған тағы жеті теңіздей (сия) 
қосып  жазса  да,  Алланың  сөзін  тауысу  мүмкін 
емес» - делінген «күллі жиһан халқы үшін ақыл-
кеңес» кітабында. (Құран Кәрім. Алматы, 2002. 317, 
431, 178 беттер). Шындығында, Мәшһүр Жүсіптің 
ұшан-теңіз тарау-тарау қара сөздері мен поэзиялық 
мұраларының өзекті жемісі, ой қазығы – Алланың 
сөзі мен Мұхаммед пайғамбардың ғибратнамалары. 
Және де кемелдікке жеткен Адам болмысы Алланың 
ұлы шаруасы былайша өрнектеген:
Құдайым жексенбі күн жер жаратты,
Жер-суды әуел бастан бір – жаратты.
Тау мен тас, ағаш пен шөп, көл мен өзен
Түріндей текеметтің түр жаратты.
(«Құдайым жексенбі күн жер жаратты»)
«Кісінің  кісілігі  –  тіл  мен  жүрек»  және 
дегдарлық, мәрттік екендігін үлгілеп айтады.
Қылыңдар сақилықты жастан машық,
Жомартқа сегіз ұжмақ есігі ашық.
Сахи адам – бір Алланың сүйген құлы,
Болса да бөгеті жоқ қандай пасық!
(«Ағашсыз жапырақ»)
«Оқылған уақытымен бес намазың, Болатын 
көрде  жолдас  қасыңдағы!»  немесе  «Дініңмен 
(денеңмен)  аянбастан  қылып  ғамал»  дегені  де 
адамды ойға қалдырады. 
«Көңілім – дария болғанда, қолым – қайық, 
Өз-өзімнен боламын Еділ-Жайық», - деп Мәшһүр 
Жүсіптің  өзі  айтқанындай,  қалам,  сия,  қағазды 
қолына  алса,  ғайып  пірі  қоршап-қолдап  сөз 
теңізінде,  ой  телегейінде  дауылша  үдеп,  небір 
«Аят, хадис – саулаған кеңесінде» пікір-зікірлерді 
меруертше тізіп отырады. Атап айтқанда, «Ай – 
кірсіз, Құдай – мінсіз», «Дүние – ақырет егіні», 
«Құдай  сөзі  –  Құран,  пайғамбар  сөзі  –  Хадис», 
«Егер  қанағат  байлығы  берілсе,  сол  байлықтың 
арқасымен пенде Құдайды табады.
Ол ой-пікірін түрлендіріп, көркемдеп жеткізу, 
еске сақтау мақсатында дін ғұламаларының терең 
мағыналы,  шырынды,  жанды  сөздерін  ретімен 
қолданады. Мәселен: «Ақыл өссе, ол түпсіз терең 
жақсылықты сүймектіктен өсер» (Наршахи). 
Дін – шырағдан. Діліңді дұрыстайды, рухыңды 
қуаттандырады,  жүрегіңді,  көңіліңді  тазартады, 
жолыңды, жаныңды нұрландырады, ұят-иманыңды, 
қадір-қасиетіңді,  ар-біліміңді  сәулеттендіреді, 
береке-бірлікке,  дегдарлыққа  жеткізеді. 
«Құдайдың қолдап-қуаттауымен, пірлердің дұға-

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
104
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
шарапатымен»  көктеп-көркейетінімізді  жарқын 
айғақ дәлелдермен дәйектейді. 
**********
Мәшһүр  Жүсіп  шығармашылығының 
бейнелілігі.  Мәшһүр  Жүсіп  Көпеевтің 
поэзиялық  шығармаларына  телегей  сыр, 
терең  сезім,  кеңістіктей  көңіл  тән.  Осылардың 
баршасы  халықтық  –  поэзиялық  рухпен,  асқан 
адамгершілікпен, мәдениетпен, өмірге, тұрмысқа, 
дүниеге, болмысқа деген шынайы философиялық 
көзқарастармен ұштасып жатады. 
Сөз  өнерінің  табиғатын  халықтың  рухани 
мұрасының  біліктігі  жинаушысы,  білімді 
зерттеушісі Мәшһүр Жүсіп былайша түсіндіреді:
– Сөз өзі не нәрсе? 
– Сөз – адам өнері. «Өнер алды – қызыл тіл» - 
деген. Адамның ғазизлігі.. сөзбен болады.
Бұл тұста дам баласының өзге жаратылыстан 
өзгешелігі,  айрықша  саналылығы,  сөз  сөйлей 
білетіндігі.
