ПӘн туралы жалпы мәліметтер: Пән оқытушысы: ПӘннің ҚЫСҚаша сипаттамасы



бет3/28
Дата27.11.2023
өлшемі133,47 Kb.
#128850
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28
Байланысты:
Syllabus ПЗӘӘ. МГ-1 ПжП (копия)

Әдіснамалар деңгейі:
І деңгей – философиялық білім;
II деңгей – жалпы ғылыми әдіснама (жүйелі тәсіл, іс-әрекеттік тәсіл, әртүрлі ғылыми зерттеулердің типтерінің сипаттамасы, олардың кезеңдері және элементтері: болжам, нысана және зерттеудің пәні, мақсаты, міндеттері т.б.).
IIIдеңгей – нақты ғылыми әдіснама. Зерттеу принциптері және процедурасы, мысалы, педагогика пәні.
Әдістемелік мәдениет – бұл керекті бӛлігі рефлексия болып табылатын әдістемелік білімге негізделген ой мәдениеті.
Әдістемелік мәдениетке: әдістемелік рефлексия (ӛзіндік ғылыми іс-әрекетті талдай білу), ғылыми бәсектемеге қабілеті, белгілі бір концепцияға критикалық ой мен шығармашылық қабылдау, зерттеу әдістері кіреді.
Әдістемелік мәдениет ғылымнан да қажет. Педагог-практикке әдістемелік мәдениеттің бӛлігі болып табылатындар: оку-тәрбие процесінде жобалау мен құру, сезіну, қалыптастыру және педагогикалык тапсырмалардың нәтижесі, әдістемелік рефлексия.
Педагогиканың ғылыми-теоретикалық қызметі ғылым ретінде педагогикалык шындықтың нақты түрде қандай екенін ашып көрсетеді. Нәтижесінде мұгалімнің білімінің жаңа оқулықтарға сәтті және сәтсіз жұмыстары, оқушының жаңа материалдарды игеруді сынау барысында қиындықтары, құрамы, білім беру мазмұны туралы сияқты жұмыстар айқындалды.
Бекіту сұрақтары:
1. Ғылымның "өсу нүктесі"
2. Ғылымның алғышарты – мифология
Блиц тест:
1. Себеп-салдар тәуелділігін анықтаудың кейбір жасанды жағдайлары мен бағыттарын тудыруға арналған ғылыми-зерттеу әдістемесі:
а) қадағалау;
б) жағдайлық тесттер;
в) тәжірибе;
г) тестілеу.
2. Тәжірибелік деректерді талдау мен жинақтауға негізделген зерттеу:
а) эмпириялық;
б) теориялық;
в) шолу-талданбалы;
г) әдістемелік.
3. Зерттеу жүргізетін адамдар тобы:
а) таңдау;
б) жиынтық;
в) ұжым;
г) номиналды топ (нақты).
Әдебиет:
1. Организация и планирование научных исследований. Учеб.пос.для магистрантов./сост. А.А. Тленбаева. - Алматы: Қазақ унив., 2016-65с.
2. Хмель Н.Д. Методология научного поиска школа начинающего исследователя.- Семипалатинск,СГПИ, 2017. - 28с.
3.Кушнир Ю.З. Методология и методика педагогических исследований. - Могилев. 2018 г.

