Заттармен жасалатын қимылдар: ересектердің көмегімен жүзеге асады. Балаларды мұнаралар, кубиктер, сыналар сияқты
дидактикалық ойыншықтармен бірге қару ретінде өзінен қашықтағы затты жақындату үшін таяқты, жүзіп жүрген ойыншықтар ұстау үшін сүзгішті, құммен және қармен ойында қалақты және пайдалана білуге үйретеді.
Заттардың пішінін, көлемін, түсін, кеністіктегі орнын қабылдауы заттармен қимыл-әрекет жасауда жетіледі. Алғаш үлгі бойынша, содан кейін айту бойынша бала затты алады. 1жыл 6-7 айда бала қашықтықты дұрыс қабылдап, ол биікте тұрған ойыншыққа бұрынғыдай ұмтылмайды, педагогтан оны алып беруді сұрайды.
Заттың түсі, формасы, материалы, түрлі ойыншықтар мен құралдарды іріктеп алу - сенсорлық даму міндеттерін шешуді маңызды: түсі бірдей, бірақ көлемі әр түрлі заттар алу керек болады, т.б.
Үстелдің әрқайсында бір дидактикалық ойын жататындай етіп дидактикалық ойыншықтар орналастырылады. Үстел басында құрамы 2-3 баладан тұратын шағын топ ойнауын қадағалап, әр балаға дидактикалық ойыншықтардың ұқсас жиынтығы беріледі. Балалардың ренжісіп қалмауы үшін педагог тарапынан дұрыс жағдай жасау талап етіледі, себебі олар бірлесіп ойнау білмейді.
Дидактикалық құралдардые баланың орнымен пайдалануын кадагалау керек ол ойыншықпен әрекет ете аламайтындықтан педагог қимылдар әдісін үйретеді. Балалардың бір ойыншықпен біркелкі әрекеттер жасап жалығып кетпеуі үшін оларды басқа ойыншықтармен әрекеттенуге көшіру керек.
Балалардың заттық арекеттерін ұйымдастыруындағы негізгі сәттер -жаңа қимылдарға үйрету, оларды күрделендіру, әрекеттің басқа түрлеріне көшіру.
Тіл дамуы үшін балалар өмірінің екінші жылы маңызды кезең. Ол
үйрету мен тәрбие нәтижесінде дамиды. Тілді түсіну алғашқы жарты жылдықта қарқынды дамиды, ал екінші жарты жылдықта – белсенді сөйлеуі дамиды. Затты немесе әрекетті бірнеше рет қайталап айту балаларға олардың атын жаттап алуға мүмкіндік жасайды. Бала бөлмеде және аулада қимылдар жасай жүріп, көптеген заттарға кездеседі, оларды салыстырады. Баланың тілін дамытуда, айналасын бағдарлау женіндегі жұмыста тәрбиеші түрлі жиһаздар, тамақтандыру, жуынып-шайыну және т. б. әрекеттерді атап айтуды пайдаланып отырады.
Балалар өздеріне қажетті заттарды іздеп тауып алуға үйретіледі, бірнеше заттардың ішінен аталған затты тауып алуға үйретеді.
Тапсырмалар топтау арқылы күрделенеді;
- заттар санының көбеюі;
- заттың атының ұқсас (шар, шарф) естілуі;
- сыртқы түрі ұқсас (үйрек, тауық) болып келу;
- атауы бір, бірақ сыртқы белгілері әр түрлі (үлкен, кіші, жасыл,
қызыл машиналар) болып келуі.
Сәбилер мазмұнды немесе бірнеше өзара байланысты әрекеттерді
1 жас 5 айда түсіне бастайды. Бұл үшін көрсету қойылымдары пайдаланылады. Көріп тұрғандарымен қатар балалармен кеткен іс бойынша, серуенде жүргенде көргендері жайлы әңгімелесу керек. Түрлі байланыстар мен тіркестер қолдану керек; мысық та, қыз да ұйықтап жатыр; мысық кілемнің үстінде, қыз кереуеттің үстінде ұйықтап жатыр.
Бұл жаста баланы үлкендердің берген тапсырмасын орында үйрету маңызды үлкендердің сөзі баланың мінез реттейді.
Балалар заттарды сырт неғұрлым белгілеріне қарап мысықты көрген жаңа түкті заттарды (тон, бөрік) мяу мау деп атайды.
Баламен сөйлесуде заттардың өзіне тән белгілерін, іс-әрекетті атап көрсету керек күс ұшады, доп домалайды ит үреді т. б. егер бала заттың немесе іс әрекеттің атын ести отырып, оларды-бір түрлі талдагыштармен қабылдаса курсы сезоны ар турлі әрекеттер жасаса жалпылау қабілеп қалыптасады.
Достарыңызбен бөлісу: |