«Көңіл – бір жатқан кеңнің дариясы. Сонан 
шыққан сөз - жауһар» - дейді. Шынында да ойлы 
көңілден туған, мейірім шуағына бөленген сөз інжу 
– маржандай ажарлы, көркем, мағыналы һәм әсерлі. 
«Тіл бір болаттан жасалған өткір қанжар». Оның 
майдалап,  уақтап  жасап  шығарып  жатқанының 
бәрі інжу. Көп адамның бір жерге бес қосқаны – 
бау – бақша жасалған сияқты. Соның ішінде сөз 
жеміс  сықылды.  Бұл  дүние  бір  қараңғылықтай 
нәрсе. Оны жанды қылатұғын ақиқат сөз. Сөз өліп 
қалған көңілді тірілтеді. Сөздің ізітінен адамның 
жаны рақат алар....» - дейді. Айтулы сөз өнерпазы 
Мәшһүр  Жүсіп  сөздің  қасиет-құдіретін  жеріне 
жеткізе паш еткен.
Иә, ақын сөздің қынаптан шыққан қанжардай 
суырылып жарқылдайтыны жан – жақты толғаған.
Сөз шолпаны – ақынның көркемдік танымына 
да, тәжірибесіне де, зергерлігіне де әрі көңіл – күй 
әлеміне де қатысты.
Олай болса, «Мәшһүрдің қырық алты жасында 
сөйлеген  сөзі»  деген  толғауында  «Көңілдің 
дариясында сөз – бір гауһар» дейтін тамаша лебіз 
бар.  Сөз  жоқ,  ойдың  да,  сөздің  да  өрнектілігі, 
өміршеңдігі  құйқылжыта  жеткізілуі  дариядай 
шалқыған көңілге байланысты. Яғни сөз дегенің 
«көңілдің  бау  –  бақшасында  үлпілдеп  тұрады» 
(Мәшһүр Жүсіп). Және де индукция мен дедукция, 
аналогия  мен  силлогизмге,  сондай-ақ  ақыл  ой 
қызметінің тіректеріне (қабылдау, ойлау, қиялдау, 
елестету т.с.с.) жүгінеді.
Сәулесімен сәнді келіскен нұр сипатты сөздер 
ақынның образына тікелей қатысты. Өзі күндей 
жарқыраған ақынның сөзі гүлдей қызықтырады.
Қаламның жарып ішін, ұшын кесіп,
Кигізген қара сөзге киім пішіп.
Заты – арғын, нәсілі – қазақ, ұраны – алаш,
Көпеев – фамилиясы, Мәшһүр Жүсіп, -
Дегенінде ақындық даналығын шебер жеткізген.
Сайып келгенде, үздік дарын Мәшһүр Жүсіп 
Көпеев «қара сөзге киім пішіп» кигізеді, «желдей 
еседі»,  «атша  желеді»,  «ұйтқып  соққан  қардай 
борайды» және т.с.с.
Мәшһүр  Жүсіптің  «Салтанатты  Сарыарқа» 
өлеңі тұтастай сөз сұлулығына негізделген. Оқып 
көрелік, Сырына ортақтасалық:
Салтанатты Сарыарқа,
Сәулеленген Сарыарқа,
Кең қойының кен Сарыарқа,
Сан жеткісіз Сарыарқа.
Суың шекер бал Арқа,
Майда шөбің бал Арқа.
Күрделі биік бел Арқа,
Малы-басың сай Арқа.
Төрт түлікке бай Арқа,
Маңырап тұрған мал Арқа,
Төңірегі төл Арқа.
Бұл  шабытты  ойдан,  шыншыл  қиялдан, 
уыздай  уылжыған  мөлдір  көңілден  буырқанып 
туған  бір  мінсіз  түйдек  деуге  болады.  Киелі 
топырағын  ғашық  көзбен  құмарлана  көріп, 
тебіреністі  сипаттайды.  Суретті  сөз  –  ұғымдар 
(«Салтанатты»,  «Сәулеленген,  ),  метафоралық 
сөйлемдер  («Сәулеленген  шекер  бал»,  «шөбін 
бал»),  дыбыстық  үйлесімділіктер  бір  –  бірімен 
әсем үндесіп, түйдекті мейілінше сұлуландырып, 
қанаттандырып жіберген.