3 Дәріс тақырыбы: Fылыми білімдер жүйесіндегі педагогика


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. Педагогика – білім беру жайындағы ғылым.
2. Педагогиканың дербестігі мен ашықтығы.
3. Педагогика және философия; психология; антропология; тарих, әлеуметтану; биология; медицина т.б.
Дәріс тезисі:
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап басқа ғылымдармен катынасындагы интеграциясы мен дифференция тенденциялары педагогиканың дамуын бақылады: философия, психология, социология, физиология, математика, политология, экономика ғылымдары.
Ғылыми пәндердің дифференция процесінде әртүрлі осындай облыстар бӛлініп шығады. Кез-келген ғылымды баска ғылымдармен арақатынасына, дифференциялық зерттеу деңгейіне карай бағалайды.
Педагогикалық ғылымның жүйесіне мыналар кіреді: тәрбиенің жалпы заңдылықтары мен негізін зерттейтін жалпы педагогика, педагогикалық идеялар дамуын оқытатын және әртүрлі дәуірдегі тәрбие практикасын оқытатын педагогика тарихы, жасерекшелік педагогикасы әртүрлі жастағы адамдардың тәрбие зандылыктарың зерттейді (мектепке дейінгі, мектепке дайындык педагогикасы, орта мектеп педагогикасы, арнайы орта білім педагогикасы, жоғарғы мектеп педагогикасы, андрогогика, герогогика).
Салыстырмалы педагогика білімдік және тәрбиелік жүйелердің әртүрлі елдердегі ерекшелігі мен ұқсастығын табу және оның құрылымдылығын зерттейді. Арнайы педагогика қимыл-қозғалыс тәрбиесінде жетіспеушілігі бар балалар мен ересектерге білім беру мен тәрбиелеудің үлгілері мен әдістемелерін, принциптерін және теориялық негізін зерттейді.
Арнайы педагогика (дефектология) бөлімдері мынадай қатарға бӛлінеді: саңырау және мылқау балалар мен ересектердің тәрбие және білім беру сұрактарымен сурдопедагогика айналысады, соқыр жэне әлсіз көретін адамдарды - тифлопедагогика, жетіспеушілігі бар адамдармен - олигофренопедагогика, сейлеу қабілеті дамымаган балалар мен ересектермен - логопедия айналысады.
Әртүрлі пәндерді окыту әдістемелері белгілі пәндерді окытатын арнайы зандылықтардан тұрады (тілді, физиканы, тарихты т.б.) және керекті әдістемелерді шешуші және сол пәндердің мазмұнын кабылдайтын технологиялық кұралдардан тұрады.
Кәсіби педагогика арнайы кәсіби сфераға бағытталған әрекеттердің оқыту және тәрбиелеу технологиясын, принциптерін, теоретикалык негізін, зандылықтарын оқытып-үйретеді. Кәсіби педагогика әскери, инженерлік, медициналык облыстарды байланыстырады және қамтиды.
Кӛз-келген ғылыми-теориялық құрылым бірлескен әрекеттер мен ғылыми білімдердің арасындағы айырмашылықты анық кӛрсетеді. Бұл теория күнделікті білім беру мен тэрбиелеу практикасына ұласады. Ғылыми түсінік педагогикалық тәжірибе мен білімнің кең формасын береді. Сондықтан педагогиканың дамуы оның ӛзгерістері мен категорияларын кӛрсетті.
Педагогиканың ғылым болып қалыптасуында негізгі педагогикалык үш фундаменталдык категориялар анықталды: тәрбиелеу, оқыту, білім беру. Тәрбиелеу тарихи категория ретінде оқыту мен білім беруді өзіне еңгізді. Қазіргі заманғы ғылымда тәрбиелеу ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан тарихи және мәдени тәжірибені беруші болып табылады.
Бекіту сұрақтары:
1.Педагогикалык үш фундаменталдық категориялар
2. Педагогикалық ғылымның жүйесі
Блиц тест:
1. Берілген әдістеме көмегі арқылы жасалған көрсеткіштер нәтижелерінің адам тәжірибесіне, оның нақты тәртібіне сәйкестігі:
а) қажеттілік;
б) нысандылық;
в) сенімділік;
г) анықтық.
2.Педагогикалың тәжірибеге ңатысушы адам:
а) түлға;
б) респондент;
в) зерттеуші;
г) клиент.
3.Түрлі мәтіндерді, олардың мазмүны бойынша осы мәтіндер авторы психологиясы немесе мәтінде айтылатын адамдар жӛніндегі білудің психологиялық әдісі:
а) контент талдау;
б) түзетпелі талдау;
в)деректі талдау;
г) тестілеу.
Әдебиет:
1. Организация и планирование научных исследований. Учеб.пос.для магистрантов./сост. А.А. Тленбаева. - Алматы: Қазақ унив., 2016-65с.
2. Хмель Н.Д. Методология научного поиска школа начинающего исследователя.- Семипалатинск,СГПИ, 2017. - 28с.
3.Кушнир Ю.З. Методология и методика педагогических исследований. - Могилев. 2018 г.

4 Дәріс тақырыбы: Педагогикалық зерттеулердің әдіснамалық амалдары


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары/ жоспары:
1. «Әдіснамалық амалдар» ұгымының мәні.
2. Әдіснаманың әрекеттік, жүйелілік, кешенділік.
3. Тұлғалық, әрекеттік амалдары.
Дәріс тезисі:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет