Белсенді сөйлеу. Бұл жаста дыбыстар мен дыбыс тіркестеріне еліктеу жетіле түседі, бұл сөздік корының көбеюіне көмектеседі. Балалар 1,5 жасқа келгенде белсенді сөз 30 екі жаста 200-300 сез біледі. Белсенді сездік қордың көбеюіне балалардың жеке ерекшеліктері мен тәрбие көп әсер етеді.
Алғашқы сөйлемдер бір сөзден тұрады. Заттық жағдайға бұл сөйлемнің орнын басады, «Алай» - деген сез кейде. «мені көтерші», келесіде «ойыншықты өперші» дегенді білдіреді. Екі жасқа толғанда баланың сөйлемдерінде 3-4 кезге дейн болуы мүмкін. Қателер жібергенімен, сездерін жіктеп, септеп өзгертіп сөйлей бастайды. Баланың естіген дыбыстарға, сөздерге еліктеуін жетіндіру арқылы белсенді сөзді дамытуға қол жеткіземіз. Баланың былдырлағанын қолдап, онымен дыбыстасып сөйлесіп, оны женіл дыбыс тіркестерін айтуға тарту керек. Балада естіген сөздерге еліктеушілік пайда бола салысымен онымен қарым-қатынаста дұрыс сөйлеуге көшу керек. Бір жарым жастан кейін балаға ор түрпі сөздік тапсырмалармен тіл қатып, еліктеу үшін үлгілер беріп отыру қажет.
Үлкендермен сөйлесу қажеттілігі баланың белсенді дамытады. Бұл ересек адамның түрпі сылтаулармен балаға тіл қатып, онымен пайда болады, іс-әрекетке негізделген ойын кезіндегі, заттарды жеңіл-желпі курастыру немесе айналадағыны бақылау кезіндеп қатынастар маңызды.
Үлкендерге айтқан әрбір сезін- қостап, өтінішін қанағаттандырып отыру керек. Баланың айтқан сөзіне жауап қайтаруға болмайды. Баланы сөзді айтуға мажбур ететін жағдайға жеткізу керек; "Саған машина керек пе, "Машина"-деп айтшы" деп сұрау қажет
Оқу сағаттарын балалармен жеке-дара жұмыс істеумен ғана шектеуге болмайды. Мұндай жағдайда белсенді балалар көбірек біліп,
ал жиі көңіл аударуды қажет ететін ұяң балалар бір шетте қалып қойды. Балаларды жан-жақты дамыту үшін оқытудың үнемді және тиімді нысаны ұйымдасқан оқу сағаттарын өткізу.
1 жастан 2 жасқа дейінгі сәбилік шақтың екінші тобында оқу сағаттары жасына қарай ек шағын топқа бөлініп жоспарланады. Жылдың алғашқы жартысында күніне бір оқу сағаты жеке-жеке немесе 5-6 адамнан тұратын шағын топпен өткізіледі, жылдың екінші жартысында апта бес күндік болған жағдайда шағын топтар бойынша күніне оқу сағаты жоспарланады.
Оқу сағатына:
-оқу сағаты топ бойынша саяхат жасау сияқты түрде ұйымдастырылған жағдайда;
- балалардың іс-әрекеті еліктеуге негізделген музыкалық оқу сағаты болған жағдайда;
-ойыншықтармен қойылым жасау, айналадағыны ұйымдасқан түрде бақылау сияқты көзбен қабылдау болған жағдайда 6-12 адамнан тұратын балалардың шағын топтары қатысады.
Балаларды заттық әрекетке үйрету, тіл дамыту бойынша оқу сағаттары, дене тәрбиесі құралдарымен оқу сағатын өткізу жасына қарай белінген 3-6 баладан тұратын шағын топпен жүргізіледі.
Оқу сагатының ұзақтығы оқу сағатының мазмұнына байланысты. Іс-әрекет түрлері алмасып отыратын ску сағаттары 10-15 минут зейін аударуды талап ететін оқу сағаттары 5-8 минут болады.
Шағын топ құрамындағы балалардың даму дәрежесі бірдей болуға тиіс. Топқа жаңа келген балаларды оқуға біртіндеп тарту керек. Арнайы міндеттерден басқа барлық оқу сағаттары балаларды тындауга, жауап беруге, қалпын сақтауға үйретуді мақсаты етеді.