Тегеуірінді ақынның көркемдік ойлау жүйесі 
де  аса  күрделі,  не  бір  шебер  қиыстыруларға  ба 
й  болады.  Оның  қиялында,  миында,  зердесінде 
таңғажайып  суреттер,  тамаша  көріністер 
көлбеңдейді.  Айталық:  «Жүзіне  ақ  қағаздың 
тартып қалам, // Сөйлеген мұң мен зарын бұл күңгі 
адам. // Болса да дария сия, аспан қағаз, // Мұң мен 
зар түгелденіп болмас тамам.»
Мәшһүр  Жүсіптің  өлең,  дастандарына 
мағынасы  мөлдір  метафоралық  сөз  тізбектері 

105
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
қыруар.  Мысалы:  «Шешендер  –  мәуелі  ағаш», 
«сөз – бір жеміс», «ақыл - дария», «ауыз - садап», 
«сөз - гауһар».
Көркемдік  қиялдың  жемісіндей  көркем 
теңемелер де Мәшһүр – Жүсіп шығармаларында 
мол кездеседі.
Айталық  :  «Дарияның  толқынындай  дүние 
жүзі»,  «Дойбының  тақтайындай  қылды  көкті», 
«Назым  сөз  бақшада  өскен  бау  ағаштай»,  я 
болмаса  «Бақшада  үлпілдеген  қызыл  гүлдей», 
«Жылпылдап  кейбіреулер  қолда  тұрмас»,  // 
«Жылмағай қабыршағы жоқ балықтай», «Қырық 
кездей бар сан алтыннан» және т.с.с.
Әйтпесе Мәшһүр – Жүсіп «Гүлшат - Шеризат» 
қиссасында  Гүлшат  арудың  болмыс  бітімін 
бейнелеуде  мынадай  поэзиялық  сипаттаулар 
қолданады: «Тал бойында бір мін жоқ», // Шыны 
айнаның  көзіндей»,  «Тал  жібектей  оралып,  // 
Айдай балқып нұрланып», «Кер маралдай керіліп // 
Оймақтай аузы бүріліп», «Ұжымақтың қор қызындай, 
//  Жылқының  шаңқан  бозындай»,  «Сұлулығы 
санамадай, // Хатшылар қиған қаламадай».
Әрине, бұл жерде Мәшекеңнің сөз саптасы, ой 
толғауы халықтың – фольклорлық дәстүр негізінде 
шыққан.
Мәшһүр –Жүсіп поэзиясында ақыл – ой елегінен 
өткізілген өмір тәжірибесінің даналық тұжырым-
қорытындысы, жоғары адамгершілік мәдениетінің 
ереже-қағидасы  іспетті  ғибратты  кеңестер  мол. 
Мысалы, «Қалмады ойлай – ойлай басымда ми» 
деген толғауында мынадай толғамдар бар:
1. Түзу бас, тура жолдан теріс те баспа, 
Өнерсіз надандармен араласпа.
Бір істен пада көрмей, залал тартсаң,
Бой бағып екіншілерді аяқ баспа.
2. Дұшпан біліп қоймасын сырды десең,
Жанкүйер досыңа да сырыңды айтпа! 
3. Адалдың айырмассың адалдығын,
Көрмесең бір жаманның арамдығын.
Мақтаулы жұрт ауызында болам десең,
Біреудің ауызға алма жамандығын.
4. Дос, жолдас қылам десең қауым, көпті,
Бойына үйір қылма өкпе, кекті.
Жамандыққа жақсылық мінез қылып,
Бола бер бәріне де ыңғайлы епті. 
5. Бір сөзді шығарады бір сөз түртіп,
Ағыздым алтын қылып мен мысты ертіп.
Өз пердем жыртылмасын деп ойласаң,
 Әрқайда сөз сөйлеме перде жыртып.
Өмір  мектебінен  өткен  ақынның  осындай 
ұлағатты ойлары - өсек ұрпақ үшін өнеге. Бұлар 
ақыл мен сұлулықтың тұтас түзілген құймасындай.
Мәшһүр  –  Жүсіп  Көпеев  орыс  әскерінің 
полковнигі,  ірі,  оқыған  азамат  Мұса  Шорманов 
(1819-1885) дүниеден өткенде жоқтау шығарған. 
Сонда  ұлы  жиындарда  он  үшінші  би  атанған 
Шорманның асыл тұяғы Мұсаның кескін-келбетін, 
келісті өнерпаздығын, кемел мүсіндепті-ау!
Бас қосылған жиында
Бұлбұлдай болып сайраған.
Бұлақтай ағып қайнаған, 
Сөйлеген шақта сөздері,
Шамшырақтай жайнаған.
Болмаса  толқынды  топтың  ортасында 
диірменнің тасындай ойнаған сабаздың тегеурінді 
сілтесін былайша баяндайды:
Жақсылар бас қосқанда,
Алды –артына тосса да,
Шылбырынан шалдырмай
Құбылып гүл-гүл жайнаған.
Немесе 
...Бал –шекер тамып сөзіңнен
Нұр балқып раушан жүзінен,
Жұртыңның мейірін қандырдың,
Жұрт астым деген жақсыны
Жарысы сөйлеп келгенде,
Ақылынан таңдырдың.
Яки  сегіз  қырлы,  бір  сырлы  асыл  ардагер, 
қанатты шешен болмысы мынадай:
Есіл бір сондай бекзаттың жұрт аузына қараған.
Көркі менен сымбаты, ақыл мен ілім, дәулеті,
Баршасы бірдей табылып, әр пендеге жаралған.
Ұлттық әдебиет тарихындағы жарқын тұлға 
Мәшһүр  Жүсіп  Көпеев  өз  шығармаларында 
ақындық өнерін, қуатын: «Болаттан ағып түскен 
құрыштаймын,  //  Бәйгеден  күнде  келген  қара 
көкпін,  //  Қысқа  күнде  қырықты  ілген  қыран 
едім»,  -  деп  сипаттапты.  Десе  дегендей-ақ.  Кең 
тынысты,  кемел  ойлы,  ағысты  –  толқынды 
поэзиясы  тарихилық,  этнографиялық,  тілдік-
стильдік тұрғыдан ғана емес, көркемдік –суреттілік 
жағынан да бағалы.

ӨЛКЕТАНУ № 2, 2013
106
М.Ж. КӨПЕЕВТІҢ 155 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛАДЫ
**********
«Абылайдың Қалдан Шерінге елші жіберуі» 
(1-2  нұсқалар)  –  тұлғатануға  қатысты  тарихи-
әдеби деректерімен, тағдыранықтағыштық сипат-
белгілерімен  ерекшеленеді.  Қарабас  ханымның 
қазақ елшілеріне деген бірегей сыншылық қабілеті, 
болжампаз  көрегендігі  тәнті  етеді.  «Бітім  алып 
қайтуға  тұрарлық  үздіктерін  таңдап,  өрі-қыры 
бірдей көзге түсерлік төртеуін жоңғар қонтайшысы 
Қалдан Шерінге келіп, Қарабас ханым мынандай 
даналық ойларын жайып салады: «Мынау отырған 
Қазыбек ұйықтағанда екі қолын екі жаққа, екі аяғын 
екі жаққа жіберіп, керген төстіктей жатады екен. 
Оның мәнісі: «Дүниенің төрт бұрышын тіреп туған 
ұлмын!» - дегені. Қара бақайына шейін құт екен! 
Өлгенде арулаған жерін басып өткен ел бай болар! 
– дейді. Мынау отырған Тайкелтір - кішкене тілінің 
ұшы екі айырыла біткен екен. Өнері қара санынан 
келеді екен. Ер көмей, темір жақтың барып тұрған 
өзі екен. Балтакерей – Тұрсынбай «құлағы жоқ, 
шұнақ; құйрығы жоқ, шолақ» екен. Ерлігінен де 
міні жоқ. Жалғыз-ақ айыбы – жауы желкесінде екен. 
Онан басқа қорқар нәрсесі болмаса керек, - дейді. 
Мынау отырған Жәнібек: екі аяқты бір бастының 
сырттаны екен, өзінің оққағары бар екен. Күнінде 
ыңыршағыңды отқа жағып, бақайшағыңның майын 
шағатұғын осы екен!»
«Абылай  заманындағы  батырлар»  (1-5 
нұсқалар)  –  Қаракерей-Қабанбай,  Қанжығалы-
Бөгенбай,  Қаз  дауысты  Қазыбек,  Шақшақұлы 
Жәнібек, Көкжарлы көкжал Барақ, Шанышқылы 
Бердіқожа,  Сырым  -  Малайсары,  Балтакерей 
Тұрсынбай,  Тарақты  –  Байқозы,  он  сан  орта 
жүзге ұран болған Олжабай, Малай – Жәдігерден 
шыққан:  Жауғаш,  Биғаш,  Бөрі  тонды,  бөрте 
атты Бөрібас батыр, Орманшы: Ақсары, Шотана, 
Қозған – Бекше мерген. Қарауылшысы - Әлтеке 
– Сарым – Жидебай. Уақ: Сары, Баян. Байжігіт – 
Тасболат батыр, Қанжығалы жас Жанатай, Балталы 
Оразымбет батыр, Бәсентиін – Сырымбет батыр, 
Сырғалы – Елшібек батыр, Жәпек батыр.
«Ақылдың пайдасы» (ертегі) – «Не жұмыс, 
не  іс  қылсаң  ақылмен,  сабырмен  артын  ойлап 
істе»  деген  ақыл  сөздің  мәнісі  жарқын  айғақ-
мысалдармен дәйекті дәлелденеді. Ерте уақытта 
бір патша өзгелерден ерекшеленбей шаһар аралап 
жүргенде басына ат басындай алтын, аяғына қой 
басындай  алтын  жастанып  жатқан  ақыл  сатып, 
кәсіп етуші адамға жолығады. Патша қолқалап, 
одан бір ділдаға осы ақылды сатып алып, үйінің 
қабырғасына, әрбір тұтынатын нәрселеріне жазып, 
бұлжытпай орындайды. 
Бірде  патша  шаштаразшыны  шақырады. 
Оның  алдынан  бас  уәзір  шығып,  алтын  басты 
ұстарасын ұсынады. Шаштаразшы жазуды оқып, 
өзінің үйреншікті ағаш сапты ұстарасымен шаш 
қияды.  Патша  оның  алтын  сапты  ұстарасын 
қимағанын байқайды да, жендетін жедел келтіртіп: 
«Шаштаразының басын ал!» - дейді. Шаштаразшы: 
«Дат,  тақсыр!  Алтын  сапты  ұстара  менікі  емес. 
Оны Сіздің бас уәзіріңіз берген еді. Сіздің мына 
жазуыңызды көріп: «Қой, сырын білмеген аттың 
сыртынан  жүрме!»  -  деген  бұрынғылардың 
мақалы  да  бар  еді,  -  деп,  -  күнде  көзім  көріп, 
қолыма ұстап үйренген сыралғы ұстарам жақсы 
болар! – деп, алған себебім сол! – дегенде, патша 
бас уәзірін шақыртып: «Мынаның шашын ал, өз 
ұстарасымен!»  -  дейді.  Уәзірдің  табанда  жаны 
шығып кетіпті. Арам пиғылды марқұмның орнына 
ақыл сатушы кісіні бас уәзір етіпті. 
Үйреншікті  дағдысы  бойынша  патша  тағы 
да қала аралап жүрсе, базарда бір нан сатушының 
нанының дәмін татса, шынында да тіл үйірерлік 
екен.  Үйіңді  көрсет,  күнде  нан  алып  тұрайын 
дейді патша. Ол үйіне патшаны ертіп барып, тамақ 
жайын  таныстырады.  Тағы  бір  үйге  бас  сұқса, 
толған адам, баршасы темір көгенмен көгенделген. 
Бірден патшаны да көгендеп тастайды. Сөйтсе кісі 
сойып, майына нан пісіріп, сатады екен. 
Патша жоғалады. Ақылды уәзір тіс жармайды. 
Патшаны  союға  әкеледі.  Ол:  «Сен  мені  сойма. 
Мұнан  да  артық  пайда  келтірейін.  Маған  кілем 
тоқитын құрал тауып бер!» - дейді. Патша кілемге 
ақыл сөзді қоса тоқиды. Және кілемді осы шаһардың 
патшасына  сат,  мың  ділдадан  кем  берме»  -  деп 
кеңес  береді.  Ақылды,  бас  уәзір  патшаның  тірі 
екенін біліп, кілеміңді екі есе бағаға аламын, үйіңді 
көрсет деп бір жасауылымен, соңынан жасырын үш 
жасауылымен, тағы да он жігітін жіберіп, қанішердің 
үйін  түгелдей  тінтіп,  патшаны  және  көгендеулі 
адамдарды қапастан құтқарады.
Кісі  етіп  сатып  пайдаланушыны  мойнына 
темір шынжыр тағып, сүйретіп өлтіріпті. 
«Мәшһүр  Жүсіптің  Мұса  Шормановты 
оның келіні атынан жоқтауы» - ақынның «Мұса 
Шорманұлы» дейтін мазмұнды, кемел жоқтауымен 
сарындас. Сөз саптау, ой толғау жағынан төркіндес. 

107

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет